Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғыдан ойлауға баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін әдістерді жүйелі, дұрыс пайдалануға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО «Бәйтерек ОМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тулебаева Гульжанат Рахимовна

«Диологтік оқыту әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту»

Баяндама

Қазіргі таңда елімізде заман талабына сай  жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технолгоиялар енгізілуде. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім «өлі» білім болып қалады; оқушыларымызды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілдесуге де үйрету қажет.Сол себептен әр сабақта  диалогтік оқытуды кірістіру керек. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды. 

Бұл тақырыптарды алған себебім орыс сыныптарындардағы қазақ тілі мен әдебиеті болғандықтан өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту,оқушылардың өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізе алуын амалға асыру мен үшін өзекті мәселелердің бірі. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылатынын айтып, әңгімелесудің үш түрін дәлелдеген. Өзімнің оқыту тәжірибемде топтық жұмыста әңгімелесудің барлық түрлерін өз сабақтарымда қолдандым. Александр (2008) диолог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді.

Менің мақсатым оқушылардың логикалық ойлап, диалогке түсіп белсенділік танытқандарын көру болатын.

Оқушылардың барлығының бірдей қызығушылығын арттыру үшін қандай әдіс қолдансам дұрыс болады деген сұрақ туындады. Бірінші кезекте мектептің орыс тілді мұғалімдеріне «Диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізіп, пікір алмастым.

Петропавл қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курс аясында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» атты коучинг өткізіп, әріптестермен пікір алмастым.

Зерттеушілік әңгіме кезінде әр бір бала ақылға қонымды мәліметтер ұсынады, бір біріне сұрақтар қояды, өз идеяларын дәлелдеп, оқушылармен бір келісімге келуге тырысады. Шығарма, эссе жазар кезде оқушылар ересектерше ой жүргізіп, пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салуға тырысады.

Диалаог әдісін қолдану- тапсырмаларды өз бетінше орындай алмаған кезде өте тиімді әдіс.

Мысалы:

1) Басқа адамның идеяларын білуге және түсінуге көмектеседі.

2) Өз идеясын дәлелдей алады.

3) Оқушылардың сабақта жаңа тақырып бойынша бір-біріне өз ойларын айтуға мүмкіндік туады.

4) Бір-бірінің ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесе алады.

5)Оқушының білім деңгейінің қандай деңгейде екенін білуге болады.


Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі.

Бірнеше сабақтардан соң, мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталары артқанын байқадым.Қанағаттанарлы жауап алу мақсатында түрткі болу, сынақтан өткізу сұрақ түрлерін пайдаланып отырдым. Сұрағыма жауап ретінде, сен не айта аласың? Сенің ойың қандай? Сенің тағыда қосарың бар ма?» деген сияқты сынақтан өткізу және түрткі болу сұрақтарын қойып диолог орнатуға тырыстым. Себебі бұл әдіс арқылы оқушыларымның сөйлеу дағдыларын дамытытып қана қоймай жүелі ойлап сол ойын жеткізе алу мүмкіншілігін ала аламын. Александердің диолог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп айтқаны, мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал екендігі менің тәжірибемде де тағы бір рет дәлелденді.

Сын тұрғыдан ойлауды дамыту-ол идеялардың жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз мүмкіндігіне, өз ортасына, өз іс-әрекетіне лайықты кіріктіру, ой елегінен өткізіп,талдап, өз мақсатына нәтиже беретіндей пайдалана білу.

Диологты өрбіту арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы проблемаларды шешу жолдарына қол жеткіздім. Себебі диалогке түсуден алдын тапсырмадағы маңызды мәселені шешуде сын тұрғысынан ойлап,талдап, қажетті шешімін тауып диалогке түседі. Әсіресе Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгіменің үш түрінің ( кумулятивті әңгіме, зерттеуші әңгіме, әңгіме-дебат) ішінде әңгіме – дебатты қолданған кезде сын тұрғысынан ойлауды қажет етеді. Әріптестерге сабақ барысында осы екі әдісті қолдануды ұсынамын.

Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша түрлі әдістер мен тәсілдердің тиімділігі, жетістіктері туралы әріптестеріміздің бірталай жұмыстарының күәсі болып жүрміз. Осылайша әріптестеріміз баспа беттерінде немесе әдістемелік құралдар арқылы т.б жетістікке жетелейтін, жас ұрпаққа сапалы білім беруде көмекші құрал ретінде тәжірибе бөлісуіне өз басым қатты қуанам. Себебі жаңартылған білім мазмұнын, әдістер мен тәсілдерді дұрыс қолдана алмай жүрген кейбір әріптестерімізге таптырмас көмек құралы екеніне сенімдімін.

Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді.
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілдерін дамытуға, өз ойларын ашық айта алуға, пәнге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіншілік береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12