Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойын-баланың сөйлеуін дамытудағы құрал ретінде маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі педагогтарға арналған, балалардың сөйлеуін дамыту үшін қолдануда үлкен көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидактикалық ойын-баланың сөйлеуін дамытудағы құрал ретінде маңыздылығы


Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде түрлі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Жаңа педегогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдарды іс-әрекеттермен ізденуді, яғни білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жаңа замануи технологиялардың бірі –ойын технологиялары.

Мектеп жасына дейінгі бала үшін ойын-ең басты іс-әрекет болып табылады. Ойын барысында бала өзін қоршаған әлеммен таныса бастайды, білім алады, психикасы мен физикалық дамуы алға жылжиды, өз құрдастарымен және үлкендерменде қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойынның әрбір түрінің өзіндік мақсат-міндеті, бағыты болады. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлу ең негізгі өзекті мәселе болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру педагогтің басты міндеті болып саналады. Сонымен қатар, сөйлеу әрекеті жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы сөйлеудің дамуы мектепте сәтті һәм нәтижелі оқуға негіз бола алады. Бала кездегі ана тілін жетік меңгеру, сөйлеудің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық аспектілерін дамыту – балалардың зияткерлік, әлеуметтік және рухани білім беру мәселелерін шешудің қажетті шарты. Сөйлеуге бағытталған дидактикалық ойындарды қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға арналған зерттеу еңбектерін  А.М.Шахнарұлы, Д.Б. Эльконин, В.И.Яшина және т.б. ғалымдар жазды. Жоғарыда аталған және басқа да практик ғалымдардың тілдік қабілеттер мен сөйлеуді дамыту туралы ойларын келесі түрде тұжырымдауға болады: сөйлеу, бала психикалық процесс ретінде, тілдік құбылыстарды жалпылау, ересектердің сөйлеуін қабылдау және бейнелеу мен ойындар процесінде дамиды. Баланың тілдік конструкцияларды шарлау қабілеті тілді тәуелсіз бақылаулардың дамуына және сөйлеудің өзіндік дамуына ықпал етеді. Сондықтанда тәрбиеші педагогтар өз жұмыстарын, осы ойын негізін ала отырып жоспарлайды. Сөйлеуді дамытудың негізі бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады.

Баланың жасы неғұрлым кіші болса, оның сөйлеуін дамыту міндеті соғұрлым қиын және күрделі болады. Сөйлеуді дамытудың негізі – баланың қоршаған ортаны ойын арқылы тани білуі. Ол ойын арқылы жаңадан білген  әрбір зат немесе құбылысына сәйкес сөзбен зеректігі беки бастайды. Баланың қоршаған ортадағы – тұрмыстық заттар, адамдар, жануарлар, суреттер, ойыншықтар, табиғат тағы басқа нәрселерді ойын арқылы білуі сөйлеу тілінің алғышарты.

«Дауыстық сөйлеу мәдениеті» ұғымы тек дұрыс айтылуды ғана емес, сонымен бірге сөйлеу мәдениетін де (дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлеудің жақсы қарқыны, оның көлемін),  сөзді естуді де қамтиды.

Ойындардың өзін дидактикалық, қимылды, сюжетті-рольді т.б. деп бірнешеге бөлуге болады, дегенменде баланың сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше.Дидактикалық ойын- көп жоспарлы, күрделі құбылыс, өйткені ол тек оқыту әдісі ғана емес, сондай ақ оқытудың формасы, өзіндік ойын әрекеті және баланы жан жақты дамыту құралы болып есептеледі.



Ойындарды қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамыту процесін бірнеше түрге бөлуге болады:

  • Мектепке дейінгі жастағы интеллектуалдық белсенділіктің көрінісі – сөйлеу дамуы.

  • Сөздік ойындарды қолдана отырып, сөйлеуді дамытудың негізі үш жүйеге негізделеді: табиғаттың қоршаған әлемі, адами қатынастар әлемі, заттар әлемі.

  • Ауызша сөйлеу әрдайым сөйлеу жағдайымен анықталады және оны техникалық құралдар арқылы жүзеге асыруға болады. Сөйлеу дамуының көрсеткіші – белсенді сөздік, яғни мектеп жасына дейінгі баланың өз сөзінде қолданатын сөздік қоры.



Дидактикалық ойындарға тән белгілер – оларды ересектер балаларды оқыту және тәрбиелеу, сөйлету мақсатында жасайды. Бұл ойындардағы бала ең алдымен ойын жағдайына қызығады, ойнаған кезде дидактикалық мәселені шешеді. Дидактикалық ойындар баланың жеке басын жан-жақты тәрбиелеу құралы ретінде әрекет етеді. Осы ойындар арқылы балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесі жүзеге асырылады. Балалар сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойындар маңызды рөл атқарады:
сөздік қоры көбейеді, дыбыстың дұрыс айтылуы қалыптасады, келісімді сөйлеу дамиды, өз ойын дұрыс жеткізе біледі.

Сонымен қатар дидактикалық ойын арқылы баланың сөздік қоры артады, сөйлеу белсенділігі дамиды, дыбыстарды дұрыс айта білуі, өз ойын жеткізе білуі, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады. Ендігі жерде осы аталғандарды жүзеге асырып, нәтижелі қорытындыға жету үшін, дидактикалық ойындарды ұйымдастыру барысында кейбір талаптарды басшылққа алған жөн: алдымен балалардың жас ерекшелігін және алға қойған мақсат пен міндеттерді ескере отырып ойынды дұрыс таңдау қажет. Содан соң балаларды ойынның шартымен, мазмұнымен таныстыру, ойын барысында қолданылатын материалдарға тоқталу, түсіндіру.

Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады. Ойын барысында тәрбиеші міндетті түрде балаларға көмектескені абзал, балалардың сұрақтарына жауап беріп, ойынды одан әрі өрбітіп, баланың ойынға деген қызығушылығын оятуы керек.Сонымен қатар балалардың талпыныстарын қолдап отыру үшін өздеріне ойынды талдауға мәнберген жөн. Ойынды қорытындылағанда жеңіске тек тапсырманы дұрыс орындаған балалар жететінін ескерте кету керек, бұның өзі баланың ынтасын тудыратыны белгілі. Дегенменде жеңіске жеткен балаларды атап өту мен қатар ойынға қатысқан балаларға да қатысқаны үшінде мақтау айтып ынталандырғыш белгілер беруіне болады. (Бұл өз тәжірибемде қолданып жүрген тәсілім)

Дидактикалық ойынды бірнеше бағытта жүргізілетіні белгілі: Сөздік ойын, үстел-үсті ойыны, заттық (ойыншықтармен) ойын, сюжетті ойындар

Затпен ойналатын ойындардың ұтымды жері бала заттардың қасиетімен танысады яғни оның пішінімен, түр-түсімен, қолданысымен. Сондай ақ затпен ойналатын ойында баланың есте сақтау мен зейіні жақсы дами түседі. Заттарды пайдаланып әңгімелеуде сөздік қоры, байланыстырып сөйлеуі қарқын ала түседі.


Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино,  лото, суреттер қолданылады.

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Жасырынған суретті тап?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Сыңарын тап», «Не жетіспейді?»«Қандай затқа ұқсайды?»т.б

Ал, сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуді үйренеді. Мысалға алатын болсақ «Зообақ», «Дұрыспа, бұрыспа?»«Сипаты бойынша тап», «Ертегіні аяқта» т.бойындар арқылы балалар әңгімелеуді, өзбеттерінше ойластыруды, жасырынған заттарды табуды үйренетін болады.

Қорыта келе айтарым дидактикалық ойындар сөйлеуді дамытудың ең мықты құралы болғандықтан, оны үй жағдайында ата-аналарға да өткізуге ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі шақ-баланың сөйлеуін дамытудың ең маңызды уақыты болып табылады. Болашақта өскелең ұрпақ сауатты және білімді болу үшін ең алдымен өз ана тілін жетік білуі өте қажет. Олай болса тәрбиеші-педагогтар мен ата-аналар үшін баланың сөйлеуіне қазірден мән беріп жұмыстану –басты міндет болып саналады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Алексеева М., Яшина В. I. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту және ана тілін оқыту әдістері. Академия баспа орталығы, 2009ж

2.Богуславская З.М., Смирнова Е.О.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру ойындары.

3.  Выготский Л. С. Ойын және оның баланың ақыл-ой дамуындағы рөлі

4.  Рубинштейн С. Л. Үйлесімді сөйлеуді дамыту. / Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту теориясы мен әдістері туралы антология. /

5. Баймұратова А, Қасымова Г., «Ойын теориясы» Алматы, 2004ж

6. Қаженбаева А.Е. «Бала танымын ойынмен дамыту» Отбасы және балабақша, 2002ж. №1






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12