Тақырыбы: Іс-тәжірибе мақсат – міндеттерімен танысу.
Жоспар:
1. Жалпы міндеттер
2. Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.[1]
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады (Қосымша 1).
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Оқу жұмыстары.
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.
5. Үгіт-насихат жұмыстары.
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
7. Шаруашылық жұмыстары.
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.[2]
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар деп аталады. Қағидаларда жазылмаған, бірақ орындалуы керек заңдылықтар деп айтуға да болады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді. Дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей әдістемелік қағидалар кең қолданылады:
1. Саналылық және белсенділік.
2. Көрнекілік.
3. Жүйелілік.
4. Біртіндеушілік.
5. Реттілік.
6. Даралық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Б.Төтенай. Дене тәрбиесі. – Астана.: Фолиант, 2017
2.Е.Уанбаев. Дене тәрбиесінің әдістемесі. – Өскемен, 2010
3.С.Тайжанов С.Қасымбекова. Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау. – Алматы.:Мектеп, 2004
4.С. Тайжанов А. Қарақов. Дене тәрбиесі. –Алматы.:Эверо, 2010. -424б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Динамикалық күшті дамыту

шағым қалдыра аласыз