Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойындар арқылы дислалиясы бар балалардың ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттер мен дефектолог мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Дидактикалық ойындар арқылы дислалиясы бар балалардың ауызша сөйлеу
кемшіліктерін жою.
Дислалия — дыбысты дауыстап айтудың бұзылуы. Дислалиялық дыбыстық
бұзылулар артикулярлық аппарат құрылымының ақауларымен, сондай — ақ сөздік
тәрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
10 ойын
1.ойын Шынжыр.
Бұл ойын сөздермен. Бірнеше бала қатыса береді. Бірнеше дауыссыз әріптерді
алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап табу керек.
Кім көп сөз айтады, сол жеңеді. "а", "н", "т". Құрамында осы үш әріп
кездесетінсөздер: атан, отан, қотан, қант, Қанат, Жанат, қиянат, жарғанат.
самолет, масло, салями, мысль.

2.ойын Кім қай әріппен дос.
Бұл ойын баланың тілін ғана дамытпай, оның есте сақтауын, танымдылығын
дамытады. Әр балаға жануардың суреті болу керек. Мысалы әркімде әртүрлі: бір
балада-піл, екіншісінде-қолтырауын, үшіншісінде- кірпі. Мысалы, бірінші бала
айтады: «Менің пілім «Т» әрпімен дос, өйткені оның тұмсығы ұзын». Екінші бала,
« Ал менің қолтырауыным «Ө» әрпімен дос, өйткені ол өзенде мекендейді». Келесі
бала, «Менің кірпім « И» әрпімен жолдас өйткені, оның инелері бар».т.с.с.

3. Ойын "Ойыншықты ата".
Әр бала өзімен бір ойыншық ала келеді. Бір бастаушы тағайындалады. Ол 3-5
минутқа сыртқа шыға тұрады. Ол жоқта мұғалім балалармен бір оқиға
құрастырады. Ол оқиғада негізгі кейіпкер балалардың әкелген бір ойыншығы
болады.Барлық ойыншықтарды орындыққа тізіп қояды. Бастаушы баланы
шақырады. Балалар оған ойдан шығарған оқиғаны ретімен айта бастайды. Бірақ
кейіпкердің атын атамай. Оны тек есімдіктермен ғана атайды. Оқиға 3-5 минутқа
ғана болуы керек. Бастаушы оқиғаның негізгі кейіпкерін ойланып, тауып алу
керек.
Егер бастауыш дұрыс тапса, ойын жалғасады. Егер бала кейіпкерді таба алмай
жатса, онда балалар оқиғаны толықтыра түседі, бастаушы көмек ретінде.

4. Ойын "Сөйлем құрастыр".
Мұғалім лотодан суретті 2 карточканы топқа ұсынады. Балалар жарты шеңберге
отырады. Кезекпен әрбіреуі суретке қатысты сөйлем құрастырады. Сосын басқа 2
сурет көрсетіледі. Оларға да балалар сөйлем құрастырады.
Ескерту:
1. Балаларды ерекше, өзгеше сөйлемдерді құрауға жетелеңіз.
2. Егер балалар берілген екі сөзбен сөйлемдерді шапшаң құрап жатса, онда
суреттердің санын асырыңыз. Мысалы, үш, төрт карточка алыңыз.
Бұл ойынды ата-аналар да баламен жеке жұмыс жасау есебінде алуларына
болады.Баламен жарыс ұйымдастыруға да болады. Әрине, баланы жеңіске
шығаруды көздеу керек.


Page 2

5. Ойын "Қарамақайшылық".
Мұғалім балаларға бір сурет көрсетеді. Суреттегі бейнеленген затқа қарама-қарсы
мағынада сөз айту керек. Мысалы, суретте «доп», балалар « тақта» дейді. (доп
дөңгелек, тақта жазық) «күн» (допты адам жасайды, күн табиғаттың бір бөлігі)
т.с.с.
Әр бала өзінің жауабын айтады, міндетті түрде неге ол жауапты таңдағанын
түсіндіру керек.
Ескерту:бұл ойын баламен жеке жұмыс жасауға да тиімді.

6. Ойын "Көпір"
Мұғалім заттар бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен көрсетеді.
Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз ойлау керек. Ол
сөз екі затты «байланыстыратын көпір» секілді . Әр бала кезекпен жауап береді.
Баланың жауабы негізделген болуы керек.
Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және «ағаш». «Байланыстыратын көпір» қызметін
мына сөздер болуы мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан
қаз ойды). «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды) т.б.
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға болады.

7. Ойын "Қадамдар. (Кім тез жетеді...)»
Бұл ойын арқылы баланы жарыстыра отырып оның тіл байлығын, сөйлеу тілін
жетілдіруге болады.
Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді. (арақашықтық 8-10
қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады. Мысалы, "Әдепті сөздер". Әр бала әдепті
сөз айтса ғана қадам жасай алады. Ойлануға бір минут қана беріледі.
Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы ыстық", "Барлығы дымқыл".
"Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді сөздер" және т.б.
Келесі нұсқа : Балалар бір-біріне қарама-қарсы жұппен тұрып қадам жасайды.
Ойын шарты солай, тек сөзд айтқаннан кейін ғана қадам жасайды.

8. Ойын"Екі шеңбер".
Балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы үлкен шеңбер және ішкі (3-4 адам). Үлкен
шеңбердегі балалар тұрады ал кіші шеңбердегі балалар жүре сөйлейді. «Біз
шеңбермен жүреміз, өзімізбен .... аламыз» .
Ал үлкен шеңбердегі балалар тезірек тәттіні білдіретін сөз айта қою керек,
мәселен, қант. Қай бала сөзді бірінші айтады, сол бала ішкі шеңбергүе тұрады.
Ойын жалғаса береді. (... өзімізбен бірге жұмсақ, ащы, тұщы, қатты, қышқыл, т.б.)
Үлкен шеңбердегі қалған соңғы бала бір тапсырма орындау керек.

9. ойын Әңгіме ойлаймыз.
Үлкен адам сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті
сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,:
".... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . .
. . (не істеді?). Бақта жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . .
(қандай?), тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . . (Қайда?) жатты.
Марғаулар допты .. . . (қалай?) ойнады.


Page 3




10. ойын "Мен циркте болдым... "
Ойын үшін сізге әріпті және буындық карточкалар керек болады. Екі немесе одан
көп адам ойнауға болады. Барлық ойыншылар кезекпен карточкаларды алады.
Бастаушы карточканы алып, «Мен циркте болдым онда ..... көрдім». Ол
карточкадағы әріптен басталатын бірдеңені атау керек. Атайтын сөз тек зат есім
болуы керек. Мысалы, "К" әрпіне клоунды, керікті.
Егер буын карточкаларын қолдансаңыз, ол буын сөздің басында да, ортасында да,
сөздің соңында да кездесе берсін. Мысалы, "Мен теңізде бол-дым» т.с.с.

10 жаттығу
1. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып
жіңішкеретіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап
кіргізу.
2. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелә жоғарғы ерінді, сосын
төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.
3. «Параход» ауызды кәшкене ашып «ы» дыбысын ұзақ айту. Тілдің ұшы
төмен және ауыз қуысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға
қара көтеріңкі болуы керек.
4. «Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкеретіп шығарып 10-15
секунд ұстап тұру керек.
5. «Төбешік» аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу
тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
6. «Күрекше» тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін
үстіне қойылады.Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.
7. «Жаңғақ» ауызды жауып, оңға-солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін
итеру.
8. «Гармошка» ауызды ашып, гормошканың жұмыс жасау қалпын көрсету.
Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.
9. «Күркетауық» ауызды аздап ашып, тілді жоғарғы ерінге қойып тілдің
жалпақ ұшын алға-артқа жылжыту керек. Тілді еріннен ажыратпау керек-
ерінді сипағандай. Алғашқыды тіл қимылы баяу, содай кейін жылдамдатып,
дауыс қосылады.
10. «Саңырауқұлық» ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсырып ұстап тұрып
төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.




Page 4


10 тапсырма
Тіл дамытуға арналған тапсырмалар

1.Кез келген газеттен дауысты дыбыс бар 10 сөзді тап. Оларды дөңгелектеп
қарындашпен сызып қой. Орнын анықта. / басында, ортасында, соңында /

2.Журналға , суретке қарап отырып, қызықты әңгіме ертегі құра. / суреттің
мазмұнына сәйкес өлең , ән, мақал-мәтел тап /

3.Бүгінгі күнді суретте. / аспан, күн, ауа райының температурасы , өзінің көңіл-куйі
қандай? / Толық сөйлеммен жаз. Сөздер қайталанбасын./

4.Өзің ең жақсы көретін гүл, не ағаш, не жыл мезгілі, ойыншық, жануар, құс т.б.
Бейнеленген сурет тап. Оларға сәйкес өлең, тақпақ, мақал ойластыр.

5.Затты түріне қарап зертте.

6.Сағатты суретте. Ол адамға не үшін қажет? Қандай түрлері бар?

7. "Мектепке келер жолда" деген тақырыпқа әңгіме жаз. Онда қоршаған ортадағы
сұлулықты , жолда болған оқиғаны, тағы басқа көрген жағдайларды жаз.

8. «Не қайда тұрады?» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
Керекті құрал-жабдықтар: Жануарлардың және олардың тұратын орталарының
суреттері Шарты: Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін
көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру
қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)

9. Киімдер. Мақсаты:Киімдердін атын атай отырып білімдерін кенейту, рет-
ретімен қоюға үйрету.Бұл ойын арқылы балалардың тілдері дамиды,сөздік қорлары
жетіледі.Киім аттарына байланысты сөздерді дұрыс айтуға үйрету .Үйренген
сөздерді бекіту.Сұрақ-жауап ретінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойын кезінде
дұрыс қолдана білуге үйрету.

10. Ғажайып қорапша. Мақсаты: Балалар қолдарына киіп қорапшада не зат екенің
айтады .Ойлау қабілеттері дамиды.Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін
байыту,жалпы ой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу.






Page 5

10 артикуляциялық гимнастика
Тілге арналған артикуляциялық жаттығулар
Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Л-Р дыбысын дұрыс шығаруға
көмектеседі.
Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу
дағдысын қалыптастыру
№ 1 «Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді
қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына
кіргізу.
Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің
қимылдамауын қадағалау кере. 2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына
тиіп тұруы керек. 3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 4.
Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет.
Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне
қайыру керек.




Page 6


Артикуляциялық гимнастика
№ 2 «Шәшке».
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын
қалыптастыру
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары
көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің
шеттері тіске тимейді.
Нек – нек –нек
Шай қайнайтын шәйнек
Се – се – се-
Шай ішетін кесе








Page 7


№ 3 «Инеше»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу
дағдысын қалыптастыру
«Инеше» - ауызды кең ашып тілді алға қарай
жіңішкертіп шығарып 10 - 15 секунд ұстап тұру
керек.
«Ақ - ақ – ақ»
Астында болсын тақ!
Алла болсын жақ!
Басыңа қонсын бақ!
Атам маған жақ.










Page 8

№4 «Төбешік»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру
«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі
жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің
ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Аз - аз – аз»
Құдықты қаз.
Қаңқылдайды қаз.
Келіп қалды жаз.
Болып қапты жаз.
Атаңа хат жаз.









Page 9


№5 «Түтікше».
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен
жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу
керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6 - 8 рет орындалады.
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.












Page 10

№ 6 «Сағат»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап
қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет
қайталау керек.
Ран – ран – ран,
Соғады боран.
На – на – на,
Зулайды шана.
















Page 11


№ 7 «Ат шауып келеді»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе
таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар
алынадыҒай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.
Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.










Page 12



№ 8 «Саңырауқұлақ»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру
«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға
жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды
кең ашып ұстау.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.
Үн – үн – үн
Ыстық күн.








Page 13


№ 9« Гармошка»
Мақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын
қалыптастыру
Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын
көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы
қалыпта ұстау керек.

Яқ – яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ.
Иын – иын – иын,
Болады көп ойын.










Page 14


№ 10 «Әткеншек»
Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді
астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді
жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.
Осылай тілдің қалпын 4 - 6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек. Осылай тілдің
қалпын кезекпен 4 - 6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.
Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін
мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.




















Page 15


Сабақ жоспары
1. Cабақ жоспары
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар еліне саяхат»
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.

Мақсаттары:
Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ТТШТ (ТРИЗ),
Луллия шеңбері (Кольцо Луллия), мальберттегі түрлі - түсті суреттер,
интерактивтік тақтадағы ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту,
тілдерін байыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Қостілдік: Фрукты - жемістер, овощи - көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мальберт, слайд - презентация,
Луллия шеңбері, топ балаларының физминутка видеосы, музыка, түрлі - түсті
суреттер
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі туралы қандай жыр - шумақтар білесіңдер?

- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық.


Page 16

Балалар тақтаға назар аударамыз. Күз мезгілі болғандықтан біз бақша мен баққа
саяхатқа шығайық. Сендермен 1. «Бақта ма, бақшада ма?» д/о ойының ойнайық.

Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністерді ажырата білу,
атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту.
Шарты: слайд - шоудағы берілген тапсырмаларды орындау.
1. Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту.
2. Алманың түсіне қарап, себеттерге орналастыру
3. Жемістер мен көкөністерді себеттерге орналастыру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
26.10.2020
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12