Сабақтың
тақырыбы: «Менің сүйікті
қалам-
Сатбаев»
Мақсаты:
Сәтбаев қаласы туралы мағлұмат
беру
Білімділік: қаламыз Сәтбаевтың көрікті орындарымен
таныстыру;
Дамытушылығы:тақырып бойынша сөздік
қорын анықтау,сұрақ-жауап арқылы баланың
тілін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:туған қаласына деген
сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық
материалдар.
Қостілділік
компонент:
Қала-город,
көше-улица
Сөздік
жұмыс: ескерткіш
I. Ұйымдастыру-қозғаушы
қызмет
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз
Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де
Астанамыздың бар екенін,14 облысының бар екенін таныта білді.
Әнұранымыз бүкіл әлемде
шырқалды.
Әнұран
орындалады.
Сәтбаев – Қарағанды төсінде егіз қозыдай
қатар жатқан қос қала Жезқазған қасындағы
қала.
Д/о: «Сатпаев қаласына
саяхат». «Не бар екен көрейік, атын
айтып берейік» деп суреттермен саяхат ойынын
ойынатамын.
Қайда барғандары, көргендері
сұралады
Балаларды әңгімеге
шақыру.
-Балалар, біз қайда тұрамыз?
-Қай қалада тұрамыз?
-Сатбаев
II.
Сарбиназ
Туған қалам
Сәтбаев,
Мақтанышым
Қашанда.
Қазақтың ұлы
ғалымы,
Академик
атында.
Мағжан:
Кенін тапқан
жерімнің,
Байлығы болған
елімнің.
Кенді қазған
кеншілер,
Татады еңбек
жемісін.
Айнұр:
Құтты болсын
Қаламыз,
Туған күнің
бүгінгі.
Жырға қосып
атынды,
Шаттық әнге
саламыз!
Біздер әртүрлі көшелерде
тұрамыз.
Мәселен, мен Тәуелсіздік
даңғылы көшесінде тұрамын
Ал сен ше?
III. «Керісінше
айт» ойыны (суреттерді көрсету
арқылы)
Ұзын көше- қысқа көше
Тар көше- кең көше
Таза көше- лас көше
Жақын көше - алыс көше
Жарық көше- қараңғы көше
Ескі көше- жаңа көше
IV.
Біздің қала көшелерінде неше
түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Кейбір үйлерде адамдар тұрады,
кейбіреуінде жұмыс істейді. Ағаштан салынған үйлер бар, тастан
салынған үйлер бар. Мына суреттерге қарап қандай ғимарат екенін
есімізге түсірейікші.
Кәне, балалар, бізде өз үйімізді
салайық.
Саусақпен
ойын:
Қолымызға ара
аламыз
Ағаштарды
кесеміз
Қолымызға балға
аламыз
шегемізді
қағамыз
тук- тук- тук
-тук
Бәріміз үй саламыз
Биік, биік үй саламыз
Терезелер қоямыз. (3 рет)
Үйімізді салдық енді, енді далаға серуенге шығайық. Қайда барып
серуендейміз, біздің қалада қандай демалыс орындары бар?
Демалыс паркіне келдік сергіту сәтін
жасайық:
Сергіту
сәті
Қыс келді
алақай,
Ақ күміс қар
жауады.
Ағаштар,бұталар,
Ақ қарға
оранды.
Балалар, қар жауып тұр ,
көздеріңізді жауып, қарлар қайда тигенін айтайық.
-Енді балалар, дала жел, қолымызды жоғары көтеріп желдің даусын
салайық.
-Жаңа балалар біздер
қаламыздағы Сәтпаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер
сарайының суретін көрдік. Енді сол кеншілер сарайына сыртай саяхат
жасайық Ол үшін бірінші өзімізді мәдени орында қалай ұстау керек
екенімізді анықтап алайық.
-Кеншілер сарайында не істеуге болмайды?
-Не істеу керекпіз?
-Біздің қаламызда атақты
жерлестерге арналған ескерткіштер
бар.
Суретерді
қарау
Қараңызшы балалар, біздің қаламыз қандай тамаша. Қаламызда
мектептер және бала-бақшалар, кітапханалар демалыс орындары,
ескерткіштер көп.
V. Д/о: «Суретті
құра» Балалар қиылған суреттерді
құрастырады
Қортындылау
Балалар сендер үлкейгенде,
қаланың тазалығын сақтау үшін не істер едіндер. - Туған қаламыздың
жасыл бағын, көшелерін көздін қарашығындай сақтап, әрқашан оларға
қамқоршы болуымыз керек. Сонда ғана қаламыз гүлденіп, табиғатымыз
сұлу қалпында жайқалып тұрады. Қаламызды көркейтуге өз үлестерінді
қосындар. Иә, біз қаламыз жайлы жақсы жерлерінің бар
екенін көрдік, мәліметтер білдік, туған жер жайлы ән
шырқайық!
Барлығы ән
айтады.