Материалдар / Диктанттар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Диктантттар жинағы» бастауыш сыныптардың программасына сай құрылған. Әр сынып бойынға мұғалімдердің тәрбиелік күнделікті жұмысына керекті материалдарды іріктеп, ғылымдық, тәрбиелік мәні бартекстерді календарлық талаптарға бейімдеп топтады. Ондағы мақсат-шәкірттердің білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгеруіндегі жетістік, олқылықта айқындауға көмектесу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2017
11113
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Picture 1

ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ

1-2 сынып



Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің

1-2 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал





Құрастырушы: Бастауыш сынып мұғалімі: Онгарбай Жанерке









2017ж

Алғы сөз

«Диктантттар жинағы» бастауыш сыныптардың программасына сай құрылған. Әр сынып бойынға мұғалімдердің тәрбиелік күнделікті жұмысына керекті материалдарды іріктеп, ғылымдық, тәрбиелік мәні бартекстерді календарлық талаптарға бейімдеп топтады. Ондағы мақсат-шәкірттердің білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгеруіндегі жетістік, олқылықта айқындауға көмектесу. Сол себепті 1-2 сынып оқулықтарына енген текстерден басқа түрлі әдіс-тәсілдерге негізделген тапсырмалар,мазмұндамалар мен шығармаларға үлгі боларлық материалдар берілді. Қысқаша болса да, сөздік пен грамматикалық талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерді меңгертудің жолдары нұсқалды. Олардың құрамына: математика, дене шынықтыру, бейнелеу өнері және еңбек сабақтарында кездесетін жазылуы қиын термин сөздер енген. Бұларды үзбей жүргізу-оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу тілінің стилін, синтаксистік құрылысын қалыптастырып, мәнерлеп оқу мен байланыстыра сөйлей білуге, сауатты жазуға машықтандырады. Ол үшін оқушыларға оқулықтарда берілген жеке заттың суреті мен сюжетті картиналардағы таныс заттарды ататқызып, ал таныс еместерін басқа сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда үнемі қайталап отырған жөн. Мысалы,сауат ашу кезеңінен-ақ, а,т,н,п,ғ, тағы сол сияқты дыбыс әріптері және олардан құралған буындар мен сөздерді сабақ сайын ауызша талдатып қана қоймай, әріп, буын, сөз диктанттары мен түсіндірме жазуды жиі жаздырғанда ғана олардың мәні мен мағынасын жете түсінеді. Сөйтіп , жеке әріптер мен буындарды, сөздерді көшіруден бастап, үйрету, бақылау диктант тарында, мазмұндама мен шығармаларда тиісті сөздер мен сөз тіркестерін, жаңа грамматикалық атаулар мен олардың ережелерін ендіріп, емлелердің астын сыздырып отырса, оқушылар (қосымша тапсырма ретінде) ол сөздер мен грамматикалық атауларды,ережелерді үнемі саналы меңгеріп,өздігінен ауатты жаза алатын болады.

Қорыта келгенде, осы сыныптардағы үйрету диктанттары өздерінің үйретушілік қызметінің сапалы орындауын талап етеді.

Жинақтаға материалдар мына ретпен беріледі:

1.Әліппе кезеңіндегі үйрету диктанттарын жүргізудің жолдары.

2. «Сөздік және грамматикалық» талдауларға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерді» меңгертудің жолдары.

3.Сауат ашу және тіл дамыту 4.Қазақ тілі. 2-сынып



ӘЛІППЕ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҮЙРЕТУ

ДИКТАНТТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Үйрету диктантттары сауаташу кезеңінде жүргізіліп, оқушылардың айналаны танып –білу сезімін оятуға, ойын өсіруге, сауатын ашып, сөздңк қорын молайтуға үлкен сетігін тигізеді.

Әліппе кезеңінде әріп, буын, сөз, сөйлем, өздік диктанттарының лайықты біреуі сабақ сайын үзбей жүргізіліп отырады.

Балаларды 6 жастан оқыта бастағандықтан, үйрету диктанттарынан басқа да диктант түрлері (көру, терме, шығармашылық, ескерту диктанты) 1сыныпқа арнайы жеңілдетіп беріледі. Әсіресе бастапқы алтауы (әріп, буын, сөз,сөйлем,сөздік,өздік) балалардың сауатын ашу ғана емес, ойлау қабілетін де жетілдіреді. Дыбыс, әріп,буын, сөз және сқөйлемдерді бір-бірімен салыстыру арқылы оқушылар олардың мағыналық жағын ажыратуға машықтанады. Қалғандары (көру, терме,шығармашылық, ескерту т.б) 1-2 сыныптарға жыл бойы жүргізіледі.

1-сынып оқушыларын диктант жазуға төсілдіру ісі жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бұл әдіс оқушылар оқушылар не жазатынын алдымен ойлап, мағынасын түсінуге машықтандырады. Осыдан кейін мұғалім бір-екі әріп пен олардан буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыра бастайды. Әрине, бұл жерде түсіндірмелі жазуға ерекше назар аудару қажет. Өйткені ол-диктант жазудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан мұны сабақ сайын жазып, машықтандырған оқушылар ғана диктантты ойдағыдай жазатыны сөзсіз.

Сөйтіп, оқушылар аталған (әріп, буын, сөз, сөйлем, сөздік,өздік) диктанттарды әбден меңгергеннен кейін барып үйрету диктанттарының күрделірек түрлері (терме, көру, шығармашылық,ескерту) жаздырылады.

ӘРІП ДИКТАНТТАРЫН ЖАЗДЫРУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

Әріп диктанттары оқушылардың естіген, үйренген дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқау үшін жаздырылады. Бұл-графикалық сызбалардан кейінгі оқушылардың өздігінен ойланып жазған алғашқы сынақ жұмысы. Әрине, егер бұған дейін кеспе әліппеден а дыбысының баспаша және жазбаша таңбасын тақтаға, дәптерлеріне сапалы түрде жазып машықтанбаса, бірден жазып кете алмайды. Сондықтан алғашқы өтілген әріптер жайына мұғалім:-«Мынау-(кеспе әліппеден алып тұрып) а дауысты дыбысына берілген үлкен және кіші әріптің (А, а) баспаша түрілері де, мынау –(а,а) жазбаша түрлері. Үлкен әріптер адам аттары мен фамилиясының басында жазылады. Дыбысты –айтамыз, естиміз, әріпті жазамыз, оқимыз»,-деген сияқты анықтамалық үлгілерді үнемі айта отырып, кейінгілерін оқушылардың өздері айтуға әдеттендіреді.

Әріп диктанттарының көлемі күн өткен сайын ұлғая түсетідіктен, оған кететін уақыттты үнемдеу үшін кейде біркелкі кіші әріптерді, кейде бас әріптерді, енді бірде оларды да араластырып жаздыруға болады. Сол сияқты даысты, дауыссыз дыбыстарды да фонемасын естілуіне қарай ажыратын, қатесіз жазатын болады.

БУЫН ДИКТАНТЫН ЖАЗДЫРУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Әріп диктанттарын есту арқылы өздігінен жатқа жазып төселген оқушыларға сол әріптерден құралған буын диктантын жазуда аса қиындық келтірмейді. Бірақ мынадай басты мәселелерге көңіл бөлген жөн: дыбыс пен әріпке қарағанда буынның өзіндік ерекшелігі бар;құрамындағы әріптер бір-бірімен қосылып жазылады; буыннан сөз құрайды, сөзді айтқанда буын бөлектене алады; дауысты дыбыстар жеке тұрып та буын құрайды, ал дауыссыз дыбыстар жеке емес, тек дауыстыларға қосылып қана айтылады.

Буын диктантын жазуды оқушылар әріп диктантына біраз дағдыланғаннан кейін бастаған дұрыс. Өйткені оқушылар бұған дейін кеспе әріптер мен буындардан сөз құрау дайындығынан өтеді, буындап оқуға, жазуға машықтанады.

СӨЗ ДИКТАНТЫН ЖАЗДЫРУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Сөз диктанты –әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат- оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретін, яғни мағынасы болатынын түсіндіру.

Оқушылар бұған дейін сыныпта толық мағыналы бір немесе екі-үш буыннан құралған сөздер мен сөз тіркестерінен кеспе әріппен кеспе буындардан құрастырып, оларды әріп пен буынға ажыратын үйренген болатын. Енді өтілген дыбыстардан құралған сқөздердің барлығын санамалап айтуға жаттығуы қажет. Өйткені оқушылар әріп пен буын диктанттарын дұрыс жазып, сөздердің мағынасын түсініп алмайынша, бірден сөз диктантын өз дәрежесінде сауатты жазып кете алмайды.

Сөз диктантында әрбір сөздің мағынасы түсіндіріліп, ол неше буыннан, неше әріптен құралып тұрғаны(әрине, көбіне оқушылардың сөздік қорына әлі еніп болмаған: оқулық, әліппеғ дыбыс, әріп, сөз, сөйлем, сынып, парта терминдер) ауызша талданады. Мұнда оқушылар өздері естігенәрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесеәріптердің орнын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз көркем етіп жазуға дағдыланады.

СӨЙЛЕМ ДИКТАНТЫН ЖАЗДЫРУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

Сөйлем диктантын жүргізудегі негізгі мақсат-оқушыларға сөйлем деген ұғымды түсіндіріп, оны жаңа сөздерден құрай білуге төсілдіру. Мұғалім сөйлем диктантын жүргізген сайын сөйлемнің бір, екі, үш немесе әлденеше сөзден, сөз тіркестерінен құралатынын, бірінші сөз бас әріппен басталып, әр сөз бөлек жазылатынын, сөйлем соңына нүкте, сұрақ, леп белгілерінің бірі қойылатынын ауызша талдаттырып алған соң жаздырып үйретеді.

Ә ліппе кезеңіндегі жүргізілетін үйрету диктанттарының міндеті-оқушыларды үйренген әріп, буын, сөз және сөйлемдерін түсініп, сауатты, көркем етіп жазу мен дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.

К ө р у д и к т а н т ы . Бұл диктант оқушылардың көру, есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктантына әліппе бойынша өтілген әріп, буын және жеке сөздермен бірге жазылуы қиын сөздер, сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жатттауға берілген өлеңдер алынады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала плакат қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың өздері оқып шығуына , асықпайкөріп, жадына сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін тақтаға жазылған мәтінді мұғалім жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған тексін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса назар аударуға тиісті ережелерді бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі-түсті бормен сызып қояды. Көру диктантын алғаш жазған кезде оқушылар сол сөздердің қалай жазылып тұрғанына екекше мән беріп үйренеді.

Көру диктантын жүргізуге байланысты оқушыларға сөйлем болып тұрған өлең жолы мен жер –су аттарының бас әріппен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісі қойылатыны айтылады.

Ө з д і к д и к т а н т ы. Оқушылар өтілегн материалдарға байланысты өздері әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып диктантты өз бетінше жазады.

Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуында маңызы ерекше. Мұғалім өздік диктантты қай күні жүргізетінін, өтілген материалдардан нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп отырады. Ал оқушылар диктантқа дайындалу кезінде өздерінің бұрынңы жазу жұмыстарында жіберген қателері мен әлі біліп үлгермеген сөздерін, сондай-ақ шала жаттаған өлең, жұмбақ, мақал мен ережелерді қайталап жаттап келетін болады.

С ө з д і к д и к т а н т ы. Бұл сабақтың кез-келгенуақытында логикалық стильде жүргізіледі. Сөздік диктантында оқушылардың жыл бойы меңгеруінетиісті термин сөздер мен жазылуы қиын буын, өтілген жаңа сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден артпайды.

Ескерту. Сөздік диктантын көру диктанты етіп те, өздік диктанты ретінде де, немесе мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол –мұғалімнің өз еркінде.

Т е р м е д и к т а н т.Мұғалім терме диктантына арналған тексті оқудан бұрын қандай ережеге көңіл бөлу керектігін ескертеді. Кейбір оқушыларға бұрынғы жазу жұмыстарында жіберіп жүрген қателерге байланысты тапсырмалар береді.

Сөйтіп, оқушылар мұғалім оқып тұрған тексті тұтас жазбай,әркім өзіне лайық берілген тапсырмаға лайықты ережелері бар сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді ғана теріп жазады. Терме диктанты кез-келген ережеге қатысты жүргізіледі. Оның пайдасы-оқушыларды байланысты текст ішінен бұрын өткізілген өзіне қажетті орфограммаларды таба білуге үйретеді. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ д и к т а н т т ы ң өзіндік ерекшелігі-ол оқушыларды ойлануға жетелейді. Әркім өзінің не үйренгенін, оны іске асыру машығы мен шеберлігі қаншалықты мөлшерде қалыптасқанынын байқайды. Бұл диктантты орындау үстінде оқушылар шығармашылық еңбекке үйренеді. Мәселен, мұнда оқушылар дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған тексті аяқтау сияқты басқа диктантттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болады.

Е С К Е Р Т У Д И К Т А Н Т Ы көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінге барлық материалды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енгкн текстер бірін-бірі қайталамай, бәрі жиылып, қалайда өтілген материалдарды толықтыра түсуә тиіс. Ескерту диктантының түп мақсаты-осындай. Бұған мұғалім мен оқушылар да асқан шығармашылықпен ұқыпты қарауы қажет.

Б А Қ Ы Л А У Д И К Т А Н Т Ы. Бақылау диктанттары бұрын өтілегн материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау мақсатымен жүргізілетін болғандықтан, әрбір 15 күнде немесе бір, екі тоқсанда өтілетін материалдарды қамтитындай дәрежеде әзірленеді де, ол төмендегіше жүргізіледі:

А. диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі абзацтан басталатыны ескертіледі. Диктант тексінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім тақтаға жазып қояды. Бұл жұмыстар үзіліс кезінде орындалады;

Ә.диктант тексін мұғалім екі рет дауыстап оқып береді, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керек екендігі ескертеді;

Б. егерде диктант тексі жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай текстердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқы, бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;

В.оқушылар диктант тексін түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім тексті бастан –аяқ бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар мұғалімге ілесе отырып, жазғандарын тексеріп шығады. Қатесі болса түзетеді.

Ескерту.Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарында жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді біліп келуді әдетке айналдыру керек.

Мұғалім диктантты сыныпты аралап жүріп емес, бір орында тұрып оқиды.

К о н к у р с т ы қ д и к т а н т. Диктанттың бұл түрі әр тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер /сөздңктер/ алынады. Конкурстық диктант жазудан 10 күндей бұрын дайындық жұмысы жүргізіледі. Жазылуы қиын сөздердің тізбегін үлкен шрифтімен қағазға әдемі етіп жазып,сыныпқа іліп қояды.

Конкурстық диктант жарыс ойыны түрінде де жүргізіледі. Конкурстық диктанттың өтетін күнін сыныппен келісіп, алдын ала белгілейді. Жарысқа түскендер екі топқа бөлінеді. Қай топ диктантты қатесіз, дұрыс жазса, сол топ озған болып есептеледі.

Г р а ф и к а л ы қ д и к т а н т (графикалық сызықпен бейнелеу). Графикалық диктантта сөйлемнің, сөздің, буынның және дыбыстың схемалары үйретіледі. Оны әр түрлі вариантта жүргізуге болады: алғашқы кездері берілген сөйлемдер бойынша сызба сызу тапсырылса, оқушылар біраз жаттыққан соң, суреттерге қарап, сызба бойынша сөйлемдер құрастырып жазу жүктеледі.

«СӨЗДІК» ЖӘНЕ «ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МЕН СӨЙЛЕМДЕРДІ» меңгеру жолдары

Диктанттар жинағындағы әр сыныпқа тиісті материалдар «Сөздік және грамматикалық» талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерден» басталуы тегіннен тегін емес. Негізгісі-сөздік (сөздік хоры), ал грамматикалық талдау-оқушылардың талдау-оқушылардың сөздік қорына енген жаңа сөздерін, сөз тіркестерін, тұрақты сөйлемдерді, а, т, п, н әріптерінен бастап үйретудің сабақ сайын жүргізілетін тиімді әдіс. Сондықтан осылайша тіл ұстарту, байланыстырып сөйлеу мен тіл дамытуда теңдесі жоқ өзекті мәселе мұғалімдер мен тәрбиешілердің күнделікті жұмыстарынан тұрақты орын алып, шығармашылық еңбектеріне айналғаны жөн. Ол үшін оқулықтарға қоса, альбом, суретті кітапша, сюжетті суреттер, түрлі плакаттар, үлестірмелік дидактикалық материалдар, диафильм,т.б кеңінен пайдаланылады. Сонда ғана сөздікпен жұмыс жүргізу грамматикалық талдаудан ажыратылмай, қайта, оның ұйтқысына айналмақ. Мысалы,әліппеге енген әрбір беттегі суреттер бойынша текст құратып, өтілген әріптер мен буындарды оқушыларға қайталап айтқызып, жаңа сөздерге ерекше назар аударылады. Барлық үйретілген сөздерді оқушылардың қаншалықты меңгергенін біліп, есепке алып, жиі әңгімелесіп отырған дұрыс. Нашар оқитын оқушыларға суреттегі заттардың атын жеке-жеке ататып, жақсы оқитын оқушыларға сөз тіркестері мен сөйлем, мазмұнды текст құрау сияқты сан түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Сауат ашу кезеңінің де өз ерекшелігі бар.Мұнда нақтылы өтіліп отырған (а,т,п,н) дыбыс әрпіне байланысты сөздер алынады. Олардың құрамындағы дыбыстарлың дауысты, дауыссыз, екені талданады. Оқушылар алғаш сөйлем құрай бастағанда-ақ аға, ат,тара,ара деген сияқты олардың әлі меңгермеді-ау деген сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөйлемдер оқушылардан үнемі сұралып отыруы тиіс. Әр бөлімдегі материалдарды орналастырғанда оқулықтардағы жүйе сақталады. Сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерді салыстырып, құрамдық, мағыналық айырмашылықтарын дәлелдеуге ыңғайлап, логикалық мағыналары жақын сөздер қатар қойылады(қаз, үйрек, күркетауық немесе бұғы, аю, ақ аю). Сол сияқы төл дегенде, қозы, лақ, бұзау, құлын, бота, торғай деп атауға әбден үйренеді.



1-сынып

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ

Әріп диктанты.

А,т,п, н әріптерін жаздыру, жазғандарын оқыту, тексеру.

Буын диктанты.

Та, па, на буындарын жаздыру, дыбыстық талдау жасату.

Сөздік диктанты.

Апа, ата, әке сөздерін тақтаға жаздыру, буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату. Осы буындардан сөз құратып тақтаға жаздыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Ғ,р,у, л әріптері

Ойын диктанты.

Ғ,р,у,л және өтілген әріптерді кеспе әріптерден оқыту.

Ғ,р,у,л әріптерінің жазба түрін көрсетіп, әдемі етеп тақтаға жаздыру.

«Кім жылдам» ойыны арқылы тақтадағы жазылған әріптерден сөз құрастыру тапсырылады. Алғашқыда екібала, кейін үш баланы қатар шығаруға болады. Қай бала сөзді тез құрап жазса, сол жеңген болып есептеледі.

Ауа, ауа, таға, нан, тар, тал т.б

Сөздердің дұрыс жазылуын «Кім ұмытқан жоқ» ойыны арқылы тексеру.

Өздік диктанты.

Өтілген әріптерді (а,т,п,н,ғ,р,у,л) жатқа жаздыру.

Көру диктанты.

У,л,с,ж,м,ш әріптері.

Ана, сана, ара, тара, апа, ата, ау, ауа, маса.

Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, қай әріп артық жазылғанын айтқызу. Әріп сандарының өзгеруіне байланысты сөз мағынасының да, өзгеретінін түсіндіру. Тақтадағы сөдерді оқушыларға оқыту. Жатқа жаздыру. Жазып болғаннан кейін тексеру.

Сау,тау, ау, тас,

жас, су, ту,жу.

Сөздерді тақтадан оқытып,сөз құрамындағы дыбыстардың барлық дыбысталуы бірдей емес, әртүрлі болып тұрғанын байқату. Мысалы,тас, жас сөздерінің бірі т а с дыбыстарынан құралса, екіншісі ж а с дыбыстарынан жасалғанын аңғарту. Осы сияқты сөздердің барлық дыбыстары емес, бір дыбысы өзгерсе де, сөз мағынасы өзгеретіндігін аңғартып барып, жоғарыдағы сөздерді жаздыру.

Өздік диктанты.

Са, ма, ра, ға,уа,

па,на,а,та,ма.

Берілген буындардан сөз құратып жаздыру.

Үлгі: сана, маса, ара, аға

Құраған сөзді оқыту.

Ескерту диктанты.

Сара, алма ал. Аға, ау ал. Апа, нан тура.

Сөйлемдерді тақтаға жазып, әр сөйлемдегі сөздер санын байқату. Сөйлемдегі сөздердің, бір-бірінен бөлек жазылатынын, сөйлем соңына нүкте қойылатынын сұрақ-жауап әдісі бойынша пысықтау.Осы сөйлемдерді естілуі бойынша жатқа жазыру.

Көру диктанты.

Сана, жаға, аға, шана, ала, ора.

Сөздерді буынға бөліп жазыру.

Ескерту диктанты.

Жуас ат. Доп ал. Дулат, жота, сона, арша.

Бір буынды сөздердің астын сыздыру.

Графикалық диктант.

Shape2 Shape3 Shape4 Shape1 Сөйлем сызбасы:

Шора ағаш жарды. .

Сөйлемдегі сөз санын, әр сөздегі дыбыс санын анықтау.Сөйлем соңына нүкте (.) қойылатынын түсіндіру. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылатынын пысықтау. Осы сөзді сызықшамен графикаға белгілеуге болатынын айтып, сөйлемнің графикалық сызбасын сызып көрсету.

Сөз с ы з б а с ы:

Shape5 Shape7 Shape6 Отан.Бала. Ана. .. . . .

Сөздерді тақтаға жазып, оның сызбасын сыздыру.

Shape8 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Буын с ы з б а с ы:

Шора, алма, ора, шу. , , ,

Берілген сызба бойынша сөздерді буынға бөліп көшіріп жаздыру.

Дыбыс әрпінің с ы з б а с ы

шана ара таға

Shape25 Shape27 Shape26 Shape24 Shape21 Shape23 Shape22 Shape20 Shape19 Shape18 Shape17

Сөздегі дыбыстарға сәйкес торкөз сызып, схемасын көрсету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.



Shape29 Shape33 Shape32 Shape31 Shape28 Shape30 Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды тор көзге жаздыру.

А на

Әр тор көзге бір дыбыс әрпін орналастырып, шартты түрде дауысты дыбысты –қызыл дөңгелекшемен, дауыссыз дыбысты көк дөңгелекшемен белгілеу.

Көру диктанты.

Ол-ат. Ол –алма. Анау- алыстағы үй.

Бір буынды сөздердің астын сызып көрсету.

Графикалық диктант.

Shape45 Shape46 Shape47 Shape44 Shape43 Shape42 Shape41 Shape40 Shape39 Shape38 Shape37 Shape36 Shape35 Shape34

Берілген сызба бойынша сөз жаздыру.

Бұл сызба бойынша өтілген әріптерге байланысты сөздерді ауызша айтады. Ата, таға, қорағ тал,...

О,қ,б,д әріптері

Көру диктанты.

Қуат, ат суар.

Марат, мал суар.

Ескерту диктанты.

Мал қора.

Ол-алмұрт

Ол-Дулат

Өздік диктанты.

Ша,ау, ал, на,ма, ла,

уа,а,о, ру, со, на.

Берілген буындардан сөз құрап жаздыру. Үлгі: шана, аула, алма, алша,...

Ы әрпі

Көру диктанты.

Қасық, орындық, мысық, отын, қамыс, ыдыс.

Сөздерді буынға бөліп жаздыру.

Шығармашылық диктанты.

Са...қан ша...ла, шал... та..

Сөздердің буынын толықтырып жаздыру.

Е,к, і әріптері.

Ескерту диктанты.

Ерлан оқушы. Ол кеме жасады. Кемені інісіне берді.

Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сыздыру.

***

1.Қала, қара, қора, бала, бота. Ол-қала. Анау- бала.

2. Қуат, ат суар. Доға ал. Ол-Дулат. Ол –қара ат.

3. Мал қора. Ол-алма. Анау-арша. Ат қора.

Дауысты дыбыс әріптерінің астын сыздыру.

Ә, и, й әріптері.

Көру диктанты.

Мен қырманға бардым. Әкем –комбайншы. Ол бидайды комбайнмен орады.

Комбайн сөзін буынға бөлгізіп. Сөздік дәптерлеріне жаздыру.

Графикалық диктант.

Шаңғы. Аң. Қоңырау.Қаңбақ.

1.Берілген сөздерді оқытып, «ң»әрпінің дыбысталуын айтқызу.

2.Шаңғы, қоңырау сөздерін қатыстырып сызба бойынша екі сөйлем құратып жаздыру.

Көру диктанты.

1.Аңшы тоғайға барды. Қар қалың еді. Шаңғы байлады. Онда аңдар бар.

ң әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

Конкурстық диктант.

Аң, шаң, тозаң, қайың, қайық, қаңбақ, қоңырау, қоңыр, жаңғақ, тың.

Осы сөздерді тез және дұрыс жазған жұлдызша топ мадақталады.

Қайрат-оқушы. Ол таза киінеді. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Сабақты беске оқиды. Ол шаңғы тебуді ұнатады.

Неше сөйлем, санын жазып көрсету.

Ө, ұ, ү, һ әріптері.

Гүл. Оқушылар гүл екті. Мұрат жер қазды. Гауһар гүл отырғызды. Сара гүлге су құйды.

1.Сөздерді буын жігімен оқыту.Әр сөйлемдегі сөздер санын санмен көрсету.

2.Берілген сөйлемді сызба бойынша жаздыру.

3. Гауһар сөзіндегі «һ» дыбысының дыбысталуын дұрыс айтқызу.

Көру диктанты.

1.Түлкі-тағы аң. Ол таулы жерде жүреді. Түлкі қызыл түсті болады.Оның терісі бағалы.

Ү,і дыбыс әріптері бар жіңішке болып естілетін сөздердің астын сыздыру.

2.Ертіс. Ертіс- өзеннің аты. Ертіс- терең өзен. Ертісте кеме жүзеді. Мен Ертісті көрдім.

Терең сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Я,ю, х әріптері

Графикалық диктант.

Аю, ою, бояу, таяқ, аяқ.

Сөздерді тақтаға жазып,сызбасын сызып көрсету.

Аю сөзін қатыстырып, берілген сызба бойынша сөйлем құрату.

Көру диктанты.

Аю-жыртқыш аң. Ақ аю суық жақта болады. Мұз үстінде жүреді. Ақ аю балық жейді.

Жыртқыш сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Сөздік диктант.

1.Ою, аю, қою, тою, жою.

2. Аяқ, таяқ, оян, шаян.

3. Қию, жию, үю, түю.

4.Қия, зиян, жияды.

Я,ю әріптерін басқа пастамен жаздыру.

Көру диктанты.

Баян аюдың суретін салды. Ғалия ою ойды. Оны матаға тікті. Оған Әлия көмектесті.

Я әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

Ескерту диктанты.

Хамит қалада тұрады. Ол ағасына хат жазды. Мен биыл оқуға бардым. Хатты өзім жазып отырмын.

1.Х әрпінің қалай дыбысталуын байқату.

2.Хамит сөзін буынға бөліп жаздыру.

В,ф, ё, щ, ц,э, ч әріптері

Көру диктанты

1.Біз вокзалға келдік.Жүк вогондарын көрдік. Поезд вокзалда тұр.

Вокзал, вагон, поезд сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

2.Менің тәтем кітапханашы болып жұмыс істейді. Аты-Райхан.

Кітапханашы, Райхан сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

3.Біз жаңа үйге көштік.Екінші қабатта тұрамыз.Монтёр электр жүйесін орнатты.

Монтёр, электр сөздерін буынға бөліп жаздыру.

Сөздік диктант.

Шахтёр, чемодан, шофёр, щётка, цемент, цех.

Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Щ дыбыс әрпін дыбыстап айтқызу.

Өздік диктант.

1.Өткен дыбыс әріптерін оқыту.

А,т,п,ғ,р, у, л, с, ж, м, ш, о, қ, б, д, ы, е, қ, і, ә, и, й, ң,з, г, ө, ұ, һ, я. ю, х,в, ф, е, щ, ц, э, ч, ъ,ь.

2.Дауысты дыбыс әріптерін жаздыру.

3.Дауыссыз дыбыс әріптерін жаздыру.

Үлгі, Дауысты дыбыстар.:

Дауыссыз дыбыстар:

Жіңішкелік (ь) белгісі мен айыру белгісі (ъ) бар сөздер:

Бақылау диктанты.

Қысқы ойын. Қар жауды. Мұз қатты. Балалар қуанды. Олар аққала соқты. Шаңғы тепті. Мұзда конькимен зымырады. ( 16 сөз)

Әліппе кезеңінде өткенді қайталау.

Науа,аққу, дуадақ, кітап, зығыр, асхана,телевизор,плащ, емент, зейінді, бауырмал, оркестр, әуежай, жауынгер,қырғаулыл, икемді., долана, сарымсақ., қаһарман, чемпион,щетка.

Сөздерді көшіріп жазу.

Көру диктанты.

Құрт

Томпайытып ұртты,

Сорамыз құртты.

Жасайтын оны

Тек қазақ ұлты.[3]

Е.Елубаев

Томпайтып сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Қазақ, құрт сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың астын сыздыру.

Құрт-ұрт сөздерін салыстырып оқыту. Дауысты дыбыстың астын сыздыру.

Сөздік диктант.

Сан, сән, аң, ән, ор, өр,қал, көл,тоған, көген, тон, төн, жон, жөн.

Жуан айтылған сөздердің астын-бір, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сыздыру.

Ескерту диктанты.

Күзде жеміс мол. Балалар жеміс жинауға көмектесті. Олар жинаған жемістерін жәшікке салды. Досан бәрінен де көп жинады. Олар бұл күндерін көңілді өткізді.

Жемістердің атын буынға бөліп жазу.

Бақылау диктанты.

Бала ерте оянды. Төсегін жинады. Ертеңгілік жаттығу жасады. Жуынды. Тамағын ішті. Сөмкесін алды. Мектепке кетті. (15 сөз)

Сөмке сөзін буынға бөліп жаздыру.



Әліппеден кейінгі материалдар.

Көру диктанты.

1.Күн жылынды. Даланың қары еріді.Жылғалардан су ақты. Өзен арнасы суға толды.Балалар құстарға ұя жасады.(16 сөз)

Үш сөзден құралған сөйлем санын санмен көрсету.

2.Айгүл мектептен келді. Мектепке киетін киімін шешті. Үйді сыпырды. Ыдыстарды жуды. Апасы жұмысқан келді.Ол осылай апасына көмектесті.(18 сөз)

Көмектесті сөзіне дыбыстық талдау жасату.

3.Автобус- кісі таситын көлік. Орындықтары жұмсақ болады. Кісілер алдыңғы есігінен түседі. Артқы есігінен мінеді. Өздерің тәртіп сақтап мінуді ұмытпаңдар.[3]

Автобус сөзіне дыбыстық талдау жасату. Осы сөздегі дауысты дыбыс әріптерін басқа пастамен жаздырып, буынға бөлдіру.

Өздік диктант.

Дауысты дыбыс әріптерін бас әріп және кіші әріптерімен бірге жатқа жаздыру. Аа,Әә,..,..,

А әрпінен басталатын қаланың атын жаздыру.

О әрпінен басталатын баланың атын жаздыру.

Шығармашылық диктант.

Берілген сөздерді пайдаланып қысқаша әңгіме құратып жаздыру

Күн, құс, өзен, көктем, балалар.

Бақша, бұршақ, картопғ пияз, қызанақ.

Бақылау диктанты.

Құстардың ұясы.

Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі сарықас торғай жасайды. [1]

Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі.

Үш буынды сөздердің астын сызу.



II cынып

СӨЙЛЕМ. СӨЗ. ДЫБЫС. ӘРІП.

Ескерту диктанты.

1.Тақия, бөрік, құлақшын, қалпақ, туфли, коньки , шаңғы.

Бөрік сөзінің екінші буынындағы дыбстың қалай естілуін сұрау.

2.Үшік, тон, пальто, костюм, юбка, көйлек

Пальто сөзінде неше дыбыс, неше әріп барын айтқызу.

3.Аю, керік, ақ тиін, арыстан, қасқыр, піл.

Екі буынды сөздердің астын сыздыру.

Дауыссыз дыбыстар

Терме диктанты.

Бозторғай, қасқыр, жапалақ, жолбарыс, қабылан, үкі, түлкі, ителгі, бұлбұл, тоқылдақ, көгершін.шымшық.

Құстарды бір-бөлек, аңдарды бір бөлек көшіріп жаздыру.

Кез-келген үш сөзге дыбыстық талдау жасату.

Шығармашылық диктант.

Қара ала сырмақ.

Бұл сырмақ қара және ақ киізден жасалады. Сырмақты о...ластырғанда тігістердің үстіне бо..улы жиек бастырылады.Қара ала сырмақ сыйлы қонақтарға төселеді. Көш жүгіне жабылатын болған.Ол бо...лмайды. Табиғи қара және ақ жүннен басылады.[6]

«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу.



У әріпінің жазылуы

Сөздік диктанты

Бауырмал, баяу, жаяу, ерулік, түймебау, іліну, жуандау, уәзір, жуандау, суыр, уралау, улану, суыр, уық.

1.У әрпінен басталатын сөздерді тасымалдау.

2. У дыбысы дауысты болып тұрған жерлердің астын сызу.

Терме диктант

Уықтардың барлығын,

Уыққапқа сал, күнім,

Уыққапқа салған соң,

Уыздан жеп ал, күнім![8]

С.Қалиев.

1.У әрпімен басталған сөздерді теріп жаз.

2. Бір дыбыстың өзгеруінен сөздердің мағынасы өзгергенін аңғарту.

Көру диктанты

Әкесі ауылға

Базардан кешегі

Тәп-тәтті алуға

Әкепті деседі.

Ә. Ахметов

1.Өлеңді жатқа жаз.

2.У әрпі бар сөздің астын сыз.

Өздік диктанты.

1.Қоры,оқы, телі, бекі, тоқы, жоры,

Осы сөздерге у әрпін қосып жазу.

2.Сау, бу, жау, жу, ау, қу

Осы сөздерге у әрпін қосып жазу.

Бақылау диктанты.

Боран таң ата баяулады. Сая мен Сұлтан қуана тысқа шықты. Олар қар күреп жүрген Дәурендікөрді. Екеуі қарт кісіге көмектесті. Аула қардан тазарды. Қарт ата рақметін айтты.[2]

Боран, олар, екеуі сөздерін буынға бөліп жаздыру.





И, Й әріптерінің жазылуы

Сөздік диктант

  1. Сыйымды, сыйлық, түйе, түйме, кимелеу, итбалық, ирек, сандық,Имаш, Ислам, Йемен, йогур гимнастика, сыйымды.

  2. Қиқулау, Изен, инелік, мүйіз, Индира, йод, мұздай, бидай, сиқыршы, ұйқышыл, ұйымшыл, палитра, қиқулау, тыйылды.

Көру диктанты.

Өңкей имек «екілік»

Сөмкесіне бекініп,

Түні бойы тышқан боп,

Билейді екен секіріп.

Ш.Смаханұлы

1. Өлеңді жатқа айту.

2.И,й Әрпі бар сөздердің астын сызу.

Ескерту диктанты.

Мақалдар

1.Жан қиналмай,жұмыс бітпес.

2. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

3. Оқу инемен құдық қазғандай.

И,й әріптері бар жуан сөздерді бір бөлек, жіңішке сөздерді бір бөлек жазу.

Терме диктанты

Қария, дария, мәдениет, икемді, минут, наисхат, тәрбие, жиек, илану, именшек, ишарат, сиқыршы, тиек,дүние..

И дыбысы жуан айтылып тұрған сөзді бір қатарға, и дыбысы жіңішке айтылып тұрған сөздерді бір қатарға жаздыру.

Бақылау диктанты

Құмырсқа мен илеу.

Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши ауыр болып шықты. Құмырсқа оны сүйрей алмады. Ол жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірге шиді илеуге жеткізді. [3]

У,И,Й әріптері

Сөздік диктанты.

  1. Сауу . самауыр, суарылу, зауқы, уайым, ояну, сүйеу, уәде, қауіпсіз, суат.

  2. Ибалы, итбалық, игілік, Иса, мойын, тақия, тыйылды, институт, сия, итмұрын.

  3. Илану, сыйымдылық, сыйлық, жариялау, иінағаш, жайын, диірмен.

Терме диктанты

Көп көжек ойнап жүр. Қиқары қуалау ойнына қатыспады. Көжектер жидек тере бастады.Қиқары кейін қалды. Ақыры қиқар көжек адасып қалды.

И,й дыбыстары бар жуан айтылған сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылған сөзді бір бөлек көшіру.

Шығармашыық диктант

1.Мен атама жақсы оқы (уға) уәде бердім.2.Күз келісімен, күннің жылы (уы) азая бастады.3. Анам маған кілем тоқы(уды) үйретті. 4. Қалың қарерігенде, өзендер тасы (уы) мүмкін. 5. Шелекті үйге кіргізгеннен кейін, мұзды ері (уге) айналды.

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіріп жазу.

Бақылау диктанты

Түйе

Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа туған бота әлсіз болады.Емген сайын күш-қуат кіріп, өсе бастайды. Күн суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді.

«Айгөлек» журналынан

Я,Ю ӘРІПТЕРІ

Сөздік диктанты.

1.Жая, қия, сия, қияр, жаялық, баян, Даян, таяқ, шаян, тақия, таяныш, жаяу.

2. Қою, аю, ою, сою, тою, қою, жаю, қию, марқаю.

Терме диктант.

Баян аюдың суретін салды. Ғалия ою ойды. Оны матаға тікті. Оған Әлия көмектесті.

Я,ю дыбысы бар сөздерді теріп жазу.





Шығармашылық диктант.

Алтын бесік анам сен,

А...лаған Отаным!

Бауырыңда өскен балаң мен,

Оттай сүйген Отанын.

Оқу оқып, өрге өрлеп,

Қи...ға қанат қағам мен.

Құрылысқа зергер боп,

Қызықты өнер табам мен.[8]

(Ө.Тұрманжанов)

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу.

Бақылау диктанты.

Қоян –ең жасқаншақ аң. Ол кішкентай сыбдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерді тығылып жатады. Қоянды аңшылар да, жыртқыш жануарлар да аулайды.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

Терме диктант.

Қараторғай, көгершін, жапалақ, түлкі, қасқыр, бүркіт,жолбарыс, ителгі, бұлбұл, сілеусін, тоқылдақ, қабылан, бұлан,

Құстарды бір бөлек, аңдарды бір бөлек көшіріп жазу.

Кез-келген үш сөзге дыбыстық талдау жасау.

Көру диктанты.

Жол атасы –тұяқ,

Сөз атасы –құлақ,

Су атасы-бұлақ.

Ауыз әдебиетінен

Жол, сөз, тұяқ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.



Ескерту диктанты.

Сауысқан.

Сауысқан-өте айлалы, аса сақ құс. Маңына ешкімді жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше, ол ауада ұшпай, бейне бір таңғажайып мұхитта жүзіп, «сүңгіп» жүргендей әсер қалдырады. Сауысқан әр түрлі жуынды, қоқыстарды жейді. Ол ағаш діңін тоқылдақ сияқты ұрып тесе алмайды. Алайда қураған қабықтарды аршуға шамасы келеді.[2]

Сауысқан, дің, қабық сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

ДАУЫССЫЗ Б МЕН П

Сөздік диктанты

Клуб, штаб, маштаб, бастауыш, мектеп, кәсіп, кеспе, араб, микроскоп, талаптану, талап, қап.

Көру диктанты.

Жаңылтпаш

Ақбала көк допты

Қақпаға дөп соқты.

Жаңылтпашты жатқа жаздырып, п, б әріптерінің астын сызу.

Өздік диктанты.

кітап+ы-... жап+у

қап+ы-... қап+у

аспап+ы-... тап+у

П дыбысына аяталып тұрған сөздерге дауысты дыбыстарды қосып жазу. Дауысты дыбыс жалғанғанда п дыбысы қалай өзгергенін айту.

Ескерту диктанты

Кітапханада қызық кітаптар көп. Оқушылар онда кітаптарды оқиды. Мұнда жазушылармен кездесу кештері өткізіледі. Ақындар оқушыларға өлеңдерін оқып береді.

Бақылау диктанты





Көктем

Қар еріп, күн жылынды. Көктем келді. Өзен, көлдердің мұзы еріп, сең жүрді. Жылы жаққа кеткен құстар қайтып келді. Жеміс ағаштары бүршік жара бастады. Көк шықты. Алыстан көкек шақырды. Құстар сайрады.( 30 сөз)



ДАУЫССЫЗ Қ, Ғ, К,Г

Көру диктанты.

Ғалым таңертең ерте тұрды. Ауыл сыртындағы баққа келді. Бұлақ сылдырап ағып жатыр. Өсімдік жапырақтарының бетіне шық түсіпті. Шық бейне бір мөлдір моншақ тәрізді. Ғалым адам ізіне ұқсас ізді байқады. Бұл –борсықтың ізі. Ол көргендерін әжесіне айтуғаа асықты.

Мәтіннен қ, ғ дыбыстары бар сөздерді табу. Олардың нешінші буында тұрғанын айту.

Бұлақ,бақ, шық, моншақ, борсық сөздеріне ы дыбысын жалғап айту.

Табиғатта болып жатқан өзгерісті әңгімелеу.

Шығармашылық диктант.

Балақ, қалақ, сырмақ, келешек, таяқ, көлік, баспалдақ, көбелек, тіршілік, жастық, елек, тезек.

Берілген сөздерге ы, і әріптерін жалғап жазу.

Терме диктанты.

Еліктің лағы

Әкелді атам өрістен

Еліктің жас лағын.

Елеңдетіп тұрады

Кішкентай қос құлағын.

Үйден тауып тұрағын,

Еркін өмір сүреді.

Қаздитып ап құлағын

Аулада орғып жүреді.[4]

Ә.Сқабаев

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді үлгіде көрсетілгендей жазу. Үлгі: елік-елігі, ...

Бақылау диктанты.

Бұлақ басында.

Қайрат пен Гүлден бұлақ басына келді. Қолдарында күрек, тырма сияқты саймандары бар. Екеуі бұлақтың айналасын тазаламақшы. Су бетіне, жерге түскен жапырақтарды тырмамен тазалады. Күрекпен ағаштардың түбін қопсытты. Оларды әктеді. [2]

Осылайша екеуі жақсы іс атқарды.

ДАУЫССЫЗ Н МЕН Ң

Терме диктанты

  1. Қоңырау, аң, оңтайлы, шаң, шаңғы, қаһарман, қарындас, қалығ, ант, нағыз, өмір, нәрлі, нобай, данышпан, бұлғын, бұлан, алқым, бөтен.

Н әрпі бар сөздерді теріп жазу.

  1. Қалың, оңтайлы, ойыншық, ойнау, оңды, ойнау, өмір, өңір, мұңды, маңдай, маңай, аң, алаң,аңсар, қонақжай, әңгіме, мәнерлеу, сіңлі, қаңылтыр.

ң әрпі бар сөздерді теріп жазу.

Көру диктанты

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

І. Жансүгіров.

Н әрпі бар сөзді бір сызықпен, ң әрпі бар сөзді екі сызықпен сыздыру.

Ескерту диктанты.

Есіңде болсын.

Қазақта бейтаныс екі адам кездессе, жасы кіші сәлем береді. Жасы үлкені сәлем алады. Жасы үлкен кісі жасы кішіден жөн сұрайды. Соңынан өз жөнін айтады. Жас бала үлкен кісіден «Атың кім?» -деп сұрамайды.(32 сөз)

Н мен ң әріптері кездесетін сөздердің астын сыздыру.

Сөздік диктант.

Нарғыз, нан, аңдар, шаңғы, үзеңгі, жауынгер, көнгіш, қараңғы, бұрынғы, әңгелек, дөңгелек, үңілді, қсімдік, үшінші, әнші, оныншы.нұсқа.

Терме диктант.

ҚҰСТАР.

Құстар –біздің досымыз. Оның пайдасы өте көп.Біздің елімізде табиғат әсемдігін, жануарларды, құстарды қорғау туралы заң бар. Ол барлық үлкен-кішіге туған табиғаттың асылын қорғауды міндеттейді. [9]

(Балдырған журналынан)

ң әрпі бар сөздерді теріп жазып, буынға бөлу.

Бақылау диктанты

Сәкен шаруаға өте ұқыпты болатын. Үстін таза ұстайтын. Жаздыгүні бәрімізден бұрын тұратын. Үй шаруасына көмектесетін. Ол бізді бұлаққа алып баратын. Біз жуынатынбыз. Әуелі кішкентай қарындастарымыз Нариман, Қанипа, Сәнималарды жуындыратын. Олардың шаштарын тарап, өріп беретін. (М.Сейфуллиннен.)

СӨЙЛЕМ. СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

Терме диктанты

Шимайбекке мұғалім:

«Сөйлем деген не?»-десе,

«Сыбырла!»-деп құлағы

Үлкейеді он есе.

Сұраулы және лепті сөйлемдерді теріп жазу.


Көру диктанты.

Қарбыз қандай

Қауын қандай

Жейсің, пай-пай, сағынғандай

Шие қандай

Алша қандай

Жейсің, әсте, сағынғандай

Қ.Мырза Әли

Өлеңді көшіріп жазып, лепті сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қою.


Шығармашылық диктант.

1.Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.2.Билет алып,бір бос орынға отырды. 3.Таңертең ерте ояндық.4. Екінші тоқсанда сабақты жақсы оқуға уәде бердім.5.Биыл жаңбыр көп болды.

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазу.

Бақылау диктанты.

Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды.Енді не істеу керек?Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық!бірдемде алай-түлей болып кетуінің себебі неде?


СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ


Көру диктанты

Ағам сәнді, үлкен үй салмақ болды. Есік алдына топырақ пен құмды үйіа төкті. Жақсы бала көмекке дайын тұрады. Жаман балаға ақыл айтсаң, күледі.Биік тау басында сұңқар қалықтап ұшып жүр. Альпинистерге заңғар шың басына шығу қиынға соқты.

Сөйлемнің ішінен мәндес, қарама-қарсы және әртүрлі мағыналы сөздерді табу.


Шығармашылық диктант.

Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналас сөздерді тауып жазу.

ақ- жақсы-

тәртіпті- тұнық-

Көп нүктенің орнына берілген сөздерге мәндес сөздерді жазу.

Мұғалім,...

Сәби,...

Жақын,...

Көп нүктенің орнына берілген сөздерге анықтама жазу.

Жас-адамның жасы.

Қал-

Қал-

Бұлақ-

Бұл сөздердің қалай аталатынын айту. (әр түрлі мағыналы сөздер)


Сөздік диктанты

Орман, дәптер, аппақ, ғарышкер, бұзау, қызыл, дәргер,сексен, аласа, салқын, мұзайдын, қобыз, сырнай, сұр.

Зат атауын білдіретін сөздерді теріп жазу.


Өздік диктанты

1.Ну, әдемі, көгілдір, кең, жүйрік.

2. Көйлек, орман, аспан, тұлпар, үй.

Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардағы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату.


Өздік диктант.

Жылы, қымбат, ащы, суық, арзан, тұщы, мейірімді, жалқау, қатыгез, пысық, жас, ақ, кәрі, қара.


Көру диктанты

Қонды қарға.

Үйге кір,

Жуамыз кір.

Үйіне көрші

Келді ме, көрші.

Е.Елубай

Әр түрлі мағына білдіріп тұрған сөздердің астын сызу.

Шығармашылық диктант

1.Данияр үюлі шөпті ... . 2. Қоқыс-... салатын шелек есік алдында тұр. 3. ...-төрт мезгілдің бірі.4. Асқар, сөйлемдерді дәптеріңе көшіріп ... . 5. Өріс толы ... . 6.Қолыңды суға ... .

Керекті сөздер: маялады, қалдық, жаз,мал.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу.


Терме диктанты

Алыс, батыр, қашық, берік, мықты, ер, ірі, заңғар, үлкен, зәулім.

Мағынасы жуық сөздерді тауып жазу.

СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ


Өздік диктанты

Ғалым, ақылды, данышпан, бақылау, қолғап.

Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.


Өздік диктанты

1. (Кімдер?)... мектепте оқиды. 2. (Қандай?)... бала әжесінің тілін алады. 3.(Нені?) ...аққу, қаз, үйрек мекендейді. 4.Анасы екі баласына алмұртты (не істеді?)... . 5. Анар өшіргішпен (не істеді?) ... .

Керекті сөздер: оқушылар, әдепті, көлді, берді, өшірді.


Шығармашылық диктант

1.Айбек пен Асылбек ....аулауға барды. 2. Аспанда ... қалықтап ұшып жүр. 3. Жазда орман іші... кетеді. 4. Мектеп жақтан ... сыңғырлап қоя берді. 5. Қоян қорыққаннан ... жөнелді.

Керекті сөздер: балық, қыран, құлпырып, қоңырау, зыта.


Терме диктанты

1.Өрік,алма, алмұрт,сәбіз.2.Көк алма,көк қияр. 3. Әлима аулада кітап оқып отыр. 4.Ара, қоңыз, шыбын. 5. Ұшты, жүгірді, келді. 6. Тоқылдақ-орман дәрігері. 7. Аспанда тырналар ұшып барады.

Сөйлемдерді тауып көшіріп жазу.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.




Ескетру диктанты

Құрылысшы құс.

Африкада ғажайып ұя жасайтын құрылысшы құс бар. Олардың ұясының сыртқы көрінісі шөмеле тәріздес.Қалыңдығы –екі метр,кеңдігі бес метр. Кірер аузында түтік тәрізді жіңішке дәлізі бар. Ол дәлізден жылан балаларға жете алмайды. Дәліз іші тікенекпен қоршалған.[6]

«Балалар энциклопедиясы»


Бақылау диктанты

Көкек

Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады.








БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

Көжек

Жазда Әбен шабындық ішімен келе жатты. Қарсы алдында шөп қозғалғандай болды. Ол жақын келіп қарады. Шөп арасында қоянның көжегі жатыр екен. Әбен жейдесін көжектің үстіне жаба салды. Оны үйіне алып келді. Тым кішкентай екен. Оған көк шөп әкеліп берді. Көжек тез жетіліп кетті.


Тұмау

Тұмау-жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.

Тұмаудың белгілер: дене қызуының жоғарлауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек.[10]

«Денсаулық» журналынан


Көбелек

Жаз. Шабындықта түрлі гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Көк көбелек көк гүлге қонды. Бұның мәні бар. Бір кезде қарлығаш ұшып келді. Ол көбелектерді таба алмай қалды. Өйткені көбелектердің түсі гүлдердің түсімен бірдей. Көбелектер өзін жаудан осылай қорғайды.[3]


Біздің мұғалім

Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл-ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мен терезе алдында отырмын. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр.[8]

В.А. Сухомлинский



СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздік диктанты

Домбырашы, аспазшы, еңбекшілер, күйші, әнші, теңізден, оқушы, өнерлі, айнадай, білімдінің, жмыспен, жұмысшы, талапты.


Шығармашылық диктант

Арша

Арша ағаш... бір түріне жатады. Ол тау... жерде өседі. Бой... аласа болады. Оның өзіне тән хош иіс... бар. Арша... отынға да пайдаланады. Қариялар бұтағы... тіс тазалайды.Емдік қасиеті де бар.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазу.


1.Қала, бар, Айжан.

2.Жылы, құс, ұш, жақ.

3. Әдеп, жақсы, бала, көр, бәрі.

Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жазу.


Бақылау диктанты

Құс та досымыз

Айбек терезеден сыртқа қарап тұрған. Терезе алдында торғайлар шүпірлеп жүр. Ол терезені ашып, нанның ұсағын қойды. Құстар оны әп-сәтте жеп қойды.Айбек құстарға күнде жем беріп тұрады. Ақыры құстар оның алақанынан жем жейтін болды.

«Балдырған» журналынан

Сөздік диктанты

Кәсіпкер, балалық, жазушы, еңбекқор, құнарлы,әсемпаз, домбарашы, емхана, күйші,жолдастық, жұмысшы.

Сөздің түбірі мен жұрнағын тауып, тиісті белгісімен белгілеу.


Сөздік диктанты

Әңгімелер, кітаптар,өлең, дәптерлер, мақалдар,мәтел, жаңылтпаштар, жұмбақ, қарындаштар, қалам.

Көптік жалғауын тауып, оларды белгілеу.


Көру диктанты

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Абай

Көру диктанты

Адамның басшысы-ақыл,

Жетекшісі-талап,

Шолушысы-ой,

Сынаушысы –халық,

Қорғаушысы-сабыр,

Қорғанышы-мінез,

Ең қымбаттысы –ар,

Таусылмайтыны-арман

Барлығының ардақтысы –өмір.

Ш.Уәлиханов

Туынды сөзді тауып, астын сызу.

Шығармашылық диктант

Қобызшы, тапқыр, табу, тапқыш, сусын, сушы, арбамен, арбакеш, арбалы.

Берілген сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауларды тиісті белгімен белгілеу.

Туынды сөздерді табу.

Шығармашылық диктант

Кітап, ойын, еңбек, оқу.

Түбір сөздерге жұрнақ пен жалғау арқылы түбірлес сөздер жазу.

Шығармашылық диктант

1.Қыз өссе –елдің (көркі,көрігі). 2.Кітап – білім (бұлағы,бұлақы). 3.Далада қар толассыз (жауып, жауыб) тұр.4.Қазақ (халқының,халықтың) өнерлі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Жақшаның ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіру.


Ескерту диктанты

Адамдар санауды өте ертеден үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аздық ете бастады. Енді есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Біршама уақыт өтті. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын.Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді. Техника өсті. Есептер қиындай түсті. Оларды шешу үшін машиналар керек болды. Электронды есептеу машиналары осылай шықты.

«Балдырған» журналынан

Таяқша, шоттың, тастар, жіпке сөздерін сөз құрамына талдау.


Бақылау диктанты

Шоқан

Шоқан-қазақ халқының мақтанышы. Ол- суретші, өнер зерттеушісі, тарихшы, саяхатшы.

Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген. Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар ғасырлар бойы жасай бермек.

С.Мұхтарұлы

Туынды сөздерді тауып, сөздік құрамына талдау.




ЗАТ ЕСІМ


Сөздік диктант ы

Ата, орындықтар, жолаушы, арыстан, керік, бүлдірген, шағала, ұста, диқан, қарағай, балқарағай,тоғазытқыш, қаңылтыр.

Сөздерге сұрақ қою.

Терме диктанты

Батырлар аттас балалар

Бауыржан, Мәлік,Талғаттар,

Сүйікті болып қалды аттар.

Олар аттас қаншама

Сәби бар, шәкірт, солдат бар.

О.Асқар

1.Өлеңнен заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазу.

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді бір сызықпен сыздыру.

Көру диктанты

Жұлдыз тойы

Юрий ашып ғарышты,

Аймен адам танысты.

Мен ұшамын бетке алып

Юпитер мен Марсты.

Шолпан, Уран, Сатурн

Іздеп келе жатырмын.

Меркурий, Нептун, Плутон

Қарсы алатын батырмын

О.Асқар

Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.


Өздік диктант

Мамандықты білдіретін сөздер: ...,

Қала аттары: ...,

Кісінің аты-жөні: ...,

Тау аттары: ...,


Шығармашылық диктант

Жұмысшы,ғалым, ғылым, жұлдыздар, сандар, ана, көл.


Берілген сөздерге сөйлем құрастырып жазу. Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.


Ескерту диктанты

Қамқорлық

Аулада биік емен ағашы бар. Ағашқа көктемде құстар ұя салатын. Сайран балаларды жақсы көреді. Ол құстарға жем салып жүрді. Таңертең өткінші жаңбыр жауды. Жел тұрды. Кәрі емен теңселе ырғалды.Ұялардың бірі құлап түскелі тұр. Балапандардың аянышты даусы естіледі. Сайран шыдап тұра алмады. Ол биік еменге өрмелеп шықты. Көйлегінің жыртылғанын да елемеді. Ұяны жайлы орынға көшірді.[9]

«Балдырған» журналынан

Заттың атын білдіретін сөздерді тауып, астын сызу.




Ескерту диктанты

Әсемнің көйлегінің түймесі үзіліп қалды. Әсет апайына қадап беруін өтінді. Апайы қадамай қойды. Әсем анасын іздеді. Анасы тамақ пісіріп жатыр екен. Әжесі қолғап тоқып отыр. Бәрінің қолы бос емес. Әсет түймесін өзі қадап алды.


Шығармашылық диктант

1. ... кісінейді.2. ... ән айта алады. 3. ... тышқан көрсе, бас салады. 4. ... ұшақты ұшырады.5. ...доп ойнайды.6. ... ... –таэквондо өнерінің шебері.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.


Бақылау диктанты

Қара алтын

Көмір-көріксіз қара тас. Алайда оның пайдасы мол. Көмірмен үй жылытады. Су да көмірмен ысиды. Көмір шаруашылықтың барлық саласында қолданылады.Сондықтан оны халқымыз қара алтын деп атайды. Алғашқыда көмірді адамдар кездейсоқ тауып алды. Пайдасын кейін түсінді.Біртіндеп оны халықтың игілігіне жаратуды үйренді. Біздің мемлекетімізде атақты екі көмір кені бар. Олар Қарағанды мен Екібастұз.[3]

«Айгөлек» журналынан

Терме диктанты

1.Аяз- шебер суретші,

Салады әсем суретті.

Терезені оюлап,

Өрнектерді үйретті.


2.Көлшікке қайық жүздіріп,

Қызыққа Болат шын батты.

Күн бірақ қатты қыздырып,

Шалшықты тез құрғатты.

А.Асылбеков

Зат есімді теріп жазу.


Көру диктанты

Кітап, құлыншақ, бақташы, бидай, достық, егінші, жүгері, егістік, аспаз, үйшік, домбырашы, айран, өлке, ақын, орындық, шаңғышы, басқыш, доп.


Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап берітін сөздерді бір бөлек көшіріп жазу.


Шығармашылық диктант

Данияр-бүгін кезекші. Ол- біздің сыныптағы озат оқушылардың бірі. Келе салып желдеткішті ашты. Гүлдерге су құйды. Тақатын тазалап сүртті. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді. Сынып бөлмесі тап-тұйнақтай.[5]


Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талдау.


Бақылау диктанты

Мақта

Мақта жазда гүлдейді.Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрінеді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза дейді. Мақтадан көп нәрсе жасалады.Одан жіп иірідледі. Жіптен мата тоқылады. Мақтаның шитінен май шығады.

Мақта өте бағалы болғандықтан, оны «ақ алтын» деп атайды.


Мәтіннен зат есімді тауып, астын сызу.

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Көру диктанты

Ұстазым

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс, жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым.

А.Шамкенов

Өлеңнен зат есімді тауып, астын сызу.


Көру диктанты

Әкемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың

Құйған сана, ойыма.

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!

С.Мұқанов

Ескерту диктанты

Жайлау

Біздің ауылдың аты-Жаңалық. Әкем ауылда шопан. Демалыс кезінде ауылға барамын. Әкеме көмектесемін. Жазда жайлауда боламыз. Жайлаудың табиғаты әдемі. Мөлдір аспанға қызыға қараймын. Жасыл дала кілем сияқты. Қалың орманның ішінде құстар сайрайды. Алыстан биік таулар көрінеді. Олардың басында ақ қар жатыр.Мен айналама қуана қараймын. Туған жер мәңгілік осындай әдемі болып тұрса екен.[2]


Зат есімдерді тауып астын сызу.


ЕТІСТІК

Өздік диктанты

1.Найзағай ... . 2.Құстар жылы жаққа ... . 3. Оқушылар сырғанақта ... . 4.Ауыл маған ... . 5.Орманда тоқылдақ.... . 6. Айман өзі іздеген кітабын тауып... . 7. Пойыз разъезге ... .

Көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздерді жазу.


Көру диктанты

Таң шапағы арайлап,

Дала нұрға боялды.

Балалардың барлығы

Ұйқысынан оянды.

Өлеңді жатқа жазу. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызу.



Бақылау диктанты

Көктем.

Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi. (44 сөз.)

Сөздік диктант

Асырады, зеңгір, орындалды, желпуіш, желпіді, алты, орындалады, жиды, орама, мақсат, сазан, жалықпады, оқыттым,сәнқой.

Шығармашылық диктант

Құрылысшы

Үлгілерге ...,

Үй іргесін ....

Өрнектерін ...,

Терезесін ... .

Б.Кірісбаев.

Керекті сөздер: қараймын, қалаймын, қоямын, оямын.

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жазу. Етістіктерге сұрақ қою.


Ескерту диктанты

Балапан

Ауызғы бөлмеде қарлығаштың ұясы болатын. Бөлмені бұзғалы жатыр екен. Ұяда жалғыз балапан қалған екен. Шорман дереу ұяны еппен алып аулаға апарып орнатты. Содан соң аулада қарлығышты күтіп отырды.Үй жаққа

қарайлаумен болды. Әлден уақытта қарлығаш ұшып келді. Ұяны таба алмай қалды. Шорман балапанға тамақ қалдықтарын берді. Қаңылтыр тостақпен суды әкеліп қойды.

Мәтіннен дара етістікті бір сызықпен, күрделі етістікті екі сызықпен сызу.

Ескерту диктанты

Қазыбек би

Қазыбек би Сырдария өңірінде туған. Қаратау, Ұлытауда балалық, жастық шағы еді. Жасынан өсиет сөздерді естіп өседі. Жастайынан ел билігіне араласады. Адалдықты жақтайды. Қазыбек бидің өсиет сөздерінде әділ шешімдерді терең танылады. [6]

«Қазақтың билері» кітабынан


Мәтіннен дара етістіктерді бір сызықпен, күрделі сөздерді екі сызықпен сызу.

Көру диктанты

1.Ойна, бірақ жұмысты да ойла.

2.Жолдастың мыңынан алма, бірін ал.

Етістіктердің астын екі рет сызу.

Бақылау диктанты


Табиғатты қорғаңдар.
 Табиғат халық  қазынасы.Сондықтан,байлығын пайдаланып, қорғай  да  бiлуiмiз  қажет. Саны  сиреп,құрып  бара  жатқан  аң, құстарды,өсiмдiктердi  де  арнайы  кiтапқа  тiркеу  керек. Бұл  кiтапты  «Қызыл  кiтап» деп  айтады. Оның  қызыл  және  сары  парақтары  бар. Қызыл  парағына  құрып  бара  жатқан, сары  парағына  саны  аз  аз  аң-құстар, өсiмдiктер  жазылады. (46 сөз.)

Көру диктанты

Ойла, бағалы, айт, оқыды, кел, сабында, жаңарт, жаз, сана, мойында, жырла, көмектесті, жүгір, оқыды.

Өзі қалаған бірнеше етістіктен сөйлем құрастырып жазу.

Шығармашылық диктант

Шеге, ара,екеу, ұсақ, тәрбие, жаңа, ем, дос, өр, кінә, жұм.

Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы етістік жасау.

Ескерту диктанты

Сауысқан.

Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.[2]

Дара және күрделі етістікті табу.

Бақылау диктанты

Мәншүк Маметова.

Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын. (47 сөз.) (З.Байкуловадан.)

СЫН ЕСІМ

Сөздік диктанты

Мамық, жіңішке, ұзын, қоңыр, сары, мейірімді, аяулы, жалпақ, дәмді, қышқыл, қызғылт, қысқа, ақ.

Өздік диктант

Тар, әдемі, сұлу, жуас, қызғылт, аласа.

Берілген сөздерді қатыстырып жазу.

Шығармашылық диктант

Заттың атын білдіретін сөздер: бала, ыдыс, арпа, бидай, тас.

Заттың сынын білдіретін сөздер: өнерлі, алтын ,ұзыншақ, кесек, ұзын.

Берілген заттың атын білдіретін сөздер мен заттың сынын білдіретін сөздерді байланыстырып жазу.


Терме диктант

Дәрігер

Ақ желеңді киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді

Өзім өте сүйемін.

Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

-Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең,-деймін.

Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді тауып жазу.



Ескерту диктанты

Қараторғайлар.

Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек. (46 сөз.)

Бақылау диктанты

Қарағанды

Қарағанды –еліміздегі үлкен қалалардың бірі.Сарыарқаның белесті, жазық, орта тұсында орналасқан. Батысы бұйратты жазық, ұсақ шоқылардан тұрады. Ал оңтүстігі таулардан құралған.

Аппақ Байжанов суыр інінің жанынан қара тас тапқан. Оның таскөмір екендігі анықталады. Кейіннен осы маңнан қала көтеріледі. «Қазақстан» ұлттық энциклопедияссынан

Мәтіннен заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді тауып, астын сызу.


Бақылау диктанты

Алма ағашы

Жұмахан атасын ертіп алма ағаштың көлеңкесіне алып келді. Атасы бір сәт үнсіз отырып, қолымен ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқан болды. Жұмахан құлағын тосып, атасының сөзін түсінгісі келді. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтің өлеңі. Бұл алма ағашын Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (С.Бегалиннен)



Терме диктанты

Ана

Мейірімді, сымбатты,

Қадірменді, қымбатты,

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер,

Ол-ана.

Е.Өтетілеуұлы

Өлеңнен сын есімді теріп жазу.

Ескерту диктанты

Құрманғазы Сағырбаев.

Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. Ұлы сазгер өмiрдi сүйген. (41 сөз.)

Терме диктанты

Мақал-мәтелдер

1.Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

2.Өнерді үйрен де, жирен.

3.Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

4.Өнерлі бала сүйкімді.

5.Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала –сорлы бала.[7]

Сын есімдерді теріп жазу.

Көру диктанты

Ақ қар басқан кең дала,

Мөлдір аппақ айнала.

Биік таудан сырғанап,

Мәз болып жүр бір бала.

Ақ қар бейне көбелек,

Жауып түр әлі себелеп.

Таулар көрпе жамылған,

Қандай жақсы кермет.

Е.Өтетілеуов

Өлеңді көшіріп, сын есімдердің астын сызу.

Ескерту диктанты

Суық леп

Мамықтай майда қар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып, қалқып келіп түсіп жатыр. Ауаның да салқын, сергек лебі шарпып өтті. Қосман атын жетелеп қойына қарай аяңдады...

Жауған қарды елең қылмай қой-ешкілер, жайылып жүр. Жоталарына бір еліден аппақ қар тұрған.

Иесіне жауап қатқандай қара ала лақ маңырап қоя берді. Өзге қойлар да жерден басын алып, бақташысына қарады. (Т.Ахтанов)



Бақылау диктанты

Боран.

Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.

Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.



САН ЕСІМ

Терме диктант

Бөрік тіктім

Он ойланып,

Тоғыз толғанып,

Сегіз рет сызып,

Жеті рет бұзып,

Алты рет қарап,

Бес рет санап,

Төрт түйме қадап,

Үш тал үкі тағып,

Екі қолым талып,

Бір бөрік тіктім,

Әзер деп біттім.

Заттың санын білдіретін сөздерді өсу ретімен теріп жазу.

Шығармашылық диктант

Алып ағаш

Үнді жерінде түс кезінде көлеңкесі гектардан көбірек жерді жауып жататын алып ағаш бар. Оның биіктігі отыз метрден асады. Жапырақтарынан ұзындығы-бір метр. Ағаштың жуандығы –он метр. Оның бұтақтарының саны мыңнан асады. Яғни бір ағаштың өзі бір орман секілді.

Сан есімдерді цифрмен жазу.


Бақылау диктанты

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы-даңқты қолбасшы, жазушы. Ол туралы жазылған кітаптар өте көп. Оның батырлық өмірі ғажайып істерге толы. Бауыржан Момышұлы бес рет жаудың қоршауында қалған. Соғыста жеті рет жараланыпты. Сол соғыста үш рет басынан қатты соққы алған.

Бауыржан Момышұлы –нағыз аңыз адам.


Сөздік диктант

Отыз сегіз, он, тоқсан тоғыз, жиырма бес, алпыс, секскен, жүз, екі жүз.


Шығармашылық диктант

Сан есімдер: отыз екі, жиырма бірінші, он, алпыс.

Зат есімдер: тіс, саусақ, ғасыр,орындық.

Берілген сан есімдер мен зат есімдерді байланыстырып жазу.

Шығармашылық диктант

1.Қойдың 4аяғы бар.2. Ат жарысында Жарастың аты 1 келді. 3.Сыныптан спорттық жарысқа 8 оқушы қатысты. 4.Әкем мен ағам көл жағасына 9 қанат үй тікті. 5.Асқар 4 үй, 225 пәтерде тұрады.


Сан есімдерге тиісті жалғауды жалғап, сөзбен жаз.


Ескерту диктанты

Секвойя

Секвойя Солтүстік Америкада өседі. Оның биіктігі жүз метрге дейін жетеді. Қабығының қалыңдығы жетпіс сантиметр болады. Кейбір секвойяның түбірі он бір метр. Оған кішірек оркестр сияды екен.

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан


Бақылау диктанты

Қояндар аралы

Таңертең ерте ояндық. Күн жадырап тұр.тырналар ұшып өтті.Қояндар аралдың арғы жағына тығылыпты. Дыбысқа құлақтарын қайшылайды. Артқы аяқтарымен тік тұр. Жан-жаққа үрейлене көз тастайды.Алдыңғы аяқтарымен танауларын тез-тез қасып қояды. Тасыған су қояндарды осы жерге паналауға мәжбүр еткен.[3]









2-СЫНЫПТА ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ


Кезекшi.

Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады. [3] (43 сөз)



Сантастағы орман

Күн жылына бастаған кезде малшылар тауға беттейді.Ол кезде біз жалғыз болмаймыз. Тек өзеннің ар жағында ғана ешкім болмайды. Ол жақ қалың орман ғой. Орманға ешкімді жібермей, одан бір бұтақ сындыртпау үшін кіре берісте отырамыз. Бізге ғалым адамдар келеді. Олар Сантастағыдай орман дүние жүзінде сирек екенін айтты.[1]

Ш.Айманов

Сағыныш

Бірде апама еріп қалаға келдім. Мұнда екі апта болдық.қала маған қатты ұнады.Театрға, паркке бардық.Бір апта солай өтті. Содан кейін мен ауылды сағына бастадым.Ауылға келдім.Мұнда маған бәрі ыстық боп көрінді.Достарыммен құшақтасып көрістім. Содан бері ауылымның қадірін тереңірек түсіндім. Мен үшін туған ауыл-ең ыстық мекен.[2]

«Балдырған» журналынан

Достар

Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұтаның арғы бетіне шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болады. Құстар –адамның досы.[5]

Менiң атам екеу.

Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.

Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.[1]



Қорқыт ата

Аңыз бойынша Қорқыт Сырдарияның жағасында өмір кешкен. Күмбезі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында. Осы мазар ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде төбесі күмбезделіп салынған екен. Бұрыштары оюмен өрнектелген.Мазарғажалауы бар ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке орай, күмбезді су шайып кеткен. Қазір сол жерге жаңа күмбез салынған.[6]





Бақылау диктанты

Кемпірқосақтың жеті түсі

Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Ол-қызыл,қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.[2]

«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан

Маймыл мен бұршақ

Бір маймыл екі уыс бұршақ алып келе жатты. Ол бір бұршағын жерге түсіріп алды.Оны аламын деп еңкейгенде, бұршақтың тағы біразы түсті. Маймыл шашылған бұршақтарын теремін деп жүріп, тағы біраз бұршағынан айрылып қалды.Маймыл өзінің ебедейсіздігін бұршақтардан көрді. Бұршақтарына ашуланды да, қолында қалған бұршақты түгел шашып жіберді.[3]



Көктем

Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді. Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұталарында бүршіктер пайда болды.[5]

Кішкентай көмекші

Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы –бағбан. Бау-бақша жасыл кілемдей жайнап тұр.Ақан күні бойы атасымен бақта жүрді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арамшөптен арылтады. Атасына бақшаны уақытында суаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза.[6]

Сауысқанның амалы

Жазда нағашы атамның үйіне бардым. Атамның бақшасында жемістер пісіп тұр. Әсіресе мені жаңғақ қызықтырды. Бауды тамашалап қарап тұрдым. Кенет бір сауысқан ұша жөнелді. Аузына жаңғақ тістеп алыпты. Бір кезде әлгі сауысқан жаңғақты тастап жіберді. Содан соң жаңғақтың түскен жеріне қонды. Сауысқан қайта ұшып кетті. Мен оның орнына барып қарадым. Жаңғақтың ішіндегі дәнін жеп кетіпті. Сауысқан жаңғақты осылай шағып жейді екен. [9]

«Балдырған» журналынан































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Г.И. Уәйсова, А.Е .Жұмабаева ,Ана тілі 1 сынып Алматыкітіп -2012.- 12б, 54б,81б

  2. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова. Қазақ тілі оқулығы 2 сынып, Алматыкітіп 2015.- 78б, 84,100б

  3. М. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова « Диктанттар жинағы» 2 сынып

Алматыкітап 2013ж .-21-27б

4.Құрастырғандар: М.Әбуова, Р.Сатаев Жұмбақтар 1-4 сыныптарға арналған. Алматы Өнер баспасы 2012ж .- 4-43б, 72-89б

5. Тұрсынбаева. «Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Алматы 2014ж.- 11б, 15б.

6.С.Қалиев, Б.Иманбекова, Ж.Жұмабекова. Тәрбие хрестоматиясы.

1-4сынып Алматыкітап 2012ж. 112-114б, 124,126,

206-254б

7.Ө.Тұрманжанов. Қайта өңделген мақал-мәтелдер жинағы. 2012ж- 22б,28б

8. «Балдырған» журналы. «Қарға» Е.Ерубаев 2015ж. №5 15б

9. «Балдырған» журналы «Ана» Е.Өтетілеуұлы 2014ж №2 6б

10. «Денсаулық журналы» 2014ж № 1 14б



















МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .....................................................................................................................3

Әліппе кезіндегі үйрету диктанттарын жүргізу жодары........................................4

Буын,сөз, сөйлем диктантын жаздыру үшін қойылатын талаптар........................5

«Сөздік» және «Грамматикалық талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерді» меңгеру жолдары................................................................................8

1сынып.Сауат ашу және тіл дамыту.........................................................................9

Әліппе кезеңіндегі өткенді қайталау.......................................................................16

2сынып.Сөйлем.Сөз. Дыбыс.Әріп...........................................................................18

Дауыссыз дыбыстар..................................................................................................22

Сөйлем.Сөйлем түрлері............................................................................................26

Сөз оның мағынасы...................................................................................................27

Сөйлемдегі сөздердің байланысы..........................................................................28

Бірінші жарты жылдыққа арналған бақылау диктанты.........................................30

Зат есім.......................................................................................................................32

Етістік.........................................................................................................................35

Сын есім.....................................................................................................................38

Сан есім......................................................................................................................41

2сыныпта өткенді қайталау......................................................................................43













Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәби Лиза, бастауыш сынып мұғалімі Онгарбай Жанеркенің «Диктанттар жинағы » 1-2 сынып атты жинаққа берілген




РЕЦЕНЗИЯ





Диктанттар жинағы бастауыш мектептің жаңа программасына сай құрастырылған. Бұл диктанттар жинағы-мұғалімнің негізгі көмекші құралы болып саналады. Сондықтан да мұғалім бұл құралды тиімді дұрыс қолдана білгені дұрыс. Жинақта түрлі әдіс-тәсілдерге негізделген тапсырмалар және үлгі боларлық материалдар берілген. Қысқаша болса да, сөздік грамматикалық талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдердерді меңгерту жолдары көрсетілген.

Диктанттар жинағы- шәкірттердің білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгертудегі жетістік, олқылықтарын айқындауға көмектеседі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, оқушы өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туады, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.

Диктанттар жинағында-оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу тілінің стилін, синтаксистік құрылысын қалыптастырады, мәнерлеп оқу мен байланыстып сөйлеуге, сауатты жазуға машықтандырады.

Сондықтан да саналы ұрпақ, сапалы білім беру үшін осы диктанттар жинағын пайдаланған өте дұрыс.





Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің

педагогика ғылымдарының кандидаты


___________________

М.О.



47


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!