Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дифференциалдық тәсіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы дифференциалдық тәсілді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы«Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Денсаулық әлеміне саяхат»

Мақсаты:  Дифференциалдық (сараланған) тәсілді қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту.Салауатты өмір салтын ұстануға, ептілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,үйрету, ойын.

Заттық дамыту ортасы: Доға, жүгіртпе-жол.

Билингвалдық компоненттері:  Доға-дуга, жүгіртпе жол-беговая дорожка.


Әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Сапқа тұрады.

- Амандасу.

Нұсқаушы: Балалар бүгін біз сендермен Денсаулық әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шыққыларың келеді ме?

(Осы кезде тышқанның жылаған дауысы естіледі. Нұсқаушы тышқаннан не болғанын сұрайды)

Тышқан: Мен достарыммен ойнап жүргенімде аяғымды ауыртып алдым.Енді мен достарыммен ойнай алмай отырмын.

Нұсқаушы: Тышқан, сен мұңайма, біз саған көмектесеміз. Біз балалармен бірге «Денсаулық әлеміне» аттанғалы тұрмыз. Сенде бізбен жүр.

(Тышқан мен балалар жолда түрлі кедергілерге тап болып, бәрінен өтіп шығады)

Нұсқаушы: Балалар шаршадық па?

Балалар онда біз тышқан мен бірге дөмбешіктерге шығып, степ-аэробика жаттығуын жасап алайық.

ІІ – бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: Степ - аэробика

Балалар музыка әуенімен жалпы дамыту жаттығуын орындайды.

Тышқан аяғының жақсарып келе жатқанын айтады.

Нұсқаушы: Балалар қараңдаршы, біз денсаулық әлеміне жақындап та қалдық. Ол үшін бізге мына секірмектен секіріп, өткелден өтсек, мүмкін «Денсаулық әлеміне» де жетіп қалармыз.

Негізгі - қимыл жаттығулары:

  1. «Хуба-хуп» бір орында жүгіру.

  2. «Мерген» нысананы дәлдеу.

  3. «Көңілді қоңыздар» доғадан өту.


Балалар жай әуенмен келіп, сапқа тұрады.

Амандасады.



Иә!



Иәә, көмектесеміз!



Жарайды!



Түрлі қимылдарды нұсқаушымен жасайды.





Жоқ!









Нұсқаушымен жаттығуды орындайды.









2 рет






Іздену ұйымдастырушылық

Таңғажайып сәт: «Денсаулық әлемі»

Спортакус күтіп алады.

Қимылды ойын: «Тышқан қақпан» Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Аз топ шеңбер болып тұрады. Олар тышқан ұстаушылар.Қалғандары тышқандар, олар шеңберді айналып жүреді.Нұсқаушы «Қақпаны аш» дегенде шеңбердегі балалар қолдарын босатып жоғарыға көтереді.Тышқандар өтіп жүреді. Нұсқаушы қол шапалақтағанда , шеңбердегілер қолдарын түсіріп, шеңбердің ішінде қалып қойған балалар ұсталған болып саналады.Осылай ойын жалғаса береді.

Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа баулу.





2-3 рет

Ойынға жаппай қатысады.



Спортакус балаларға өзінің «Денсаулық әлеміндегі» Сиқырлы әткеншегін көрсетеді.

Релаксация: «Сиқырлы әткеншек»

Шарты: Балалар сиқырлы әткеншекке отырып, арқаға, ішке массаж жасайды.

Тыныс алу жаттығуы: «Виброгимнастика»

Шарты: Балалар еденнен табандарын 1- см биіктікке көтеріп тұрып, демді ішке тартады. Табанды жерге түсіргенде, демді шығарады.

Спортакуспен «Ұшақ» стретчинг жаттығуын жасап, балабақшаға қайтады.

Қорытынды: Сұрақ – жауап, қоштасу.










2-3 рет





2-3 рет





1-2 рет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
1132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12