Жоспар
І. Кіріспе
Дидактикалық ойындар
ІІ. Негізгі бөлім
1) Дидактикалық ойынның мазмұны
2) Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.
3) Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?»-деп айтқандай
баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойын мектеп жасына дейінгі
баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.Балалар
ойын арқылы тез тіл табысып,жақсы ұғысады,бірінен-бірі ептілікті
үйренеді.Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру,ойнату әдісі
деп қарамай олардың мінез -құлқының қалыптасу құралы деп ерекше
бағалаған.Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен,адамдар
еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысады.
Атақты педогог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда,»Ойынсыз
ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін
негізгі іс- әрекет – ойын.
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастармен танысады.
Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі
деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын,
міңез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.Ойын
негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің
маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа
үйретеді. Ойын түрлері:
-ұлттық ойындар.
-сюжетті рольді ойындар.
-шығармашылық ойындар.
-қимылды ойындар.
-дидактикалық ойындар.
Ойынның түрлері көп, соның
ішінде маңыздысы-дидактикалық ойын. Сондай-ақ балалардың
адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау,
еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне
сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық
ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның міндеті- баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру
мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен
анықталады. Дидактикалық ойындар-балалар үшін өзіне тән жүру
барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне
енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды
атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың
әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын құшейтеді.
Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу
керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс
түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып
тыңдамайды. Оның үстінде дидактикалық материалдар мен
көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін,
логикалық ой өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда
дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші
көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу
керек. Мектепалды даярлық сыныбында
білім берудің 5 саласы бар: «Қатынас»,«Таным»,«Шығармашылық»,
«Денсаулық», «Әлеуметтік орта».Сондықтан дидактикалық ойындар
барлық білім беру салаларында колданылғаны
дұрыс.
Негізгі бөлім
К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды
Дидактика – термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл – ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет.
Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу қызметі барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу қызметі ойын түрінде өткізіледі. Дидактикалық ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі сөйлеуді дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарымқатынас жасай білу. Балалардың сөздік қорын, тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.
Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту үшін негізгі мақсаттары:
• байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
• құрастыра сөйлеуге,
• сөздік қорың молайту
• фонематикалық есту қабілетін дамыту
Міндеттері:
• Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру
• Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту
• Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру
Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
- дидактикалық тапсырмалар
- мазмұны
- ойының ережесі
- орындалуы.
Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар.
Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай). Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған, олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді (әр- түрлі дифференциалды карточкалармен ойын, криптограммалар, модульдар, мнемотаблицалар, т.б.). Кейбір ойындар ұжыммен өткізіледі («Лото», « Домино», т.б.). Ойынның мақсатын сақтап, балалармен бірге
ойнап, ойынның ережесін қатаң сақтауға үйрету.
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет: ойынды дұрыс таңдап алу керек, ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнына сәйкес болу керек, балаларға түсінікті болу керек, жас ерекшеліктеріне сай болу керек. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естиярлар топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады, сөйлемнің диалог- монолог формасы күрделеніп дамиды. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді. Оқу қызметі тартымды өткізу үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек.
В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ойын бала үшін — нағыз өмір. Бір сөзбен айтқанда, дидактикалық ойындар баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл – қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі,әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Балалар-біздің
болашағымыз,егеменді еліміздің ертеңі.Осы келешек ұрпақтың ойы
озық,білімі терең,тәлім-тәрбиесі жоғары болу үшін мемлекетіміз
ерекше көңіл бөлуде.Оның айқын көрінісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев,өз
сөзінде «Қазіргі заман талабына сай,жан-жақты жетелеген, бойында
ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,имандылық
әдебі,парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көрсетті.
Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,тапсырма,жаттығулар орны
ерекше.Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі.Ойын-бала әрекетінің
негізгі түрі.Ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Мәселен,кез келген бала
еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол
арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Өз тәжірибемде
заттарды қарау,сурет қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын
сабақтарын ұйымдастыру барысында балалар сөздік қорларын
дамытады.Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді.Топта өзім жетекшілік ете отырып балаларды ойын ережесін
сақтауға әрі ойната отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе
қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып
зейінін,қиялын дамытады. Заттармен ойналатын ойын
ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі.Мысалы:»Дәл
осындай тауып ал»,»Салыстыр да атын ата»,»Қай ағаш
жапырағы?»,»Бірдей ойыншықты тап».
Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.
Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген»Қуырмаш»ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Мысалы:»Моншақ». Қызыл
сары,көк моншақ, Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын
түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді.Ол өте балалар үшін
қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін
тигізеді.Сонымен қатар өзімен-өзі қызмет ету дағдысын
қалыптастыру:тиегін өзі салу,өзі ағыту,бауын байлау т.б.
Халық педагогикасында ойындар өте көп соның ішінде ең маңыздысы
ұлттық ойын.Олар»Алақан соқпақ»,»Тақия тастамақ»,т.б.Ұлттық
ойындардың мазмұндық ерекшеліктері жағынан да мәнерлі әрі
түсінікті.»Арқан тартыс».»Асық ойнау»т.б.Мысалы,қазақ баласы біреуі
ат болып қашады,біреуі құрық салады.
Бала тілін дидактикалық ойын
арқылы дамыту. Ойынның түрлері өте көп.Соның ішінде маңыздысы-
дидактикалық ойын.Бұл ойынның пайдасы-баланың ой өрісін
қалыптасуын,дамуын мақсат етіп қояды.Сондай-ақ балалардың
адамгершілік сезімін оятуға,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға
тәрбиелейді.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді.Ойынның
міндеті баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру
мақсатында орындалады.Дидактикалық ойынды тиімді пайдалану сабақтың
әсерлігін,тартымдылығын,белсенділігін баланың ынтасын
күшейтеді.Ойын ойнаған кезде дидактикалық материалдар мен
көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.Балалардың таным
қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп,сабаққа ынтасын арттыруда
дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы
тиіс.Олар:
-Дидактикалық ойындар нақты,қысқа,қызықты болуы тиіс.
-Дидактикалық ойындардағы тапсырмалардың біртіндеп күрделену және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет.
-Ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпақ етуі қажет.
-Дидактикалық ойын баланың жас ерекшелігіне сай,бағдарламадағы материалдарға,оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып,тапсырма мәнін ашу керек.Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып,олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Балалардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындар: жаңылтпаштар,санамақ,»Қуыр-қуыр қуырмаш»,»Малдың төлін шақыру»,т.б. Балалардың тілін дамытуға байланысты сабақтарда жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді.Баланың ой-өрісін кеңейтуге,өз бетімен ойланып,заттар мен құбылыстардың сипатталуына,баламасына қарай олардың атын табуға,сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді.Дидактикалық ойын арқылы ойлау,сөйлеу,қиялдау,тілін дамыту,сонымен қатар өз ойларын толық жеткізе білу,сауаттылығын ашу.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3.Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйренеді.Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдалануға болады.
Балабақшада қазақ тілін үйретудегі сөздік жұмысын қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен тығыз байланыстырып жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай әртүрлі ойындар ұйымдастыру: сөздік, дидактикалық, қимылды, оқиғалы желіс ойындарының шарты тіл ұстарту мақсатымен ойнатылады; көру, есту, тыңдау, қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру; Тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі. Сөздік жұмысында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тірек сөздерді қолданып сөйлем құрау, сурет арқылы әңгімелеу –логикалық және грамматикалық заңдылықтар бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастықты сақтау қарастырылды.
Ойын арқылы логикалық ойлау, балалардың қазақ тілі туралы танымдық қызығушылықтарын арттыру Баланың сөз қорын дамыту, сөз тіркестерін, сөздік ойындарын түсініп, жауап бере білуге дағдыландыру. Қазақ тілінде бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар қоржыны – бұл мемлекеттік тілді меңгеруге деген танымдық қызығушылығын арттыруға қажетті құрал.
Дыбыстарды айтудың артикуляциялық аппаратын әзірлеу. Балаларды анық, асықпай барынша қатты айтуға үйрету, сөздің қарқыны мен ырғағын бақылау;
-
Сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту, есту, тілдік демалыс, айтылым аппараттары;
-
Суреттер бойынша, ойыншықтар туралы қысқа өлендерді айтуға тәрбиелеу;
-
Сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара әңгімелесуге тарту.
Ертегі, әңгіме желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің көмегімен айтуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын түрлері:
-
Ойыншықпен ойналатын ойындар.
-
Үстел үстінде ойналатын ойындар.
-
Сөздік ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың тиімділігі-сабақтың әр кезідегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтын тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтын ортасында қолданған ыңғайлы. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеугде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай ойын шартын, оындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады.
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі
баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет – ойын.Ойын
арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен,
адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада
не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін
математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс - әрекетте ойынның
мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар - балалардың
сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты
дамыту.
Дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттардың түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс - әрекетінің іскерлігін,
тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі
балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде олардың
мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерімен орындау үшін педагог көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек, міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолдануд
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту

шағым қалдыра аласыз