Материалдар / Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру,элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
1074
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия 8 сынып

Тақырыбы 21

Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер

Мақсаты

Оқушылар табиғатты бақылау әдісімен зерттеуді үйрену арқылы түсінік алады, химиялық элементердің ашылу жүйесін меңгереді, тілін дамытуға және байқампаздыққа дағдыланады

Жалпы мақсат

Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру,элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету

Күтілетін нәтиже

Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы,химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы туралы білім қалыптасады.Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолд әдіс-тәсілдер

Топтық ,жеке ,жұптық тапсырмалар,өздік жұмыстар . «Конверт-сұрақ»әдісі, «Кокпар»ойыны

Қолданылатын ресурстар

Д.Менделеевтің периодтық жүйесі, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі


Тренинг

Оқушыларды құттықтау хаттары арқылы 2 топқа бөлу

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданады ,

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушы

лықтарын ояту

Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап Миға шабуыл

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы

қайталауға сұрақтар жасалынды

1.Атом қандай бөлшектерден құралған?

2.Протон және нейтрон атомның қандай бөлігіне кіреді.

3.Мынадай элементтер атомдарының ядро зарядын және электрон сандарын периодтық кесте арқылы анықтаңдар: а)оттек,гелий,алюминий,хлор.

4.Атомдық номерлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон,протон және нейтрон сандарын анықтаңдар:

а) №6 көміртек,ә)№10 неон,б)№14 кремний,в)№15 фосфор.

5.Мынадай элементтер атомдарының ядро зарядын анықтаңдар: а)азот N;ә)күкірт S;б)магний Мg

6.Элементердің жіктелуі .


Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

Түсіну

Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану және жаңа тақырыпқа бастама

Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.

Конверт-сұрақ

1.Элементердің периодтық жүйедегі орны.

2.Элементтің атомдық құрылысы

3.Химиялық элемент дегеніміз не?

4.Изотоптар дегеніміз не?

5.Металдарға тән ортақ қасиет .

6.Мынадай элементтердің : фосфор,натрий,магнийдің,неонның,темірдің,кремнийдің салыстырмалы атомдық массаларының дөңгелектеп алынған сан мәндерін жазыңдар.

7.сыртқы энергетикалық деңгейінде алты электроны бар оттек пен күкірт металдарға әлде бейметалдарға жата ма?


Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Мағынаны тану

«Ойлан бірік. бөліс,талқыла» әдісі арқылы тақырыпты талдау(оқулықпен жұмыс)

Оқушыларға тақырып төңірегінде ресурс таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылату .Ол үшін «Ойлан,жұптас, бөліс »әдісін пайдалану арқылы жаңа сабақты балаларға меңгерту үшін оқулықпен жұмыс жасау,

постер жасату

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері оқып ойланады, жұптасады,талқылайды,өз ой-пікірлерімен санасу арқылы топпен жұмыс жасайды,постер қорғайды.

Сергіту сәті

«Жалқау сегіздік» атты жаттығу жаса

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Мұғаліммен бірге жаттығулар жасайды.

Талдау


Тақырыпты талдау үшін тапсырмалар орындау

Әр топтың тапсырмалары беріледі.

«Көкпар» ойыны бойынша сұрақ жарысын ұйымдастыру


І топ тапсырмалары:

1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде қанша топ,қанша период бар.

2.Мына элементтер:

А)сутек,ә)оттек,б)күміс,в)күкірт,г)темір периодтық жүйеде қай топта,қандай топшада және периодта орналасқанын айтыңдар

3)Мына химиялық элементтерді тауып атаңдар:

А)сыртқы деңгейінде

6 электроны бар 2-периодта орналасқан;

Б)сыртқы деңгейінде 3 электроны бар 3-периодта орналасқан;

Б)сыртқы деңгейінде 2 электроны бар 4-қатарда орналасқан.

4.Периодтық жүйенің бір негізгі топшасы тек металдардан тұрады.Бұл қай топша?Осы топшада орналасқан барлық металдардардың таңбаларын жазыңдар.


ІІ топ тапсырмалары:

1.Периодтық жүйеннің бірінші тобында қандай элементтер орналасқанын,екінші периодында қай элементтер орналасқанын айтыңдар.

2.Берілген элементтердің :калий,көміртек,кальций,сутек,күміс,хром,хлор,мыс,оттек,мырыш,қалайы,күкірт,фтор,фосфор,азот химиялық таңбаларын жазыңдар.негізгі топшада орналасқандарының астын бір сызықпен,ал қосымша топша элементтерінің астын қос сызықпен сызыңдар.

3.Ядро зарядтары +4,+10,+15,+20 болатын элементтерді атаңдар.Олардың атомдарында қанша электрон болатынын айтыңдар.

4.Келтірілген химиялық элементтердің :натрий,кремний,көміртек,күміс,хром,хлор,мыс,оттек,мырыш,титан,азот,темір,қалайы ,күкірт,магний,фосфор,азот ішінен металдарды және бейметалдарды бөліп жазыңдар.


Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру.

Әр топ тапсырма сұрақтарына жауап беру арқылы тақырыпты талдайды






Жинақтау

Есеп шығару арқылы сабақты жинақтайды

І топ тапсырмалары:

1-есеп.темір(ІІ) сульфидінің FeS неше грамында 28г темір болатынын есептеңдер.

ІІ топ тапсырмалары:

1-есеп.Ас тұзының NaCI грамында 46г натрий болатынын есептеңдер.

Әр топ өздеріне берілген есептерді орындайды, осы арқылы тақырыпты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасын толтыру

Өзін өзі топпен бағалайды

Үйге тапсырма : 1минут


Оқушыларға үйге тапсырма береді.

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия

«Жетістік сатысы» арқылы сабаққа рефлексия жасау.

«Жетістік баспалдағы»

Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!