Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Діни экстремизм – қауіпті құбылыс тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Діни экстремизм – қауіпті құбылыс тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Діни экстремизм қауіпті құбылыс

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 7 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

Ресімдеу

Слайд,презентация

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Діни экстермизм қауіпті құбылыс»


Біз бүгін дін тақырыбында түсінігімізді кеңейтіп, жат ағымдарға ілесіп кету қаупінің алдын аламыз, діни сауатты болуға тәрбиеленеміз


Дін тақырыбында ойларыңды ортаға салып, сұрақ жауап ұйымдастырамыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді

презентация























Сабақ басы (13 мин)













Ой талқы


  • Дін дегеніміз не?

  • Қандай діндерді білесіңдер?

  • Діни сауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Діни экстремизм сөзін қалай түсінесіңдер?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді












 











Ортасы (20 мин)


Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше»,«шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.


 Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?

«Салафиттер» 
- «Таза ислам» 
- «Таблиғ жамағаты»
- «Нұршылар жамағаты» 
- «Қадиян» тобы 
- Хизбутшылар 
- «Уаһһабилер»
- Секталар

Жағдаяттық тапсырмалар

«Не істер едің?» білім алушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.

1)Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан бір аға-апалар шығып, сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде.

2) Топқа жаңадан студент келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан-ақ саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Ұсыныс, көзқарасың туралы ойыңмен бөліс.

3) Сенің ең жақын құрбың соңғы кездері тұйық, ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады. Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен байланысып жүргенін байқадың. Сенің әрекетің қандай?

Мұны білу өте маңызды! Есіңде болсын! Есте сақта!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

Қандай адамдар зорлық – зомбылық, дерт әкелу үшін топтарға бірігеді?

—          зорлық-зомбылықпен билікті құлату немесе басып алуға шақыратын адамдар;

—          ұлттық араздықты туғызушылар;

—          ұлттық араздықпен бірге тілдік және діни араздықты туғызушылар.

Бұл адамдар өздеріне қалайша назар аудартады?

қағаздар таратады; ұрандар іледі; үйлерге, пәтерлерге барып, көшелерде әңгімелер мен үгіт жүргізеді; әдебиеттер, бейне-аудиотаспалар таратады.

Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және топтардың құрығына түсіп қала алады?

Дін туралы аз білімді, негізгіні болмашыдан (арзан қолдыдан) айыру қабілетсіздігі, басқа діндерге сабырсыздық әрекеті және мейірімсіздікке шақыру, жақсылықты басу және жамандықты көбейту.

Сіз қандай діндерді білесіз?

Ислам немесе мұсылмандық, христиандық, православтар, католиктер және т.б.

еркін микрофон. Оқушылардың пікірі, пайымдау іскерлігі (шеберлігі), дұрыс қорытынды жасауы.

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет

«Зайырлы» дегеніміз не?



Оқушылар берілген ақпараттарды оқып еске сақтайды





























Оқушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындайды

















Оқушылар маңызды ақпаратты есіңде сақтайды




















Оқушылар берілген мәліметтерді оқиды






















Оқушылар дін тақырыбындағы сауалдарға жауап алады













Оқушылар сұраққа жауап береді












Суреттер
































Интернет желісі























































Интерактивті тақта





















Соңы






Қорытынды

Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.


Кері байланыс

  1. Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    12.03.2024
    453
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12