Дипломдық жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дипломдық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ..............................................................................................................3 1 тарау КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 1.1 Миграциялық процестер түсінігі және түрлері.......................................7 1.2 Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдері.......17 1.3 Шетел мемлекеттеріндегі миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдылықтары..............................21 2 тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 2.1 Қазақстандағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу мәселелеріне талдау........................................................................................29 2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы еңбек миграциясы жағдайына талдау................................................................................................................31 2.3 Астана қаласындағы миграциялық процесте
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көші-қон үрдістерін басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде








ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


































МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1 тарау КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Миграциялық процестер түсінігі және түрлері.......................................7

1.2 Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдері.......17

1.3 Шетел мемлекеттеріндегі миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдылықтары..............................21

2 тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу мәселелеріне талдау........................................................................................29

2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы еңбек миграциясы жағдайына талдау................................................................................................................31

2.3 Астана қаласындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу................................................................................................................40

3 тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Еліміздегі миграциялық процестердің болашағы.................................45

3.2 Шетел тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді реттеуді жетілдіру жолдары............................49

3.3 Дипломдық жұмыс материалдарын география курстарында қолдану.............................................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................64

















КІРІСПЕ


Дипломдық жұмыстын өзектілігі. Қазақстандағы миграциялық құбылыстардың өзектілігі мына мәселелерге байланысты:

- миграцияның ұлттық қауіпсіздік санатындағы проблема екендігінде;

- бүгінгі еңбек миграциясын реттеудің, оны басқарудың әлсіздігі;

- заңсыз еңбек миграциясының өршуі;

-ұлттық еңбек нарығының миграциялық ағымнан өзгеріске ұшырауы

- Көші-қон үрдісін басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде.

Осы және өзге де көптеген мәселелер осы тақырыптың өзекті тұстары болып табылады.

Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесін жетілдіру мақсатында туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон процестерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр. Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі де осы мәселелерге байланысты әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде миграциялық процестерді басқару жағдайы болып отыр.

«Миграциялық процестер» түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды.

Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы экономикаға өту процесіне ықпалы ұлғая түскен сайын, осы процесті реттеудің біртұтас жүйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін, әдістемелік ұстанымдарын зерттеудің көкейтестілігін арта түседі.

Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басты мақсаты-миграциялық процестерді басқару, халықтың көбеюіне немесе тұрақтануына ықпал ететін және мемлекетіміздің біртұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болуы керек. Ол үшін миграциялық саясаттың қауіпсіздігімізге ықпалын, жүйелік, құрылымдық-қызметтік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік әдістер арқылы зерттеп білу қажет.

Қазақстанның белгілі демографы М.Б.Тәтімов миграциялық процестер қандай болуы керектігі жөнінде өзінің пікірін былай білдіреді: «Миграциялық процесс саясаты үлкен территориясы бар жаңа унитарлы мемлекет Қазақстан Республикасының беріктігінің күшеюінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы керек».

Миграциялық үдерістердің қарқыны жиырмасыншы ғасырда ғаламдық қарқын алып, барлық континеттерді, әлеуметтік таптар мен қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Мигранттардың өзге мемлекеттерге кетуі өзекті мәселеге айналды. Мигранттардың қатарында еңбекке қабілетті экономикалық белсенді халықтар, сапалы мамандар (ақыл ойдың сытылуы), білімі, күш-қуаты мол жастар еңді. Осындай факторлар мемлекеттің дамуына, әлеуметтік жағдайдың оңтайлауына кері әсерін тигізді. Яғни, миграция барысында донор мемлекеттің басты ресурсы – адам капиталын жоғалтты. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон процестеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Көші-қон процестерін мемлекеттік басқару жағдайы, мәселелері және басымдықтарына байланысты мәселелерді теориялық талдап-зерттеулер шетелдік және отандық мамандардың ілім-білімнің әрқилы салаларында алған нәтижелерін пайдалануды көздейді. Соған байланысты осы мәселелердің әрқилы теориялық аспектілерін зерттеп-зерделеу оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талдаумен үйлестірілді. Бұлардың бәрі төмендегі батыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан: Дж. Симон, А.Акбари, Х. Борхас, А.Смит, С.Фортрей, К.Маркс, Н.Джексон, Дж.М.Кейнс, М.Фридмен, А.Маршалл, және тағыда басқа ғалымдарды атауға болады. Сонымен қатар көші-қонның және оның әлеуметтік аспектілерінің мәселелеріне арналған еңбектердің саны өсуде, оларда әлеуметтік даму процесінің көп мәнділігі және қарама-қайшылықтары көрсетілген, көші-қонға кедейшілік, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздықтың деңгейі тәрізді жағдайлар ықпалы танытқан. Көші-қонды тек қана экономикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ демографиялық, тарихи, саясаттану пәндерінің тұрғысынан да қарастырылған еңбектерде көші-қон процестерінің мәні мен табиғатын түсінуге қажетті аса маңызды жалпы теориялық және әдістемелік ережелер кездеседі. Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жалпы теориялық және әдістемелік талдап-зерттеуге, социалистік кезеңнен кейінгі жағдайлардағы өзгерістер дәуірінде көші-қонды реттеу жолдарын іздестіруге қажетті аса маңызды көзқарастар Ресейдің төменде аты аталған белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі: В.Зеленский, Л.Рыбаковский, Н.Токарская, А.Вишневский, Е.Виноградова және тағы басқалар.

Осы зерттеліп отырған тақырып үшін Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалардың мәселелерін зерттеуге арналған отандық ғалымдарының зерттеу еңбектері аса маңызды мәліметтер береді. Олардың арасынан академик К.Сағадиев, Н.Мамыров, Ю.Шокаманов, М.Тәтімов, Л.Тимошенко, Т.Рогачева, Е.Арын, М.Мелдаханова, А.Сатыбалдин, Т.Есполов, Х.Берешев, К.Ахметов жұмыстарын атап өткім келеді.

Қазақстандық кейбір ғалымдар да еңбек миграциясын Қазақстандық қоғамымыздың демографиялық, саяси, ұлттық, қауіпсіздік контекстілерінде зерттеп, өз еңбектерін, мақалаларын жариялады. Олар: Тәтімов, Қ.К. Тоқаев, И.Н. М.Х. Асылбеков, А.Б. Гали, В.В. Козина, Е.Ю. Садовская, А.А. Нұрмағамбетов, Ф.Н. Базанова, Н.В. Романова, Н.Э. Масанов, Г.М. Менідқұлова, Б.Б. Әбдіғалиев, А.Т. Тилесов, А.И. Лұқпанов, т.б. Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде миграциялық процестерді басқару болып отыр. Зерттеу жұмысының пәні Қазақстандағы қазіргі заманғы миграциялық процестердің дамуы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - миграциялық процестерді мемлекеттік басқарудың теориялық және әдістемелік мәселелерін, Қазақстандағы қазіргі заманғы миграциялық процестердің дамуын, оның мәнін, себептері мен нарықтық жағдайдағы қоғамның дамуына келтіретін салдарларын, оны мемлекеттік реттеу мақсатында жүргізілетін экономикалық саясаттың ең дұрыс жолдарын таңдаудың теориялық-әдістемелік негіздерін кешенді зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері: Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі өзара байланысты міндеттерді алға қою және шешу қажет:

  • миграциялық процестердің мәні мен ерекшеліктерін және нарықтық жағдайдағы экономикалық іс-әрекетке ықпалын анықтау;

  • миграциялық процестердің мәні дамуының халықаралық процестерін, негізгі түсініктері мен категорияларын талдап-зерделеу;

  • миграциялық процестердің мемлекеттің экономикалық саясатымен және Астана қаласының миграциялық процестеріне талдау жасай отырып, тақырыпты ашу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының әдістемелік негіздері: Әлемдік экономика ғылымының дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің экономист-ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.



















1 тарау КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ


1.1 Миграциялық процестер түсінігі және түрлері

Тарихқа шолу жасасақ ең алғашқылардың бірі болып миграциялық процестерді жүйелендірген ағылшын ғалымы Е.Г. Равенштейн болған еді. Оның 1885 жылы жасап берген миграцияның оң бір заңын немесе ережелерін қазірдің өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алады. Осы он бір ереженің ішіндегі бүгінгі күнде қоғамның дамуында алтыншы және жетінші заңдылықтар берік және анықтаушы сипатқа ие. Яғни: миграцияның көлемі өндірістің, сауданы, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі; миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер болады [1].

Миграция дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық катынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс. Миграцияның мынандай категорияларға негізделген интегралды функциялары бар, олар:

1) типі;

2) түрі;

3) формасы;

4) себебі;

5) деңгейі.

1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекет ішілік) [2].

Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, бір елге жұмысқа орналасуға немесе оқуға түсу мақсатында және басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді. Екіншісінде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты эмигранттар және иммигранттар болып бөлінеді. Ішкі миграция дегеніміз - бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлінеді: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.

2) Ішкі де, сыртқы миграцияға да мынандай негізгі түрлер тән. Олар: маусымдық миграция, маятниктік миграция (челноктық, шекаралас), зпизодтық миграция, мәжбүрлі миграция, заңсыз (астыртын) миграция. Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерімен қатар, қазіргі кезде зерттеушілер моральдік миграция түрін де бөліп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенімен қаржысының жоқтығынан көшіп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлік миграциялауға себеп те болады және қоныс аударуға кедергі келтіретін де фактор болып табылады.

3) Формасына қарай миграциялық козғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық құрылымдар (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын коғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын.

4) Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік миграция) және т.б.

Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық алады.

5) Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгей-бұл миграциялау туралы шешімді қабылдау [3].

Екіншісі - бұл территориялық қоныс аудар, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты.

Үшіншісі - бұл мигранттың жаңа орынға, жана жұмысқа бейімделуі және үйренуі деңгейі.

Әдістемелік принцип талаптары бойынша, миграцияны қарастыратын зерттеуші, бұл әлеуметтік-саяси құбылысты жан-жақты түсіну үшін белгілі бір зерттеу іс жөнінде анықтап алуы керек. Сондықтан да, зерттеуші өзінің зерттеу жұмысында ғылыми танымның барлық әдістер қорын қолданғаны жөн, ғылыми танымның әдісі сапасында тарихи әдіс те әлеуметтік құбылыстар мен процестердің пайда болуын, қалыптасуын және тарихи жағдайларға байланысты дамуын зерттейді. Мәселен, астыртын мигранттарды, гастарбайтерлерді қанап, ауыр жұмысқа салу, қазіргі кездегі құлдықтың бейнесі. Осыған таза мысал ретінде, қырғыз және өзбек мигранттарының Қазақстандағы ауыр жағдайларын келтіруге болады. Құжаттардың, ақпараттардың ең басты мәселелерін білуде контент-анализ де маңызды. Мәселен, миграция мен демографияға байланысты арнайы бағдарламаларға контент-анализ жасалынып, оның басты көрсеткіштері бірінші және екінші бөлімде пайдаланылды[4].

Халықтың миграциясы – латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға жуық анықтама бар.

Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы» әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа жеріне миграция жасағандығы тарих беттерінде жазылған. Бұл көш – «Ұлы көш» деген атпен белгілі [5].

Миграциялық үдерістердің даму динамикасында бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы миграция, орта ғасырлардағы миграция, жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі және соғыстан кейінгі миграциялар және қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ, әр заманның миграциялық процестерінде өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан, әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның типтері қалыптасты деуге толық негіз бар. Миграцияның типологиясын әлеуметтік тұрғыдан Т.Н.Юдиннің «Миграция социологиясы» кітабында толықтай көрсетілген.

Миграцияны келесі топтамаларға бөлсек болады:

Иммиграция (лат тілінен. emmigro – қоныстанамын) – шетел азаматтарының мақсатты түрде білгілі бір мемлекеттерге көшіп келуі (ұзақ уақыт болуы мүмкін). Егер қоныс аударушы бір жылдан артық уақытқа қалса ол толығымен «иммигрант» деп саналады.

Иммиграциялық ағымдарды шартты үш топқа бөлуге болады. Реэмиграция – титулды халықтың отанына оралуы (ҚР-да анықтама бойынша оралман деп аталады). Иммиграция негізгі екі катигорияға: транзитті және заңсыз иммигранттар. Тұрақты және уақытша экономикалық иммиграция. Уақытша жұмыс күшінің экономикалық миграциясы секілді түрлері бар (құрылыс, өнеркәсіп, транспорт және ауылшараушылығы салалары кіреді) [6]. Енді заңды миграцияны талдап көрелік. БҰҰ-ның эксперттері халықаралық миграцияның заңды қатысушыларын бес категорияға бөледі: білім алуға келген шетелдіктер; жұмыс істеуге келген (кеткен) мигранттар; отбасы құру, отбасын қайта біріктіру линиясындағы мигранттар; тұрақты көшіп бара жатқан мигранттар; мемлекетке арнайы жіберілген адамдар (қашқындар, саяси баспана іздеушілерге т.б.) [9].

Эмиграция (лат тілінен. Emigro – көшіп барамын, орын ауыстырамын ) – белгілі бір мемлекеттен білгілі бір уақытқа өмір сүруге кетуі. БҰҰ-ның эксперттері эмигранттар қатарына бір мемлекеттен екінші мемлекетке бір жылдан ұзақ уақытқа кеткен адамдарды «эмигрант» санатына жатқызуға болатының айтады.

Эмиграцияның себептеріне: экономикалық (жұмыссыздық, табыстың аз болуы, өмір сапасының төмендігі т.б.); әлеуметтік (қоныс аударатын аймақтың өмір сапасының жақсы болуы, сапалы білімге қол жетімділік, әлеуметтік статусының жоғарылауы т.б.); әскери-саяси (соғыстың болуы, қақтығыстар мен жаңа мемлекеттердің пайда болуы); этникалық (ұлттардың өз отанына қайта оралуы, этникалық дискриминация мен қақтығыстар т.б.); -демографиялық (шетелдік азаматпен неке құру, отбасын қайта құру); -экологиялық және географиялық (табиғи-климаттық жағдайдың нашарлығы, табиғи катаклизмалар, техногенді апаттар); -діни және өзге де себептермен эмиграция жасауы мүмкін [7].

Заңсыз миграция – белгілі бір мемлекетке азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдіктердің қоныстанушы мемлекеттің заңнамаларын бұза отырып шекараны кесіп өтуі.

Біз қашқындар мен саяси баспана іздеушілер жайында ақпарат құралдары арқылы естіп-біліп жатамыз. Бұл екі ұғым өзара ұқсағанымен, мағынасында, қолдану аясында айырмашылықтар бар. Мәселен, діни қысымның әсерінен, мемлекеттің дискриминациясынан қашқан адаммен, бір бай немесе саяси тұлғаның өзге мемлекетке баспана сұрап барғаның алсақ, алғашқысының жағдайы әлдеқайда ауыр, қиын. Бірақ, бұл ұғымға БҰҰ-ның берген нақты анықтамасы бар. 1951 жылғы қашқындардың статусы жөніңдегі Конвенцияда: «Қашқын дегеніміз – белгілі бір мемлекетте азаматтардың нәсіліне, діни наным-сеніміне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа мүше болуына немесе саяси көзқарасына байланысты мемлекеттен қауіп-қатер туған жағдайда, сол мемлекеттің жеке басының бостандығын қорғауынан бас тартуы немесе қаламауы» деп көрсетіледі. Алғашқы рет «Баспана институты» 1948 жылы «Адам құқықтары» жөніңдегі жалпыға ортақ декларацияда анықталды. Сол кезден бастап ресми түрде адамдарға «қудаланудан пана іздеу» айтыла басталды [8].

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қашқындарды баспанамен қамтамаз етуге және баспана қағидаттарын сақтауға шақырды. 1967 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы баспана беруді гуманисттік және адамгершілік іс-әрекет екендігін атап көрсетіп, мемлекеттер бір мемлекеттің өзге мемлекеттің азаматына баспана беруіне қарамастан достық қарым қатынасын үзбеу керек деп кеңес беретін «Территориялдық баспана» атты Декларация қабылданды. Уақыт өте келе, бұл тек «Баспана институты» ретінде ғана емес, сонымен қатар, «қашқынды» келген мемлекеттің заңынан қорғау мақсатында жұмыс істей бастады [9].

Қалыптасқан тәжірибе бойынша «қашқындар» өздерінің проблемаларын келесі үш бағыт бойынша шеше алады: өз еркімен өз отанына қайта оралу; баспана беруші мемлекетте қалып, сол жерге сіңісу; өзге мемлекетке көшу арқылы жаңа өмір бастау. Жиырмасыншы ғасырда екінші, үшінші шешу жолдары басым болса, қазіргі уақытта қашқындардың проблемалары өз отанына қайтумен шешіліп жүргенін байқауға болады. Қазіргі заманғы бай мемлекеттер мен қоса кедей мемлекеттер өз жерінде көптеген «қашқын адамдардың армиясына» баспана беруді қаламайды.

Экологиялық мигранттар – мемлекеттегі экологиялық апаттар мен табиғи ортаның бұзылуынан адамдарды мемлекет ішінде, өзге мемлекеттерге немесе шекараға қоныстандыру. Аталған амал әрекет аяқ астынан болуы мүмкін табиғи апаттар мен белгілі бір территориядағы ұзақтан келе жатқан табиғи үдерістердің әсерінен болуы мүмкін (экологиялық мәселелер, елдің шөлденуі, жер деградациясы т.б.).

Еңбек миграциясы – адамдардың жұмыс істеу мақсатында мемлекет ішілік, мемлекет аралық көші-қонға қатысуы. Бүгінгі күндері әлемде жасалатын миграцияның басым көпшілігі еңбек миграциясы екендігі барлық адамдарға белгілі. Себебі, миграцияға түсетін әр адам өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келетіні дәлденіп отыр.

Халықаралық еңбек ұйымы өзінің шегінде мигранттарды бірнеше топтарға бөледі:

1. Маусымдық жұмысшылар – белгілі бір уақытта өзінің отанынан тысқары мемлекетте жұмыс істейтін адамдар;

2. Арнайы жобалардың аясында еңбектенуші мигранттар – белгілі бір жобаға мемлекеттің араласуымен келіп жұмыс істейтін адамдар;

3. Арнайы шарт бойынша жұмыс істейтін мигранттар – мемлекеттің өзінде жоқ кадрларға пайдаланылатын саясаты;

4. Уақытша жұмыс істейтін мигранттар – өзге мемлекетке келіп жұмыс істейтін және өзінің қалауы бойынша жұмыс атқаратын еңбек күші;

5. Жоғары квалификациялы кадрлар – өте жоғары квалификациялы мамандар (Бұл топ мемлекетке келгенде әлеуметтік жағдайлар жасалады (пәтер, жоғарғы жалақы, сапалы өмір), азаматтық берумен қатар, отбасы құруға да мүмкіншілік береді) [10].

Миграция ерекше әлеуметтік феномен ретінде әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр. Олардың негізгі көзқарастарына, миграцияның екершеліктеріне қысқаша тоқталып өтсек.

Экономиканың неокласикалық теориясына сәйкес халықаралық миграция мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік пен дамудың әр қилылығы және жалақының әр түрлі болуымен бағалайды. Осыдан жалақысы аз мемлекеттен жалақысы жоғары мемлекетке еңбек күші ағыла бастайды, бұл – еңбек нарығы. Еңбек күшін шығарушы мемлекеттің экономикасының өсуі жалақының диференциясының айырмасының төмендеуіне әкеледі. Яғни, экспортер мемлекет ендігі кезде импортер мемлекетке айналуы мүмкін. Неокласикалық теория бойынша еңбек күшін шығарушы мемлекетпен еңбек күшін қабылдаушы мемлекеттің жағдайы бір-бірімен тығыз байланысты.

Адам капиталының теориясы микроэкономикалық бағыт алады. Адам ресурсының дамуы өзіндік тұрғыда инвестиция екендігін түсіндіреді. Білім, ғылым мемлекетті алға жылжытушы күш екендігі белгілі. Сондықтан, теоретиктер сыртқы мемлекетке кететін адамды тек материалдық тұрғыдан ұтуды ғана қарастырмайды. Адамның өзге мемлекеттерге көшуі, оның психологиялық тұрғыдан өзгеретіні жайында жазады. Яғни, мигранттардың туған-туыстарынан кетуі, жора-жолдастарынан алыстауы, климаттық жағдайдың өзгеруі т.б. секілді факторлар адам психологиясына кері әсер беретіндігін айтады.

Жаңа экономикалық теориялар өзінің аясында микро және макро экономикалық аспектілерін синтездеуге тырысады. Себебі, эмиграция жеке адамның шешімі ғана емес, сонымен қатар отбасының мәселесі, белгілі бір топпен ақылдаса отырып шешетін амал-әрекет деп қарастырады. Оған мемлекеттегі экономикалық жағдайдың да үлкен ықпалы бар. Себебі, миграция отбасылық жағдайды жақсартатын болса, онда миграцияға деген стимул күшейеді. Егер мемлекеттің экономикалық әлеуеті жоғары болса онда эмиграция азаяды. Мұндай жағдайда мемлекеттің ішкі нарығына инвестицияның көбейетіні анық.

Қоғамдық капитал теориясы бойынша акцентті бұрынғы реиммигрантарға қояды. Олардың жергілікті еңбек нарығына әсері қандай екендігін анықтайды. «Қоғамдық капитал» ретінде түрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық институттар бола алады. Яғни, олар мигранттар арасында «делдал» болуы шарт. Ол әр түрлі бағыттағы жұмыс беруші, тапсырысты орындаушы институт болуы мүмкін. Осы іс-әрекеттің барлығы потенциалды мигранттарға жағдай жасау болып табылады.

Сегментелген еңбек нарығының теориясы (екі жақты) индустриялдық және постиндустриялдық мемлекеттердегі халықаралық еңбек миграциясын қалыпты жағдай деп түсіндіреді. Еңбек нарығының екі еселенуі де осы дамыған елдерде жүреді. Мәселен, мемлекеттің азаматтары жалақы жоғары бірінші салалы еңбек нарығында жұмыс атқарады. Ал, жалақысы төмен екінші деңгейлі еңбек нарығында шетелдің еңбек күші жұмыс істейді. Мұндай үдерістер әлемдік деңгейдегі мегаполистерге тән құбылыс деп атауға болады.

Технологиялық даму теориясын жақтаушылар экономика мен демографияның дамуына мигранттардың берер үлесі орасан екендігін айтады. Келген иммигрант жергілікті халықпен бәсекеге түсіп бәсекелестікті күшейтеді, жалпы нарықтық бір бөлігі болады, мемлекеттің қойған салығын төлеп, мемлекеттегі көптеген нарық тұтынушыларының біріне айналатындығын ескертеді.

Тарту және итеру теориясының өкілдері әр потенциалды мигрантты мемлекеттен итеріп тұратын күш болатынын және дамыған мемлекеттердің өзінің мигрантқа жасалынған жағдайымен мигрантты тартып тұратынын зерттейді (миграцияға мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, халықтың өмір сүру сапасы, таланттарға жасалынған жағдайдың болу-болмауы т.б. секілді факторлар әсер етеді). Жаратылыстан берілген бостандық, еркіндік деген құндылықтарды мигранттардың пайдалана алатындығын, олардың қайда және қалай жұмыс істейтіндігін жеке адамның өзі анықтайтынын теория өкілдері мойындайды [11].

Осылайша, замануаи қатынастарда миграция үдерістері адамзат өмірі үшін өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл түсінікке отандық және шетелдік әлеуметтік ғылымдарда баса назар аудара отырып, халықаралық саяси және қоғамдық мәселерде орнын анықтап-ажырата білу қажет. Мигранттар мәселесі қоғамды тұтасымен өзгерте алатын жағдай болғандықтан оған мемлекетті басқару, мемлекеттік реттеу, қоғамды дамыту істерінде басты назарда ұстаған жөн.

Халық миграциясы қоғамдық өндірістік қатынастардың халықтың қозғалысымен байланысты белгілі бір тарапы болып табылады. Өндірістік күштердің дамуы халықтың миграциялық қозғалысының ең басты, ең терең себебі болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда, бұл өзара қатынастар еңбек бөлінісі саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби және аумақтық жылжымалылығының өсуіне негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін көтеретін өндірістің және көліктің, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп, тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп шығады.

Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік [12].

Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады - барлық елдер иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлде қашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады.

Қазіргі заманғы ғылым халықтың қозғалысының негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:

- табиғи қозғалысы (туылу мен қайтыс болу динамикасы);

- кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);

- әлеуметтік қозғалысы (адамдардың қоғамының әлеуметтік - экономикалық құрылымындағы жағдайының өзгеруі) [13].

Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ауысып отыруы, олардың табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.

Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:

- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;

- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;

- халықтың жылжымалылығының формасы;

- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы [14].

Көші-қонды халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы ретінде анықтау зерттеу еңбектері үшін ең ыңғайлысы болып табылады. Сол себепті де халықтың көші-қонының тар және кең түсіндірулерінің қажеттігі туындады. Алғашқы жағдайда халықтың көші-қоны тұрақты өмір сүру орынын ауыстырумен аяқталатын халықтың аумақтық орын ауыстыруларының түрі ретінде көрініс табады, ал кең түсіндірілгенде — маусымдық, маятниктік және эпизодтық сипаттағы түрлері де енетін аумақтық орын ауыстыруларының жалпы жиынтығы болады.

Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. Білікті кадрлардың халықаралық миграциясы өседі деп болжамдауға толық негіз бар, олардың ағындарының сандық мөлшерінің біршама дәл шамасын болжамдау қиын және осы санаттағы жұмысшылардың халықаралық еңбек көші-қонының белгілі бір моделдерін құру да қиын. Бұл білікті кадрлардың халықаралық көші-қонының едәуір дәрежеде трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) және олардың, жұмыс күші ағындарының ғаламдасуына ықпал ететін, өз ішкі еңбек нарығындағы корпоративтік стратегиясынан тәуелді болатындығымен түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологиялар белгілі бір салаларды толықтай шетелге көшірудің шынайы мүмкіндіктерін жасап, шетелдік мамандардың интеллектуальдық және басқа да қабілеттерін, еңбек дағдыларын оларды физикалық орын ауыстырмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді, бұның өзі мамандардың көшіп-қону қажеттілігін біршама азайтады. Демек, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Иммиграциялық үдерістер үстеме табыс алуға мүмкіндік беретіндіктен көбірек капитал жинауға қолайлы;

2. Шетелдерде көптеген еңбек проблемасын тұрақты шешу үрдісі иммиграциялық жұмысшы күштерімен қалыптастырылады;

3. Еңбек ресурстарының иммиграциясы әлемдік өзгерістің дамуын талдағанда мына жағдайды көрсетеді, бұл өзгеріс нарықтық экономикасы дамыған елдерге байланысты және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

4. Иммиграциялық үдерістер дамушы елдерде бірнеше мәселелер туғызуы мұмкін, мысалы болашақта әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауы, мемлекет осы жағдайда жылдам немесе нақты шешімдерді қолдануы керек. Сондықтан көшіп-қону үдерісін реттегенде осы елдер алдын-ала экономикалық қауіпсіздікті бақылап, мемлекет деңгейінде басқару әдістерінің барлық тетіктерін пайдаланып, тиімді жақтарын қолдануы қажет.

Еңбек мигранттары санының өсуіне көптеген әрқилы және өзара шартталған факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін және олардың еңбек нарығына, сондай-ақ тұтастай алғанда экономикаға әсерін білу көші-қон саясатының стратегиясын жасап шығуда аса үлкен маңызға ие[15].

Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:

1. жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.

2. шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.

3. Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық. Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).

4. Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия)[16].

Біздің еліміздегі халықтың миграцияның әлеуметтік функцияларын зерттеу мәселесіне келер болсақ, ол мынандай үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. [17].

Екінші кезеңде: (1930-1950 жылдары) миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен бағыттарды зерттеу тәрізді ондаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Бұл кезеңде социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны зерттеудің қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасады. Осыған байланысты 1939 және 1959 жылдардағы жүргізілген халық санағының санақ парақтарына миграция туралы сұрақтар да енгізілмейді.

Үшінші кезең: 1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңнен бастап халықтың миграциясын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Миграцияның әр түрлі аспектілеріне арнаған, алдыңғы қатарлы демограф ғалымдардың еңбектері жарияланды, олар В.И. Медков, А.Я. Кваша, В.А. Ионцев, Г.С. Витковская, Н.М. Римашевская және тағы басқалары.


1.2 Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдері


Миграция және Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі, жұмыс күші миграциясы мен экономикалық тұрақтылық мәселесі және этномәдени қауіпсіздік проблемасы талданады және тиімді миграциялық саясаттың механизмдері анықталады.

Қазақстан Республикасында депопуляция, яғни ел тұрғындарының азаюы жиырмасыншы ғасырда бірнеше рет болды, ал қазір төртінші рет байқалып отыр, алдыңғы үш ретте ол өте күшті болған еді. Алдындағылардан айырмашылығы, ол кезендегі тұрғындардың азаюы күшті әлеуметтік сілкіністермен. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен, 30 жылдардағы аштық пен репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты болса, қазіргі кезеңдегі халық санының азаюы тұрғындардың бұқаралық демографиялық мінез-құлықтарымен байланысты болуда. Сондықтан да, қазіргі кездегі тұрғын халықтар азаюын тоқтату күрделірек. Қазіргі кезеңде табиғи өсім нәтижесінде ел халқының қалпына келуіне сену қиынырақ, себебі Қазақстан Республикасының тұрғындарының азаюы ұзаққа созылуы мүмкін [18].

Демограф ғалымдар мен БҰҰ-ның болжамы бойынша, Қазақстан халқының саны ең жақсы дегенде 17000778 адамды, ал орташа болса 15000328 адамды, ал ең төмен дегенде 14000885 адамды ғана құрауы мүмкін.

Өзінің территориясы жағынан Қазақстан дүниежүзінде 9-шы орынды алады. Дегенмен, әрқашанда аз қоныстанған ел болуда. Мәселен, территориямыз - 2724,9 (мың кв. км) құраса, ал тұрғын халықтың шаршы киллометрге орналасу тығыздығы-5,5 адам ғана, яғни төмен болып қалуда.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 2017 жылы Орталық Азиялық аймақтың халқы 1,5 есеге, яғни 1994 жылдағы 54 миллионнан 75 миллионға дейін жетеді екен. Осының ішінде тек Өзбектан тұрғын халқының саны 22,3 тен 33,2 миллионға артады деп күтілуде. Ал бұл Қазақстанға миграцияны күшейтеді, Қазақстан арқылы Ресейге транзиттік миграцияны ұлғайтады, осымен қатар әлеуметтік шиеленіс пен потенциалды конфликтілерге қосымша серпін береді.

Осы демографиялық қауіпсіздік проблемасы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000-шы жылдың 28-ші сәуірінде өзгерістер енгізілген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңында» бекітілген. Онда - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатерлер» деген 5-ші бабының 11-шы тармақшасында - демографиялық жағдайдың нашарлауы, оның ішінде туудың қүрт төмендеуі, өлім-жітімнің көбеюі, бақыланбайтын миграциялық процестердің пайда болуы, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер екендігі баса айтылған.

Миграциялық процестердің, этномәдени саладағы қауіпсіздікпен байланысты мәселелерің қарастыру да өте өзекті. Өйткені миграция этнодемографиялық құрылымның жедел өзгеруіне алып келеді деп болжамдалады, осының нәтижесінде жеке тұлға мен топтың, аймақтағы әлеуметтік тұрақтылықтың, жалпы елдегі және халықаралық қауымдастықтағы қатерлердің шығу мүмкіндігі пайда болады. Этномәдени қайта өсіп-өнудің бұзылуы, топты мынандай жағымсыз құбылыстарға әкелуі мүмкін. Мәселен, психологиялық бағдарсыздық, девиантты мінез-құлық түрінің тарауына, әлеуметтік маргинализацияға және т.б. Бұл өз кезегінде этномәдени бірегейлікке қатер төндіреді. Осыған күшті мысал ретінде, Ресейдің Солтүстігіндегі «дағдарысты» этностар деп аталатын абориген халықты келтІруге болады. Ресейдің субарктикті және тайгалық территорияларды отарлауы мен индустриализаииялауы нәтижесінде, осы жерлерді мекендейтін аз санды халықтар (немецтер, хантылар, мансылар және т.б.) өздерінің өмір бейнесін қайта өндеуде қиыншылықтарға тап болды. Бұл олардың дәстүрлі шаруашылық айналымынан оларға қажетті жерлерді алып қою мен ол этникалық топтарды индустриалдық қоғамға тездетіп интеграциялау үшін жүргізген мемлекеттің дұрыс емес саясаты нәтижесінде пайда болды. Осыған байланысты олардың этникалық мәдениеті күшті азып кетті. Бұл халықтардын біршама өкілдері ғана өздерінің ана тілін сақтап калды. Әр түрлі «әлеуметтік аурулар»: ішімдікке салыну, қылмыстық, отбасының бұзылуы сияқтылар кең тарады.

Миграция мен этномәдени қауіпсіздіктің өзара байланысы арасындағы мынандай үш саты болады:

Бірінші сатыда, миграцияның ықпалы жұмыс орнына деген салмақтың өсуі және территорияның әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымына еңбек нарқындағы бәсекенің күшеюімен болады. Осылай деп, ең кем дегенде қабылдаушы этнос бағалайды. Осы бастапкы деңгейде екі нұсқаны бөліп алуға болады: біріншісінде көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы этникалық жақындық болады, екі жақтың толық бірегейлігіне дейін жететін, екіншісінде - олардың этностық әр түрлілігі сақталады. Әр нұсқа әр түрлі болғанымен, екеуінде де әлеуметтік - психологиялық және әлеуметтік - мәдени салдар болады. Қазақстанда да осындай жағдай баршылық. Мұнда да оралмандар өздеріне туыс ортаға бейімделе алмауда. Оған себеп «жергілікті» қазақтардың біршама бөлігінің оларға қонақжайлын танытпауы. Бұл мысал, бір мәдениеттің әр аймақтағы өзіндік нұсқаларының болатынының тағы да бір дәлелі. Мәселен, жүргізілген сауалдар, алматылықтардың арасында, оралмандар қаладағы жағдайды нашарлатуда, сондықтан оларды ауылдарға коныстандыру керек деген пікірлердін көптігін көрсетті.

Мемлекет көші-қонды реттеудің көптеген функцияларын мемлекеттен жоғары тұрған органдарға бере отырып, әлеуметтік маңызды салалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын және ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мигрантарды тартуды шешу мәселесін өзіне қалдырады. Мұндай мәселелерді жіктеп шешу батыс елдерінің таза прагматикалық мүдделерін паш етіп, жалпы иммиграциялық ағыннан ең қажетті кадрларды таңдап алу арқылы барынша көп пайда табуға ұмтылуын көрсетеді.

Ұлттық саясат пен аймақтық келісімдердің компанияларға қажетті көш-қондық қозғалыстарды қамтамасыз етуді тек қана «жеңілдетуші» екенін ерекше атап өту керек. Түптеп келгенде жоғары білікті мамандардың ағындарын тікелей компаниялар басқарып отырады себебі, оларға деген қажеттілікті нарықтық мұқтаждықтар талап етеді.

Мемлекеттің эмиграциялық саясатының негізі - жұмыс күшінің елден шығуын; шетелде болуын; отанына қайтуын - қамтитын эмиграциялық циклдың үш фазасын реттеу болып табылады. Іс жүзінде бұндай реттеу төмендегі ұстанымдарды сақтаудан тұрады:

- жұмысшылардың қозғалыс еркіндігі мен жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз ету;

- миграттандың отанына қайтуына кепілдік беру;

- еңбекші мигранттардың валюталық ақша аударымдарының елге келуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

- мамандықтарына сұраныс жоқ жұмысшыларды шетелге жіберу арқылы жұмыссыздықты азайтуды қолдау;

- экономиканың жұмыс күшіне деген сұранысы қанағаттандырылмаған секторларында жұмыс істейтіндердің елден кетуін шектеу;

- халық шаруашылығын дамытуға қажетті мамандықтарды шетелде игерген репатрианттарды қабылдау арқылы ішкі еңбек нарығын жетілдіру;

- еңбекші эмигранттарға әлеуметтік кепілдіктер беру [19].

Қазіргі таңда тұрғындардың халықаралық көші-қоны аса ауқымды болып кетті, бұның өзі, ең алдымен, дамыған елдердің алдына күрделі және көптарапты мәселелердің кешінін қойды. Көші-қонды реттеуші биліктің елге қажет емес иммигранттардың алдына өте алмастай тосқауыл қоюға және ірі өзге этникалық қауымдардың қабылдаушы қоғамға тиімді кірігуін қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы, көші-қон саясатының жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдарын іздеудің қажеттігін көрсетіп отыр.

Дамудың қозғаушы күші ретіндегі диаспоралардың белсенділігі тұтастай алғанда - отанында қалған туыстарының, байланыстарының болуы, оларға қаржылай және басқаша көмек көрсетуге ұмтылу, макроэкономикалық жағдайлар, мигранттардың отанында қаржы салушылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы (немесе болмауы) сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Оның үстіне, нарықтық инфрақұрылымның институтционалдық дамуының белгілі бір деңгейде болуы талап етіледі, оған әлі бірқатар елдер жеткен жоқ. Инвестициялық климаты нашар, фискалдық тәртібі әлсіз және басқаруында қателіктер жіберілетін елдер диаспораның тарапынан болатын қаржы салымдарының шектелуіне ұшырайды.

Әдетте, диаспора мен мигранттардың отанындағы экономиканың дамуы арасындағы байланыс төмендегідей формада жүзеге асады:

- мигранттардың ақшалай аударымдары;

- отанда қалған қауымдарды дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдары;

- диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою;

- диаспораға арналған қаржы салу құралдарын жасау; [20].

Өздері шыққан елдің дамуына мигранттардың қатысуының алғашқы екі түрін (тікелей түрі - отбасына көмектесуге жіберілген ақша аударымдарының шағын бизнеске салынуы және жанама түрі - мигранттың туысқандары ақша аударымдарын өздерінің тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге жұмсаған кездегі болатын мультипликациялық әсер арқылы жүзеге асады) олардың бәрі жүзеге асырса, соңғы үш түрі тек білікті және әсіресе жоғары білікті мигранттардың үлесіне тиеді.

Мигранттардың санының көбеюі оларға жаңа сапалық сипат береді, өздері шыққан елдердің ғаламдасу үдерісінің шеңберіне енуіне көмектесуші байланыстырушы буынға айналдырады. Соның ішінде иммиграция сыртқы сауданы жандандырады. Батыс ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес, мысалы,

АҚШ-тағы иммигранттардың санының 10%-ға өсуі экспортты 4,7%-ке, импортты – 8,3%-ке ұлғайтады.

Жоғарыда баяндалғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Біріншіден, этникалық еңбектік көші-қон диаспораның қамқорлығымен жүзеге асады, ол мигранттарды қаржылық, моральдық қолдау түрінде көрініс табады. Мигранттардың жаңа өмір сүру орындарына орнығуына және кәсіпкерліктің дамуына қажетті қаржы-қаражатты мемлекет емес, туған-туыстары мен достары береді.

Екіншіден, этникалық кәсіпкерлік мигранттарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеудің шынайы табысты жолы болып қана қоймай, кең көлемде алып отыр.

Үшіншіден, этникалық кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ұлттық негіздегі табыс деңгейінің әрқилы болуын күшейте түседі. Көптеген ұлтаралық талас-тартыстардың негізінде экономикалық себептер жатады –яғни, тұрғылықты халықпен салыстырғанда кейбір этникалық топтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы себеп болады.

Сонымен, этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз дами беруі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени түр-түс беріп қана қоймайды, сондай-ақ көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күші ретінде де көрініс табады. Сонымен бірге көші-қонның экономикалық себептері – өз бизнесін ашуға ұмтылу және өмір сүру деңгейін жақсартуға тырысу – негізгі қозғаушы күш болып қала береді. Этникалық бизнес – кейбір этникалық азшылықтардың әрқилы іс-әрекет түрлеріне бейім болуы және мигранттардың басқа бір әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүруге табысты бейімделуінің үйлесуінің нәтижесі болып табылады.



1.3 Шетел мемлекеттеріндегі миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы, мәселелері және басымдықтары


Шет елдердегі миграциялық саясаттағы өзгерістер туралы айтар болсақ, АҚШ-нан кейін, Франция да 2004 жылдан бастап қауіпсіздік шараларын жетілдіру максатында кіру визасын алу үшін бірқатар елдердің азаматтарынан биометриялық мәліметтерін-саусақ таңбаларын, кейбір жағдайларда бет бейнесі өлшемдерінің де көрсетілуін талап етуде. Осы айтылған АҚШ, Франция, Литвадағы, т.б. елдердегі миграциялық өзгерістерді байқалып отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Әбдірашит Жүкенов 2004 жылдың 27 қыркүйегіндегі Республика Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия жиналысында келешектегі миграциялық саясатқа байланысты мынандай пікірін білдірді: «Қазақстанға Қырғызстан территориясы арқылы заңсыз мигранттар келуде. Ал Қырғызстандағы Баткент шатқалы Орталық Азиядағы ең қауіпті аумақ, өйткені қолдағы бар мәліметтер бойынша ол жерде террористер мен экстремистерді дайындау орталықтары құрылуы мүмкін».

Қазақстандық саяси ғылымдар докторы К.Л. Сыроежкин, Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басым бағыттары мыналар болуы қажет дейді: олар, жауапкершіліктің күшеюін қарастыратын ұлттық заңдылықты жетілдіру; -иммигранттарды шыққан жерлеріне немесе соңғы келген жеріне шығару туралы іс-жоспарын, мемлекеттік органдардың өзара келісе отырып және ақпарат алмасу нәтижелерінде шешуі; -нормативтік актілерге қосылу мен оның ережелерін орындау арқылы заңсыз миграцияның алдын-алу жөніндегі жалпы еуропалық және әлемдік жүйеге мемлекеттердің интеграциялануы.

БҰҰ-ның классификациясы бойынша халықаралық миграция субъектілеріне, шетел студенттері, шетел азаматтары, түрлі санаттағы еңбек етуші мигранттар, отбасы құру мақсатымен келген мигранттар, иммигранттар, қашқындар, саяси баспана іздеуші тұлғалар жатады.

БҰҰ-ның мамандары: «Иммигрант – өзінің тұрғылықты мекенінің тастап өзге мемлекетке бір жылдан артық келген адам» – деген анықтама берген. 1970 жылдан бері барлық мемлекеттер бұл терминді унификациялап жатқанымен, БҰҰ-ның иммигранттарды тіркеу жобасы әлемдік деңгейде қолданылмай отыр.

Иммиграцияның әсерінен әлемде жаңа мемлекеттер құрылды (АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль, Канада, Аргентина т.б. мемлекеттер). Дәстүрлі иммиграциялық мемлекеттерден бөлек жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен Солтүстік Еуропа иммигранттарды көптеп қабылдаса, Оңтүстік Еуропа да көп қабылдаған аймақтардың біріне жатады. Сол уақыттағы мигранттарды көп қабылдаушы мемлекеттердің қатарына Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Швеция және Голландия кіреді.

Саяси ғалымдар былай деп атайды: «Қазақстанның тұрақты дамуы үшін демографиялық процестерден туындайтын салдарлар мен қиыншылықтар да басты орынды алады.

Біріншіден, территориямыздағы аз қоныстану, адам санының азаюы мемлекеттік қауіпсіздік деңгейін төмендетеді. Мұндай жағдайда халқы тығыз қоныстанған көрші мемлекеттеріміз Қытай мен Өзбекстанның демографиялық қысымы күшейе түседі;

Екіншіден, қазіргі кездегі туудың азаюынан, эксперттік бағалаулар бойынша әсіресе 2020 жылдан соң Қазақстанның Қарулы күштерін толықтыру мәселесі туындайды. Ал заңсыз иммиграция діни экстремизм мен терроризмнің тарауына әкелуі мүмкін» [21].

Ресей ғалымдарының миграциялық саясатқа байланысты көзқарастарына тоқталар болсақ, мынандай тұжырымдарды атап өтуге болады. Мәселен, ауылшаруашылық бағдарлау институтының жоғарғы маманы, география ғылымдарының кандидаты Н.В. Миртчян былай дейді: «Заңсыз мигранттарды депортациялағаннан гөрі, иммигранттарды легализациялау мен натурализациялау тиімді. Бұл халықаралық норма, сондықтан да таңданудың қажеті жоқ». Ең алдымен КСРО-дан келетін этникалық орыстар заңды кіру құқығына ие болуы қажет. Бұл ксенофобия емес, еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау дейді.

ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.


Көші-қонның себептері

Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері

Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру

Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар

«Пайдалы» қызметтерді іздестіру

Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар

Психологиялық факторлар

Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы

Тілге байланысты кедергілер

Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық

Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы

Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы

Ескерту:

1-кесте

Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары


Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:

  1. өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);

  2. қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).

Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады. Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар. Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобы көрсетеді.

Shape1

1-сурет Халық көші-қонының жалпы факторлары


Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.

Сонымен бір мезетте, білікті кадрлардың халықаралық миграциясы өседі деп болжамдауға толық негіз бар, олардың ағындарының сандық мөлшерінің біршама дәл шамасын болжамдау қиын және осы санаттағы жұмысшылардың халықаралық еңбек көші-қонының белгілі бір моделдерін құру да қиын. Бұл білікті кадрлардың халықаралық көші-қонының едәуір дәрежеде трансұлттық корпорацияларға және олардың, жұмыс күші ағындарының ғаламдасуына ықпал ететін, өз ішкі еңбек нарығындағы корпоративтік стратегиясынан тәуелді болатындығымен түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологиялар белгілі бір салаларды толықтай шетелге көшірудің шынайы мүмкіндіктерін жасап, шетелдік мамандардың интеллектуальдық және басқа да қабілеттерін, еңбек дағдыларын оларды физикалық орын ауыстырмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді, бұның өзі мамандардың көшіп-қону қажеттілігін біршама азайтады. Сонымен қатар, трансұлттық корпорация индустриалды дамыған әлемнің орталағында жоғары білікті еңбекті қажет етумен қатар, шет аймақтарда нашар дамыған елдерде осындай еңбекті қажет етеді. Демек, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Иммиграциялық процестер үстеме табыс алуға мүмкіндік беретіндіктен көбірек капитал жинауға қолайлы;

2. Шетелдерде көптеген еңбек проблемасын тұрақты шешу үрдісі иммиграциялық жұмысшы күштерімен қалыптастырылады;

3. Еңбек ресурстарының иммиграциясы әлемдік өзгерістің дамуын талдағанда мына жағдайды көрсетеді, бұл өзгеріс нарықтық экономикасы дамыған елдерге байланысты және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

4. Иммиграциялық процестер дамушы елдерде бірнеше мәселелер туғызуы мұмкін, мысалы болашақта әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауы, мемлекет осы жағдайда жылдам немесе нақты шешімдерді қолдануы керек. Сондықтан көшіп-қону үдерісін реттегенде осы елдер алдын-ала экономикалық қауіпсіздікті бақылап, мемлекет деңгейінде басқару әдістерінің барлық тетіктерін пайдаланып, тиімді жақтарын қолдануы қажет.

Осылайша, еңбек мигранттары санының өсуіне көптеген әрқилы және өзара шартталған факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін және олардың еңбек нарығына, сондай-ақ тұтастай алғанда экономикаға әсерін білу көші-қон саясатының стратегиясын жасап шығуда аса үлкен маңызға ие [22].

Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:

  • жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.

  • шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.

  • Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар .


Елдер

Реттеудің тәсілдері

Реттеудің нәтижесі

Германия

«Жасыл карта»

Білікті мамандардың келуін жоғарлату

АҚШ

Н – 1В, Н-1С визалары

Шектелген келулер

Канада

Австралия

Уақытша және тұрақты көшіп-қону бағдарламасы

Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында

Ұлыбритания

Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша жұмысқа орналасу

Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін

Скандинавиялық елдер

Салық қызықтырулары

Салық мөлшерлерінің азаюы

Дания

Голландия

Жекелеген табыстың жоғары өсуі

Бірнеше мамандықтарды таңдауы

Ирландия

Келушілерді марапаттау

Табыстың экономикалық өсуі

Қытай

«Сыртқа кету» стратегиясы

Шетелге оқуға қызықтырулар

Жапония

Елдің ішінде оқыту

Көшіп-қонудағы тұрақтылық

Қазақстан

Оралмандарды тарту

Жоғары мамандарды елге шақыру


2-кесте Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері


Мемлекет көші-қонды реттеудің көптеген функцияларын мемлекеттен жоғары тұрған органдарға бере отырып, әлеуметтік маңызды салалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын және ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мигрантарды тартуды шешу мәселесін өзіне қалдырады. Мұндай мәселелерді жіктеп шешу батыс елдерінің таза прагматикалық мүдделерін паш етіп, жалпы иммиграциялық ағыннан ең қажетті кадрларды таңдап алу арқылы барынша көп пайда табуға ұмтылуын көрсетеді.

Ұлттық саясат пен аймақтық келісімдердің компанияларға қажетті көш-қондық қозғалыстарды қамтамасыз етуді тек қана жеңілдетуші екенін ерекше атап өту керек. Түптеп келгенде жоғары білікті мамандардың ағындарын тікелей компаниялар басқарып отырады себебі, оларға деген қажеттілікті нарықтық мұқтаждықтар талап етеді [23].

Жоғары білікті жұмыскерлердің ғаламдық нарығы барлық шекараларды жойып отыр, ал бірыңғайландырылған дипломдардың иелері осы нарықтың, өз білімдері мен дағдыларын ең тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, белсенді қатысушыларына айналды.

Ғаламдық еңбек нарығының қалыптасуы шетелдік жұмыс күшін төмендегідей түрде жүзеге асатын экспорттау және импорттау арқылы көрініс тапты:

- білікті жұмысшы мигранттардың орын ауыстырулары;

- студенттерді шетелде оқыту және кейін оларды оқыған елдерінде немесе басқа елдерде жұмысқа орналастыру;

- білікті жұмысшылардың білімдерін оларды орын ауыстырмай-ақ пайдалану.

Эмиграциялық саясатының негізі — жұмыс күшінің елден шығуын; шетелде болуын; отанына қайтуын — қамтитын эмиграциялық циклдың үш фазасын реттеу болып табылады. Іс жүзінде бұндай реттеу төмендегі ұстанымдарды сақтаудан тұрады:

- жұмысшылардың қозғалыс еркіндігі мен жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз ету;

- мигранттардың отанына қайтуына кепілдік беру;

- еңбекші мигранттардың валюталық ақша аударымдарының елге келуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

- мамандықтарына сұраныс жоқ жұмысшыларды шетелге жіберу арқылы жұмыссыздықты азайтуды қолдау;

- экономиканың жұмыс күшіне деген сұранысы қанағаттандырылмаған секторларында жұмыс істейтіндердің елден кетуін шектеу;

- халық шаруашылығын дамытуға қажетті мамандықтарды шетелде игерген репатрианттарды қабылдау арқылы ішкі еңбек нарығын жетілдіру;

- еңбекші эмигранттарға әлеуметтік кепілдіктер беру [24].

Қазіргі таңда тұрғындардың халықаралық көші-қоны аса ауқымды болып кетті, бұның өзі, ең алдымен, дамыған елдердің алдына күрделі және көптарапты мәселелердің шешімін қойды. Көші-қонды реттеуші биліктің елге қажет емес иммигранттардың алдына өте алмастай тосқауыл қоюға және ірі өзге этникалық қауымдардың қабылдаушы қоғамға тиімді кірігуін қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы, көші-қон саясатының жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдарын іздеудің қажеттігін көрсетіп отыр.

Дамудың қозғаушы күші ретіндегі диаспоралардың белсенділігі тұтастай алғанда - отанында қалған туыстарының, байланыстарының болуы, оларға қаржылай және басқаша көмек көрсетуге ұмтылу, макроэкономикалық жағдайлар, мигранттардың отанында қаржы салушылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы немесе болмауы сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Оның үстіне, нарықтық инфрақұрылымның институтционалдық дамуының белгілі бір деңгейде болуы талап етіледі, оған әлі бірқатар елдер жеткен жоқ. Инвестициялық климаты нашар, фискалдық тәртібі әлсіз және басқаруында қателіктер жіберілетін елдер диаспораның тарапынан болатын қаржы салымдарының шектелуіне ұшырайды.

Диаспора мен мигранттардың отанындағы экономиканың дамуы арасындағы байланыс төмендегідей формада жүзеге асады:

- мигранттардың ақшалай аударымдары;

- отанда қалған қауымдарды дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдары;

- диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою;

- диаспораға арналған қаржы салу құралдарын жасау;

- ілім-білімді беру[26].

Этникалық кәсіпкер-мигранттар, әдетте, нарықта төрт топқа жатады. Біз осы жіктемелеумен көп жағынан келісе отырып, оның қосымша белгісі ретінде этникалық кәсіпкердің миграцияның түріне қарым-қатынасын пайдалануды мүмкін деп есептейміз. Осы факторды есепке алу этникалық кәсіпкерлердің нарықтағы мамандануын ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ этникалық мигранттардың іскерлік әлеуеттерінің жүзеге асу ерекшеліктерін және келешек дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Бірінші - ретті емес, көп жағдайда кездейсоқтық сипаттағы эпизодтық миграцияның негізінде этникалық мигранттар қауымының ішкі қажеттіліктері үшін этникалық тұтыну тауарларын жеткізу, өндіру және сату.

Екінші – этникалық тауарларды тұрғылықты халыққа жеткізіп берумен байланысты болады, ол қоржын сауданың немесе маятниктік көші-қонның негізінде жергілікті нарыққа тауарларды ұсыну болып табылады. Көп жағдайда бұл айқын байқалатын моноэтникалық сипатқа ие тұтастай монополияландырылған нарықтар болып табылады.

Үшінші – тұрғылықты мекенжайға көшіп-қону кезінде тұтынушыға қажетті әрқилы түрдегі қызметтерді қанағаттандыру.

Төртінші – нашар қорғалған және тұрақсыз нарықтарды толтыру, экономиканың абыройлы емес, байырғы тұрғындардың көп жағдайда тастап кететін салаларында жұмыс істеу. Бұл жағдайда мигрант кәсіпкерлердің арасында маусымдық және мәжбүри мигранттар басым болады.

Қазіргі таңдағы кеңестік дәуірден кейінгі экономиканың дамуының өзіндік жағдаяттарын есепке ала отырып, біздің пікірімізше, бесінші топпты бөліп көрсетуге болады. Оны көптеген аймақтардағы этникалық азшылықтардың заңсыз мигранттары толықтырады, олар негізінен көлеңкелі құрылымдардан тұратын белгілі бір топтардың тар корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатында криминалдық экономика саласында әрекет етеді.

Жоғарыда баяндалғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Біріншіден - мигранттардың жаңа өмір сүру орындарына орнығуына және кәсіпкерліктің дамуына қажетті қаржы-қаражатты мемлекет емес, туған-туыстары мен достары береді.

Екіншіден - этникалық кәсіпкерлік мигранттарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеудің шынайы табысты жолы болып қана қоймай, кең көлемде жайып отыр.

Үшіншіден - Көптеген ұлтаралық талас-тартыстардың негізінде экономикалық себептер жатады – яғни, тұрғылықты халықпен салыстырғанда кейбір этникалық топтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы себеп болады [27].

Бұл бөлімді қорыта келе, этникалық миграция және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар мәселелері қарастырылды. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да дами беруі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени түр-түс беріп қана қоймайды, сондай-ақ көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күші ретінде де көрініс табады.












2 тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


2.1 Қазақстандағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу мәселелеріне талдау

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іс сапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.

Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты халықтың көшіп келуі ұлғайды.



2-сурет Қазақстанда көшіп-қону үдерісінің динамикасы


Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды.

Екінші суретке қарап, Қазақстанда соңғы жылдардан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды. Ал келушілер саны қазіргі таңда жоғарлап келеді. Себебі елімізде өзге елден оралған азаматтарымызға жоғары деңгейдегі жағдайлар жасалуда.

Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен екі есе көп екендігін төмендегі белгілер арқылы көруге болады.

1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %);

2) мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).

Табыстардың қалыптасуының елеулі тұсы, қалада көпсалалық көбірек байқалады, сол себепті этникалық құрамы әрқилы, кәсібилігі және мамандығы жетілген, саяси бағыт-бағдары мен мәдениетінің өрісі кең топтар кеңірек таралған. Қалалық ортада білім алудың, жұмыс орнын таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, бірақ ол үлкен қайтарымды, жоғары деңгейдегі мәдениетті жұмысты қажет етеді. Осылайша ақшалай табыстар динамикасының қаладағы деңгейінің жоғары болуы объективті түрде қалыптасады.



3-сурет Ауыл және қала халқының табыс деңгейі (2015-2016)жылдар


Үшінші суретке көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды. Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді. Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында, Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде [28].

Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті.



2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы еңбек миграциясы жағдайына талдау


Еңбек миграциясы – адамдардың жұмыс істеу мақсатында мемлекет ішілік, мемлекет аралық көші-қонға қатысуы. Бүгінгі күндері әлемде жасалатын миграцияның басым көпшілігі еңбек миграциясы екендігі барлық адамдарға белгілі. Себебі, миграцияға түсетін әр адам өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келетіні дәлелденіп отыр.

Халықаралық еңбек ұйымы өзінің шегінде мигранттарды бірнеше топтарға бөледі:

  1. Маусымдық жұмысшылар – белгілі бір уақытта өзінің отанынан тысқары мемлекетте жұмыс істейтін адамдар;

  2. Арнайы жобалардың аясында еңбектенуші мигранттар – белгілі бір жобаға мемлекеттің араласуымен келіп жұмыс істейтін адамдар;

  3. Арнайы шарт бойынша жұмыс істейтін мигранттар – мемлекеттің өзінде жоқ кадрларға пайдаланылатын саясаты;

  4. Уақытша жұмыс істейтін мигранттар – өзге мемлекетке келіп жұмыс істейтін және өзінің қалауы бойынша жұмыс атқаратын еңбек күші;

  5. Жоғары квалификациялы кадрлар – өте жоғары квалификациялы мамандар, бұл топ мемлекетке келгенде әлеуметтік жағдайлар жасалады пәтер, жоғарғы жалақы, сапалы өмір, азаматтық берумен қатар, отбасы құруға да мүмкіншілік береді [29].

Миграция ерекше әлеуметтік феномен ретінде әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр. Олардың негізгі көзқарастарына, миграцияның ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтсек.

Экономиканың неокласикалық теориясына сәйкес халықаралық миграция мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік пен дамудың әр қилылығы және жалақының әр түрлі болуымен бағалайды. Осыдан жалақысы аз мемлекеттен жалақысы жоғары мемлекетке еңбек күші ағыла бастайды, бұл – еңбек нарығы. Еңбек күшін шығарушы мемлекеттің экономикасының өсуі жалақының диференциясының айырмасының төмендеуіне әкеледі. Экспортер мемлекет ендігі кезде импортер мемлекетке айналуы мүмкін. Неокласикалық теория бойынша еңбек күшін шығарушы мемлекетпен еңбек күшін қабылдаушы мемлекеттің жағдайы бір-бірімен тығыз байланысты.

Қазақстанда таяудағы еңбек миграциясы ежелгі уақыттан бері орын алып келе жатқан процесс болып табылады. Ол бірінші қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты пайда болды. Бұл процесс ұлттық-мемлекеттік шекаралардың қалыптасуынан әлдеқайда бұрын қалыптасты.

Егін шаруашылығы, мал шаруашылығынан бөлінгенде көшпенді мал бағатын тайпалар бөлініп шықты. Қоғам дамуының бұл кезеңінде еңбек миграциясының басты себебі барлық кезде экономикалық тиімділік болды: шалғындардың жүдеуімен байланысты адамдар жаңа жерлерге көшуге мәжбүр болды; жер шаруашылығының дамуымен бірге тұрғындар отырықшылықты өмірге көшті де адамның тұрақты тұрғындары пайда болды. Кейіннен қолөнердің жер шаруашылығынан бөлінуі қалалардың пайда болуына алып келіп, адамдардың осы қалаларға миграциясын туғызғандығы бізге тарихтан белгілі. XIX ғасырда барлық жерлерде жұмыс күші жеткіліксіз болды, сондықтан мигранттар ағымы (иммиграция) ынталандырылып отырды, тұрғындарды көбейтудің құралы ретінде қабылданды. Көптеген елдер әскери мүдделерді көздеуі себебімен де адамдарды өз елдеріне қабылдап отырды.

Тұрғындардың миграциясы көлемінің күрт өсуі өнеркәсіптің қауырт дамуы дәуірінде орын алды. Осы кезеңде миграцияның оңтайлы жақтарымен бірге оңтайсыз жақтары да анық көріне бастады және де оның салдарын бағалау екі ел жағынан, яғни жұмыс күшін беретін – немесе оны қабылдаушы ел тұрғысынан жүзеге асырылуымен байланысты болды. Жұмыс күшін қабылдайтын елдер үшін миграцияның оңтайлы жақтары:

- еңбек өнімділігін арттыру;

- өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, өндірістік емес салаларындағы бос орындарды толтыру;

- армиядағы бос орындарды толтыру;

- жаңа территорияларды игеру. Ал миграцияның мұндай елдер үшін оңтайсыз жақтары:

- жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында жоғары ақылық жұмыс орындары үшін бәсекенің пайда болуы;

- жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында этникалық және конфессиялық қақтығыстардың пайда болуы;

- мигранттар тұратын шағын тұрақ жерлерінде криминогендік қауіптер ошағының қалыптасуы;

- белгілі уақыт өткеннен кейін әлеуметтік қорғау жүйесіне түсетін салмақ-тың күшеюі болып табылады [30].

Еңбекті экспорттайтын елдер тұрғысынан еңбек миграциясын бағалау көбіне миграцияның тұрақты немесе уақытша болуымен байланысты болды. Эммиграция, бір жағынан, қалған жұмыскерлер арасында жұмыссыздықтың тартылуы себебімен жұмыссыздықтың азаюына алып келсе, екінші жағынан, мигранттардың өз тұрмыс жағдайын едәуір жақсартуына мүмкіндік береді. Бұл миграцияның оңтайлы жағы ретінде қарастыруға болады, себебі мигранттар өз елінде қалған от бастарын материалдық жағынан қолдай отырып, елдерінің дамуына қосымша қаржы құралдарын тартады. Егер мигрант шет елде бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін өз еліне қайтатын болса, бұл жұмыскерлердің тұрақты өмір сүретін елдері тұрғысынан ешқандай шығын шығармай-ақ біліктілігі мен мамандығын арттыруына алып келеді.

Миграция салдарының жоғарыда айтылған елдер үшін оңтайсыз жақтары негізінен, білімі мен мамандығын өз елінде алған жоғары білікті жұмыскерлер қайтып оралмаған жағдайда, олардың елдері үшін бұл жіберіп алған пайдалылық түріндегі экономикалық шығындармен байланысты болады. Өзі пайда болған мерзімнен бері адамдық ресурстар миграциясының белгілері де өзгеріп отырды. Бұған қарамастан миграциялық процестердің дамуының теориялық негіздері салыстырмалы түрде соңғы мерзімде ғана терең қарастырылып, ашыла бастады. Жалпы алғанда, еңбек миграциясының салдарын бағалау жөніндегі мәселенің қазіргі таңдағы маңызы зор. Себебі мемлекеттің еңбек миграциясын қолдау немесе оны шектеу саясатының негізіне осы бағалау алынады. Бұл бағалау экономиканы жаһандандыру үрдісін жеделдету немесе, керісінше, оны тежеудің базасы болып табылады. Соңында бағалаудың нәтижесі ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесіне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде еңбек миграциясын сандық және сапалық жағынан бағалауға тырысудың көптеген мысалдары бар, бірақ еңбек миграциясынан алынатын пайдалылық пен жоғалтулардың барлығын қосу мен бір жүйеге келтіруге ұмтылыстарды жетістікті деп айтуға болмайды, себебі олар бағалау бойынша көптеген көрсеткіштерді енгізуді қажет етеді. Бұған қоса, таза экономикалық көрсеткіштермен бірге саяси, әлеуметтік және мәдени факторларды, елдегі мен оның сыртындағы жағдайдың өзгеру бағытын да ескерудің қажет екендігі мәлім. Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты еңбек миграциясынан түсетін жоғалтуларды сандық есептеудің кез-келгенгенін тек бұл күрделі құбылыс пен оның процестерінің басты даму бағыттарын анықтаудың бағыты ретінде ғана қарастыруға болатындығын тәжірибе көрсетуде.

1997 жылы Қазақстан Республикасында миграцияға қатысты «Тұрғындардың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мұнда тұрғындар миграциясын реттеу принциптерімен бірге әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты әлуеттік миграция мен миграциялык ағымдарды бағыттарын болжауға негізделетін, әлеуметтік-экономикалық ынталандырудың орта және ұзақ мерзімдік бағдарламаларын жасау негізінде елдің ішіндегі стихиялық тәртіпке келтірілмеген үрдістердің алдын алуды негізгі мәселелердің қатарына жатқызады [31].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің (2000 жылғы 5-ші қыркүйектегі 1346-қаулысымен мақұлданған) Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған:

- миграция процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді;

- миграциялық саясат Қазакстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс;

- миграция саясатының субъектілері – орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Тұжырымдамада адам кұқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, миграция саясатының негіздері айқындалады делінген. Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бір жағынан бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі біршама қарсы келетін негізгі теориялар бар. Солардың бірі құрылымдылық. Бұл миграцияны түсіндіргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Осы макротеория ретінде анықталады, өйткені миграцияның себептері экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның трансформациялануы болып табылады [9].

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру, көші-қон үрдістерін реттеу үшін мынадай іс-шаралар кешені көзделген:

- ұлттық мүддені қорғаумен үйлестіре отырып көші-қон режимін ырықтан-дыру;

- кәсіби деңгейі экономиканың алдыңғы қатардағы салаларының қажеттіліктеріне жауап беретін шетелдік жоғары білікті жұмыс күшін тарту;

- өңірлердің әлеуметтік-экономикалык даму болжамдарын ескере отырып, еңбектің ішкі көші-қон үдерісін реттеу;

- көші-қон үдерісін басқарудың және мониторингінің біртұтас ақпараттық жүйесін құру.

Жоспарланып отырған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде демографиялық проблемаларды шешу және ұлттық бірігу, жаңа индустриалдық технологияларды дамыту және теңестірілген өңірлік даму мүддесін қорғау үшін көші-қоны үдерісін оңтайландыру күтілуде [32].

Еңбек миграциясының қаншалықты маңызды сұрақ екендігіне қарамастан, бұл саланы мемелекеттік реттеудің бағдарламалық құжаттарында қазіргі кезде ресми еңбек иммиграциясы Қазақстанға еңбек ету мақсатымен келіп жатқан миграциялық ағымның бөлігі ғана болып табылады. Осы мәселеге қатысты экономикалық даму тұрғысынан әлеуметтік-саяси тұрақтылық жағынан алғанда да, тағы бір шешуі қиын келеңсіз мәселе жасырын миграция, себебі ол жұмыскерлердің еңбек нарығының ашықтығы жолындағы мемлекет құрған институционалдық кедергілерді бұзуға ұмтылыстан басқа ешнәрсе емес.

ТМД елдерінен Қазақстанға еңбек көші-қон үдерістерінің қарқындауының негізгі факторларына экономикалық дамуының біркелкі болмауы мен неғұрлым жылдам қарқынмен дамып келе жатқан және едәуір жоғары өмір сүру деңгейі бар Қазақстанға стихиялы еңбек миграциясы болып табылады. Бұл үдеріс қарқыны өсіп келеді және эксперттік бағалау бойынша, 2015 жылға ресми түрде белгіленген 27 мың адамдық квотамен салыстырғанда, жасырын еңбек мигранттарының жыл сайынғы жылдық саны 700 мың адамды құрайды. Қазақстан заңдылығы Қазақстанға жұмыс күшін кіргізуді шектесе де, күнделікті өмірде жасырын жұмыс күшінің көлемі аумақты және жұмыскерлерді ресми квоталандырудан тыс тарту фактылары көбейіп келеді [33].

Қазақстанның еңбек нарығында шамамен соңғы үш –төрт жылдарда орын алған жұмыссыздардың дайындық профилі мен мамандығының жұмыс күшіне деген сұранысқа сәйкес келмеуі жағдайында орын алған құрылымдық жұмыссыздық, бүгінгі күні экономиканың барлық салаларында жұмыскерлердің тұрақты тап-шылығынан көрініс тапты.

Оңтүстік аймақтағы жасырын жұмыс күшінің негізгі ағымы Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан келеді. Мақта, темекі және басқа да техникалық көлемді еңбекті қажет ететін салалар, құрылыс және жүкті тиеп-түсіру жұмыстары арзан шетелдік жұмыс күші ағымының арқасында қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның Орталық аймағында жұмыскерлерді жасырын негізде жалдаумен басқаларға қарағанда құрылыс фирмалары, сауда мен қызмет көрсету аясы ұйымдары айналысады. Бұл әдетте еңбек сиымдылығы жоғары, көп жұмысшыларды керек ететін және ұзақ арнайы дайындықты қажет етпейтін экономика секторларына жатады.

Жұмыс берушілердің жұмыс күшін жасырын жалдауының елеулі себептеріне:

- біріншіден, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген жұмыскерлердің жалақыға, еңбек жағдайларына, еңбек тәртібіне деген талаптардың едәуір төмендігі;

- екіншіден, Қазақстанда кейбір жұмыстың түрлері бойынша қажетті жұмыскерлерді табудың мүмкін еместігі;

- үшіншіден, жұмыстардың маусымдық мерзімділігі;

- төртіншіден, жұмыскерлерді ресми квота бойынша тартуға рұқсат алу үшін талаптарының жоғарылығы және квота алудың мүмкін еместігін жатқызуға болады.

Демографиялық көші-қон саясатын реттеп отыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегі құжаттарды мақұлдады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 17-тамызындағы, № 1272);

2. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 5-қыркүйегі, № 1346).

Көші-қон саясатының тұғырнамасында өтпелі кезеңдегі көші-қон саясатын жүзеге асырудың төменде көрсетілгендей негізгі бағыттары мен механизмдері белгіленді:

- оралмандардың орнығуын, көшіп келген жерлерінде бейімделуіне және жергілікті жердегі әлеуметтік ортаға кірігуіне жан-жақты қолдау көрсету, қарулы қақтығыстарды бастан өткерген адамдарға психологиялық қолдау көрсету;

- мәжбүрлі көші-қон ағындарының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау;

- мәжбүрлі иммигранттар мен босқындарды өздері келген мемлекеттеріне ерікті түрде қайтару, мұның өзі көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады:

- көші-қондық бақылауды қалыптастыру және дамыту;

- еңбек көші-қонын реттеп отыру.

Осыларға қарамастан, нарықтық экономика жағдайында көші-қон саясатының осы негізгі бағыттарын экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып, жетілдіру қажет [34].

Экономикалық мақсаттарға төмендегілер жатады:

- жұмыссыздық деңгейінің азаюы;

- сырттын келетін валюталық түсімдердің көбеюі;

- халықтың жинақтық ақшаларының көбеюі.

Әлеуметтік мақсаттарға:

- білім беруге қаржы салуға әлеуметтік төлемдердің өсуі;

- көшіп келушілердің және олардың отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды қолдану;

- заңсыз миграцияны болдырмау және көші-қон үдерісіне байланысты заңдарды бекіту жатады.

Стратегиялық мақсаттарға:

- еңбекші мигранттардың кәсіби біліктілік құрамына ықпал ету;

- көші-қонды ілім-білім алудың әдісі ретінде пайдалану;

- білікті жұмысшы күшінің шетке кетуін барынша азайту;

- еңбек нарығының кеңеюіне байланысты жалақы көлеміндегі теңсіздіктерді азайту.

Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының салалық бағдарламасында «Ішкі миграцияны реттеу қозғалыстың еркіндігі және өмір сүру орнын ерікті түрде таңдау құқығы ұстанымдарына негізделеді. Сонымен бір мезетте ол елдің экономикалық өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталады» деп атап көрсетілген.

Соған байланысты ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің негізгі әдістемелік базасы этномәдени, экологиялық және басқа да факторлармен бірге Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өндірістік күштерді орналастыру болып табылады. Ол төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектепті және жоғары оқу орындарын бітірушілердің арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша шараларды қабылдауға;

- артта қалған құлдыраған аймақтардан инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударуларды есепке ала отырып, халықты орналастырудың тиімді сұлбасын анықтауға;

- жағдайы төмен аймақтарды, шағын қалаларды, ауылдық елді мекендерді дағдарыстан шығару, олардағы өндірісті қалпына келтіру.

Орта мерзімдік перспективада (2012-2016 жж.) ішкі көші-қонды реттеудің негізгі бағыттары төмендегідей салалар бойынша іс-шараларды жасап шығуды қажет етті:

- қалыптасып келе жатқан нарықтық жағдайда елді мекендердің тиімді этнодемографиялық дамуын қамтамасыз ету;

- ауылдық жердегі халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау бойынша арнайы шараларды дайындау және жүзеге асыру, еңбекақы төлеудегі теңсіздікті жою және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту жолымен республика ішіндегі ауылдан қалаға қоныс аударуларды азайту;

- елдегі және оның жеке аймақтарындағы экологиялық жағдайды жақсарту, экологиялық факторлардың зиянды әсерін азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру және осы аймақтардағы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

- республика ішіндегі халықтың көші-қонын тиімділеу мақсатымен еңбек ақының салалық жіктелуінің тиімді жүйесін жетілдіру;

- әрқилы санаттар бойынша (жыныстық-жастық, кәсіби, кету және кету орындары және тағы басқа) мигранттардың келуі және кетуі жөніндегі республикалық және аймақтық ақпараттық мәліметтер базасын жасау;

- «ішкі (облысаралық) эмигранттың және иммигранттың бейнесін» әр жыл сайын әзірлеп жасау [35].

2012-2016 жылдардағы ұзақ мерзімдік перспективадағы ішкі көші-қонды реттеу төмендегідей бағыттар бойынша іс-шараларды дайындап шығуды қажет етеді:

- өндірістік күштердің орналасу сұлбасын негізге ала отырып, ел халқының және еңбек ресурстарының қозғалысын және қайтадан бөлініп орналасуын қамтамасыз ету;

- халықтың республика ішіндегі тиімді орналасуына қол жеткізу мақсатында аймақтардың экономикасының өркендеуі үшін қолайлы алғышарттар жасау және олардағы халықтың өмір сүруіне тиімді жағдайлар жасау;

- көші-қон ағындарын экономикалық өркендеу нүктелеріне бағыттау, сондай-ақ реттеу және ынталандыру, материалдық-техникалық базаны нығайтудың жүйесін жасап шығу;

- аймақтардағы демогрфиялық жағдайды есепке ала отырып, өндірісі дамыған, өмір сүру жағдайлары жасалған экономикалық өркендеу нүктелеріне, шағын қалаларға және ауылдық елді мекендерге халықтың ерікті түрде келуін ынталандыру жүйесін жасау;

- қиын мәселелері бар аймақтар мен қалаларға жоғары білікті кадрларды, жоғары оқу орындарының, училищелердің және т.б. бітірушілерін тарту үшін жағдайлар жасау.

Республика ішіндегі көші-қон ағындарын басқаруды әрқилы бағыттар бойынша жеке-жеке жүзеге асыру қажет, себебі, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Өз аймағындағы қалалар арасындағы халықтардың орын ауыстыруларын реттеу өзінше жеке бір іс, ал облысаралық қоныс аударуларды реттеу, сондай-ақ ауылдан қалаға кетуді басқару басқаша бір іс болмақ. Шындығында әрқилы бағыттағы ағындардың арасында жалпы ұқсас сипаттары көп, бірақ көші-қон ағындарының қарқыны мен құрылымына едәуір әсерін тигізетін ерекшеліктері де бар. Айталық, ауылдан қалаға көші-қон ағындардың едәуір бөлігі ауыл жастарының білім алуын жалғастыруға, мамандық алуға ұмтылуына байланысты туындайды.


4-сурет Оралмандардың елге келу динамикасы 2013-2016 жылдар


2013 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасына 147698 этникалық қазақтардың отбасы (оралмандар) жалпы саны 600550 адам келді. Олар негізінен Өзбекстаннан (61,5%), Монғолиядан (15,4%) және Түрікменстаннан (9%) келгендер. Келген оралмандардың жалпы санының ішінен еңбекке қабілетті жастағылар — 52%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер — 42,7%, зейнеткерлік жасындағылар — 5,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті оралмандардың 32 %-ға жуығы арнаулы орта және жоғары кәсіби білім алғандар. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың 60%-ы әрқилы жұмыс түрлерімен шұғылданады, келген отбасылардың 16%-ының қосалқы шаруашылықтары бар.

Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың білімі мен кәсіби дайындығының деңгейін талдап-зерделеулер олардың арасында 45 ғылым докторы, 245 ғылым кандидаты бар екенін көрсетті. 26107 оралманның жоғары білімі, 3157 — толық емес жоғары білімі, 49921 — арнаулы орта білімі, 155370 — жалпы орта білімі бар.

Оралмандардың кәсібі бойынша құрамы төмендегідей: 1563 адам шығармашылық қызметкерлері, 12379 — білім беру қызметкерлері, 6768 — медицина қызметкерлері, 827 мемлекеттік қызметкерлер, 50842 — ауыл шаруашылығының жұмысшылары, 9074 — кәсіпкерлер, ал 140383 адамның басқа мамандығы бар.

Жоғары білімді мамандардың шетелде өмір сүріп жатқан қауымдастықтары, олардың қаржылық және зияткерлік ресурстары, өздері шыққан елдердің экономикасының бәсекелестілік қабілеттілігін күшейтуге және жеке секторын дамытуға, кедейшілікпен күресуге қомақты үлес қоса алады. Диаспораның өздерінің отанындағы экономиканың дамуымен байланысы мигранттардың қауымдастықты дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдарын қоса алғандағы аса зор көлемдегі ақша аударымдарын пайдаланудың есебінен жүзеге асырылады. Диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою диаспораға арналған қаржы салушылық құралдарды жасау, ілім-білімді беру, мигранттардың әлемдік ми трестерінде — ғылым мен технологиялық зерттеулердің ең көкейкесті бағыттарының дамуына тартылған бүкіл әлемдегі кәсіби мамандардың жинақталушы орталықтарына қатысуы арқылы да диаспоралар өз отандарының экономикасымен байланыс жасай алады. Бұндай әрекеттердің табысты жүргізілуі көп жағдайда мигранттарды қабылдаушы елдерге де байланысты болады. Бұл мәселелерді шешу жұмысшы күшін жөнелтуші елдер үшін де, оларды қабылдаушы елдер үшін де көкейкесті сипатта болып отыр. Мүдделердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы жемісті ынтымақтастық дәл осы салаларда болуы мүмкін.

Қазір заңсыз келген тұлғаларды анықтау, заңсыз көші-қон арналарын жою, тиісті құқық тәртібін қамтамасыз етуде «Мигрант», «Құқықтық тәртіп», «Заңсыз келушілер» «Гастербайтер» секілді кешенді шаралар мен жедел алдын-алу жұмыстары ұйымдастырылады. Заңсыз жұмыс істеп жатқан көрші ел азаматтарын анықтауда базарлар, құрылыс нысандары, жатақханалар мен шағын кәсіпорындар, көлік жуу мекемелері, жанар-жағар май бекеттері, сондай-ақ асханалар тексерілуге алынды.

2016 жылы ресми түрде 105 946 шетел азаматы тіркелді. Тек қаңтар-ақпан айларында Астанаға 4846 азамат келген. Олардың көбі ТМД елдерінен. Сараптамалық талдауға сүйенсек, шетелдіктердің келуі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған екен. Оның себебін қазіргі кездегі жұмыссыздық пен экономикалық дағдарыспен байланыстыруға болады. Олар тұрғылықты жеріне тіркелгеннен кейін біздің бақылауымызда болады. Алайда шекара асып келгендердің көбі ірі сауда орындарында заңсыз сауда жасауын тоқтатар емес. Қазірдің өзінде заңсыз нәпақа тауып жүрген көршілес елдің 200-ге жуық азаматы жауапқа тартылды [36].


2.3 Астана қаласындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу


Астана қаласының Статистика департаменті мемлекеттік органдарды, астананың қоғамдастығы мен іскерлік орталарын Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды тапсырмаларды іске асырады, сондай-ақ қала аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректер жиынын, статистикалық бақылау мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады; жарияланымдар шығарады.

Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтар айында құрылды және ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің бұйрығымен (2008 жылғы 16 сәуірдегі №49) Астана қаласының Статистика департаменті болып қайта өзгертілді.

Департамент құрылымында 14 басқарма бар:

- заң және кадр жұмысы басқармасы;

- қаржы және құжат айналымы басқармасы;

- статистикалық тіркелімдермен жұмыс жасау басқармасы;

- респонденттермен жұмыс жасау басқармасы;

- үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасы;

- еңбек статистикасы басқармасы;

- әлеуметтік және демографиялық статистикасы басқармасы;

- баға статистикасы басқармасы;

- жарияланымдар дайындау және статистикалық ақпаратты тарату басқармасы;

- өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасы;

- құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасы

- сауда статистикасы басқармасы;

- қызмет көрсету статистикасы басқармасы;

- қаржы статистикасы басқармасы [37].

2015 жылғы қаңтарда 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 16,3%-ға, кеткендер саны 12,0%-ға азайды. Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2016 жылғы қаңтарда келгендер 3036 адамды, кеткендер - 863 адамды құрайды.

2015-2016 жылдар кезеңінде санақ кадрларын іріктеу, бекіту және оларды арнайы ұйымдастырылған нұсқамаларда оқыту жүргізілетін болады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кеңселерінде, статистиканың аумақтық органдарында және жергілікті жерлерде оқытудың жоспар-кестелері жасалатын және бекітілетін болады.

Санақ кадрларын оқыту практикалық сабақтармен, санақ құжаттамаларын сынама толтырумен және оқушылардың білімін тексерумен қатар жүргізілетін болады.

1.Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және санақ материалдарын автоматты түрде өңдеу. Санақ әзірленген бағдарламаға сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген мерзімдерде республиканың барлық аумағында жүргізілетін болады.

Санақ кезінде халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу тәртібіне белгіленген мерзімге сәйкес үй-жайларды алдын ала аралап шығу, яғни халық тұруы мүмкін барлық құрылыстар мен үй-жайларға (соның ішінде тұрғын еместер де) бару кіретін болады және әр үй-жайда нақты тұратын адамдар саны анықталады.

Өз объектілерінде санақты Қазақстан Республикасы Әділет және Қорғаныс министрліктері жүргізетін болады. Республиканың Сыртқы істер министрлігі – шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының санағын, Көлік және коммуникация министрлігі – поездарда, әуежайларда, темір жол мен автовокзалдарда санақ жүргізеді, сондай-ақ санақ материалдарын жеткізуді, санақ персоналының байланысы мен жолын қамтамасыз етеді. Республиканың Ішкі істер министрлігі санақ жүргізу кезінде полицияның күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыратын болады. Елдегі санақ проблемаларын жедел шешуді және бақылауды Санақ жөніндегі республикалық штаб және облыстардағы, қалалар мен аудандардағы осындай штабтар жүзеге асыратын болады.

Далалық жұмыстарды жүргізгеннен кейін есепші тастап кеткен немесе қателесіп жазған адамдардың жоқ екендігін анықтау мақсатында бақылап аралау жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда және халықты екі қайтара есептеуге жол бермеу үшін бақылау бланктері мен санақ жүргізілгендігі туралы анықтамалар қолданылатын болады.

Санақ материалдарын әзірлеудің алдын ала нақтыланған бағдарламасына сәйкес халық саны және аумақтық орналастырылуы; демографиялық сипаттамалар; халықты білім деңгейі бойынша бөлу; әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар; ұлттық-лингвистикалық сипаттамалар; үй шаруашылықтары мен отбасыларының саны мен құрамы; халықтың көші-қоны; халықтың тұрғын үй жағдайы және басқалары секілді көрсеткіштердің топтары бойынша топтастырылған негізгі ақпараттар ауқымы кіретін стандарттық ұйғарынды кестелер алынатын болады.

2. Халық санағы материалдарын тарату. Алдағы санақ материалдарына әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылардың тегіс қамти қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін деректерді таратудың арнайы стратегиясы мен тактикасы әзірленетін болады, ол мыналарды көздейді:

- арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету үшін пайдаланушылардың сұрау салуын зерделеу;

- пайдаланушылардың қалың қауымының ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;

- таратудың қазіргі заманғы технологиялары мен құралдардың әр түрін пайдалану;

- маман емес адамдардың санақтың түсіндірілген дайын деректерін пайдалануы үшін күрделі талдау мен есептеулерді орындау;

- пайдаланушылардың сұрау салуын барынша қанағаттандыра отырып құпиялылығын қамтамасыз ету;

- өңірлік мекемелерді санақ нәтижелерін таратуға тарту.

Астананың халқы қазірдің өзінде 800 мыңға тақап қалды. Қаланың аумағы да кеңейіп келеді. Бұл дегеніміз – халық санының артқандығын көрсетеді. Бұрын екі аудан болса, қазір Есіл ауданы қосылды. Жалпы, Астанадағы ер адамдардың саны 332 561 адам болса, 350 мыңнан астамы – әйелдер. Жалпы санақ бойынша есептейтін болсақ, ең бірінші, Астанадағы балалар, одан кейін еңбек етуге қабілетті жастағылар, сосын зейнеткерлер болып үшке бөлінеді. Бұл ретте қала балалары — 144 220, еңбек етуге қабілеттілер — 483 750, ал зейнет жасындағылар — 56 048. Қалада соңғы жылдың ішінде халықтың туу деңгейі өсіп, өлім-жітім азаюда.

2005-2015 ж.ж. аралығында Астанаға шетелдерден келген оралмандар саны 87260 адам. Олардың ішінде Монғолиядан 14625 адам, Түркиядан 1430 адам, Қытайдан 26103 адам, Ираннан 345 адам, Ауғанстаннан 226 адам, Даниядан 3 адам, Ресей Федерациясынан 882 адам, Украинадан 15 адам, Өзбекстаннан 40621 адам, Тәжікстаннан 186 адам, Түркменстаннан 1746 адамдар келген екен.

Астанаға келіп, тұрақтап жатқандардың басым бөлігі, нақты айтсақ, 97 пайызы – Қазақстанның ішінен келушілер, яғни ішкі көші-қонның үлесінде. Қалған екі-үш пайызы өзге мемлекеттерден келеді. Оның өзінде келіп жатқандардың дені – оралман ағайындар. Қандас бауырларымыздың арасында Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден келгендері басым. Ал ішкі көші-қон мәселесі бойынша Астанаға ең алғашында Ақмола өңірінен, Қарағанды, Қостанайдан қоныс аударушылар көп болды. Негізгі қала халқының құрамын сол жақтан келушілер құрады. Бірақ одан кейін Алматыдан мемлекеттік органдардың көшуіне байланысты оңтүстік аймақтан келетіндер көбейді. Сондай-ақ құрылыс қарқын алғанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан келетіндердің легі асты. Енді Астананың күннен-күнге өсуі, өркендеуі қалаға қызығушылардың санын арттырып отыр. Тұрғындардың орташа жасымен салыстыра қарағанда, Астана ең жас қала болып есептеледі. Астаналықтардың орташа жасы – 32 жас. Мұнда жастар бүкіл елімізден оқу үшін де, жұмыс істеу үшін де келуде. Жас мамандар лайықты да жақсы жалақысы бар жұмысқа тұруда, сондықтан Астанадағы тұрмыс деңгейі – еліміз бойынша ең жоғарылардың бірі. Астананың қоныс аударуымен басталған республикаішілік көші-қон солтүстік өңірге ұлттық шырай берді, ұлттық идеяның әлеуметтік-интеллектуалдық әлеуетін нығайтты.

Астанаға Қазақстанның әр аймағынан келіп қоныстанушылар саны: Статистика агенттігінің санағы бойынша, 2015 жылы Ақмола облысынан 10 210 адам келіп, оның 7798-і тұрақтап қалды; Оңтүстік Қазақстан облысынан 5607 адам келді, 4851 адам қалды; Қарағанды облысынан 3807 адам келді, 2731 адам қалды; Қостанай облысынан 3506 адам келді, 2675 адам қалды; Алматы қаласынан 3320 адам келіп, 2000 адам қалды; Шығыс Қазақстан облысынан 3242 адам келіп, 2664 адам қалды; Жамбыл облысынан 3235 адам келді, 2592 адам қалды; Солтүстік Қазақстан облысынан 2150 адам келді, 1593 адам қалды; Қызылорда облысынан 1763 адам келді, 1370 адам қалды; Павлодар облысынан 1605 адам келді, 1143 адам қалды; Алматы облысынан 1302 адам келді, 831 адам қалды; Ақтөбе облысынан 867 адам келіп, 830 адам қалды; Батыс Қазақстан облысынан 821 адам келді, 671 адам қалды; Маңғыстау облысынан 361 адам келді, 190 адам қалды; Атырау облысынан 354 адам келді, 255 адам қалды.

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 880 191 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.

Алматыдан, Астанаға астананың 1997 жылғы көшуі, ішкі көшіп қонуда үлкен өзгеріс алып келді, мұндағы еңбек ресурстарының жаңа қалаға ағылуы. Астана қаласына 2007-2011 жылдар аралығында 192976 мың адам келді. Астанаға 2012 жылдан 2016 жылдар аралығында барлығы 264,2 мың адам келді.

Астана қаласын еңбекке қабілетті адамдармен қамтамасыз ету керек болып, Қазақстан республикасындағы еңбек нарқында біршама өзгерістер болып, еңбек әлеуеттерін бірқалыпты болу керек болды. Астана қаласына жұрт түрлі себеппен келіп жатыр. Бірі жұмыс бабымен ауысып келіп жатса, енді бірі – болашағын Астанамен байланыстырғысы келетіндер. Ал көбісі жұмыс іздеп келеді. Бұлардың көпшілігі құрылыс жұмыстарына орналасып жатады. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны қанша екенін ешкім тура айта алмайды. Олардың саны заңды мигранттардан да ондаған есе көп екені белгілі. Сарапшылар экономикалық өсім жағдайында Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны шамамен 500 мыңнан 770 мыңға жетеді деп есептейді.

Астана – жұмыс, табыс, карьера, дұрыс тіршілік іздеп келген жүздеген шетелдік азаматтар үшін қолайлы орта. Сондықтан да миграциялық қауіпсіздікті ерекше қамтамасыз ету қажет. Ол үшін, біріншіден, заңсыз мигранттар туралы мемлекеттік заң талаптарының орындалуын қатаң бақылау керек. Екіншіден, еңбек мигранттарының пәтер жалдауға жұмсайтын қаржысын арнайы жатақханалар мен арендалық баспанаға төлегені орынды болар еді. Сондықтан да оларға арнап арнайы жатақханалар салу. Бұл мемлекеттік бақылаудың реттелуіне қолайлы жағдай тудырады. Еңбек мигранттары көбіне қаланың шет жақтарынан үй жалдайды. Ол жерлерде бақылау бола бермейді. Көзден таса жерде қылмыс та көп болады.

Миграциялық қауіпсіздік Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі. Бұл – бүкіл әлемде кездесетін проблема. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолдары бар. Соның бірі – әкімшілік жол. Яғни әкімшілік бақылау, кедендік, миграциялық, шекаралық бақылау деген сияқты. Яғни миграциялық жұмыс күшін қай салаға жұмылдыру керек, қай салаға жібермеу керек деген сияқы. Егер де осылай реттеп отырса, өздері салаларға бағыттап отыратын болса, бақылау да оңай болар еді. Қауіпсіздік те қамтамасыз етілетін.

Астананың халқы ай сайын өсіп келеді. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 200 мың ғана халық тұрса, қазір астаналықтар қатары төрт есеге жақындап қалды. Астана халқының аз уақыттың аясында мұншалық өсу қала болашағының кемелді екендігін аңғартады.




3 тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


3.1 Еліміздегі миграциялық процестердің болашағы


Бүгін де Қазақстан өзінің экономикалық даму күшіне және саяси қалыптылығына қарай жұмысшы күшін тарту орнына айналып отыр, мир-ганттардың көп бөлігін оралмандар алып отыр – республикамыздан тысқары әлемнің 21 мемлекеттерінде өмір сүретін этникалық қазақтар (бүгінгі таңда ҚР-да заңды түрде 633241 мың оралман тіркелген), және де Орталық Азиялық – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты кедейлеу, экономикасының қарқыны төмен, яғни өміршеңдік деңгейлері де төмен жағдай байқалатын аймақтарынан келетін еңбек мигранттары үшін де жұмыс беру орталығына айналып отыр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстан жеріне келетін еңбек мигранттарының саны – маусымдық жұмысшыларды қосқанда 3 млн. адамды құрайды. ҚР статистика Агенттігі-нің болжамы бойынша, Қазақстанның жұмыс күшіне зәрулігі 2015 жылға 1,2-1,8 млн адамды құрайды. Еңбек миграциясының негізгі орталықтары Алматы, Астана, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан болып отыр. Ресми түрде жұмысқа тек мұнай саласына, машина құрастыру, нанотехнология, яғни мемлекет казіргі таңда олардың көмегі аса қажет және де оған зәру болып отырған мамандарды шақырады. 2015 жылдың 1 қазанында Қазақстан территориясында еңбек іскерлігін жасап жүрген 55 мыңнан астам шетел азаматтары Қытайдан, Түркиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Израиль мен Үндістаннан, Венгрия мен ТМД елдерінен жергілікті атқару ұйымдарының ресми рұқсатының негізінде еңбек іскерлігін жүзеге асырып жатыр. Осы тізім қатарына, әрине, мамандығы жоқ гастарбайтерлер кірмейді.

Сарапшылардың бағалауынша, қылмыстық топтардың тек кана тікелей адамдарды сатудан табатып жыл сайынғы пайдасы 7-9 млрд долларды құрайды [15].

Қазақстанда жұмыс жасайтын миргранттар 6 жылда 6 есеге өсті:

- 2010 жылы 500 млн АҚШ доллары болды,

- 2016 жылы 3 млрд АҚШ долларына жуық болды, бұл көрсеткіш республиканың ЖІӨ-нің 3,9%-ын құрады және де ең басты аударымдарды алушы ел – Өзбекстан болды (аударымдардың 38,6%-ы сол елге жіберілді), екінші және үшінші орындар сәйкесінше Қырғызстан (25,5%) мен Тәжікстанға (16,8%) тиесілі, бұл статистика салық органдарын айналып өтіп, Қазақстанның шекарасынан шығып кететін ақшалай аударымдардың тенденциясын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған фактілерді ескере отырып, Орта Азия мемлекеттерінің қамсыздандырылмаған, тұрмыс жағдайы төмен қоғам-бөлігі жұмыс табу мақсатында өз елдерін тастап көршілес жатқан Қазақстан мен Ресейге көш басын бұрады. Бірнеше объективті және субъективті се-бептерден олар шетелдерге шығып, заңсыз жұмысқа тұруға мәжбүр, ол өз кезегінде жергілікті еңбек нарығында еңбек орыңдарының дефицитін құрап, кейін біртіндеп жұмыссыздыққа алып келеді. Мигранттардың өздеріне олардың заңсыз келуі құқықтық, медициналық және әлеуметтік жәрдемге жол жабады, олар заңсыз жұмыс берушілер жағынан қатал эксплуатацияның объектілеріне айналып отыр.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру кезінде жұмыс күшінің еркін жүріп тұруына, сонымен қатар ұлттық еңбек нарығына мүмкіндігі болуына қатысты келісімді алуы қажет, ол өз кезегінде ашық еңбек нарығын жасап, казақстандықтардың жұмысқа тұруына өз ықпалын тигізеді. Бұған негізгі фактор ретінде көршілес жатқан Ресейдің миграциялық заңдылығының кейінгі дамуы жатады, ол Орталық Азия мемлекеттерінен Ресей нарығына келетін еңбек мигранттарының көлемді мөлшерінің енуіне тыйым салып немесе оған шектеу қоюға әкеп соқтырады және бұл өз кезегінде Казақстандағы мигранттардың санын әсіреді, бұның салдары еңбек мигранттарының статусын белгілеудің проблемасын шешу мен осы саладағы екі елдің зандылықтарын ұштастыруды Қазақстан мен Ресей ендігі жерде біріге отырып шешу қажет.

ҚР Үкіметі 2010 жылға арналған жұмыс жоспарында 2015 жылға дейінгі, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін, елдін еңбек ресурсына деген қосымша қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ұзақ мерзімді миграциялық концепция жасауда. Орталық Азия елдеріндегі миграциялық үдерістің қарқыны, елдер бір-бірінен қаншалықты жабылса да, мемлекеттер арасыңдағы диалогта жөнелтуші болып, адами факторлар бұл тосқауылдарды да басып етуі куәландырылады [16].

Бұл сауалдар ҚР-ның 2015 жылға дейінгі миграциялық концепция шеңберінде шешілуі мүмкін. Концепцияның негізгі мақсаттары мен міндеттерінің қатарына Қазақстан Республикасында бірыңғай жүйеленген және унификацияланған нормативті құқыктық миграцияны реттеу базасын құру және де жоғары білімді, инновациялық, қаржылық және инвестициялық потенциалы жоғары иммигранттарды тарту аумағында саясат жүргізу жатқызылады.

Тәуелсіздікке ие болумен қатар Ресейде барлық ТМД елдерінің ашықтау шекараларынан еркін кешіп өту принципі жүзеге асырыла бастады, Ресей Федерациясына жұмыс іздеу мақсатында миллиондаған халық бет бұрды. Ресей үшін еңбек миграциясы еш уақытта дәл бүгінгідей маңызға ие болған емес.

Демографтардың есептеуінше: Ресейді еңбекке қабілетті халықтың өте жедел және масштабты қысқару күтіп отыр, оның салдарынан бүгінгі тандағы Ресейдің экономикасы еңбек мигранттарының ағымынсыз мүмкін еместігін аңғартады және де Ресей үшін, жаппай миграция проблемасы көпжақтылы мінездемеге ие болып отыр.

Ресей Федерациясында миграциялық есеп жүргізу мен жұмысқа қабылдаудың жаңа талаптары мен ережелеріне сәйкес, Ресей нарығы мен палаткаларында шетелдіктерді сатумен айналысуға тыйым салынған. Көптеген еңбекке қабілетті ресейліктер үшін мигранттар айтарлықтай қауіп көрсетпейді: мамандандырылған кадрлардың жетіспеуі сонша, жұмысшы орындары барлығына де жеткілікті. Жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырмайтын, жұмысты орындауда жоғары мамандандырылу қажет емес, жалақысы аз жұмыстарды орындайтын, аз мамандандырылған мигранттардың жағдайы әрине, өзгеше. Бұлардың қатары «3 В – жұмыс» деп аталатындар – қауіпті, лас және қиын жұмыстар, оларға деген сұраныстың өсуі мемлекеттің жергілікті тұрғындарына лайық емес, еңбектің ең төменгі шарттарына дайын, шетел жұмыскерлеріне сұраныспен айқындалады. Мигранттар – қылмыскерлік, нашақорлық пен терроризм қай-нар көзі деген тұжырымдар әрине шын мәнінде қате пікірлер, өйткені қылмыстық бизнес интернационалды және еңбек миграциясына еш байланысы жоқ [17].

Қазақстан мен Ресей жаһанданудың әлемдік контекстіне қосылып, еңбек мигранттарының қозғалыс ағымы басқа елдердің миграциялық тенденцияларымен мейлінше ұштасып келеді, сондықтан бүгінгі танда миграцияның объективті сараптамасы мен осы саладағы жаңашыл және дұрыс шешім қабылдау өте қажет. Барлық ТМД елдеріне еңбек миграциясының пайдасы толыққанды танылу үшін, Қазақстан Ресей және Орталық Азия елдеріне миграциялық саясатты бірігіп бағыттап отыруы, жұмысшы күшінің, құқықтарының қорғалуын ұсынатын, сұранысы мен ұсынысын заңды өткелдер арқылы өткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, елдің миграциялық қауіпсіздігін қамтамасыз қажет [38].

Сонымен қатар, Алматыда Халықаралық көші-қон миссиясы мен ҚР Енбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастырумен «ҚР Еңбек миграциясының проблемалары және көші-қон заңдылықтары: квота бөлудің жаңа ережелерін түсіндіру, шет елдік жұмыс күштерін елімізге тартудың тәртібі» жайлы хабардайды. сондай-ақ заңнамалық базаны түзу және еңбек миграциясын басқарудың ұлттық стратегиясын жасау мақсатында өткізіліп отыр. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанға 2006 жылы шет елдерден 12 мың жұмыс күші тартылса, 2010 жылы 40,9 мың, 2013 жылы 58,8 мың шетелдік жұмыс істеген. Ал 2015 жылы шетелдерден келетін еңбек мигранттарының саны 500 мыңнан аспақшы. Еліміздің жыл сайынғы шетелдік жұмыс күшіне сұранысы – 60 мың адам. Сол себепті де келешекте бірте-бірте сыртқы көші-қонның оң сальдосының көбеюін күтуге болады, ол төмендегі себептерге байланысты болады:

- республиканың оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы;

- өтпелі кезеңде шетелге кеткендердің бір бөлігінің кері қайту үдерісінің басталуы;

- табиғи ресурстарға бай жер аумағында халықтың тым сирек қоныстануы кезіндегі республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақты түрде жақсаруымен, мұның өзі көрші елдердің халқының елімізге еңбек миграциясы бойынша, ал соңынан тұрақты өмір сүруге рұқсат алу мақсатымен келуін ынталандырады.




2005


2010


2015


2020


2025

2030


2040


2050


Жыл басындағы халықтың саны, мың адам

15070,8




15959,3




17044,3




18092,4




18985,4




19831,9




21767,7




23526,6




Соның ішінде:











еркектер

7252,1


7681,6


8223,3


8754,3


9212,9


9654,3


10682;7


11639,2


әйелдер


7818,7


8277,7


8821,0


9338,1


9772,5


10177


11085,0


11887,4


1000 әйелге шаққандағы әйелдердің саны

928



928



932



937



943



949



964



979



Миграциялық

сальдо, мың адам

15,1

19,9

25,6

31,7

38,0

44,6

59,9

76.5

Соның ішінде:

















еркектер

7,3


9,6


12,3


15,3


18,4


21,7


29,4


37,8


әйелдер


7,8


10,3


13,2


16,3


19,5


22,9


30,5


38.6


Туылғандардың саны, мың адам

284,9

349,9

353,0

316,5

291,7

306,0

344,2

311,1

Соның ішінде:

















ұлдар

147,3


180,9


182,5


163,6


150,8


158,2


178,0


160,9


қыздар

137,6


169,0


170,5


152,9


140,9


147,8


166,3


150,3


Қайтыс болғандардың саны, мың адам

154,6



160,4



159,2



157,6



162,6



172,5



205,0



245,8



Соның ішінде:

















еркектер

86,3


86,8


84,2


81,7


82,6


86,3


100,1


121,0


әйелдер

68,3


73,6


75,0


75,9


80,0


86,2


104,9


124,8


Табиғи өсім, мың адам

130,3

189,5

193,9

158,8

129,0

133,5

139,2

65,3

Соның ішінде:

















еркектер

61,0


94,1


98,3


81,9


68,2


71,9


77,9


39,9


әйелдер

69,3


95,4


95,6


76,9


60,9


61,6


61,3


25,5


Халықтың орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті

миграциялық


1,0


1,2


1,5


1,7


2,0


2,2


2,7


3,2


туылу

18,8


21,8


20,6


17,4


15,3


15,4


15,7


13,2


қайтыс болу

10,2


10,0


9,3


8,7


8,5


8,7


9,4


10,4


табиғи


8,6


11,8


11,3


8,7


6,8


6,7


6,4


2,8


Өсім

















Барлық өсім


9,6


13,0


12,8


10,5


8,8


8,9


9,1


6,0


Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша

3-кесте (2005-2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері)


Отандық ғалымдардың болжамдық есептері республика халқының саны әрбір бес жыл сайын 1 миллионнан астам адамға көбеюі мүмкін екендігін көрсетеді, соның нәтижесінде ол 2030 жылдың басында 19,8-20,9, 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамды құрайтын болады (7 кесте). Ерлердің өлім-жітімінің жедел азаюының арқасында 2030 жылы 1000 әйелге 949-951, 2050 жылы 979-985 еркек адамнан келетін болады (соңғы жылдары бұл көрсеткіш 929 адам деңгейінде болып тұр). Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010-2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, 2050 жылы — 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.



3.2 Шетел тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді реттеуді жетілдіру жолдары


Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселелері уақыт өткен сайын өзекті болып келеді. Бүкіләлемдік банк баяндамасы бойынша ҚР әлемдегі еңбек мигранттарын қабылдау бойынша 9-орынға табан тіреген. Қазақстанның әлемдегі территориялық орналасуының өзі әлемдік және аймақтық миграциялық процестерден шет қалуға мүмкіндік бермейді. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстан арзан жұмыс күшіне қарағанда сапалы, жоғары квалификациялы мамандарға мұқтаж. Мәселен, елімізге 2010 жылы 8737 маман келсе, 2013 жылы олардың саны 17274-ке жетіп, 2016 жылы шетел мамандарының саны үш есеге өсіп 58810-ға жетті.

Статистика бойынша шетел мамандарының саны жылдан-жылға өсіп келе жатқанын байқаймыз. Шетелдік жұмыс күшінің Қазақстандағы үлесі бойынша Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Индия, Италия және Ресей мемлекеттері көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекеттердің үлесіне бүгінгі күндері жалпы ресми шақырылған жұмыс күшінің 60%-70% пайызын құрайды. Дамушы біздің мемлекет үшін мамандардың келуі өте маңызды болып табылады. Әлем қарқындап дамып жатқанда жоғарғы технологияларды меңгерген мамандарды шақырған абзал. Қазақстанда табыла бермейтін, мүлдем кездеспейтін мамандық иелері болғаны дұрыс. Дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік шетел мамандарын шақырғанда жоғарғы технологияны меңгерген мамандарды шақырады.

Еңді мәселеге әлеуметтік зерттеу тұрғысынан келсек, зерттеуді 2015 жылы «Стратегия» зерттеу орталығы жүргізген. «Шетелден жұмыс күшін тартуға қалай қарайсыз?» деген сұраққа респондеттердің 30% ғана қолдаған. Сұралғандардың 57% бұл бағытты «дұрыс емес» деп бағалаған. Ал, қалған 13% жауап беруге қиналған. Бұл – Қазақстан Республикасының азаматтарының пікірі. Бірлікті ту еткен Қазақстан үшін ел азаматтарына шетелдік жұмыс күшінің мән-маңыздылығын түсіндірген дұрыс деп ойлаймын. Ал шетел мигранттарын біліміне, мамандығына, жалпы адамдық капиталына қарай шақыруды қолдаған респонденттер 55%; қарсы болғандар 23%; жалпы үлестің 22% жауап беруге қиналған [2].

Қазақстанға шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда мемлекет азаматтары әлеуметтік жағдайын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық ағымдарға белсене қатысуда. Яғни, халықаралық миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекет ішілік миграция сол секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішілік миграцияға жылына 350.000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп отыр. Оның негізгі себептері ауыл әлеуетінің әлсізденуінде жатыр. КСРО құлағаннан кейінгі кезеңде совхоз, колхаздар тарады. Өңдіріс орындары жеке меншік қолдарға өтті. Соңында, ауылшаруашылығы түбегейлі әлсіреді. Есеңгіреп қалған тұрғындар нәпақасын іздеп қалаларға жұмыс істеуге ағыла бастады (Алматы, Астана және өзге ірі қалалар). Сол уақытта қалыптасқан көш әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ол көш тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында. Ал қанша уақытқа қалаларға барып жұмыс жасайтындығын нақты анықтау мүмкін емес. Ата заңымызда Қазақстан Республикасының азаматтары көшіп-қонуға ерікті, құқылы деп жазылған [3]. Егер азаматтардың тұрғылықты мекеніңде жұмысы болмаса, отбасының, балаларының болашағын жоспарлау қиындық туғызатын болса, өзіне ыңғайлы жерге көшетіні әлемдік тәжірибеден белгілі. Миграция заңдылығы бойынша миграцияға ең ақылды, еңбекке қабілетті адамдар түседі. Демек белгілі бір аймақтан білімді, интелектуалды, еңбекқор азамат өзге аймаққа кетіп жатса, сол аймақ үлкен капиталдан айырылды деген сөз. Осы мәселелерге әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеуіне зер салсақ, соңғы уақытта ел азаматтарының басым көпшілігі ешқайда көшкілері келмейтіндіктерін айтқан. Ал статистика агентігінің мәлеметіне сүйенсек 2014 жылы 386247 адам ішкі миграцияға қатысқан болса, 2015 жылы 406251 адам қатысқан [4]. Еңді сол әлеуметтік зерттеуге назар аударсақ. Алғашқы және негізгі сұрақ «өзіңіздің тұрақты мекенінізді ауыстырғыныз келе ме?» болды. Осыдан алынған ақпарат бойынша халықтың басым бөлігі, яғни 73% ешқайда көшкісі келмейтінің айтқан. 2015 жылы ешқайда көшкісі келмейтін тұрғындардың саны 58% болған. Сұралғандардың төрттен бір бөлігі (23%) әр түрлі деңгейде (көшкім келеді бірақ, қашан білмеймін, көшкім келеді, бірақ, анығында көше аламын ба?) өздерінің тұрақты мекенін ауыстырғысы келеді екен. Жалпы пайыздық көрсеткіштердің 4% өзге жерге тұрақты түрде көшуге дайын екендігін айтқан. Бұл сұраққа жауап беруге қиналамын деген азаматтар 4% құраған. Тұрғындар нақты қайда көшкісі келетінін білу үшін «Сіз қайда көшкіңіз келеді?» деген сұраққа сұралған 23% ел азаматтарының 25% «Ресей» деп көрсеткен. Басым көпшілігі Қазақстанның түрлі өңірлеріне көшкенді жөн санайды екен (47%). Жауап берушілердің 11% Еуропа және өзге алыс-жақын шетелдерге көшкенді қалайтындықтарын айтқан [2].

Зерттеу барысында респонденттерге әр түрлі санаттағы көшіп келуші мигранттарға көзқарасы қандай екендігі сұралған. Нәтижесінде жаңадан келген мигранттарға жылы шырайлылық танытқандардың пайыздық үлесі 50% жетпеген. Яғни, респондеттердің 48% ішкі миграция қатысушыларына лоялъдылық танытса, сұралушылардың 47% сырттан келетін кәсіби жұмыс күшін дұрыс деп жауап берген. Бүгінде өте өзекті болып отырған этникалық қазақтар мәселесі назар аударуды қажет етеді. Респонденттердің 48% оралмандардың келуін дұрыс деп тауып, қолдау көрсетсе, қалғаны негативті көзқарас танытқан (аталған мәселе оралмандардың адаптациясына кедергі факторлардың бірі болуы мүмкін). Жалпы сұралушыларды этникалық жағынан алғанда қазақ ұлтының мигранттарға позитивті қарайтындығы сұрау нәтижесінде анық болған.

Елімізде заңсыз миграция шешімін таппай отырған мәселе болып табылады. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны бейресми ақпараттар бойынша 1 миллионнан асып жығылады. Аталған сан одан да көп болуы әбден мүмкін. ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында: «Миграция ағымының бақылаудан, реттеуден шығып кетуі ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін» екендігі жазылған. Әлем тарихында миграция әсерінен тұтастай ұлттарды қыспаққа алып жаңа мемлекеттердің құрылғанын, белгілі бір титулды ұлттардың өз мемлекетінде үлес салмағы азайып, орнына өзге ұлттар басып алғанын факт келтірмей-ақ білеміз. Ал біздің мемлекеттің адамдық ресурсы мен көрші мемлекеттердің адамдық ресурсын салыстырып қарағанда, біздің мемлекет үшін миграциялық саясатты мықтап қолға алу керек екендігі түсінікті. Мемлекет үшін ондай қауіп болмағанның өзінде заңсыз мигранттар саяси тұрақтылықты бұзуға (Франция, Италия тәжірибелері), қылмыстың өсуіне, жергілікті халық пен мигранттар қайшылығын туғызуға, маргинал топтардың пайда болуына, ұлттық еңбек нарығындағы дисбалансты бұзуға т.б. проблемаларға алып келетін топ екендігін ғалымдардың зерттеулері мен халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Осындай негативті феноменмен еліміз өзінің мүмкіндігінше күресіп жатыр. Бірақ, қанша әрекет жасасақ та осы күнге дейін заңсыз миграцияның көлемі азайған емес. Мәселен, 2015 жылы мигранттарды жаппай заңдастыру процесі жүрді. Мамандар іс-шара барысында 100 000 мигрантты заңдастырамыз деп болжаған. Нәтижесінде 2015 жылдың 9 қазанға дейін 142 941 шетел азаматынан арыз түссе, соның 141 950 заңдастырылған. Заңдастырылған мигранттардың басым көпшілігі келесі мемлекеттердің азаматтары болып табылады: Өзбекстан азаматтары - (71,7%); Қырғызстан азаматтары – (13,9%); Ресей азаматтары - (6,6%); Тажікстан азаматтары (2,9%); өзге мемлекеттердің азаматтары (4,7%). Мигранттардың басым көпшілігі құрылыс (95943), қызмет көрсету (18399) мен ауыл шаруашылығында (12965) жұмыс жасаған.Мұндай күрес шаралары ұзақ мерзімді нәтиже бермейді, тек заңсыз миграцияны бір маусымның көлемінде ғана шешуі мүмкін. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде заңсыз миграция мәселесі мемлекет назарынан ешқашан түскен емес. Мемлекет кез-келген мәселені заң шенберінде шешеді. Мемлекеттің мигранттарды мемлекет пен ұлт мүддесіне қолдана, жарата білу стратигиясы қалыптасқан. Сондықтан да, жүргізіліп отырған саясатының нәтижесі бар. Ал, біздің мемлекетте миграциялық ахуалды дұрыс реттеу үшін ең алдымен заманауи «Миграциялық үдерістерді реттеу туралы» Заң қабылдануы керек деп есептеймін. Себебі, қолданыстағы заң уақыт талабына сай келмейтіндігі іс-жүзінде белгілі болды.

Миграциялық процеске мемлекеттің ықпал ету әдістері тікелей де, жанама да болуы мүмкін. Әлемдік іс-тәжірибе қатаң іс-шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр, керісінше, жанама, үкімет тарапынан түзетуші ықпал жасаудың артықшылығы көп. Әлемдік қауымдастық, ең алдымен, халықаралық ұйымдардың құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтап отыруды қажетті және мақсатқа сай деп мойындап отыр. Айталық, еңбектік көші-қон үдерісін реттеуші халықаралық конвенцияны бекіту кезінде елдер халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығын мойындайды. Бұл елдер үшін де, шетелде құқықтары едәуір көбеятін мигранттар үшін де едәуір маңызға ие. Егер жұмысшы күшін қабылдаушы ел негізінен мигранттардың елге келуі мен оларды пайдалану үшін жауапкершілікті болса, жұмысшы күшін шетке жіберуші елдер шетке кетуді реттеу және өздерінің азаматтары болған шетелге кеткен мигранттардың мүдделерін қорғау мәселесімен айналысуы тиіс.

КСРО ыдырағаннан соң Қазақстанға әрқилы санаттағы шетелдік мигранттардың ағылып келуі және «мөлдір шекаралардың» пайда болуы біздің республикамызға келетін заңсыз мигранттардың санын көбейтіп жібергенін атап өту керек.

Заңсыз миграция мәселесі елдегі қылмыстық жағдайды шиеленістіріп жібереді (контрабанда, есірткі саудасы). Соған байланысты 2000 жылдың ақпанында Үкіметтің Қаулысы бойынша алыс шетел азаматтарының елімізге келуі және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі тек виза бойынша жүзеге асырылатын болды. Мұндай шаралар заңсыз миграцияны болдырмауға ықпалын тигізеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев осыған байланысты «Қазақстандағы мигранттардың заңсыз болуының алдын алу және мақсаты мен ниеті белгісіз күдікті туристердің жолын кесу шаралары арқылы біз өзіміздің көршілеріміздің тұрақтылығын сақтауға көмектесеміз» деп атап өткен болатын.



3.3 Дипломдық жұмыс материалдарын география курстарында қолдану


Дипломдық зерттеу жұмыстарын жазу барысында жинақталған зерттеу материалдарын мектептегі география курстарында өткізілетін сабақтарда қолдануға болады. Дипломдық жұмыс материалдарын қолдана отырып өткізілген мектептегі география курстарындағы сабақ үлгілерін ұсынамыз.


9-сынып «Қазақстаның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы

Сынып:

9

Тақырыбы: 

Халық саны мен табиғи өсімі

Мақсаттары 


Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халық саны және динамикалық өсу қарқыны, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық.  Қазақстан халқының табиғи өсімінің аумақтық бойынша айырмашылығын, қозғалыстарын, табғиғ қозғалыс типтерін  карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: 

Жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: 

АКТ, фронтальы сұрақ, психологиялық тренинг, деңгейлік тапсырма, sinkuein, жетістік баспалдағы, бағалау парағы.

Құрал-жабдықтар: 

Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта, дүние жүзінің халықтар картасы, кескін карталар

Негізгі ұғымдар: 

Демография, этнография, миграция, табғиғ өсім, халықтың механикалық қозғалысы, демографиялық революция,  демографиялық саясат, эмиграция, иммиграция, репатриация, вахталық көші-қон

2-мин

Амандасу

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.


10-мин

Үй тапсырамасы

«Фронтальды сұрау» Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?

Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?

Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?


3-мин

Сергіту сәті

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


2-мин

Топқа бөлу

Конфет арқылы


8-мин

Қызығушылықты ояту

Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік экономикасының құрылымын еске түсіріп, оның әлеуметтік география құрамдас бөлігіне зер салу. Бұл бөлігінде республиканың халық жағдайы қарастырылатынына назар аудару.


10-мин


Мағынаны тану «Деңгейлік тапсырма»


1. Демография, этнография ұғымдарына анықтама беру:

2. Халық саны және динамикалық өсу қарқыны:

Халық санының қазіргі жағдайы, халық санағы, халықтың табиғ өсімі, халықтың механикалық қозғалысын сипаттау.

3. Халықтың табиғи қозғалысы:

халықтың табиғи қозғалысы үш демографиялық революциядан өткені туралы айту, демографиялық көрсет кіштерге тоқталу, промильмен есептеуді үйрету, демографиялық жарылыс,  демографиялық революция,  демографиялық саясатқа тоқталу.

4. Халықтың көші-қоны (миграция):

халық көші-қонының маңызын түсіндіру, оның себептері, ұзақтығы, бағыты, түрі бойынша бөлінуін  айтып кету.


6-мин

Ой қорыту «Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы»

оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.


4-мин

Рефлексия

«Жетістік баспалдағ»

Көк-Білемін, Сары-Білдім

Рисунок 2



3-мин

Бағалау

Бағалау парағы. ( жауап берген + белгісін қояды)

Оқушылыр

Үй жұмысы

Деңгейлік тапсырма

Sinkuein

1

Тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4

Тапсырма

















2-мин

Үйге тапсырма


Үйге тапсырма беру кезеңі 3 пар.

  • Сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырма

  • Тест құрастыру

  • тесттерге жауап беру

































Сынып:

9

Тақырыбы: 


Халықтың құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы 

Мақсаттары 


Білімділік. Халықтың құрамы мен құрылымы ұғымдарына түсініктеме беру, Қазақстан халықының жыныстық және жас құрамдарын, еңбек ресурсын, еңбек нарығы мен халқының жұмыспен қамтылуын, кәсіби және әлеуметтік құрылымын анықтау. Қартаю коэффициенті, еңбек нарығы ұғымдары туралы  көзқарастарын қалыптастыру.  

Дамытушылық.  Қазақстанның халық құрамы мен еңбек ресурсын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: 

АКТ, сын тұрғысынан ойлау, фронтальды сұрау, миға шабуыл, блум таксономиясы, венн диаграммасы, БББ – кестесі.

Құрал-жабдықтар: 

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта, статистикалық деректер, интернет желісі.

Негізгі ұғымдар: 

Халықтың жыныстық және жас құрамы, қартаю коэффициенті, еңбек ресурсы,   еңбек нарығы, кәсіби және әлеуметтік құрылым.

2-мин

Амандасу

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

10-мин

Үй тапсырамас «Фронтальды сұрау»

1. Демография ғылымы нені зерттейді?

2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?

3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?


2-мин

Топқа бөлу

Жетон арқылы

8-мин

Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»

бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу.

10 - мин




10-мин


Мағынаны тану

«Блум таксономиясы»

1. Білу - Құрам мен құрылым ұғымдарына түсініктеме беру.

2. Түсіну - Қазақстан халқының жыныстық және жас құрамына шолу: демографиялық пирамиданы талдау. Жасына қарай үш топқа бөлінетінін айту. Қартаю коэффициенті туралы түсініктеме беру.

3. Қолдану - Еңбек ресурсы: негізгі үш құрамдас бөлігі: еңбек ресурсы дегеніміз не деген сұраққа жауап беру.

4. Талдау - Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы: Еңбек нарығы ұғымына түсініктеме беру.

5. Жинақтау - Халықтың құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы

6. Бағалау – жалпы тақырыпты қорытындылай отырып бағалау

6-мин

Ой қорыту

«Венн диаграммасы»


1. Кәсіби құрылымы: Кәсіби құрылымының үш секторы туралы жалпы түсініктеме беру. 

2. Әлеуметтік құрылымы: әлеуметтік құрылым туралы жалпы түсінік беру.

4-мин

Рефлексия

«БББ кестесі»

«БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады.

3-мин

Бағалау

Бағалау парағы. ( жауап берген + белгісін қояды)

Оқушылар

Үй жұмысы

Миға шабуыл

Блум таксономиясы

Венн диограммасы


«БББ» кестесі

1-2 3баға

1,2,3,4

4 баға

Толық тапсырма

5 баға




2-мин

Үйге тапсырма

53-54 -беттегі 1-6-тапсырма.







































11-сынып. «Дүниежүзіне аймақтық шолу» Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу

Сынып:

11

Тақырыбы:

§21 Халқы

Мақсаттары 


Білімділік. Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді білім үдерісінде пайдаланып,оқушыға терең мазмұнды білім беру;

Дамытушылық Азия.Халқы туралы таныстыра отырып,оқушының өз бетімен білім алуына жетелеу; Сыни тұрғыдан ойлау арқылы алған білімін қолдана алуына жағдай жасау;

Тәрбиелік. Оқулық,қосымша материалдарды тиімді пайдалануға,ойын еркін жеткізуге,білімін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту.  

Сабақ түрі: 

Аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:

АКТ, сын тұрғысынан ойлау, психологиялық тренинг, постер құру, ассосация, жалпақ сұрақтар, топтық тапсырма, бір айналымды сұрақ.

Құрал-жабдықтар: 

Дүниежүзінің халықтары туралы қабырға картасы, интерактвті тақта 

Негізгі ұғымдар: 

Халық саны, халықты орналастыру, халықтың қоныстану,халық тығыздығы, демографиялық жағдай

2-мин

Амандасу

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

2-мин

Топқа бөлу

Стикер арқылы


3мин

Сергіту сәті «Есте қалған қызықты оқиға»

-топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.



10-мин

Үй тапсырамасы «Постер құру»

постер арқылы үй жұмысын түсіндіру

  1. Азия табиғатына сипаттама беру?

  2. Азияның табиғат жағдайлары?

  3. Миниралды ресурстарын таралуына сипатама беру?

8-мин

Қызығушылықты ояту «Ассосация»

слайдта берілген суреттерді пайдаланып, оқушыларсабақ тақырыбын ойлап табады.

12-мин








10-мин

Мағынаны тану

«Жалпақ сұрақтар»










«Топтық тапсырма»


сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады

  • Азия халық саны қанша?

  • Азия аумағында хлық біркелкі таралған ба?

  • Азияның ең тығыз қоныстанған аймақ?

  • Азияныі ең сирек қоныстанған аймақ?


  1. АСхема 1 зия халқының саны және құрлымы

  2. Азия хылқының демографиялық жағдайы

  3. Азия халық тығыздығы


6-мин

Ой қорыту

«Бір айналым сұрақ»

оқшылар үстөл үстіндегі сұрақты алып топ ішінде ақылдсып сұраққа жауап береді.

  • Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы қысқаша айту? 

  • Халық пен қоршаған орта арасындағы байланыс қандай деген сұрақ қою?

  • Азия халқының орналасуының?

3-мин

Бағалау

Топтық бағалау

3-мин

Үйге тапсырма


§21 сұрақтарына дайындалу. 96-97 беттегі 1-5 тапсырмаларын орындау, кескін картаға түсіру














































ҚОРЫТЫНДЫ


Миграциялық процестерді және олардың Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кезеңдегі дамуына әсерін талдап-зерттеулердің нәтижесінде біз төмендегідей теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар жасадық:

Осы теориялық-тәжірибелік зерттеу, бақылау, анықтау нәтижесінде көші-қон үрдістерін басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретіндегі зерттеудің мынадай тиімділігін анықтадық:

1. Ұлттық шекаралар арқылы көшіп-қонулар мен нашар дамыған елдерден жақсы дамыған елдерге ақылды адамдарының кетуі ХХІ ғасырдың «бетбейнесін» қалыптастыратын негізгі күштердің бірі болады. Бұның ең кемінде үш себебі бар. Біріншіден, көші-қон (мигранттарды қабылдайтын) өндірісі дамыған елдердің де, сондай-ақ (мигранттарды жөнелтетін) нашар дамыған елдердің де демографиялық сипаттарын күрт өзгертетін болады. Екіншіден, жоғары білікті жұмысшылардың нашар дамыған елдерден кетуі табысы төмен елдерге де, сондай-ақ қабылдаушы елдерге де өз әсерін тигізетін болады. Үшіншіден, халықаралық диаспоралар орасан зор, әрі ықпалды іскерлік әлеуетке ие.

2. Ғалым экономистердің көзқарастарының эволюциясы халықтың көші-қонының мәнін, себептерін, факторларын, заңды байланыстарын анықтау жолымен дамыды. Бұлардың бәрі көші-қон үдерістерінің негізінде ең алдымен экономиканың дамуының қажеттіліктерімен шартталған заңдылықтар жатқандығын анықтауға мүмкіндік берді. Адамдардың өз өмір сүру жағдаяттарын жақсартуға тырысуы халықтың көші-қонының заңдылықтарының бірі болып отыр, сондай-ақ ол адамдардың өздері қалаған әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуінің көрінісі болып табылады. Халықтың қозғалысына, едәуір дәрежеде экономиканың дамуымен байланысты болған, мемлекеттік-саяси факторлардың әсері де болады, дегенмен, белгілі бір тарихи кезеңдерде бұл фактор дербес функциональдық мәнге ие болады.

3. Халықтың көші-қоны өзінің функциональдық мазмұны тұрғысынан қарастырылған кезде заңды байланыстарды және өзара тәуелділіктерді бейнелейтін күрделі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде көрініс табады. Ол өмірлік іс-әрекеттің көптеген жәйттерімен тәуелділенген қоғамдық дамудың бір мезетте әрі құралы, әрі факторы болып табылады. Бұндай жағдайлар әлеуметтік-экономикалық қатынастар, мигранттарды еңбектік және физиологиялық бейімдеудің мәселелері, қоныс аударушы халықтың демограифялық құрылымының ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік-мәдени және этникалық ортаға енуінің жағдаяттары. Халықтың көші-қонының үдерісінде туындайтын қарым-қатынастардың күрделі жүйесін талдап-зерттеулер оны басқарудың механизмдерін жасап шығу мақсатымен осы құбылыстың ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

4. Еңбек мигранттарының санының өсуіне көптеген әрқилы, сонымен қатар өзара тәуелді факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін, сондай-ақ оның еңбек нарығына және тұтастай алғанда бүкіл экономикаға әсерін білу көші-қон стратегиясын жасап шығу үшін өте маңызды.

5. Көші-қон үдерістерін басқару стратегиясының келешегін бағалай отырып, одан жақын арада аса зор нәтижелер күтудің қажеті де жоқ шығар. Көп жағдайда сыртқы шараларға бір жағынан — ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы және еңбек нарығы мәселелерінің шиеленісуі сияқты, ал екінші жағынан — шетелге қоныс аударуға және дамыған елдермен байланысты кеңейтуге қажетті шығындардың өсуі тәрізді үдерістер қоса қабаттасып жүріп отырады.

6. Этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да өркендеуі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени реңк беріп қана қоймай, көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күшіне айналуы да мүмкін. Сонымен бір мезетте көші-қонның өз бизнесін ашу, дәулетінің деңгейін көтеру сияқты экономикалық себептері бұрын да, алдағы кезеңде де негізгі қозғаушы күш бола бермек. Этникалық бизнес — жеке этникалық азшылықтардың қандайда бір іс-әрекет түріне бейімділігінің және мигранттардың басқа мәдени-әлеуметтік ортада өмір сүруге сәтті бейімделуінің үйлесімінің нәтижесі.

7. Қазақстан Республикасы халқының көші-қонының себептерін факторлық талдап-зерделеуіміз сыртқы көші-қонның дамуына тарихи-этникалық факторлардың, ал ішкі көші-қонның дамуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың басты себеп болып отырғандығы жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

8. Сыртқы көші-қон Қазақстан Республикасы халқының демографиялық сипаттамаларын өзгерткен негізгі фактор болып табылады. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі көші-қон үдерістерін талдап-зерттеулер 1990 жылдардың бас кезінде барынша күшейіп кеткен көші-қондық шығындардың қарқыны бірте-бірте азайғандығын, көші-қон үдерістерінің тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Алдағы кезеңде көші-қондық жағдайдың жақсаруы экономикадағы табысты өркендеудің болуына және қоғамдық-саяси өмірдің тұрақтылығына байланысты болмақ.

9. Қазақстанның дамушы аудандарындағы құрылымдық реформалардың тереңдеуі, экономиканың жан-жақтылануы, оның өркендеуінің ішкі көздерінің нығаюы халықтың өмір сүруге біршама қолайлы аумақтар мен жерлерге тиімді қайта қоныстануын қамтамасыз етеді.

10. Қазақстан Республикасында сыртқы көші-қонды реттеу бойынша белгілі бір мемлекеттік саясат қалыптасты, бұл саясатты жүзеге асыру көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету — біріншіден, жалпы алғанда, елдің және оның азаматтарының қауіпсіздігі, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайының жақсаруының, экономиканың өркендеуінің маңызды факторларының бірі; екіншіден, сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін дәлелдеп отыр.

Сонымен, миграция дегеніміз – қазіргі жаһандану үдерісі мен әлемдік саясаттың өзекті мәселелерінің бірі. Миграциялық процесс кеңестік кеңістіктен кейінгі кезеңде бұрыңғы әлеуметтік жүйедегі елдерде аса қарқын алғаны белгілі. Сонау тарихи кезеңдердегі Жібек жолы салған сара жолмен тараптанған қазақ жерінің геосаяси орналасуы да, жалпы миграциялық үрдістен бұл аумақтың ешқашан тыс қалмайтынына тағы бір дәлел. Үкімет жанынан жұмыс істейтін көші-қон комитеті және миграциялық полиция қызметі де бүгінгі ішкі және сыртқы миграция үрдісін реттеуге міндеттелген, соған сәйкес олардың жұмыстары да солай үйлестірілуге тиісті. Алайда, соңғы уақыттардағы миграциялық ауытқулар көрініс алуда. Әсіресе, оралмандардың тарихи отанға келгеннен кейінгі елді мекендерге орналасуына, Орталық Азия елдерінен келетін заңсыз еңбек мигранттарының елде жүріп-тұруына қатысты келеңсіздіктер олардың тікелей міндеттеріне айтылар сын болып табылады. Оралмандардың елге орналасуы мен олардың жақындық-жершілдік мүддесіне сай тұрақтануы және мамандығына сай жұмысқа орналасуына қатысты кедергілер ішкі миграцияның кейбір мәселелерін тудыруда.

Гастарбайтерлер деп аталатын (немісшеден аударғанда Gastarbeiter-қонақтаушы жұмысшы), Орталық Азия елдерінен жұмысшыларсыз біздің Қазақстандық экономиканы да, қоғамды да елестету қиын болып бара жатыр. Еңбек мигранттары сапындағы гастарбайтерлер елдегі ірі құрылыстармен қатар, тұрғын үйлерді жөндеу және базарларда сауда жасау секілді салаларда еңбек етіп жатыр. Қазақстандағы еңбек миграциясы аса күрделі. Мұндай еңбек мигранттары елдегі заңды және заңсыз миграцияның түзілуіне де жол ашты. Заңсыз миграцияның салдары өте көп. Олардың еңбегінің белгілі елдегі салық заңдарымен реттеуге бейімсіздігі де, ел бюджетіне түсуі тиісті қаржының сыртқа кетуіне жол ашады. Орталық Азия елдеріндегі саяси-экономикалық даму үрдісі демографиялық, экологиялық, әлеуметтік дағдарыстар жағдайына мәжбүрлеуде.

Қорытындалай келе, жоғарыда атағандай, миграцияны тәжірибе жүзінде көптеген қырларынан қарауға болады. Оның ішінде ішкі миграциялық ағым бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін айтып өттік. Зерттеулер көрсетіп отырғандай ішкі миграцияның басты себептерінің бірі – аймақтардағы экономикалық жағдайдың төмендігі. Осы себепті көптеген ғалымдардың пікірі бойынша келесідей іс-шараларды атқаруы керек:

- ауылдағы инфрақұрылымды барынша дамыту;

- әлеуметтік нысандарды жетілдіріп, заманауи деңгейге жеткізу (мектеп, бала-бақша, емхана);

- заңда ішкі миграцияның мәселесін нақтылау және оның негізгі статусын анықтау;

- ауылшаруашылығын кәсіпкерлікке айналдырудың концепциясын жасау.

Осындай атқарылуы керек міндеттер бар. Дегенмен, бұл оңай шаруа емес екендігі анық. Бәлкім, болашақта бұл мәселелер өз шешімін табады деп сенемін. Бұлар – тек миграцияға ғана емес, жалпы мемлекеттік дамуға керек мәселелер. Миграцияның екінші жағы – сыртқы миграция. Бүгінде оның өзекті мәселе екенін осы жағдайды сараптау барысында көрсеткен болатынмын. Әлем мемлекеттерінің өзі осы мәселені шешуде қиындықтарға тап болып жатқаны мәлім. Біз миграциялық ағымнан қашып құтыла алмаймыз, сондықтан, оны тиімді түрде өзіміздің пайдамызға асырғанымыз дұрыс.

Көші-қон үрдістерін басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде материалдарын қолдануда ұсынатын ұсыныстар:

  • заңсыз миграцияны бақылау, жазалау және оның алдын алуды жетілдіру;

  • еңбек миграциясына берілетін квоталарды салалық деңгейге байланысты бөлу.

























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Назарбаев Н. «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауы: Алматы.- 1998.- 177

2. Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтар айында құрылды және ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің бұйрығымен (2008 жылғы 16 сәуірдегі №49) Астана қаласының Статистика департаменті

3. М.Б. Тәтімов, «Миграциялық саясат қандай болуы керек», Алматы – 1998

4. Қазақстан Республикасы статистикалық жылнамалығы, 2015.

5. Қадырқұлова Г.К. «Население Семиречья в 1867-1926 г.г. (историко-демографические аспекты)»

6. Төлекова М.К. «Қазақстан өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 ж.ж.)»

7. 1997 жылы Қазақстан Республикасында да миграцияға қатысты «Тұрғындардың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

8. Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2015. – 203 б.

Оқу-әдістемелік басылымдар:

9. http://e-history.kz/kz/contents/view/1502 © e-history.kz

10. Көшіп – келушілердің бейімделу жолдарын жақсарту. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. – 111 б.

11. Сыртқы көшіп – қонуды мемлекеттік реттеу. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. – 16 б.

12. Әлеуметтік салаға көшіп - қонудың әсері. - Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2015 ж. 202 б

13. Совершенствование менеджмента и его влияние на стабилизацию миграционных процессов в Казахстане.–Алматы: Ізденіс №2(1), 2007 ж.–47 б.

14. Иммиграцияның еңбек нарығына әсері. – Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2, 2016 ж. – 100 б.

15. Развитие рынка труда в сельхозпроизводстве и его значение для стабилизации миграционных процессов Казахстана.- Алматы: Экономика и статистика №1, 2016 ж. – 41 б.

16. Көші-қон үдерісінің отандық экономикаға әсер етуінің кейбір мәселелері. Алматы: Статистика, учет и аудит №2(23), 2006 ж. – 21 б.

17. Сыртқы сауданы либералдандыру – эмиграцияны азайту. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №4(43), 2006 ж. – 152 б.

18. Анализ потоков внутренней миграции сельского населения в республике Казахстан за годы суверенного развития. Алмыты: Казахский национальный аграрный университет, Исследования, результаты №4, 2005 г. – 165 с. (Соавтор Э.Х. Синицына).

19. Влияния миграционных процессов на развитие трудового потенциала Республики казхастан и его сельхозпроизводство. – Алматы: Поиск №4, 2005 г. – 90 с.

20. Миграционные процессы и безработица в Казахстане. Алматы: Проблемы агрорынка №4, 2005 г. – 87.

21. Развитие малого предпринимательства в сельскохозяйственном производстве Казахстана – источник стабилизации миграционных процессов в стране. Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №9, 2005 г. – 188 с

22. Көшіп – қонудың демографиялық өзгеріске әсері. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2007 ж. – 117 б.

23. Анализ миграционной ситуации сельского населения в Республике Казахстан. Алматы: Экономика негіздері №4, 2007 ж. -20 б.

24. Проблемы экономического образования. Алматы: Основы экономики № 2, 2006 г. – 23 с. (Соавтор Г. Юльчиева).

25. Әлеуметтік салаға көшіп-қонудың әсері. Алматы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2006 ж.

26. Иммиграция және өндіріс. Алматы: Экономика негіздері №6, 2010 ж. – 17 б.

27. Внутренняя миграция сельского населения РК. – Алматы: Основы экономики №3, 2015 г. – 21с.

28. Совершенствование механизма сокращения безработицы – фактор положительного влияния на миграционные процессы в Казахстане. Алматы: Международный научный симпозиум, 414 с.

29. C.Е. Метелев, Международная трудовая миграция и нелегальная миграция в России, 18-22-бет. «ЮНИТИ-ДАНА» баспасы, Мәскеу. 2006

30. Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2014. – 203 б.

31. Анализ потоков внутренней миграции сельского населения в республике Казахстан за годы суверенного развития. Алмыты: Казахский национальный аграрный университет, Исследования, результаты №4, 2005 г. – 165 с. (Соавтор Э.Х. Синицына).

32. Влияния миграционных процессов на развитие трудового потенциала Республики казхастан и его сельхозпроизводство. – Алматы: Поиск №4, 2005 г. – 90 с.

33. Миграционные процессы и безработица в Казахстане. Алматы: Проблемы агрорынка №4, 2005 г. – 87.

34. http://stat.gov.kz/getImg?id=ESTAT133470

35. Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі және миграция, Қоғам және дәуір – 2004, N

36. Интеллектуалдық эмиграция және қауіпсіздік, Алматы - 2004

37. Қазақ энциклопедиясы I том

46


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі