жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Диктант үлгісі

Жапырақ
Күн жылынды. Жапырақтар бүршік жара бастады.(6 сөз)
Көшіріп жаз.
Көктем
Көктем келді. Күн жылынды. Əжем наурызға көже пісірді.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Қыс
Қаңтар - қыс айы. Айнала аппақ қар.Қар қалың жауды.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Тоғайда
Балалар тоғайға барды. Олар жеміс терді. Тоғайда жеміс көп.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Қозы
Біз жазда ауылға бардық. Онда қозылар бар екен. Бір қозы - қоңыр. Бір
қозы –қоңыр ала. Біз қозыларға сүт бердік.
Тапсырма.
Үшінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Бозторғай
Бозторғай -дала құсы. Оның денесі шағын болады. Бозторғай даланы
мекендейді. Жерге ұя салады. Ол- пайдалы құс.
Тапсырма.
Үшінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Ішік
Ішік – жылы киім. Ішікті аңның терісінен жасайды. Оның екі жағы да
қалың. Ішік киген адам суықта тоңбайды.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Қалада
Қайраттың атасы Алматыда тұрады. Ол қалаға қыдырып барды. Онда əдемі
үйлер көп. Атасының үйі Алатауға жақын орналасқан. Қайрат Медеу мұз
айдынына барды.

Тапсырма.
Сөйлемдердің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Наурыз
Наурыз - көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді.Наурыз көже пісіреді.
Əртүрлі ойындар ойналады.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Отан
Менің Отаным- Қазақстан Республикасы. Ол- тəуелсіз ел.Біз Отанымызды
сүйеміз. Отан- оттан да ыстық.
Тапсырма.
Соңғы сөйлемнің сызбасын жаса.
Көшіріп жаз.
Шұбат
Шұбат əрі сусын, əрі тамақ. Оны түйенің сүтінен ашытады. Шұбаттың
емдік қасиеті бар.
Тапсырма.
Бірінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Əже.
Əселдің əжесі бар. Ол ауылда тұрады. Əжесі оған шұлық тікті. Əсел
қуанды.
Тапсырма.
Екінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Көктем.
Көктем келді. Күн жылынды. Дала қандай тамаша! Жер беті жасыл көрпе
жамылғандай.
Тапсырма.
Үшінші сөйлемнің сызбасын жасаКөшіріп жаз.
Жылқы.
Жылқы төрт түліктің бірі. Саусаң қымызы сусын. Мінсең көлік. Оның
еті, қымызы ем. Оның майы салқында қатпайды.
Тапсырма.
Екінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Құрманғазы
Алты жасар Құрманғазы жастайынан байдың қойын бағады. Жалғыз
серігі өзі қолдан жасап алған домбырасы.
Оны қалдырмайды. Қозыларын айдап қырдың астына түседі де, отыра
қалып домбырасын тартады. Құрманғазы ел аралап өнерін жетілдіреді.

Көшіріп жаз.
Күз
Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытады. Ағаштардың
жапырақтары сарңаяды, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тапсырма.
Екінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Достар
Күзгі жауын себелеп тұр. Жағалауда отырған торғай теңізден соққан
толқынға еркелей қарайды.
Мүмкін колшатыр ұстаған бала көмекке келер деп күтуде. Бүлдіршін
құсқа тимейді. Қорғайды. Оны аялайды. Тек торғай үрікпесе болғаны.
Достар осылай табысты.
Көшіріп жаз.
Қайың
Қайың биік өсетін əдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның
жапырақтары жылтыр, жап- жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оның
пайдасы мол.
Көшіріп жаз.
Бəйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мəз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Көшіріп жаз.

Əсемпаз болма əрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген