Диалогтік оқыту - білім деңгейінің өсу кепілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диалогтік оқыту - білім деңгейінің өсу кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушылардың жан-жақты дамуына, сыни тұрғыдан ойлауына көп себеп болатын технологиялардың бірі – диалогтік оқыту жайлы сөз етіледі. Диалогтік оқытудың оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, белсенділігін оятып, өз-өзіне сенімі мол жеке тұлға қалыптасуына ықпалы зор. Сондықтан да өз тәжірибемнен өткен диалогтік оқытудың қыр-сырына тоқталып өтуді жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаражанова Гүлбағила Баянқызы – Сауран жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Аннотация



Диалогтік оқыту - білім деңгейінің өсу кепілі





Бұл мақалада оқушылардың жан-жақты дамуына, сыни тұрғыдан ойлауына көп себеп болатын технологиялардың бірі – диалогтік оқыту жайлы сөз етіледі. Диалогтік оқытудың оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, белсенділігін оятып, өз-өзіне сенімі мол жеке тұлға қалыптасуына ықпалы зор. Сондықтан да өз тәжірибемнен өткен диалогтік оқытудың қыр-сырына тоқталып өтуді жөн көрдім.

В этой статье говорится о диалоговом обучении, который способствует разностореннему развитию и критическому мышлению учеников. Диалоговое обучение пробуждает активность учащихся, усиливает позновательные способности, а также помогает при формировании уверенных в себе личностей. Диалоговый метод обучения был применен на практике, поэтому было решено рассмотреть эту тему.



This article refers to the traning dialog, which promotes the defelopment and critical thinking of students. Dialog traning activity arouses students, enhances cognitive abilities and also helps in the formation of self-confident personalities. The interactive teaching method has been applied in practice, so it was decided to examine this topic.





















Білім берудің сапасы – елдің экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының, мемлекет пен қоғамның табысының артуының кепілі. Білім беру саласы дамымаған елдің болашағы - бұлыңғыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауларында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»; «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар, сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан да сол деңгейде болады,»- деп атап көрсеткен болатын. Мектепте білімнің сапасын: білім беру мазмұны, кадрлар құрамы, олардың кәсіби біліктілігі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, материалдық – техникалық базасы, басқару тиімділігі, зерттеу және зерделеу қорытындысы сияқты көрсеткіштер айқындайды. Әйтсе де, білім берудегі негізгі басымдықтарды мұғалімнің білімі мен кәсіби біліктілігі, өз білімін оқушыларға жеткізе алатын тәсілдерді меңгергендігі және оларды тәжірибеде қолдана алу шеберлігі мен оқушының білім алуына жасалған жағдай маңызды екендігі анықталған. Біліктілігі жоғары, ізденімпаз мұғалімнің оқушыларының білімі де жоғары болады. Кейде мұғалім өз пәнін жетік білгенімен оқушыларға оны меңгерту қабілеті жағынан ақсауы мүмкін. Бала тәрбиесі- ауқымы кең, ұзақ уақыт ізденіс пен шыдамдылықты, табанды еңбекті талап ететін процесс. Сондықтан қазіргі таңда ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, бала бойындағы қабілетті тани алатын, рухани адамгершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексиялық қабілеті басым, шығармашыл тұлға, құзырлылығы жоғары мамандарды даярлау үшін Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан мұғалімдердің біліктілігін арттыратын деңгейлік курстары ұйымдастырылып отыр. Бұл курстардың мақсаты - оқушылардың белсенді әрекеттерін ұйымдастыру, сол арқылы білімді өздігімен меңгерту, үйрену ортасын құра отырып, позитивтік- психологиялық ахуал қалыптастыру, өздері алған білімді бағалай білуге, өзгелерді үйрете отырып үйренуге жетелеу, енжар тыңдарманнан- белсенді оқушыға айналдыру. Бүгінде тұлғаның тек білімді игеруі жеткіліксіз екендігі, басты мақсат- оларды өмір сүруге баулу екендігі айқындалды. Сол себептен де ұйымдастрылған курстарда қолданылатын «Жетекші- жеті модуль» технологиялары осы талаптарға толық жауап бере алатындығын дәлелдеді.

Бүгін менің өз тәжірибемде қолданған, оқушылардың жан-жақты дамуына сыни тұрғыдан ойлауына көп себеп болатын технологияның бірі - диалогтік оқыту жайлы сөз етпекпін. Жаңа сабақты өткеннен кейін оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту кезінде оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып жаңа сабақты бекітеді. Диалогтік оқыту көбінесе сұрақ-жауап арқылы іске асады. Мұғаліммен оқушы арасында немесе оқушымен оқушы арасында. Сабақта диалогтік оқыту маңызды рөл атқарады. Мерсердің (2000) айтуынша мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылады. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, бірлесіп алуда, немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Дайын нәрсені оқушыға бере салмай, оқушыларға сұрақ- жауап арқылы, мұғалім- оқушы, оқушы – оқушы бір – біріне диалог түрінде қарым -қатынас жасайды. Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құру керек, оқушылар бір – бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, қаншалықты сабақты меңгергенін көрсетеді. Қазіргі таңда балаларды диалог пен дәйектерді талқылауға, оқуы тиімдірек, жұптық жұмыс жасауға, бөлінген кезде сұрақтарды талқылауға үйрету, бір- бірімен сөйлесу арқылы, оқушылардың ой- өрісі, тіл байлығы, есте сақтау қабілеттері дамыды. Қорыту кезеңінде бүгінгі сабақта не үйрендім? Сұрақ бойынша жұп- жұбымен бір -бірімен сөйлесу арқылы тақтаға шығып оқып берді. Бұл технологияда байқағаным сөйлемейтін тұйық оқушылар да жұптарымен диалог құрып , тақтаға шығып оқып бергісі келді. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Өзімнің сабағымда қолданған конверт-сұрақ әдісі оқушыларға өте ұнады және мүмкіндігінше жауап берген және өзгенің де пікірін оқып қосымша білмеген ақпараттарды білді. Мен диалогтік оқыту идеясын сабаққа кіріктіру мақсатымнан топтық жұмыстар ұйымдастыру оқытуда тиімді екендігін көрдім. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың тиімділігі мұғалімді тыңдағанда емес, тиісінше вербальды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында сапалы болатынын алға тартады Барнстың зерттеуіне сүйене келе сабақтарда байқағаным оқушылар сабақта неғұрлым диалогтік қарым-қатынасқа көп түскен сайын олардың сабақты түсінуі және пәнге қызығушылығы артады. Сонымен қатар, үйрену, түсіну, жазу, сөйлеу, тыңдау қабілеттері дамиды. Қазірдің өзінде сыныптағы балалардың өзара сұхбаты танымдық қабілеттерін аша түсетіндіктерін айқын көрсетуде. Диалогтік оқыту арқылы төмендегідей нәтижеге жетуге болады:

  • оқушылар тақырыпты кеңірек ашуларына мүмкіндік алады;

  • бірінің идеясын бірі тыңдауына, қабылдауына жағдай туады;

  • оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады;

  • мұғалімдер оқушылардың білімінің деңгейін анықтауға мүмкіндік алады;

  • сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • ойын жеткізуге дағдыланады;

  • өз ойын айта отырып, өзінің есте сақтау қабілеттерін жақсарта алады;

  • сұхбат барысында белгілі бір тақырып төңірегінде ғана ой толғауына мүмкіндік туады;

  • тілдік қорын толықтыра алады;

  • көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінеді;

Оқушының білім алуын қолдау үшін, сұрақ қоюдың «түрткі болу», «сынақтан өткізу», «қайта бағыттау» сияқты түрлерін пайдалануға болады. Мен өз тәжірибемде қайта бағыттау сұрағын пайдаландым және оқушыларға мәтін бойынша сұрақ қойдым. Толық емес жауапқа «көмектесе алатындарың бар ма?» деп, оқушыларға қайта бағыттап тұрдым. Қайта бағыттау сұрақтары оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге және білімге қызығушылығын, құштарлығын дамытады. Сонымен қатар, оқушылардың бір-бірінен үйренуінен және сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етеді. Бразилиялық педагог Фриери: «Әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтың әңгімелесуге, қатысуға қабілетті екендігіне негізделген» деген білім теориясын әзірледі. Фриери «Мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды» Білім беру бағдарламасының барлық нұсқауларында барлық пән бойынша әңгімелесудің маңыздылығына және балалардың тіл дағдысын дамытуға сілтемелер бар. Сол себепті өзімнің тәжірибемде оқушылардың арасында диалогты іске асыру үшін «Сен маған-мен саған», «Кері байланыс», «Әткеншек», «Қарлы кесек», «Үш қадамды сұхбат», «Жылы сезімдер» әдістерін, топтық, жұптық жұмыстарын ұйымдастырдым. Осындай сәттерде оқушылар өздері жақын арадағы даму аймағында жұмыс жасады. Атап айтар болсам, әткеншек әдісі үй тапсырмасын тексергенде, баланың өтілген материалды қалай меңгергенін тексеру үшін өте қолайлы екенін байқадым.Бұл кезде оқушы оқушыға сұрақ қояды және оқушы оқушыға жауап береді. Сонда олар диалог арқылы бірінің білмегенін екіншісі толықтырып отырды. Топта жұптасып жұмыс жасаған сәттерде «сен маған –мен саған» әдісі де оқушыларды ұйымшылдыққа, сұрақты дұрыс қоя білуге үйретті. Қарлы кесекті қазақ тілі пәнінде ұтымды, дұрыс пайдалансаң, оқушылардың арасында тартысты да тартымды, ұтымды ойлар айтылатын диалогтың куәсі болуға болады. Себебі олар бір топта ғана емес, келесі топқа барып, басқа сыныптастарымен де әңгімеге араласады, ой бөліседі, пікір алысады. Осы арқылы баланың сөйлеу тілі қалыптасып, өз ойын дұрыс жеткізуге машықтанды деп ойлаймын. Бұл ғалымдар зерттеген жұмыстардың іс жүзінде дәлелденгенін танытады. Бір-біріне сұрақ қойып, жауап алып, әңгімелесу арқылы материалды жақсы меңгергенін кері әсер парағы арқылы білдім. Күнделікті сабақтың соңында кері әсер парағы оқушыны сол сабаққа деген көзқарасын білдіреді. Бұл -мұғалім мен оқушы арасындағы диалог. Сол арқылы мен өзімнің келесі қадамымды неден бастайтынымды бағдарлап отырдым.

Демек, оқытудағы диалогтің маңыздылығы арқасында оқушы еркін сөйлеу жүйесі қалыптасқан тұлға болып шығады деп айтуға болады. Тағы бір зерттеуші Александр: «Оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланысты процесс» деп атап көрсетті (Мұғалім нұсқаулығы 13). Жаңа тұрпаттағы мұғалім білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді соның ішінде диалогтік оқытуды сабағында көбірек пайдаланса, оның оқушылары білімді, саналы, ойын еркін жеткізе алатын көшбасшылар көбейеді деп сенемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі