400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дінмұхамед Қонаев – ғасыр адамы! тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Дінмұхамед Қонаев – ғасыр адамы!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Дінмұхамед Қонаев – ғасыр адамы!

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 7 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Қонаевтың қайраткерлік өмірінен мағлұмат беру. Өмірде ұлы тұлға болып қалыптасқан атамызбен балаларды  жақын таныстыру.

  • Ұлы тұлға туралы әңгімелей отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекке баулу

Ресімдеу

Презентация, бейнеролик, нақыл сөздер, суреттер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Ғасырда  емес,  ғасырларда  бір  туатын,  ел  құрметіне  бөленген   адамдар  болады.  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  сондай  адам.  Халқына  сыйлы,  заманының  дара  туылған  перзенті.

Осы жылы Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келгені 110 жыл толып отыр!


 Өтен кеткен бұл фәниден сан алып,
 Тарих үшін емес олда жаңалық.
 Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,
 Шын аты оның Мейірім мен Даналық.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)







ІІ. Психологиялық дайындық

Әрқайсымыз ортаға шеңбер құрып жағымды тілектермен сабақты бастайды



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

презентация

 



Ортасы (20 мин)


Дінмұхамед  атамызды  ел  көзі  тірісінде – ақ  құрмет  тұтып, Димаш атап кеткен. Димаш  атамыз  1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында  дүниеге  келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен  инженері мамандығын алған  Д.. А.. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі ,цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады.

Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық,ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.          

Н. Назарбаев.

Кілт сөздер

  • - 1912-1993

  • - Алматы

  • - Түсті металл институты

  • - Балқаш мыс қорыту комбинаты

  • - Зухра Шәріпқызы

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірі жайлы бейнеролик көрсетіледі

Жазған мақалалары мен кітаптары:



 





М арапаттары:

Үш рет Сoциaлиcтік Еңбeк Еpі

 (1972, 1976, 1982)

Лeнин opдeні

Еңбeк Қызыл Ту opдeні

Мeдaльдap

Дінмұхамед Қонаевтың нақылға айналған сөздері:

  • Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

  • Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
    Жан таппайды екенсің.

  • Әр заманың  өз әні, өз сәні бар.

  • «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».


Қайратыңды қазағыңа арнадың,
Үлгі болған ұрпақтарға саналы.
Жарқын ісің қай кезде де бағалы
Қазақ қанша дана халық дегенмен,
Күнде тумас сіз секілді дараны.


Алматы облысы және қаласы Дінмұхамед Қонаев басқарған он бір жыл ішінде танымастай өзгерді.

Туған қаласына Алматының ажарын кіргізіп тұрған

  • Қазақстан,

  • Алматы қонақүйлерін,

  • Республика алаңы мен Республика сарайын,

  • Цирк,

  • Неке сарайы мен

  • Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын,

  • М.Әуезов атындағы драма театрын,

  • Пушкин атындағы кітапхананы салғызды.


Д.А.Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпті кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты.

Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік!

Д.Ахметұлы туралы естеліктер


Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.
                                                                   
Н.Назарбаев.

Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам.Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.
                                                                       
А. Асқаров.

"Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы".

Дуайт Эйзенхауэр, АҚШ-тың 34 - президенті, 1960 жыл

"Дінмұхамед — нағыз дос деген сөз!"

Шәкен Айманов, кинорежиссер

"Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық сана, шалқыған қайырымдылык, көңілді болмыс тән еді".

Геннадий Толмачев, жазушы, 1997 жыл

Дінмұхамед Қонаевтың он қасиеті

Бірінші қасиеті:

Димаш ата, жаратылысынан көрікті, бойшаң жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі

Екінші қасиеті

Өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай жағдайына сәйкес жан жақты тез ұғып алатын аса зерек жан болатын

Үшінші қасиеті

Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселерін зердесіне ұзақ сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын адам болған

Төртінші қасиеті

Димаш ата терең ой иесі, және жадына сақталғандардың бәрін айдан анық етіп айтып бере алатын шебер әрі шешен болған

Бесінші қасиеті

Димаш атамыз ғылым, білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден жалықпайтын адам болған

Алтыншы қасиеті

Тағамға, ішімдікке, сауық сайранға келгенде қанағатшыл болған

Жетінші қасиеті

Димаш ата жаратылысынан ойын сауықтан аулақ болған, демалысын таза ауада, серуендеп, аңшылық, мергендік өнермен айналысқан

Сегізінші қасиеті

Кемеңгер Қонаев шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруды жөн көрген, Димекең ешқашан өтірік айтпаған

Тоғызыншы қасиеті

Жаны асқақ, және ар намысын аса ардақтайтын адам болған

Оныншы қасиеті

Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер шешімпаздық танытып, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болған

Қызықты деректер

  • Дінмұxaмeд Қoнaeв – КСРО дa eң биік caяcи лaуaзымғa иe бoлғaн aлғaшқы қaзaқ. Ол КСРО ның ішкі жәнe cыpтқы caяcaтын бacқapaтын 15 мүшeлік пoлитбюpo мүшecі бoлғaн.

  • Отбacындa 11 бaлaның 4-шіcі.

  • Бoйы 198 cм. 46 өлшeмдeгі aяқ киім кигeн.

  • Хoбби: қapу-жapaқ кoллeкциялaғaн, aңшылықты ұнaтқaн.

  • Қoнaeвтің жeкe күзeтшілepі бoлмaғaн. Бacқaлapы жeкe күзeтшілepімeн жүpгeндe Қoнaeв жaй ғaнa тaңepтeң жұмыcынa жaяу бapып кeліп жүpгeн.

  • Акaдeмик шeні үшін 340 pубльдік төлeмaқыдaн бac тapтқaн.

  • Шaғын пәтepіндe (қaзіp мұpaжaй) 24 жыл өміp cүpгeн, пәтep aудaны 200 шapшы мeтp.

  • Кeзіндe Лeoнид Бpeжнeв (КСРО бacшыcы) Алмaтығa біpінші peт кeліп, Қoнaeв үйінe қoнaққa кeлeді. Пәтepін apы apaлaп бepі apaлaп: "Бap дүниeң ocы мa?"– дeп тaңдaнaды.

Сұрақ жауап

  1. Дінмұхамед Қонаев қай жылы дүниеге келді?

  2. Қай жерде дүниеге келді?

  3. Қанша жасында дүниеден өтті?

  4. Қандай оқу орнын аяқтады?

  5. Қандай марапаттары бар?

  6. Қандай кітаптар мен мақалалар жазған?



Оқушылар бейнеролик тамашалайды











Оқушылар берілген қанатты сөзді оқиды, мағынасын ашады






Оқушылар берілген кілт сөздерді оқып, ондағы аұпаратты анықтайды






Тұлғаның жазған кітаптары мен мақалаларын оқып танысады








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі