Материалдар / Диктант, шығарма, бақылау жұмыстары бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диктант, шығарма, бақылау жұмыстары бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінен 1-4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарына арналған мәтіндер, тапсырмаларымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2023
548
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат


Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорт қызметінде дербестікті қалыптастыру, алға қойған мақсаты бар, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.

Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндетті шешуде оқуға уәжі жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі және бақылау мен өзіндік бақылау түрлері көмектеседі.

Барлық оқыту және бақылау жұмыстары түрлерінорындау үшін оқушыларда жеке дәптерлері болуы қажет.

Құрастырылған бақылаужұмыстарыоқушылардың әдебиеттік оқудан, қазақ тілі, математика, дүниетанудан оқушылардың білім-білік, дағдыларын нақты бағалау үшін қызмет етеді. Әр бақылау жұмысына дескрипторлар берілген.Дескрипторлар мұғалімге бақылау жұмысын нақты бағалауға себін тигізеді.



























«Тіл және әдебиет» білім саласы

Әдебиеттік оқу


Түсінік хат


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы23 тамыздағы

1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие,рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен,отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітапжәне анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.


«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.


2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. мәтінді саналы оқуды;

  2. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;

  3. мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;

  4. мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;

  5. көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша тыңдау мен әңгімелеуді;

  6. мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауын қоюды;

  7. мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  8. тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  9. ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;

  10. халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;

  11. өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);

  12. өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;

  13. оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);

  14. шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.


2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.


3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;

  2. нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;

  3. мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;

  4. көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;

  5. көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;

  6. мәтінге түрліше жоспар құруды;

  7. мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;

  8. мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;

  9. оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;

  10. шығармадағы негізгі ойды табуды;

  11. шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;

  12. мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.


Оқушылар меңгеруі қажет:

  1. ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;

  2. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  3. өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  4. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

  5. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  6. мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

  7. 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.


4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;

  2. мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;

  3. қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);

  4. өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);

  5. көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;

  6. басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйіт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты – диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;

  7. шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;

  8. мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;

  9. мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  10. мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;

  11. мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;

  12. әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.

Оқушылар меңгеруі қажет:

1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;

3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;

4)ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

5)көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

6)мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;

7)әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

8)көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;

9)ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;

10)сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;

11)тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;

12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

14) 4-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жартыжылдықта – 70-80 сөз оқуды.

Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білуінен;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;

  3. ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;

  4. қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;

  5. мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;

  6. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;

  2. мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;

  3. мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;

  4. көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;

  5. шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;

  6. шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;

  7. ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;

  8. танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.


2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 50-55 сөз оқуды.

Қорытынды жұмыстар саны:

Тоқсан

2-сынып

3-сынып

4-сынып


Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

I



4

1



4


1



4

1

II

1

1

1

III

1

1

1

IV

1

1

1

жыл

4

4

4

4

4

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!