Девиантты мінезді оқушылармен кеңес беруде келесі ережелерді ұстану
қажет
1. Тыңдау. Жасөспірімді өзінің пиғылдары жиі мазалайды, сондықтан ол сөйлесуге ықыласты. Оған сөзін бөлмей, дауласпай, сөйлегенше, сұрақ көбірек қоя отыра, еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн.
2. «Қарабайырлық» – бейнеттің ерекшелігі туралы көзқарасты жою. Суицидентке оның мәселесі жиі түрде ғаламдық және еркше болып көрінеді,
оның көңілі жабырқаңқы және оған сын көзбен қарауға дәрменсіз. Жасөспірімдер оған өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінен
жәненәтижесінде барлығы өтеді деген түсіністіктің болмауынан бейім.
3. Эстетикалық тәсіл. Жасөспірімдерді олардың сыртқы тұрпаты мазалайды,тіпті өлімнен кейінгі де. Суицидтің алдын алудың нәтижелі тәсілі
оның мүрдедегі тұрпатын сипаттау.
4. Жақындармен байланысты және міндеттерін еске салу. Жасөспірім айналасындағы өзінің әрекетімен жанын ауыртқысы келмейтін жақынды іздеу.
5. Жақсы /жаманды таразылау. Өзекті жағдайдың теріс жағына ғана назар салмай, оның өміріндегі жақсы жайттар туралы «естеліктерін жандандыру».
6. «Қарама-қарсы қою». Адамдар егер де басқалар көп тауқымет көретінін білсе, өз бейнеттерін жеңіл өткереді. Жасөспірімге оған қарағанда қиын жағдайдағы адамдардың қайраттанып, күресін жалғастырып жатқандарын үлгі ретінде көрсету қажет
7. Мәселелерді шешуде бар тәжірибені пайдалану. Жасөспірімге оның мәселелерді шешу қабілеттеріне ие екендігін еске салу және осы жағдайды шешу үшін өткен тәжірибеге тарту қажет
8. Әлеуеттің (күштің) оянуы. Жасөспірімге өзіндегі оған тірек болатын энергетикалық бастаманы табуға көмектескен жөн: күш жігер, физикалық күш, шыдамдылық.
9. Позитивті болашақ. Болашаққа деген позитивті жоспарларды құруға көмектескен жөн, жасөспірім жүзеге асыру үшін ұмтылатын қалаулары мен армандарын анықтау.
10. Құрылымды әрекет. Жасөспіріммен бірге жуық уақытқа жоспар құруды ойластырып, балаға оны ұстануды ұсыну қажет.
11. Басқаларға қамқор болуға назарын аудару. Көптеген адамдар өз мәселелерін өзінен әлсіз және қорғансыздармен араласу арқылы ұмытуға қабілетті. Жасөспірімге ондай объектіге үй жануарлары, інілері мен қарындастары болуы мүмкін.
12. Қызығушылық танымын арттыру. Жасөспірімге оның назарын аударатын, қуантатын істі іздестіру қажет. Спортпен шұғылдануды, үйірмелерге қатысуды, ұжымдық шараларға қатысуды талқылауға болады.
7.1. Девиантты мінезді балалармен жұмыста педагогтің рөлі Тәжірибесі аз, жас мамаңды девиантты мінезді оқушылармен жұмысты жүктеу оны қиын жағдайға қалдыру болып табылады: көмектесу қажет, бірақ қажетті білімдер жоқ.
Педагогке мұндай жасөспірімдермен жұмыс жасауда өзіндік рөлін
белгілеуден бастайық.
Бұл рөлді келесідей белгілеуге болады: осындай балаларды анықтауда көмек көрсету және бастапқы алдын алу. Мұндай балаларды анықтауда педагогтің көмегі келесіде болуы мүмкін, баламен жиі қарым-қатынас жасай отыра, ол проблемалық жағдай белгілерін байқауы мүмкін: шиеленіс, енжарлық, агрессиялық және т.б.. Педагог мектеп дәрігерінің, ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің назарын осы жасөспірімге аудартуы мүмкін. Есейген
жасөспірімге ол ағартушылық әңгімесін жүргізіп, оның жағдайын байқағанын және психологке, психотерапевтке жүгінуге кеңес бере алады.
Педагогтің осындай рөлі де өз жемістерін береді, жауапкершілікпен түсінушілікті қолданса.
Педагогтерге жеке және топтық кеңестер жүргізген дұрыс, оның
мақсаты дағдарысты ахуалды өткеру кезеңінде қауіп тобымен өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеу болып табылады, ата-аналар үшін жекелеген
кеңестер ұсынылады.
Девиантты мінезді оқушылар педагогтердің ерекше есебінде болулары қажет. Педагогикалық этиканы сақтау өте маңызды, баланың мәселелерін сынып, мектеп талқылауына шығаруға болмайды.
Өскелең ұрпақты белсенді, өмірлік оқиғаларға толы өмірге еліктіруге қызығушылық танытқан қоғамдық, діни және қосымша білім берудің басқа да ұйымдарымен өзара қатынасты жақсарту қажет.
Педагогикалық көмекті ұйымдастыру:
• Бала тұлғасының дамуы үшін жайлы жағдай жасау;
• Білімдегі, икемділіктегі және қабілеттегі олқылықты үнемі қадағалап, қосымша білім алу, көмек және кеңес беру жүйесін анықтау;
• Жетістік, мақұлдау, қолдау, мейрімділік жағдайын жасау;
• Оқушылар қызметінің, олардың жетістіктерінің нәтижелерін талдау;
• Оң өзгерістерді көтермелеу;
• Авторитарлық педагогикадан ынтымақтастық және қамқорлық педагогикасына ауысу;
• Ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету. Шығармашылық бос уақытты және іспен қамтылуын ұйымдастыру:
• Балалардың қызығушылықтарын және қабілеттерін зерттеу, қоғамға пайдалы қызметке, секцияларға, үйірмелерге тарту;
• Отбасы тарапынан қажетті күтім мен бақылауы жоқ балаларға мезгілдік лагерьлермен ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру.
Девиантты мінез-құлықты индивидтің жанындағы адамдарға арналған ұсыныстар:
1. Қалыптасқан жағдаймен толғансаңызда, егер ол сізбен мәселелерін бөліскісі келсе, бетін қайтармаңыз.54
2. Балада суицидтік белгілерлі сезсеңіз өз ішкі сезіміңізге сеніңіз, ескерту белгілерін елеусіз қалдырмаңыз.
3. Қолыңыздан келмейтінді ұсынбаңыз.
4. Көмектескіңіз келетіндігіңізді көрсетіңіз.
5. Оның не айтқанына қарамастан, тыныштықты сақтап, сынға алмаңыз.
6. Шынайы сөйлеңіз, қауіпті қаншалықты қатерлі екенін анықтауға тырысыңыз: суицидтік ойлар туралы сұрақтар өмірмен қоштасу
талпыныстарына әкелмейді, шындығында мәселені түсінгендіктен жеңілдетеді.
7. Әрекет жоспарын біліп алуға тырысыңыз, нақты жоспар – шынайы қауіптің белгісі.
8. Оны көмек алу үшін жүгінуге болатын нақты адамның барлығына сендіріңіз.
9. Оңайлатылған шешімдерді ұсынбаңыз.
10. Сезімдер туралы сөйлескіңіз келетініңізді түсіндіруге тырысыңыз, оны осы сезімдері үшін сынамайтындығыңызды байқатыңыз.
11. Қатты стресс жағдайды нақты бағалауға кедергі болатынын түсінуіне көмектесіңіз, басқа шешімді қалай табуға болатынын және күйзеліс жағдайын қалай басқару керек екеніне тұспалдап кеңес беріңіз.
12. Өткерген стрессті төмендету үшін қажетті адамдарды және орынды табуға көмектесіңіз.
13. Оған шарасыздық сезімінің мәңгілік емес екендігін түсінуге көмектесіңіз.
ҮІІІ. Ата-аналарға арналған кеңестер
8.1. Отбасымен жұмыс
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам
өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгіннің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі,
алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана
адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам
бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде
қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. Қазiргi таңда әлеуметтiк педагог отбасымен, соның iшiнде сәттi-сәтсiз
отбасымен, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасымен және тұлдыр 55
жетiм, жартылай жетiм, мүгедек балалармен, сол сияқты қамқоршылармен де
тығыз байланыста жұмыс жүргiзедi. Осы орайда бүгiнде әлеуметтiк педагогтарға үлкен мiндет жүктелiп отыр. Мектепте баламен жұмыс жүргiзсе, отбасымен, ата-анамен тығыз байланыс жасалады. Қазiргi кезде
ата-аналардың көбi балаларының тәрбиесiне көп көңiл бөле бермейдi. Себебi,
республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарының мәлiметi бойынша, әрбiр
сегiзiншi жасөспiрiм жүйке жүйесiне байланысты әр деңгейлi патологияга
ұшыраған. Қиын балалардың басым көпшiлiгi – бұлар мектеп бағдарламасын
дұрыс меңгере алмайтындар, өз орталарынан шеттетiлiп қалатындар. Сыныптастарының ортасында жағымды позициядан қалыс қалу, оларды терiс
мiнез-құлыққа, әсiресе, бiрге оқитын құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас
жасауға кедергi келтiредi. Қиындықпен тәрбиелену – баланың терiс мiнез- құлқы, әрдайым дау-жанжал тууы негiзiнде ұстамсыздық, мейрiмсiздiк, кекшiлдiк, т.б. келеңсiз қиындықтар туғызады. Бұл талданып отырған мәселе,
әлеуметтiк ортада ауытқушылықтың бiр белгiсi ғана.
Отбасының төмен деңгейi қоғам мен мектеп алдында қаншалықты қиындықтарға кезiктiрсе, әлеуметтiк педагогтар осы тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру кезiнде, құжат жинауда қатты қиналады. Себебi, жоғарыда айтылған жұмыссыздық, үй мәселесi, тұрақты тiркеудiң болмау салдары күрделi жағдай туындатады. Дегенмен, аз қамтылған отбасымен жұмыс жүргiзу керек. Бiрақ, қалай?... Олар үшiн әлеуметтiк педагог не iстеу керек?... Қарасаңыз, қоғам алдында шешiмiн таппайтын шаруа. Әлеуметтiк педагогтың қолынан келерi – материалдық көмек, тегiн тамақ, киiм-кешек
қана. Оның өзiн, құжаты түгел емес аз қамтылған отбасына бере алмаймыз.
Бiрақ бiз соған қарамастан мұндай отбасыларға бағыт берiп, моральдық
жағынан қолдау беруге тырысамыз.
Мемлекет әлеуметтiк тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын ойлап, бюджеттен қаржы бөлiп отыр. Мысалы, негiзiнен мектептегi «Жалпыға бiрдей мiндеттi оқу қорына» бөлiнедi. Сол бөлiнген қорды игеру үшiн, аз қамтылған отбасының құжаттары түгел жиналмайды. Себебi, бiрiнiң тiркеуi жоқтықтан жұмыспен қамту орталығынан анықтама ала алмайды. Ендi бiрi – жеке кәсiпкердiң жалданбалы жұмысын iстесе де айлығын, айлық көрсеткiшiн ала алмайды. Сол сияқты тiркеуi облыстық аудандарда болғандардың құжаттары да жарамайды. Бұл ретте бөлiнген қаржыны кем дегенде 100 шақты оқушы құжатын жинап, үлестiру керек. Бiрақ түгенденген
құжаттың өзi 3040-қа әзер жетедi. Сонда құжаттары түгел болмаса мен кiмге
беруiм керек? Амал жоқ, құжаты түгел болмаса да сол 100 оқушыға беруiме
тура келедi. Бұл менiң жұмысымдағы келеңсiздiк емес, ол барлық әлеуметтiк
педагогтардың шешiмiн таппаған мәселесi.
Осындай қоғам алдындағы мiндетiмiздi атқару үшiн, құжат жинауда ата-аналарға жеңiлдiк жасалса. Отбасы әл-ауқатының төмендiгi мен жалпы жағдайын сынып деңгейiнде көрiп отырмыз. Сол ата-аналар өтiнiшiнде көрсетiп жазған мәселесi мен өздерiнiң жеке бастарын куәлендiретiн құжат көшiрмелерiмен, сыныптың ата-ана комитетiнiң өтiнуiмен, тұрмыс жағдайын анықтайтын акт жасаумен шектелсе екен. Сонда ғана мектеп саласында әлеуметтiк көмек мәселесi шешiлер едi.
Мектептiң әлеуметтiк педагогтары тұрмысы төмен отбасына көмек
берумен шектелмейдi. Бұл ретте оқушылармен тренингтер өткiзiп, сауалнама жүргiзiп, кiрiктiрiлген ашық тәрбие сағаттары, сынып сағаттарына қатысып,
әңгiме, кеңестер жүргiзiледi. Тұрмысы төмен отбасыларға барып акт жасап,
жағдайларын бiледi. Сонымен қатар ықшамаудан бойынша акт жасап,
кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң соттарына қатысады. Қоғам
алдында олардың құқығын қорғайды.
7.2.Отбасында баламен қарым-қатынас жасау ережелері
-Жаманшылыққа күмәнданбаңыз;
-Мазақ қылмаңыз;
-Аңдымаңыз;
-Тергемеңіз;
-Тәжікелемеңіз;
-Жауапкершілікке мәжбүрлемеңіз;
-Қарым-қатынастың сырластық тәжірибесін бақыламаңыз;
-Үйде тыныштық, сенім, қауіпсіздік ахуалын жасаңыз;
-Үйде ашықтық принципі бойынша қарым-қатынас әдетін тудырыңыз;
-Өзіндік тәжірибе құқығын беріңіз;
Балаңызбен ренжісіп қалсаңыз....
1. Уақытты дұрыс таңдаңыз. Бала кешқұрым уақытта демалып немесе
сүйікті ісімен айналысып жатқанда, салмақты әңгімені бастау қажет емес.
2. Тек қана нақты мәселе туралы айтыңыз.
Баланың бұрынғы және алдағы уақыттағы жаман қылықтарын еске түсіру
керек емес. Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызды одан сайын
қиындатуы мүмкін.
3. Мына сөздерден аулақ болыңыз:
«сен қашанда» немесе «сен ешқашан» - бұл сіз шешейін деп жүрген мәселені, одан сайын қиындатады.
4. Өзіңіздің қолыңызды жеткізу үшін, балаңыздың мәртебесін төмендетуді әдетке айналдырмаңыз.
«Мен үлкенмін, менің тәжірибем бар» деген сөздер баланы сөйлетпеуге мәжбүрлейді, бірақ онымен мәселені шеше алмайсыз. Ақылдылықпен шешуге талпыныңыз.
5. Тыңдаңыз, бала не айтады.
Сәт сайын сіз балаңызды тыңдап отырғанда, оның ойы мен пікіріне құлақ асатыныңызды бет бейнеңізден көрсетуіңіз керек.
6. Артық сөздерді қолданбау.
«Қырсық», «жалқау», «жауапкершіліксіз», «тілазар» деген артық сөздерді
қолданғанда, сіз балаға түкке тұрғысыз екендігін байқатып қаласыз. Және 57
де осындай сөздерді естіп өскен бала, шынынды да болашақта сіз
айтқандай болуы мүмкін.
7. Болашақты алдын ала жорамалдамаңыз.
«Сен ешқашан өзгермейсің», «осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады» және т.б. Осындай сөздер тек қана қиын мәселелерге көңілді аудартады.
8. Келеке етуді доғару қажет.
«Сен сондай кереметсің...» деп кекесінмен айтқан сөз арқылы сіз баланы -ақымақ етіп көрсетіп бересіз және бұл үшін жауапты емес екеніңізді байқатып қаласыз.
9. Қайғы шегушінің рөлін ойнамастан бұрын, жақсылап ойланыңыз. Егер бала түзелмесе, ең қатал нұсқа – ауру немесе өзінің өлімімен қорқыту. Бұл баланы өзіңе тәуелді ету.
10. Ақша – ол дәлел емес.
«Өзің ақша тапқан кезде ғана, өз пікіріңді айта аласың». Сіздер баланың тұлғасын қадірлеуге міндеттісіздер, оның өзіне шешім қабылдауына, көз- қарасын айтуына мүмкіндік беріңіздер. Бұл жерде ақшаның ешқандай қатысы жоқ!
11. Өзіңіздің тәртібіңізге көңіл аударыңыз.
Сіз балаңызды темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алып, түсіндіруін талап еттіңіз, бірақ өзіңізде осы жаман әдетті қолданасыз. Баладан бір нәрсені талап етпестен бұрын, ойланыңыз, ал өзіңіз осы талапқа сайсыз ба?
Есіңізге сақтаңыз!
Қарым-қатынас кезінде бала сізге теріс эмоцияларын көрсетсе – бұл сізге
деген сыйластық пен жақсы көруді ұмытты деген сөз емес! Қателеспеңіз және балаңызға, жақындарыңызға деген ыстық ықыласыңызды сақтаңыз.
Реніштер неге әкеледі?
Кенеттен пайда болған және ақырындап жиналатын реніштер: Неге әкеледі?
1.«Өзіне кетуге» ұмтылуға;
2. Оқшаулануға;
3. Қарым-қатынастың шетктелуі;
4.«Қатынастарды анықтау» ұмтылысына, бұл қақтығысқа ауысуы мүмкін;
5.Қоршаған жағдайды «қара түстерде» көруге деген ұмтылысқа;
6.Рационалдыдан эмоционалдық ауытқудың артуына;
7.Жүйке-психикалық шиеленісудің артуына;
8.Белсенділіктің төмендеуіне;
9.Танымдық белсенділіктің реніш объектісіне аударуға және, нәтижесі ретінде, түскен ақпаратты дұрыс бағалаудың шектелуіне әкеледі.
Бала қашан ренжиді?
1.Барлық сәтсіздіктер мойнына артылса;
2.Жетістіктері байқалмаса;58
3.Егерде оған сенбесеңіз;
4.Оның әлеуетініе сенімсіздік таңытсаңыз;
5.Ұнамайтын іс-әрекетке мәжбүрлесеңіз;
6.Қажетті кезде қолдау көрсетпесеңіз;
7.Сәтсіз жағдайды есіне түсіріп бетіне бассаңыз;
8.Негізделмеген шектеулерді қойсаңыз;
9.Бала ретінде қарап, сөйлессеңіз, ол сізбен тепе-теңдес қарым-қатынасқа түскісі келеді.
Балаларда өзіндік қадірлеу мен жеке адамгершілігін дамытуға қалай көмек көрсету керек?
Мектепте:
4.Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;
5.Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;
6. Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң
жақтарына назар салыңыз;
7.Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға
алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;
8.Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның
сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың
алдын алу;
9.Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.
Отбасында:
1.Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет;
2.Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз;
3. Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз;
4.Талаптылықты – немқұрайлықтан, бостандықты – шектеуден, қатынастағы жылылықты – шеттетуден артық көріңіз;
5. Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз.
6.Отбасындағы қатынаста дерективті стильге жол берілмеуі керек!
7.Ортодоксалдық пайымдаудан аулақ болу керек;
8.Балалармен қатынаста өз қателіктерінді мойындай білу қажет. Балалар өмір сүруді үйренеді
1.Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.
2.Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.
3.Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.
4.Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.59
5.Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді.
6.Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.
7.Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.
8.Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.
9.Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
10. Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады.
Жасөспірімдердің есірткілерді қолдануының бірінші белгілері
Психологиялық белгілер
- Көңіл-күйдің тез, жиі өзгеруі және белсенділіктің ахуалдан тыс болу.
- Бей-жай қалып, енжарлық, қимыл тапшылығы, тәуліктік мезгіліне қарамай,
қараңғыда және тыныштықта болуды қалау.
- Әңгімелесуден қашу.
- Ешқандай талаптың болмауы, апатия, өмір сүруге қызығушылық,
құштарлықты жоғалту.
- Шамадан тыс қимыл белсенділігі және сөзшеңдік, себепсіз көңілдену және
қолдарын сермеу.
- Қатыгездіктің, күйгелектіктің, шыдамсыздықтың білінуі.
- Өтірік айтуды үдету.
Сыртқы өзгерістер
- Көз қарашығының кеңеюі немесе тарылуы, көздердің қызаруы, көзден жас
ағу.
- Түсініксіз, жиі естен тану, бастың айналуы немесе ауруы, бұлшық еттердің
шаншуы, ұсақ қимылдарды орындау кезіндегі ебедейсіздік, қолдардың
дірілдеуі.
- Жүрек қалпының бұзылуы.
- Тәбеттің өзгеруі: жедел түрде жоғарылауы немесе тамақтан бас тарту.
- Үнемі шөлдеу, ауыздың құрғауы.
- Бұғана тұсындағы, шынтақтардың, тобықтардың, саусақтардың буындағы
инелердің ізі.
- Баладан, киімдерінен, заттарынан түсініксіз, жайсыз иістің шығуы.
Қосымша белгілер
-Ата-аналары мен туыстардан жиі ақша сұрау;
-Үйден заттар мен ақшаның жоғалуы;
-Баланың заттарының ішінен белгісіз таблеткалардың, шөптердің,
порошоктардың, флакондардың табылуы;
-Алынған жері белгісіз, едәуір ақшаның болуы;
-Қылмыс жасау;60
-Баланы қоршаған ортаның күмән туғызуы.
Жоғарыда келтірілген бір немесе бірнеше белгілерді байқасаңыз, балаңыздың
есірткіге үйір болу мүмкіндігі бар екенін білуіңіз керек.
Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу
• Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
• Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
• Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай
білу қажет.
• Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
• Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.
• Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге
ұмтылуға көмектесіңіз.
• Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
• Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін
нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
• Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш,
жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады,
бірақ адамды емес!)
• Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
• Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
• Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және
өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.
• Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
• Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе
тәуелді.Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
• Ең бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз
еңбегіңіздің нәтижесін ала отырып, өз балаларыңызды қалай бар, солайша
қабылдауға үйреніңіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Девиантты балалармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын ережелер

шағым қалдыра аласыз