UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне шексіз тегін доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
2 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
1 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 астам материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
30 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде
5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
Іс-шараларға тегін қатысу (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
1 - айлық
Шебер
7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
90 көрнекілік жүктеу
Дайын ҚМЖ бөлімінде
20 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Ойындар бөлімі - арқан тартыс, бәйге т.б. ойындар жасау
Іс-шараларға тегін қатысу (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
Біліктілік арттыру курстарына тегін қатысу
Шексіз
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
1 - айлық
Материал тарифі
-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Жолжанова Гульназ Болатбаевна
21 Қазан 2020
351
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Дидактикалық ойындар
Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі баланы дамытуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Дидактикалық
ойындар.
«Айсұлу қуыршағын шешінуге
үйретейік»
Мақсаты: Киімдерді шешу ретін есте сақтап қалу,
оларды ұқыпты жинап және бүктеуге үйрету, киімдердің аттарын
сөйлемдерде қолдануға үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші
қуыршақты бөлмеге алып кіріп «Қуыршақ серуеннен келді,қазір ол
шешінеді» дейді. Балалар тәрбиешімен бірге қуыршаққа дұрыс шешінуге
үйретеді.
«Бізге кім келгенің тауып
ал»
Мақсаты: Айтылу мен есту жағынанан бірдей
сөздерді айыра білуге, дауыс ырғағын қадағалай білуге дағдыландыру.
Кебір заттардың аттарын бекіту.
Ойын барысы: «
Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан Аслан?» дейді тәрбиеші. «Мяу, мяу
Айгерім саған кіліп тұрған не?» «Айдынға біреу келді де пи-пи деді.
Ол не?» «Ал, қазір Нұрай одан не тығылып тұрғанынын айтады.»
Тәрбиеші өз дауыс ырғағын өзертіп , үлкен әлде кішкентай тышқанның
даусы шықта ма деп сұрайды. Ойын осылайшы жалғаса
береді.
«Қай жерде шырылдады?»
Мақсаты: Дыбыстың қай жерден шыққанын
анықтау. Алдын-ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны
дайындайды.
Ойын барысы: Балалардың
ішінен жүргізушіні тағайындайды. Балалар шеңбер бойымен отырады,
жүргізуші ортаға шығып көзін жұмады. Тәрбиеші бір балаға
қоңыраушаны береді, бала көзін ашпай қай жақтан шыққанын қолымен
нұқсайды.Егер бала дұрыс таппаса,онда екінші рет ойнап отырады.
Сосын келесі бала шығады.
«Құстар
фабрикасы»
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта
білу.
Ойын барысы: Тәрбиеші 3-4 рет
ойыншықтарды көрсетіп, олардың шығаратын даусын клтіреді,кеін
ойыншықтарды алып қояды. «Балалар құстар фабрикасына барайық.
Алдымыздан тауық шықты, ол бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі
қарай барайық алдымыздан қаз шықты, ол қалай
амандасады:га-га-га»Кейін тәрбиеші қалған ойыншықтарды көрсетеді,
ал балалар дауыстайды.
Ойын барысы: «Бақа аюдың үйіне
секіріп келіп терезенің алдында тұрып бақылдайды бақ-бақ мен саған
қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп пи-пи-пи тәтті иіс шығып
жатыр.Қаз га-га-га дән шоқуға келдім. Сиыр мө-мө-мө сум ішуге
келдім.Бір кезде аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда, барлығы
қашып кетеді.Қорқақтар неге қашып кеттіңдер мен сендерге қош
келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер,
төрлетіндер!»
«Қауырсынды тауып ал!»
Мақсаты: Балаларды қызыл, жасыл,сары түстерді
дұрыс атауға және ажыратуға үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді
қайталауға баулу.
Ойын барысы: Балалардың
назарын тәрбиеші әтештің ашық түсті үлпілдек құйрығына аударады да
түсіндіреді: екінші әтеш те әдемі құйрықты қалайтынын және оны
сыйға тартуын өтінеді. Балаларды түстерді атап, әр түрлі әтешке
сыйлайды. Егер дұрыс болмаса әтеш «Ку-ка-ре-ку! Мен басқа
қауырсынды қалаймын » дейді.
«Алыста ма жақында ма?»
Мақсыты: затқа дейінгі
аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па. Қажет сөздерді қолдана
білу.
Ойын барысы: «Балалар
қарандар, біздің иттер біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары
пингвинге (үйрекке, бақаға, т.
Ба ойыншыққа ауады.) »
Бір
пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ, денесі қара көргілерін келе
ме? Онда жақынырақ келсін деп айтындар. «Жақынырақ келші»Пингвин
келе жатып тоқтап қалады. Енді пингвинді орындықтарында отырып алып
көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге? Өйткені алыста тұр. Онда алыста
тұрсын деп айтындар! т.с.с.
«Сиқырлы қап»
Мақсаты:Балаларға дыбыстарды
дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға
баулу.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар
мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар
онда не бар екен дейді.Кәне көрейік! Бір ойыншықты алып шығып,
мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды
шешуге болады.
Саусақтар
ойындары.
Еріншектер:
Тық-тық, тық-тық,
Тұр
орыннан бас бармақ,
Балаң үйрек сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр,
Шылдыр шүмек сен де тұр,
Титтей бөбек қане тұр,
Саусақтарым, ал жүгір.
Үстел үстінде жасалатын жаттығу . Саусақтар үстел
үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек
көтеріп, үстел үстіне «жүгіртеміз.»
Туған
күн.
Туған күнге, туған күнге
Қонақтарды шақырдым,
Мерекенің құрметіне ,
Бас
май шам мен жақтым.
Күшті салып, үрлеп едім.
Біреуің әрен сөндірдім,
Дем
шығарып үрлеп қалдым,
Екіншіс ін сөндірдім,
Дем
шығарып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім,
Дем
шығараып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім мен
Кішісін де сөндірдім,
Кезек-кезек,кезек-кезек,
Шамдарды мен өшірдім.
Шамның шамның бәрі сөніп қалды.
Міне, мен беске келдім.
Тасбақа.
Тасбақаға қарандаршы
Тас
жидесін киіп ап,
Тауға мінді, суға жүзді ,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тамақ ішіп алып,
Қарнын ол тойдырды.
Енді қайда барады.
Жата қалып демлады.
Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тасбақаға
еліктеу. Саусақтарды үстел үстіне жүргізу. Басбармақпен ортаңғы
саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа
түю.
Орманда.
Саусақтар-ау , саусақтар!
Сендер қайда бардындар?
Орманға бардық!
Кімді онда кезіктірдіңдер?
-Аюды,
қасқырды,қоянды,түлкіні,тиынды!
Бәріне сәлем бердік!
Бәріне сыйлық бердік!
Бәрі де алғыс айтты.
Алақанды еркін ашып-жұму. Басбармақты басқа
саусақтармен түйістіру.
Секіргіштер.
Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы,
Біздің қыздар секірді,
Оң
аяқпен секірді,
Сол
аяқпен секірді,
Алға қарай секірді,
Артқа қарай секірді,
Айналдыра секірді,
Айналдыра секіргішті
Биікке де секірді.
Екі
саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға-оңға секіріп, үстел үстінде
орындалатын жаттығу.
Мысық пен тышқан.
Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық-тышқан ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды.
Мысықты алдайды,
Құйрығымен мысықты.
Тышқан түртіп, зып етті,
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр.
Балалар саусақтарын
біріктіріп, қарама қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық.
Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес
қимыл жасау. Кіші шармен
жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын,
Оң
қолым мықты болсын!
Сол
қолым мықты болсын,
Қолдырым менің күшті болсын!
Екі
шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп , жаттығу
жасау.
Қаз.
Қаз
қанатын жиып алды,
Қауырсының жуып алды,
Оңға қарап, солға
қарап,
Жерден дәнді тауып
алып,
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су
мен жемге тойып алды.
Саусақтармен сөздерді бейнелеу.
Дидактикалық ойындар
Семей қаласы, «№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК
тәрбиешісі Қомаева Маржан Сейфуллаевна.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде,
балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған
тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің
айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың
бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана
сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы
ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын
ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз
болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың
зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу
қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді
ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың
қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері
дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын
ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын,
айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады.
Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені
тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге
мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек
деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен
тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын
арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді.
Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен
бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды
беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге
үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын
арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген
ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың
логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл
ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде,
өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде
іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай
ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және
заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте
қажет.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар
түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық
ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл
дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы
белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін
меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік
мазмұны болады.
Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын
арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының
санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері;
іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек
және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың
негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда
тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген
кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін
математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның
мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық
қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың
сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау
қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл
қозғалысты дамыту. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды
ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін,
есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын
дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын,
заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға,
ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың
логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін,
қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған
мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым
математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың
жинағын ұсынамын.
І. Дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды
үйрету.
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар
жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./
пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі
тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш
дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес
дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және
осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып
шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының
жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық
немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту,
пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері,
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың
кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту.
Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және
жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін
балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай
келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін
білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі
пішіндердің ішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін,
қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар,
пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға
әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы
пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет
орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру.
Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды
ұсыну.
« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру;
білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің
суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді
тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін
жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды
салыстыру.
«Әдемі кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес,
зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер,
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген
кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
«Таныс пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп
заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші
бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет
сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды.
Ойын осылай жалғаса береді.
«Гараждар»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту;
ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз
ету.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл
сондай суреті бар гараждар.
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар
рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп
ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде,
рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра
қалады.
«Өз үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту;
ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін
атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі
бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
«Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты,
шеңберді көрсете білу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер
/5–сурет/.
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші,
төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ
қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте
өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның
қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап,
балаларға көрсетпей атын атайды.
«Кім зейінді?»
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер
құрастыру.
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып
бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
«Қандай пішін шықты?»
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра
білу.
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін
құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып,
пішін құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының,
төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
«Біркелкі пішіндерді сана»
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау
қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер.
(15 дана)
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып
беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос
торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос
торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін
жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға
көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін
жетіспейтінін табады.
«Пішіндерді боя»
Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.
2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын
арттыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің
суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған.
Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың
міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай
түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және
шапшаңдықтарын шыңдайды.
Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар
«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін,
қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден
сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша
салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі
ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап
көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін
айтады.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын
бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын -
қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші
бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың
ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Зейінді бол»
Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық
ойлауын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген
суреттер немесе ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін
немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не
бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан
тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
«Ұзын-қысқа»
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету;
тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету.
Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі
жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
«Шамдар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді,
өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін,
өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің
шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас
шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
«Қолымда не бар?
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол
жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату.
Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу
арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды.
Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке,
ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген
өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі
ленталар.
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына
бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан
ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен
қуыршақтың шашын әсемдеу.
«Тапсырманы орында»
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен
ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді.
Ойын осылай жалғаса береді.
«Қай қолымда көп»
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға
жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар,
түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп
және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда
зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін
заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат
тұрға
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап,
аттестацияға 100% жарамдысертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген.
Qr коды мен тіркеу номері беріледі.
Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!