Материалдар / Дидактикалық материал "Білге қаған мен Күлтегін қолбасшы - Түркі дәуірінің дара тұлғалары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дидактикалық материал "Білге қаған мен Күлтегін қолбасшы - Түркі дәуірінің дара тұлғалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа қолдануға арналған
Авторы:
18 Желтоқсан 2023
371
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білге қаған мен Күлтегін қолбасшы - Түркі дәуірінің дара тұлғалары



Білге қаған (Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717734 жж. билік құрған қағаны. Ол Шығыс Түрік қағанатының қағаны Құтлықтың (Елтерістің) үлкен ұлы, Күлтегін батырдың ағасы. Анасы Елбілге Ашина тегінен шыққан.


Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Білге дарынды қолбасшы, батыр Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы, данагөй қария Тоңыкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. «Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.).

Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан соң қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз т.б. тайпаларды бағындырады. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті.

Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Тар түмен қарлықтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды. Білге қаған Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Оны Қытайлықтар қаншалықты құптамаса да, мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге қаған халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясатының арқасында орнықты. Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскенін Білге қаған Күлтегін үлкен жазуында былай баяндайды:

«Әкеміз, ағамыз құраған халықтың

атақ-даңқы жоқ болмасын деп,

түркі халқы үшін түн ұйықтамадым,

күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен бірге

өліп-тіріліп құрадым...»


Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді. Ал Қытай императоры өзінен сезіктенбес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығ тегін отырды 1

Білге қаған мен Күлтегін ескеркіштері. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші санатына жататын Білге қаған мен Күлтегін ескеркіштерін Орхон өзені бойынан орыс ғалымы Н.М. Ядринцев 1889ж. тапқан. Орхон-Енисей жазбаларындағы жазу руна жазуы деп аталады (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. дат ғалымы В.Томсен ғылымға әлі құпия бұл жазуды алғаш оқиды. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Білге қаған ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген.


Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған құлпытастарға жыр жолдары қашап жазылған. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер.

Бітік жазудағы Білге қаған есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді.

«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философиялық толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Иолығ тегін Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің (Қытай) алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!