Материалдар / ДІНИ ТЕРІС АҒЫМДАҒЫ ҰҒЫМДАР-ИМАНДЫЛЫҚҚА ЖАТ ҰҒЫМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДІНИ ТЕРІС АҒЫМДАҒЫ ҰҒЫМДАР-ИМАНДЫЛЫҚҚА ЖАТ ҰҒЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
2723
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Карашолакова Гулсим

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

228 Шәймерден Бәкіров атындағы

орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі



ДІНИ ТЕРІС АҒЫМДАҒЫ ҰҒЫМДАР-ИМАНДЫЛЫҚҚА ЖАТ ҰҒЫМ /ашық тәрбие сағатының жоспары/

Мақсаты:
1.Білімдік: рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып теріс ағымдарға бағытталған қөзқарастардан бас тартуға, өзіндік дұрыс бағдарын таңдауға ықпал жасау:

2.Тәрбиелік – оқушы бойындағы ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін адамгершілік идеяларын қуат көзі болатын жеке тұлға тәрбиелеу:

3.Дамытушылық – дәстүрлі емес діннің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлестікті сақтауда оқушылардың сауаттылығын арттыру.Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
Түрі: Сұхбат - кездесу сабақ.
Көрнекілігі: проектор, слайдтар, нақыл сөздер, үнтаспа, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер,қанатты сөздер

Жоспары:

1. Кіріспе (сынып жетекші сөзі)
2. Пікірлер «Мұсылман діні туралы пікірлер»

3. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!»(әңгіме ,бейнекөрініс)

4. Дін және заң бөлімі.

«Діни диверсияға құқықтық тосқауыл»

5. Дін және уақыт

6. Қорытынды бөлім

Барысы: 1. Кіріспе

Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа,діни сауаттылыққа баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары түрлі секталардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткені белгілі. Бүгіндері діни ағымдардың етегіне еріп кететіндердің басым бөлігі жастарды құрап отыр. Ал жастар-біздің болашағымыз.

Ал, бұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, КСРО кезінде атеистік көзқараста қалған адамдардың діни сауатсыздығынан, екіншіден, осыған дейінгі еліміздегі дін туралы заңның осалдығы, үшіншіден, шетелдік миссионерлердің ықпалының күштілігі, төртіншіден, халық арасында ақ пен қараны ажырататын мәліметтердің болмауы және түсіндірмелі ақпараттық жұмыстардың аздығы себеп болса керек. Осының бәрі жастардың керітартпа діни ағымдарға ілесіп кетуіне жол ашып отыр. Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Бір жылдан кейін біздің балаларымыз мектеп бітіріп,басқа қалаға оқуға кетуі мүмкін.Сондықтан біздер «ештен кеш жақсы» дей отырып,осы тәрбие ссағатын өткізуді ұйғардым. Тәрбие сағатына балаларымызға осы бағытта ақыл кеңестерін айтсын,балалардың дін туралы,діни теріс ағымдар туралы көкірегінде жүрген сұрақтары болса,жауабын алсын деген ниетпен Орталық мешіттің имамын шақырып отырмыз.
Сұрақтар:

Мұсылман діні деген не?

Діни ағымдар деген не?

Теріс ағымдарға заң не дейді?

Біздің елімізде қандай ағымдар кездеседі?

Ағымдар туралы Ислам не дейді?

Осы тәрбие сағатымызда осы сұрақтардың жауабын аламыз.

2. Пікірлер «Мұсылман діні туралы пікірлер»

Жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.

(Мұсылман діні туралы пікірлерін берілген таратпаға жазып іледі. Сосын бір оқушы барлығын оқып шығады.)

1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

-Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар, атап бере аласыңдар ма?
1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау
2. Намаз оқу
3. Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару.
10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы,
жаман сөз өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнәхар болып есептелінеді.

Сөз кезегін ауыл мешітінің имамына береміз. Имам аға мұсылман діні туралы біздің айтқан пікірлерімізге қосарыңыз бар ма?

-Мұхаммед пайғамбарымыздың қасиетті кітабы туралы,имандылық туралы айтып берсеңіз. ........

- Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін мәнерлеп оқу.

3. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!»(әңгіме)

1) Әңгіме оқу: а) “Діни теріс уағыз-заңсыз уағыз” (секта құрбаны болған келін Әсел туралы)

Ә) Жасұлан Мәуленұлының “Адасқан жеңешем” әңгімесі

2)теріс бағыттағы діни ағымдардың іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне тоқталып оқушы пікірлерін білу.

Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.

Исламдағы теріс бағыттағы ұғымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері:
«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.
«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.

«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.
«Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген.Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды;

2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды;

3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді;

4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды;

5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді.

Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Секта - бір діни ағымдарға бағытталған оппозициялық ағым; сонымен қатар, ол белгілі бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік наразылығын мағыналайды Секта- беймаза күйдегі адамның әлеуметтік қауіпті ортада адасуы.

Сектаның тармағы көп. Бүгінгі таңдағы танымалы 3 қауіпті секталар:

1.Діни ағымдағы секта

2.Сауда-саттық сектасы

3.Магиялық секта.

Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған.
Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.
2. Адам ойына үстемдік жүргізу.
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.

4.Дін және заң бөлімі.

«Діни диверсияға құқықтық тосқауыл». Келесі тамашалайтындарыңыз бейнекөрініс

Дін және уақыт (қорытынды бөлім)
«Ел мен дін мұраты – ынтымақ пен бірлік»
Теріс бағыттағы діни ағымдар.....
-Елдің тәуелсіздігіне қарсы бағытталған әрекет.
-Әрбір адам абай болатын аса қауіпті бағыт.
-Заманның жаңа ағымынан туындаған бағыттар.
-Діни сауаты бар адамдардың мазасыздануына тұрарлық мәселе емес.

Болашақ ұрпақтарымыздың діни теріс ағымдардың жетегінде кетпеудің жолдары:

1) Оқушы ойлары 2) Ата-аналар ойлары

1.Діни сауаттылық

2. Жергілікті мешіттерде діни теріс ағымдардың зияндарын айтылатын іс шаралар жүргізілсе

3. Ата-аналар балаларына діни теріс уағыз-заңсыз уағыз екенін баласының санасына сіңірсе

4. Мектепте осы бағытта тәрбие сағаттар өткізілсе

5. Діни теріс ағымдағы ұйымдар анықталса, заң орындарына хабарласу

6. Осы бағытта жүрген достарға дұрыс жолға түсуіне ықпал жасау

7. Мектепте дінтану сабақтары жүргізілсе-

«Аллаға шүкір»әні орындалады.
-Ата - аналардың құрметіне «Асыл ана» әні.
Қорытындылау. 1.Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

2.Көкірегіңе түйіп ал!

 -Теріс діни ағымдар уағызы-заңсыз уағыз

-Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  - бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық! 

-Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігн ұмытпайық!

-Дін дегеніміз –ұлы сенім,ғылым анасы

.Ал сенім – адамзаттың тірегі.

-Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!

« Біз - тегіміз Түркі, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап-Құран - Кәрімді насихаттауды естен     шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін, аржақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ( с.а.с.) Хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін.
Дінімізді, тілімізді сақтау-Ұлттығымызды , Мемлекетімізді сақтау» ,- деп елбасының сөзімен қорытындыланады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!