400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДИАЛОГ ПЕН МОНОЛОГ – ҰЛТТЫҚ ДАМУ АЯСЫНДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала гуманистік педагогика аясында мұғалім мен оқушы арасындағы «субъект-субъектілік» қарым-қатынасты орнату арқылы білім сапасын арттыруды көздейді. Автор диалогтік оқыту мен монологтік сөйлеу әдістерін қолдану — оқушының функционалды сауаттылығын, сыни ойлауын және өз көзқарасын жүйелі жеткізу құзыреттілігін дамытудың ең тиімді жолы екенін дәлелдейді.Мақала оқу үдерісінде оқушымен тиімді қарым-қатынас орнату әдістерін іздеген ұстаздарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДИАЛОГ ПЕН МОНОЛОГ – ҰЛТТЫҚ ДАМУ АЯСЫНДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ


Қошқарбаева Мейіркүл Биболатқызы

Жеңіс жалпы білім беретін мектебі, Түркістан облысы, Төлеби ауданы


Әлемдік білім жүйесіндегі басты тенденция- білім мазмұнын гуманизациялау десек, мектеп пен мұғалімге қойылатын талап білім алушының тұлғасы мен оның сұраныстары және қабілеттері оқу үдерісінде негізгі міндет болып табылады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында (МЖББС) көрсетілгеніндей бүгінгі мектеп тек академиялық білім беру емес, функционалды сауатты, сыни ойлай алатын және қарым-қатынасқа ашық тұлғаны қалыптастыру. Бұрынғы “субъект-объект” қатынасында мұғалім тек ақпарат тасушы, ал оқушы пассивті тыңдаушы рөлінде болды. Ал қазіргі ақпараттық ағыны заманында бұл модель оқушының қызығушылығын оята алмайды. Бүгінгі таңдағы сұраныс коммуникациялық, креативтілік және сыни ойлау серіктестік жағдайында дамиды. Оқушы өзінің пікірі құнды екендігін сезінгенде жауапкершілік алуға үйренеді. Оқушымен тиімді психологиялық-педагогикалық диалог құра білу педагогтің кәсіби құзыреттілігін көрсетеді. Білім алушы мен мұғалімнің тең дәрежелі субьект ретінде әрекеттесуі білім сапасын көтерудің алғышарты болады.

Мұғалім мен оқушының арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамыту бұл педагогиканың жаңалығы емес, бұл гуманистік педагогиканың тарихынан, осы бағытта Л.С.Выготский мен Ш.Амонашвилидің тұжырымдамалары бар. Л.Выготскидің пікірінше “Бала ересек адаммен ынтымақтастықта бағыттаушы сұрақтармен көмек арқылы не істей алса, ертең оны өз бетімен де істей алады” яғни, баланың зияткерлігінің дамуы дербес емес, мұғаліммен бірлескен әрекетте жүзеге асатынын айтады[1]. Білім алушының тек қабылаушы емес мұғаліммен тең дәрежедегі “ізденуші” екендігін меңзейді. Ал педагог Ш.Амонашвили: “Егер мұғалім оқушының субъект ретінде танымаса, ол білім бермейді, тек мәжбүрлейді. Шын мәніндегі оқыту-мұғалім мен баланың жан дүниесінің үндесуі”[2].

Бұл ғалымдардың теориясын негізге ала отырып субъект-субъектілік қатынастың үш негізін атауға болады:1. Сенім мен құрмет (оқушы мұғалімді өз кеңесшісі ретінде көруі). 2. Бірлескен шығармашылық (Сабақ мұғалімнің монологі емес бірлескен коммуникация). 3. Таңдау еркіндігі (Субъект ретінде оқушыға тапсырманың күрделілік деңгейін орындау, тәсілін таңдау мүмкіндігін беру)

Білім алушының коммуникативтік құзыреттілігін арттыруда “Субъектілік сөйлеу модельдері” атты екі бағытта “Монологтік сөйлеу” және “Диалогтік оқыту” қарастырылды. Монологтік сөйлеуде “ПОПС” формуласы, “1-минуттық баяндау” сияқты әдістер арқылы білім алушының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту көзделді.

Диалог коммуникативтік іс-әрекеттің өзегі болғандықтан Н. Мерсердің “Зерттеушілік әңгіме” моделін негізге алдық. “Топтық талқылаулар” белгілі бір позициялар арқылы диалог құрылады. Мұғалім -бақылаушы. “Интервью” әдісі оқушылар өздері сарапшы, сұрақ қоюшы ретінде рөлдік диалогке түсті. “Топтық талқылау” әдісі оқушылар арасындағы байланысты нығайтса, соңғы әдіс сұрақты қою мәдениетін дамытты. Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін анықтау үшін жүргізілген мониторинг төмендегідей нәтиже көрсетті.

Коммуникация деңгейлері

Бастапқы кезең

Қорытынды кезең

Ойды жүйелі жеткізу

38%

68%

Сұрақ қою

42%

80%

Пікір алмасу

35%

62%

Өз көзқарасын қорғау

25%

55%

Практикалық кезеңде монолог оқушының жеке тұлғалық ойын қалыптастырса, диалог сол ойды әлеуметтік ортада жүзеге асырудың құралы екеніне көз жеткіздік. Субъекет-субъектілік қатынас жағдайында оқушы тек ақпаратты тыңдаушы емес, сол ақпаратты монолог арқылы өңдеп, диалог арқылы жетілдіруші белсенді мүшеге айналды.

Оқыту барысында білім алушылардан “Монолог пен диалог маған не берді?” деген тақырыпта сауалнама алынып, рефлексиялық талдау жүргізілді. Оқушылардың жауаптарынан олардың коммуникативтік құзыреттілігінің сапалық өзгеруін анық аңғаруға болады. Пікір айтуға қысылмай үйренгендігін, ойын жүйелі жеткізуге дағдыланғанын, әсіресе еркін монологтің ұнайтындығын және диалогте тыңдауға аса мән беруді үйренгенін оқушылардың басым бөлігі атаған. Бұл деректерге қарай отырып, мектептегі “мұғалім-оқушы” арасындағы байланысының жаңа деңгейге көтерілгендігін айқындайды.

Осы жұмыстар барысында қолданылған әдістемелік кешеннің төмендегідей нәтижелерін атауға болады: сөйлеу мәдениетінің артуы, психологиялық тосқауылдардың жойылуы, білім сапасының артуы.

Пайдаланылған әдебиетер

  1. Выготский Л. С. Психология развития человека. — М.: Изд-во Смысл; Изд-во Эксмо, 2005. — 1136 с.

  2. Амонашвили Ш. А. Гуманная педагогика. Актуальные вопросы воспитания и обучения. Книга 1. — М.: Издательский Дом Шалвы Амонашвили, 2010.

  3. Мерсер Н. Оқытудағы әңгімелесу: мұғалімдер мен оқушылар үшін бірлескен ойлау тәжірибесі. — Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2011.

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Астана: Ақорда, (соңғы өзгертулер мен толықтырулармен).

  5. 5. Мұқанова Б. И., Төлеубекова Р. К. Педагогикалық шеберлік: Оқулық. — Алматы: Экономика, 2015. — 340 б.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.03.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі