Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерін белсендендіру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Т.Көбдіков атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Ермекбаева Нұрлыгуль Капсаламқызы
Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының
оқу әрекеттерін белсендендіру
Шар қаласы 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
3 |
|
|
1 негізгі бөлім ................................................................................ |
5 |
|
|
1.1 «Дидактикалық ойын» ұғымының мәні және жіктелуі ............... |
5 |
|
|
|
|
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын ойын түрлері ................................................... |
12 |
|
|
1.3 Оқушыларға оқу әрекетін меңгерту үшін пайдаланылатын дидактикалық ойындардың рөлі ..................................................... |
17 |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................... |
32 |
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................. |
33 |
|
|
КІРІСПЕ
Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесінде қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасап, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады. Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан материалдың практикалық қолдануымен толықтыру керек. Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың бала дамуы үшін маңызы өте зор. Ойын – баланың негізгі әрекеті. Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра түсу үшін пайдаланылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі маңызды болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының 4.1-бағытын – «Білім беру» деп атап, онда: «...2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» – деп көрсетті. Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені, әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының айғағы. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушының тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан қазіргі тандағы проблемалардың бірі болып табылады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, т.б. тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған.
Жобаның мақсаты: дидактикалық ойындарды мектептің оқыту процесінде пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
-
дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерін белсендендірудің теориялық негіздерін айқындау;
-
«дидактикалық ойын» және «оқу іс-әрекеті» ұғымдарына теориялық сипаттама беру.
Жобаның ғылыми болжамы: мектептегі бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойындарды пайдаланып оқыту тиімді болар еді, егер:
-
әрбір өтілетін сабаққа кем дегенде 1-2 ойынды оқытудың интербелсенді әдістері ретінде енгізсе;
-
пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесіне ойын әрекеттерін дидактикалық мақсатта енгізу керектігі талап етілсе;
-
кез келген ойын бастауыш сынып оқушыларына қаншалықты керек екендігін ескерсе, т.б.
Ғылыми жобаның әдіснамалық негізі: білім мен тәрбиелеу туралы философиялық көзқарастар және халықтық психологияның мұрасы, сонымен қатар жеке тұлғалық даму мен іс-әрекеттік қатынас теориялары, танымдық жұмыстың бір-бірімен сабақтастығы.
Күтілетін нәтижелер:
1. Дидактикалық ойын түрлерінің сипаттамасын алу.
2. Дидактикалық ойындар мен іскерлік ойындардың арасындағы ерекшеліктер.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 «Дидактикалық ойын» ұғымының мәні және жіктелуі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі оқу мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және сөйлету мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я.А.Коменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді. Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог В.А.Сухомлинский терең және жан-жақты қарастырған.
Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
-
Танымдық дидактикалық ойындар.
-
Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
-
Пәндік олимпиада апталығы.
-
Көрнекіліктер.
-
Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
-
Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
-
Педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
-
Дидактикалық міндет.
-
Танымдық қабілетін арттыру.
-
Оқудың тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
-
Сабақтың шығармашылық бастамасы.
-
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
-
Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
-
Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
-
Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
-
Білімді меңгеру деңгейі.
-
Білімді қабылдауы.
-
Білімді қолдана білуі.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады. Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша шығарма жаздырту жұмысы маңызды роль атқарады. Оқушыға біріншіден шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі, кез- келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлінеді. Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беріледі.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі – бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі – ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жұргізіледі, содан кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын тандауға бағыт беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінді.
Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі, тірек схемасын пайдаланып отырдық.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
-
өлең шығаруға үйрету;
-
ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;
-
ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі.
«Адам» бөліміндегі «Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-жемісі» тақырыбы бойынша оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәліметтер берді, бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың танымына ерекше ықпал етті.
Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.
Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың танымдық қызығушылын арттыруға мүмкіндік берді. «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалық бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры» т.б. ойындарды пайдалануға болады.
Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:
-
танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
-
қызықты тапсырмалар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;
-
проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;
-
материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;
-
дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т.б.;
-
тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
-
көрнекі материалдар.
Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп танбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде « Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т.б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін белсендендіруде сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік. Мысалы, математикадан «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбында өткізілген сабақты «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің сюжетіне құрдық. Бұл сабақта оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, әртүрлі тапсырмалар орындайды. Мұндай сабақтың баланың танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, тәрбиелік мәні зор.
Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында белсенділік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Дидакти́калық ойындар — оқытудың ойын, белсенділік ұстанымдарының бірқатарын жүзеге асыратын, оқу ойындары түрінде ұйымдастырылатын сабақтардың түрлері. Олар оқыту іс-әрекеті және бағалау жүйесімен белгіленген белсенді оқыту әдістерінің бір түрі. (В. Н. Кругликов, 1988).
Дидактикалық ойындар — әрбір команда мен оның мүшелері ортақ басты міндеттерді шешуде және ұтысқа өзінің тәртібін бағыттайтын ұжымдық, мақсатты оқыту іс-әрекеті. Дидактикалық ойындар — оқылатын жүйе, құбылыс, үдерістерді имитациялық моделдеу арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту іс-әрекеті.
Дидактикалық ойындардың белгілері
Дидактикалық ойындардың айырықша ерекшеліктері әдістердің негізі ретінде қолданылатын ойын жағдаяттардың түрлері болып табылады. Қатысушылардың әрекеттерінің ережелері, бағалаудың қатаң жүйесі ойында түпкілікті сақталады. Тағы да бір айта кететін жағдай, дидактикалық ойындар іскер ойындардан шешім қабылдаудың тізбегінің болмауымен ерекшеленеді.
Дидактикалық ойындардың түрлері:
Нақты жағдаяттарды талдау;
Ойын жобасы;
Жетекшінің іскер поштасын ажырату.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады.
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары;
2) дидактикалық ойындар;
3) қозғалыс ойындары;
4) іскерлік ойындар;
5) интеллектуалдық ойындар.
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім процесін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
- мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;
- ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
- жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
- ойынның қызықты материалы
тақырыппен тығыз байланыста
болуы.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын ойын түрлері
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу процесінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі (Сурет 1).
Іс - әрекет
Оқу әрекеті Еңбек әрекеті Ойын әрекеті
Сурет 1 – Іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
«Ойын» ұғымына түсініктеме
берсек –адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір
түрі.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады: ойын-сауық; коммуникативтік немесе қарым-қатынастық; диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану); коррекциялық (өзін-өзі түзету); әлеуметтендіру.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, дидактикалық ойындар т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу процесінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызық етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік:
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ?
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек?
Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет?
Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әртүрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдалана отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып, бірте – бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу процесінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке – дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Оның ұйымдастыру түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Жүйелі түрде берілген білім оқушы санасында берік болып қалыптасады. Оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы – оқушылардың меңгерген ғылым, білім дағдыларының тиянақты болуын көздейді. Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы арқылы алған танымдық әрекеттерін өмірде қолданады. 1 – сынып оқушыларының жалпы психофизиологиялық ерекшеліктері мен дүниетанымы әр түрлі дәрежеде болады. Сонымен бірге әр түрлі отбасынан келген балалардың мінез – құлықтары да алуан түрлі болып келеді. Оқу жұмысының ойдағыдай болуы мұғалімнің балаларды жастарына сәйкес психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуіне және соған сәйкес жұмыс түрін дұрыс іріктеуіне байланысты.
Ойынның міндеті баланың қызығуын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалімнің тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта – ықыласы артады. “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, қиялсыз толық мәндегі ақыл – ой оқусі деген болмайды” деп атақты педагог Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрін іріктеп, оны жүргізе білу мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді. Ойынның түрі де көп, оны сабақтың барлық типтерінде ойнатуға болады. Осыған байланысты білім беру барысында оқыту әдісін пайдаланып, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін аса тиімді жолдарын іздеу, соның нәтижесінде оқушылардың ойлау, ой қорытындысын шығара білу қабілетін дамытуға басты назар аударған жөн.Қызықты ойын түрлерінен кейін, олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі, ойлау қабілеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік, психологиялық процестері, сезімдері, ерік – жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқы айқындалады, оқу – оқу ісін жүргізудің, тиімді - тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері туады. Бала өзіне жаңалық болып көрінген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиетімен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Балалардың мінезінің ұнамсыз жақтары да байқалады. Ойнағанда қойылатын үлгі ретінде ұсынған бастауыш сыныптарда оқытылатын математика сабағы олармен қоса мынадай аса маңызды міндеттерді шешеді:
1. Балалардың айналадағы дүние, адам, табиғат және қоғам туралы алатын нақты білімдерін байыту.
2. Логикалық және бейнелі ойлауды жетілдіру.
3. Сабаққа және білім көзі – кітапқа деген ынта – ықыласын дамыту.
Сабақ материалына лайықтаған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз.
Ойын үстінде баланың сана – сезімі, еркі, өзін -өзі бақылауы, өзінің іс - әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай – ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.
Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі - сөйлеу қабілеттігі. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек және балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші, бала өзі теңдес балалармен бірге ойнағаны мақұл. Баланы еш уақыт сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжаңдасын, сөйлей берсін.
Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет – қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда ойын мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, сондай – ақ олардың белсенділігімен қабілетін арттыру. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу болуға тиіс.
Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланылады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі.
Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш – қабілетін толықтыратын болса, мақал – мәтелдер, викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой – санаға лайықты ету – ойыншының өз қолында.
Ойынның оқыту процесіндегі ерекше рөлі ерте кезден белгілі. Ұлы педагогтар мен ғалымдар баланы оқулеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған және өз жұмыстарында тиімді пайдалана білген. Ойын кезінде адамның толық және ойламаған жерден қабілеті ашылады.
Бала өмірге келе салысымен ойын арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен танысады және сол арқылы дамиды, өседі. Шетел тілі сабақтарында оқушының ақыл – ойын, танымдық процестерін жетілдіру және сабаққа деген қызығуын арттыруда ойынның рөлі зор. Ол сабақтың сапасын арттырады және оқушылардың белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені, барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Балалармен әр түрлі ойындар ойнауға болады. Кейбір ойындар тілді жаттықтыру үшін қолданылады, ал енді біреуі арнайы бір жағдаятқа негізделіп келеді және ол бір драмалық шығармаға ұқсайды, өйткені, оның өзінің ой желісі, соған қатысты кейіпкерлері болады. Егер жағдаят балалардың өмірімен байланысты болса, онда олардың қызығуы артады, бір – бірімен сайысқа түсіп эмоционалдық көңіл күйге жағдай туады. Ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қоймай, сонымен қатар мимика, жест түрлерін де қолдана алады. Сонымен ойын келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік тудырады:
-
оқушыларды психологиялық жағынан дайындауға;
-
тілдік материалды бірнеше рет қайталауға;
-
оқушының белсенділігін арттыруға;
-
оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынасын, ұйымшылдығын дамытуға;
-
тез және дұрыс жауапберуге;
-
сабақты қызықты өткізуге.
Ойынның біз білетін бірнеше түрі бар: грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, орфографиялық.
Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: оқушылардың дайындығына, меңгерілетін материалға, сабақтың мақсатына. Лексикалық ойындарды сабақтың басында болмаса аяғында, фонетикалық ойындарды сабақтың басында, грамматикалық ойындардың көбін жаңа тақырыпты өткен кезде қолдануға болады. Ойынның нәтижесіне жету мұғалімге байланысты. Мұғалімнің оқушыға деген сенімі, оларға деген көзқарасы дұрыс болса, олар тек ойынды ғана емес, басқа да жағдайларда өздерін көрсете алады.
Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады.
1.3 Оқушыларға оқу әрекетін меңгерту үшін пайдаланылатын дидактикалық ойындардың рөлі
КӨҢІЛДІ АДАМДАР
( КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР)
1 – сынып оқушыларының оқудағы мәселелері Г.Вицлак, Н.Семаго, С.Семаго “Мектептегі оқу қабілетті зерттеу” кітабында қолданылады. Тексеріс көптеген факторларды: ортаға бейімделмеу мәселесін, балалардың сөйлеу қабілетінің, оның түсінік қабілеті әлсіз екендігін және балалар ереже бойынша жұмыс істейтінін көрсетті. Г.Вицлак әдістемесі тек қана балалардың дамуына ғана көмектеспей, сонымен бірге коррекциялық жұмыс құруға қолайлы. Төменде коррекциялық сабақтың бір үлгісі ұсынылып отыр.
Мақсаты: Қабілеттің дамуы, ақыл – ойдың дамуы, тақырып оқып оның мағынасын айтып беру.
Материалдар: Жануарлардың суреттер (6 карточка), жұмбақтар жануарлардың суреттеріне сай салынады; геометриялық фигуралар: үлкен және кіші дөңгелектер, төртбұрыш пен үшбұрыштар - әрбір фигура қызыл, көк және сары түсті; көңілді адамдар схемасы; графикалвқ диктант үлгілері мен баланың көңілін білдіруші түрлі – түсті карточкалар.
Сабақтың барысы:
Психолог балаларды орманға саяхатқа шығарады.
Жүргізуші: Бүгін біз түрлі тапсырыстар орындай отырып, қиялымызда орманға саяхат жасаймыз.
“Даусымнан таны” жаттығуы.
Жүргізуші: Орманда адасып қалмауымыз үшін, сендердің бір – бірлеріңнің дауыстарыңды қаншалықты жақсы білетіндіктеріңді тексерейік.
Балалар айналып тұрады, басқарушы артына қарап тұрады. Бәрі әндетіп: “Айдана, біз ормандамыз, саған “Ау” деп айғайлаймыз. Көзіңді жақсылап жауып, сені кім шақырғанын тап”. Ойыншылардың біреуі басқарушының атын айтып шақырады, басқарушы оның атын тауып айтады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
“Досыңды тап” жаттығуы.
Жүргізуші: Енді орманда адаспау үшін бір –біріңнің сыртқы көріністеріңді айтып, қалай танитындарыңды көреміз.
Екі оқушы бір – біріне арқасымен тұрады. Психолог оларға бір – бірлеп сыртқы көріністеріне байланысты сұрақтар береді.
-
Санжардың көздері көк пе немесе қой көз бе?
-
Әйгерім етікте ме немесе красовкада ма ?
-
Санжарда жасыл немесе көк жейде ме ?
“Бақылаушы және командир” жаттығуы.
Жүргізуші: Жолда адаспауларың үшін, алдында бақылаушы жүреду (парталардың, орындықтардың арасымен) ал командир жолды ойында сақтап қалып, басқа балаларды сол жолмен жүргізеді.
Алдыңғы командир ролін үлкен кісі атқарады.
Ал, біз енді ормандамыз. Бізді орман жануарлары қарсы алды.
Психолог балалардың алдына жануарлардың суреттерін береді.
“Тығылмаш” жаттығуы.
Жүргізуші: Жануарлар өте абайлағыш, сол себепті олар адамдарды көріп тығылады. Психолог балалардың көзінше аңдарды геометриялық фигуралардың артына тығады.
Жұмбақтар:
Жүргізуші: Аңдар туралы жұмбақ шешсек, сонда ғана аңдар бізге көрінетін болады.
Кім суық қыста,
Аш және ашулы жүреді ?
(қасқыр)
Қарағайда ін
Іннің іші жылы
Сол жылы інде
Кім тұрады.
(тиын)
Мен тікенектімін,
Мені ұстай алмайсың
Мен кіммін ?
(кірпі)
Кім өзінің үстінде
Орманды алып жүреді ?
(бұғы)
Қыста ақ
Жазда сұр.
(қоян)
Аңдар өздерінің тығылып жүрген жерлерінен шығады.
Жүргізуші: Қай аң қандай фигураның артына тығылғанын естіп қалдыңдар ма ?
Балалар қай аң қай жерге тығылғанын еске түсіреді.
“Классификациялар” жаттығуы.
Жүргізуші: Белгілермен сәйкес фигураларды бір – бірінің жанына қойыңдар. Үш түсті үлкен, кіші квадраттар, ұшбұрыштар қолданылады. Психолог қандай белгілер арқылы фигураларды қоюға болатынын түсінеді: формасы, түсі, мөлшері бойынша. Даму материалы ретінде А.Иванованың оқу тексерісі алынады.
Ертектің моделі.
Жүргізуші: Сендер жақсы еңбектендіңдер, енді демалып, ертегі тыңдаңдар.
Психолог Н.Павлованың ( “Земляничка”) “Бүлдірген” ертегісін оқиды.
Күн шығып тұр. Жер бүлдіргені пісті. Маса оны көріп, шырылдады: “Жер бүлдіргені пісті, қып – қызыл үлпілдек” Масаның сөзін құс естіп орманға жүгірді. Жер бүлдіргенін жегісі келіп тұр. Масаны тышқан естіп, орманға жүгірді. Жер бүлдіргенін жегісі келеді. Масаны құрбақа естіп, ол да орманға жүгірді. Ол да жер бүлдіргенін жегісі келеді. Жылан да масаны естіп, жер бүлдіргенін жегісі келеді. Күнді бұлт жапты. Бұлтты маса көріп: “Жаңбыр жауады дейді”. Масаны құс естіп, терекке тығылады. Масаны құрбақа естіп, жапыраққа тығылады. Масаны тышқан естіп, інге тығылады. Масаны жылан естіп, жер астына тығылады.
Ал жер бүлдіргені болса, жаңбырға шомылып, ешкім тимегені үшін қуанады.
1. Ертекті қайталап оқығаннан кейін, балалар күнді – сары түспен, жер бүлдіргенін – қызыл түспен, шымшықты – көгілдір түспен, тышқанды – қоңыр түспен бояйды.
2. Балалар ертегінің мазмұнын айтып береді.
3. Балалар ертекті етістіктерді қолданып мазмұндайды. (Шымшық ұшты, жылан жорғалады).
Графикалық диктант. (көру, есту қабілеті)
Жер бүлдіргеніне көңілдірек болу үшін психолог балаларға дәптерлеріне әдемі көбелектердің суретін салуды ұсыныс жасайды.
Жүргізуші: Бір клетка солға, бір клетка төменге, біреуі солға, біреуі төменге. Көбелектің қанаттарын диагоналы бойынша құрастырып, оның мойнын, мұртын, денесін салу.
Сабақ бітеді, біз қайтуымыз керек. Біздің саяхат сиқырлы болды. Егер көзімізді жауып, бір минут тұрсақ, біз сыныпта боламыз.
Сабақтың рефлексі.
Не ұнады ? Не есте қалды ? [37]
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл – ой, іс - әрекетін, есте сақтау қабілетін анықтау, дамыту.
Көрнекіліктер:
Әр балаға ішінде түрлі – түсті геометриялық фигуралары бар карточкалар салынған конверт беріледі. Тақтада үш қатарға ілінген үлкен плакат, өсімдік, кітаптар, жалаушалар.
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу. Оқушылармен әңгімелесу, көңіл – күйлерін білу. Әңгіме барысында әркімнің жаңалығын, қуаныш – ренішін тыңдау. Әр балаға лайықты көңіл бөлу, әңгімеге ортақтасу.
Баланың сабақ барысыындағы мінез – құлқы мен іс - әрекетіне бақылау жүргізіледі:
-
мұғалімнің мұқият тыңдауы;
-
дұрыс жауап беруі;
-
тапсырманы өз бетінше орындауы;
-
өз ойын дұрыс, анық айтуы.
1 - әдістеме.
Мақсаты: баланың қабілетін анықтау.
Әр балаға үшбұрыш, шаршы, шеңбер салынған парақ таратылады.
Баланың алдында тұрған мақсаты төмендегі ережелерді сақтай отырып үшбұрышты, шаршыны, шеңберді қосатын сызық сызу.
-
тек шеңбер арқылы ғана қосылу керек;
-
сызық тек алға ғана бағытталуы тиіс;
-
аяқталған сызық арқылы фигураларды қосып отыру қажет;
Талдау барысында бала алға қойған үш міндетті орындай алды ма, сол анықталады.
2 - әдістеме.
Мақсаты: баланың өзіндік бақылау қабілеті анықталады.
Зерттеуді жүргізу үшін алдын ала байқау әдістемесі қолданылады. Балаға геометриялық фигуралар салынған парақтар таратылады. Ал, ол әр түрлі фигураларға шартты белгілерді салу қажет.
Осы үлгі бір көрсетілгеннен кейін қайта көрсетілмейді. Балаға бос фигураларға белгілер салынатыны түсіндіріледі. Бала өзінің орындаған тапсырмасына мұқият қарап, алғашқы көрсетілгенімен салыстырып, қатесі болса, оны қызыл қарындашпен түзеу тиіс.
Екі әдістемеден соң, сергіту ойыны.
Екі қол, оң қол, сол қол
Оң қол, сол құлақ
Сол қол, оң құлақ
Оң қол, ауыз (мұрынды ұстау, жаңылдыру)
Сол қол, бас
Оң қол, бес саусақ
Сол қол, бес саусақ
Екеуін қоссақ, (9 саусақ, жаңылдыру) 10 саусақ балалардың жауабы.
Дидактикалық ойын “Ұшты, ұшты”, “Қонақ келді”.
Әркім өз орында тұрады.
- Ал балалар, енді қазақтың дидактикалық ойыны “Ұшты, ұштыны” ойнап көрейік. Қай баланың зейінді екенін көрстеді.
Мұғалім: Ұшты, ұшты – қарға ұшты,
Ұшты, ұшты – арба ұшты. Қол көтеріп қалған баладан, “Арба ұша ма екен?” деген сұрақ беріледі. Жоқ ұшпайды. Ендеше, зейінді бол.
Ұшты, ұшты – торғай ұшты,
Ұшты, ұшты – сырнай ұшты. Сырнай деген не? Музыкалық аспап.
Балалардың жауабы. Ұша ма? Жоқ, ұшпайды және т.б.
“Қонақ келді” ойыны.
Екі қолдың алақанын беттестіріп, екі бас бармақты бір – біріне
ашып – жауып, “Апа - апа”, балан үйрек саусақ “Немене?”, шылдыр шүмек
саусақтар “Қонақ келді”, кішкене бөбек саусақтар “Келсе, келсін”, ортан
терек саусақтар “Амансыз ба, амансыз ба?”, содан соң барлық саусақтар
“Амансыз ба, амансыз ба?” деп бір – бірімен амандасады.
3 - әдістеме
Мақсаты: баланың математикалық қабілетінің даму деңгейін
анықтау.
Жеке әңгімелесу барысында мынадай сұрақтар қойылады:
а) 5-7 сандарының көрші сандарын ата.
ә) 9- дан аз сандарды ата, енді одан көп санды ата.
б) Қай сандардың қосындысынан 3,5,7 сандары шығады.
в) Беске дейін бір сан ойла, оған 3- ті қосу, тағы да 2- ні қосу,
қосындыдан ойлаған санды алу керек, тағы 1 санын алу керек (4).
Бәрің маған қараңдар. (Тез арада көрсетпей, тақтаға санды жазамын
да, пердемен жабамын). Бәрің айтыңдар, қанша? Хормен, қолымды
сермеймін. Төрт. Дұрыс. Пердені ашамын.
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар үстел үстіндегі заттарды мұқият қарап алыңдар. Енді
төмен партаға қарап, көздеріңді жұмыңдар.Заттардың орнын
ауыстырамын. Бастарыңды көтеріңдер. Не өзгерді, соны айтыңдар. Осыдан
соң келесі тапсырманы орындаймыз. Тақтаға қарап, қандай фигуралар
қанша екенін іштей санаңдар.
Ертегінің моделі.
Танымдық ойындар
Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. «Ойын» сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Психологтардың дәлелдеулері бойынша 6-10 жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болып саналады.
///////////дылық ДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕСІ0000000000000000000000000000000000000000000000000Оқыту – күрделі және көпжақты процесс.
Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу.
Мысал ретінде 1,2,3-сыныптарда өтілетін ойындарды қарастырайық.
«Балық, құс, аң,...» ойыны
Сыныпта жүргізуші «балық, құс, аң...» деген сөздерді айтып өтеді. Кенет бір сөзде тоқтап оқушыны көрсетеді. Оқушы не балықты, не құсты, не аңды атайды (ол жүргізушінің қай сөзде тоқтағанына байланысты). Ойынның мақсаты:
-
балалар өздеріне таныс жануарларды атауға үйренеді;
-
таныс емес жануарларды таниды;
-
сыныптастарын зейін қойып тыңдауға үйренеді;
-
дұрыс жауапты тез тануға үйренеді;
-
сыныптастардың жауабын дұрыс бағалауға үйренеді.
Бұл ойынды өзгертуге де болады. «Гүлдер, ағаштар, көкөністер, жемістер...» және тағы басқа.
«Қатарды жалғастыр» ойыны
Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды (4-5түрін).
Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...
«Күн-түн» ойыны
Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады.
Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады.
«Алгоритмдік модель» блогы
«Алгоритмдік модель» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады. Зат әрекеті жайлы айтқан кезде бала көңілін заттың өзі жасайтын әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз.
Алгоритмді түсіндірудің қарапайым әдісі – кез келген танымал ертегідегі бір-бірімен сабақтаса жүретін әрекеттерді атау. Жұмыс дәптерінде бала сурет бойынша әрекетті көрсететін тапсырмалар бар. Мысалы,сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару.
Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді; кейбіреулер керісінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады: бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді:
-
бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді;
-
басқа балаларды тыңдауға үйренеді.
Дәптерде одан да күрделі тапсырмалар берілген, мысалы
Бала тек қана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау жасайды. Бұл тапсырманың жауабы да әр түрлі болады, оның бәрі дұрысболады, егер бала өз жауабын дәлелдеп берсе.
Бұл тапсырманы құрастырушылар төменгі сынып оқушылары әр түрлі шешім табатынын болжамдамады. Бірақ балалардың үлкендерден гөрі әлемді өзгеше қабылдайды. Мұны әр сабақта көруге болады. Мысалы, балалар өз жауаптарын былай түсіндіреді:
Раушан гүлі - ағаш емес;
Қарағай - әрқашан жасыл ағаш, өзге ағаштардың жапырақтары күзде түседі;
Алма ағашы - жемісті ағаш;
Қайын - ақ дінді.
«Алгоритмдік модельдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу.
Әрине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа қателіктерті табады.
Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығара дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған.
Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер, сонымен бірге шығармашылық дамыту да көрінеді.
Балалар түскен алмалардың, толып тұрған себеттерді, шыныдағы компоттың суретін салуы мүмкін.
Одан кейін күрделі тапсырмаларға көшу қажет:
-
берілген затқа байланысты жасалған әрекеттің нәтижесін анықтау;
-
«затпен қандай әрекеттер жасалды?» деген сұраққа жауап беру;
-
алдыңғы затпен қорытындысын байланыстырып, олармен жасалған әрекетті анықтау.
Келесі болып «кері әрекет» деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіну үшін «Кері әрекетті ата» деген ойынды өткізуге болады.
-
Жүргізуші сыныпта жүріп белгілі бір әрекетті айтады, ал балалар оның кері әрекетін айтады. Мысалы, сатып алу-сату, тұру-отыру.
-
Тақтаға бір баланы шақырып оған әрекетті айтқызуға болады.
-
Балаларды шатастырып кері әрекеті жоқ әрекетті атауға болады. Мысалы, кесені сындыру, алмұртты жеу, хатты жырту, әңгімені оқу.
2.2. Алгоритмнің түрлері.
Ең бірінші сызықты алгоритм оқылады. Ол блок-схема түрінде көрсетіледі.
Мұнда балалар мен ұстаздардың да ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар сізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берсін. Бұл ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Бала міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауада ілініп қалды ма?
Одан кейін дәптердегі жұмысқа кірісуге болады. Мысалы, әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.
Тапсырма 1.
Винни қонжығы бал жегісі келді.
- табаныңды жуу.
- шүмекті аш.
- үстел басына отыр.
- шүмекті жап.
- табаныңды орамалмен
сүрт.
- балды же.
-қасықты ал.
Тапсырма 2.
Сызықты алгоритмнің блок-схемасын толтыру.
Тапсырма алмасып отырады: не алгоритм құру керек, не оны блок-схемада толтыру керек.
Оқушылардың ең сүйікті тапсырмасы тормен орындалатын бақылау жұмыстары. Ол балалардың дұрыс жөн табуына, көңіл бөліп тыңдауына үйретеді. Осы тапсырмаға тор көзді дәптер бастауы керек. Сондай жұмыстар шығармашылық жұмыс ретінде қарастырылып, ең таңдаулысын сынып бұрышына қоюға болады.
Қорыта келе айтарымыз, осындай түрлі ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын артады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ойын – еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...»
Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама матералының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамытады. Өмір тәжірбесінен бір жүйеге келтіруге үйреніп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мысалы: 1 – ші сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарылаған сайын, ойынның мазмұнын да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Осының нәтижесінде:
Оқушының бойында
ойлау тапқырлық шыдамдылық
ұйымдастырушылық белсенділік
қасиеттер қалыптасады.
Олай болса ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математикалық сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлатуға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтардың тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Мысалы: 1 – ші сынып заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау» ойынын ойнатуға болады.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс – әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан – жақты ойластырылуы керек.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар.
Мысалы: Балалардың ой - өрісін дамытатын “ Санамақ ” ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үкі,
Төрт дегенім – төсек т.б.
Жаңа буын оқулықтарында қосымша дидактикалық материалдар жинағы бар болғанымен, баланың қызығушылығына әсер ететін ойын түріндегі тапсырмалар қажет екенін бастауыш сынып мұғалімдері мойындап отыр. Сол себепті 1 сыныптан бастап 1 – 4 сыныптарға арналған математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар мен тапсырмалар жинақтауды бір жүйеге келтіру мақсатымен осы еңбегімді 1 – сынып мұғалімдеріне бастама ретінде ұсынамын.
“ Таңба дұрыс па? ” ойыны
Дидактикалық мақсаты: Оқушыларды амал таңбаларын дұрыс қоя білуге жаттықтыру, олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Құралдар: санды өрнектер жазылған карточкаларға “” ,“”, “”, “” таңбалары жазылған карточаклар.
Мазмұны: сынып 3 топқа бөлінеді. 1 және 2 қатар оқушыларына өрнектер жазылған карточкалар беріледі. Үстел үстіне таңбалары жазылған карточкалар қойылан. 1 – қатардың 1 – орындағы оқушы тақтаға өзінің қолындағы өрнекті апарады, оның тұсына 2 – қатардың бірінші оқушысы өз карточкасын апарады. Ал, 3- қатардан 1 оқушы шығып осы өрнектер арасына сәйкес таңбаны тауып қояды.
“ Жапырақ алу ” ойыны
Дидактикалық мақсаты: Ондықтан атап қосу, азайту әдісін пысықтау, ауызша есептеуге машықтандыру. Экологиялық тәлім – оқу беру.
Құралдар: сурет, өрнектер жазылған жапырақтар.
Мазмұны: ойын барысында тақтаға өзен жағасында қармақпен отырған бала, “ су бетінде қалқып жүрген ” 10, 13, 14, 15, 18, т.с.с. сандары жазылған жапрақтардың суреті салынған көрнекі материал ілінеді.
Үстел сүтіне суреттегі су бетінде қалқып жүрген жапырақтардағы сандар мәндері болатын өрнектер қойылады. Мұғалім тақтаға бірнеше оқушыны шақырып, үстелден өрнектер жазылған карточканы алуды ұсынады. Оқушы онда жазылған өрнектің мәнін табады. Егер өрнектің мәнін тапса, оқушы cу бетіндегі жапырақты алып шыққан болып есептеледі.
“ Жұбын тап ”ойыны
Дидактикалық мақсаты: Ондықтармен санауға, ондықтарды оқуға, жазуға машықтандыру.
Құралдар: карточаклар.
1 ондық 2 ондық 3 ондық
10 20 100
Оның мазмұны: Карточкалар оқушыларға үлестіріледі. Мұғалім “ жұбыңды тап ” – деген кезде, әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалуы керек.
Қалған оқушылар тапсырманың дұрыстығы шартты белгілерін көрсету арқылы тексеріп отырады.
“ Орнын тап” ойыны
Дидактикалық мақсаты:Оқушылардың есептеу дағдысын дамыту.
Құралдар: тақта, мысалдар жазылған карточкалар.
Мазмұны: тақтаға төмендегідей мысалдар жазылған карточаклар ілінген.
I тақта II тақта
28 -10 9 +5 5 +7 19 +9 9 +6 14 + 7
6 +5 9 +8 16 +9 11 +7 13 +4 9 +3
8 +7 11 -2 15 +5 8 +8 15 +10 7 +6
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір – бірден оқушылар шығып, өз тақтасындағы мысалдар ішіндегі жауабы ең кішісін табады ды, оны алып, тақтаның астынғы жағына орналастырады. Мұнан кейін оны топтың басқа оқушысы алмастырады т.с.с. Осылайша әр топ өздеріне берілген мысаодарды жауаптардың өсу реті бойынша орналастырады.
“ Ақ сүйек ” ойны
Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.
Құрал:
кесте.
10 7 9 5
4
8 6
а 2
4 4 5
а+5
Ойынның мазмұны: Ойын сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандар орнында “ ақ сүйек” тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол “ақ сүйекті” табады. Дұрыс шығармаса көрмей аттап кетеді. Кім “ ақ сүйекті” көп жинаса, сол ұтады.
“Математикалық домино” ойыны
Дидактикалық мақсаты: сандардың құрамын толық меңгерту. Ауызша есептеугет дағдыланмдыру.
Ойынның мазмұны: Ойын топқа бөлініп ойналады. Оқушылардың әр тобына карточка салынған каверт таратылады. Әр топтағылар карточканы өзара бөліп алады да өрнек жауабына сәйкес домино тізбегін құрастырады. Кімнің қолындағы домино тез бітсе, сол жеңінпаз аталады. Ойынға түгелдей қатысады.
Мұғалімнің басшылығымен алғашқы дамино тақтаға орналастырылады. Оқушы өрнектің мәнін жауабына сәйкес домино тізбегін жалғастырады. Ойын домино аяқталғанша болады.
“ Баспалдақ ” ойыны
Қосу мен азайтуға берілген мысалдар жазылған карточкалар бойынша бір топтың өкілі баспалдақпен жоғары көтеріледі, ал екінші топтың өкілі баспалдақпен түседі. Қателеспеген топ жеңінпаз атанады.
“ Ойнайық та, ойлайық ”ойыны
Дидактикалық мақсаты: Фигураның нүктесі, нүктенің орны, олардың орналасу қалпы арқылы кеңістік ұғымын қалыптастыру және түстер туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Құралдық: үш геометриялық фигураларды біріктіріп салған карточкалар, түсті қарындаштар, көренкі кесте (үлкен).
Ойын мазмұны: Ойынға сынып тегіс қатысады. Алғашқы тапсырманы бір оқушы тақтада орындайды.
1 – тасырма. Қызыл қарындашпен үш фигураның да ішінде орналасатындай етіп, бір нүкте белгіле.
/ Тексеріледі /
2 – тапсырма. Көк қарындашпен үшбұрыштан тыс сопақша мен шаршының ішінде орналасатындай етіп бір нүкте белгіле.
3 – тапсырма. Сарғыш қарындашпен шаршыдан тыс, үшбұрыш пен сопақшаның ішінде орналасатындай нүкте белгіле.
4 - тапсырма. Қоңыр қарындашпен үшбұрыш пен сопақшадан тыс, тек шаршының ішінде орналасатындай нүкте белгіле.
5 –тапсырма. Қара қарындашпен шаршы мен үшбұрыштан тыс, сопақшаның ішінде орналасқан н үкте белгіле.
Кез келген қарындашпен үш фигурадан да тыс бір нүкте белгіле.
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын сыныппен бірге және жеке де тексеріп, сәйкес қорытынды жасайды.
“Фигураларды түгендеу ” ойыны
Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың геометриялық фигураларды ажырату және тани білу дағдыларын қалыптастыру.
Құралдар: үстел, әр түрлі геометриялық фигуралардың суреттері салынған сызба – плакат.
Мазмұны: тақтаға екі бала шақырылады. Үстелдегі сызбаны қарауға 1 минут уақыт беріледі. Сызбаны жауып қойып, біреуі фигуралардың “атын” ретімен тізіп жазуы, ал екіншісі соған сәйкес фигураны сызу керек.
Ойынды осы тәртіппен бірнеше рет өткізгеннен кейін, сызба тақтаға ілінеді, алдын ала тағайындап қойылған сарапшылар оның қорытындысын шығарады.
“Фигураны ата ”ойыны
Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың мәнді белгілері бойынша геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын қалыптастыру. Құралдар: Центріне қозғалмалы тілше бекітілген геометриялық фигуралар салынған дөңгелек, жалаушалар.
Мазмұны: Сынып екі топқа бөлініп, әр топтан бір – бір оқушыдан тақтаға шақырылады.
Олардың бірі дөңгелекте көріп отырған фигуралардың бірінің атын айтпай, тек оның мәнді белгілерін ғана тізіп айтып шығады. Ал 2- топ өкілі оны мұқият тыңдап болғаннан кейін, сәйкес фигураны тілшені қозғалту арқылы табады. Егер оның жауабы дұрыс болса – қызыл, қате болса – көк жалауша алады. Қызыл жалаушаға көп ие болған топ жеңімпаз атанады.
Қорытынды
Ойынның міндеттерін былайша сараптауға болады:
-
ойынды тұтастай жеке тұлғаны қалыптастыруға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдалану;
-
баланың өзін - өзі ұстау, эмоцияларын,сезімдерін, мінез – құлқын қадағалау қабілетін ұштай отырып, ойын арқылы оның жалпы даму процестеріне басшылық жасау;
-
ойынды балаларға өз халқының салт – дәстүрлерін бойына сіңіру құралы ретінде пайдалану, соның негізінде дидактикалық сана – сезімін, дидактикалық мәдениетін қалыптастыру;
-
өз халқының мәдениеті мен тарихына деген ықыласын ояту;
-
Отаншылдық сезімін ұдайы дамыту үшін жағымды эмоциялық негіздерді қалыптастыру.
Ойын баланың сабақта алған білімін тиянақтауға негіз болады. Себебі ойын мен еңбек сияқты баланың іс - әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында балның жеке қасиеттері қалыптасады. Балалар ойындарының ішінде дидактикалық ойындарды оқушілер балалардың білімдерін тексеру үшін өзінің республикасы, туған жері, туған қаласы туралы білгендерін бір жүйеге келтіреді. Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін арттырып, балалардың осы пәнге ынтасын, қызығушылығын арттырады, білімдерін тиянақтауға көмектеседі. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш – жігерін, сезімін білдіруге жол табады.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
-
Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
-
Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
-
Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
-
Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
-
Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
-
Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
-
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
-
Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
-
Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы. - Жм., 2010-01-29 17:49 — org; 29 қаңтар, 2010.
-
Ахметова Г.К., Таубаева Ш.Т. Педагогика /Тәрбие теориясы. – Алматы, 2006.- 814 б.
-
Верзилин Н.М. Проблемы методики препода-вания биологии. М., 1974.
-
Махмутов М.И. Современный урок. 2-е. – М., 1985. 44б.
-
Дидактика средней школы / Под ред. М.Н.Скаткина. 2-е изд. – М. с.227.
6 Котов В.В. Организация на уроках коллективной деятельности учащихся. – Рязань, 1977.
2

