ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортағасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным-сенімдер туралы, ислам дінінің таралуы, оның мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы












ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»





Сыныбы: 11«Б»











Тараз қаласы

Сыныбы: 11 «Б»

Өткізілген күні: 26.01.2024 ж

Сабақтың тақырыбы: «Дін және мәдениет»

Сабақтың мақсаты: Білімдік: Ортағасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным-сенімдер туралы, ислам дінінің таралуы, оның мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Әр түрлі діни бағыттардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс жүргізу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

А) Оқушылармен амандасу

В) Оқушыларды түгелдеу

С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа сабақ жоспары

  1. Ислам дініне дейінгі діни наным-сенімдер

  2. Ислам дінінің таралуы

  3. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Өткенді еске түсіру

Алғашқы діни наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?

Алғашқы діни наным-сенімдердің түрлерін атаңдар

Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?

Археологиялық қазба жұмыстарының деректері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде түріктер арасында әртүрлі  діни наным-сенімдердің болғандығын көрсетеді. Оған ортағасырлық қала орындарынан табылған ескерткіштер қатары дәлел. Мәселен, отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Қала орындарынан қақпақ тұтқасы қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас жасалған қыш құмыралар көптеп кездеседі. Сыр өңірі қалаларынан табылған ескерткіштер қойға табыну салтының болғандығын көрсетеді. Оғыз тайпалары өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған. Осы кезде отқа табыну да кең тараған. Үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Мұны ғалымдар отқа табынудың белгісі деп тұжырымдайды.

СОНДАЙАҚ, X –XII ғасырларда түрік тайпалары арасында басқа өркениеттерде пайда болып, дамыған діндер де кең тарады. Бұлар  будда, зороастра, манихей (ІІІ ғ. Иранда “Жарық ұстазы” негізін қалаған), христиан (несториандық  ағым), ислам діні. Мұны да заттай деректер растап отыр. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында табылған будда ғибадатханалары, монастырлар, будда мүсіндері (Шу аңғарындағы Ақ бешім, Новопакровск, Новопавловск қалалары орындарынан табылған) осыны дәлелдейді.

Осы ауданнан қазып алынған христиан шіркеулерінің орындары, христиан діні нышандары — крест пен көгершін бейнеленген, «Петр мен Гаврил» деп жазылған керамика саптыаяқтарының табылуы да осының айғағы.

Сырдария мен Жетісудың Араб Халифаты құрамына кірмегеніне қарамастан, мұнда мұсылмандану процесі жедел жүрді. Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан исламды қабылдаса, оның ұлы Мұса 960- жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады. Осы кезде қалалар мен қыстақтарда мешіттер көптеп салына бастады. Зираттар адамдардың мұсылманша жерленгендігін көрсетеді. Адамның басы құбылаға қаратылып жерленген.

XII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар арасында да ислам діні ене бастады. Оған қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуы себеп болды. Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласынан мешіт, медреселер орындары табылған.

X-XII ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті едәуір жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, отырықшы-егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі сияқты жағдайлар себеп болды.

Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?

VII ғасыр ортасында Араб елінде пайда болған  

Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы:

Діннің басты қағидасы-бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию. Негізін салған Алланың жалғыз елшісі-Мұхаммед Пайғамбар (ғ.с.с.)

Ислам дінінің негізгі бес парызы:

1.      Бес мезгіл намаз оқу

2.      Ораза ұстау

3.      Садақа беру

4.      Иман

5.      Қажылыққа бару

Ислам дініндегі елдер:

Сирия, Палестина, Египет, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ливан, Марокко, Эфиопия т.б.


Жаңа сабақты бекіту:

Шамандық, тотемизм дегеніміз не?

Зороастризм туралы не білесіңдер?

Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?

Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?

Елімізде әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?

 

Бағалау.

Үй тапсырмасы: Дін және мәдениет  оқу, мазмұндау. Презентация дайындау. Қазіргі кездегі мемлекетіміздегі діндер туралы қосымша деректер дайындау.


 


 


 


 


 


 


 


 

 



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2024
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі