Материалдар / Диктанттар Жинағы 1-4 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диктанттар Жинағы 1-4 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық баутауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
1052
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


 

                       Диктанттар жинағы.

                           1-4 сынып

 

 

   1 сынып.

Әліппе кезеңі.

 

Көру диктанты.

т, А, Т, а, п.

Дыбыстық диктант.

ғ, н, л, р.

Буындық диктант.

қа, нақ, рух, ға.

Сөздік диктант.

нан, сана, алаша.

Терме дикатнт.

Әсем бөлмеде жалғыз отыр. Ол әндетіп билеп жүр.

Осы сөйлемдердегі “Ә” дыбысы кездескен сөздерді теріп жазу.

 

Бақылау диктанты.

Аа, Ее, Ққ, Іі, Рр, Ңң, Шш, Тт.

Құрамында “а” және “р” әріптері бар төрт сөз ойлап жаз.

 

Сөздік диктант.

а) Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Ағаш, сабақ, есік, төбе.

ә) Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Өсімдік, парта, қалам, кітап.

б) Мына сөздерді буынға бөл.

Айран, шелек, еден, дүкен.

 

Бақылау диктанты.

Жанарда қалам бар. (3 сөз)

 

Бөлмеде гүл өсіп тұр. (4 сөз)

 

Қыс мезгілі. Балалар аққала жасады. (5 сөз)

 

Алтыбақан құрылды. Ән салынып би биленді. (6 сөз)

 

Қыр асында сайда

Жатыр үлкен айна. (көл) (7 сөз)

 

Жыл құстары ұшып келді. Оқушылар оларға ұя жасады. (8 сөз)

 

 

 

Көшіру диктанты.

Төлдер.

 

Көктем шығып қой қоздап,

Қозыларын емізді.

Сиырымыз бұзаулап,

Бізге уыз жегізді.

Төлдер” сөзін буынға бөл.

 

Сөздік диктант.

 

а) циркуль, цирк, цемент, айтыс, сынып, сағат.

Ц” дыбысы бар сөздердің астын сыз.

ә) ірімшік, ыдыс, ілгек, ырыс, есік, жұмыс.

б) ұршық, үркек, ұн, үн, ұнтақ, үскір.

Жуан дауыстыларды тап.

 

Бақылау диктанты.

Жаза.

 

Ерболат ұрыншақ бала. Түскі тамақ алдында тентектік жасады. Анасы оны бұрышқа тұрғызды.

(12 сөз)

Грамматикалық тапсырма.

Тамақ” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

 

Сөздік диктант.

 

1.     Жіңішке дауысты дыбыстарды тап: ине, жіп, кілт, терезе, емен.

2.     Сөздерді буынға бөл: Әйнек, парта, гүлдер, суретші, сүлгі, қайың, таңертең, ауа, қайшы, қоңырау.

                                                       

                                                        Ана тілі кезеңі.

Өздік диктант.

 

Қала аттарын алфавит бойынша көшіріп жаз.

а) Қостанай, Рудный, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск, Жамбыл, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Теміртау, Орал.

ә) Мына сөйлемді дұрыс құрастыр:

Еріді қар. Болат кесті ағашты. Ойнады Әсет доп.

б) Мәтінде неше сөз бар.

Құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан ұйымшыл келеді.

в) “Мектеп” тақырыбына байланысты мәтін құрастыр. (2-3 сөйлем)

г) Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз:

 

Қасқыр.

Малдың жауы қасқырды,

Шопан ділдеп басқа ұрды.

Сыпырып ап терісін,

Көршісіне тапсырды.

д) Кім? Кімдер сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.

Үлгі: оқушылар – оқушы.

 

Диктант.

Қоңыр үйрек.

 

Жаз. Күн ыстық. Әкем екеуміз шөп шабуға бардық. Шабындықтың шөбі қалың екен. Ойламаған жерден үйрек ұша жөнелді. Мен шошып кеттім.

(20 сөз)

 

Көмекші.

 

Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті. (20 сөз)

 

Нөсер.

 

Кенет нөсер құйып кетті. Арасында – бармақтай бұршақ. Аспаннан сатырлап жерге түседі. Бір кезде нөсер басылды.                                   (15 сөз)

 

 

Бақылау диктанты.

Гүлдер.

 

Жайлауға келіп рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл тердік.           (16 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.

 

Мереке.

 

Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі.

(20 сөз)

 

 

 

 

Грамматикалық тапсырма:

Мерекесіне” сөзін тасымалда.

 

 

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап:

Ағай сыныпқа көңілді кірді. Қарлығаш ұясына қонды.

 

Сандарды сөзбен жаз:

8,9,50,40,7

 

 

Диктант.

Екі дос.

 

Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді.                                       (24 сөз)

 

Терме диктант.

 

Жұматай сол жылы бірінші сыныптан бастап жақсы оқыды. Атасының ақыл айтқанына төрт жыл болды. Жандос бүгін бес алды.

Аталған сөйлемдерден сан есімді тауып астын сыз.

Тыныс белгілерін қой.

Темір үндемеді ағаштың бұтағын кім сындырды қош бол алтын ұям

Диктант.

Қарлығаш.

 

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті.                                 (28 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

 

Бақылау диктанты.

Қуаныш.

 

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді.      (27 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

 

Өздік диктант.

 

I. Жоғалған әріпті қойып, көшіріп жаз.

Сер... ен, қара... ым, жа..а, саб...н, ..йрек, жа...лау, сылдырма... .

II. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.

... гүл, ..... адам, ... оқушы, ..... дәптер, ..... жол, ...... қыс.

III Сұраулы сөйлемге айналдыр.

Атам қалаға келді. Бүгін төрт сабақ болады. Бүгін күн жылы.

 

 

Көшіру диктанты.

Мақалдар.

 

I. Өнер көңілдің – анасы,

    Ақылдың баласы.

 

II. Досың саған қараса,

    Қасың жерге қарайды.

 

III. Білім арзан, білу қымбат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сынып.

1 – сыныпта өткенді қайталау.

Түрлі диктанттармен басқа да жазу жұмыстарын жүргізуге арналған үлгілік мәтіндер.

У әрпінің емлесі. Сөдік диктант.

Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.

Тапсырмалар:

1) Сөздерді буынға бөліп жаз.

2) Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.

3) Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.

 

Көшіру диктанты.

                                                    Көктем.

Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты.

                                    (Ш.Әлдібеков)

Тапсырма.

У әрпі бар сөздерді тап.

 

 

Бақылау диктанты.

Жайлауда.

Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық.     (21 сөз)

                                                          Диктант.

Күз болды.

Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)

Тапсырма.

Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

 

 

 

Ы, І әріптерінің емлесі.

Сөздік диктант.

Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші.          (9 сөз)

 

 

Буындық диктант.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!