Тақырып бойынша 11 материал табылды

диплом

Материал туралы қысқаша түсінік
диплом
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ




Дипломдық жұмыс


Тақырыбы: «Инвестициялық мүлікті қаржылық есепке алу, аудиті және салық салуы»

Пән атауы:

Мамандығы:


Дипломдық жұмыс авторы:

«_____________»

(қолы)

Дипломдық жұмыс жетекшісі:

Бағасы:_______ « ________»(қолы)

«___»______2018ж.






Астана-2018ж

Мазмұны

КІРІСПЕ

І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІК РЕТІНДЕ АКТИВТЕРДІ ЖҮКТЕУ

1.1 Инвестициялық мүлік(ҚЕХС 40).Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

1.2 Инвестициялық меншік түсінігі

1.3 Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі
1.4 Инвестициялық меншік түрлері және тікелей инвестицияның талаптары

ІІ. «ЖШС ЦЕЛИН СЕЛЬМАШ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

2.1 «ЖШС Целин Сельмаш Астана» инвестициялық жобаларды іске асыру

2.2 Ивестициялық меншігінің алғашқы және кейінгі бағалау әдістері

2.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері

2.4 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

ІІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МЕНШІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

3.1 Инвестициялық меншікке салынатын салықтар және мүлік салығы

3.2 Қаржылық инвестициялардың есебі мен аудиті

3.3 Инвестициялық меншік есебінің баламалық әдістері.

3.4 Аудитордың қаржылық есептілік аудитіне жауапкершілігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ












КІРІСПЕ

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.  
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.

«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:   - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;       - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;    - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ,Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің,халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Дипломдық жұмыс мақсаты: Инвестициялық мүлік түсінігі мен инвестициялық меншік ретінде активтердің жіктелуі және қаржылық есепке аллу, сондай аудит және салық салуды бағалау әдістерін, шығындар бойынша есепке алау әдістері, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.

Дипломдық жұмыс міндеттері:

Инвестициялық мүлік(ҚЕХС 40).Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

  • Инвестициялық меншік түсінігі

  • Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі
    Инвестициялық меншік түрлері және тікелей инвестицияның талаптары

  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Зерттеу объектісі: Инвестициялық меншік және мүлік

Пәні: Экономика және Бухгалтер

Дипломдық жұмысқұрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден,үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттен тұрады.. Дипломдық жұмыс беттерінің жалпы саны










І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮЛІК ЖӘНЕ МЕНШІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Инвестициялық мүлік(ҚЕХС 40).Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

1.Баланстық құн – ол бойынша актив баланста танылатын сома.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа Халықаралық стандартқа, мысалы, 2-«Акцияларға негізделген төлем» IFRS нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:       

-тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе

-әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда жылжымайтын мүлікке инвестициялар ұғымына сай келсе және жалгер  активті тану үшін баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуге тиіс.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан жылжымайтын мүлікке инвестициялар түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, кәсіпорынның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестицияларды иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16-“Негізгі құралдар” IAS иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар мысалдары төменде келтірілген:

-әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;

-қазір әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер кәсіпорын жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);     

-кәсіпорынның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін кәсіпорынның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және

-қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша  жалға беруге арналған ғимарат.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылмайтын, осы баптардың мысалдары келтірілген:

-әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік; мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;

-  үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік;

-иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік, оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; кәсіпорынның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер рыноктық ставка бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде пайдалану болжанып отырған салынып жатқан және қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік объектісі. Болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде одан әрі пайдалану үшін қайта құрылатын қазір бар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілеріне қолданылады

         Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа кәсіпорынға жалға берілген жылжымайтын мүлік.Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), кәсіпорын объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар деп есептеледі.

          2.Кейбір жағдайларда кәсіпорын кәсіпорынға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады.

Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады. Мысалы, егер кәсіпорын қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса, онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй жылжымайтын мүлікке инвестицияны емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті білдіреді.

        Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын-болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді. Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан, иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады, бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру тәуекелін одан әрі көтере береді.

       Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның көзқарасы бойынша, объект, егер ол анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетеді.

Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

1.2 Инвестициялық меншік түсінігі

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемл. қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар.

Инвестиция мәні мен қызметі

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :

1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

  • өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;

  • портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құнды қағаздарға алу үшін);

Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейіне жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары.

Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар. Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

2000-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен. Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен . Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

  • Нидерланд – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);

  • Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);

  • Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

  • Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);

  • Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

Аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :

- Қазақстан нарығының іскерлік белсенділіктің төменілігі;

- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;

- Өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күшінің әлсіздік дағдарыстың орын алуы ;

- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы ;

Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті,Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.



1.3 Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелуі

Бұл стандарт инвестициялық активтерді есепке алуға арналған. 40- «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS Халықаралық стандарты инвестициялық жылжымайтын мүлікті меншік иесі ретінде жалдау төлемін, капиталдың өсуін немесе екеуін де сатып алу мақсатында анықтайды. Бұл мүлiк тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге және сатуға қатыспайды, әкiмшiлiк мақсаттарда пайдаланылмайды және кәдiмгi қызмет барысында сатуға жатпайды.

40-стандарт инвестициялық жылжымайтын мүлікті танудың екі өлшемін белгілейді:

- компанияға инвестициялық жылжымайтын мүлікпен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың түсу мүмкіндігі болуы керек;

- инвестициялық жылжымайтын мүлік құнының шынайы сенімді бағалауы. Инвестициялық жылжымайтын мүлік мыналарды қамтиды:

- ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуі есебінен табыс алу үшін арналған жер;

- одан әрі пайдалану әлі анықталмаған жер;

- есеп беруші компанияға тиесілі және бір немесе бірнеше жалдау шарттары бойынша жалға берілген құрылым;

- қазіргі уақытта пайдаланылмайтын құрылыс, бірақ бір немесе бірнеше жалдау шарттары бойынша лизингке арналған.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікпен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы әдетте компанияның басқа активтерімен байланысты емес.

Бастапқыда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектіні сатып алу немесе салу құны бойынша, шарт бойынша немесе экономикалық тәсілмен бағалануы тиіс. Сатып алу құны сатып алу бағасы ретінде мәміленің барлық тікелей шығындарымен (заңды және консультациялық қызметтер, тіркеу және тіркеу алымдары және т.б.) анықталады. Мердігерлер жасаған нысандар келісімшарттың бағасына сәйкес бағаланады. Экономикалық әдіспен салынған инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзіндік құны құрылыстың аяқталу күні осы объект бойынша шеккен барлық шығындар сомасымен анықталады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікке байланысты кейінгі шығындар болашақ экономикалық пайдалардың келешекте алынуы ықтимал болса, оның баланстық құнының артуы болып саналады. Кейінгі басқа шығыстар капиталдандырылмайды. Олар пайда болған кезеңнің шығындарына есептен шығарылуы тиіс.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы бағалаудан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлікті бағалаудың ықтимал әдістерінің бірі есеп саясатын таңдау және көрсету қажет. 40 ҚЕХС (IAS) негізгі опцион әділ нарықтық құнды бағалау болып табылады және балама әдіс ретінде (егер әділ нарықтық бағаны анықтау мүмкін болмаса) сатып алудың тарихи құны бойынша (өзіндік құн) бағалау болып табылады. Бұл жағдайда 16-стандартты (негізгі әдіс), ал ақпаратты ашу үшін - 40-стандартты басшылыққа алу қажет.

Әділ құн - бір-бірінен тәуелсіз, транзакция жасауға ниетті, мәміле жасауға дайын, қолма-қол ақша сомасын білдіреді, тараптар осы активті айырбастауға келіседі. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны, әдетте, баланс күніндегі оның нарықтық құны болып табылады. Әділ құнның өзгеруінен туындайтын пайда немесе залал, өзгерістердің пайда болған кезеңіндегі таза пайдаға немесе залалға жатқызылады.

Тарихи шығындар бойынша есеп үлгісі 16 «Меншік, ғимараттар мен жабдықтар» IAS Халықаралық стандартында есепке алудың негізгі әдісі ретінде белгіленеді: инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі. жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған залалдарды шегеріп тастайды. Сатып алудың өзіндік құнының үлгісін таңдаған компания инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын ашып көрсетуі тиіс.

Егер негізгі құралдар объектісі өндіріс үшін де (тауарларды жеткізу, қызмет көрсету, әкімшілік мақсаттар үшін) пайдаланылатын бірнеше бөліктен тұрады және жалдау немесе капиталдың құндылығын жоғарылату үшін бөліктерді бір-біріне тәуелсіз бағалауға болады ма? Егер жауап оң болса, онда объектінің бөлігін бөлек ескеру қажет. Олай болмаған жағдайда, объект объектінің көп бөлігі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде анықталған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлікке жатады.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің сипаттамасынан басқа, 40-стандарт иеленетін меншік тұжырымдамасын түсіндіруге мүмкіндік береді. Оған меншік иесіне (немесе жалға алушыға қаржы лизингі бойынша) тиесілі және тауарларды өндіруге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған мүлік жатады. Иесінің меншік құқығы 16-стандартқа сәйкес есепке алынады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынандай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а)инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар;

(б) инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.

Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаға кезде бағалайды. Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүліа объектісінде қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

16-тармақта баяндалған тану принциптеріне сәйкес ұйым мұндай ылжымайтын мүлік объектісінде күнделікті қызметтер көрсету шығындарын инвестициялық жылжымайтын мүліктің құндық балансында танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе шығынның құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар – бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; бұған қоса олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтер көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың салынуына мүмкін. Тану принципіне сәйкес ұйым бұрын бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде ивестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің баланстық құнында таниды. Жылжымайтын бөліктердің сомасы стандарттың өнімдерді қайта мойындау ережелеріне сәйкес қайта мойындалады.

Инвестиция Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестиция термині латынның «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Инвестиция ұғымын әр түрлі экономистер әр түрлі анықтама берді. Орыс экономистері Б.А.Райзберг, Л.Ш.Лозовский және Е.Б.Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде «Инвестиция пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді» деген.

Инвестиция туралы ҚР Заңында инвестиция – инвестициялық қызметті жүзеге асырумен табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлығы.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын және үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялаудың әр түрлі тәсілдері бар, бірақ олар әрқашанда тек бір нәрсеге пайда табуға бағытталған.

Инвестициялық жіктелінуі

Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1.Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:Нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;Портфельдік инвестициялар;Қаржылық емес инвестициялар.2.Инвестициялау мерзіміне қарай;Қысқа мерзімді (1жылға дейін)Орта мерзімді (1ден 3-5жылға дейін)Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)

3.Инвестицияға қатысу нысанына қарай;

Тәкелей

Жанама

4.Меншік нысанына қарай;

аралас (бірлескен)

шет елдік

мемлекеттік

жеке меншік

5.Аумақтық белгілеріне қарай:

Шет елде инвестициялау

Елдің ішінде инвестициялау

6.пайдалану бағытына қарай:

Өндірістік бағыттағы инвестициялар;

Өндірістік емес бағыттағы инвестициялар;

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған.

Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

1) инвестициялардың түрлері;

2) ақша құралдарын салу объектілері;

3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;

4) инвестицияландыру кезеңі;

5) меншік түрлері;

6) инвестордың қатысу түрлері;

7) тәуекел дәрежесі;

8) ұдайы өндіріс түрлері.

1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық

бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.

3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);

ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.

5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:

қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);

инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;

табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;

- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;

- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.

8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:

жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;

шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі– өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;

шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;

техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу. Инвестицияның үсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

1.4 Инвестициялық меншік түрлері және тікелей инвестицияның талаптары

Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады. 

Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.

Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндiрiске енгiзе отырып, өндiрiстi кеңейту және жаңарту iсiне жұмсалатын шығындар деп есептейдi /2, 646/. Бұл жерде негiзгi және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады.Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады.Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ.Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы.Онымен бірге қарызды өтеуде қаржы жинақтауда керек. Кәсіпорынның капиталы- қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі.Ол екіге бөлінеді:Тікелей инвестициялар- елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы.Портфельдік инвестиция – қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы.Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М.Т және Мұхамбетов Т.И өзінің жұмыстарында былай деп жазады.Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы.Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді:техникалық және қаржылықЭкспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты.Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер.Шетелдік инвестициялар- өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы. Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 3- сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.

Инвестициялық меншік түрлері:

Инвестициялау объектісіне әсер ету дәрежесіне байланысты 

Мақсатты бағытталуына байланысты 

Негізгі капиталды жаңартудағы рөліне байланысты 

Меншік нысанына байланысты қалыптасу көздері  

Тікелей инвестициялар 

Материалдық активтерге жұмсалған инвестициялар 

Жалпы инвестициялар 

Мемлекеттік инвестициялар

Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар

Портфельді инвестициялар 

Таза инвестициялар

Жеке инвестициялар 

Ж арамсыздықтың орнын толтыратын инвестициялар

Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар

Шетелдік инвестициялар 

Инвестиция түрлері:

1) Мемлекеттік инвестиция, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;

2) Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаржаттары, сондай ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;

3) Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары;

4) Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кәсіпорынларды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаға құрылысқа капитал жұмсаумен байланысты инвестициялар.

5) Интеллектуалдық инвестициялар, интеллектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.

6) Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

7) Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды: 

- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялармемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады. 

-Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестицияларкәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялардеп те атайды. 

- Шетелдiк капитал нысанындағы инвестицияларшет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.  













ІІ. «АСТАНА КОНТРАКТ» АҚ.Ң ИНВЕСТИЦКАЛЫҚ МЕНШІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

2.1 ЖШС «Целин Сельмаш Астана» инвестициялық бағалау әдістерінің ерекшеліктері

ЖШС «Целин Сельмаш Астана» құрылған күні 2011 жылдың 16 наурызы.

Активтер: әкімшілік ғимараттың шеберханасымен, жалпы ауданы - 10 931,22 м2 ді құрайды.

Қызмет түрлері:

  • Кеңсе мен қоймаларды жалға беру;

  • өндірістік-шаруашылық қызмет;

  • Серіктестік Астана қаласының индустриалды-инновациялық дамуы үшін өнеркәсіптік және шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

«Целинсельмаш Астана» ЖШС жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін ұйым. Мұнда сіз қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша толық кеңес ала аласыз және қысқа уақыт ішінде өзіңіздің мәселеңізді шеше аласыз.

Бүгінгі күні көптеген кеңселер жалға берілетін тұрғын үйлер мен коммуналдық қызметтерді арзан бағамен іріктеу бойынша қызмет көрсетеді. «Целинсельмаш Астана» ЖШС сіздерге ең жаңа ұсыныстарды табуға болады.

«Целинсельмаш Астана» ЖШС жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін ұйым. Мұнда сіз қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша толық кеңес ала аласыз және қысқа уақыт ішінде өзіңіздің мәселеңізді шеше аласыз.

Бүгінгі күні көптеген кеңселер жалға берілетін тұрғын үйлер мен коммуналдық қызметтерді арзан бағамен іріктеу бойынша қызмет көрсетеді. «Целинсельмаш Астана» ЖШС сіздерге ең жаңа ұсыныстарды табуға болады.

«Целинсельмаш Астана» ЖШС негізгі қызмет индустриялық парктерді дамыту тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып дамыту түрлері болып мыналар табылады:

1)өндірістік және шаруашылық қызмет өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы үшін;

2) индустрияны дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында индустриялық парктер, технопарктер, индустриялық аймақтардың дирекцияларын құру;

3) инфрақұрылымды дамыту және өңірдің индустриялық парктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өндірістік және экономикалық функцияларды жүзеге асыру;

4) облыстың индустриялық парктер аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруда кәсіпкерлікке практикалық материалдық-техникалық және консультативтік көмек көрсету;

5) индустриялық парктерді дамыту тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып дамыту;

6) Индустриалды парктер аумағында «бір отан» қағидаты бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау, салу және пайдалануға енгізу үшін қажетті рұқсаттарды дайындауда инвесторға көмек көрсету;

7) кәсіпкерлерге ғылыми-техникалық әзірлемелерді патенттеуде практикалық көмек көрсету, өнертабыстарды бағалау мен сараптауды ұйымдастыру, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу;

8) озық технологиялар трансфертіне арналған оқыту және ғылыми орталықтарды ұйымдастыру, жаңа білімдер мен білімдерді «қолынан қолға» принципі бойынша;

9) Инвесторға сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруда, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өнімдерді стандарттау және сертификаттауға көмектесу;

10) өнеркәсіптік өндірістің кластерлік дамуына арналған инвестициялық жобаларды мониторингілеу және талдау;

11) көрме-тұсаукесерлер мен көрмелер өткізу - облыстың жергілікті кәсіпорындары шығаратын тауарларды сату;

12) өндірістік процестер, кәсіпкерлік технологиялар, маркетинг және арнайы пәндер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары.

«Целинсельмаш Астана» ЖШС «Қазақ-Чехия Технологиялық Орталығында» 16,5% үлесіне ие.

«Целинзельмаш Астана» ЖШС-ның 2016 жылға арналған мақсаты активтерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталына үлес ретінде тиімді пайдалану жолымен «Целинсельмаш Астана» ЖШС-ның шығынсыздығына қол жеткізу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:

  • копанияның бизнес-жоспарының шығыс бөлігін әзрлеу;

  • компания активтерін есептей отырып кіріс көздерін айқындау;

  • еншіліс компаниялардың стратегиялары мен бизнес – жоспарларын әзірлеу;

  • компанияны және оның еншілес құрылымдарын корпаративтік басқару жүйесін жасау;

  • компанияның шоғырландырылған бизнес-жоспарларын әзірлеу;

  • қолда бар активтерді пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыру;

  • компанияның жиынтық кірісін алу:

2016 жылы «Целинсельмаш Астана» ЖШС жарғылық капиталды республикалық бюджет қаражаты есебінен 3000 млн.тенге мөлшерінде ұлғайтуды жоспарлап отыр.соның ішінде 2000 млн тенге Астана қаласында «Жаңа өнеркәсіп аймағының (индустриялық парк)инфрақұрылымын салуға;

1000млн тенге жеке отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен біріккен инвестициялық жобаларды іске асыруға.

«Целинсельмаш Астана» 2016-2017 жылдар кезеңінде жер жылжымайтын мүлік жөніндегі инвестициялық жобаларға қатысу үшін 20 жылжымайтын мүлік сатуды жоспарлауда.

Шығыстар 2016-2017 жылдары тиісінше 2137,85 млн тенге,2017 жылы 2865,25млн деңгейінде жоспарланды.

2017 жылдың қортындылары «Целинзельмаш Астана» ЖШС 25689млн тенге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның 50%-ы Республикалық бюджетке аудару жоспарлануда.

2.2 Ивестициялық меншігінің алғашқы және кейінгі бағалау әдістері

Инвестициялық жобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджменті барлық салынған соманы жылдық үнемделген сомаға бөледі, сол арқылы өтімділік кезеңін табады немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді.Бірақта өтімділік кезеңін тексеру салым сапасын нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс: жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы; жылдық шығындағы үнемділік; жабдықтарды іске жарату мерзімі; мүмкінді аммортизациялық төлем; пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі. Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды. Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі , ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық-қаржы менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл коэффициентін таңдау — әдістердің тек біреуі ғана , соның көмегімен менеджерлер тәуекелдікпен күреседі.Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмаларының бірі – жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша қаражаттарын инвестициялағанда , болашақта одан да көп пайда алу үшін әрекет етеді. Өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады немесе акционерлерге дивиденд түрінде төленеді.Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менеджері салық төлемі және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы ақпаратпен жабдықталуы керек . Дұрыс шешім қабылдаудың кілті – жаңа инвестициялық жобаларды есепке ала отырып , талдау жасауда. Капитал салымының тиімділігін талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:

Инвестицияның орташа пайда мөлшері. Бұл әдіс орташа жылдық пайданың жобадағы инвестицияның орташа көлемінің қатынасына негізделеді. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығында, ақпаратты еркін алуға қолайлы.

Өтемділік әдісі. Бұл әдіс жоғарыда қаралған . Бұл жерде біз оның кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен инвестициялық жобаның өтемділік кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың саны. Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі. Ішкі пайда мөлшері — дисконттау коэффициенті , ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады. Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін есепке алғандықтан , ал инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір объективті дұрыс баға береді.Бұл әдіс өз уақытында күткен ақша ағымының көлемін және әрбір кезеңде оны таратуды есепке алады.

Инвестициялық меншіктің кейінгі бағалануы

Нақтылық инвестиция дегеніміз шаруашылық субьектілеріндегі белгілі материалдық өндірістік қорлардың, активтердің өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады.

Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары.

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерешеліктерінің бірі –шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субьектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Бұл қағидалар:

- экономикалық мақсатқа сәйкестілік –ол сол немесе басқа әлеуметтік –экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;

- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бір де бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серітестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;

- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі обьектілерге бағыттауды білдіреді;

- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың негізі –осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;

- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.

Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау.

Зақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) бағалау

Тыйм сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең азқаржылық жағдай есебі немесе әділ құны бойынша бағалауға тиіс.

А Ұйым иелерге таратуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) оның қаржылық жағдай есебіқұнының және тарату[4] шығындарын шегергендегі әділ құнының ең азымен бағалайды.

16 Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына жауап берсе (11-тармақты қараңыз), онда 15 - тармақты қолдану активті (немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша (мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, қаржылық жағдай есебі құнның және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен бағалауға әкеледі. Сөйтіп, егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша бағалануға тиіс.

17 Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда ұйым сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс.

18 Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер мен міндеттемелердің) қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағалануы тиіс.

19 Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта бағалаған кезде осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын қайта бағаланғанға дейін бағалануға тиіс.

2.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері

Инвестициялықжобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджменті барлық салынған соманы жылдық үнемделген сомаға бөледі, сол арқылы өтімділік кезеңін табады немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді.Бірақта өтімділік кезеңін тексеру салым сапасын нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.

Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.

Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс:

  • жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы;

  • жылдық шығындағы үнемділік

  • жабдықтарды іске жарату мерзімі;

  • мүмкінді аммортизациялық төлем;

  • пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды. Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің  деңгейі , ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық-қаржы менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл коэффициентін таңдау — әдістердің тек біреуі ғана , соның көмегімен менеджерлер тәуекелдікпен күреседі.

Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмаларының бірі – жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша қаражаттарын инвестициялағанда , болашақта одан да көп пайда алу үшін әрекет етеді. Өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады  немесе акционерлерге дивиденд түрінде төленеді.Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менеджері салық төлемі және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы ақпаратпен жабдықталуы керек . Дұрыс шешім қабылдаудың кілті – жаңа инвестициялық жобаларды есепке ала отырып , талдау жасауда. Капитал салымының тиімділігін талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:

1.Инвестицияның орташа пайда мөлшері. Бұл әдіс орташа жылдық пайданың жобадағы инвестицияның орташа көлемінің қатынасына негізделеді. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығында, ақпаратты еркін алуға қолайлы.

2.Өтемділік әдісі. Бұл әдіс жоғарыда қаралған . Бұл жерде біз оның кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен инвестициялық жобаның өтемділік кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың саны.

3.Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі. Ішкі пайда мөлшері  — дисконттау коэффициенті , ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының  құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады. Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін есепке алғандықтан, ал инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір объективті дұрыс баға береді.Бұл әдіс өз уақытында күткен ақша ағымының көлемін және әрбір кезеңде оны таратуды есепке алады.

2.4 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.

Жобалық несиелеу

Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

инвестициялаудың стратегиясын дайындау;

инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;

инвестициялық приоритетті анықтау;

баламалы нұсқаларды қарастыру;

инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;

бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.

Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:

  • тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);

  • жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);

  • несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;

  • қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);

  • кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.

Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.

Санаттары

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:

  • инвестициялық шешім қабылдау;

  • инвестициялау;

  • жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.

Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.

Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:

- инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;

- жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;

- жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;

- жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.

Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

1)келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;

2)құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

3)құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

монтаждау;

жөндеу;

өндіріс;

жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.

Жобалық циклi

Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:

Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.

Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты.

Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:

жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;

жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;

жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін.

Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін.

Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

Жобаларды таңдау;

Жобаларды дайындау;

Жобаларды бағалау;

Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;

Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;

Жобаның нәтижелерін бағалау.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.

Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады:

жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;

инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%

жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;

ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.

Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.

Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады:

  • нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;

  • қажетті қаржы көлемі;

  • материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;

  • саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.

Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.

Міндеттер

Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.

Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.

Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:

жобаны экономикалық талдау,

жобаны техникалық талдау;

жобаны коммерциялық талдау;

жобаны ұйымдастырушылық талдау;

жобаны әлеуметтік талдау;

жобаны экологиялық талдау;

жобаны қаржылық талдау.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.

Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.















ІІІ. ИНВЕСТИЦИКАЛЫҚ МЕНШІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

3.1 Инвестициялық меншікке салынатын салықтар және мүлік салығы

1. Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны

2. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі

3. Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны

Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны  мынадай санаттарға бөлумен байланысты:

- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар)

- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).

Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.

1.Салық  объектілері бойынша - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
2. Қолданылу сипатына қарай - жалпы–салық төлеушінің меншігіндегі мүліктің барлық түрлеріне қатысты қолданылады;

- селективтік-мүлік түрлерінің әрбір түрі үшін салық режимін саралауға не салық салу базасынан кейбір меншік түрлерін шығарып тастауға негізделген.
3. Бағалау түрлеріне қарай - негізінде жылжымайтын мүліктен алынуымүмкін күтілетін (ожидаемый) ренталық табыс жататын жататын әдіс;
- мүлікті сатудың болжамды бағасына негізделген әдіс (күрделі не нарықтық);
- салық салу базасы ретінде құрылыс салынғандарын қоса, жер учаскелері алаңы алынатын баламалы(альтернативный)  әдіс.

2. Мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері

 Көрсеткіштер Қысқаша сипаттама

1 Төлеушілері Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша;
2 Мүлік салығы төлеушілері қатарына  жатпайтындар - ҚР Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

- салық салу Салық кодексінің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
- мемлекеттік мекемелер;

- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

- діни бірлестіктер.

3 Салық объектісі Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер

4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.

5 Салық ставкалары 1. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ;

2. Жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісінің орташа жылдық  құнына  0,5%;

3. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%;
Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5%;
6 Салық төлеу мерзімі Салық кезеңіндегі 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. 
Мүлік салығы салынбайтын объектілер.Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
1. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.

3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмүлік салығынан да белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.

Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі. 
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:

- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.

Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары

Салық ставкалары Есептеу тәртібі

1 млн теңгеге дейін қоса алғанда салық салу объектілері құнының 0,05%; 

1 млн теңгеден жоғары- 2 млн теңгеге дейін қоса алғанда 500 теңге + 1 млн теңгеден асатын сомадан 0,08%;

2 млн теңгеден жоғары- 3 млн теңгеге дейін қоса алғанда 1300 теңге + 2 млн теңгеден асатын сомадан 0,1%;

3 млн теңгеден жоғары- 4 млн теңгеге дейін қоса алғанда 2300 теңге + 3 млн теңгеден асатын сомадан 0,15%;

4 млн теңгеден жоғары- 5 млн теңгеге дейін қоса алғанда 3800 теңге + 4 млн теңгеден асатын сомадан 0,2%;

5 млн теңгеден жоғары- 6 млн теңгеге дейін қоса алғанда 5800 теңге + 5 млн теңгеден асатын сомадан 0,25%;

6 млн теңгеден жоғары- 7 млн теңгеге дейін қоса алғанда 8300 теңге + 6 млн теңгеден асатын сомадан 0,3%;

7 млн теңгеден жоғары- 8 млн теңгеге дейін қоса алғанда 11300 теңге + 7 млн теңгеден асатын сомадан 0,35%;

8 млн теңгеден жоғары- 9 млн теңгеге дейін қоса алғанда 14800 теңге + 8 млн теңгеден асатын сомадан 0,4%;

9 млн теңгеден жоғары- 10 млн теңгеге дейін қоса алғанда 18800 теңге + 9 млн теңгеден асатын сомадан 0,45%;

10 млн теңгеден жоғары 23300 теңге + 10 млн теңгеден асатын сомадан 0,5%.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
Сонымен, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне салық жылжымайтын мүлік құны мен белгіленген ставкалар негізінде салық органдарымен анықталады.

Мысалы, егер жеке тұлғаның меншік құқығында:

1) құны 1500 мың теңге тұратын пәтер болса, онда мүлік салығының сомасы 1750 теңгені құрайды (500 тг.+ / (1500 тг. – 1000 тг.) х 0,08%);

2) құны 500 мың теңге тұратын гараж болса, салық сомасы 500 тг.(500 мың тг.+0,1%) құрайды;

3) құны 70 мың теңге тұратын саяжай болса, салық сомасы 70 тг. (70 мың тг. + 0,1%) құрайды.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін төмендегі кестеден көруге болады.

Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі

 Салық салу объектілері

Есептеу тәртібі

1

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін олардың осы мүліктегі үлесіне барабар (пропорционалды)


Әрқайсысының осы мүліктегі үлесіне бара-бар.

2

Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда әрбір салық салуобъектісі бойынша бөлек есептеледі


Әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі

3

Жаңадан салынған (құрылған) салық салу объектілері бойынша  Салық олардың салынған жылыан кейінгі салық жылынан бастап есептеледі

Салық есептеу олардың құрылужылынан кейінгі салық жылында

жүргізіледі


4

Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде Осы фактілерді растайтын құжаттар болған жағдайда салық сомасы қайта есептеледі

Бұл фактілерді растап уәкілетті

орган беретін құжаттар болған

жағдайда қайта есептеу жүргізіледі


5

Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді


Осы құқық туындаған айдан бастап

қайта есептеу жүргізіледі


6

Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.


Мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептелінеді

Бұл салық жергілікті болғандықтан, ол мүлік орналасқан аумақтың жергілікті бюджетіне төленеді. Егер жеке тұлғаның саяжайы қаланың сыртында болса мүлік салығы аумақтық салық комитетінен алынған хабарламасына сәйкес осы аумақта төленеді.Тұлға меншік құқығын сату, ауыстыру және беру кезінде салық салу объектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Салық жылының сомасын салық салынатын объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін.

Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 16% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,6% (2,5x16%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық  1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x  0,6%) x 15 күн) құрайды.

Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы болып табылады. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:

- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс.

Мүлік салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі

Банк мүлік салығының төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.

Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды:

- жер салығының салық салу объектісі болып табылатын жер;

- осы себеппен көлік құралдары;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консер-вацияда тұрған негізгі құралдар;

- жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол кұрылыстары;

- инвестициялық жоба шеңберінде найдалануға жаңадан енгізілген негізгі құралдар.

Заңды тұлғалар, соның ішінде банктер бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді. Жаңадан құрылған құрылыстар, ғимараттар, мекемелер бойынша салық олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік кұқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы, одан кейінгі төлеушіге оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Банктердің салық салу объектілері бойынша салык базасы бух-галтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген орташа жылдық қалдық құны болып табылады.

Бухгалтерлік есеп негізінде банктің негізгі қаражаттарының келіп түсуін және есептен шығуын анықтау үшін тізімдеме толтырылады. Жыл соңында мүлік салығын есептеу үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдығын анықтау қажет, ол ағымдағы салық жылының әр айының 1-іңдегі және одан кейінгі айдың 1-індегі салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құндарын қосу нәтижесінде алынған соманың он үштен бір бөлігі ретінде анықталады.

Негізгі құралдардың орта жылдық құны салықты есептеу үшін қолданылып, келесі тәртіпке сәйкес анықтальшады: (20 + 21 + 20 + 22 + 25 + 23 + 26 + 24 + 24 + 29 + 26) : 13 = 23,5 млн. теңге. Орташа жылдық құнды анықтағаннан кейін оны белгіленген 1% мөлшерлемесіне көбейтіп, есепті жылдағы салық сомасын анықтаймыз (23.5. млн тенге х 1% = 0,235 млн. тенге).Банк жер салығы, көлік құралдарына салынатын салықты және 700.00 нысандағы мүлік салығы бойынша Декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді. Декларация екі нысанада толтырылады, біріншісі орындалған күні және жауапты инспектордың қолы қойылып, Салық комитетіне беріледі, екінші күні және жауапты инспектордың қолы нысанасы банкте қалады. Сонымен қатар 700.03 нысандағы Декларацияға мүлік салығы бойынша қосымша толтырылады. Есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша есептелінетін нақты тиесілі салықты төлеу немесе артық төленген соманы қайтарып алу есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне жасалады.701.00 нысандағы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер-дің есебін банк есепті жылдың 20 ақпанына дейін ұсынуы қажет.Мүлік құнының 1 пайызы мөлшері бойынша есептелінген ағымдағы салық сомасын төлеу бірдей үлестермен салық жылының, 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада жүргізіледі.

Белгіленген мерзімдерде төленуге тиісті салықтың ағымдағы сомасын анықтау, салық сомасын 4 ке бөлу арқылы табылады.

Мүліктің табыс әкелетіндігіне немесе әкелмейтіндігіне байланыссыз осы салықты төлеуден босатылмайды. Салық салу объектілері басқа облыстарда (аудандарда) орналасқан, тармақталынған филиалдар желісі немесе өкілдіктері (заңды тұлға құрмай) бар банктер төленуге тиісті салықтар сомасын объектілердің орналасу жері бойынша төлейді.

Мүлік салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:

ағымдағы толемдерді есептеген кезде:

Дт 5765 «Заңды тұлғалардыц мүлік салығы»

Кт 2851 «Салық және басқа да міндетгі төлемдер бойынша есеп айырысу»;

ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дт 2851 «Салық жөне басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы ¥лттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты».

Меншікке салынатын салықтар

1.Көліқ ұүралдарына салынатын салық

Меншікке салынатын салықтардың экономикалық мазмұны және табиғаты. Көлік құралдарына салынатын салықтардың жіктелуіне сипаттама. Көлік құралдарына салынатын салықтар реформалаудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары. Көлік құралдарына салынатын салықтар реформалаудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер.Салық салу объектісі. Салық ставкалары: құрылу ерекшеліктері және қолдану механизмі.

Көлік құралы салығынан босатылатын тұлғалардың категориясы. Көлік құралдарына салықта есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. Салықты төлеу мерзімдері. Салықты төлеу мерзімі кезіндегі көлік иелерінің жауапкершілігі. Салық есептілігі.

2.Жер салығы.

Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттама. Жерге салық салу кезінде салықтарды реттеу функциясы. Салық салу мақсатындағы жер категориясы. Жер салығының төлеушілері. Салық салу объектісі және салық салу базасы. Жер салығын төлемейтін салық төлемейтін тұлғалар. Жекелеген жағдайларда жер салығын төлеушіні айқындау. Жер салығын алудың негіздері. Жер салығының салық ставкаларының құрылымы. Бонитет балы.

Ауылшаруашышылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары. Әр түрлі категориядағы жерлерге салық салу ерекшеліктері. Жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу. Ауыл шаруашылығына арналған,а/шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салық салу. Елді мекендердің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда салық салу ерекшеліктері. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салық салу ерекшеліктері.

Жер салығының ставкасын реттеу; мәні, қажеттілігі және қолдану тәртібі.

Жер салығын есептеу және төлеу механизмі. Заңды тұлғалардың салығын төлеу мерзімі және есептеу тәртібі. Салық кезеңі. Салық есептілігі.

3.Мүлік салығы

Мүлік салығының экономикалық мәні мен табиғаты. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу кезінде салық функцияларын өткізу.Мүлік салығының жіктелуіне жалпы сипаттама. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығының құрылу негіздері. Мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау. Салық  салу объектісі. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге салық салудың объекті бойынша салықтық базасы. Салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салық кезеңі. Салық есептілігі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың категориялары. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау. Жеке тұлғалардың мүлік жеке тұлғалардың мүліктік салық салу объектісі. Салық базасы. Салық салу объектісі бойынша салық базасын анықтау тәртібі. Жеке тұлғалардың мүлкінің салық ставкасы және ерекшеліктері мен қолданылуы. Салықты төлеу мен есептеу тәртібі.



3.2 Қаржылық инвестициялардың есебі мен аудиті

1100”Қаржылық инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында « Акциялар», « Облигациялар», « Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.

1100-1150 шоттар активті, күрделі,негізгі болып табылады. Осы  шоттардың  дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың  кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді. Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезіеде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу қөұнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстқ құнын келесі негізде анықтайды:

  • жалпы қоржындық(порфелдік) жиынтығымен;

  • инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;

  • жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша ;

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.

Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

  • сатып алу құнымен;

  • қайта бағалау құны ескерілген құнмен:;

  • сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік  капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда азайту сол инвестициясының үстеме  бағасының сомасы есебінен жүргізіледі.Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі. Ұзақ мерзімді қаржылық иневстиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді  инвестицияға аударсақ, онда : олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»  шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың , банкртердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция -акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз. Акцияларды алған кезде 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша корреспонденциясы жасалынады: сатып алу құнына – 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар», 3390-«Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4120-«Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді  кредиторлық берешек», 4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4140-«Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек». Акция алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Аудит обьектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады:ұзақ мерзімді инвестициялар,соның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдарға:ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржы инвестициялары,басқа да инвестициялар:инвестицияларды артық бағалаудан түскен төленбеген қосымш капитал;негізгі емес қызметтен түскен табыс.инвестиция аудитінде аудиттелінетін саладағы өзара қарым қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативті құқықты актілерді мұқият зеттеу қажет.

3.3 Инвестициялық меншік есебінің баламалық әдістері.

1.Инвестиция деп – экономикалық әр саласына кәсіпкерлік кіріс, пайыз немесе капиталдың өсіру мақсатымен капитал түрінде салынған жиынтық шығысты айтамыз (шаруашылық субъектінің құнының және соған сәйкес оның меншіктеушісінің әл ауқатының өсуі). Инвестиция былай жіктеледі:

үлескерлік – жай және артықшылықты акциялар;

қарыздық – облигация, қазынашаң векселдері, депозиттік сертификаттар және т.б.

Салым уақытына байланысты:

қысқа мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылға дейінгі. Бұл уақытша ақша қаражаттарын орналастыру мақсатымен оңай өткізілетін нарықтық құнды қағаздар компанияларының инвестициялары.

ұзақ мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылдан жоғары.

мерзімсіз инвестиция.

Тағайындалуына байланысты:

қаржылық – құнды қағаздарға салым.

нақты (мүлікке салым) – материалдық өндірістік босалқы қордың өсуіне субъектінің негізгі капиталына салым.

Қалыптасуына байланысты – алғашқы, екінші ретік.

Өмір сүру формасына байланысты – құжат жүзінде жүретін, құжатсыз жүретін.

Ұлттық керек жарағына байланысты – отандық, шетелдік.

Қолдану типіне байланысты – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

Иелік ету тәртібіне қарай – жеке, қоғамдық.

Шығару формасына қарай – эмиссиялық, эмиссиялық емес.

Меншік формасына қарай – мемлекеттік, коорпаративтік.

Айналым сипатына қарай – нарықтық, нарықтық емес.

Тәуелдік деңгейіне қарай – аз тәуекелділікпен, тәуекелділігі жоғары.

Экономикалық мәніне байланысты (құқық түріне) – мүліктік, міндеттемелік.

Халықаралық және отандық стандарттарға сай бухгалтерлік есепте инвестициялар былай бөлінеді:

а) Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)

б) Еншілес, тәуелді және бірге бақыланатын шаруашылық субъектінің инвестициялық БЕС 13 “Консалидирленген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердің инвестицияларының есебі” және оған әдістемелік нұсқаулар; БЕС 15 “Біріккен қызметке қатысу үлесінің қаржылық есеп берулерде көрінеді” және оларға әдістемелік нұсқаулар.

Сонымен қатар инвестициялар былайша жіктеледі:

тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталына инвестициялар;

портфельді – субектінің иелігіндегі құнды қағаздардың иелігі;

венчурлы – тәуекелділік және қайтарылатын қайта құрылған субъектілерінің инвестициялық салымдары (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар)

2.Инвестиция келесілерді классификалайды:

Салым уақыты бойынша:

- қысқа мерзімді (бір жылға дейін);

- ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары);

Тағайындалуы бойынша:

1. қаржылық (жылжымайтын мүлікке бағалы қағаздар салу);

2. нақты (капиталға салым және материалдық- өндірістік қорлардың өсуіне);

Эмитентіне байланысты (ҚР заңдылықтарымен келісе отырып бағалы қағазды шығаратын заңды тұлға):

Мемлекеттік – мемлекеттің ішкі не сыртқы қарыздары шамасында заңға сәйкес шығарылатын құнды қағадар, сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі эмитетейтін бағалы қағаздар;

Муниципалды – бұл ауданның әлеуметтік проблемаларын (құрылыс, жол құрылысы, мекетепке құралдар өңдеу және т.б.) шешуге жергілікті бюджеттен кепілдік берілген эмиссия, жергілікті атқарушы биліктің бағалы қағаздары;

Корпоративті – бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатына бөлінген ақша қаражаттары немесе жарғылық капитал құнылымы мақсатында қызмет бабындағы заңмен сайкес келетін заңды тұлғалар шығаратын бағалы қағаздар.

Шығару формасы бойынша: эмиссиондық;эмиссиондық емес;

Жүзеге асыру формасы бойынша: құжатты;құжатсыз;

Ұлттық меншігі бойынша:отандық;шетелдік.

Меншіктену қатары бойынша:жекелік; жалпы;

Пайда болуы бойынша: бірінші ретті;екінші ретті;

Қаражат салу формасы бойынша:ұзақ мерзімді (бағалы қағаздарға немесе міндеттемелерге инвестиция салу);иелік ету үлесі капиталдың немесе субъект мүлігінің үлесі (еншілес және тәуелді ұйымдарға инвестиция салу);жеке жобалар;

3.Шаруашылықсубъектілер өзінің қатысу үлесі есебін жүргізу үшін және оны қаржы есебінде көрсету үшін бірлескен қызметті іске асырады. Олар – актив, міндеттеме, осы қызмет бойынша кіріс мен шығысқа қатыстырушылар құқықтық-ұйымдастыру формаларына тәуелсіз 14 БЕС жетелікке алады. Осы стандартқа сәйкес бірлескен қызмет бойнша қатысушы өзінің қаржы есебіне және қауымдасқан есепте мойындауы тиіс:

бірлесе бақыланатын өндіріс;

ол қауымдасатын активтер және ол өзіне алатын міндеттемелер;

Бірлескен қызметке байланысты қызмет пен тауар сатудан түсетін өзінің табыс үлесі мен шыққан шығыстары;

Бірлескен қызмет бойынша қабылданған міндеттемелер, бірлескен қызмет бойынша басқа қатысушылармен бірге қабылданған өз міндеттеме үлесі;

Сатудан түскен кіріс болмасы өнімдегі өз үлесін пайдаланудан түскен кіріс, бірлескен қызмет бойынша шыққан шығындағы өз үлесімен бірген;

Бірлескен қызмет бойынша шыққан шығындағы өз үлесімен бірге;

Бірлескен қызметтегі өзінің қатысу үлесіне сәйкес шыққан шығыстар.

Қатысушы зиянның толық сомасын қабылдауы тиіс; егерде салым я сатым ағымдағы активтің таза өткізу құнының төмендеуін куәлендірсе. Оған: ағымдағы активтердің таза өзіндік құнының төмендеуін, ұзақ мерзімді активтің баланстық құнының төмендеуі қосылады.

Егер бірлескен қызметке қатысушы активті сатып алса сол активті тәуелсіз тарапқа сатпайынша бірлескен операциялардан түскен өзінің кіріс сияқты мойындайды.

Бірақта ұзақ мерзімді баланстық құнның төмендеуін бірлесе зияндарды лезде мойындау керек.

Қаржы есебінде келісімге сәйкес шартты міндеттеме мен зиянның елеулі сомасы пайыз болуы мүмкіндігіне байлынысты ақпарат қана ашылуға жатады, сонымен бірге үшінші тарап үшін жауапты шартты міндеттемелер.








3.4 Аудитордың қаржылық есептілік аудитіне жауапкершілігі

Аудиттің мақсаты қаржы есептілігінің алаяқтық немесе қателіктердің салдарынан елеулі бұрмаланулардың жоқтығына және біздің пікірімізді қамтитын аудиторлық пікірді шығаруға жеткілікті кепілдік беру болып табылады. Ақылға қонарлық сенімділік - жоғары сенімділік дәрежесі, бірақ Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілген аудит әрдайым елеулі бұрмалануларды анықтайтынына кепілдік бермейді. Бұрмалаулар әділетсіз әрекеттердің немесе қателердің нәтижесі болуы мүмкін және егер жеке немесе ұжымдық түрде осы қаржы есептілігінің негізінде жасалған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін болса, елеулі болып саналады.

Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілетін аудиттің бөлігі ретінде, біз кәсіптік пікірді қолданамыз және аудиттің барысында кәсіби скептицизмді қолдаймыз. Бұдан басқа, біз мыналарды орындаймыз:

- алаяқтық немесе қате себебімен қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулардың тəуекелін анықтау және бағалау; Біз осы тәуекелдерге жауап ретінде аудиторлық шараларды әзірлеп, жүргіземіз; біз өз пікірімізді білдіру үшін негіз бола алатын жеткілікті және орынды аудиторлық дәлелдерді аламыз. жосықсыз іс-әрекеттері, ішкі бақылау жүйесін айналып ымыраласуы, қолдан жасалғандығын, қасақана олқылық, ақпаратты немесе іс-қимыл туралы көзқарасы бұрмаланған қамтуы мүмкін алаяқтықтан туындайтын елеулі бұрмалануды анықтамау қаупі бар, қателіктен туындайтын елеулі бұрмалануды анықтамау тəуекеліне қарағанда жоғары болып табылады;

- Ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатында емес, жағдайға сәйкес аудиторлық шараларды әзірлеу үшін аудитке қатысы бар ішкі бақылау жүйесін түсіну;

- Қолданылатын есеп саясатының тиісті сипатын және бухгалтерлік бағалаулардың негізділігін және басшылық дайындаған ақпаратты тиісті түрде ашып көрсетуге бағалаймыз;

- әкелуі оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі белгісіздіктер үздіксіз өз қызметін жалғастыру үшін Ұйымның қабілетін ретінде айтарлықтай күмән болуы мүмкін бар ма туралы қорытынды - үздіксіздігіне жол қолдану заңдылығы туралы, және алынған аудиторлық дәлелдер негізінде қорытынды жасауға. біз айтарлықтай белгісіздік бар деген қорытындыға келетін болса, біз ондай ашып жеткіліксіз болса, біздің ойымызша, өзгерту, қаржылық есептілікте тиісті ақпаратты ашып біздің есепте назарын аудару керек. Біздің қорытындылар аудиторлық есептің күніне дейін алынған аудиторлық дәлелдерге негізделген. Алайда, болашақ оқиғалардың немесе жағдайлар ұйым өз қызметін жалғастыру қабілетін жоғалтып болатынына әкелуі мүмкін;

- Аудит тұтастай алғанда қаржылық есептіліктің ұсынылуын, оның құрылымы мен мазмұнын, соның ішінде ақпаратты ашуды, сондай-ақ қаржылық есептіліктің негізгі операцияларды және оқиғаларды олардың сенімді өкілдік етуін қамтамасыз ететіндігін ұсынамыз.

Аудит корпоративтік басқару үшін жауапты тұлғалармен, соның ішінде аудиттің жоспарлы ауқымы мен уақытын, сондай-ақ аудит нәтижелеріне қатысты айтарлықтай түсініктемелерді, соның ішінде біз анықтайтын ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттің барысында.

Аудит сондай-ақ корпоративтік басқару үшін жауапты тұлғаларды тәуелсіздікке қатысты барлық тиісті этикалық талаптарға сәйкес келгенімізді және осы адамдарға барлық қатынастар мен аудитордың тәуелсіздігіне әсерін тигізетін басқа да мәселелер туралы және қажет болған жағдайда, тиісті сақтық шараларын орындаңыз.

Корпоративтік басқару үшін жауапты тұлғалардың назарына ұсынған мәселелердің ішінен ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу үшін аса маңызды мәселелерді анықтаймыз, сондықтан негізгі аудит мәселелері болып табылады. Біз осы мәселелерді заңнамада немесе нормативтік актілерде жариялауға тыйым салынған жағдайларды қоспағанда немесе біз өте сирек жағдайларда нақты мәселе туралы ақпараттың біздің хабарламада жарияланбауы керек деген тұжырымға келмейтін жағдайларды қоспағанда, себебі мұндай ақпараттың теріс салдары коммуникациядан әлеуметтік маңызды пайдадан асатындығына негізделген.

Шығындар аудитінің негізгі мақсаттары:

1) шығындарды есепке алу бойынша қолданыстағы заңнаманың сақталуын бақылау және кәсіпорынның қаржылық есептілігінде шығындар туралы ақпаратты көрсету;

2) есептi кезеңдерде шығындардың бөлiнуiнiң дұрыстығын анықтау;

3) шығындарды есепке алу қағидатын сақтауды анықтау;

4) кәсіпорынның өндірістік және техникалық-экономикалық ерекшеліктеріне шығындарды есепке алу әдісінің сәйкестігін тексеру;

5) сыныптаудың дұрыстығын және шығындарды тануды бағалайды;

6) өнiмнiң құнына жатқызылған материалдық құндылықтарды бағалаудың дұрыстығын белгiлеу;

7) жөндеу, құрылыс және т.б. үшін пайдаланылатын материалдардың өзіндік құнының негізгі қызметіне жұмсалатын шығындарға сілтеме жасау лимиттерін айқындау. негізгі құралдар;

8) ораманың және қаптаманың құнын есепке алудың дұрыстығын тексеру;

9) табиғи жоғалту шегiнде тапшылығын есептен шығару дұрыстығын белгiлеу;

10) өтелмеген мерзімі өткен өтелмеген қарыздар бойынша шығындардың есептен шығарылуының дұрыстығын тексеру;

11) ұзақ мерзімді активтер бойынша амортизациялық аударымдардың дұрыстығы мен оның есепке алу объектілеріне берілуін тексеру;

12) өндiрiстi ұйымдастыру мен басқару жөнiндегi шығыстардың негiздiлiгiн, оларды бөлу әдiстерiн тексеру.

Аудиттің объектілері кәсіпорынның шығындарының түрлері болып табылады және оларды есепке алу және нақты объектілерге беру бойынша экономикалық операциялар жүргізіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымның І-бөлімі Инвестициялық меншік түсінігі және инвестициялық меншік ретінде активтерді жүктеу деп аталады, онда мынандай мәселелер қарастырылды:

- Инвестициялық мүлік(ҚЕХС 40).Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

-Инвестициялық меншік түсінігі

-Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі

-Инвестициялық меншік түрлері және тікелей инвестицияның талаптары

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынандай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а)инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар;

(б) инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.

Дипломдық жұмысымның ІІ бөлімі ЖШС «Целинсельмаш» инвестициялық меншіктің алғашқы және кейінгі бағалау әдістері деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

-«ЖШС Целин Сельмаш Астана» инвестициялық жобаларды іске асыру

-Ивестициялық меншігінің алғашқы және кейінгі бағалау әдістері

-Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері

-Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

ЖШС «Целин Сельмаш Астана» құрылған күні 2011 жылдың 16 наурызы.

Активтер: әкімшілік ғимараттың шеберханасымен, жалпы ауданы - 10 931,22 м2 ді құрайды екен.

Қызмет түрлері:

  • Кеңсе мен қоймаларды жалға беру;

  • өндірістік-шаруашылық қызмет;

  • Серіктестік Астана қаласының индустриалды-инновациялық дамуы үшін өнеркәсіптік және шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

«Целинсельмаш Астана» ЖШС жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін ұйым болып табылады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен салыстыру арқылы анықталады. Нақтылық инвестиция дегеніміз шаруашылық субьектілеріндегі белгілі материалдық өндірістік қорлардың, активтердің өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады.

Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді.

Дипломдық жұмысымның ІІІ-бөлімі «Инвестициялық меншікті есепке алу» деп аталады,бұнда келесідей мәселелерді қарастырдым:

- Инвестициялық меншікке салынатын салықтар және мүлік салығы

-Қаржылық инвестициялардың есебі мен аудиті

-Инвестициялық меншік есебінің талдау әдістері және басқару жұмысындағы қаржылық есептілік

- Аудитордың қаржылық есептілік аудитіне жауапкершілігі

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Аудит обьектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады:ұзақ мерзімді инвестициялар,соның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдарға:ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржы инвестициялары,басқа да инвестициялар:инвестицияларды артық бағалаудан түскен төленбеген қосымш капитал;негізгі емес қызметтен түскен табыс.инвестиция аудитінде аудиттелінетін саладағы өзара қарым қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативті құқықты актілерді мұқият зеттеу қажет.

Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілген аудит әрдайым елеулі бұрмалануларды анықтайтынына кепілдік бермейді. Бұрмалаулар әділетсіз әрекеттердің немесе қателердің нәтижесі болуы мүмкін және егер жеке немесе ұжымдық түрде осы қаржы есептілігінің негізінде жасалған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін болса, елеулі болып саналады.











ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Жоғарыға көтеріліңіз «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

2. «Гос. рег. рыночный экономики » - Кушлин: Москва-2000

3.«Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002

4.«Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998

5.«Гос. и бизнес » Мамыров, Брузатый: Алматы-1999

6.«Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003

7.Қазақстан Республикасының заңы. Шетелдік инвестициялар туралы.Толықтырулар мен өзгертулер енгізілген

8.Бухгалтерлік есеп саясаты 26 желтоқсан 1995ж .24 маусым 2002ж өзгертулер енгізілді

9.Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен әдістемелік ұсынылымы.- Алматы «LEM» баспасы 2003ж

10.Шаруашылық жүргізуші субектілердің бухгалтерлік есепті жүргізудің типтік шоттар жоспары.

11.«Доссормұнайгаз» МГӨБ-ң паспорты

12.Донцова Л. В., Никифорова Н. А. Анализ бухгалтерской отчетности. - М.: Издательство "Дело и Сервис", 1998 — 224 с.

13.Сатубалдин С. С. Учет затрат на проюводство в промышленности США. - М.: Финансы, 1980. - 141 с.

14.Тасмағанбетов Т.А., Әбленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау: Оку кұралы. Жалпы ред. басқарған Тасмағанбетов Т.А. — Алматы: "Доуір", 2002. — 416.
- 2-е изд., доп. - М: Финансы и статистика, 2000. — 206.

15.Тасмаганбетов Т. А. және баскалар. Каржы есебі: Оку кұралы./ Жалпы ред. баскарған Тасмаганбетов Т. А. — Алматы: Дэуір, 1998. 480 бет.

16.Тасмаганбетов Т. А., Әбленов Д.О. және басқалар. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп (оку кұралы)/ Жалпы ред. баскарған Тасмаганбетов Т. А. - Алматы: Экономика, 1997. - 184 бет.

17.Тасмаганбетов Т. А. және басқалар. Бухгалтерлік есеп (әдістемелік ұсыныстар). — Алматы: КазМБА, 1994. - 132 бет.

18.Тасмаганбетов Т. А. и др. "Роль учета и анализа в системе финансового мененджмента": В Сборнике науч. тр. ППС ИЭФ. КазАТК, — Алматы, 2000. —

19.Радостовец В. К. Финансовый и управленический учет на предприятии. — Алматы: НАК "Центраудит", 1997. - 576 с.

20.И.В. Сергеев, И.И. Веретенникова "Организация и финансирование инвестиций". Изд. "Финансы и статистика".Москва, 2001.

21.Д. М. Мадиярова "Стратегия формирования внешноэкономической политики". Изд. "Экономика" Алматы, 2000.

22.Д. М. Мадиярова "Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік". Изд. "Экономика" Алматы 2000 ж..

23.Горбунов Э. Инвестициялық іс-әрекетті ынталандыру // Экономист, 2000. №

24.Коломина М.Е. Инвестициялық тәукелділіктің мәні және оның өлшемі // Финансы, 2000.

25. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» – Алматы, 1992. 

26. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан 2030» – Алматы, 2001. 

27. Назарбаев Н. Ә. «2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауы» - Егемен Қазақстан, 2005 18 - Ақпан. 

28. Бисенғазиев М. Б., А.Ш. Хамитов “Кәсіпкерлік негіздері” Орал-2001ж 
29. Бабақұлы Б. «Тәуелсіздік нарық экономика» - Алматы 1996 ж. 

30. Жатқынбаев Е. Б. «Аралас экономика негіздері» - Алматы 1996 ж. 
31. Идрисов А.Б. «Стратегическое планирование и анализ эффективности инвестиций» - Москва 1996 г. 

32.ҚалдыбаевО.«Экономика предприятия» - Алматы 1997 ж. 
33. Қазақстан цифрларда: Статистикалық жинақ – Алматы 2004 ж. 

34. Мейірбеков А.Қ,Қ.Ә. Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы”Алматы-2003 ж. 
35. Журнал: Альпари - 2004 ж, №1 - №2. 

36. Журнал: Банки Казахстана - 2005, №2. 

37. Журнал: Деловой мир – Астана 2004, № 5. 

38. Журнал: Жаршы 2004 - № 21 

39. Журнал: Қаржы қаражат - 2005 №3. 

40. Журнал: РЦБК - 2005 №6. 

41. Журнал: Саясат - 2005 №2. 

42. Егемен Қазақстан - 2005 ж. 22 сәуір. 

43. Казахстанская правда - 2004 ж. 19 Желтоқсан.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12