«Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты ғылыми конференция. 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты ғылыми конференция. 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ қазақ елінің біртуар ұлдарының бірі Дінмұхамед Қонаевқа арналған ашық сабақ. Д.Қонаевтің өмірі қызметі және естеліктері туралы кеңінен мағлұмат беретін танымдық кеш.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дінмұхамед Қонаев атындағы №122 жалпы орта мектебі» коммунлдық мемлекеттік мекемесі














Тақырыбы: «Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен

жетістіктері» атты ғылыми конференция

















Дайындаған: Тарих бірлестігі







2017-2018оқу жылы


Тақырыбы: «Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты ғылыми конференция

Мақсаты:Халқымыздың дара тұлғасы Димаш ағаның өмір жолымен таныстыру; оның халқымыз үшін істеген ерен істерін талдау; өз қаламынан туған шығармасы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу; елі үшін атқарған тағылымы арқылы оқушыларға азаматтық бейнесін үлгі-өнеге ету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

                                      1. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтің портреті

                                      2. Слайд

3. Кемеңгер, тарихи тұлға жайлы жазылған ой-пікірлер

4. Кітаптар

Жургізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар!

Бүгін Тарих бірлестігінің ұйымдастыруы мен өткелі отырған «Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты мектепішілік ғылыми конференцияға қош келдіңіздер! Бұл конференцияны халқымыздың дара тұлғасы Д.Қонаевтіңқа берілген баға және айтылған ойлармен бастағанды жөн санадық.

"Д .Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге

ұстаз болған ұлы адам"


ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев


Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін. Димаш, бұйырса, исі қазаққа ортақ болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын!


Мұхтар Әуезов, жазушы



"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық.


Ілияс Есенберлин, жазушы



Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол-терең саясаткер, халықтар даналығын толық

меңгерген адам. Ол - КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы.


Дэвит Эйзенхауэр

бұрынғы АҚШ президенті


«Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев.»

Джавахарлал Неру

Үндістанның бірінші премеьер-министірі

Жүргізуші: Бүгінгі ғылыми конференецияны ашып беру үшін келген қонақтарымызға сөз береміз:

1. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Мақтарал ауданының құрметті азаматы Бегім Серіков мырза

2. Д.А.Қонаев атындағы Мақтарал аудандық филиялының деректоры. Мақтарал ауданының құрметті азаматы Айыпберген Балтабайұлы

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»- деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»- деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді»- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір - қасиетімен танылған адамдар да сондай. Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз.

Ұлтымыздың өсіп өркендеу жолында қаншама перзенттері бүкіл өмірлерін сарп етті. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев. Сол ұлдарын халқы ешқашан ұмытпайды. Олардың үлгі-өнегесі кейінгі ұрпаққа мәңгі мұра болып қалды. Соның куәсі ретінде Ілесбек Аманов өлең жолдарын тыңдайық.


Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» Орындайтын 10 «ә» сынып оқушысы Жүніс Жібек


Жүргізуші: «Елім» дейтін ер болмаса, «Ерім» дейтін ел қайдан болсын?! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент. Ендеше елін танытқан еріміздің өмір жолына шолу жасап өтейік.


Баяндама: «Бала Димаштан аға Димекеңе дейін» оқитын Тарих пәні мұғалімі Серкулова Айжан

Видео ролик: «Д.Қонаевтің балалық шағы»


Жүргізуші: Ақын Қадір Мырзалиев кезінде қазақ халқының бүкіл ерекше қасеттеррін тізбелей келіп: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»,- деген еді. Әрине бұл – қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қара домбыраға берілген үлкен баға.

Күй: орындайтын 9 «Ә» сынып оқушысы Шәріп Олжас « Жекпе-жек» Н. Тілендиев

Жүргізуші: Жер жүзіне әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді. 
Көлден үлкен теңіз бар, 
Елден үлкен неміз бар. 
Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?! 

Жеті ұлы атанған әлемдегі,-ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын компьютерге салып таразылағанда Д.Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.

Келесі кезекте Д. Қонаевтің саяси қызметі мен игі істеріне тоқталып өтейік.


Баяндама: «Д.А.Қонаевтің саяси өмірі мен жетістіктері» оқитын тарих пәні мұғалімі Жаңабева Күләш.

Видео ролик: «А.Қонаевтің саяси өмірі»


 Жүргізуші: Д. А. Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпті кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік! Жер жүзіне әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «Елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді. Өйткені «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» - артына мәңгі өлмес хаты қалды. Келесі кезекте Д. Қонаев жайлы жазылған естеліктерге кезек берейік.


Баяндам: «Д.А.Қонаев жайында естеліктер» оқитын тарих пәні мұғалімі Бахитов Жомарт

Видео ролик: «Д.Қонаевпен сұхбат»

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін ғылыми конференцияны қортындылау үшін мектебіміз директоры Мусабекова Роза Құрбанқызына береміз


 Жүргізуші: Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» идеясынан қуат алған Ұлы Дала Елі Елбасы ұсынған рухани жаңғыру дәуірінде тұрған шақта Димаштай парасатты тұлғаның өнегесін жас ұрпаққа үлгі етуді көздеген конференцияның орны бөлек.Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін еш уақытта ұмытпайды. Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бүгінгі міне мына ұрпақ, келешек жастары, өз Отанының шынайы патриоты болуды осы ұлы тұлғамыздан үйреніп, елінің адал азаматтары болады деп сенемін. Бүгінгі «Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты ғылыми конференция өткізуіміздің негізгі мақсаты осы еді.

Ендеше бүгінгі ғылыми конференцияны әні: Е. Спаналиев. Сөзі: Ш. Сартай «Дін Аға» әнімен аяқтаймыз



Тексерілді:






































«Дінмұхамед Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты ғылыми конференциядан көріністер







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
924
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі