Диктанттар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Диктанттар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, А.Т. Тұралбаева

ҚАЗАҚ ТІЛІ
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ
1-бөлім
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 2сынып мұғалімдеріне арналған
(Байқау нұсқасы)

Алматы «Атамұра» 2016

ӘОЖ 373.3.016
КБЖ 74.208.1 қаз
Ж 81


Жұмабаева Ә.Е., т. б.
Ж 81 Қазақ тілі. Диктанттар жинағы. 1-бөлім. Жалпы бiлiм беретiн мектеп­
тiң 2сынып мұғалімдеріне арналған/Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова,
А.Т. Тұралбаева. – Алма­ты: Атамұра, 2016. – 40 бет.


ISBN 978-601-306-632-5
ӘОЖ 373.3.016
КБЖ 74.208.1 қаз

ISBN 978-601-306-632-5

© Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И.,
Тұралбаева А.Т., 2016
© «Атамұра», 2016

АЛҒЫ СӨЗ
Бастауыш оқу/оқыту үдерісінде жазу жұмысының көп­
теген түрлері қолданылады. Соның бірі – диктант. Бұл ұғым өз
бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жа
зуды меңзейді. Оның түрлері: үйрету (әріп, буын, сөз, сөздік,
ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық)
және бақылау диктанттары.
Үйрету диктанттары күнделікті оқу/оқыту үдерісінде
жүр­гізіледі. Аталмыш диктанттың әріп, буын, сөз диктант
тары сауат ашу үдерісінде қолданылатындықтан, бұларға
тоқталмай­мыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір
сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік
диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің
қалауымен жүргізіледі.
Диктанттың бұл түрі сабақтың кез келген кезеңінде жүр­
гізіліп, оқушылардың фонетикалық, орфографиялық, лекси­
калық талдауларға жаттығуын мүмкін етеді.
Сөздік диктантының мөлшері бағдарламалық талапқа
сай:
2-сыныпта – 5–7;
3-сыныпта – 9–12;
4-сыныпта – 12–15 сөзден аспауы керек.
Көру диктантын есте сақтау немесе жатқа жазу дик
танты десе де болады. Бұл диктант түрі оқушылардың көру,
есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамыту мақсатында
жүргізіледі. Емлені айыра отырып, оқушылардың көру
қабілетін дамыту мақсаты көзделеді.
Көру диктанты үшін жазылуы қиын сөздер мен сөз
тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар,
жаттауға берілген өлеңдер таңдалып, үзіліс кезінде тақтаға
3

немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Олар
ды оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, асықпай көріп,
жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін
мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған
мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Жазып болған соң
мәтін ашылып, тексеру жұмысы жүргізіледі. Қате кеткен
сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі. Мұндай
материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге
баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса,
мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай
меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім
диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге назар аудару
керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай,
мұғалім оқып тұрған мәтіннен өздеріне берілген тапсырмаға
лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп
жазады.
Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер
мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар
мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға дағдыланады.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға бай
ланысты өздері сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел­
дерді естеріне түсіріп, ойлана отырып, диктантты өз бетінше
жазады.
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда
маңызы зор. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын,
нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп
қояды. Мұндай тәсіл оқушылардың жаттаған өлең, жұмбақ,
жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келуін мүмкін етеді.
Бұл диктант түрі мазмұндамаға ұқсас. Бірақ мазмұнда
мадан сәл оңайлау. Мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар
мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде
қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ереже
лер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның
5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап ала
4

тындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқылған үзіндінің
естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл
дамыту жұмысымен ұштасады.
Шығармашылық диктант – үйрету диктанттарының
ішін­де мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі,
оқушы­лардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен
өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші.
Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою,
сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы
жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін
де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді
қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
Сөйлемді немесе мәтінді балалардың өздері құрастыратын
болғандықтан, мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.
Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет
немесе бір сериялы картина беріледі: балалар бір тақырыпқа
сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер
беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс
тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді.
Графикалық (сызба) диктантын сөйлемдегі сөздердің
байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба
бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге бола
ды.
Ескерту диктантында мұғалім мәтінді тұтас оқып
шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін
түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім
әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер
балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді жазбас бұрын
мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазы
луына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті
дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың
қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай жұмыстардан
кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кез
де әрбір сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін
5

балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше
сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз
сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал
онан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп, талдана
ды, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады.
Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескер
ту диктантының тиімді болғаны.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік
қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы
уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып,
оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқу­
шылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық дең­
гейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Мұнда
оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өзі байқай ала
ды. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені
оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады.
Қандай ережені қайталау керек, кімге қандай көмек керек –
соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бо­
йынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай
жағдайда сол мәтіннің өзі қайтадан алынады немесе соған
ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.
Бақылау диктанты белгілі бір бөлімді оқып бітіргеннен
кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өткізіледі.
Ол төмендегіше жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы
сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі.
Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері
өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;
ә) диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазы
луы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен неме
се байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің
әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды.
Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді
6

немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып
алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім
оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жа
затын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа
сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан
кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде
оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді.
Қатесі болса түзетеді.
Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.
Бастауыш сыныпта алынатын бақылау диктантының
көлемі төмендегідей:
2-сыныпта – 25–30;
3-сыныпта – 35–50;
4-сыныпта – 55–70 сөзден аспауы керек.

7

ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Тіл және сөйлеу
Сөздік диктант
Сөйлеу, ауызекі, мұқият, түсінісу, монолог, диалог, ком
пьютер.
Өздік диктант
Адамдар бір-бірімен сөйлесуді өте ерте заманда бастаған.
Олар тамақ табу үшін аң аулауға, суықтан қорғану үшін баспа
на салуға мәжбүр болды. Мұның бәрін бірлесіп істеген оңай еді.
Сондықтан адамдар бір-бірін көмекке шақыра бастады. Осы
лайша ауызекі сөйлесу пайда болды.
***
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адам
дар қоршаған орта туралы көп нәрсені біледі. Олар оқиды, ой
ланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен
қарым-қатынас жасайды.
Терме диктант
1. Жанар мен Ардақ ұзақ әңгімелесті. 2. Оқушы тақпақ
айтты. 3. Балжан атасына хат жазды. 4. Дәурен мәтінді дауыстап оқыды. 5. Оқушылар терме диктантын жазды.
• Ауызекі сөйлеу жүзеге асырылған сөйлемдерді теріп
жаздыру.
Шығармашылық диктант
Адамдар ғана ... алады. Ал жан-жануарлар тек ...
шығарады. Сөйлеу әрекетіне ..., ..., ..., ... жатады.
Керекті сөздер: дыбыс, тыңдау, айту, оқу, жазу, сөйлей.
• Көп нүктенің орнына керектіі сөздерді қойып жаздыру.
8

Есте жоқ ерте заманда адамдар бір-біріне керней тартып,
дабыл қағып, от жағып, түрлі түсті шүберек бұлғап хабар
беретін еді. Қазір...
• Мәтінді әрі қарай жалғастырту.
Графикалық (сызба) диктант
• Сөйлеудің ауызекі және жазбаша түрі бар.
• Сөйлеу түрлерін сызбамен көрсету.
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
У әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Сәукеле, Зәуре, уық, әуен, сусын, зәулім, улап-шулап.
• У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу.
***
Дәуір, елеуіш, қауын, жуу, бауыр.
• У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты





Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы.
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.



Ескен Елубай

• Дауысты у-дың астын бір сызықпен, дауыссыз у-дың
астын екі сызықпен сыздыру.
Терме диктант
Сусын, уақыт, жайлау, Сәуле, сүрлеу, оқушы, шашу, жуас,
әуе.
• Дауыссыз у дыбысы бар сөздерді теріп жаздыру.
9

Шығармашылық диктант
1. ... тиімді пайдалану қажет. 2. Анам ... киім дүкеніне
бардық.
3. Киім ... мен сатушының көмегіне жүгінемін. 4. Көйлекті
... мен ... – тігіншінің сүйікті ісі.
Керекті сөздер: екеуіміз, тігу, таңдауда, уақытты, пішу.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаздыру.
• У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу.
***
Шуақ – қуыршақ – ...
• Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталатын, құрамында у дыбысы бар сөздер тапқызу.
И, й әріптерінің жазылуы
Сөздік диктант
Киім, тақия, кимешек, аяқкиім, көйлек, ине, жиек.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
***
Сый, сыйлық, тый, тыйым, сыйды.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты



Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.

• Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі
рет сыздыру.
10

Өздік диктант
Сыйға – сый







Ара тынбайды,
Ұшып, зырлайды.
Шарлап қырларды,
Шырын жинайды.
Гүлдер өсірсең,
Балын сыйлайды.



Мұзафар Әлімбай

Шығармашылық диктант
1. Анам туған күніме әдемі сырға с...лады. 2. Мақта қыз
кішкентай а...на тауып алды. 3. Мұрат домбыраға т...ек жаса
ды. 4. Атасы Қанатқа жаман сөз айтуға т...ым салды.
• Көп нүктенің орнына и мен ый-дың тиістісін қойып
жаздыру.
***
Аңшының қиялы
Ертеде бір аңшы аң аулап жүріп, бұтаның арасынан
қоянды көріпті. Аңшы ыңғайланып тасада отырады. Кенеттен
қоянды көріп, мылтығын кезейді. Қоянды атпай тұрып қиялға
беріледі...
• Мәтінді әрі қарай жалғастырту.
Терме диктант
Әшекей бұйымдар
Ертеректе зергерлер қыздарға арналған түрлі әшекей
бұйымдар жасаған. Қыздар алқа, сырға, шолпы, түйреуіш,
белдіктер таққан. Құлаққа тағатын сырға ең сүйікті әшекейдің
бірі болған. Сырғаны туғаннан бастап, қартайғанға дейін таққан.
• й әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
11

Я әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Аяқ, пияз, бояу, зиян, ұят, желмая.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Терме диктант





Менің інім – Бақтияр,
Болса өзінде ықтияр,
Қызыл қарбыз тұрғанда,
Жемес еді көк қияр.



Қадыр Мырза Әли

• Я әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
Өздік диктант
Қияр
Қияр – адам денсаулығына пайдалы көгөнiс. Оның қабығын
көзді күтуге, бет терісін жасартуға пайдаланады. Қияр шыры
ны тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады. Күніне бір
жас қияр жеген адамның есте сақтау қабілеті артады.
Шығармашылық диктант
Сеземін






Бақтиярдың шашынан
(Ненің?) иісін сеземін.
Саусақтары басынан
(Ненің?) иісін сеземін.
Мұзафар Әлімбай

• Сұрақтың жауабын тапқызу.
12

***
Балалар саяхатқа шыққан. Олар табиғат аясында бояумен
сурет салмақ болды. Осы кезде Жәния қоянды көріп қалды. Қоян
қорқып, қаша жөнелді. Оны балалар да көріп, мәз болып шулады.
• Сөйлемдердің орнын алмастыру арқылы мәтін құрату.
Ю әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Жаю, ою, еңкею, түю, жию, сыю, тыю.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты
Биші





Қамзол кием қынай бел
Толған ою, өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке.



Оразақын Асқар

• Ою сөзіне дыбыстық талдау жасату.
***





Шілдеде шөп маялап,
Егін басы толады.
Көгөніс пен миуа бақ
Көздің жауын алады.



Ермек Өтетілеуұлы

• Миуа сөзінің жазылу ерекшелігін талдау.
Өздік диктант




Тәтті балға тоюды
Ойлап аю,
Омартаны ториды.


Мұзафар Әлімбай
13

Ескерту диктанты
Сауысқан
Сауысқан – жылтыр, әшекейлi заттарға әуес құс. Ол
ұясына әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды та
сиды. Оның ұясынан түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен
алтын сақиналарды да кездестiруге болады.
***
Жақсылық
Әлия бүгін мектепке ерте келді. Сыныпқа кіріп, орнына
жайғасты. Терезе жақтан ызыңдаған дыбысты естіді. Ол әйнекте
жорғалап жүрген араны байқады. Кішкентай қыз араны ұстап
алып, желдеткіштен сыртқа шығарып жіберді.
Бақылау диктанты
Ерте заманда адамдар өз ойларын бір-біріне жеткізу,
түсіндіру үшін әртүрлі іс-қимылдарды қолданған. Тастарға сурет
салған және жалаушалар мен белгілерді пайдаланған. Уақыт өте
еңбек арқылы олардың ойлары, тілдері дами бастады. (29 сөз.)
***
Сәукеле
Сәукеле – қазақтың ұлттық баскиімдерінің бірі. Ол оюлар
мен, әдемі гауһар тастармен көмкерілген. Сәукелені алдын ала
даярлап қояды. Ұзатылатын қыз немесе қалыңдық сәукелені
қыз ұзату, үйлену тойларында киеді. (27 сөз.)
***
Шапан жабу
Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Оны аса
бағалайды. Қазақта шапан жабу дәстүрі бар. Арнайы тіккізген
шапанды құрметті қонағының иығына жабады. Бұл үлкенді
сыйлаудың тамаша үлгісі болып табылады. (28 сөз.) 
14

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сөздік диктант
Ататек, шежіре, отбасы, немере, шөбере.
• Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Өздік диктант
Шежіре ағашы
Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті
атасын білмеу – өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге ата-ана
көмекке келеді. Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан
арғы ата-бабасы кіреді.
Дауыссыз б мен п
Сөздік диктант
Кітап, мектеп, доп, клуб, штаб, тәртіп, талап.
Көру диктанты








Ұқыпты бала
Кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала
Кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға
Жүктеп тастады.
Қастек Баянбай

Терме диктант
Жұмбақ



Күні бойы тіл қатпай,
Қол шалғыны өкшелеп,
15




Шапқан шөпті құрғатпай,
Жинайды бұл дестелеп.



(Тырма)
Дауыссыз қ мен ғ

Сөздік диктант
Достық, атақ, құшақ, қылық, қазақ.
Көру диктанты
Түліктің пайдасы






Түйе – байлық,
Қой – мырзалық,
Ешкі – жеңілдік,
Жылқы – сәндік,
Сиыр – ақтық.

• Қ дыбысына аяқталған сөздердің астын сыздыру.
Терме диктант






Қайран жылқы!
Бұл әлі –
Қасиеттің бұлағы.
Тұяғымен естиді,
Естімесе құлағы!


Қадыр Мырза Әли

• Қ дыбысы ғ дыбысына өзгерген сөздерді теріп жаздыру.
Өздік диктант
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның
біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы на
шар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап
үріп шыға келді.
16

– Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап
жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы
ұмтылды. Айбар шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып
алды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.
Абыз Ақселеудің жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман
қалатын едің, – деді.
– Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын
сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі
қашпадым, – деді Ақселеу.
– Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз
достық! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал
сүйсініп.
Мәдіхат Төрежанов
Шығармашылық диктант
Мақал



Жаман аттан ая...м артық,
Жаман жолдастан тая...ым артық.

• Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаздыру.
Жұмбақтар

1. Жеп-жеңіл қара таба...
Шыр көбелек айналады.
Күй тартады,
Ән салады.


(Күй таба...ы)


2. Бөрене тұмсы...,
Емен ая....
Жандар бар
Некен-сая... .
(Піл)
17


3. Қол санды...ым жабы...,
Іші тол...ан мамы... .


(Жасты...)

• Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
Дауыссыз к мен г
Сөздік диктант
Тек, тілек, жүрек, бесік, еңбек.
Көру диктанты
Көк ту





Қазақстан көгінде
Көк ту тұр ғой желбіреп.
Қазағымның бүгінде
Көк аспаны мөлдіреп.



Нұрлан Мәукенұлы

Терме диктант
Кітап оқыр бір бөбек











Жаңбыр жауар себелеп,
Жонға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
Су жыланды құртуға
Көлге қонар дегелек.
Ғылым сырын білсем деп,
Көкте күн боп күлсем деп,
Кітап оқыр бір бөбек.
Өтебай Тұрманжанов

• К-ге аяқталған сөздерді теріп жаздыру.
18

Шығармашылық диктант
Мақал-мәтелдер

1. Ақылсыздың күші біле...інде,
Ақылдының күші жүре...інде.


2. Өтірі...ші алдымен өзін алдайды.


3. Кө...алсыз – жер көрі...сіз,
Білімсіз – ер көрі...сіз.

4. Сиырды теппейді,
Сүтті тө...пейді.
• Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
***
Шыңғыстау





Бәріне ашық есі...і,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс – алтын бесі...і
Абай менен Мұхтардың.



Несіпбек Айтов

• Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
Дауыссыз л мен р
Сөздік диктант
Растау, риза, рақат, лебіз, рұқсат, рәсуа.
19

***
Ілмек, ылғал, ырық, ірі, ірімшік, ілесу, ылғи, іру.
Көру диктанты
Ана





Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.



Т. Бейсенбеков

• Сөз басындағы р, ы дыбыстарына талдау жасату.
***



Лек-лек үлек келеді,
Көп үлек түлеп келеді.

• Жаңылтпашты жатқа жаздыру.
Шығармашылық диктант
1. ...айым жақсылық болсын. 2. Оттың ыстық ...ебіне су
киімдерімізді кептіріп алдық. 3. Көшеде ...ай сулар іркіліп жа
тыр. 4. Бір-біріңді ...енжітпе. 5. Үй толған балаларды ...еттеп
отырғызды.
• Көп нүктенің орнына л, р әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
***
Жақсылық
Қоян бір күні қатты ауырып қалды. Қасында көмектесер
ешкімі жоқ. Жанашыр біреу болса ғой деп армандады. «Осы
20

дан жазылсам, барлық хайуандарды достасуға, бір-бірімізге
көмектесуге шақырар едім», – деп толғанды ол.
• Ертегіні жалғастыру. Соңғы бөлікте «лезде», «расында» сөздерін қолданып жаздыру.
Дауыссыз н мен ң
Сөздік диктант
Кен, кең, шаңғы, соңғы, әңгіме, қараңғы, дөңгелек.
***
Жауынгер, сенгіш, көнгіш, күнгей, төменгі, бұрынғы.
Көру диктанты
Менің досым Маңғыстауда тұрады біз хат арқылы таныстық
мен оған өз отбасым, достарым туралы мақтанышпен жазамын
Назерке Алматыға биыл жазда келмекші досымды асыға күтіп
жүрмін.
• Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойдырып, жатқа
жаздыру.
***






Қон.
Қоң.
Жайлауға қон,
Жисын мал қоң.
Ескен Елубай

• Қон–қоң сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Өздік диктант
– Балалар, жер бетінде сендер сияқты балалар бақытты
өмір сүру үшін не қажет?
– Әрине, бейбітшілік пен байлық қажет. Жер бетінде
бейбітшілік пен байлықтың мәңгі орнауы үшін барлық
21

халықтар, ұлттар өзара тату болу керек. Сондықтан, ең алды
мен, өз сыныбымызда достық орнауы қажет.
Шығармашылық диктант
1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы
екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың
төме...гі жағында.
• Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін жаздыру.
Ескерту диктанты
Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен
себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек
ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін
байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі
дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.
***
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын
әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап
жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты
қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы
немересінің ісіне риза болды.
«Балдырған» журналынан
Бақылау диктанты
Екі дос
Раушан мен Іңкәр – дос. Олар бір сыныпта оқиды. Екеуі
де ибалы, тәртіпті. Сабақтарын үздік оқиды. Қос жұп бос
уақыттарын бірге өткізеді. Аптасына екі рет тоғызқұмалаққа
барады. Оларға балалар қызыға қарайды. (30 сөз.)
***
Ержүрек Әлия
Қардай бораған оқ. Жауынгерлер бас көтере алар емес.
Әлия орнынан ұшып тұрды. Жалынды ұранмен жауынгерлерді
22

шабуылға көтерді. Жау бекінісі алынды. Осы ұрыста Әлия
жауынгерлерді алты рет шабуылға бастады. (28 сөз.)
«Ақжелкен» журналынан
***
Қамқорлық
Балалар мұзайдынын жасап жатты. Олар алаңның қарын
күреді. Бірнеше рет су әкеліп құйды. Су қатып, мұзайдыны
дайын болды. Серік сырқаттанып, бұл жұмысқа араласа алма
ды. Жақып Серікті ойнауға шақырды. (30 сөз.)
Мәдіхат Төрежанов

23

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ
Мәтін дегеніміз не?
Шығармашылық диктант
Мектепте салтанатты жиын болды. Жиын соңында түрлі
түсті шарлар аспанға ұшырылды. Бүгін – Білім күні. Оқушылар
мектепке келді. Құттықтау сөздер ән-шашумен жалғасты.
• Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастырту.
Графикалық диктант

• Берілген сызбаның көмегімен мәтін құрастырту.
Терме диктант
Мынау – сынып бөлмесі. Оның терезелері үлкен. Түн
ұзарды. Сол жақта мұғалім үстелі мен орындығы қойылған.
24

Терезелердің алдында гүлдер өсіп тұр. Оң жақта менің төсегім
тұр. Оқушылар үстелі мен орындығы топпен жұмыс істеуге
ыңғайлы етіп орналастырылған. Сынып бөлмесінің ауасы таза.
• Сынып бөлмесі туралы сөйлемдерді мәтін шығатындай
етіп теріп жаздыру. Мәтіннің қай түрі екенін анықтату.
Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі
ой дегеніміз не?
Көру диктанты







Тақтайлардың қалдығын
Қиып,
Қырнап,
Қашадым.
Қиыстырып барлығын,
Бір орындық жасадым.



Қастек Баянбай

• Өлеңнің не туралы екенін тапқызу. Өлеңге ат қою.
Өздік диктант
Ахмет Байтұрсынұлы












Ақын, ғалым Ахмет туған Ақкөлде,
Ғалым атын жазшы жырдай дәптерге.
Сол атадан Ана тілін үйренген
Атаң,
Әжең,
Әкең,
Шешең,
Әпкең де...
«Әліппенің», өлең-жырдың ұстасы,
Ахмет ата – бүкіл халық ұстазы.
Мұзафар Әлімбай
25

Шығармашылық диктант





Тәлім алған осында атамыз да,
Әжеміз де, анамыз да, әкеміз де.
Құшағына түлегін шақырды ана –
Енді біз де үлгілі шәкірт бала.



Мұзафар Әлімбай

• Өлең не туралы екенін тапқызу. Тақырыптың қысқаша атауы түрінде мәтінге ат қойғызу.
Мәтіннің құрылымдық бөліктері
Шығармашылық диктант
Мен кеше циркке бардым. Жолбарыстарды көрдім. Осын
дай күшті аң адамға неге бағынады? Мүмкін, адамның олар
дан қорықпайтындығынан шығар? Әлде иесі оларға үнемі қам­
қорлық жасағандығынан ба? Сендер қалай ойлайсыңдар?
• Мәтінді бөліктерге бөліп, қайта жаздыру.
Ақтиін
Кенет ағаш басынан ұлпа жүнді тиін секіріп түсті. Бізден
қорыққан жоқ. Адамдарға әбден үйреніп алған. Мен оның ал
дына қолымдағы қарағай жаңғағын тастай салдым. Ақтиін
жаңғақты қақшып алды. Содан соң олжасын жақын маңдағы
ағаш түбіне көме бастады.
• Мәтіннің басы мен соңын өз ойынан шығартып жаздыру.
Графикалық диктант
|___ ____ ____ ____.

Басы

|___ ____ ____ ____. |___ ______. |___ ______.

Негізгі бөлім

|___ ____ ____ ____. |___ ____ ____ ____.
|___ ____ ____ ____. |___ ____ ____ ____.

26

Соңы

• Берілген сызба бойынша басы, негізгі бөлігі, соңы бар
«Мектептегі оқиға» тақырыбына мәтін құрату. Мәтіннің
қай түрі екенін анықтату.
Мәтін және оның түрлері
Өздік диктант
Мен 2-сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз кең, жарық. Төбесі биік, қабыр­
ғалары аппақ.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші
үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.
• Әр бөлікті мәтін түрлеріне ажырату.
Шығармашылық диктант
Келесі сабақ – денешынықтыру. Жәния мен Лаура мек
теп формасын, аяқкиімін шешті. Олар спорт киімдерін киіп,
спортзалға асықты.
Қоңырау соғылып, оқушылар үзіліске шықты.
Оқушылар денешанықтыру сабағын ұнатады.
• Орны ауысқан бөліктерді мәтін шығатындай етіп
құрастырту. Мәтіннің қай түрі екенін анықтату.
***
Ағаш, қайың, сұлу, діңі, аппақ, жұқа, қабық, қапталған,
бұтақ, нәрлі, шырын, тамады.
• Берілген тірек сөздердің көмегімен аққайыңды сипаттату.
***
Тақырыбы: «Мен мектебім мен сыныптастарымды не үшін
жақсы көремін?»
• Осы тақырыпта пайымдау мәтінін құрату.
27

Графикалық диктант
Дәлелденетін
пікір

Дәлелденетін
пікір

өйткені
себебі
неге десеңіз
сондықтан
сол себепті
демек
олай болса

Дәлелдеу

Қорытынды
пікір

• Берілген сызба бойынша пайымдау мәтінін құрастыру.
Сөйлем дегеніміз не?
Хабарлы сөйлем
Көру диктанты
Бұлбұл – кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып
сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
• Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойдырып, жатқа
жаздыру.
Өздік диктант





Нүкте деген – пайымды,
Батыл тыныс белгісі.
Аяқтамай ойыңды,
Келмейді оның көнгісі.






Жазып жатқан кездерде
Асықпай-ақ күтеді.
Небір ғажап сөздер де
Сол нүктемен бітеді.


28

Қадыр Мырза Әли

Шығармашылық диктант
Сұлулыққа ынтығып, таза ауаға құмартып жүрген баланың
денсаулығы да түзеле бастапты.
– Апа, білесің бе? – депті ол бір күні қуанып шешесіне. –
Табиғаттың бөлшегі ағаш пен гүл ғана емес екен.
– Иә, гүл де, су да, ауа да табиғаттың бөлшегі демексің ғой.
– ...
Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп, оның
маңдайынан сүйді.
Нұрдәулет Ақыш
• Диалогті толықтыру.
Сұраулы сөйлем
Көру диктанты





Көлбеңдейді көбелек.
Көбелекке не керек?
Көз тартады гүл өрнек,
Көйлегі оның керемет!

Өздік диктант
Сәуле кітапханаға барды. Бұл – мектеп кітапханасы. Кітап­
ханада қызық кітаптар көп. Сәуле өзі іздеген кітабын тапты.
• Ма, ме, ба, бе сұрақ сөздерін қойып, хабарлы сөйлемдерді
сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаздыру.
***
Білім




Білім терең теңіз бе?
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым –
29






Осы екеуі деңіз де,–
Дейді атам,– білімді
еңбекпенен сен ізде.
Ермахан Шайқыұлы

Шығармашылық диктант
1. Концертке, дайындалды, оқушылар.
2. Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
3. Тақпақ, жаттадым, мен.
4. Болат, тартады, домбыра.
5. Концерт, қоясыңдар ма, сендер.
6. Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.
7. Сыныптың, өнерлі, оқушылары.
8. Ән, Әсемнің, ғажап, айтуы.
9. Қандай, керемет, дауысы.
10. Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.
• Сөйлем құрап жаздыру.
***
Сабақтан кешікпе. Үзіліс кезінде тәртіп бұзба. Сыныптастарыңмен мектептегі тәртіп ережелерін құрастыр.
• Ма, ме, ба, бе, па, пе арқылы сұраулы сөйлемге
айналдырып жаздыру.
***
Менің үйім мектепке жақын. … … … … …?
Мектебім үлкен және әдемі. … … … … …?
Мұғалім біздерді оқытады. … … … ?
• Хабарлы сөйлемдерге тиісті сұрақтарды қойдыра отырып, сұраулы сөйлемге айналдырып жаздыру.
30

Графикалық диктант

|___ ____ ____ ба?
|___ ____ ____ нешеу?
|___ ____ нешеде ____?
|___ қай ____?
|___ ____ ме?
• Берілген сызба арқылы сұраулы сөйлемдер құратып
жаздыру.
Бақылау диктанты
Мақтаншақ
Қалтайға сыныптастары қонаққа келді.
Қалтай оларға салған суреттерін көрсетті. Кітаптарын
көрсетіп мақтанды. Қонақтары қайтуға жиналған сәтте үй
іргесінде жатқан ала бұзауға мініп алды. Бұзау орнынан ұшып
тұрды. Қалтай жерге құлап түсті. (31 сөз.)
Сансызбай Сарғасқаев
***
Жаңбыр құйып тұр. Сәуле қолшатырын төбесіне ұстады.
Мектепке жақындай бергенде қыңсылаған күшік дауысы
құлағына шалынды. Күшіктің үсті малмандай су. Аяп кетті.
Ол күшікті көтеріп алды. (25 сөз.)
«Балдырған» журналынан

31

МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ
Лепті сөйлем
Көру диктанты
Кенге толы қойнауы, Анамыздай тілеуі ақ,
Төлге толы жайлауы, Отан бізде біреу-ақ,
Ол – біздің Қазақстан! Ол – біздің Қазақстан!
Мұзафар Әлімбай
• Өлеңді жатқа жаздыру.
Өздік диктант
Жұмбақ





Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым – соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.

• Жұмбақ шешуіндегі сөз туралы мәтін жаздыру.
Шығармашылық диктант
1.
2.
3.
4.
5.
6.

… әкем келді!
… кеше келсемші!
… әдемі сурет!
... көркем табиғат!
... жер-ананың құдіреті!
... туған жерім-ай!

• Сөйлемдерді алақай, қап, қандай, неткен, паһ шіркін,
беу сөздерінің тиістісін қойып жаздыру.
***
Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған.
Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
• Бірінші сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаздыру.
32

Терме диктант
Қаратайға әкесі малақай сатып алып берді. Малақай
балақайға ұнады.
– Алақай, малақайым әдемі! – дейтін ол.
Сөйтіп жүргенде ауылдан әжесі келді. Қаратай оның
алдынан жүгіріп шықты.
– Алақай, әжем келді! – деді ол.
– Айналайын, Қаратайым, – деп әжесі немересінің бетінен
сүйді.
– Әже, мені біреулер Алақай деп атайды, – деді балақай.
– Алақай деген жақсы сөз, балам. Қуанғаныңды білдіреді.
Қуанып, шат болып жүрсең, тез өсесің. Айтса, айта берсін, –
деді әжесі.
Қаратай кәдімгідей қуанып қалды. Қуанып, шаттанған соң
бұрынғыдан да бойы өсіп, есейе түскендей көрінді.
Қ. Шотбасов
• Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
***
Жарас жазғы демалысында үлкендерге көмектесуді ұйғарды. Сөйтіп ол хат тасушы болды. Хат, газет-журнал толы
сөмкені велосипедінің арт жағына қойып, мықтап байлап ала
ды да, жайлауға қарай тартып отырады. Әне-міне дегенше са
лып ұрып жетіп келеді.
Шопандар қарқ болып қалады.
– Міне, жігіт!
– Көп жаса!
– Өркенің өссін, қарағым!
– Қатарыңның алды бол! – деп, алғыстарын үйіп-төгеді.
Ғ. Тәшімбаев
• Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
33

Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Көру диктанты
Ер жігіт елін қорғайды







Терек бүрін қорғайды,
Ара балын қорғайды,
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды,
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.



Өтебай Тұрманжанов

• Өлеңді жатқа жаздыру. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтату.
***






Ақ қар, көк мұз айнала,
Қыс кетпеске бекінді.
Желпіп өткен жел ғана
Шымшылайды бетіңді.
Тұманбай Молдағалиев

• Өлеңді жатқа жаздыру. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызу.
***





34

Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.
Нұтфолла Шәкенов

• Өлеңді жатқа жаздыру. Соңғы екі сөйлемдегі сөздердің
байланысын таптыру.
Өздік диктант
Жер бедері
Жер бетіндегі таулар мен сайлардың жинағын жер бедері
деп атайды. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты тау
лы және жазық болып бөлінеді. Жер бедерінде мұхиттар мен
құрлықтар орналасқан. Жер – адамзат байлығы! Оны қорғау
қажет! Аялау керек! (33 сөз.)
Шығармашылық диктант
1. Ауамен, біз, дем, таза, аламыз.
2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.
3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта сақтаңдар.
4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып.
5. Отырыңдар, жаңартып, ауаны.
• Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құратқызу.
***
Сәлім (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық
көп. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
• Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертіп
жаздыру.
***
Үрленген, қалықтай ұшты, шар.
Ұстап алды, қуып жетіп, Алмат, оны.
Шарды, апарып, қарындасына, берді.
• Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құратқызу.
35

Графикалық диктант
Құстар сайрайды. Сәрсен кітапханаға барды. Әлия мақала
жазды. Әйгерім Алматыдан келді.
• Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсеткізу.
***

.

.

• Берілген сызба бойынша сөйлем құрату.
Ескерту диктанты
Мен көркем гимнастика үйірмесіне қатысамын. Билегенде
шауып келе жатқан салт аттыны бейнелеймін. Бір күні әкем
жаттығуға қатысты. Үйге қайтар жолда маған ой салды. Биіңе
«Көңіл ашар» күйі дәл келеді емес пе? Үйге келіп, билеп көрдім.
Тамаша! Өте жақсы болды! Таптым іздегенімді! Қуанғанымнан
әкемнің мойнына асылдым. Күй әуені жаттықтырушыма да
ұнады.
«Балдырған» журналынан
Бақылау диктанты
Табиғат және адам
Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғат – тіршілік көзі. Оны
қорғау – біздің парызымыз! Т
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
30.11.2023
435
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі