Диктанттар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

















































БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ

Дайындаған:Садырханова Айгул













Алғы сөз

Қазақ тіліне қосымша берілген бұл кітапша жас ұстаздарға көмекші құрал ретінде ұсынылады. Әр ұстаз сыныбының деңгейіне сай етіп, көшіріп жазу, деңгейлік тапсырма, қысқа әңгіме, тапсырмалы диктант ретінде түрлендіріп қолдануға болады.

Кейбір диктанттар үлгі ретінде тапсырмалы диктант деп ерекшеленген. Ұстаз өзінің ұтымды әдіс-тәсілін қолдана отырып, түрлендіруіне болады.

Диктанттар жинағы 1-4 сынып оқушыларының алатын білім стандартына сай мүмкіндік деңгейлі оқушылар үшін пайдалануға жинақталған.

Міндетті деңгейдегі оқушылар үшін тапсырманы шағындап, ыңғайлап алу тиімді. Мәтін құрамына бейнелеу өнері, эстетика, дүниетану, тіл дамыту сабақтарында өткен материалдарға сай қиын термин сөздер енген.

Көп жылдық еңбек өтілімдегі әр сабағымда бұл жинақты анықтау, қайталау, жинақтау немесе білім сапасын тексеру сабағында қосымша қолданамын.


Садырханова Айгул
























































Сын жұмыстарын жүргізуге арналған нұсқау

Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру - бастауыш сынып оқу үрдісіндегі ең қажет бөлігі. Сын жұмысы оқушылардың алған білім деңгейін және біліммен дағдыларын саналы түрде меңгеруін тексеру , бақылау мақсатында өтеді.Бағдарлама бойынша үлкен тақырыпты меңгерген соң кезекті сын жұмысының түрі өтеді.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында»: «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі.Ұлттың болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметтегі өз аясын кеңейтуіне тығыз байланысты» делінген.

Тіл байлығы – әрбір елдің , ұлттың мақтанышы.Тіл адамзат баласын өркениетке жеткізген ұлы күш.Сондықтан да бастауыш сыныптан –ақ тіл тазалығына, сауаттылыққа баулудың, оны анықтаудың жолы - сын жұмысын тиімді, дұрыс жүргізе білу.Сын жұмысы дыбыспен танысып, әріпті оқи бастаған күннен жүре бастаса тиімді болмақ.Сөзді дұрыс айту, дыбысты ажырату, буынға бөлу, сөйлем құру машығын дамытудағы оқушының білімі сын жұмысымен бақыланады.Яғни, бірінші сыныпта «фонетикалық» диктант,сөздік диктанты сабақ барысында 5-6 минут жүріп отырылса болады.Бұдан оқушының есту, тыңдау қабілеті, зейін қою, жадында ұстау машығы дамиды.Ал жатқа жазу, көшіру диктанты жүру үшін тапсырма интерактивті тақтада, немесе карточкамен жазылып беріледі.Мәтін оқылып, диктант мақсаты түсіндіріледі . Мұғалім диктантты түрлендіріп ,шығармашылық тапсырма түрінде ,оқушы мүмкіндігін ескере отырып ұйымдастырса баланың ой – өрісінің дамуына, қисынды ойлауға,ізденіске, интерактивті ойлауға,әрекет жасауға бағыт береді.Әр жұмыс өзгертіле отырып , тапсырмалы болып келеді.Сынып оқушыларының мүмкіндік деңгейіне сай мұғалім тапсырманы қиындатуға немесе оңай түріне ауыстыруына да болады.Сын жұмысы білім мен дағдыны бақылаудың алғашқы нөлдік үзігінен бастап, тоқсандық, аралық болып мемлекттік бағдарламаның орындалу барысын тексеру мақсатында жүреді. Диктанттарының мазмұны оқулық тақырыбымен үндесіп келеді.Мұнда оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес мәтіндерді таңдап алу мүмкіндігі бар.Сондай-ақ кейбір бақылау диктанттары нәтижесін талдау схемаларының үлгілері берілген.Бұл әр оқушының білім деңгейіне тақырыптық есеп жүргізуге өте қолайлы.Жинақтағы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі,сөздік,бақылыу диктанттарын таңдап-іріктеп алу мұғалімнің еркінде. Қортынды сын жұмысы – әрбір оқушының білімін есепке алуда ерекше мәні бар жұмыс





































































түрі. Ол оқушы мен мұғалім жұмысының нақты көрсеткіші болып табылады.

Жатқа жазу(диктант)- орфографиялық, пунктуатциялық, сауатты жазуын және каллеграфиясын тексеру құралы. Жазылуы қиын сөзді мұғалім оқи отырып, түсіндіруі не тақтаға жазып көрсетуі керек.

Сын жұмысын бағалау және тексеру

Сын жұмысы дидактикалық мақсаты жағынан да, өткізу тәсілі де бөлек сабақ . Негізі мақсат: анықтау, қайталау, жинақтау, білімін тексеру.

Берілген мәтіндер тәрбиелік, білімдік мәні бар, ғылыми, бағдарламаға сай жинақталған болуға тиіс.Мәтінді жазып, тапсырмалы кезең орындалған соң, оқушы өздігінен тексеру жасап барып тапсырады.Сын жұмысында оқушының жазу мәнеріне (каллеграфиясы),қатесіз жазуына, тапсырманы орындауына қарайды. 3-4 сыныптарда екі баға қою үрдіске айналған.Диктанттың жазылуы және тапсырманың орындалуы.Жазба жұмысының бағалау кезеңі оқушының жіберген қатесінің саны мен қатенің берілген мақсатқа сай ауыр не жеңілдігі қаралады.

Диктантта мына норманы орындау негізге алынады:

«5» - қатесіз жұмыс

«4» - 1,2 қатесі бар жұмыс;

«3» - 3,5 қате жіберген жұмысқа;

«2» - 5 тен көп қатесі бар жұмысқа.

Көшіріп жазу диктанты үшін талап жоғары болуы тиіс. Олар көріп отырып жазған жұмыстарына, талдау жасауына баға төмендегідей бағаланады:

«5» - мүлтіксіз таза, қатесіз, жазу мәнері өте жақсы жұмысқа;

«4» - 1,2 түзету, 1 қатесі бар жұмыс;

«3» - 2,3 қатесі бар жұмыс;

«2» - 4 не одан жоғары қатесі бар жұмысқа.

Оқушылар білімін бақылау, салыстыру білім беру жүйесінде туындағанкүтілетін нәтижеге жетудің, тоқсандық, жылдық бағалау мен салыстыру, мониторинг жасауды анықтауға көмек береді.Сын жұмысының нәтижелері негізінде рейтингтік бағалаудың ғылыми негізделген әдіснамасын жасауға жол ашылады.Сын жұмысы оқушының әрекет нәтижесінің сандық және сапалық көрсеткіштерін өлшеуге арналған әдіс болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен жазба жұмысының мөлшері.

сынып

тоқсан

диктант

Көшіру диктанты

мазмұндама

шығарма

Көлемі

(сөз саны)






























































1

1

2

3

4

-

1

2

2

1

1

2

1



8-15

2

1

2

3

4

2

2

4

2


2

1

3

2


1

2

2

1

1

1

1

1


30 -50

3

1

2

3

4


2

2

4

3


1

1

2

1


1

2

2

1

1

1

2

1


50 - 70

4

1

2

3

4

2

2

4

3

1

1

2

1


1

2

2

1

1

1

2

2


70 - 90

Диктантты өткізуге қойылатын талаптар:

1.Диктантты өткізер күн алдын ала белгіленіп,оқушылардың қай тақырыпты қайталауы, ережені пысықтауы ескертіледі.

2.Диктант мәтіні екі – үш рет оқылып, қиын сөздер мен түсінікке ауыр сөйлем болса қадағаланып, тақтаға жазылады.

3.Орфоэпиялық заңға сүйене отырып, сөздің анық оқылуына, кідіріс жасауға мән беріліп, сөйлемніңмағынасын толық түсінетіндей анық оқу керек.

4.Диктант жазылып болған соң мәтін қайта оқылып, тексеру жасауға мүмкіндік беріледі.

5.Ең соңында диктант жұмысы кезекшінің көмегімен жиналып, тексеру жасалады.


Жадынама

Өзіңді өзің тексер.

  1. Әр сөйлемді мұқият оқы.

  2. Сөйлем соңында нүкте қойдың ба, қадағала.

  3. Әріп тастаған жоқсың ба, тексеріп, буындап оқы.

  4. Жалпы, жалқы есімдерге, оның жазылуына назар аудар.

  5. Дауысты (о-ө, ы-і, ұ-ү), дауыссыз (п-б, н-ң, т-д, с-з) дыбыстарының жазылуын тексер.

  6. Тасымалға назар аудар.

  7. Қатар келген дауыссызға ден қойып қара.

  8. Қатеңді шималамауға тырыс.


1 – сынып

Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп.

1 – нұсқа

Мен қанша рет айтсам, сонша реткіші әрпін жаз:

әә ә ә ә

2.Сызба бойынша сөздер жаз, сөзге сонша тор көз сыз:














Үлгі: ара, ағаш, балға





























































3.Мына сөздерді буынға бөлейік:

Қарақат қа- ра- қат, Жү –зім, ал – ша, бүл – дір – ген,


4.Сөйлем құрамыз.

БDrawObject3 DrawObject1 DrawObject2 із жүзім жедік.



Біз жүзім жедік

2 – нұсқа

1.Сөздерді жаз: апа,ата, аға,нан,ат,

2.Мына буыннан сөз құраймыз:

- та, - па, -рақ,- ла,- ра

3.Сөйлемді жазу:Ата, ат тағала.

Апа, нан ал.

4.көпше түрде жазамыз: ат – тар, аға –лар, әке –лер


У, Ш, Й, О, Ғ әріптері

1 – нұсқа

1.Дауысты дыбыстарды теріп жазамыз:

И т р б а қ ө ы ә ұ

2.Осы дыбыстарды пайдаланып адам атын жаз:

Үлгі:Бану, Айгүл, Ұлжан, Роза, т.б

3.Сөйлемді жаз.

Бану, алма ал.

Айша, шашу шаш.

4.буынға бөл:то- ған, та –ған, тау,ой –на


2 – нұсқа

1.Мына әріптердің кіші әрпін жаз:

Қ П Р И Д Ж А О

2.Көп нүктенің орнына тиісті буынды қой.

Қай ---.шор ..., ай ..., та..., ...же, ...ке

3.Анасы Айшаға алша берді.

Атасы малды қамады.

4.сөздерді жаз:қыс, жаз, көктем, күз

Д , М , Б, Ы , Ж, У , І әріптері


Көру диктанты

Доп, маса, бала, ыдыс, жуа, тау, іні

Буынға бөл.

Мы – сық, ба – лық, жу – сан, ы – дыс, са –ғат, ша –ға – ла, ай –на

Балық

Балық суда болады. Арман балық аулады. Ол үш балық аулады. Анасы Арманды мақтады. Арман қуанды.

дауысты дыбыстарды жаз: а –ә, о –ө, ұ – ү, ы – і.

Ң , Е , К, И әріптері

1 - нұсқа

1.Жазылуын есте сақта!

Ыс – іс, ұн – үн, ақ –әк, аң – ән, от – өт, ос – өс

2.көшіріп жаз.

Еңбек, кіші, ішік, інішек, кеш, түс, ит, ине, инелік, іңір, таң, шаң.

3.Мына буындарға сөз ойла .

Ба - ..., та - ...., қа - ...., са - ..., кө - ..

4.Сөйлемнен дауысты дыбысты тап.




























































Қасқыр. Қасқыр – жыртқыш аң. Ол далада өмір сүреді.Оның баласын – бөлтірік дейді.


2 – нұсқа

1.Есту диктанты.

Аңшы тазы итімен аң аулады.Қар қалың.Қарда аңның ізі бар.

Ол түлкінің ізін көрді.Тазы түлкінің соңына түсті.

2.буынға бөл

Қоян қо- ян, аң – шы, та –зы, қас –қыр, түл –кі, бүр –кіт.

3.үй құстарын жаз.

Қаз, үйрек, тауық ...

4.Қарсы мәнді сөз жаз

Үлкен – кіші, аз – көп, суық – ыстық, ұзын –қысқа, кең – тар.

Жуан -....., алыс - ..., ащы - ...,

З ,Ө , Ұ , Ғ , Г, Ж әріптері

1 – нұсқа

Көшіріп жазу

1.Сөздерді топтап жаз.

Бота, әтеш, қаз, бұзау, құлын, торғай, бөдене, лақ, балапан, түйе, қой, тауық

Үй жануарлары:

Құстар:

2 – нұсқа

Сөздерді топтап жаз

Шынар, жүзім, тал, өрік, шырша, қарақат, емен, бүлдірген, қайың, шие, тобылғы, алмұрт

Жемістер:

Ағаштар:

Есту диктанты

1 – нұсқа

Наурызкөже

Наурыз – жыл басы. Бұл күні әжем наурызкөже пісіреді.

Көжеге жеті дәм қосады. Наурызкөже өте дәмді тамақ.


Тапсырма

Көже сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Дауысты дыбыстардың астын сыз.


Я, Ю, Һ, В, Ф, Х әріптері


1 – нұсқа

1.Фабрика

Фарида апа аяқ киім фабрикасында жұмыс істейді.

Ол бізге арнап әдемі аяқ киім тікті.Фархат аға да осы фабрикада жұмысшы.

2.дұрыс жазып үйрен

Фабрика, футбол, Хамза, хат, хоккей, қияр, қоян, қаһарман, Гауһар,Әлия, Аяна.

Э, Щ, Ч, Ъ, Ь Ц әріптері

Есту диктанты

1 – нұсқа

Менің атам

Менің атам бар. Ол – фермер. Әкем де құс, мал өсіреді.Атамның аты – Аят. Әкемнің аты – Сахи.Ағаларым - Хасен, Данияр.Мен компьютермен түрлі суреттер саламын.( 22 сөз)





























































Тапсырма.

Бесінші сөйлемдегі дауысты дыбысты тауып, астын сыз.

2.Жіңішкелік белгісі бар екі сөз жаз.


2 – нұсқа

Үй құстары

Біздің үйде үй құстары көп. Әжеммен бірге құстарға жем шашып, су беремін.Үйрек, қаз, күркетауықтардың

балапандары да бар.Олар суға жүзгенді жақсы көреді.

(23 сөз)


Тапсырма.

1.құстар сөзіне дыбыстық талдау жаса

2.қи..р, пи..з, қо...н, ц...рк, а...ы, тұ...ы ( әріптерді орнына қойып жаз)

3. Бас әрпі жоқ қай әріптер, жаз.?

3 – нұсқа

Қыс айлары

Қыс түсті. Қар қалың түсті.Балалар қар адамын жасады. Аққаланың көзін көмірден, мұрнын сәбізден жасады.Олардың аяздан қолдары тоңса да өздері қуанып жүр.

(22 сөз)

Тапсырма.

Дұрыс жазуға үйрен. Ұш – үш, үн – түн, ін –тиін,сия – қияр, тор – тар,тас - төс

Мұрын, сәбіз сөздеріне дыбыстық талдау жаса.



4 - нұсқа

Жатқа жазу

Барлық әріп бағалы,

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды

Жазылуы қиын сөздер:бағалы, ардақтайды.

Көру диктанты

Цирк, компьютер, ноутбук, фильм, шаян, ноян, цех, альбом,ою, қою, ащы, борщ.


Тапсырма.

1.Жоғарыдағы сөздерді пайдаланып сөйлем құру

Балалар циркке барды.Мен альбомға сурет салдым.Әжем ою ойды. Саят аға ноутбукпен жұмыс істеп отыр.

Я, Ю, дыбыстары қандай дыбыстар?( қосарлы, екі дыбыс естіледі,

я, ю дыбыстарына сөз ойлап жаз)


Шығармашылық диктанты.

Су құдықта Асан тартты.

Науаға суды қойды.Су ішті қойлар. Шөлі қанды олардың. Шөп қалың өрісте. Қайтадан жайылды қойлар


Тапсырма

1.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Қалам, дәптер, ұштағыш, кітап, парта. тақта.

2.Осы сөздерді көпше түрде жаз. қалам – қаламдар, ...





























































Суретті диктант

Сурет бойынша сөйлем құрып жаз



Тапсырма

1.Ұшақ, сағат, доп сөздеріне дыбыстық талдау жаса,

2. көпше түрде жаз


2 - нұсқа

Суретті диктант


Диана .... жазып отыр.Мұғалім ....келді.Аспан бұлттанып, ....жауды.Мен жаңбырды ұнатамын.


Бақылау диктанты

Көктем келді

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Қар еріп, күн жылынды. Жерде көк шыға бастады. Дана қырда қызғалдақ теріп жүр.Құстар келе бастады. Балалар ағаш басына ұя жасады.

(27 сөз)




Тапсырма

Жіңішке дауысты сөздердің астын сыз.

Кім? Не ? сұрағына жауап беретін сөзді теріп жаз.

2 – нұсқа

Ұя

Ұя ... тақтайдан,

Талға апарып ......

Жыл .... шаттанған.

Күттім қашан сайрауын.

Керекті сөздер: құсының,байладым, жасап


Көшіріп жазу

1 - нұсқа

(Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз)

Бақта тәтті .... өсіп тұр. Балалар ағашқа .... қойды.

Салтанат ..... алмаларды салды.Балалар өз жұмыстарына

қатты .... .

Керекті сөздер: алма, қуанды, саты, себетке

2 – нұсқа

Ауылда .... мектеп бар. Мектеп ауласында .... гүлдер өсіп тұр. Балалар стадионда ..... ойнады.Мектеп балалары өз ара ...өткізді.

Керекті сөздер: әдемі,үлкен ,жарыс, футбол

































































Тасымал

1 - нұсқа

Киіз үй

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қолайлы баспанасы.Оны тез құрып, тез жинауға болады.Жазда салқын, қыста жылы болады.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.( 27 сөз:

Тапсырма

1.Сөздерді тасымалдау ретімен жаза:

Кереге, шаңырақ, есік,киіз

2.осы сөздерді көрше түрде жаз.


2 – нұсқа

Орманда

Күн жылы. Аспан ашық. Біз орманға шие теруге бардық.Қырмызы мен Жанар терген шиелерін ыдысқа салды.Өздері де жеп әбден тойды.Таза ауада жақсы дем алды.Маржандай тізілген шиелер сондай әдемі. (30сөз)


Тапсырма

1.Сөздерді тасымалдау ретімен жаз: орманда, шиелер,ыдысқа, ауада

2.дауысты дыбыстарды сыз.

Буын

1 - нұсқа

Жұмбақтар

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)

Адамға серік,

Күзетке берік (ит)

Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр допқа. (футболшылар)

1.Сөздерді буынға бөл: пияз, футболшылар, допқа,күзетке, адамға

2 – нұсқа

Бақшада

Мәлік екеуміз бақшаға қиярдың тұқымын септік.Біз екі мезгіл суарып жүрміз.Әр күн сайын арам шөп жұлып, бақшамызды күттік.Анам бізге риза болып жүр. Біз күзде мол өнім аламыз.(28 сөз)

Тапсырма

1.Бақша өнімдерін жазып, буынға бөл:қи – яр, қы- за –нақ,........

2.Сөйлемдеодегі бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

2 - сынып

Заттың атын білдіретін сөздер

Бақылау диктанты

1 - нұсқа

Абай

Абай - жас кезінде ертегі, аңыз, жырларды жақсы көретін еді.Әкесі

Құнанбай Абайды Омбы қаласына оқуға әкелді.Абай демалыста ауылындағы әжесіне келді.Әжесі Зере батырлар жыры мен ертегілерді көп білетін.Әжесінің




























































ертегісін Абай шаршамай, жалықпай тыңдайтын.Анасы Ұлжан да әңгімешіл адам еді.

( 40сөз)


Тапсырма

1.Зат есімдерді тауып сұрақ қой.

2.Адам атауларын теріп жаз.

2 – нұсқа

Алматы - әсем қала

Алматының көркемдігіне сөз жетпейді.Алатаудың баурайында орналасқан қалның көшелері, әсем ғимараттары өте көрікті.Алматыда үлкен жеті даңғыл бар: Абай, Достық, Абылайхан, Райымбек, Төле би, Сейфуллин, Әл – Фараби даңғылдары.»Медеу» спорт кешені әлемге белгілі, біздің мақтанышымыз. «Медеуде» қысқы Ақ олимпиада өтті.

(40 сөз)


Тапсырма

1.Сан есімдерді тауып, сұрақ қой, астын сыз.

2. Бас әріппен жазылған сөздерді теріп жаз.


Сөздік диктант

1 – нұсқа

1.Ыдыстар: ожау, шәйнек, қасық, құман, кесе, шараша, шанышқы....

2.Туыстық атаулар: нағашы, жиен, әпке, қарындас, әже, ата, сіңілі, інішек, аға ...

3.Жемістер: алма, алша, өрік, шие, алхоры, банан, ананас,апельсин, мандарин

Тапсырма

Жоғарыдағы сөздерді пайдаланып сөйлем құр:

Ыдыстар қатарын буынға бөліп жаз.


2 – нұсқа

Алатауда

Мәңгі мұздар, қарлы құздар,

Сәнді шатқал, әнді бақтар Алатауда!

Өзен – көлдер, кезең, белдер,

Құстар, аңдар,терек, талдар Алатауда!

Дәрі шөптер, әсем бөктер,

Бұлтты шыңдар, шықты қырлар Алатауда!

(Сөйлемнің біріңғай мүшелерін тауып, астын сыз, сұрақ қой)


1 - нұсқа

Құстар туралы жұмбақтар

1.Тыраулауға құштар,

Ұзын сирақ құс бар. (Т.....)

2.Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін. ( Қ........)

3.Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі. (Т..........)

4.Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.( Қ .......)

5.Жалғыз нүкте сияқты,

Көтерілсе аспанға.





























































Қасқырға салып тұяқты,

Қозғалтпайды басқанда (Б......)

Тапсырма

1.Жұмбақты шеш, жаттап ал.

2.шешуін көпше түрде жаз.


2 – нұсқа

Шығармашылық диктант

Әр сұраққа сөйлем жаз.

Жазда не жауады?

Асқар далада не қуды?

Далада қандай гүлдер өсіп тұр?

Қойшы нелерді жайып жүр?

Қозы – лақтар не істеді?

Таза ауада жүрген Асқарға ұнады ма?


Бақылау диктанты

1 - нұсқа

Қазақстанның таулары

Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа райы салқындайды. Ауаның қысымы кемиді. Ауа таза болады. Биік тауларда мәңгі қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Таудың теріскей жағында неше түрлі шөптер өседі.

( 40 сөз )


Тапсырма

1.Бас әріпті сөздерді теріп жаз.

2.көптік жалғаулы сөздің астын сыз

2 - нұсқа

Көктемгі саяхат

Көктем келді. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бірінші рет күн күркүреді. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедім. Далада жер жыртып жытыр. Күн жылыды, көк шықты. Жәндіктерге жан бітеді. Көктемгі демалыста біз Астанаға бардық.. Қорғалжын қорығында қызыл кітапқа жазылған құстарды көрдік. Астанаға да тамаша көктем келіпті.

( 45 сөз)

Тапсырма

Сөз таптарын жаз, мысал келтір, сұрақ қой.


Қортынды сын диктанты

1 - нұсқа

Емен

Емен – қатты ағаш . Ол ежелден шаруашылық үшін бағалы боп есептеледі. Еменнің сүрегін көпір діңгектерін, кемелер мен вагондар жасауға пайдаланады. Еменнен әдемі фанерлер , тамаша паркеттер дайындалады . Еменнің жемісінен крахмал және спирт алады.Шошқажаңғақтар кейде кофе алмастырғыштарын даярлау да жұмсалады. Шошқажаңғақтар – шошқа үшін тамаша азық .

(48 сөз)

Тапсырма

1.Емен – қатты ағаш.

Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қой.

2.көпше жазылған сөздердің жалғауларын сыз.





























































2 - нұсқа

Отаным

Менің Отаным- Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та

кездеседі. Үлкен -үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп . Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Ол елдің бәрімен бәрімен доспыз.

(50 сөз)

Тапсырма

1.Зат есімнің арасына қойылытын сызықша.Мысал келтір, сөйлемнен тап.

Сөйлемнің біріңғай мүшелерін тап.

Құс салу

Құс салу- аңшылықтың бір түрі. Қыран құстарды аңға немесе құсқа салады. Сондықтан құсбегі қыранын мәпелеп бағады. Құсбегінің жанында қалың жынысты аралап аң үркітушілер жерден ілесіп жүреді. Құс салу үшін құсбегі жалғыз да шыға береді.Аңға қансонарда, жаңа қар жауғанда шығады.

( 40 сөз )

Тапсырма

1.Құсбегінің ұстайтын құстарын жаз:

2.Жабайы аңдарды атап жаз.

Бұлан

Солтүстік Қазақстан бұлан кездеседі. Өткен ғасырда бұландар Ресейдің ормандарында, Оралда, Сібірде, Қазақстанда көп болған. Табиғатты қорғау заңы бұландарды аулауға тыйым салды. Соның нәтижесінде бұланның саны тез арта бастады. Қазір бұландар Мәскеу түбінде де кездеседі. Орал ормандарында бұландар көбейіп, Солтүстік Қазақстан жеріне тарала бастады. Бұлан кәрі болса, олардың мүйіздерінің бұтағы көп болады. Ескі мүйіздері жыл сайын қаңтар-ақпан айларында түседі, олардың орнына сәуір айында көп тармақты жаңа мүйіздер өсіп шығады

Тапсырма

Жер – су атауларының астын сыз.

Солтүстік Қазақстанда бұлан кездеседі.(сөйлем мүшесіне талда).

Қысқы орман

Орманда ағаш түбіне қар аз түсіп, ағаш сирек жерге қар қалың жауады. Қар үстінде әр түрлі хайуанаттардың іздері көрініп жатады. Ағаш бастары бас киім кигендей, қар өте қалың.

Жан-жағың келе жатқанда аппақ ақ мата жайып тастағандай болып көрінеді. Жердің беті аппақ, ауа – таза, аспан көбіне ашық болады. Қар жамылған ағаштар ертегіні еске түсіреді. Қыс сиқыршыдай өзенді мұзбен






















































жабады да, Аяз ата осы қыспенен бірге келетіндей күйге енеді.

Табиғаттағы жыл мезгілінің жаманы жоқ.

(70 сөз)

Тапсырма

Қар жамылған ағаштар ертегіні еске түсіреді. Сөйлем мүшелеріне талда.

  1. Сын есімдерді тауып, астын сыз.


Кітап

Менің атым – кітап. Мен адамның досымын. Мен адамның досымын. Мені халық сүйеді, құрметтейді. Мен де адамды жақсы көремін. Адамға жақсы өмір сүруді, бақытты тұруды үйретемін.

Балаларға ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырағанын айтып беремін. Балаларды білімді, өнерлі бала болуға үйретемін. Ойлаңдаршы, балалар! Мен сонда кіммін? Мен сенің де досыңмын. Мені күтіп, жыртпай, таза ұста.

(50 сөз)

Тапсырма

  1. Сұраулы сөйлемді тауып жаз.

  2. Қос сөзді тауып, астын сыз.




Таған

Бұл құстың түсі көмірдей қап-қара. Мойнында көк бурыл мойнағы бар. Ол ауылда да, қалада да өмір сүреді. Таған – жыл құсы емес, тек кейбір өңірлерде ғана қыс мезгілінде оңтүстікке 200-300 шақырым қоныс аударады.

Көктемде ағаш кеуектеріне, қора-қопсы қуыстарына және үй шатырларына ұя сала бастайды.

Оның жұмыртқасы қара шұбар секпілі бар, көкшіл жұмыртқасы бар. Таған жапырақ жегі, зауза, бізтұмсық, зерқоңыз сияқты зиянды жәндіктерді теріп жеп, пайда келтіреді.

(67 сөз)

Тапсырма

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің астын сыз.

  2. Жұмыртқа, зауза, таған сөздерін буынға бөл.

  3. Біріккен сөздерді тауып, теріп жаз.


Сөздік диктант

Суытты, кетті, бақытты, пластилинмен, қатты, айтты, шаттық, уақытта, суыққа, шәкірттер, бұлтан, үйреттім, көшетті, теппеңдер, ағытты, өжеттер, солдаттар, тәтті, қорқыттым, көлдетті, төккен, суретті, хоккей, аппақ, сөккендей, миллион.

(26 сөз)























































Тапсырма

  1. Көптік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, астын сыз.

  2. Туынды зат есімді тауып жаз.


Маугли

Кішкентай бала қасқыр апанына қорықпай кіріп, бөлтіріктермен бірге айбатты қасқыр Ракшаны еміп өседі. Мауглиді қасқыр бөлтіріктермен бірге асырайды. Арлан қасқыр Мауглиді аңшылық кәсіпке баулиды.

Балу деген аю оны джунгли заңдарына үйретеді. Маугли құстардың, жыланның, тілін біліп, шөп сыбдырын, жапырақ қыбырының мәнісін біліп өседі.

Маугли достарының көмегінің арқасында Шерханды жеңді. Біз теледидардан оның достары аю Балу, қара қабылан Багира, ер жүрек қасқыр Акела, айдаһар жылан Каа туралы Маугли ертегісін тамашалайық.

(68 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып жаз.


Сөздік диктанты, ң – дыбысы

Шаңқай түс, шаңдатып өту, шыңдағы асу, таңдана қарау, шыңғыру, шыңырау, еңіске шығу, қараңғы, таңғы, соңғы қоңырау, меңіреуқұр, кеңкілдеп күлу, жаңғырық, қаңбақ, жаңғақ, тоңғақ, ыңырана тиелген, сыңғыр күлкі, сеңнің көтерілуі, сеңсең бөрік, меңді қыз, ертеңгі күн, қаңтарулы ат, жаңбырлы жаз, саңырауқұлақ.

(25 сөз)

Тапсырма

  1. Етістікті сөз тіркестерді тауып жаз.

  2. Меңіреуқұр сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Шешендік сөздер

Қазақ сөз қадірін – өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігін де, көсемдігін де шешендік сөзге сыйғызған.

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітіспес даудың, бәтуасыз шудың келісімі де, шешімі де – сөз болған. Шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Қашанда ұлы сөзге тоқтаған халқымыз жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеп, санасын қалыптастырған.

(48 сөз)

Тапсырма

  1. Қазақтың қандай шешендерін білесің?

  2. Сын есімді тауып, астын сыз.

























































Әл-Фараби

Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Осы қаланың орнында ертеде Фараб деген үлкен қоныс болған. Бұл шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған жерінде орналасқан.

Отырардың қлған жалғыз құрылыс – Арыстанбаб ғимараты. Арыстанбаб – Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі. Арыстанбаб – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, әулие болған адам. Қала халқы қол өнерімен айналысқан. Осы қалада әлемнің бірінші ұстазы Әбунасыр туған.

Әбунасыр әл-Фараби жас кезінен зерек, алғыр, білім-құмар, дарынды бала болып өсті. Ол көптеген тілді білген. Кітап оқығанды, музыка тыңдағанды жақсы көреді.

Бүкіл өмірін ізденіспен өткізген ғұлама адам қайда жүрсе де туған жерін ешқашан ұмытпады.

(93 сөз)

Тапсырма

  1. Бас әріппен жазылғн сөздердің астын сыз.

  2. Ол көптеген тілді білген. Сөйлемді тұрлаусыз мүшелерге талда.


Аударыспақ

Аударыспақ – ашық алаңда,көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт беріледі.

Осы уақыт ішінде екеуі бірін-бірі аттың үстінен аударып түсіруі керек. Жеңген жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпазбен бәсекелеседі. Ойын осылай жалғаса береді.

(42 сөз)

Тапсырма

  1. Қазақтың тағы қандай ұлттық ойындарын білесің?

2. Аударыспақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Ұлытау

Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік батысындағы тарихи шежіреге бай, қасиетті тау. Ұлытау өңірінде көне заманнан қалған тасмүсіндер, Таңбалы тас, Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері орналасқан. Халық ұғымында Ұлытау – киелі жер де, Ұлар – киелі құс. Қазақ елінің тарихы бай, жері – шежірелі. Осындай шежірелі ата қоныстар қайда барсаң да, алдыңнан шығады.

(46 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Біріккен сөздерді тауып, астын сыз.
























































Дина

Дина Орал облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина бала кезінен күйшілік өнерге ынтық, көңілмен зер салып Дәулеткерей, Әлікей, Тұркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсын күйлерін шебер меңгеріп, домбырашы қыз атанды.

Динаның күйлерін, өнерін естіген Құрманғазы Динаны іздеп барып, домбырашылығына сүйсініп батасын берген. Оған он жылдай ұстаздық етіп күйшілікке баулыған. Дина ұстазының күйін халық арасына кеңінен таратып, қалың елдің көңілінен шығады.

Қазақ жерінің батыс өңірінің күйшілік өнерін түгел меңгеріп, Құрманғазы күйінің өршілдігі мен Дәулеткерейдің сыршыл күйлерін қос қанаты еткен Дина күйшілікке өз қолтаңбасын қалдырды.

(82 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Жер-су атауының астын сыз.

  3. Дина – күйші.

Не себепті сызықша қойылған?


Мәлік Ғабдуллин

Мәлік аталарың жер жаннаты Көкшетаудың Зереңді ауданында 1916 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанған. Батальон комиссары болды. Ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы алған.

Ол соғыстан аман-есен оралып, елге келді. Ғылым жолына түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттейді. Ол үлкен академик болды.

(50 сөз)

Тапсырма

  1. Сан есімдерді сөзбен жазып, түрін анықтап жаз.

  2. Батальон сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Тұсау кесу

Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің

топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң-тамаша болады.

Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Осы уақытта қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсаукесер жасайды.

Бұған да мал сойып, жұрт жинайды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен есіп үш қарыс дайындап ауылдағы пысық әйелге тұсау кестіреді.

Баланың аяғына ала жіпті тұсауша байлап, оны ортасынан кеседі. Бала содан соң жүріп анасына қарай тәй-тәй басады.

(77 сөз)






















































Тапсырма

  1. Салт-дәстүрдің тағы қандай түрлері бар, жаз.

  2. Қос сөздерді тауып астын сыз.


Құстар қанша жасайды?

Ірі құстар ұсақтарына қарағанда ұзақ жасайды. Торғайлар мен ірі құстар жиырма жыл, жапалақ он бес жыл. Тауықтар он үш жыл жасайды. Қолда бағылғанда құстар ұзағырақ тіршілік етеді екен.



Алтын адам

Қанаттылардың ішінде жыртқыш құстар көп тіршілік етеді. Мысалы: тазтырна жүз он жеті жыл, бүркіт сексен жыл өмір сүреді. Ителгінің салмағы аса үлкен емес, мың

үш жүз грамдай. Олар тауларда, шатқалдарда, орманда мекендейді.

(62 сөз)

Тапсырма

  1. Жер-су атауының астын сыз.

  2. Бірыңғай сөйлем мүшелерін жаз.

Бұл ғажайып ескерткіш 1969 жылы Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылды. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым археолог – Кемел Ақышев. Бұл обаға біздің заманға дейін Сақ жауынгері жерленген екен. Ол сол кездегі дәстүр бойынша киіммен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.

Оның киіміндегі әшекейде екі жүз аң, құстың суреті безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Бұл ескерткіштен біз мың бес жүз жыл бұрын да өзіндік жазу, сызуы бар, мәдениетті өркендеген ел болғанын білеміз.

(73 сөз)

Тапсырма

  1. Сан есімдер, оның сұрағын қойып, жаз.

  2. Қару-жарағы, сақинасы да – алтын. Бастауыш пен баяндауышты тап, астын сыз.


Бата

Ертеден келе жатқан тамаша салт-дәстүрлеріміздің ішіне кіретінінің бірі – бата. Бата беру дәстүрі шығыс халқы арасында, соның ішінде қазақтарда кең тараған. Әдетте бата ауылдың үлкен қария ақсақалына, жолы үлкен адамының, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата адамды кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.

Ата-бабамыз «Жаңбырмене жер көгерер, батамене ел көгерер» деп жақсы киелі адамның батасын алып, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

(60 сөз)

Тапсырма

  1. Тағы қандай салт-дәстүр атауын білесің.





















































  1. Қазақтың ұлттық ойындарын атап жаз.

  2. Бата туралы тағы қандай мақал білесің?

А) «Батасыз құл жарымас»

Ә)

Б)

Қазақ тілі

Тілін білмеген – түбін білмейді. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген, жалпақ тіл.

Қазақ нені айтса да, ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің үні – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуенділігі – шырқап салар әндей.

Қазақ тілінде сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып жатыр. Осы үндестіек заңы қазақ тілін сыңғырлатып, сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Біз елімізді ең сұлу тілде сөйлей алғанымыз үшін мақтан етуіміз қажет.

(72 сөз)


Рамазан айы

Жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұл бала ер рамазан айында отыз күн ораза ұстайды.

Денсаулығы нашар адамдар, бала емізетін, жолаушылар оразадан босатылады.

Көршісі не жақын адамы ораза тұтқан адамды ауыз ашарға шақырса, үлкен сауап болады деп есептеледі. Мұсылмандар осы айда мешітке барып жан басына қарай пітір садақа береді. Оның мөлшері жыл сайын бір килограмм бидайдың нарықтың құнына байланысты өзгеріп отырады.

(60 сөз)

Тапсырма

  1. Сан есімдердің астын сызып, сұрақ қой.

  2. Сауап, обал, имандылық туралы мысал жаз.


Наурызым қорығы

Қорық – табиғат байлығын бастапқы қалпында келешек ұрпақ үшін сақтайтын ғылыми-зерттеу орталығы. Қорықты табиғаттың баға жетпес асыл қазынасы деп атауға болады.

Қазақстанда осындай жеті қорық бар. Соның бірі Наурызым қорығы. Ол Қостанай облысының оңтүстігін

Наурызым ауданының құрғақ далалы аймағында табиғат байлығы сақталу үшін құрылған.

Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен көптеген шағын көлдері бар.

Қорықта Қызыл Кітапқа тіркелген дуадақ, ителгі, қызыл жемсаулы қаздар, көптеген құстың түрлері бар.

(70 сөз)

Тапсырма

  1. Киелі Қаратаудың әулиелі бір жері – Қазықұрт.

  2. Етістіктерді теріп жаз. Саналады, тоқталған, т.б.





















































Әнші тау

Қазақстан табиғатының көрікті жерлерінің бірі – Айғайқұм. Іле өзені мен Қалқан тауының ортасынан орын тепкен. Айғайқұм елімізді былай қойғанда талай шет елдерге танымал.

Пышақ жүзіндей қырланып жатқан екі құмтауды көргенде, табиғаттың шеберлігіне таңданасың.

Жел соқса Айғайқұм табиғаттың еркіне бағынып, мың құбылып билеп, ән салады. Жел күшейсе құмның гуілі күшейіп, жаһан даланы жаңғыртқан үн құлақ тұндырады.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда Айғайқұмның жалпы ұзындығы 30 метр, биіктігі 300 метр көрінеді. Айғайқұм туралы аңыз да бар.

(70 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Біріккен сөздердің астын сыз.

  3. «Ғылымдардың» сөзі қай септікте тұр?


Талғат Бигельдинов

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыш атамыз 1922 жылы туған. Батыр атамыз Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Балалық, жастық шағы Фрунзе қаласында өтеді. Ол қалада аэроклубқа қатысады. Саратов, Орынбор қалаларында әскериавиациялық училищесін бітірді. 1943 жылы әскери ұшқыш ұрысқа кіреді.

Талғат аталардың соғыста көп ерлік жасады. Атамыз бірнеше орден және медальдармен наградталған. Ол кісі Алматыда тұрады.

(65сөз)

Тапсырма

  1. Өзге тілден енген сөздерді теріп жаз.

  2. Етістіктерді тауып астын сыз, сұрақ қой.


Атыраудың алтын адамы

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Арал төбе деп аталатын қорымнан 2000 жылы белгілі археолог Зейнолла Самашев тапқан ескерткіш осылай аталып жүр.

Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адам зат тарихы үшін екінші алтын адам табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлерммен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсағының жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен қапталған.

Алтын адамнан басқа жылқының, қыран бүркіттің сүйегі, жебе мен қорамса, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Бұл заттар Атырау облыстық мұражайда тұр.

(72 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Сан есімді жаз.





















































  1. Қазір қолданылмайтын ескілікті сөздер бар ма?


Сан есім

Қазақстан Республикасының 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысынан Алтай тауына дейінгі ұзндығы 3000 шақырымдай болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауына дейінгі аралығы 1500 шақырымнан асады. Ал еліміздің жалпы ұзындығы 15 мың шақырым.

Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткізді.

(62 сөз)

Тапсырма

  1. Сан есімнің сұрақтарын жаз.

  2. Сан есімдерді сыз, олардың жазылуына назар аудар.



Бауыржан Момышұлы

Бауыржан аталарың 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау деген елде туған. 1941 жылы майданға аттанды. Батальон, полк командирі қызметтерін басқарды. Орыс жазушысы Александр Бек аталарың туралы «Арпалыс» повесін жазды.

Бауыржан ата тек батыр ғана емес, жазушы да болды. Ол көптеген кітап жазды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң аталарыңа «Халық қаһарманы» атағы берілді. «Ұшқан ұя» атты романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

(64 сөз)

Тапсырма

  1. Бас әріппен жазылған сөздерді теріп жаз.

  2. Бауыржан майданға аттанды. (Сөйлем мүшелерін талда).

  3. Қаһарман сөзін буынға бөл.


Табиғат

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажайып туындысы. Табиғатқа адамның жанашырлықпен, аялай, есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті. Дария, теңіз, көлдер мен орман-тоғайлар, асқар таулар мен жан-жануарлар табиғаттың ажары ғана емес, оны бүлінуден, азудан сақтайтын құдіретті күш.

Табиғаттта басы артық ештеңе жоқ. Құс та, хайуанат та, өсімдік те, ағаш та немесе жәндік те артық емес. Олар бір-бірімен тепе-теңдікті сақтайды. Біз табиғаттың өзінен үйреніп, оны қорғауға тиіспіз.

(60 сөз)

Тапсырма

  1. Бірыңғай мүшелердің астын сыз.





















































  1. Біз табиғаттың өзінен үйреніп, оны қорғауға тиіспіз.

Бұл қандай сөйлем?

Күрделі ме, жай сөйлем бе?


Эрмитаж

Эрмитаж – біздің еліміздегі ең ірі музей. Ол Ленинградтың (Санкт-Петербург) жағалауы мен Сарай алаңындағы бес ғимаратқа орналасқан.

Картиналар мен мүсін ескерткіштер, фарфор мен асыл металдан жасалған бұйымдар секілді небір халықтардың ғасырлар бойы жасап кеткен баға жетпес туындылары бар.

Эрмитаж 1764 жылы ірге көтерді. Эрмитаж француз сөзінен шыққан «оңаша бұрыш». Эрмитажды Пушкин мен Лермонтов, Белинский мен Гоголь, Достаевский мен Толстой өте жақсы көріп бағалаған.

Эрмитажда үш миллионға жуық мәдениет және өнер ескерткіші бар. Әлемдегі ұлы суретшілер Рубенс, Рембранд, Леонардо да Винчи, Тициан суреттері бар.

1812 жылғы Отан соғысы Галереясы ерекше баурап алады.

(86 сөз)

Тапсырма

  1. Кісі атауларының астын сыз.

  2. «Миллион» сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса.

Ораза айы

Мұсылмандардың ай есебі бойынша жыл сайын белгілі мерзімде тоғызыншы ай – рамазан айы. Қасиетті рамазан айында мұсылмандар отыз күн ораза ұстайды. Рамаза сөзі қазақша «келтіруші» деген мағынаны білдіреді. Ораза ұстаудың негізгі себептерінің бірі – ащығу арқылы бүкіл іш құрылысын тазарту.

Әрі осы ойда ораза тұтқан адам рухани тазартып отырады деген сенім бар.

Ораза ұстау дегеніміз – отыз күн бойы таң білінгеннен күн батқанға дейін ауызға дәм алмау, су, дәрі ішпеу, темекі тартпау, әдепсіз сөздер айтпау.

Бұл ай өте қасиетті ай. Рамазан айында мешітте болып, сонда уақыт өткізу –сауап.

(84 сөз)

Тапсырма

  1. Ораза айы – қасиетті ай.

Бастауыштың арасына неге сызықша қойылған?

  1. Мақалды жаз.

Ораза, намаз – тоқтықта.


Алтай тауы

Алтай – өте биік, әдемі тау. Алтайдың биіктігі сонша, ең басына бұлттан басқа ештеңе жете алмайды. Тау қиясында бұғы, марал мекен етеді.





















































Шатқалдарында аю, қабан кездеседі. Оңтүстігінде құлан, шөл даласында елігі мен ешкісі өріп жүреді. Алтайдың қойнауы алтын, күміске толы. Тау басындағы қар ақ күмістей жалтылдайды.

Тау шыңындағы бұлттар жібектей үлбіреп, көңілді шаттандырады.

(50сөз)

Тары

«Таудай сөздің тарыдай түйіні бар».

«Тауықтың түсіне тары кіреді».

Осы мақалдағы тары дақылын көп адам біле бермейді. Ол астық тұқымдасына жататын өсімдік. Сабағының биіктігі 100 см. Өзі күнді көп қажет етеді, жылы жақта өседі. Тары да арпа, бидай, күріш секілді өте ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Тарының дүние жүзінде 400 түрі бар.

Қазақстанда Ақтөбе, Павлодар, Торғай, Ақмола аймақтарына өсіреді. Атақты диқан Шағанақ Берсиев тарының түсімінен дүниежүзілік рекорд жасап, ақ тарының атасы атанды. Қауызын тазартып, ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан әр түрлі тағамдар жасайды.

(86 сөз)

Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді тауып жаз.

Атақты диқан Шығанақ Берсиев тарының түсімінен дүниежүзілік рекорд жасап, ақ тарының атасы атанды. (Жай сөйлем құрап жаз.)


Алатау бөктеріндегі Медеу

Алатауда орналасқан «Медеу» мұзайдынының ерекшелігі – ауасының тазалығы. Тау іші болғандықтан аздап салқындау.

Мұз айдыны көктем, жаз айларында ерекше құлпырады. Айнадай жалтыраған мұз бен жоғары қарай салынған баспалдақ көзге түседі. Ол баспалдақтар таудың ең биік басына апарады. Медеу – теңіз деңгейінен 1961 метр биіктікте тұр. Көлемі 10 мың м2 1951 жылы толықтырылып салынды. Медеуде 1990 жылға дейінгі аралықта 120 дүниежүзілік рекорд жасалды. Ертеде осы жерде Медеу Ғұсырманұлы деген өте атақты бай кісі мекен еткен. Ол кісі көзі ашық, айналасына шапағаты көп адам екен.

(84 сөз)

Тапсырма

  1. Сан есімдердің астын сызып, сұрақ қой.

  2. «Көзі ашық» сөзінің мағынасын аш.


Қыс

Желтоқсан жұлдызы. Қар көп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де,





















































жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт мұз үстімен жүре бастады.

Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қысты күні күн аяз күшті, үскірік борандар да көп болады. Орман іші қараңғы, ішіндегі құстарды кһре алмайсың. Қоян күндіз жасырынып, түнде жас ағашты кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып, үй хайуанаттары бағып-қағылуда.

Адамның өзі де суықтан қорғанып, жылы киім киіп, үйде от жағылады. Жылқышылар қандай суық боранда да күні-түні далада жылқы бағады. Балалар аяз сорған беттері қып-қызыл болып, аққала соғып, шана теуіп жүр.

(87 сөз)

Тапсырма

  1. Қыс туралы халықтық қағидалардан не білесің?

  2. Қыс айларын атап жаз, әр айдағы табиғаттың, күннің өзгерістері туралы байқағаныңды жаз.


Тайга

Тайга – якут тілінде орман деген сөз. Оны ғалымдар күңгірт жасыл қылқанды, ашық жасыл қылқанды және қарағайлы орман деп жіктейді. Біздің елімізде тайга Ақ теңізден Тынық мұхитқа дейінгі ұланғайыр аймақты алып жатыр. Тайганың климаты суық, оның дені мәңгі тон болып жатқан өңір.

Тайга тұнып тұрған байлық көзі. Оның ең бастысы – орман және бағалы аң терісі. Онда тиін, бұлғын, сусар, сібір күзені, кәмшат, қара күзен сияқты аңдар бар. Тайганың тағы бір кереметі – самырсын жаңғағы, марал тамыр, шырғанақ, жень-шень сияқты дәрілік өсімдіктер болып табылады.

Онда жидек пен саңырауқұлақ та мол. Тайганың қойнауы алмас пен алтынға, мұнай мен газға, рудаларға, минералдарға толы. (90 сөз)

Тапсырма

  1. «Газға, тайганың, сусар, елемізде» сөздеріне сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықта.

  2. Көптік жалғаулардың астын сыз.


Тундра

Тундра – фин тілінде таулы дала деп аталады. Біздің елімізде тундра деп солтүстік теңіздерінің жағалауын қуалай созылған кең жазықты айтады.

Тундрада ағаш жоққа тән. Өйткені бұл жердің климаты өте суық. Тундрада көк жидек, мүк жидек, итбүлдірген, мүк, қына секілді орман өсімдігі көп өседі. Суыққа төзімді қайың мен мәжнүн тал өседі. Су мол болғандықтан бұл өңірде қаз, үйрек, аққа, гагара сияқты құстар көп. Ол жақта қыс болғанда олар оңтүстікке қайтады.

(69 сөз)























































Борщов қызғалдағы

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Қаратау баурайында жиі кездеседі. Әлемде қызғалдақтың 150-ге жуық түрі бар, ал Қазақстанда 57 түрі өседі. Грейг қызғалдағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қызғалдақ түрі Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда, Құмсайда ғана кездеседі. Биіктігі 20-40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2-4 см. Сабағын түк басқан, жапырағы төртеу, олар кезектесіп орналасады, сыртқа қайырылып бұйраланған. Қызғылт-сары, қызыл, сия көк түсті келетін гүлі біреу, аталығы

алтау, аналығы біреу болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жемістенеді. Қызғалдақтың бұл түрі орыс ботанигі Илья Григорьевич Борщовтың құрметіне байланысты Борщов қызғалдағы атанған.

(98 сөз)

Тапсырма

  1. Қыстырма сөздің астын сыз.

  2. Жер-су аттарын теріп жаз.





Қазықұрт

Қазақ елдің тарихы – бай, жері – шежірелі. Осындай шежірелі ата қоныстар қайда барсаң да алдыңнан шығады. Соның бірі – Қазықұрт.

Киелі Қаратаудың әулиелі бір жері – Қазықұрт тауы. Оның биіктігі мың жеті жүз алпыс сегіз метр. Қвзвқ аңызы бойынша, бүкіл дүниені топан су басқанда осы таудың басына Нұх пайғамбардың кемесі келіп тоқтамаған екен.

Қазықұрт – қазақ ұғымында аса киелі, шежірелі жер. Топан судан соң қайта өнген адамзаттың Отаны болып саналады.

(66 сөз)

Тапсырма

  1. Киелі Қаратаудың әулиелі бір жері – Қазықұрт. Сөз таптарына талда.

  2. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.


Шөптегі шық

Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтырап тұрған шық тамшылары болып шығады.





















































Сол жапырақтардың астары – бейне бір түкті барқыт. Бетінде тамшылар домаласа да, жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты аңғырттана жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап түсіп кеткенін көрмей қаласың.

(65 сөз)

Тапсырма

  1. Күрделі етістіктерді теріп жаз.

  2. Туынды етісткіті тауып, астын сыз.


Алғашқы қар

Әбілтайдың сабағы сағат тоғызда басталады. Ол киініп далаға шықса, жер бетінің бәрі аппақ. Қарайған ешнәрсе көрінбейді. Алыстағы таулар да, айналадағы ағаштардың бұтақтары да, үйлердің төбелері де ақ көрпе жамылғандай. Ақша қар күнге шағылысып күмістей Әбілтай алғашқы қарды тамашалап аз тұрды да, мектебіне қарай жүгіріп кетті.

(56 сөз)

Тапсырма

  1. Ілік септігінде тұрған сөздердің астын сыз.

  2. Есімдікті тап.


Шие неге қызыл?

Сонау ерте заманда бір аңшы болыпты. Ол аң, құс біткенді аямай ата беріпті. Көп ұзамай,бұл өңірде аң-құс қалмайды. Күндердің күнінде аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол кезде шие жемісінің түсі сары екен. Ұзақ жолдан қанаты талған көгершін демалып отырады. Оны көрген аңшы көгершінді қақ жүректен дәлдеп атады. Көгершіннің қаны көпке дейін

тамшылап тұрады. Шие жемісі содан бері қып-қызыл боп кетіпті.

(62 сөз)

Тапсырма

  1. Қос сөздерді тауып, астын сыз.

  2. Күрделі етістіктерді теріп жаз.


Уыз

Уыз – жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз екіге бөлінеді – ақ уыз, сары уыз. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Сиыр мен қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді. Уызды бүйенге, ащы ішекке құйып қайнаған суға пісіреді. Піскен соң судан алып, салқын суға салады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Уызды сүт қоса отырып, ожаумен сапырып, көже түрінде де береді. Уыз – ұлттық тағамның бір түрі.

(70 сөз)

Тапсырма

  1. Қазақтың тағы қандай ұлттық тағамдарын білесің?

  2. Уыз сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса.





















































Халық ауа райын қалай болжаған?

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап, мазаланса, үй иелері боран шақырып тұр деп ұрсып

жатады. Мысық ауа райы бұзылады деп хабарлап тұр. Тауық биік қонса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте

қонақтаса күн суытады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын аяғының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпісе, аяз сынады.

(67 сөз)


Тапсырма

  1. Қарлығаш жерге жақын ұшып жүрсе, ауа райында қандай өзгеріс болады?

  2. Мысық, тауық сөздері зат есімнің қай түрлеріне жатады?


Астана – Еуразия жүрегінде

Астана – бас қала. Оның тарихы өте тартымды. 1998 жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді. Қала жыл санап дамып, көркейіп келеді. Енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады. Қалада он жыл ішінде Президент сарайы, Үкімет пен Парламент, зәулім әкімшілік үйлер, монументтер салынды. Астанада 21 жоғары оқу орны бар. Есіл өзенінің жағалауынан орын тепкен табиғаты көркем қаланы әнге де, жырға да қосамыз. Астана – Еуразия жүрегінде! Ол Қазақстанның жүрек тұсында орын тепті.

(68 сөз)


Тапсырма

  1. Жалқы есімдерді теріп жаз.

  2. Көпше түрде тұрған зат есімдердің астын сыз.


Ауа райын болжау

Наурыз айы «Құс қанаты» деп аталады екен. «Құс қанаты» деп аталуының өзі көктем келісімен құстардың жылы жаққа қайта оралуына қатысты қолданысқа керек. Бұл уақытта қар аралас жаңбыр жауып, суық жел тұрады. Қар еріп, жер батпақтанады. Жыл мезгілдерінің ішіндегі нағыз аласапыран шағы осы –«Құс қанаты».

Ежелден халқымыз «Бесқонақ» уақытында сақтық шараларын жасап, ол өтісімен ғана көктемгі шаруашылық қамына кіріскен.

(58 сөз)


Тапсырма

  1. Туынды зат есімдерді теріп жаз.

  2. Күрделі етістіктерді тауып астын екі сызықпен сыз.























































Тіршілік көзі

Қазір бүкіл ғаламда өмір, тіршілік көзі бар жалғыз ғаламшар бар. Ол – Жер. Жерде адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті заттардың бәрі бар. Біріншіден, ол оттегі, екіншіден тіршілік көзі атанған су, үшіншіден кез-келген тіршілік иесінің өмір сүруіне қолайлы ауа-райы. Төртіншіден,

Күннің жарық сәулесі. Ол Жерге жарық беріп қана қоймай, ауаны, суды бізге қажетті қызулықта ұстап тұрады. Бесіншіден, Жердің тартылыс күші. Жердің тартылыс күшінің арқасында біз аяғымызды нық басып жүреміз. Үлкен-үлкен ғимараттар саламыз. Жолдар жасаймыз. Әуеде, суда, жерде әртүрлі көліктермен сапар шегеміз.

Ал енді Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарларда дәл осындай тіршілік көзі бар ма? Жоқ екен. Ғарышты негізінен түнек басып тұрады. Ауа-райы өте суық. Сондай-ақ онда тартылыс күші жоқ. Тіпті біздің Жерге өте жақын орналасқан ғаламшарлардың өзінен де адам мен жан-жануарларға қажетті ештеме таба алмайсың.

(123 сөз)


Тапсырма

  1. Қос сөздерді теріп жаз.

  2. Бірыңғай сөздердің қай септікте тұрғанын анықта.


Алма бағы

Біздің ауланың сыртында кішігірім бақ бар еді. Бақты алыстан келген геолог ағай үнемі келіп баптап жүретін. Жазда ағаштарды суарып, күз келгенде жапырақтарын жинап, өртейтін де өзі. Ал көктемде өсіп кеткен артық бұтақтарын кесіп, түзейтін.

Бірде бір топ бала бақта жұмыс істеп жатқан ағайдың жанына келді.

Геолог ағай оларға әңгіме айтты. Табиғат біздің бәрімізге ортақ. Мына бақ та сол табиғаттың бөлшегі. Табиғатты қорғау барлық саладағы адамдардың міндеті.

Сосын ағай оларға осы ағаштарды қалай баптап, күту керектігі жөнінде жөнінде әңгіме-кеңесін берді.

Балалар осы бақты қамқорлықтарына алып, жауапкершілікпен қарай бастады.

(87 сөз)





































Көрікті мекен

Маңғыстаудың өзіндік таңғажайып табиғаты бар. Маңғыстау – еркін даланың, шөлді құмның және 362 әулиенің орналасқан мекені. Бұл өңірден көптеген атақты ақын-жазушылар, күйшілер, зиялы адамдар шыққан. Сондай-ақ, көне тарихымыздан сыр шертетін мыңдаған мәдени жәдігерлер табылған, табылуда.

Маңғыстау халқы мал шаруашылығына бейім келеді. Әсіресе, қой, ешкі, түйе тұқымдасты малдарды бағады.



Маңғыстаудың тамаша табиғаты мен тарихын білгіңіз келсе, онда киелі де, көрікті мекенді көру керек.


(61 сөз)








































4 нұсқа

Құлын

Азамат қалада тұрады. Күндіз балабақшаға барады. Қалған уақытта әжесінің қасында жүреді. Әжесі оған қызықты ертегілер айтып береді. Өлең айтуды үйретеді. Ол бәрін құмарта тыңдайды.

Өткен жазда Азамат әжесімен ауылға барды. Ауылда бәрі оған қызық сияқты. Үйдің сыртында бие байлаулы тұр еді. Қасында құлыны бар екен. Тұлымшағы желпілдеген құлынды жақсы көрмеу мүмкін емес. Азамат әжесінің ылғи «құлыным»деп өзін жақсы көретінін енді түсінгендей болды. Мен де осындай «құлынмын»деп ойлайды.

5 нұсқа

Ауа райын болжау

Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай, қонақтап отырса, қар жауады. Олар қосылып шиқылдаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге топталса, суық болады. Бұл –боран алдындағы көрініс. Бозторғай әндетсе, сауысқан шатыр астына тығылса боран болады.

Тауық бұрынғысынан жоғары қонақтаса, қатты аяз болады. Тауық аяз боларда қанатын қағады.

Жылқы жылы боларда жатады, аяз боларда тұрады. Боан боларда қорылдайды.

Қоян жатар орнын бұрынғысынан биіктете түссе, ауа райы бұзылады.

1 нұсқа

Күйкентай

Аяқ астынан қалың қар жауды. Суық түсіп кетті. Самат екеуміз таңертең қаланың сыртына шықтық. Кенет қарға көмілген жәндікті көзім шалып қалды.

Қар үстінде далбалақтап, жол жиегіндегі бұталарға қарай ұмтылып бара жатыр. Бізді көрген соң тіпті мазасызданды. Тездетіп қуып жеттім. Оның құс екенін көргенде қайран қалдым. Әрең қозғалады. Мен Саматты шақырдым. Бұл сұңқарлар тобына жататын жыртқыш күйкентай екен. Ұзын құйрығының мамығына мұз қатып қалыпты. Құстың ұшуына сол кедергі болса керек.









1 нұсқа

Бекіре

Бекіре балығында тұрақты мекен жоқ. Олар көшіп-қонып жүреді. Бекіренің бастапқы шабақ шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азық жеткілікті. Бұл балықтардың еті ерекше дәмді және жұмсақ болады. Қаңқасы мен қабырғалары да ірі. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Адамға өте пайдалы. Бекіре –үлкен балық. Ұзындығы үш метрден асатындары да бар. Салмағы екі жүз килограммға дейін барады.

2 нұсқа

Жол қозғалысын кім басқарады?

Көшеде жүру тәртібін барша жаяу адамдар орындау қажет. Адамдардың жол қауіпсіздігін сақтау үшін көптеген шаралар жасалған. Жаяу адамдарға арнап жер асты өтпелері салынған. Көше қиылыстарында бағдаршамдар қойылған. Адамдар көшеден өткенде бағдаршамның белгілеріне мұқият қараған жөн. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жол тәртібінің бұзылмауын бақылайды.

Бұл –қырағы, әрі сақ адамдардан құралаған полиция қызметкерлерінің айрықша бөлімшесі. Олар еліміздің жолдарында тәртіп бұзылмауын қадағалайды. Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтайды. Олар арнайы мектепте оқиды. Мамандығына сәйкес білім алады.

3 нұсқа

Балалық шақ

Менің отбасым –кәдімгі отбасылардың бірі болатын. Әкем кедей шаруадан шыққан адам. Әкемнің аздаған білімі болатын. Оның қолынан келмейтін ісі жоқ, шебер, өнерлі кісі еді. Шешем-сауыншы. Кішкене бағымызда алма, шие, қарақат өсетін. Бір күні әпкем Зоя мені мектепке ертіп апарды. Мен тақпақ айттым. Оқушылар менің айтқанымды мақтап қол шапалақтады.

Мен әпкемнің, ағамның мектебіне барып оқуды армандадым. Солардай сабақ оқығым келді. Көп кешікпей мен де мектепке оқуға бардым.



2 нұсқа

Ұшатын жыландар

Құстың ұшатының жұрттың бәрі біледі. Ал жыланның ұшатының кім біледі?

Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында ұшатын жыландар кездеседі. Олар ағаш басында тіршілік етеді. Ұшу алдында олар бүйір терілерін қампитып, қомданып алады. Сонан кейін денесімен тіреп, қатты серпіліп қалады да, қалықтап барып, екінші бұтаққа қонады.

3нұсқа

Ризалық

Айнала тып-тыныш. Жер тыныш аппақ ұлпа қар басып жатыр. Асқар мен Қанат түстен кейін оқиды. Олар мектепке қарай келді. Ақша қар жалт-жұлт етеді. Екеуі бір-біріне қар лақтырысып ойнай бастады. Бір кезде жылаған дауыс естілді. Олар жалма-жан дауыс шыққан жаққа жүгірді. Жылап отырған көршінің баласы екен.

Асқар мен Қанат оны ұйіне әкеліп, әжесінің қолына тапсырды. Мақпал әже риза болып қалды. Екі баланың бетінен сүйді. Содан кейін екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді.

4нұсқа

Ұмытшақ

Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған еді. Ақтай мазасыздана бастады. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Бірақ оны таба алмай отыр. Дариғамен ренжіскені есіне түсті. Үйшіктің жоғалғанын Дариғадан көрді. Ақтай күдігін мұғалімге де айтты. Дариға үйшікті алмағанын айтса да, Ақтай оған сенбеді.

Сабақтан соң Ақтай үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дариғаны жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Ақтай үйден шыға жөнелді. Ақтай Дариғадан кешірім сұрау керектігін ойлады.





1 нұсқа

Қараторғай

Мамыр айының бас кезі болатын. Мен үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу келген қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өте береді. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр екен. Ол осы қарторғайдың жұмыртқасы екен. Жұмыртқаны ұясына салып қойдым.

Өте сүйкімді осы қараторайлардың біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқаларымен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі.

2 нұсқа

Ақтөстің көмегі

Қыстың ашық күні еді. Самат далаға ойнауға шықты. Ол шанасын алып төмпешікке қарай бет алды. Сонынан иті Ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында болатын. Самат пен Ақтөс төбешікке жетті. Кенеттен ызғырық жел басталды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде қатты боран басталып кетті. Саматтың жүруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің қырбағауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді. Ақтөс –нағыз дос.

Диктант

Ақтөстің көмегі

Қыстың ашық күні еді. Самат далаға ойнауға шықты. Ол шанасын алып төмпешікке қарай бет алды. Сонынан иті Ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында болатын. Самат пен Ақтөс төбешікке жетті. Кенеттен ызғырық жел басталды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде қатты боран басталып кетті. Саматтың жүруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің қырбағауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді. Ақтөс –нағыз дос .(70 сөз )





Қараторғай

Мамыр айының бас кезі болатын. Мен үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу келген қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өте береді. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр екен. Ол осы қарторғайдың жұмыртқасы екен. Жұмыртқаны ұясына салып қойдым.

Өте сүйкімді осы қараторайлардың біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқаларымен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі.( 65сөз)





Диктанттар. (4 сынып.)

Қазақ тiлi сабағы.



Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» - дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.

Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.

(43 сөз.)

Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар.



Қала.

Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.

(42 сөз.)

Тапсырма; «көшелерi», «үйлерi» «тұрғындары» сөздерiнiң түбiрiн ажыратыңдар.







Кезекшi.

Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.

(43 сөз)



Көбелек.

Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.

(50 сөз.)



Мектеп бағы.

Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз (40 сөз.)





Астана.

Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.

(38 сөз.)



Қостанай.

Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.

(38 сөз.)

Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар.











қылбек Шаяхмет.

Ақылбек Шаяхметов-Қостанайлық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз. жаттаймыз,аударамыз. Биыл ақынмен кездесу кешiн өткiземiз. Ақылбек Шаяхмет - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз.

(39 сөз.)



Менiң атам екеу.

Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.

Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.

(46 сөз).

Тапсырма: «шаш», «қара» сөздерiнiң омонимдерiн жазыңдар.

Аға.

Менiң ағамның аты –Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп.

« Ағасы бардың жағасы бар»дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де өскенде ағам сияқты боламын.

(42 сөз.)

Менiң бөлмем.

Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта –шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.

(39 сөз.)



Ине.

Әжемнiң көзi жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай алмайды. Инеге жiптi мен сабақтап беремiн. Журнал,газеттердi оқып беремiн. Әжем маған қолғап тоқып бередi. Әжем менi «Сен менiң жарығымсың,көзiмсiң» деп жақсы көредi. Қазiр менiң әжем зейнеткер. Әжем менiң ең бiрiншi ақылшым.

(41сөз.)

Боран.

Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.

Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.

(59 сөз.

Қыста.

Қыс келдi. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауады.Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

(40 сөз.)

Мемлекеттiк мереке.

Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым - 2030 жылы президент болу.

(41 сөз.)

Жамбыл Жабаев.



Жамбыл Жабаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Соның сексен бес жылы ақындықпен өттi. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған.

(41 сөз.

Құрманғазы Сағырбаев.

Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.





(41 сөз.)

Бiлiп ал.

Бiр жылда он екi ай бар. Жыл төрт мезгiлге бөлiнедi. Әр мезгiл үш айдан құралады. Бiр айда төрт апта,отыз күн болады. Көктемнiң бiрiншi айы-наурыз. Екiншi айы –сәуiр,үшiншi айы-мамыр.Көктемде үлкен мейрамдар бар. Олардың бiрiншiсi-8 наурыз-аналар мейрамы. Екiншiсi –наурыз. Аптада жетi күн бар. Әр күннiң атын бiлiп алыңдар.

(53 сөз.)

Тапсырма; мейрам - сөзiне фонетикалық талдау жасаңдар.





Қазақ тiлi апталығы.

Бiздiң мектепте қазақ тiлi апталығы басталды. Таңертең сынып сағаты болды. Түсте, сағат он екiде бiлiм сайыстары болады. Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады. Бүгiн сабақтар аз. Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын. Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi. Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.



(41 сөз.)





Қойдың пайдасы.

Қой- өте пайдалы мал.Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүннен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда койды көп өсiредi.

(36 сөз.)



Қияр.

Қияр-көкiнiс. Ол бақшада өсiрiледi. Қияр денсаулыққа пайдалы. Одан салат жасайды. Қиярда ақ ауыз көп. Қиярды тұздап, қысқа сақтауға да болады. Бiздiң бақшада қияр көп өстi. Бiздiң отбасымызда қиярдан жасалған салаттарды өте жақсы көредi. Мен бақша жұмысына көмектесемiн.

(41 сөз.)



Қараторғайлар.



Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.

(46 сөз.)



Наурыз.

Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша -Жаңа жыл. Наурыз-көктемнiң бiрiншi айы. Адамдар наурызды асыға күтедi. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. үлкен кiсiлер ақ тiлек бередi. Наурыз-менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.

(40 сөз.)

Тапсырма:сын есiмнiң астын сызыңдар.





Аққу.

Бұл көлдi «Аққу көлi» деп атапты. Бiз

«Аққу көлiне» жақын келiп тұрдық. Онда аққулар қос-қостан жүзiп жүр. Аққу мойыны ұзын, тiсi аппақ,өте көрiктi, сұлу құс екен. Әне, екi аққу көл бетiнде баяу қалғып жүзiп барады. Аққу-көлдiң көркi.

(47 сөз.)

Тапсырма: «аққу», «көркi» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.





Көктем.

Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi.

(44 сөз.)



Орман.

Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.

(41 сөз.)





Табиғатты қорғаңдар.

Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.

(46 сөз.)



Сауысқан.

Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.

(48 сөз.)

Мәншүк Маметова.

Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.

(З.Байкуловадан.)

(47 сөз.)



Мамыр.

Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.

(46 сөз).















Кентау қаласы












Бастауыш сыныптар үшін



Дайындаған :

Садырханова Айгул Мырзагелдиевна






2019 жыл









































69


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2019
2399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі