«Кім жылдам» №1
Мақсаты: отбасы мүшелерін ажыратып,
оларды дұрыс атай білуге машықтандыру.
Балалардың сөздік қорын байыту.
Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері.
Ойын шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен
Кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады.
Балалар ат қоюдан жарысады. Өз топтарындағы балалардың аттарын жылдам атауға үйренеді.
Өздерінің достарын атайды.
«Телефон» №2
Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты
Сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: телефон.
Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіндер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуы-
мыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді.
(Мысалы: мақал, өлең, т.б. білгенін айтуға болады).
Телефон арқылы екі бала:
Алло! Сәлеметсің бе, Адина?
Иә Сәлеметсің бе? Бұл кім екен? Не істеп жатырсың?
«Қайсысы қайда тіршілік етеді?» №3
Мақсаты: суреттен көрген заттарының аттарын
тап, олардың қайда өмір сүретінің айтқызу.
Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: теледидар, әр түрлі жануарлар,
құстар, аңдар суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретінің сұрайды. Олардың немен қоректенетінің
айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге
болады. Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтарын айтқызады.
«Бұл қай мезгіл?» №4
Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен
өзгерістерін ажыратып айтқызу.
Сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: күзгі жапырақтар, суреттер.
Ойын шарты: күзгі бау- бақшадағы жемістер
Мен көкіністердің аттарын атап, пішіндерін,
түстерін ажыратады.
Күздегі егін жинауды өмірмен байланыстыра айтады. Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады.
Олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Күзгі ауа- райының ерекшелігін айтады.
«Қарап алда есіңе сақта» №5
Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады.
Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы
аңдарды, үшінші суреттен құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.
«Нан қалай жасалады?» №6
Мақсаты: балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру. Нан жасауға
қатысатын адамдар
еңбегін бағалау, қадірлеуге тәрбиелеу.
Нанды құрметтеуге үйрету.
Көрнекілік: нан, бидай масағы, ұн.
Ойын шарты: нанды дастарханға келгенге дейінгі жолын көрсетіп, онда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі көрсетіледі.
Балалар күнделікті жеп жүрген нанның ұлкен еңбекпен келетінін білетін болады.
Нан туралы ойларын кезек- кезек айтып шығады.
Мақал.
Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тілінбей.
«Дастархан мәзірі» №7
Мақсаты: балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауы, ажыратып
атай білуге үйрету. Дастархан мәзірін жасауда қажетті заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: дастархан, оған қажетті заттар, тағам түрлері.
Ойын шарты: балаларды топқа бөліп таңертеңгі және түскі асқа қажетті тағамдарды
айтқызып, дастархан мәзірін жасатуды жарыс түрінде жүргізу.
Балалар дастархан мәзірін даярлау кезінде, тағамдар туралы білетіндерін айтып отырады.
Тағамдарды қажет үстелге орналастырады.
Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Ыдыстарды толықтыр» №8
Мақсаты: ыдыстардың аттарын атап, оларды толықтыруға қажетті
құралдарды тапқызу.
Ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту.
Көрнекіліктер: келі, келсап, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан, қақпақтар.
Ойын шарты: ыдыстардың аттарын ажыратып, оларды толықтырады.
Оларда қандай тамақ дайындалатыны, сақталатыны айтқызылады.
Мысалы: торсықта қымыз сақталады.
Шәй ішуге қандай ыдыстар қажет?
Оларды атап, көрсетіп шық.
«Балабақша» №9
Мақсаты: балабақша қызыметкерлерін және оларға қажетті құралдарды
дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: тәрбиеші, дәрігер, аспазшы және оларға қажетті құралдар.
Ойын шарты: тәрбиеші, дәрігер, аспазшыға керекті құрал- жабдықтардың аттарын атап, топтастырады.
Мысалы: тәрбиешіге қалам, дәптер, сызғыш т.б. құралдарды атап көрсету.
«Жеке атауын ата» №10
Мақсаты: көкіністердің аттарын жеке-жеке атап, пішіндерін ажырата білу.
Жалпы мен жеке атаудың мағынасын түсіндіру.
Көрнекіліктер: көкіністер суреттері, муляждары
Ойын шарты: балаларға себеттегі көкіністерді жеке- жеке алып, оның
атын, пішінін, түсін ажыратып айтқызады.
Таратылған муляждар бойынша көкіністер аттарын атайды. Жалпы және
жеке атауды салыстырады. Жеке көкіністерді себетке салады. Неліктен көкініс деп аталатынын айтады.
«Мамандықтың бәрі жақсы» №11
Мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті
құрметтеуге дағдыландыру өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сатушы, етікші, дәрігер, шаштараз, кеңші, құрылысшы т.б.
Ойын шарты: суреттер тақтаға ілінеді.
Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді.
Тәрбиеші балалардың сөйлемді байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Мамандықтардың бәрі жақсы екенін түсіндіреді.
«Аюға ойыншығыңды көрсет» №12
Мақсаты: Тақырып бойынша ойнай білуге, ойыншықты дұрыс пайдалана білуге үйрету.Балалардың ойлау, есту, есте сақтау қабылетін және сөздік қорын дамыту.
Балаларды мұқияттылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Ойын тапсырмасы: Аюмен ойнауға үйрету.
Ойын тәртібі: Аюға жаңа ойыншықтар туралы әңгімелеу және қалай ойнау керектігін көрсету.
Құралдар: Әртүрлі ойыншықтар.(Балаларға таныс емес.)
және тақырып бойынша(мысалы: асхана, жатын бөлме,
жуынатын бөлме т.б. ыдыс-аяқ, киім-кешек, аяқ киім)
Ойын барысы.
Балалардың көңілін ойынға аудару. Қонақ келетінін ескеріп
айту, олар сендермен ойнауға келеді.
Балалар бірнеше топқа бөлу, әртүрлі тапсырма беру.
Ойыншықтарды тақырып бойынша таңдап, қонақтарды қалай ойнату
керектігін үйрету.
Содан соң топты бөлек отырғызу. Келетін қонақтарды тосу, қонақтарды ойыншықтарымен қуанту, ойнай білуге үйрету.
Ойын басталды. Есік қағылды. Аю келді. Балалар амандасады.
Аю ойыншықтарымен кездесуді өтінеді, қалай ойнау керектігін сұрайды.
Аю барлық бөлінген топтарға барады.
Аю балалардан сұрайды. Мысалы: «Кім кіммен ойнайды?
Ойнаймын дегенді ойнатасындар ма?
Кім өзі жалғыз ойнайды?»
Аю менімен бірге ойнайсындар ма?- деп сұрайды.
Барлығы бірігіп ойнайды.
«Қапшықтан кім не таңдайды» №13
Мақсаты:Балаларды салыстыра білуге, түстеріне, көлеміне қарай топтай
білуге және негізгі білімдерін толықтыра отырып топтауға үйрету.
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін және сөздік қорын дамыту.
Заттарды дұрыс пайдалана білуге, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Ойын тапсырмасы: Ойыншықтырды белгілеріне қарай топтау.
Ойын тәртібі Ойыншықтарды балалармен бірігіп топтау.
Құралдар: Әр түрлі ойыншықтар (көлеміне, түр-түсіне қарай бөлуге
ыңғайлы)
Ойын барысы: Балалардың ойыншыққа деген қызығушылығын арттыру.
Қапшықта не бар?
Кім не тауып алады екен?
Не үшін қажет?
Кім не алғысы келеді?
Бала қапшықтағы ойыншықтың қандай ойыншық екендігін табуын
қадағалау. Қапшықтан алған ойыншықты қайда қою керектігін ойланып
табу керек.Басқа балалар көмектесе алады.
Нұсқа: Қапшықта балаларға өте таныс ойыншықтар.
Сипау арқылы қай ойыншық екенін табу оңай.
Алмай тұрып қандай ойыншық екенін айту керек.
Нұсқа: Балалар қапшықты көлеміне, түсіне қарай таба алады.
Ескерту: Тапсырманы өзгертіп ойнауға болады.
Екі жаңа ойыншықтар қосу арқылы ойнауға болады.
«Ауылдан сәлемдеме» №14
Мақсаты: Ауылда немен айналысатыны туралы балалардың білімін
кеңейтіп, қортындылау. Азық түлікті дұрыс қолдануға үйреру.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Еңбек адамдарын құрметпен тәрбиелеу.
Ойын тапсырмалары: Сыйлық туралы қызықты әңгімелеу.
Дәмімен немесе бейнелеу арқылы табу, бұл не?
Нені кім өсірді?
Ойын тәртібі: Сыйлықты кеңінен бейнелеу. Сыйлық туралы көбірек білу.
Құралдар: Нан, көкініс, жеміс немесе сурет түрінде олардың бейнесі бейнеленген заттар.
Ойын барысы: Балабақшаға сәлемдеме келді. Меніңше оны ауылда
келген адам әкеледі. Мұнда не болуы мүмкін. Балалардан табуын ұсыныңдар. Сосын, сәлемдемені ашыңдар.
Сыйлықтарды қалай алу керектігін балалар кеңінен бейнелеп айтып беру керек. Кім оны өсіргенін әңгімелеу керек.
Содан кейін сыйлықтың дәмін табуға басқаларға ұсынады.
Нұсқа: Балалар кеңінен сыйлық туралы айтады.
Басқаларға дәмін тілімен көруге береді. Сәйкес жұмбақты есіне түсіреді.
Балалар жауабын шешуі керек. Бұл не және қандай тамақ дайындар
кезінде қолданады.
Қиын жағдай тудыруға болады. Үйде көкіністер және ұн бітіп қалды,
балалар қандай тамақсыз қалды?
Дүкеннен картоп сатып әкелді, одан таңертең түскі асқа не пісіру керек болады? және т.б.
«Бұл қай мезгіл?» №15
Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен өзгерістерін ажыратып айтқызу. Сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: күзгі көрініс, күзгі жапырақтар.
Ойын шарты: күзгі бау- бақшадағы жемістер мен көкіністердің аттарын
атап, пішіндерін, түстерін ажыратады.
Күздегі егін жинаудағы өмірімен байланыстыра айтады.
Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады.
Олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Күзгі ауа-райының ерекшелігін айтады.
Күз мезгілінің айларын атайды.
Күн суытты, келді күз
Тұманды күз, желді күз.
Қыстан жақсы шығуға
Қам жасаймыз енді біз.
«Тиісті торға орналастыр» №16
Мақсаты: антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру.
Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы
аңдар мен үй жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап, әр түрлі
торларға орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: торлар, әр түрлі жануарлардың суреттері.
Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет.
Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін т.б. кіші торға орналастыруы керек.
Бала неліктен сай орналастырғанын, яғни үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастыру себебін түсіндіреді.
Жануарлар туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, өлеңдерін айтады.
«Үй жануарлары» №17
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын айтқызып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарларының, төлдердің суреттері.
Ойын шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.
Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады.
Сонымен бірге олардың дене мүшелерін де ататып,үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.
Неге үй жануаллары?- деп аталатының айтқызады.
Қой атасын не дейміз?...
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дидактикалық ойындар

шағым қалдыра аласыз