Дихотомиялық әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дихотомиялық әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологиядан сабақ беретін мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Дихотомиялық әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.

Мұғалімнің аты-жөні:ТабынчаеваСания

СЫНЫП: 7


Қатысқаноқушылар саны: 25


Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.1.4 - жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Дихотомиялық кілттер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика,химия

Алдыңғы оқу

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Гүл суреттері бойынша бөліну.

Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Жіптік құбыр» тренинг

Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..



1-топ:

Раушан

2-топ:Тұңғиық

3-топ:Түймедақ


«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Дихотомиялық кілттер және оларды түрлерді анықтау үшін

қолдану. Дихотомиялық кілттерді ең алғаш XIX ғасырда Ж.Б. Ламарк ұсынды. Олар қарапайым әрі қолайлы болғандықтан қазіргі кезде де қолданылады. Дихотомиялық кілттердің құрылысы қандай? Оның көмегімен зерттеуші алдында ағзаның қандай туысы мен түрі тұрғанын анықтай алады. Кілттер екі сатыдан тұрады, яғни ол үнемі екі бөліккебөлінеді. Әр сатыдағы белгілер сипаттамасы бір-бірін толық жоққа шығарады. Осындай кілттерді пайдаланған кезде, анықтап отырған адамда белгілердің екі жиыны болады (бекіту (қабылдау) – теза және теріске шығару (терістеу) – антитеза). Теза мен антитезада осы сатыға едәуір тән белгілер келтіріледі. Мысалы, теза – «жай жапырақтар», ал антитеза – «күрделі жапырақтар». Антитезада, тезада келтірілген белгілерге қарсы белгілер беріледі. Содан кейін егер «жай жапырақтар» болса, онда олардың пішіні таңдалады. Мысалы, теза – «дөңгелек жапырақ», ал антитеза – «ұзын жапырақ» және т.б. Егер «күрделі жапырақ» болса, онда күрделі жапырақ типі таңдалады. Мысалы, теза

«саусақ тәрізді күрделі жапырақ», ал антитеза – «қауырсын тәрізді күрделі жапырақ» және т.б.

Әдетте, анықтамаларда кілттер былай беріледі: алдымен анықтама едәуір ірі жүйелеу категорияға (класс, отряд, қатар, тұқымдас) беріледі. Дихотомиялық кілттер өсімдіктер мен жануарларды анықтау үшін жеке болады. Мысалы, зерттеуші қандай патшалық: өсімдік немесе жануар өкілін қарастырып жатқанын бірден айта алады. Сондықтан бірінші теза «зерттелетін нысан өсімдік», ал антитеза «анықталатын нысан жануар» деген пікір болмайды. Едәуір ірі категория ішіне жылжыған сайын едәуір ұсақ категория (туыс, түр) нысанын анықтауға болатын арнайы кілттер болады.

Дихотомиялық кілттерге мысалдар. Ботаникалық анықтамаларда әрбір дихотомиялық кілттер сол жақтан реттік нөмірмен белгіленген ретті (жүйелі) сатылардан тұрады. Әрбір жеке саты өз кезегінде екі бөлікке – теза мен антитезаға бөлінеді. Теза сатының реттік нөмірімен белгіленеді, ал антитеза – плюс (+), минус (–) немесе нөл (0) деп белгіленеді. Әрбір теза мен антитеза басқа сатыға сілтеме беретін санмен немесе сәйкес жүйелеу категория атауымен аяқталады.

Ботаникалық анықтамада кілттер құру мысалдары:

Теза: 1. Тік сабақ 2.Антитеза: – Сабағы ілмек тәрізді иілген 3

Теза: 2. Сопақ жапырақ ……………. Жолжелкентәрізді, мойыл.

Антитеза: – Жіңішке қандауырша тәрізді жапырақ……….............

Қандауыр кербезгүл

«Қар кесегі» әдісі

(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

. «Дихотомия» терминін түсіндіріңдер.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)

Ортақ сүрақтар:

1.Кез келген құбылысқа, мысалы, ұрыс, жұмыс, ыстық, жауыз деген сөздерге қатысты теза мен антитезаға мысал келтіріңдер.

2.Өсімдіктер мен жануарлардың анықтамаларын пайдаланып, шынайы дихотомиялық кілттердің құрылысын талдаңдар.









Оқулық.

«Қар кесегі» әдісі.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Практикада қолдануға арналған ұсыныстар. Дихотомиялық кілттермен жұмыс істеуге арналған кейбір жалпы ұсыныстар бар. Бастысы теза мен антитезаны мұқият оқу керек, сосын едәуір сәйкес келетін нұсқаны таңдап алады. Теза мен антитезаны аяғына дейін оқу өте маңызды, содан кейін таңдау жасау қажет. Дихотомиялық кілттерді пайдалану кезінде сәтсіздік те болуы мүмкін.

Топтарға тапсырма:

1-топ: Раушан

1. «Теза» және «антитеза» терминдері «синоним» және «антоним» деген тіл терминдеріне сәйкес келе ме? Талдаңдар.

Дихотомиялық кілттерге қойылатын талаптарды анықтаңдар.

2-топ: Тұңғиық

Дихотомиялық кілттерді кез келген өсімдіктердің немесе жануарлардың нақты туысын анықтау үшін пайдаланыңдар.

3-топ: Түймедақ

Алқа тұқымдас өсімдік түрлерін анықтау үшін дихотомиялық кілттер құрастырыңдар.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.






Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер




«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут

«Қаражорға» биі

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Дихотомиялық кілттерді іс жүзінде Қолдану:дың артықшылығы мен кемшілігі туралы пікірталас ұйымдастырыңдар. Сендердің ойларыңша, оларды Қолдану: күрделілігі неде?











«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.





«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі




Шеңберге отырғызу, доп.




Бағалау


5 минут






Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Қар кесегі» әдісі

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан –жұптас – бөліс» әдісі

«Шеңбердегі доп» әдісі

Балл













«Сабақтағы проблемалар» кестесі

Қиындықтар

Себебі

Шешімі







Бағалау парақшасы






Сабақтағы проблемаларкестесі






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
3060
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі