Диктант "Өжет құмырсқа"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диктант "Өжет құмырсқа"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда қазақ тілінен алынатын жазба жұмысы берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 01.03.17

Сыныбы: 6 «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Өжет құмырсқа»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін және жазу мәнерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды өжет болуға, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушыларды түгелдеу;

• Жазба жұмысының тақырыбымен таныстыру.

ІІ. Жазба жұмысына дайындық:

1)Мәтіннің тақырыбымен, мазмұнымен таныстыру;

2) Қиын сөздерді тақтаға жазу;

ІІІ. Диктант жазу

Өжет құмырсқа

Серуендеп келе жатып, құмырсқалардың илеуіне тап болдым. Олар қыс қамына қызу кіріскен сияқты. Ары-бері зыр жүгіріп, тыным табар емес.

Кенет ағаштан бір жұлдыз құрт түсті. Оны бір құмырсқа байқап қалыпты. Дереу жұлдыз құртына жабыса кетті. Құмырсқаның шаққаны жанына батты ма, құрт серіппеше жиырылып, жауын едәуір жерге ұшырып жіберді.

Құмырсқамен салыстырғанда үстін түк басқан жұлдыз құрттың түрі тым сұсты еді. Бірақ одан қорқатын құмырсқа жоқ. Есін жиып алды да, құртқа өршелене ұмтылды. Бұл жекпе-жектің нәтижесі де жаңағыдай болды. Құмырсқа сонда да беріспеді. Қайта-қайта шабуылдап, қарсыластарының есін жиғызар емес. Жұлдыз құрт енді шындап сасайын деді, соңғы күшін жинап, шөп арасына қарай тез-тез жылжи берді (104 сөз)

ІV. Қорытынды Диктантты толығымен қайталап оқып, тыныс белгілерін қойғызу.

V. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

 ҮІ. Жазба жұмыстарын жинап алу.

 ҮІІ.Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты қайталау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.04.2018
1721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі