Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Диктант мәтіндері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
5-11-сыныптар үшін
Шымкент-2015
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Ғылыми кеңесінің ______№ ____отырысында бекітіліп, баспаға ұсынылған.
Құрастырғандар:
Керимбекова Фатима Кайратовна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.
Алиакбарова Г.Р.– Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Пікір жазғандар:
Үсенбаева С.С. - ОҚМПИ филология ғылымдарының кандидаты.
Медетбекова М. - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.
Ұсынылып отырған диктант мәтіндері жинағында қазіргі таңдағы диктант жаздырудың ережесі және диктанттың түрлері туралы түсінік берілген. Сонымен қатар дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының мөлшері мен диктанттың бағалау нормалары көрсетілген.
Диктант мәтіндері жинағы аудандық білім бөлімі әдіскерлеріне, қазақ тілі әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне, жас тілші ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге көмекші құрал болып табылады.
« Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институты, 2015
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.............................................................................................. |
4 |
|
1.Диктант: түсініктеме, түрлері |
5 |
|
1.1 |
Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы........................................................................... |
5 |
1.2 |
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы........................ |
6 |
1.3 |
Диктантты жаздыру техникасы................................................ |
17 |
1.4 |
Диктант нормасы....................................................................... |
17 |
1.5 |
Бағалау нормасы........................................................................ |
18 |
1.6 |
Диктанттағы қателерді талдау жүйесі..................................... |
18 |
1.7 |
Қатемен жұмыс жүргізу ережесі.............................................. |
19 |
2.Диктантқа арналған мәтіндер |
|
|
2.1 |
5-сыныпқа арналған мәтіндер................................................... |
20 |
2.2 |
6-сыныпқа арналған мәтіндер................................................... |
24 |
2.3 |
7-сыныпқа арналған мәтіндер................................................... |
29 |
2.4 |
8-сыныпқа арналған мәтіндер................................................... |
39 |
2.5 |
9-сыныпқа арналған мәтіндер................................................... |
52 |
2.6 |
10-сыныпқа арналған мәтіндер................................................. |
58 |
2.7 |
11- сыныпқа арналған мәтіндер................................................ |
66 |
3.Өздік диктантын жазуға арналған жадынама |
|
|
3.1 |
Өздік диктантына арналған өлеңдер........................................ |
77 |
3.2 |
Өздік диктантына арналған қанатты сөздер........................... |
80 |
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................ |
98 |
|
|
|
|
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл диктант мәтіндері жинағында жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне, сонымен қатар қазақ тілін үйренушілерге арналған түрі тәрбиелі, мағыналы, мазмұнды мәтіндер іріктеліп жинақталған. Жинақта диктант жаздырудың әдістемесі, талаптары, оқушыларға арналған ережелер берілген. Диктант мәтіндерінің мөлшері, бағалау нормалары көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілін оқыту бағдарламасы басшылыққа алына отырып, 5-11 сыныптарға арналған диктант жазуға арналған мәтіндер оқушылардың тілді меңгеруіне байланысты берілген.
Заман талабына сай диктант жазудың да ережесі мен түрлері түрленіп отырады. Дәстүрлі диктанттар бақылау түрінде тоқсан барысында тақырыптық және қорытынды бақылау диктанты болып жаздырылатын болса, қазіргі өлшемдегі диктанттар түрліше болып жаздырылуда.Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып отыр.Соңғы кезде қазақтілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып жеке тұлғаны дамыту мақсатында сандық диктанты, жүгіру диктанты, сөздік диктанты, көру диктанты, терме диктанты, жатқа жазу диктанты, ескерту диктанты, өздік диктанты, ерікті диктанты, түсіндірме сүйеніп отыру диктанты, диктанты, графикалық диктанты, бақылау диктанты, жүгіру диктанты, шығармашылық диктанты, ысқыру диктанты, модельдеу диктанты, т.б. түрлерін жаздыру тиімді болып отыр. Сондықтан да жинақта әрбір диктант түріне қысқаша болса да түсінік беріп кетуді жөн санадық, сонымен қатар мұғалімдердің көп ізденері, көп қолданатыны бақылау диктанты болғандықтан басымдылықты осы диктантқа аудара отырып бірнеше мәтіндерді жинақта ұсынып отырмыз.
Бұл жинақта дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы да айтылады. Дәстүрлі диктантта жазылым негізге алынса, қазіргі диктанттарда тыңдалым дағдысына баса назар аударылған.Диктанттың өмірге қажеттілігі мен ұтымдылығы да өте маңызды. Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды,тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді. Оқушы лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.
Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!
ДИКТАНТ: ТҮСІНІКТЕМЕ, ТҮРЛЕРІ
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.
А. Байтұрсынұлы
Диктант – латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен, ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.
Атап айтқанда:
- сөздік диктанты
- көру диктанты
- терме диктанты
- жатқа жазу диктанты
- ескерту диктанты
- өздік диктанты
- ерікті диктант
- түсіндірме диктанты
- графикалық диктант
- шығармашылық диктанты
- бақылау диктанты
- жүгіру диктанты
- сүйеніп отыру диктанты
- ысқыру диктанты
- модельдеу диктанты
- сандық диктанты т.б.
1.1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
1-кесте
Дәстүрлі диктант |
Қазіргі өлшемдегі диктант |
|
1 |
Жазылым дағдысы; |
Тыңдалым дағдысы; |
2 |
Мұғалім басты рөлде; |
Оқушы басты рөлде; |
3 |
Грамматикалық, пунктуациялық қателіктері тексеріледі; |
Тыңдау дағдысы және сауаттылығы тексеріледі; |
4 |
Білім диктант нәтижесімен өлшенеді. |
Өмірге қажеттілігі ескеріледі. |
1.2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
-
Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;
-
Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;
-
Лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.
Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.(1-кесте) Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашы- лық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Кейбіріне тоқталатын болсақ:
Сандық диктант
Берілген сөздерге қатысты сандарды қойып жазады:
Зат есім - 1
Етістік - 2
Сын есім - 3
Сан есім – 4
№ |
МЫСАЛДАР |
СӨЗДІҢ ФОРМУЛАСЫ |
БАЛЫ |
1. |
жиырма үш |
|
|
2. |
ойнап жүр |
|
|
3. |
кітап |
|
|
4. |
ақылды |
|
|
5. |
қыдырды |
|
|
6. |
сары |
|
|
Жауапты тексеру
№ |
МЫСАЛДАР |
СӨЗДІҢ ФОРМУЛАСЫ |
1. |
жиырма үш |
4 |
2. |
ойнап жүр |
2 |
3. |
кітап |
1 |
4. |
ақылды |
3 |
5. |
қыдырды |
2 |
6. |
сары |
3 |
Оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийі
Критерий |
Дескриптор |
Жетістік деңгейі |
Бағасы |
А (max 6) |
Сөз таптарын бір-бірінен ажырата біледі. Тапсырма дұрыс орындалған. |
6 балл |
“5” |
Білу және түсіну |
Тапсырмадан 1 қате жіберген. |
5 балл |
“4” |
|
Тапсырмадан 2 қате жіберген. |
4 балл |
“3” |
|
Тапсырмадан 3-6 қате жіберген. |
1-3 балл |
“2” |
-
Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады.
Модельдеу диктанты.
Диктантты жүргізу әдістемесі: диктант төрт кезеңнен тұрады.
Модульдеу диктанты әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.
Модульдеу диктанты: М.Мақатаев «Үш бақытым» |
||
Бірінші кезең |
көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазады |
Ең бірінші ................ – Халқым менің, Соған берем ................... алтын кенін. .... ..... ......, мен бармын, ..... болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан .................. менің. |
Екінші кезең |
Модель-сызбаны толтырып, диктантты жалғастыр |
Не істедім? .......................................... .......................................... .......................................... |
Үшінші кезең |
Диктантты үзбей жалға ... |
Бақытым бар үшінші - ............................................................................................................. |
Төртінші кезең |
Тәуелденіп тұрған сөзді теріп жазып, сөз құрамына талда |
................................................................... .... .... |
Модульдеу диктантының тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады;
Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді;
Үшіншіден, өздерін-өздері,бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады;
Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді;
Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды;
Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
-
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктанта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады.Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпалетеді.Олоқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді.Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түріде шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
«Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды:
-
Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді;
-
Сөздік қорының баюына ықпал етеді;
-
Пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды. [1]
Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.
Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады. Бүгінге дейін біздің қолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады. Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері көптеген ұстаздарды қызықтырды, сондықтан терме, көру, ескерту диктанттарының орнына қазіргі кезде жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын көп жүргізіліп келеді. Бұл диктанттар айқайлау,сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады.Белсенді іс-әрекет болғандықтан оқушылардың қызығушылығы жоғары болады.
Ысқыру диктанты (Whispering dictation)
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Мысалы:
5-сынып үшін: |
|
Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты. Аспан (ап-ашық). Ауада (шым-шым) аяз. Батуға айналған күн (қызыл-жасылданып) көрінеді. Гауһардың екі беті (қып-қызыл). Жағасы (қырау-қырау). Қас қарайды. Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып, үйге кірді.Әжесі немересінің(таптастай) қол-аяғын бауырынабасып, (жып-жылы) алақанымен басын сипады. Гауһар ұйықтап кетті. |
Жүгіргіш диктанты (Running dictation)
Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір- біріне кедергі жасамайтындай) іліп қояды.Шатастырмас үшін мәтіндерге А,Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады.Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.
|
|
|
-
Сүйеніпотырудиктанты (Back-to-back dictation)
Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі.Мәтінде не бас әріп, не тыныс белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп отырады. Алдымен оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі.
Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктанты жазады.Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Пингвин |
|
|
I бөлігі
|
Пингвин суыққа төзімді құс ол солтүстікте тіршілік етеді пингвин ұшпайды бірақ суда жақсы жүзеді |
|
II бөлігі
|
Аналық пингвин бір жұмыртқа салады аталық пингвин оны басып шығарады пингвин адамдардан қорықпайды |
|
Пингвин (тексеру үшін) |
||
Пингвин – суыққа төзімді құс. Ол солтүстікте тіршілік етеді. Пингвин ұшпайды. Бірақ суда жақсы жүзеді. Аналық пингвин бір жұмыртқа салады. Аталық пингвин оны басып шығарады. Пингвин адамдардан қорықпайды |
Өмір тәжірбиесінде дәстүрлі диктанттың өздік, шығармашылық, бақылау түрімен қатар, қазіргі өлшемдегі диктанттарды да қолданып отырған өте тиімді. Дәстүрлі диктант оқушылардың жазылым дағдысын дамытса, ал қазіргі өлшемдегі диктанттар оқушылардың оқылым дағдысын дамытады
Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар
екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген
диктанттар және мәтіні өзгертілген
диктанттар.
Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі
– түсіндірмелі
диктанттар. Бұл диктанттар дауысты,
дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың,
біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат
есімнің,сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің,
шылау сөздердің емлелеріне байланысты
жүргізіледі.
Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді:
1. Есту
диктанты.
2. Көру
диктанты.
1.Есту
диктанты
Емле ережелерінің шегін ажырата отырып,
оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту
диктантының орындалу тәсілі екі
түрлі
Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады.
Екінші
түрі:мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған
мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып
отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері
түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге
байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы
жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін
болады.
2. Көру
диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру
қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы
екі түрлі.
Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді.
Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.Бұл диктант оқушылардың көру,
есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.Диктант мәтіндері үзіліс кезіндетақтаға немесе алдын-алааумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс.Оны оқушылардың 2-3 ретоқып шығуына, естерінде сақтауына1-2 минут уақыт беріледі.Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап,
тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты
әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен
жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп,
өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні
болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала
ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, қанатты
сөздер жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін
болады.
Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының
ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі,
оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен
өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл
диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе,
шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен
келеді.
Сөздік
диктанты
Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында
жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин
сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады.
Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру,
өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да
жаздыруға болады. Ол мұғалімнің
еркінде.
Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге
негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын
қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді
түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген
тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді
теріп жазады.
Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән
сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа
диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы
уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды
бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген
мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап,
толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да
тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы
қажет.
Графикалық диктант
Мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.
Конкурстық диктант
Бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді.Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта түседі
Бақылау диктанты
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып,
тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау
диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде
меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен
жүргізіледі.
Диктант үшін V сыныпта 90 -100 сөзден, VІ
сыныпта 100-110 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да,
көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп
отырады. Бақылау диктанты төмендегіше
жүргізіледі:
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант
тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып
қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап
оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін
ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз
тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса,
мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды.
Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан
кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын
қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді
оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.Оқушылар диктантты
түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір
рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге
ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында
әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп,
оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап
отыру керек.
Ескерту. Диктанттардың қай түрін жазғанда да оқушылар
көркем жазу мен грамматикалық талдауға жаттыққандық, төселгендік
көрсетуі керек. Бұл – шәкірттер білімін бағалаудағы бірінші шарт.
Сондықтан көркем жазу – сабақтың көркі де, грамматикалық талдау –
сабақты барлық жағынан жандандыратын
күш.
Үйрету диктанттарының
маңызы
Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр
түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту,
үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету
диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас
болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе
екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете
меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай
оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер
мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі
болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып
жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын
көрсетеді.Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі оқушыларды
ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп
айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл
оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.
Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып
қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп
оқу машығын қалыптастыруға көп септігін
тигізеді.
1.3 Диктантты жаздыру
техникасы
Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі,
ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа
көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде
кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер
тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем
жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған
сөйлем бір
рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі
сөйлем екі
рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі
сөйлем үш
рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы
үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем
аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда«жазыңдар», сөйлем біткеннен
кейін «тексеріп
шығыңдар» деп ескертіп отырған
жөн.
Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні
бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс
істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере
отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды
орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап
алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына
жауап беріледі.
1.4 Диктант нормалары
2-кесте
Сыныбы |
Диктант саны |
Сөздер саны |
Орфограмма саны |
Тыныс белгілері |
5 |
8 |
90-100 сөз |
12 |
2-3 |
6 |
6 |
100-110 сөз |
16 |
3-4 |
7 |
5 |
110-120 сөз |
20 |
4-5 |
8 |
5 |
120-150 сөз |
24 |
10 |
9 |
4 |
150-170 сөз |
24 |
15 |
10 |
4 |
170-190 сөз |
26 |
18 |
11 |
4 |
190-200 сөз |
26 |
18 |
1.5 Бағалау нормалары
3-кесте
Баға |
Қателер саны |
«5» |
1/0 1/0 0/1 |
«4» |
3/3 2/4 1/5 |
«3» |
6/5 5/6 3/8 |
«2» |
9/5 8/9 |
Оқушы білімін бағалағанда ескерілетіні: Егер оқушы бір әріптің орнына екінші әріпті жазып қойса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталаса, оларды ауыстырып қолданса, олардың әрқайсысы бір-бір қатеге саналады. Бір сөзді бірнеше жерде қате жазса, ол бір қатеге есептеледі.Диктант мәтіні ұқыпсыз жазылса, түзетулері көп болса, каллиграфиялық талапқа сай болмаса, диктант бағасы төмендетіледі.
Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жұмыстың соңында орфографиялық(емле қатесі), пунктуациялық( тыныс белгі қатесі) қате саны көрсетіледі. Шартты белгілерді оқушы «оқи» білуі керек:
I
- Емле қатесі
белгіленеді.
V
- Тыныс белгісінен кеткен
қате.
Z
- Абзац керек деген
белгі.
Z
- Артық қойылған
абзац.
┴
- Стильдік қате
белгісі.
?
- Күмәнді, екі ұшты, осы
сөйлемді ойлан деген белгі.
1.6 Диктанттағы қателерді талдау жүйесі
Алдымен, дауыссыз әріптер мен әріптер
тіркесінің емлесіне байланысты алынған бақылау диктантындағы
қателер тақырып бойынша түр-түрге бөлінеді.(3-кесте) Диктантты
талдағаннан кейін жіберілген қателерге байланысты кішігірім диктант
жаздырылады, оның көлемі отыз-қырық шақты сөзден құралады. Сөйтіп,
алғашқы жіберілген қателерді болдырмауға шаралар
белгіленеді.
1.7 Қатемен жұмыс жүргізу
Бағдарламада қатемен жұмыс көрсетілмесе, тақырыптық қайталау сабақтарын пайдалануға болады. Қатемен жұмыс сабақтарын дұрыс ұйымдастыру болашақта қатені жібермеудің кепілі болып табылады.Оқушылармен қатемен жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылса, оқушы жіберген қате негізінде дұрыс қорытынды жасай білсе, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде сауатты пайдалана білсе, жазба жұмыстарында жіберген қателері азаяр еді.Қатемен жұмыс тек арнайы сабақта ғана емес күнделікті сабақта да орын алуы керек. Сауатты жазу үшін сөздерді бір-бірімен сауатты байланыстырып жаза білу керек. Оқушы ойының дәл,анық түсінікті болуы оның сөздік қорының молдығына да байланысты. Дыбыстардың айтылуы мен жазылуын дұрыс ажырата білу, сөзді дұрыс айту, екпінді дұрыс түсіру, мәнерлеп оқи білу,грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білу әр сабаққа қойылатын талаптар. Көрсетілген талаптарды жүзеге асыру үшін әр сабақ жоспарлы, мақсатты болуы керек. Сабақта мұғалім әрбір сөздің мағынасын дәл, дұрыс түсіндіруі керек.Жазба жұмыстарында жіберілген қателерге міндетті түрде талдау жасау – мұғалімнің міндеті. Әр оқушыға жазба жұмыстары бойынша маниторинг жасалса, соның нәтижесінде жоспарлы түрде жұмыстар жасалса, оң нәтиже берері сөзсіз. Мысалы, төмендегі қарапайым сызба арқылы мұғалім салыстырмалы түрде оқушы білімін сараптай алады.(4-кесте)
4-кесте
Сынып |
Оқушының аты-жөні |
Жазба жұмысының түрі |
Жіберілген қателер |
Қателер саны |
7 «А» |
Куаныш Мансұр |
диктант |
-н,ң әріптерін ажырата алмау |
2 |
-шылаудың жазылу ережесін білмеу |
2 |
|||
-тасымал |
1 |
5-СЫНЫП
Аққулы көл
Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы көлдің жағасында тізеле қонып алты ауыл отыр.
Жаздың алтын нұры ойнаған шуақ күні еді. Көкпенбек, мөлдір сулы Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кезі еді.
Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы - айнадай жалтылдаған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шаңқиған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады.
(90 сөз)
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ халқының ұлы ойшылы. М.Әуезов – XX ғасырдағы ұлы жазушы, друматург, педагог. Мұхтардың атасы Әуез, әкесі Омархан – Абаймен ауылдары қатар болған сыйлас адамдар. Ақын Абаймен қатар тіршілік кешкен Әуез қарт ақынды қатты сыйлаған. Бұл Мұхтардың бүкіл талантына әсер еткен еді. М.Әуезовтің сауаты Абай өлеңдерінің қолжазбасынан басталған. Оны Мұхтарға атасы Әуез үйреткен екен.
Алғашқы шығармаларын Семейде оқып жүргенде жаза бастады.Ол қысқа, шағын әңгімелер, өлеңдер жазды. Оқуда өте ынталы, еңбекқор шәкірт болды.
М.Әуезов шығармалары дүние жүзі халықтарына белгілі. Халқы оны мақтаныш етіп, мәңгі есіне сақтайды.
(91 сөз)
Ыбырай Алтынсарин
Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі – Ыбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсаринның қадір есімі кемеңгер Абаймен қатар аталады. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ыбырай Алтынсарин ат салысты. Ы. Алтынсаринның шығармалары алғаш рет 1879 жылыОрынбор қаласында «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды, басылды.
(91 сөз)
Мен бақытты көрсем деуші едім
Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е, азаматтар, бақытты болыңдар, дейтін еді. Мен бақытты көргім келді.
Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағындамын.
Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.
Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім.
( 92 cөз)
Кішкентай денедегі үлкен рух
Өмірде көп нәрсеге үлкен және кіші деп қараймыз. Бірақ оның құндылығы үлкен мен кішілігінде емес:
- кішкентай дененің ішінде көбіне үлкен рух болады;
- кішкентай балықтар өте дәмді болады;
- майда отын отты күшейтсе, үлкен отын сөндіреді;
- әр майда нәрсе міндетті түрде бір іске жарайды;
- үлкен заттар майда бөлшектерден құралады;
- нөсер майда тамшылардан басталады;
- кішкентай сабан желдің бағытын көрсетеді;
- үлкен кеменің батуына кішкентай тесік себеп бола алады;
- кішігірім әрекетпен бастама жасамай үлкен нәтижеге жету мүмкін емес;
- кішкентай бір сөзден шыққан ғайбат үлкен сауаптарды жоқ қылады.
(92 сөз)
Бөгенбай батыр
Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыры. 1709 жылы Бөгенбай батыр ерекше көзге түседі. Сұлтан Әбілқайыр тұсында Бөгенбай батыр қолбасы болып тағайындалды. Ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. 1723 жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды.
Одан кейін он үш жылдай уақыт өтеді.Жоңғарлар тыныш жатқан қазан еліне тағы шабуыл жасайды.Олар Жетісу, Талас, Шу өңірлерін басып алады.Халықтан жасақ құрған Бөгенбай батыр қолдан түрлі қару-жарақ соқтырады.
1728 жылы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Бұланты өзені бойында жауға қатты соққы беріледі. Бөгенбай батыр бастаған қазақтар жеңіске ие болады.
Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Бөгенбай батыр 98 жасында қайтыс болады.
(95 сөз)
Оқымысты бала
Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Айнала көкорай шалғын.
Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті бәрін де жаттап алған. Әлкей – зерек бала.Бір айтылған әңгімені ұғып алады. Ертегіні жақсы көреді. Ұйып тыңдайды.
Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Әлкейді де ертіп алды. Өзенннің арғы жағына өткенде Әлкей кейіндеп қалды. Жалғыз өзі судың жиегінде отыр. Оңаша отыр, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен болды.Қайталап оқып, ұмытқан жерін есіне түсірді. Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.
(95 сөз)
Атасы мен немересінің әңгімесі
Бір күні данышпан қария өзінің кіші немересімен әңгілесіп отырды.
-Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.
- Жаман адамдар болмайды-деді көсем.
– Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?
-Түсінемін,- деді, атасының сөзі жандүниесін
дір еткізген бала.
Бала кішкене ойланып қалды да
атасынан:
-Соңында қай қасқыр жеңеді- деп сұрады.
Данышпан сәл жымиып:
- Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді - деді.
( 96 сөз)
Су - тіршілік көзі
Жердің үштен екі бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адамның, өсімдіктердің жануарлардың денесінің белгілі бір бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.
Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері өзгермейді. Су буға айналады. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге қайта жауады. Яғни, қайтадан суға айналады.Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен-күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су – тіршілік көзі.
(96 сөз)
Күзекте
Бүгін де күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт болатын. Абай мен Әйгерімнің бұл кезде тіккен үйлері «қоңыр үй» деп аталады. Үй іші күзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған. Биік төсек, жүкаяқтар жоқ.Мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, тұскиіс, кілемдер бар. Төр жақта сырмақ үстіне салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр. Іргеден жел соқпастай етіп қымталап – шымқанған жылы жайдың қонақ отыратын орындары да сыз өткізбес қалың. Маздап жанған қидың оты қызуын үлкен үйге кең жайып, даланың салқынын бұл кіргізбей тұр.
(96 сөз)
6-СЫНЫП
Газет тарихынан
«Егемен Қазақстан» — мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді жариялайды. Газет 1919 жылдың желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден қазақ зиялыларының мықты шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.
«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда, Орынбор, Қызылорда, Алматы, ал қазір – Астанада орналасқан.
(101 сөз)
Бай мен кедей
Бай мен кедей ұғымы ұзын-қысқа, биік-аласа, жоғары-төмен, жуан-жіңішке деген теңеулерге теліне береді. Екеуі де бір аспанның астында ортақ ауамен тыныстап, бір жердің үстінде жүр. Бай да адам, кедей де адам. Өзімсіне ыңғайласақ, екеуі де қазақ. Бай – Асан, кедей – Үсен. Кедей «бәленше атам бай, түгенше атам батыр, анау нағашым би, мынау туысым шешен болған екен» деп ентігеді. Ал бай ол сияқты ата-тегін түгендемек түгіл, тілін де білмейді. Ұлықбек ақынша айтсақ, «тілін жұтқан тұнжыр!». Сөйте тұра, қарадан шықса да, бай!
Жазғытұрым екеуі де судың ортасында тірлік кешеді. Бірінің суы – тұп-тұнық, екіншісінікі – лай-батпақ. Өйткені, бай тамаша табиғат аясындағы көл-теңіздің қақ ортасында немесе жағасында орналасқан виллада болады.
(102 сөз)
Мамандық таңдау
ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді.
Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.
Бұл– ең сауатты шешім. Оқуға түсуді
емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа
келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау -
ол өмірлік
таңдау. Өзіңнің қай салада
қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан
мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім
қабылдаған жөн.Қызықтырған
мамандықтарыңның
тізімін
жаса. Ал егер "Алтын белгі" иегері болсаң, онда
қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі жоғары. Себебі алдымен гранттар
"Алтын белгі" иегерлері арасында байқауға
түседі.
(102 сөз)
Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып, Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.
Ақпан төңкерісіне дейін Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдарыТүркия арқылы алғашГерманияға, сонан Францияғабарып
орнығады. «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.
(102 сөз)
Адам болып қалу
Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйгілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады. Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.
Отыз жыл өтті.
Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті.Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір -бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары – екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.
(102 сөз)
Диқан мен жер
Мен диқанмын, жерді сүюге, білуге тиіспін. Мен –туған жерді жырлайтын өзімше ақынмын. Жетісуды, оның ішінде Көксу, Тентек, Қаратал бойын, жақсы білемін. Өзімнің туған жерім —Малайсары. Жетісу — аса сұлу жер. Қайда барсам да, Жетісудан сұлу, әдемі жерді көрмедім.
Диқанның жермен кіндігі бір. Оларды ажыратсаң өледі. Не диқан өледі, не жер өледі. Жер мен диқанның қасиетініңөзі осында. Бұл ғана емес, осы жердің астында қанша жерде тас жатыр, қай жерде қанша су бар, қай жерді қанша суғару керек, қай жерден қанша өнім алуға болады, мен соның бәрін білемін. Оны білмесем, мен диқан емеспін. Менің тарихым — осы туған жерім. Өстім. Жүгірдім. Еңбек еттім.Барлықтарихым осы.
(102 сөз)
Бір кем дүние
Бай жаңа маркалы шетелдік көлігімен зыр етеді, кедей «қоғамдық көлік» деп аталатын автобустарда сығылысып, қайда барса да кешіге береді.
Байдың балалары шетелде «оқып», кедейдің балалары өз еліндегі өгейдің күйінде жүр. Білімін дәлелдеу үшін де ақша керек, бірақ, сұралған соманы өңінде көретініне өзі өлгенше сенбес!
Тізбектей түссек, «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» мен «Кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейдінің» синонимы көп. Қаптатып қайтеміз енді?!. Ең бастысы, өз ұлтын менсінбейтін қазақ байлары халық қазынасын жапалақша басып жеуде. Ұлттық намыс, ұлағатты сөз дегендей керекті қисын кедейдің ғана пешенесіне жазылып қойғандай. Тұрмыстық бай – рухани жұтаң, рухани байдың тұрмысы нашар. Шерхан Мұртаза айтпақшы, «бір кем дүние».
(103 сөз)
Демографиялық жағдай
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылдарға дейінгі бағдарламасында демографиялық саясатты ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыты деп белгіледі.
Халықтың жалпы өсуі негізгі екі жағдайға байланысты.Олар: табиғи өсу(туылғандар мен қайтыс болғандар санының айырмашылығы) және механикалық өсу (келушілер мен кетушілер санының айырмашылығы).
Халықтың кему-көбеюіне экологиялық, биологиялық, психологиялық, дәрігерлік жағдайлар да әсер етеді. Адам өмірінің ұзақтығы өмір сүру деңгейі мен санасына байланысты.
Демографиялық жағдайлардың басты мәселелерінің бірі – өлім-жетімнің көбеюі. Оның себептері: денсаулық қорғаудың қолайсыздығы, қоршаған ортаның ластануы, тағам сапасының төмендеуі.
Халық санының кемуіне көптеген, әсіресе, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалы күшті.
Өлім-жетімнің табиғи емес, кездейсоқ себептері де көбеюде.Көптеген өлімнің басты себебі – араққұмарлық пен нашақорлық болып отыр.
(105 сөз)
Көрнекті тұлға
Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.
1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды.
(107 сөз)
Ұлттық валюта
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Т. Сүлейменов, М. Алин Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы.
Дәл осы күні Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді.
Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.
(107 сөз)
Біздің қала
Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы - ең әдемі қалаларының бірі.Таудан төмен қарай созылған тіп-тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны, көптеген демалыс, сауықтыру орындары бар. Олар алуан түрлі гүлдерге, бау-бақшаларға бөленген. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер,бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты - сирек кездесетін тамаша табиғат!
(108 сөз)
7 - СЫНЫП
Қажымұқан
Сахара жұрты естен кетпес, бұрын-соңды естіп білмеген көрініске куә болатынын Қажымұқан шапанын шеше бастағанда-ақ сезді. Құрыштан құйылғандай сұлу мүсінді, алып палуан қолын екі-үш рет жоғары-төмен құлаштай жазып, ішін тартып алғанда, тіптен сидиып, сүмбіле қалыпқа түсті. Сол кезде жәрмеңкенің машинасы да тасадан гүрілдей қозғалып, қастарына келіп тоқтады. Қорабын ашып, асын жерге әзер түсіреді. Мал өлшейтін таразының тақтайын да бір жаққа ысырды. Алғашында Қажымұқан бұлшық еттерін қалпына келтіру үшін әрі көпшілікке қазақ көрініс ретінде таразының ауыр кірлерін кезек-кезек лақтырып, саусағымен айналдырды. Телеграфтың ұзын бағанасын мойнына салды да, екі жағына он-оннан жиырма жігітті отырғызды. Салмақты теңеп тексерді де, орнынан тік тұрып, жігіттерді көтерген бойы айнала қоршаған топты бір айналып шықты.
(103 сөз)
Көкшетау
Күн ыстық.Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты. Көктегі шыжығын қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала – төңірек, жер-дүние , жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді.
Ойпаң, көк ала құрақты кішкене Көлшүмек. Айнала теңірек ылғи белес. Күншығыс жатқан Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жонның оң жағы - көсіліп жатқан қиырсыз дала.
Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл бояқтай. Түп-түгел қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала Көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді.
(105 сөз)
Баянауыл
Баянауылға біз күн түске тармаса жеттік. Оның сыртқы жобасы Бурабайға ұқсас. Бурабайдың төбесінен төмен түскен қарағайлы қалың орман етегі арқылы жазық далаға кең жайылып кетеді. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған. Баянның ығындағы атақты Сабынды көлдің айналасы жалаңаш. Бурабайда кең шалқар көп. Баянда онда көлдер үшеу-ақ: Сабындыкөл, Жасыбай,Торайғыр. Торайғыр көлінің жағасында қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қабірі бар.
Жол бізді Жасыбай көліне әкелді. Бұл тамаша көркем көлдің жағасында жаңа орнаған өндірістер: Екібастұз,Майқайың, Бозшакөл. Олардың жұмысшылары тынығатын салтанатты үйлер бар. Біз соларды аралап көп жүрдік. Қар-қаралыға беттеп шыққанда, біз «Жалаңтас» асуынан өттік. Алдымыз – бұйратты кең дала. Соған сүңгіген көркем Баянның шоқтығы биіктей берді.
(110 сөз)
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін , ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды.
Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, теген, саптыаяқ,ожау сияқты ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.
(111 сөз)
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті – қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен рухани, мәдени мұрасының бір түрі. Қазақ халық ауыз әдебиеті өте ерте заманнан басталады. Жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ қазақ халқы бүкіл тіршілік-тынысы туралы талай шығармалар тудырып, оны ғасырлар бойы дамытумен болған. Ауыз әдебиетінің өлеңдер, мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс, аңыз-әңгімелер және тағы басқа түрлері бар.Олар бір мезгілде туып, қалыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. Халықтың әр дәуірдегі қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Халық ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланысты болған.
(111 сөз)
Жәндіктер қысқа қалай қамданады
Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпі мен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап, соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.
Тиін ағаштың қуысына тығылады. Ол күздің қара басынан ағаштың бүршігін, жаңғағын, саңырауқұлақты жинап алады.Қыстың күні соларын жейді де, ұйықтайды. Жарқанат баспаналы жерге кіріп, тырнағымен бірдеңеге жабысып, басып салбыратып, жаз щыққанша ұйықтаумен болады.
Жылан, шаян, кесіртке, бақалар тас астына, ағаш түбіне, жылы жерге кіріп, жазға дейін қатады.Қоңыз, құрт, сүліктер де сондай бірдеңе қылады.
Балықтар ғана тереңде,су түбінде қыстайды.Қоян қыстай ақ қарға алас ұрып, жүгіріп тамақ іздеп жүргені. Шөп аршып жей ме, ағаш қабығын кеміре ме, әйтеуір дамыл жоқ.Адам қамын жемесе, үй хайуанаттарына да қыс бапты тимейді.
(111 сөз)
Тарихы терең ел
Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқары бар сайын дала, жазиралы жерді мекендеген мейірбан халқы бар ел – Қазақстан. Ол- бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жер. Ол- дүниежүзіндегі барлық қазақтардың Отаны.
Қазақстан Республикасы – өз тәуелсіздігін алған, өркениетке бет бұрған егеменді ел. Әр қазақ азаматының парызы мен қарызы – ұлтының ұлықтығы, теңдігі, елдігі үшін тер төгу.
Бұл сезім тәуелсіз Қазақстанның азаттығын аялаудан, ұлан-байтақ жерді, ұлан-ғайыр байлықты ардақтаудан басталады. Тарихын, ерлікке толы сахара жұртының ғұмырын тасқа қашап қалдырған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған бабалардың асқақ рухы, асқан батырлығы ұлттық мұралардың қайнар көзі болып табылады. Заманында әлем өркениетімен иық теңестірген салтанатты шаһарлар, сәулетті кенттер қазақ елінің алып мемлекет болғанын айғақтайды.
(112 сөз)
Төбе сыры
Төбе – топырақтан, құм мен қиыршық тастан үйіліп қалған дөңес жер. Мұның үлкен мәні бар. Ертеде ел келе Жатқан жауын да, досын да төбе басында отырып шолған. Ол – ол ма, өткен-кеткен әңгіме де, болашақ туралы кеңес те төбе басында айтылған.
Тарихқа үңілсек, әлемге әйгілі қалалардың бұл күнде төбе болып, үйіліп жатқанын білеміз. Соның бірі – Отырар қаласы, осы күнгі Отырар төбесі.
Отырар – 1969 жылға дейін сол төмпешік төбе қалпында жатты. Қазу жұмыстарының нәтижесінде көп дүниенің орны, тоқыма сыры ашылды. Темір соғатын ұста дүкенінің орны , тоқыма станогының қалдықтары, қыш құмыралар, күміс білезік, мыс тиындар – Отырар қаласының төбеге айналған топырағының астында қалған тарихи деректер.
Біздің жерімізде табиғи төбелер де өте көп. Олар бітім тұлғасының өзгешелігіне қарай Қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталады.
(112 сөз)
Табиғи ортаның ластануы
Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келді.Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең «лас» өнеркәсіп салаларына тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі жатады.
БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәлеметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортада өзіндік қауіп-қатер төндіреді.1986 жылы сәуір айында Чернобыль АЭС-нде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономиялық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.
(112 сөз)
Болат Сарыбаевтың еңбегі
Алматыда қазақ халқының Ықылас атындағы музыка аспаптары мұражайы бар. Оның негізін қалаушы – Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының доценті Болат Шамғалиұлы Сарыбаев. Ол 1970 жылдардан бастап көне аспаптарды жинаған. Мұражайдың төрінде домбыра тұр.Ол – дала күйшілерінің бірі, Құрманғазының шәкірті – Дина Нұрпейісованың домбырасы. Ол осы қарапайым домбырадан күй орындап,1939 жылы Мәскеуде өткен халық орындаушылыраның Бүкілодақтық байқауына қатысты. 1925 жылы Парижге гастрольдік сапармен барған Әміре Қашаубаевтың домбырасы да осында тұр.
Мәскеудегі өте үлкен кітапханада Г.Зелинскийдің 1910 жылы басылып шыққан «Қырғыз» атты поэмасын оқи отырып, Б.Сарыбаев кітапқа түсірілген суреттерді көріп қуанады.Ол суреттерде қазақтың киіз үйінің керегесіне ілінген домбыра, қобыз, асатаяқ сияқты көне аспаптарға көзі түседі. Іздеп жүріп, оларды Семей қаласындағы Абайдың мұражайынан табады.
(113 сөз)
Көктемде
Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім. Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.
Оның жүзі сабырлы, салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл– үстіне жыртық шекпен киген, белін арқан жіппен буған, басында көнетоз қалпағы бар, үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды.
(113 сөз)
Найман-Ана
Найман-Ана Сарыөзектің жазық даласында ұясы бұзылған құстай шырылдап, айналып жүрді де қойды. Енді не істерін, не күтерін де білмейді. Жуан-жуандар қалың малын енді өз ордасына қарай жақындатып айдап кете ме, жоқ әлде Найман-Ананы ұстап алудың амалын ойлап аңдуға көше ме - белгісіз. Ойы он саққа кетіп, таса-тасаны сағалап, әлгілерді алыстан көздеп жүріп , екі жуан-жуан табыннан алыстап, ауылдарына қайтып бара жатқанын көріп, қатты қуанып қалды.Әлгі екеуі артына қарайламай, қатарласып кетіп барады. Олар әбден алыстап кеткенше Найман-Ана көз алмай тұрып, ақыры ұлына оралуға бекінді. Бұл жолы баласын қалайда алып кетуге бел байлады.Мәңгүрт те болса – өз перзенті, мәңгүрт болғаны баласының кінәсі емес, тағдырдың салғаны, жойпат жаудың қатыгез қара жүректілігі; ал бірақ ана өз балапанын жау қолында құлдықта қалдыра алмас.
(115 сөз)
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия континентінің орталығына орналасқан. Аумағы батыстан шығысқа қарай 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шақырым. Республика жер көлемі жөніне дүние жүзінде тоғызыншы орында. Қазақстанның ауа-райы, табиғаты әр алуан.
Біздің елімізде 48262 көл бар. Олардың ішіндегі ең тереңі – Алакөл. Алакөлдің тереңдігі 54 метр. Ал ең ащы грамм тұз бар. Ең тұщы көл – Марқакөл. Оның бір литр суында 80 миллиграмдай тұз бар.
Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер дүниесі де әр түрлі. Елімізде 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 107 түрлі балық бар. Жеріміздің 10 пайызы таулы қазбаларға да өте бай.
(116 сөз)
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады.Мысалы, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай,Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарға байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған.
Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары шетіней берген отбасылар жаңа туған сәбилерге Тоқтар , Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
(116 сөз)
Қымыз
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастархан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады.Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды.Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған.Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады.Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз, ескі қымыз, ол – жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Қымыз – ерекше дәмді, құнарлы, хош иісті және өте сіңімді сусын. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.Жазба деректер бойынша қымыздың 25 түрлі атауы бар.
(117 сөз)
Жылқының пайдасы
Жылқы малын қазақ халқы қадірлер қастерлейді, басқа малға қарағанда ерекше бағалайды. Мінсе – көлігі, жесе – тамағы, қымызы – сусыны, терісі – киімі.
Жылқы етінің өзге малдың етінен күштілігі туралы толып жатқан кеңестер бар.Мысалы, суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды. Жылқының майы да суыққа тоңазымайды. Жылқының еті сіңімді болады.
Жылқының қымызы өкпе ауруының мың да бір емі. Күшті сүт күшті малдан ғана шығады. Жылқы терісінің иісі шыққан жерге жылан жоламайды. Далаға қонған адам жылан келмесін десе, атының ер-тұрманын айнала жайып тастайды. Жылан шаққан адамға аттың терісін қайнатып ішкізсе, ем болады екен. Жылқы лай суды да, сасыған суды да ішпейді. Шөптің асылын теріп жейді. Сондықтан жылқының еті мен оның сорпасына құрт езіп ішкен жылқышы қатты аязда да тоңбайды.
(117 сөз)
Ғаламдық мәселелер
Адамзат қоғамы дамуына айрықша оқиғаларға толы болған XX ғасыр шиеленіскен, шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық мәселелермен де әйгілі болды. Ғалым В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық мәселелер деп, бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін мәселелерді атайды.
Ғаламдық мәселелер сипаты жағынан әр түрлі болады, олардың негізгілердің қатарында бейбітшілікпен қарусыздану, экологиялық, энергетика және шикізат мәселелерін, демографиялық және азық-түлік мәселелерін атауға болады.Ғаламдық мәселелер бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны әлдеқайда көп.Мысалы, қазіргі кезде ғарышты бейбіт мақсатта игеру үшін дамушы елдердің артта қалушылығын жою, қатерлі аурулардың таралмауы жоғарыда аталғандардан ешбір кем түспейді. Ғаламдық мәселелердің пайда болуына, олардың одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді және олар бірімен-бірі өзара тығыз байланысты.
(118 сөз)
Киіз үй
Киіз үй – Орталық және Орта Азия көшпенділерінің көшіп-қонуға ыңғайлы негізгі баспанасы.Киіз үй туралы мәліметтер 7 ғасырдан бастап кездеседі. Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібі болған. Оны сол заманда тасқа түсірілген суреттерден айқын байқауға болады.
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол- кереге, уық, есік, шаңырақ. Бұлардың бәрі талдан, теректен жасалады. Киіз үйді шебер үйші жасайды.Олар талды Еділ, Жайық, Сырдария өзендерінің бойынан алады. Сөйтіп, көктемнен күздің аяғына дейін дайындайды, себебі оларды жасау күрделі әрі ұзақ.
Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұра ретінде қалып отырған. Сондықтан шаңырақ арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады.
Киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңартады, ал шаңырақты сақтайды. Ошақ түтінінен ол қараяды, сондықтан оны «қара шаңырақ» дейді.
(119 сөз)
Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал
моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің
асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік
қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен
ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан
қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа
тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос
қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы
үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына
сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңіруменболған.
Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш
болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны
баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында
өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы
зор.
(120 сөз)
8 – СЫНЫП
Ана
...Ананың тілі, ананың махаббаты,ананың тілегі – тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғағаны кімнің есінен кетеді!
Шырылдап жерге түскеннен-ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысатының, шырылдап, уанбай жылап, сенің іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бірақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол- ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік!
(124 сөз)
Қараша күз белгісі
Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи салғанды талай тамашалаған.
Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
(125 сөз)
Ұлы жібек жолы
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан.Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енді. Жібек матасы Қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. 5-2 ғасырлардың аралығы.Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған.
Ұлы Жібек жолы Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді.Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздерін тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қана қоймады.Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті.
Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық қарым-қатынастың дамуына да үлкен әсерін тигізді.
(125 сөз)
Дұрыс шешім
Өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып- қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: - Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала- қаладан қыдырып жүріп, жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып қайыр сұрауды тоқтатқан едім.
(127 сөз)
Бір сәт
... Келденнің қаупі теріске кеткен жоқ. Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. Келгендер үшеу екен. Ең кәрісі — төсінде қақпақтай үлкен жезі бар, жанында кең қоржын тәрізді іші бос былғары сөмкесі салбыраған алақұйын атшабар Далабай. Айбар үшін сөмкесін қамшысымен сабалап, қатын-баланы үркіте келді. Абалаған иттерді де үркіте қуып, өршелентіп қояды. Қасында осы Жігітектің ауылнайы Жігітек Дүйсен бар.Екеуі сан көбейту үшін, атқосшысы қыпүнсіз жігіт Сәлменді ертіп алыпты. Атшабар мен ауылнай келе бере шеткі үйлерден бастап, бықпырт тигендей ұмтыла жөнелді. Ауылда түстегі иіруде жатқан ешкі-лақ пен қараша үйлер жанындағы жалғыз сиырларға ұмтылды.
Келден мен Әбді келіп, бұларға тіл қатып: «Базаралы шақырады, әуелі соған жүріп тіл қатыңдаршы тым құрыса! Адам баласысыңдар ғой, аял берші азғантай, жүріңдерші Базаралыға!» деп еді, Далбай құтырынып Келденге де қамшы үйіре бастады.
(127сөз)
Қазақтың музыкалық аспаптары
Халқымыздың бүгінгі таңдағы белгілі болып отырған 40-тан астам музыкалық аспаптары ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, жалғасын тауып келе жатқан рухани мұра.
Музыкалық аспаптар тек той-думандарда ғана пайдаланылып қоймай, жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней сияқты түрлері арқылы елге хабар беріліп отырған. Ал бақсы балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыздарды пайдаланатын.Әнші-күйшілер өлең-жыр, терме айтқанда немесе күй шерткенде домбыра,сыбызғы сырнай, қылқобыз сияқты ішекті аспаптармен сүйемелдеген.
Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жасаған.Сонымен қатар аспап жасауға қамыс, саз балшық, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі, қылы пайдаланылған.
Балшықтан, қамыс, мүйізден үрмелі музыкалық аспап сазсырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады.
Ішекті музыкалық аспаптар – жетігін, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз, шаңқобыз, соқпалы аспаптар – даңғара, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері.
(130 сөз)
Құмырсқа мен хазіреті Сүлеймен
Бір күні Сүлеймен пайғамбар бір құмырсқадан бір жылда қанша азық жейтінін сұрайды. Құмырсқа: «Бір жылда бір бидай дәнін жеймін» дейді. Алған жауабының рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатымен хазіреті Сүлеймен құмырсқаны бір ыдысқа қойып, қасына бір бидай дәнін беріп, дем алатындай тесік тастап ыдысты бір жылға жауып тастайды. Бір жыл өткеннен кейін ашып қараса құмырсқа бидайдын жартысын ғана жепті. Оның бұл әрекетіне таң қалған Пайғамбар құмырсқадан неліктен бидайдың барлығын жемегендігін сұрайды.
Сонда құмырсқа былай жауап берген екен. «Менің азығымды үнемі Аллаһ беретін. Мен оған сеніп бір бидайды толығымен жейтінмін. Өйткені, оның мені ұмытпай рызығымды ұдайы беретініне еш күмәнім жоқ еді. Бірақ осы міндетті сен өзіне алғаныңда, адам ғой деп саған онша сене қоймадым. Мені ұмытып, рызығымды бермей қалуың мүмкін еді. Сондықтан да бір жылдық азығымның жартысын жеп, жартысын келесі жылға бөліп қойған болатынмын» дейді.
(132 сөз)
Ақпан
Міне, күн қайта ұзарып, түн қысқарып келеді.Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ойдым-ойдым қарайған жерлерден қылтиып шығып келе жатқан «қар гүлдерін» көруге болады.Олар, әрине, жыпырлап өскен бәйшешектер.
Ұсақ құстардың ішіндегі өжеттері аязды күндердің өзінде балапандарына жем-қорек таси бастайды.Бұлар – шоқитын тұмсықтылар. Олар өздерінің балапандарын жәндіктермен емес, қарағайдың тұқымымен қоректендіреді.
Солтүстік Қазақстанның орманды жерлерін мекендейтін бұландар көктемнің алғашқы күндерінде мүйіздерін тастайды.Бір ай өткеннен кейін жаңасы өсіп шығады.
Міне, қызық! Ақпан айында түлкілердің мінез-құлықтары өзгереді екен.Орман, даланы қалың қар басқанда оларға өздерінің қоректік заттарын, оның ішінде тышқандарды аулап жеу қиынға түседі.Осы кезде олар жақын маңдағы ауылдарға, құс фермаларына келіп, сонда күнелтуге тырысады.
Қыстап қалатын сирек кездесетін құстардың қатарына полярлық ақ жапалақты жатқызуға болады.Оны Алматы маңынан да кездестіріп қалуға болады.Әдетте бұл әдемі құстар Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарындағы далаларда да кездеседі.
(132 сөз)
Шұғаның аулында
Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым.Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр,бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз, бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен, сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде,ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі-Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті.
(133 сөз)
Адамгершілік
Бұл 1915 жылы болған еді.
Сұлтанмахмұт Алтай аясында, Катонқарағай еліндегі ауылдық мектепте балаларға қазақша сабақ берді.Кешкілікте өзі сол мектептің меңгерушісі Григорий Иванович деген мұғалімнен орысша сабақ алды. Григорймен екеуі дос болады.
Әбдірахман деген болыстың мектепте үш ұлы оқиды.
Үшеуі де шалдуар, сотқар екен. Осы үшеуі үзілісте ауыл кедейлерінің балаларын жәбірлеп, кәдімгідей жүгендеп, тоқым сап, ат қып мінеді екен. Оны Сұлтанмахмұт естіп, қатты ренжиді.
Сұлтанмахмұт кедей балаларын шақырып алып:
-
Сендер адамсыңдар. Айырмасы сендер – тек кедейсіңдер.
Ат боп жүген киіп, бай баласының тақымына түскендерің қорлық! - дейді.
Әбдірахманның ерке ұлдары шағым жасайды. Кедей баласы Бөрібайды болыс ағаш үйдің шатырына қамайды да, есігіне құлып салып, өзі ел аралап кетеді.
Бұл сұмдықты естіген Сұлтанмахмұт дереу шатырға шығып,құлыпты бұзып, Бөрібайды босатып алады. Сұлтанмахмұт баланы өз үйінде үш-төрт ай паналатады.
Григорий Иванович Сұлтанмахмұттың бұл адамгершілік ісіне риза болады.
(135 сөз)
Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, күн күркірейді. Теңізге шыққан балықшылыр жол таппай ауылға қайта алмай қалады. Түні бойы жақындары, жұбайлары мен балалары уайым ішінде ұйықтай алмайды. Олар қолдарынан ештеңе келмегендіктен Аллаһқа қол жайып, балықшылардың аман-есен оралуларын тілейді. Түннің ортасында жағадағы үйлердің бірі жанып кетеді. Өртке қарсы күресе алмай жарты сағат ішінде үй толығымен жанып күл болады. Балықшылар жанған үйдің жарығына қарай аяңдап, жағаны тауып аман-сау үйлеріне оралады. Ауылдастардың бәрі келген балықшыларды қуанышпен қарсы алса, араларында бір кісі көңілсіз болып қала береді. Бұл кісі өрттен үйі жанып, зардап шеккен балықшының әйелі болатын: «Құдайым-ау, енді қайттік! Үйіміз ішіндегі заттарымен бірге жанып күл болды!» - дегенге күйеуі: «Өртті бергенге сансыз шүкірлер болсын! Өртенген үйіміздің жарығының арқасында барлық қайықтарымыз жолды тауып аман оралды!» - дейді.
( 135сөз)
Ертеректе атағы барша елге әйгілі бір патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар әсем қызы болыпты. Қыз бой жетіп, тұрмыс құрар шақта, ешкімді менсінбей жүре беріпті. Патшалардың ұлдары мен неше түрлі байлардың ұлдарын да ұнатпапты ... Қыз барлығына мұрын шүйіріп қарапты.
Сол аймақта тұратын түрі келіскен, бірақ өте кедей әлгі қызды айттырып барыпты. Одан да бас тартыпты. Әлгі жігіт басқа бір елге барып еңбектеніп мал тауып атақты байға айналыпты. Сөйтіп араға қаншама жыл салып, еліне оралады да өзіне қарамаған қызды көргісі келеді.
Адамдардан сұрастырып жүріп қыздың үйін тауып алады. Үйінің қақпасына жақындағанда қақпадан бір түр әлпеті келіспей қалған бір адам шығып кетеді. Ол едәуір ұзап кеткеннен кейін әлгі жігіт есікті қағады. Қақпаны қыз ашады. Жігіт қыздан не үшін мұндай адамға тұрмысқа шықтың деп сұрайды. Қыз жігіттің сұрағына жауап бермек болып, үйдің арқасындағы бақшаға алып келеді де:
- Сен осы жерден сұрағыңа жауап аласың. Мен сенен осы бақшаның ең тамаша гүлін алып келуіңді қалаймын. Бірақ бір шартым бар, бақшада жүріп келе жатып арқаға қарай жүрмейсің. Тек қана алға, - дейді. Жігіт:
- Жарайды, келістік, - дейді де бақшаның ішіне кіріп кетеді. Әдемі гүлді таптым ғой, дей бергенде алдынан одан да әдемісін көреді. Сол гүлді ала бергенде одан да әдемісін көріп қалады ... Осылай жүре-жүре бақшаның соңына да келіп қалғанын байқамай қалады. Кері қарай жүруге болмайды!
Сөйтіп бақшаның соңындағы солуға айналған гүлді алуына тура келеді. Осы кезде қыз:
Міне! Енді түсінген шығарсың, әлгі адамды неге таңдағанымды?
(136сөз)
Түсінгенім... ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі.
Түсінгенім... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт.
Түсінгенім... өмірде қолда не бары емес, қасыңда кімнің болғаны маңызды.
Түсінгенім... адамның басына түскен ісі емес, сол жағдайда не істегені маңызды.
Түсінгенім... сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл.
Түсінгенім... кіммен қоштассаң да жылы шырай таныт, өйткені онымен соңғы рет кездесіп тұруың мүмкін.
Түсінгенім... егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім... кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де, сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді.
Түсінгенім... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім... жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын.
Түсінгенім... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек.
Түсінгенім... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек.
Түсінгенім... жүрегің қанша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.
(138сөз)
Бұлғын
Алтын орманының ішінде неше алуан қымбат аңдар тіршілік етеді. Аң терісінің төресі бұлғын екен ғой баяғыдан.Оның жүні тып-тығыз және жібектей жұмсақ болатын көрінеді. Жылтырлығы сондай – егер алақаныңмен сипап қалсаң, әшейінде қоңырқай көрінетін түсі құбылып, құлпыра кеп жөнеледі екен.Ол тек қана самырсын қарағайы ағашының астынан із қазады. Бұлғын арқасын осы балуан ағаштың темірдей тамырларына тіреп қойып, өз ұясында шіреніп жатады. Орман патшасына қуат берген ол тамырлар қыста бұлғынның үйін жылытады; жазда бұлғынды қауіптен қорғайды. Бұлғын өз бағасын біледі: оған аң да, аңшы да, тіпті сонау аспанда самғап жүрген қаршыға да құмар екенін түсінеді. Сондықтан ол өзін өте сақ ұстайды. Ол інінен екі мезгіл – таңертең күн шығарда,одан соң күн батарда ғана шығады. Бұл кестесін ол бұлжытпай орындайды. Інінен шыға сала, ол жан-жағына қарайды. Аяғын бір басып, екі басып, тың тыңдайды.Айналада жау жоқтығына көзі жетсе ғана, ол орман ішін құйындай дөңгелентіп, асыр салады.
(140 сөз)
Діннің не екенін білмейтін екі дінсіз адам бір күні бір дорба алтын тауып алады. Бұрын-соңды мұндай байлықты ұстап көрмеген екеуі не істерін білмей шыбынның ызыңынан да мазасызданып, дегбірлері қашады. Ақыры адам аяғы баспаған тауға қашып кетеді. Осылайша алтындарын елдің көзінен тасаға жасырып үлгереді.
Арадан бірнеше күн өткен соң, азықтары таусылып, біреуінің ауылға барып келуіне тура келеді. Екіншісі алтынның басында қарауылдап қалады.
Ауылға кеткен адам, азық-түлікті алып келе жатып бір қулық жасау ойына сап ете қалады. Тамаққа у қосып, алтынды иеленіп қалайын. Ол алтын өмірімнің соңына дейін жетеді, - деді.
Ал алтынның басында қарауыл болып қалған адам былай деп қулық ойлайды: Мына үлкен тастың арқасына жасырынып, жолдасымның арқасынан атып өлтірейін. Алтынды бөліскеннен гөрі осылай істегенім жөн болар.
Алтынның басындағы адам, жолдасын өлтіріп, оның әкелген тамағын ішіп, уланып өледі. Сонымен «таласқанға тас та жоқ» дегеннің кері келіп, арамдықтары ештеңеге аспай қалады.
(141 сөз)
Есеней
Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап,өз жағына қарай айдап әкетіп барады,әсіресе,иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ. Есеней қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп еді, мойнынан оқ тиіп,Есенейдің аты омақаса құлап, Есеней де жерді сүзе құлайды. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып, қызып алған тың атты тоса берді. Есеней сол аяғын үзеңгіге салып,көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Батыр адам белінен қадалған оқты өз қолымен жұлып алып,лақтырып жіберді де, ол ет қызуымен шаба жөнелді. Ол жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ...
Есеней мен Ұлпан,Несібелі—үшеуі,қастарында төрт кісі жолдастары бар, Артықбай аулынан салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен. Үйге іле-шала кірген Тілеміске Ұлпан мақтау айтты:
— Артығы болса, өзің білесің, жетпей жатқаны байқалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма өкпелеме,мен Есенейден бастап жұрттың бәрінің де атын атаймын.
(142 сөз)
Қасиет
Халық бойындағы қасиет өгей болғанда,кейде жер астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне жарқырай шығып, жалт етті. Тебіреніп теңіз толқыса,тереңіне шөккен меруертті атпай ма жағаға.Тарих телегейі толқығанда да, сол ел тамырындағы қасиет жамырай шығып шарқ ұрады.
Тарих-тарих болғалы ерлік жайында сөйлеген жандар көп-ақ, бірақ өзгенің, бұрынғының бәрі де бірдің басындағы ерлікті, бірінің атымен байланысты ер қимылды айтатын. Осымен бірге шын ерліктің сырының өзі де басқаша болып ашылды. Бұрын ерлік білекпен танылатын сияқты еді, бүгін ерлік жүректен орын тепті. Осындай ерлік қана әрі саналы, әрі тапқыр, әрі қажымас, әрі өзі ерен сұлу сипат болып шоқтанады екен.
Адам бойына бітетін неше алуан жақсы қасиеттердің ішіндегі сұлуы мен асылының бірі ерлік қой.Жеке адамның қасиетін санағанда, ол сондайлық таразының бірі болса,тұтас бір халықты, елдікті алғанда, ол тіпті бірден-бір ғана қасиет белгісі болады.
(143 сөз)
Қоштасу
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.
(145 сөз)
Кездесу
...Арада бие сауымдай ғана уақыт өткенде екеуі де коп бөгелмей атқа қонып, күншығысқа қарай жалпақ сары адыр бойымен желе жортып бара жатты.
Жолшыбай оның Ерболдың айтысынан ұққаны – Тоғжан да төсектен басын көтермей, сал болып жатып қалғанын боп, ағайын- туысы аяушылық білдіріп, екеуін оңаша бір үйде кездестіріп, бір-бірімен мауық бастырып, арыздастырып барып айырмақ. Бірақ есте болу керек, күзет өте күшті. Айнала аңдау болады. Сондықтан артық бір ауыз сөзге, не ерсілікке бармай, жай ғана сыпайы отырып сырласады. Бұл әсіресе ұзатылу күні тақау қалған Тоғжан ,шін қажет. Оның да жарасының аузын алмай, барша сақтық жасап,кісілік жолмен қайтады.
Бұлар Сүйіндік ауылына ертеңінде, ара қонып қараңғы түсе сам жамырап жетіп еді. Екеуіне арналған бірүй бөлек, шеткерірек барып тігіліпті. Сәлден соң әйел ишарамен Ерболды шығарып алып кетіп, «бұлар енді не істемек, жаман ойлары бар ма?» деп секем алып отырған Абайдың үстіне басына ақ жібек шәлі бүркеніп, бойынан таныпотыр, имене басып Тоғжан кіріп келді.
(147сөз)
Менің ақыретте қиналғым келмейді
Бір күні хазіреті Әбу Бәкір таң намазына дәрет алып, мешітке келе жатып, мешіттің алдында бір жас баланың жүргенін көзі шалып қалады. Әлгі бала мешіттің ауласында біресе ары шауып, біресе бері шауып әбігерге түсіп жүрген болады. Оны көрген хазіреті Әбу Бәкір бұған не болды деп таңырқап, мән-жайды сұрамақ болып, баланың қасына барады. Қасына барып, «неге бұлай қара терге түсіп, әбіржіп жүрсің?» - деп сұрайды.
Сонда бала: «мен дәрет алатын су іздеп жүрмін», - деп жауап береді.
Хазіреті Әбу Бәкір кішкентай баланың намаз оқимын деген ықылас-ниетіне таң қалып: «Сен әлі жас емессің бе?» - деп сұрайды.
Әлгі бала: «Жоқ, қайдағы жастық. Кеше ғана ауылда менен де жас бала қайтыс болды. Ол менен әлдеқайда жас болатын. Өлім жас талғамайды екен. Менің ақыретте отқа жанып, азаптанғым келмейді», - дегенде, хазіреті Әбу Бәкір баладан үлкендердің де бере алмайтын жауабын алғанына таңырқап, сілейіп тұрып қалады. Ал бала болса тұрақтамай су іздеп жүгіріп кетті.
(147 сөз)
Сараңдық пен жинақылық
Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй ішіне жылу жинаймыз деп, әрбір үйге барып жүріп бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрсып тұр екен.Ұрсып тұрып айтады:
-Cен білмейсің, ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес.
Мұны естіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлеседі: «Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық». Ішінен біреуі айтты:
-Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып көрелік -дейді.
Бұл содан соң келгендердің жұмысын естіп,сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып береді және мұнан басқа төрт-бес ат беремін деп уәде етеді. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырады да, өздерінің далада байды сараңға қосқандарын айтады. Сонда бай:
- Aз нәрсені азсынбай,қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетті: Жинақтылық сараңдыққа қосылмайды.
(149сөз)
Әдемілік
Бір сәтте көл үстінде үлкен қызғылт шәлі жайыла қалып, сел толқынданып жатқан тәрізді көрінді. Жалт қарасам,жас шамалары менімен қатар бейтаныс екі бала,біреуі сәл бойшаңдау. Оның тіп-тік найза шыңдары,биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Міне, терезе тұсындағы жусанды бозғылт дала артқа қарай жылдам сусып көше бастады. Жанна лып етіп төргі үйге қайта кірді де ,шымқалпақты сөндіріп, бір бұрышқа көгілдір түсті бүркеме шам әкеліп жақты. Қыздың жүзін қызыл арай шырпып өтті. «Шынында Жанна жаман әйел болмас»,-деп ойлады Жәнібек. Тек қып-қызыл бетінің ғана шырайы таймапты. Кішкентай Гүлнаш далаңдап, Жәнібекке қарап,күліп қояды. Жәнібек жүрегі аттай соғып,екі бетінің ып-ыстық боп кеткенін сезді. Үстіне гүлді халат киіпті. Жаңа шыққан күн сәулесі қыздың жүзін қызыл шұғылаға бөлеп, нұрландыра түскен. Түу, айнала қалай қап-қараңғы. Өзі жап-жас кісі,бойжеткен немересі бар. Ағы-ақ,қызғылт өңінің әрі таймаған. Көлеңке болып көрініп, бозғылт тұмандай түрткілеп, мазасын алған алып күннің сұғанақтау саусақтарынан қымсынатындай.
(149 сөз)
9-СЫНЫП
Бүркіт салу
Абайдың неше күннен бері күткені—бұларға Абыралының айтып жіберген сәлемі-Қарашолақтың қасқырға түсетін өнерін көрсету еді.Күні-түні мылтық атылып, даланың бар тағысын үркітіп-қашырып қойған соң амал не? Екі күн болды, ақыры көп қаңғыртып, талдырып кеп біреуі із шалдырған. Алдарында кешеден бері сілелерін қатырып, сан бұлтаққа салып адастырып келе жатқан бір көкжал бөрі бар. Бүгін күн сәске бойы көтеріле жан-жағынан қамалап шығар жол қалдырмағасын Таймақкөлдің қалың шеңгелді, қамысты жағына қарай тартқан.Енді кішкене бөгеліссе, алдырмай құтылып кеткелі тұр. Сол кезде аспанда шыр айналып жүрген Қарашолақ та зуылдай төмен қарай ақты. Қыста құмығып күн күркіресе, дәл мұндай боп төңіректі сілкінте жаңғырықпас. Алға озыңқырап кеткен Измайлов қанат-құйрығы ауаны ысқырта суылдап құйылып келе жатқан бүркітті өзіне келіп түскендей көріп, атаның жалын құшып жабысып алыпты.
Абай бүркіт салып жүріп көк тағысының аңға бұлай құйылып, ауаны жаңғырықтырып қақ айыра тіліп түскенін көрмеп еді.Бар дүние бір уыс боп тарылып, соның төрінен ысқырып тәңірдің көк тасы атылып келе жатқандай болған.
(150сөз)
Қазақтың ұлттық тағамдары
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.
Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарынын ақтаған кезде,қауызынанажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.
Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де, келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.
Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті аса дәмді келеді.
Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.
(154 сөз)
Күреңтөбел мен Көкдауыл
Қайсар өзінен басқа туыстары жоқ жалқы жігіт болатын. Жалғыз Күреңтөбел аты бар. Көкдауыл атанған тайыншадай ірі, сұрғылт көк иті бар. Желкесінен басталып иығына дейін созылған сирек қара қылшық Көкдауылдың атақты бір тұқымнан екенін көрсетеді. Қайсарға осы екеуінен басқа анау бір қоңыр сиыры, азғантай қой-ешкілері жараспай тұратын сияқты еді. Күреңтөбел мен Көкдауыл— ауылымыздың аруағы. Кейде біздің ауыл Күреңтөбелдің ауылы деп те атала бастаған. Ауыл әйелдері Күреңтөбелдің алдынан өткен емес.Жаз күндерінде Көкдауыл ыстықтап келіптөрдің алдына сұлай кетсе, оны орнынан ешкім қозғамайтын.
Қыс бойы Көкдауыл жылы үйге тұмсығын сұқпайды. Ауыз қораның бір түкпірінде талдан тоқып, астын тақтайлап, қалың шөп тастаған үйшігі бар, сонда жатады. Таң ала көлеңкеде ауылды айнала шауып жүріп қасқырдың ізін көрсе, иісін сезінсе,Көкдауыл қораға кіре бере бір «ауп!»- деп қалады. Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастайды. Ол күні Күреңтөбелдің беліне көлденең түсіп, азу тістері ырсиып, мұрнына жұдырықтай болып қанды көбік қатқан бір қасқыр келе жатады.
Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес!
(155сөз)
Кітап
Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің. Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып танылғандары болады. Оны көрмесең де білетін, танымасаң да танитын сияқтысың. Айта берсе, ол сенің жақын адамың, тіпті туысың тәрізді болып тұрады. Алыстағы ағайынның анда-санда жазар сәлем хатын сағына күтетіндей. Жақсы көретін жазушыңның шығармасын аңсай тосасың. Оның не жазып жатқаны жөнінде газет бетінен екі-үш жол ғана хабар оқысаң, көңіліңе медеу болып қалады.Ал енді ол кітап дүкеніне келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. Баспахана бояуының исі аңқыған ол кітаптың сыртын үйіңе жеткенше әлденеше рет сипап та қоясың, тезірек отырып оқуға асығасың. Ал оны оқи отырып, жаның рахаттанады,жүрегің оттай лауланады. Өкпеңді толтыра терең-терең тыныс алып, аса бір ләззатты ыстық күй кешесің. Сен ол кезде жазушыңның кім екенін ұмытасың. Сенің көз алдыңда сол кітаптағы оқиға ғана, соның кейіпкерлері ғана тұрады. Жақсы кейіпкер жаныңа қанат бітіріп, сені жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке талпынтады. Сүйген асыңның бойға қан боп тарап, тіршілігіңе қуат берері тәрізді, сүйікті кітап кейіпкерлері де өмір бойы сенің жадыңда жүреді, жүрегіңе лүпіл, жаныңа жылу береді.
(157 сөз)
Сырымбет
Күн шыға Сырымбетке жеткен жолаушылар Шыңғыс аулында бұрылуға дәті бармай, тау бауырында аттарын шалдырған. Күймелі арбадан қарғып түскен Ақжігіт алды-артына қарамай,Сырымбеттің биігіне өрмелей жүгіріп еді. Жолындағы қалың қарағайды сырғандай екі қолмен алма-кезек жасқап, жалғыз аяқ жолмен еңкеңдей басып жан ұшыраған талдырмаш бала жалаңаш шоқыға шыға келгенде көзі жайнап сала берген.
Сырымбет – андағайлап алыстан көз тартар аса биік болмағанмен, етегінде жарқыраған көл,бауырында сылдырап аққан кәусар бұлақ, сыңсыған қалың жынысты әсем шоқы. Ең биігінен қарағанда Көкше даласының көп тұсы алақанға салғандай анық көрінеді. Екі өкпесін қысқандай еңсесін басқан қала қапырығынан,аядай жерде аят оқып, күні-түні сарнап,күңіренген мешіт тірлігінен Ақжігіт жалаңаш төскейге шыға келгенде,бар азаптан құтылған қамаудағы адамдай тынысы кеңіп сала берді. Ентігін басқан бала айна
көлдерге,қалың орманға, алыстан мұнартқан көгілдір тауларға дейін тойымсыздана қарап, арқан бойы көтерілген жазғы күндей жүзі жайнап:
-Аһа-һей, а-һей! –деп қалай айғайлап жібергенін аңғармай қалды. Бар алап саңқылдаған бала даусымен жаңғырып,орман ішінде, көл бетінде, сыңсыған бүкіл құс атаулы дүрліге ұшқандай болды.
(158 сөз)
Қайлашы
Штрек түбінде шарта жүгініп, құрыш кесек Ермек отыр. Қолындағы екі жүзді болат қайла сілтеген сайын шаммен шағылысып,жарқ-жұрқ етеді. Бөкен қабақтың астындағы бүркіт көз қайда қадалса, иненің жасуындай да аумастан қайласы сонда барып қадалады. Мықыр саусақтары қайланың сабын бойлап, перне басқандай безектеуде. Денесінде күйе бар, тер жоқ. Құрғақ күйе қимылының лебімен ұшып жатыр.
Мұның қайла сілтесі өзгеше. Құлаштамайды, асығып, аптықпайды, біркелкі тігірек. Сонымен отырып қасындағы арпалысқан жас жігітті бір метр артқа тастаған. Тәшкеші, күрекшілер шабылған балқаны қолма-қол алып тұр. Тірекшілер ағаштарын тасып, кесіп дайындап қойыпты.Кейіс, абыржу жоқ.Жұмыс жай жүріп жатқан сияқты. Қыбын тапқан еңбек жай көрінсе де, тым алымды – сом қабырғаны сүмпитіп, еңсеріп барады.
-Қайлаңыз онша болмады ғой,- деп қасақана соқтыққанда, Ермек басын шайқайды. Содан кейін үзіп-үзіп жай сөйлеп, ұзартыпәкетті әңгімені. Қайланы ұштап, суарудың, құлаштап сілтеу мен тежей сілтеудің өзінде көп мән бар көрінеді. Көмір алу үшін ствол, шурф, штрек, лава пештердің неге керегін, олардың қиын техникаларын жайлап айтқанда, Мейрам қарапайым жұмысшының мамандығына таңғалды.
(160сөз)
Үнемі дәмді тамағымен үй ішін қуантатын ана, арнайы ас әзірлеп ұлы мен келінін қонаққа шақырады. Олармен бірге отбасының ескі бір досы да шақырылады. Қонақтар дастархан басына жайғасқан соң, алдыларына тамақ қойылады. Барлығы тамақтан дәм тата бастағанда тамақтың дәмі бұрынғы дәмді тамақтарға мүлде ұқсамайды. Керісінше, өте ащы, әрең жейсің. Тамақтан күйгеннің иісі шығып тұр. Оның үстіне еті де шикі пісірілген. Қонақтар не істерін білмей, отырып қалады. Бірақ үй иесінің көңілін түсірмеу үшін ештеңе болмағандай түрткілеп отыра береді. Тамақтан соң, баласы мен келіні ата-анасымен қоштасып үйлеріне қайтады. Оңаша қалған кезде әлгі досы үйдің ханымынан:
- Біздің араласып жүргенімізге біраз уақыттың жүзі болды. Сенің керемет аспаз екеніңді білемін. Құдай үшін айтшы, бүгінгі асыңа не болған?! Ауырып қалдың ба әлде бір нәрселер мазалап тұр ма? – деп сұрайды. Әйел аз ғана езу тартты да былай жауап берді:
- Жо-жоқ, ешнәрсе де болған жоқ. Әдейі солай жасадым. Балам қайта-қайта анасының тамағын мақтап әйелінің есін шығармай, тату-тәтті өмір сүруі үшін осылай істеуіме тура келді.
(160сөз)
Ұйқысыз түн
Осы сәлем Әзімбайды емексітіп, Тәкежанды да қатты қызықтырған.
Бүгін Тәкежанды төсегінен шошытып, шоршытып тұрғызған және Оразбайға арашашы етіп, оны шыжық қып тұрған – осындай тұсау сөз. Оспан бұлардың тұзақтарын үзіп талқан етті. Дәл мұндай бұрқ етіп шыққан өрт үстінде Тәкежан құда бола алмайтын болып шықты. Жүз жылғы қарғы бау қаншалық ыстық жалынмен тартса да, бүгін Тәкежан қолына тимейді. Бірақ анық жаулық туды. Екі беттегі араздардың кімдер болатыны, отқа кімнің күймейтіні де анықталды. Тәкежан ауылының белге соққан жыландай болып, әзірше титығы құрып тұрғаны да мәлім. Бірақ осы бәле созыла берсе, Тәкежан мен Оразбайдың ұғысуы Тәкежан мен Абайдың ұғысуынан оңай екені де айқын болып қалды.
Бұлардың жауы іштен де, сырттан да шеп қосып, тұтасар түрі бар. Жастар «Қоңырәулиеден» қайтқанда, бұндағы жаманшылықтың қарасы осылай болып, дауыл бұлтындай төніп келіп тұр екен.
Тілесе де, тілемесе де Оспанның асығыс ашумен салған оты, енді елден бұрын Абайды шарпитынын барлық жастар айтыспай-ақ аңғарып отыр. Ұйқысыз, мазасыз ойлар қинаған Абайға Әйгерімнің құстөсегі тастай батады.Көп күрсініп, дөңбекшумен ұйқы қашырған Абай да бұл түнді көз ілмей өткізді.
(167сөз)
Күзгі салым
Құнанбай Жидебайда отырған көп ауылдарға күзге салым соңында шұбыра ерген жүз қаралы нөкері бар, адуан айбары күндік жерден шашырап, күміс ер-тұрманы омырауына дейін төгіліп жарқ-жұрқ еткен ақ боз арғымақпен оралды. Басында алтын шілтерлі бекзадалар киетін шошақ төбелі ақ шұға қалпақ, үстіне нақ осындай түстес оюмен айқыш-ұйқыш етіп зерленген ақ түбіт шекпен, мойнына соның бәрінің сыртынан салбырата асырып дөңгелек күміс ақ табақша тағынып алыпты.Бұлар Қарқаралыдан сап түзеп шыққанда жаңа сайланған аға сұлтанға «қайырлы болсын» айтып тұс-тұстан ағылып кеп қосылып, тағы да ел шетінен еріксіз қиястап, көп қонақтап «құрмалдық, тасаттық» беріп жүріп алысқан саны мол қошеметшілер еді.
Әлгі екі арада бауырдағы мал тұяғы шиырлай қоймаған тырбақ жоңышқалы,бетегелі көк жазыққа қатар-қатар бірнеше ақ шаңқан үйлер әп-сәтте тігіліп үлгеріпті. Алыстан қарағанда көкжиек бойы көмкерген жаңа бір орда, қауым қалашығы орнай қалған іспетті. Келген қонақтар топ-тобымен бөлініп, сыртта көп кідірмей, қаншасы болсын солардың ішіне лезде сүңгіп, жұтылып кетіп жатыр. Әр үйдің алдында иіріп әкеп, бата тілетіп сойылып жатқан малдан төңірек қан сасып кетті.
(167сөз)
10 - СЫНЫП
Көне Отырар
Көне Отырар–екі мың жыл өмір сүрген,Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып,отырықшылықпен танысып,басқахалықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Бидай өсіру жақсы суландырылды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған,сондықтан,өзіне басқалардың назары көп түскен. Оны жаулап алу-Таразбен,Баласағұнмен,Қытаймен, Кавказбен,Волга өзені және Қара теңіз жағалауымен,Бетпақ дала арқылы Сібірмен жалғастырар еді. Отырар туралы араб, парсы саяхатшыларының жазбаларында көп айтылады. ХІ ғасырдың ортасында Сырдария бойындағы жерлерді қыпшақ тайпалары жеңіп алған. Қыпшақтар қаланы кеңейтіп,су жүйесін жөндейді. Мықты қорғанысы бар Отырар 1229 жылы монғол басқыншыларына берілмей қаланы алты ай қорғаған кезде қолды басқарған батыр –хан Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты ай мерзімнен кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған,қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді. Бірақ ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды.
( 172 сөз)
Ұрпақ – өмір жалғасы
Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы – сұлулық пен арпалысқа,қым-қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың,халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала-құлалық болғанымен,бәріне ортақ бір түпқазықертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені, перзент – жеке адамның ғана емес,ұлыс пен ұлттың ертеңі,келер тарихқа барар аманат. Бұл – табиғат-ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ– саналы өмірдің ең басты кепілдігі.
Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай боларығасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген,не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты,әрбір ру мен аталықтың,әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі –ұл тілеген. Ұл– берісі өз үйінің отын өшірмесе,әрісі елге қамқор,жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала-ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы,қала берді,қарт ата-ананың сүйеніші.
Дүниеге қыздың келуі–отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата-анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп,жүріс-тұрыс, іс-қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді,қызға қамқор болады.
(173 сөз)
Ұлпан
Есенейдің бүгінгі көрген бойжеткен қызы сол- Ұлпан. Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен еді. Енді, міне, батылдығымен, бала кезіндегі еркелігімен, мақпал қара меңімен көз алдында тұрды да қалды. Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау. Зерделі зейінді боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойған.Ұтқызбай кетті ғой!... Әлдекім әлдеқашан айттырып, құда түсіп қойған болар-ау! Оған сөз жоқ қой. Ит-ай, не деген маңдайы жарылып туған ит еді. Қазақ бесігінде жатқан баланы да айттыра береді. Кедейленіп қалған батыр әлдеқашан қалың малын алып, жеп те қойған болар. Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой. Мінезі шешесіне тартса, ақжарқын, ашық, ақкөңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Өзіне сәукеле қалай жарасар еді!
Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жастай кіші Ұлпанға ғашық болады. Есеней Ұлпанды айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтқарады. Елін ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алады.
(175сөз)
Қысқы түн
Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы – қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр. Ысқырып,бұлқынып,жынданып, келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршақтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.
Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйытқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр.
Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай,бас жағы бұлтқа араласып,мұнарланып,түнеріп тұр.
Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай: аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ.Айнала аппақ болып тұтасып алған.
Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді.
(177 сөз)
Падишах қайтыс болғанда берерсіз
Жүрегі жұмсақ, ақ көңілді бір уәзір қайыр яки көмек сұрап алдына келген әр адамға мемлекет қазынасынан қарызға ақша беретін. Қарызды қашан қайтару керек деп сұрағандарға «Падишах қайтыс болғанда берерсің» дейді екен.
Осы жағдайды көрген біреу Падишахтың алдына барып, «Падишахым, сіздің уәзіріңіз мемлекет қазынасынан ақша алып, қайыршыларға таратып жүр. Қарызды қашан қайтарамыз дегендерге сіз дүниеден өткенде деп айтады. Оның ниеті жаман, сіздің өліміңізді тілеп жүрген көрінеді. Сіз өмірден өте салысымен бар қарыздарды өзі жинап алмақшы» деп шағымданады.
Менің сенімді уәзірім мұндай алаяқтық істей қоймас, деп оның айтқандарына падишах сене қоймайды. Істің анық-қанығына көз жеткізбек болып, уәзірін шақыртып сұрайды. Уәзір падишахқа былай жауап берген екен:
- Падишахым, айтылғандар өтірік емес. Мен расында да, қазынадан ақша алып, қатты қиналғандарға қарызға беріп жүрмін. Қарызды қашан қайтарайын дегендерге сіздің өліміңізден кейін деймін. Бұл сізге өлім тілегендік емес, керісінше, ұзақ өмір сүруіңізді қалағаным. Білесіз ғой, қарыз алған адам қарызды кері қайтару уақытының еш келмеуін қалайды. Олар үнемі сіздің өлмеуіңізді тілеп, ұзақ ғұмыр қалап жүрсін дегенім. Қиналып жүргендердің тілектері қабыл болатынын білесіз ғой. Мақсатым - өміріңіздің ұзақ, денсаулығыңыздың жақсы болуы ғана.
(179 сөз)
Қазақ халқының салт дәстүрлері
Салт- дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптары отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіруі, қыз ұзатуы жатады. Қауымдық ғұрыптарға наурыз тойы,құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б.
Шашу– бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні – жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.Сүйінші – қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі.Көрімдік – қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде алатын сый-кәдесі.Отбасылық салт-дәстүрлерге: шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену жатады. Шілдехана – сәби туғанша жасалатын той.Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Тұсау кесуге негізінен үлкендер жиналады.Беташар – домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады.Құрбан айт. Ораза бітісімен 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Құрбан айтта адамдар құран оқып, дәм татысады.
(181 сөз)
Өн бойы тола өлең-жыр
Біз оның бала кезінен қанша бейхабар болсақ, балаң ақын кезінен де сонша керқұлақпыз. Ол бізге алғашқы беттерін алыс жылдардың құтырынған құйындары жыртып, ортасынан ауа кеткен көне кітаптай көрінуші еді. Дәлдеңкірей түссек, ол әлі парақтары сарғыш тартқан жалба-жұлба кітаптың өзінен гөрі, соған жазылған ескі қиссаның тоқпақтай тұлдыр, тобадай жалғыз кейіпкері ежелгі ерлерге көбірек келіңкірейтін еді. Тау тұйғында оқта-текте бір есетін кезбе желдей үзік-үзік, келте мәліметтердің айтуынша, бабаларының арасында батыр көп болыпты. Ал өзі әке батасын аттап,жағын сатып күн көрген жалба тонды ақындықты қалады. Аталары ақбас Алатаудың көк майса сай –салаларынан өрбісе, өзі тұлдыр даладағы Жамбыл тауының етегінде жерге түсіпті. Анасы оған Қоқан ханы Құдиярдың құрығынан қашып жүрген ұлы сүргін тұсында тосыннан толғатыпты. Сөз реті қаза кетпесін, Құдияр оның бабаларына көрсеткен қоқан-лоққысын менің бабаларыма да жасапты. (Кер тағдырлы ата-баба сүрлеуі талай-талай ойқастап, көнтерілі уақыттың қай-қай белеңінен тоғысады десеңізші!) Қайталап айтайық, кейуана қарияның сақал-мұрт басқан салғырт жүзіне қарай отырып, тал бесікте уілдеп жатқан жас иіс сәбидің бейнесін көзге елестету қандай қиын болса, дүлдүл ақынның кезі, балауса шағы шамамен мынадай болған шығар деп бал ашу да сондай қиын. Бар білетініміз: ел Екей ақындық жағынан ерекше салымды бопты.
(183 сөз)
Атам айтқан әңгіме
Бұрынырақта мүлдем сауатсыз ел болыпты.Ел сауатсыз болуы себепті айналасындағылардан көп қорлық көрсе де, ешкім өз баласынбасқа елге оқуға жіберуді қаламайды екен.Бір ана ар-намысқа шыдамай өзінің жалғыз ұлын оқуға жіберуді қалайды. Баласы ынжықтау екен, кеткісі келмейді. Анасы кетуге мәжбүр етеді. Содан баласы: «Сен мені жек көріп, ауылдан қуып жатырсың» деп анасына өкпелеп, артына бұрылмастан кетеді. Анасы жіберерін жіберсе де көзі қимай, бір биікке шығып, баласы көзден ғайып болғаншасоңынан қарап тұрып қалады. Баласы сол кеткеннен ұзақ жылдар бойы оқып, білімпаз болып еліне қайтады. Ол ел шетіне жақындап, ауылда нендей өзгеріс бар екен, соны аңдайын деп төңірегіне көз тіксе, бір төмпешік құм үстінде тік тұрған адам сүлбесін көреді. Ол қайран қалады: себебі өзі кеткенде мұндай көрініс жоқ болатын, қасына жақындап барып қараса – өз анасы. «Апа!» деп құшағын жая ұмтылады. Ол құшақтай бергенде ана құлайды. Аң-таң болып қараса, анасы әлдеқашан жан тәсілім етіп, үлбіреген кеудесі ғана тұр екен.Бұл ауыл адамдарын жиып,мән-жайды сұрастырса, анасы оны оқуға жіберіп тұрып, соңынан қарау үшін сол төбеге шыққаннан қайтып түспеген екен....
– Өз анаң жұдырығын құлаштап сілтесе де, қатты ұрмайды,-дейді әкем.
«Арыстан алған бағытынан, ер ниетінен шегінбеуі керек» деп өсиет айтатын еді Көше биі.
(184 сөз)
Талшыбық
Айжанның үйі ауылдың шетінде орналасқан, үйлерінің айналасында қалың тал бар. Қыста қатты боран соққанда осы талдар үйге әжептеуір пана болады. Бұл талдарды кезінде Айжанның атасыөз қолымен отырғызған көрінеді.Осы ағаштардың ішінде әдемі бір қайың болушы еді.Айжан оны атасының көзіндей ерекше жақсы көретін.
Өткен жылы қыс қатты болды. Ақпанның аязды күндерінің бірінде қайың суыққа шыдай алмай, қарс айрылыпты. Мұны көрген Айжан қатты қапаланды, тіпті жылап та алды. Жылайтындайы да бар, өйткені бүкіл балалық шағын осы қайыңның саясында өткізген еді ғой. Неге басқа ағаштар сияқты суыққа шыдай алмайды екен. Енді не істеу керек? Оны ойланып-толғанып, Айжан көктем шыққан соң тура сол қайыңның орнына басқа тал шыбық отырғызуға бекінді.
Көп ұзамай көктем шықты. Қырат, белдеулерде дала тіршілігі жандана бастады. Міне, осы кезде Айжан өзінің ойлаған ісін орындауға кірісті. Алдымен ол ауыл сыртындағы баққа барып, бір шыбығын топырағымен қазып әкелді. Содан соң кішкене шұңқыр қазып, қайың шыбығын соған қондырды. Күн сайын су құйып, түбін қопарыстырып босатты. Күн де жас шыбыққа сәулесін аямай төкті. Ерекше күтілген жас шыбық өсе бастады. Мұны көрген Айжан бейне бір атасының өсиетін орындағандай күйде еді. Ол өзін бір түрлі есейіп кеткендей сезінді.
(184 сөз)
Жүрегім бір қалыпты
Ислам ғұламасы –имам Әбу Ағзам өз заманының
белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске
дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен айналысыпты.
Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп
кеп:
- Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемеңіз
батты, -депті.
Имам Ағзам біраз кідірістен кейін:
- Аллаһқа шүкірлер болсын!, -деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп:
- Уа, имам, біз жаңылған екенбіз, батқан кеме
сіздікі емес екен, -деп хабар беріпті. Имам Ағзам болса бұл хабарды
естіген кезде де, «Аллаһқа шүкірлер болсын! -деп қана қойыпты.
Хабаршы аң таң болып:
- Уа, имам, кемеңіз суға батты деп хабар әкелгенде «шүкірлік»
дедіңіз, батқан кеме сіздікі емес дедік, оған да «шүкірлік» дедіңіз
– мұның мәнісін түсіндіріп беріңізші,
-депті.
Сонда Имам Ағзам былай деген екен:
-
Сен «кемең суға батты», -деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Жүрегім бір қалыпты соғып, ешқандай налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Аллаһқа шүкір айттым. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де жүрегім бір қалыпты соғып, алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан Иеме шүкірлік айттым.
(186 сөз)
Бір күні көпті көрген көреген кісіден:
- Жақсы көремін деген құрғақ сөз бен шын мәнісінде, жақсы көрудің арасында қандай айырмашылық бар? – деп сұрағанда, ол екеуінің арасын былай ажыратып берген екен:
Алдымен жақсы көремін деген сөзді тек құрғақ сөзбен шұбатып жүрген адамдарға арнайы дастархан жайдырады да орындарына жайғастырады. Сосын олардың алдыларына бір-бір кесе табақпен сорпа алдырып, қолдарына ұзындығы бір метр қасық ұстатады. Оларға бір шарт қояды: «Осы қасықтармен алдыларыңдағы тамақты жейсіңдер». Жарайды дейді де ішуге кірісіп кетеді. Бірақ қасық ұзын болғандықтан, іше алмай үстілеріне төгіп-шашып, қатты әбігерге түседі. Ақыры қолдарынан келмей, дастарханнан аш болып тұрады.
Ал енді бір-бірлерін шын ниеттерімен жақсы көретіндерді дастархан басына шақырайық дейді. Олардың жүздерінен бір-біріне нұр төгіліп, қараған сайын көз тоймайтын адамдар болады. Оларға да «қане асқа қараңдар» делінгенде қасықты сорпаға батырып, қарсы алдындағы адамға ұсынады. Осылайша бір-бірлерінің қарындарын тойдырып, Аллаһқа шүкірлерін айтып жөндеріне кете барады. Міне осы кезде әлгі кісі: «Кімде-кім дастархан басына отырғанда тек өзі ғана отырғандай сезініп, өзін тойдыруды ойлайтын болса, ол адам аш қалады. Ал кімде-кім қасындағы бауырын ойлап, сол тойсын десе оны да бауыры тойдырады. Сонымен қатар нағыз базарда алушы емес, берген адам табысты болатынын ешқашан ұмытпаңдар», - деген екен.
(188сөз)
11-СЫНЫП
Қонақ күту
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі.Бұл дәстүр имандылықты айқындайтын
қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Отбасы үшін жолаушыны күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық қалып.
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақта «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қонақтарды «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «қылғыма қонақ» деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған.
(191 сөз)
Емен аймағында тұратын жомарт бір адамның сана қаласына жақын маңда жүзім, құрма және тағы басқа да жемістер егетін бақшасы болыпты. ол кісі өнім жинайтын кезінде кедей-кепшіктерге, жанашыры жоқтарға, шамасы жоқ әлсіздерге зекет беру үшін, өнімнің басым бөлігін арнайы бөліп алып, таратып шығатын. Қартайып бойынан қуаты кетіп, дүниеден өткенде, балалары дүниеге салынып:
- Жанұямызда аз адам емеспіз. Асып бара жатқан дүниеміз де жоқ. Бұдан былай кедейлерге ештеңе бермейміз. Олар келмей тұрып, өнімімізді жинап алайық!.. деп өзара келіседі.
Аллаһ Тағала олардың жаман ниеттеріне қарай бақшаларының астаң-кестеңін шығарып, жермен-жексен етеді. Орасан жерді алып жатқан бақша адам танымастай халге келеді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғанын білмей абыржып:
- Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды.
Олар әкелерінің жомарттық танытып, мұқтаждардың көңілін аулап, кедейлердің қайырлы дұғасын алуы бақшасының өнімін одан сайын берекеттендіретінінен мақрұм еді. Ол жердегі бақша кедейлер мен жоқ-жітіктер бақшадан өз нәсіптерін алып жүретін-ді. Бірақ балалары әкелерінің таратқан зекеті орасан зор болып көрініп, оны бергілері келмейтін. Олар Аллаһтың бақша мен егіндікке берген берекетінің қайдан келетінінен мақрұм болатын. Өйткені ғапылдық пен дүниеге салынуы олардың жүректерін қарайтып көрсоқырлыққа итермеледі. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ғапылдардан болма».
(191 сөз)
Тоғжан аулында
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші толы тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша, тұс киізбен қоршалыпты.
Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық,кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы– Әділбек, Асылбекпен – бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы -Тоғжан. Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы,бастағы кәмшат бөркі,білек толған неше түрлі білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді,қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай болдып қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас,жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.
(192 сөз)
Ақсақ Темір
Ол елу жыл жапанды жалпағынан басып,өзінен өзге де күш барын сезген адам емес. Темірдің темір өкшесі талай қаланы молаға, талай елді елсіз далаға айналдырды. Талай мемлекетті балшықтай жаншып,шалшықтай шашып жіберді. Пілдің шойын табаны құмырсқаның илеуін қалай таптаса, бұл одан да асырды. Оның жүріп өткен жерлерін төрт жағына түгел аққан қан өзендері сай-саланы топандай басты. Жеңілген елдің сүйегінен биік мұнаралы минарет,сарайлар салдырды.
Темір ажалмен күш теңестіріп, өмірді талқандады. Өзінің жалғыз ұлы Жәңгірді ажал алғанын кектеп, ажалға талай жерде қамшы соғып, қармысын қаптырды. Ол ажалдың күнбе-күн алып тұратын құрбандығын тартып алғысы келді. Содан кейін қайғыға булығып, арып-талып, ажалдың өзі де аштан өлсін деді.
Жалғыз баласы Жәңгір өлгенде, Самархан халқы от түкіріп, қан қақырған арыстанын қаралы қошеметпен қарсы алған ғой. Өлім егіп, өлімтік қорғап, айналасына у шашқан ақсақ арыстан қара мен көктен ғана киініп, ішін жалын өртеп, шер кернеп шыққан еді.
Отырарда өліммен ұшырасып, ұлын берген сағаттан бастап, отыз жыл бойы Темір бір езу тартқан емес-ті... Сол ұшырасқанда өлім оны жеңіп, өзім өлсем, дүниеге у шашарым болады деген ұлын тартып алған-ды. Содан бері отыз жыл бойы адам баласын аяу дегенге, адам баласын сүю дегенге мүлде жабылып қалған.
(192сөз)
Бір күні ауыл ақсақалы бидің алдына келіп, ұлына шағымданып былай дейді:
- Тақсыр! Кеше өз ұлым мені егістіктің басында ұрып-соқты. Өгізді ұратын қамшымен ұрып, жанымды көзіме көрсетті. Оның бұл ісіне қатты өкіндім. Мен сонда ұлымды мені ұрсын деп өсірдім бе? Істің ақыры бұлай болады деп кім ойлапты. Қартайғанда мұндай қорлық көрем деген ой кіріп те шықпапты. Осыған шара іздеп келіп отырмын. Маған ақыл айтып, қол ұшын беріңіз.
Қарияның әңгімесін мұқият тыңдап болған соң, би былай сұрақ сұрайды:
- Аллаһ сақтасын мұндайдан! Әкесіне қалайша жұдырық жұмсайды. Сен өз ұлыңа Аллаһтың дінін үйретіп пе едің? Әке-шешеге құрмет көрсету керектігін түсіндірмедің бе? Жас кезінде балаға әдеп пен тәрбие сабақтарын бермедің бе?
- Тақсыр! Ауылдың жағдайын білесіз. Азаннан кешке дейін күйбең тіршіліктен қол тимейді. Малға қарайсың, егін егіп, жем-шөп жинайсың дегендей. Ондайға мән бермеппіз, - деп жыламсырап жауап қатқан қарияға:
- Олай болса, сенің ұлыңа өкпелейтін ешқандай жөнің жоқ. Ол сені соқа тартатын өгіз деп қалған ғой шамасы. Өйткені ұлың үшін сені мен өгіздің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ұлыңа әкенің қадірін үйретпепсің. Ұлың өгізді ұрам деп сені ұрған екен. Ол ұлынның әкесіне қол көтеруі мүмкін емес, деп әкелік міндетін атқара алмағандығын түсіндіріп жіберген екен.
(193 сөз)
Егіншінің табысы
Егін егіп, түскен өнімді күнкөріс етіп жүрген егінші соқа тартып жүреді. Сол жерден өтіп бара жатқан елдің патшасы өзін оған таныстырғаннан кейін былай деп хал сұрасты:
- Тұрмыс жағдайың қалай? Тапқан табысың жанұяңды асырап-бағуға жете ме?
Егінші былай жауап берді:
- Иә, қадірлі падишам! Еткен еңбегім, күнделікті күнкөрісіме де, өткен қарыздарымнан құтылып әрі келешек өміріме де аздап азық дайындапжүрген жайым бар.
Оның берген жауабы патшаны таңқалдырды. Егіншіліктен түсетін пайданың жайы белгілі. Бұл қалайша мұның барлығына жеткізіп, үлгеріп жүр. Ол мұның сырын үйренгісі келіп тағы сұрақтың астына алды:
- Егіншіліктен түскен өнімнің күнделікті күнкөріске жететіндігі белгілі. Бірақ қарыздарыңды өтеп, келешек өміріңе азықты қалай жеткізіп жүрсің?
Сонда егінші сөздің мәнісін былай түсіндіріп берді:
- Мырзам, қарызымды өтеймін дегенім, жасы келген ата-анама қараймын дегенім. Олар кезі келгенде бізді бағып-қағып өсірді. Ал енді кезек бізге келді. Қарыздарымды өтеп жүрмін дегендегі сөздің төркіні осы еді. Келешек өмірімнің азығын дайындап жүрмін дегенім, балаларымды бағып-қағып, оларды өмірлік күреске дайындап жатырмын деп айтпақ едім. Біз үшін ең қайырлы азық оларға жақсы тәрбие беру емес пе?
Оның тапқыр ойына патша дән риза болды. Қол астында осындай ақылды адамдардың болғанына өзін бақытты сезінді. Сөйтіп егіншіге бір кесе алтын беріп үлкен тарту-таралғы жасады.
(194 сөз)
Ақын көзімен қарағанда
Бұл аптада Қасымбек пен Мұхтар ұзақ-ұзақ үйге оралмай, Әуез ата берген пәрменмен «Абай аға шыққан қырға шығып, Абай аға түскен ойға түсіп», алты күн ат үстінде жүрді.
Мұхтар мен Қасымбек бүгін таң ата Бөрліден Шыңғысқа қарай бет түзеп, Қарауылдың қашанғы қасқа жолымен аттарын сау желдіріп,Ералы жазығына шығып еді, ұшы-қиырсыз кең дала күн қыза көк бұйра сағымға шомылып шетсіз-шексіз көк теңізге айналды да кетті. Жер бетінде бұлың-бұлың құбылып қозғалмайтын бұршақтай бұлдыр жоқ. Төңірек түгел толқып-шалқып жатты.
Сол жақта маң даланың биіктен жалбыраған жалы секілді ұлан-асу Арқат биіктеген үстіне биіктей түсіп, Шыңғысқа қарай зулап көшіп барады. Қарсы беттегі үйме-жүйме үйіліп қалған қос Орда да қопарыла қозғалып, әрі ығыса, ысырыла түскен. Оң қанатта мұнартқан Ақшоқы таулар тәрізді телегейге жүзбейді,шоқтығын көк торғын шымылдықпен көлегейлеп тұрады.Тұрады да,ауық-ауық көкбұйра толқынға сүңгіп жоқ боп кетеді. Жүргіншілер ат басын солай бұрып, желе жортып жақындай түскенде ғана төбеде көлеңдеген көк жібек шымылдығын кеудеге түсіре бере бетін ашып, мыналарды қол бұлғап шақырғандай болады. Бірақ бұл да бір орында тұрып шақырмайды,әрі қарай сағым кеше жылжып жүріп бара жатып шақырады.
Бұлардың бәрі қайда бара жатыр?
Шыңғыстауға – Шыңғыс сілеміндегі Жидебайға,осынау өзі ғұмыр бойы жырлап еліне нәр болар сырға, жеріне әр берер нұрға айналдырған, жалғанның жарығын тастап, фәниден бақиға аттанған Абайға бара жатыр,әрине.
(200 сөз)
Азамат есік алдында тұрған жаңа мерседесімен бір шаруасын тындырып келмек болып тысқа шығады. Біз кезде машина тұрған жақтан тарс еткен ащы дауыс шығады. Не болып қалды деп қараса, өзінің 3 жасар баласы қолына темір алып машинаның алдыңғы жағын майыстырып қойғанын көреді. Ашуы шыққан әке әлгі темірмен баласының қолынан ұра бастайды. Қатты ашуланған болу керек, көзіне ештеме көрінбейді. Бір кезде баласының қолынан қан саулап шыға келгенде ғана есін жинайды. Қан тоқтамағандықтан, істеген ісіне өкініп, баланы ауруханаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер баланың саусақтарының қатты жарақаттанғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасап көргенімен ештеме өзгермейді. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда қолына аппақ мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап қарап:
- Әке, сіздің машинаңызды бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай істемеймін, дейді де, саусақтарым жаңадан шығады ма? – деп жыламсырап сұрайды. Баласының даусын естіген әке, өзін ұстай алмай жылап жібереді де сыртқа шығып кетеді. Мұндай дөрекілікке барған әке қатесін түсініп, ақыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болады.
Жақсы көретін адамға қарсы сабырыңыз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жақсылап ойланып алыңыз. Мерседестер жөнделеді, бірақ, сынған саусақтар мен жаралы жүректер ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Адамдар қателеседі. Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген істер, адамды өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып әрекет қылайық. Сабырлы болайық.
(201сөз)
Жеті қазынаның бірі
Аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысқа ормандағы аңдарды жинауды бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, әрі ақылды, епті кім екенін білгісі келіпті. Аңдар лезде жинала қалады. Арыстанның сөзін естіген соң түлкі алға шығып:
-
О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ.Сондықтан да біз сізді патша сайлағанбыз!. Сіздің қайырымдылығыңыз шексіз, — депті.Басқа аңдар да арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіртеді.Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырапжатқан итті көреді. Дереу гүрілдеп итке төне түседі де:
-
Әй, сен оңбаған, мыналардың айтып жатқанын естіп отырсың ба? Неге үндемейсің? -дейді.
Ит салмақты қалпын бұзбастан:
-
Ә, сен бе едің. Сонша неге орманды басыңа көтересің. Менің де сені мақтап бас ұруымкерек пе? — деп, басын көтерместен тәкаппарлана сөйлейді.
-
Ал сонда дүниедегі ең қайратты, әрі ақылды, әділ әрі епті кім? - дейді арыстан.
- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек – адамзат! Арыстан одан бетерысқырып, дереу жолбарысқа:
- Ит иттігін
жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда
бұдан былай
оған орын болмауға тиіс.
Дереу
орманнан аластатыңдар!—депті күндей
күркіреп.
Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржола кете барған екен.Содан бері ит адамның досы, көмекшісі. Кейін "Ит — жеті қазынаның бірі" деген сөз қалыптасыпты.
(206 сөз)
Ағайындар
Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы – ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.
Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы – борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар – сол борсақ болатын.
Құнанбай болса Ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.
(207 сөз)
Даланы сағыну
Қызуы азайған дала күні қала жақта көлденең сұлап жатқан көксұр белге төніп,аспанның арғы шалғайына өрт жібергендей,батыс көкжиек әлдебір оқыс лап еткен алкүрең шұғыламен арайланады.
Жайлауда ауыл-ауыл боп жағалай қонған, Көктөбенің іргесін көмкере ойдым-ойдым қотандасып тігілген ақбоз үйлер; үйден -үйге кіріп қарбаласқан, ауылдан -ауылға бара жатқан үлкенді-кішілі әйел- еркектер, қыз-келіншектер; ауыл сыртына алтыбақан орнатып, әлпеншек тепкен, ән салып күй тартқан, мың бұралып би билеген көңілді жастар;одан әрі сонау сарқырама бұлақ бойында, мынау көк айдын қоғалы көл жағасында ат ойнатқан, ит жүгіртіп, құс салған шабандаоз сері жігіттер; бәрінен аулақ ошарылып,бірақ жайлау шетін тегіс басқан, түгел жапқан қара-құрым мал,ауыл адамдарының әніне үн қоса жамыраған жас төл: боздаған бота, маңыраған қозы, кісінеген құлын... Бәрін ертегідей мұнарта кіреукелеген торғын шымылдық тәрізді жұқа қызғылт нұр...
Осынау жан тебірентер жақсы көрініске қыр үстінен қызыға, сүйсіне қараған Мұхтар ойдағы жайлау көркінен көпке дейін көз ала алмады. Көңілі көтеріңкі. Ойы өрбіп, қиялы сергіп алысқа алып қашқандай.
Сондықтан Мұхтар бүгінде қалада жүріп даланы сағынады. Түбінде Мұхтардың мұхтарлығы дәл осы далаға деген сағынышта жататын шығар. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Мұхтардың отбасы да осы далада, демек, отаны да осы дала. Тірі кісі жыл өткен сайын ілгерілейді,өседі десек, Мұхтарды ілгерілететін, өсіретін осынау далаға деген сағыныш болса керек. Даласын сағынып өсіп келеді Мұхтар...
(208 сөз)
Халық бейнесі
Жалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер – Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер – Дәркембай мен Базаралының әлеуметтікортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.
Дәркембай - кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркембайдың малдылардан, күштілерден көргені – зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы - жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай. – Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді.
(220 сөз)
Маған қара да ғибрат ал
Құмар ойнамаса тұра алмайтын ауруға шалдыққан бір жас жігіттің алдына қойған жалғыз арманы болады. Ол – ең шебер әрі ешкім тең келмейтін құмарпаз болу. Осы мақсатының орындалуы үшін ұстаз іздеп бармаған жері қалмады. Бірақ еш жолы болмады. Ол сонда да үмітін үзбей, ізденісін жалғастыра берді.
Бір күні құмар ойнаудан алдына жан салмаған атақты бір құмаршы жайлы хабар алады. Әлгі жас жігіт мұны ести сала баруға бел буып, алдынан бір-ақ шығады. Көрісіп, қол алысып, танысқаннан кейін уақыт өткізбей дереу негізгі мәселеге көшеді. Оған ең шебер құмаршы болғысы келетінін айтып, осы үшін жәрдем беруін сұрайды. Егер үйретер болсаңыз не қаласаңыз да орындауға дайын екендігін айтады. Жасы егделеу тартқан құмаршы:
- Балам-ау, сенің мұнша құмаршы болуға итермелеп тұрған не нәрсе? Мақсатың не, онымен не істемексің? – деп сұрайды. Сонда жігіт:
- Мен осы жол арқылы тез байығым келеді, - деп жауап берді. Мұны естіген құмаршы тәжірибесін былай бөліскен екен:
- Жігітім, егер құмаршы болу арқылы баюға болатын болса, мен байыған болар едім. Сен мені ең шебер құмаршы деп естіп, келіп отырсың. Мен шынында да, құмарлықтың шегіне шыққан адам едім. Бірақ қазіргі халімді қара, жағдайым өте нашар. Сол құмардың кесірінен бала-шағамнан безіп, бар дәулетімнен айырылып тындым. Қартайған шағымда қурайдай қу басым ғана қалды. Сол кездегі істеген істерімнің жазасын енді тартып отырмын. Маған қара да ғибрат ал!
(210 сөз)
Қайтқанда
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көрінеді. Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлаңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңадан атқан. Салқын күннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына дейін суландырған.
Ералының кең жазығына келіп ілінген жүргіншілер – ерте көшкен ауылдың ер-азаматтары. Көшіп келе жатқан –Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында ұзаңқырап кеткен мынау бір топ аттылар – Абай мен оның кей достары, кей ақын-әншілер.
Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар – үшеуі өзгелерден озыңқырап,оңаша әңгімелесіп барады. Артқы топ – Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен болатын. Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді.
Жүрістің ертелік мазасыздығына қарамай, күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне қарамай, ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап сөйлесіп, әзілдесіп, күліп келе жатыр.
(245сөз)
ӨЗДІК ДИКТАНТЫН ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Өздік диктанты оқушылардың теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асырудың бір көрсеткіші болып табылады. Өздік диктант оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Сөздік қорын молайтады. Сондықтан өздік диктанттын жазған кезде оқушы бірнеше ережелерді ескеруі керек:
-
Қазақ тілінің төл дыбыстарының, сөз бен сөз тіркестерінің, құрмалас сөйлемдердің жазылу ережелерін есте сақтау.
-
Оқу мәтіні бойынша тапсырма орындаған кезде мәтін бөліктерін есте сақтап,жүйелі түрде жатқа жазу.
-
Жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш және қанатты сөздерді есте сақтап, қатесіз жазу.
3.1 Өздік диктантына арналған өлеңдер
Ақын-жазушылардың өлең-жырларынан
Қыдырдық,
жүрдік, тойладық,
Қызыққа ешбір
тоймадық.
«Уақытым қайда кетті?»
деп,
Отырмын енді
ойланып.
Уақыттан
бәрі жеңілер,
Жол да жоқ артқа
шегінер.
Осы күн, осы сәт
бізге,
Бір-ақ рет қана
берілер...
* * *
Өткізе
бермей жай ғана,
Уақытты жарат
пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең
уақыт
Берілген кедей-байға
да.
Уақытты
жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа
байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде
де,
Жиырма төрт сағат ─ байда
да...
* *
*
Осыған,
досым, не дейсің?
Өзіңді кімге
теңейсің?!
Уақытың ─ бірдей, о
неге,
Анау ─ бай, ал сен ─
кедейсің?
* * *
Неге біз
осы, неге біз,
Ұмытып кете
береміз?!
Денсаулық пенен
уақыттың,
Қадірін білмей
келеміз...
Барлығы
қарын қамы үшін,
Не істедің сонда жан
үшін?!
Жаныңа бір сәт уақыт
бөл,
Бойыңа иман
дарысын.
* * *
Әр сағат,
әр күн, әр апта,
Бағынар ғұмыр
сағатқа.
Уақыты жетіп піспей
ме,
Қазанға салған тамақ
та?!
Шуағын
көктем төккенде,
Мерзімі келіп
жеткенде,
Уақытқа үнсіз
бағынып,
Өседі гүлдер,
шөптерде.
* *
*
Үгітіп,
жолға тасталған,
Мына құм – бұрын тас
болған.
Уақыты бітсе,
мыңжылдық
Жұлдыз да құлар
аспаннан!
Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі»
Ойлансақ өмірдің әр сәтін санап,
Уақытын тоқтата ма дүние-сағат?
Кешегісін қайтарар кім бар екен?
Түзеу үшін істерін басқан ағат.
* * *
Қолдан келмес, бұл уақыт кері қайтпас,
Өткен өмір уақытпен берік айқас.
Заңға бағын, балалық, сен де қош бол,
Тарих-жылдар төріне келіп жайғас!
* * *
Өткен сендік әр күнім сағынышты,
Әттең, өмір уақытқа бағынышты.
Балалық, мен сенімен қалар ма едім?..
Уақыт мені ол күннен алып ұшты.
* * *
Есейерін кім білер бал шағында?
Ол өтміштің қалады алшағында!
* * *
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер.
* * *
Мектебің – білім бесігің
Айқара аш есігін.
* * *
Нұрлы жол бастап елді алға,
Жүректе мәңгі нұр тұрсын.
Көгімде бейбіт күн тұрсын,
Төрімде ана тіл тұрсын.
* * *
Жүректің тұрып құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың?
Енді қайда барасың?...
Омар Һаям
* * *
Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз іздеуіне ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
Ақылмен ойлап білен сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
* * *
Ағайын жат болады,алыс болса,
Жат та жақын болады,таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса,-
* * *
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем мың кісіден,
Мұқағали Мақатаев
3.2 Өздік диктантына арналған қанатты сөздер
Адам баласы жан жемісін таппай, өнердің терең мағынасын, шын мақсатын түсіне алмайды.
М. Әуезов
Тарих үш өлшемге негізделеді.Адам.Уақыт.Кеңістік. Әр пенденің бүгінгісі,ертеңгісі(өткендегісі), болашағы бар. Өткені – ғибратты, бүгінгісі –жарқын, болашағы кемел болмаса, бұл өмірінде мән де,сән де, нәр де жоқ.
Манаш Қозыбаев
Жамандықтың өлетін жері жақсылардың кеудесі.
Көкейін ақша тескен баланың кіндігін де ақшамен кескен шығар.
Әдемілігімен көзіңе жақын, әдептілігімен көңіліңе жақын.
Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатады.
Бұлағы бар өзен ұзақ ағады.
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз
үйренеміз
Сенека
Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата
білмесең, құр қаталдықтан түкте
шықпайды.
А.П.Чехов
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе
үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай
жасатамын»
Альберт Эйнштейн
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім
қажет".
Шоқан Уәлиханов
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі
қуанышқа ие болатын келешек жолын
тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен –
тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
Құт берекең- атаң
қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек
би
Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
Ұстаз – анаңдай ұлы.
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы
Ана тілің – асылың, оны білмеген –
масылың.
Қадыр Мырза
Әлі
Ал екінші бақытым – тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі
ойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады.
Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой
тәрбиесінде сыңар жақ азамат
болады.
Мұхтар Әуезов
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек
Аймауытов
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт —
жойылған жұрт.
Халел
Досмұхамедұлы
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен
де, болашағынан да қол
үзеді.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәні интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз
қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау
Мыңбаев
«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын,
бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,
яғни бар тарихының куәгері, деректі
көзі»
С. Аманжолов
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты
емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ
тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген
де бір.
Тоқсары
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен
озады.
Жұмысы
жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Дүниеде нені арман етсең де іздемей қолыңа түспейді.Керегіңді іздеу жолында жалықпа да торықпа.
Жаман киімді кісінің бәрі жаман емес.Алтын тас арасында да жатады.”Ерді кебенек ішінде таны” деген сөз бар.
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:
1.Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.
2.Елді басқарған өкіметі сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.
3.Асты күтпей ысырып ету – берекені кетіріп ашығуға апарып соғады.
1.Удан ащы не бар?
2.Қайтып оралмайтын сүйкімді сағат қай мезгіл?
3. Күннің жақсысы қайсы?
4. Бір жетілік қуаныш қай кезде болады?
5. Адамның жасыра алмайтыны не?
6. Тірі адамның өлетін уақыты қайсы?
7. Жүдемейтін көңіл қандай адамда болмақ?
8. Тәртіптің зынданы не?
Оның жауаптары мынадай:
1.Удан ащы – әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз.
2.Балалық шағың.
3.Патшалар үшін таққа мінген күн, ғалымдар үшін еңбегін аяқтаған күн.
4. Саудагердің қуанышы бір жетіден артпайды, жетіден кейін аз пайда алса ренжиді.
5.Өлім.
6.Өтірік.
7.Жүдемейтін көңіл – әйелі сыйлаған адам.
8. Ата-ананың тілін алмаған бала.
Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуға себеп болады.Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды.
Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.
Кімнің қызысың?
-Ауыл кісісі үйір үйдің қызымен, төбесі биік үйдің қызымын.
-Онда даланың ұлығының қызы екенсің ғой.
-Өзіңіз кімсіз?
-Сіз бүкіл елдің әкімі екенсіз ғой, - депті қыз.
Жақсы адамның өз мойнына алған борышы темір шынжырдан да, аттың кісенінен де мықты.
Не жаман? Жақсы әйелдің есалаң ері болса, рақымды, жомарт жандардың ақшасы жоқ болса, сол жаман.
Қайғыда не қайғы?Жаңбырда жолға шыққан қайғы, сүйікті адамыңмен тез ажырасқан қайғы.
Не ұнамсыз? Сөз білместің сөйлегені ұнамсыз, дауысы жоқтың ән салғаны ұнамсыз, жақтырмайтын әйелдің сүйіспеншілік көрсеткені ұнамсыз.
Ғалымдар – қоғамның шамшырағы
“Құран кәрім”
Кім үлкенді құрметтеп сәлем берсе оған төрт қасиет: ұзақ өмір, көп білу, даңқ пен саулық рухының нұры жауады.
Үндінің мәну заңынан
Өнерден жақсы нәрсе, білімнен – үлкен, ұяттан – сұлу нәрсе, қызғаншақтан асқан дұшпан жоқ.
Сократ
Елінің ауыр жүгін көтеріп, аз қуанып, көп қиналғың келсе – ақын бол.
Бердак
Алла тағаладан не сұрау керек?
- Екі дүние жақсылығын.
Өмірді қалай өткізу керек?
-Өмірді жүректің қалауымен өткізген мақұл.
Жақсы адамды қалай тануға болады?
-Үш нәрсемен:білімділігі ,жомарттығы,ақжарқындығымен.
Мына бір сөздерді мәңгілік есімізде сақтайық: Басқа адамның қол сұғылмас дербестігін қадірле,кемтігін, кемтарлығын ая.Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа,мазасын алма, тыныштығын кетірме.Өзіңе көрсетілген сезімталдық,төзімділік үшін қайырымдылыққа рақмет айт.
Кәрілік бақыт бола алмайды. Бақытты кәрілік дегенді надандар ғана ойлап тапқан. Кәрілік тыныштық немесе қасірет болуы ғана мүмкін. Сый-құрметке ие болғанда ғана, ол тыныштық болады.Ұмытшақтық пен жалғыздық оны қасіретті етеді. Адам өзінің ұрпағы арқылы өмірде көп жасайды.Адамның өлместігі де осында.Өліп кеткендердің бейнесін үнемі есте сақтап ,айта жүру керек екен. Кімнің жан дүниесінде өткеннің бейнесі болмаса, ондай жанда болашақ та бола алмайды.
Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар.
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Білім мен құдіреттілік — екеуі де бір нәрсе.
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.
Көп білем десең, аздан бастап үйрен.
Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан
Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен
таусылмайтын жанға көрік.
Ақансері
Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен
табылады
Ахмед
Үйегнеки
Білім — адам баласының ортақ
қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ
халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске
асыр
Махмұд Қашқари
Бұл заман білекке сенетін
емес, білімге сенетін заман
Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен
өлшенеді
Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен
бағаланады
Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен
ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір
тұл.
***
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың
алдаспаны»
***
Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді
ұлт
***
Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес,
бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы
жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс
***
Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы
керек
***
Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық
әлемге қарай жылжып келеміз
***
Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық
табыстың үш кілті туралы еске сала кеткім
келеді
***
140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.
***
Біздің міндетіміз – Отанды қорғау, сақтау және байыту.
***
Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман–есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.
***
Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.
***
Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.
***
Осының арқасында біздің әр алуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.
***
Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.
***
Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру.
***
Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз
***
Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің құнды жеңісіміз болып
табылады
***
Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы
***
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам
мен адамды теңестіретін – білім»
деген.
***
Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз.
***
Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады».
***
Тәрбие басы – тіл
Махмұд Қашқари
***
Тіліңді тый – тісің сынбайды
Ахмет Игүнеки
***
Басқа пәле – тілден
Жиренше
***
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас
Бәйдібек Қарашаұлы
***
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас
Төле би
***
Тіл – өткір найза
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
***
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ
Базар Оңдасұлы
***
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды
Абай
***
Тілден – зікір, көңілден – пікір
Сұлтанмахмұт
***
Адам көңілден азады, тілден жазады.
* * *
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
* * *
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
* * *
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
* * *
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
* * *
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
* * *
Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
* * *
Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
* * *
Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде.
* * *
Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.
* * *
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
* * *
Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.
* * *
Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
* * *
Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
* * *
Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
* * *
Тіл – қылыштан да өткір.
* * *
Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.
* * *
Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,
Сыйынатын тәңірі.
* * *
Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.
* * *
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Хас шешендер сөз айтар
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкілата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
* * *
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.
* * *
Дүниенің ең басты жұмбағы – адам.
* * *
Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.
* * *
Алпыс адам – бір жақ, ақын өзі бір жақ.
* *
*
Әкеңді
білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген
үлкен сұмдық!
* * *
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.
* * *
Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек
* * *
Дүниеге шын
ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та
туады.
Азаппен
келген даңқ –
мәңгілік.
Талант –
халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына
тиеді.
Қор қылу
да, құдай қылу да халықтың
қолында.
Пайғамбар
жасау халықтың қолында, бекерге мәз болып, өзіңді-өзің алдау,
алдану өз қолыңда.
Ең үлкен
махаббат – халық
махаббаты.
Халықтың
ықыласына ешкім тиым сала
алмайды.
Даңқ
үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан
өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына
бөленесің.
Таздың
басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес,
Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет
құбылыс.
Лайық емес
адамға даңқ
жоламайды.
Даңқ —
онның бірін, жүздің бірін таңдайтын
талғампаз.
Даңқ —нағыз
таланттың жолсерігі, жұбанышы, көз жасын сүртетін беторамалы, жан
жарасын жуатын таң
нұры.
Даңқ –
ақынның бірінші бақыты емес.Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық
үдеріс. Ал қалған тірлігі қараңғы
туннель
Әр ақынның
—егер ол шын ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті
болады
Кейде тіпті
ақын неғұрлым дарынды, неғұрлым арлы болған сайын соғұрлым
сормаңдай бола ма деп те
ойлайсың!
Нағыз
қайыршы ұрлық
жасамайды.
Жалпы
жоқтық деген пәле мықты ақындарды өте жақсы көретін болуы керек,
қай заманда, қай елде болмасын, алдымен соларды іздеп
табады.
Абыройыңды
жауып жүрудің өзі оңай шаруа
емес!
Қарыз
алатындардың көбі – қарызды қайыра
алмайтындар.
Жүйке ауруы
– жалғызілікті емес, көп
ағайынды.
Туғанда
аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір
құдай ғана біледі.
Әкелетін
өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім – өмірдің
өзі.
Адамды
ауыртатын да, өлтіретін де сол
өмір!
Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады!
Өлімнен
қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден
қорық!
Ақын —
өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ
жан.
Қайсібір
ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген
бақытты әдебиет бар ма
екен?
Жынның
момыны болмайды
Хайуандар
ғана емес, адамдар да
түлейді
Басқаға
еліктесе де адам өлімге еліктемеуі
тиіс.
Миға кірген
ой, шөңгеден де
жаман.
Өмірге
келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі
бар.
Абыройыңнан
айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше,
дұрыстап бір өлген
артық.
Бақытсыз
деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма
екен?
Әңгіменің төркіні — әңгіме.
Тыныштық
жар төсегінен
басталады.
Жазмыш
логикаға қарамайды.
Елге,
әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар
өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын
олар баяғыда сынап
кеткен.
Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.
От пен судың арасы. Шындық пен өтіріктің
арасы от пен судың арасынан да
жаман.
Дұшпандары
ақынға бәрін кешіреді, бірақ тірі жүргенін кешірмейді. Тірі ақын
қашанда қауіпті.
Әйтпесе,
басынан айырылған адамға тілден не пайда? Ал ақындар үшін тілінен
айырылған соң басынан не
пайда.?
Ақынның
үнін өшірудің жылдар сынынан өткен ең оңай тәсілі – қылғындыру,
тұншықтыру болып
келген.
Батыр да бір оқтық, ақын да бір
оқтық!
Бір ғана
нәрсе көңілге медеу – көңілі сүттей ақ періште ақын өзін атқан ата
жауларын көріп
өлді.
Жалпы жазу
үстелінің басында өлу – бүкіл ақын-жазушының арманы деуге
болады.
Нағыз
жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет
етпейді.
Қасқыр
орманға қарап ұлыса, қазақ қырға қарап
күрсінеді.
Көптің
ішіндегі жалғыздық, аралдағы жалғыздықтан да
жаман.
Көз
адамдардың бәріне бірдей тәрізді. Бірақ жай адам басқаша көреді де,
жазушы адам мүлде басқаша
көреді.
Ағашты
тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар
еді?!
Өнер жүрген
жерде еліктеу болмай
тұрмайды.
Кез-келген
жас дарын қашан дараланып өзінше қалыптасып тынғанша бір мықтының
тартылыс күшінен шыға
алмайды.
Шығармашылықта емес, жай тіршілікте де
ұстаздың әсері көрініп
тұрады.
Ақша
талғамға қызмет
етеді.
Кейде
жоқтықтың өзі жаңа сәннің тууына себепкер
болады.
Ақындар
тірлігінде жалпы логикаға сыймайтын құбылыстар
жиі
болады.
Өнер адамы
үшін шығармашылықта үшін, тіршілікте болсын, ең ақыры киім –
кешекте болсын, ешкімге ұқсамау – басты
міндет.
Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл
негізінен адамның өзі тауып алатын
дерт.
Әмірге
ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау
қалғандары шамалы.
Қолдан
келсе табиғатқа тиіспеген
жөн!
Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар.
Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық
тіл.
Адам өрісі
кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла
түседі.
Ғарыштық
өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл
ғана.
Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат.
Махаббат –
жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы
сезім.
Өзі ұлы
ақын өзге ақынды бағаламай тұра
алмайды.
Жалпы ақын
деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса,
бір қолы қарудан
босамаған.
Білместі
білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи
құштарлық.
Ақындардың
сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан
жаңалық емес.
Ақын
атаулының бір жанды жері – тіл болса, екінші жанды жері-
тарих.
Әр ұлттың
рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылыми қоймасында біз білмейтін қанша
сыр, Қанша құпия
жатыр?!
Адамды
жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді
жамандағаным.
Адамзаттың
басты қасіреті – ол бүгін әділдіктен кетіп
қалған.
Ақиқаттың
өзін өтіріктің аузымен
айтады.
Өзгені жеңу
үшін, өзіңді жеңуің
қажет.
Сайтандық
та, әулиелік те адамның өз
ішінде.
Сайтанымды
өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап
емес.
Қайталап
айта берген сөздің дәмі
болмайды.
Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын.
Әдебиет пен
өнердегі дау — мәңгі
дау.
Мен өзі о
бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап
үйренгем.
Ол –
оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің
жемісі.
Адам қанша
мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен
кездері де аз емес!
Біздің
қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя
кезіндегі қуғын-сүргінге
байланысты.
Адамзатта
қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез
бар.
Біреуге
жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті
емес.
Ақындардың
басты қызығы — өлеңдері,
шығармашылығы.
Кісілік
кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел
басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін
жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына
ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат
қасиет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептер мен оқу орындарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. Алматы, 2014 ж.
2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті бойынша диктант, мазмұндама , шығармаға қойылатын талаптар мен бағалау нормалары . Әдістемелік нұсқау хат. Астана 2012ж. (Құрастырғандар Р.М.Баттал, И.Р.Махракова).
3. Бағдарлама: Қазақ тілі (оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің 5-9, 10-11 сыныптары үшін).
-
Ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш, Мұртаза, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, М.Мағауин, Т. Бердияров, Е. Қалиев, Т. Бердияров,Тілеуке Құлекеұлы , Ш.Құдайбердіұлы. Ахмед Үйегнеки,Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Мағжан Жұмабаев, Ақансері Қорамсаұлы
5. Баспасөз материалдары.(газет және журналдар)
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ
5-11-сыныптар
Баспаға қол қойылған: _______2015ж.
Қағаздың пішімі А3 1/16
Баспахана «____».
Тираж 100 дана.
PAGE \* MERGEFORMAT2