жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дипломдық жұмыс: "Арал теңізі"
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Сырдария өзенінің ағысы азаюы себепті өлкенің гидрологиялық режимі қуаңдану бағытына қарай өзгеруінің әсерінен 2,0 млн. гектардан артық шалғынды жерлер, шабындықтар мен орман-тоғайлар кеуіп қалды. Соның салдарынан Арал теңізінің үштен екіден артығырақ бөлігі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы мыңдаған көлдердің көпшілігі кеуіп, бұрыннан қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендердің тұтастығына жік түсті[1]. Сырдария өзенінің ағысы азайып, суының минералдығы көтерілді, шаруашылық айналымдағы жерлердің мелиоративтік күйі азғындалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Арал теңізінің қазақстандық бөлігінде қалыптасып отырған экологиялық жағдаймен танысу, зерттеу.
Арал теңізінің физикалық-географиялық жағдайымен танысу;
Арал теңізінде экологиялық апаттың орын алуы себептеріне талдау жасау;
Арал теңізінің қазақстандық бөлігін қалпына келтіру шаралары, экологиялық жобалармен танысу;
Солтүстік кіші Арал теңізі суының гидрологиялық және гидрохимиялық режиміндегі өзгерістермен танысу;
Арал өңірінің топырақ, өсімдік жамылғысында және табиғат ландшафтарындағы өзгерістерді анықтау;
Экологиялық шиеленістің халық оміріне тигізетін әсері, яғни әлеуметтік салдармен танысу.
Зерттеу нысаны:
Қызылорда облысы Арал ауданы, Солтүстік Арал теңізі (САТ), теңіз жағалауындағы жерлер, елді-мекендер – Қаратерең, Тастақ және т.б.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ретроспективалық, картографиялық, статистикалық және салыстыру әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмысқа қажетті материалдарды жинақтау барысында профильдік мекемелердің кәсіби ақпараттары олардың жылдық шаруашылық есептерінен алынды:
Қызылорда облыстық табиғат қорғау басқармасы;
Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасы;
Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы аумақтық басқармасы;
Қызылорда облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы;
Қызылорда облыстық табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру мекемесі;
Қызылорда облыстық су шаруашылығы мекемесі (Қазсушар);
Су ресурстары комитеті;
Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылының әкімдігі;
Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы;
Қызылорда облыстық статистика басқармасы.
Сондай-ақ жекелеген нысандардың жазба тарихы, кәсіби мамандардың қолындағы ресми есептері мен жинақтаған мәліметтері, карталары, схемалары ақпарат көзі ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы:
Солтүстік Арал теңізінің (САТ) су деңгейінің көтерілуінен өңірде қалыптасқан экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағытын айқындайды;
Өңірде экологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму бағытын, яғни, Арал теңізінің жағалауында көпсалалы (егіншілік, мал бағу, балық аулау) шаруашылық жүргізуді ұйымдастыруды ұсынады;
Диплом жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталған және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуға бағытталған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған сілтемелер мен әдебиеттер тізімінен, кестелер мен суреттерден тұрады.
І. АРАЛ ТЕҢІЗІ (ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, АУМАҒЫ, СУ МАССАСЫ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ Т.Б.)
1-сурет. Арал теңізінің ғарыштан түсірілген суреті, тамыз 2010 жыл.
Арал – Евразия материгінің орталығында, Тұран ойпатында орналасқан ағынсыз теңіз-көл. Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының территориясын алып жатыр. 1960 жылғы есептеу бойынша ауданы 68,90 мың км², 1990 жылдары – 36,5 мың км², ал 2010 жылғы 25 қарашадағы көрсеткіші – 13,9 мың км². Жалпы 300-ден астам аралы бар (ең ірілері – Барсакелмес және Возрождение). Арал теңізінің су биомассасын толықтырушы басты өзендер – Сырдария мен Амударияның суларын есепсіз ысырап қылып, шаруашылықты оңтайлы басқармаудың нәтижесінде - Арал теңізінің 2/3 айырылып қалдық. Кешегі күнге дейін Арал теңізінің табанынан жыл сайын 100 тоннадан астам әртүрлі химикаттар мен улы қоспалары бар тұздармен ұсақдисперсті шаң ұшып келді. Бұл тажалдың таралуына тағы бір себеп – Арал теңізінің батыстан шығысқа қарай соғатын қуатты желдің жолында жатуында[6].
Арал теңізі сан жылдар бойы жергілікті халықты асырап келді, енді судың тұздылығының бірнеше есе артуынан балықтардың кейбір түрлері қырылып қалды. Оған тағы бір себеп кезінде теңізге жыл сайын 60 км³ су беріп келген Сырдария мен Амударияның ағынының ирригациялық жұмыстарға бұрылуында, нәтижесінде жылына 4-5 км³ су келіп тұрды.
1970 жылдарға дейін теңізде балықтың 34 түрі мекендеп келді, оның 20-дан астам түрі ауланды. 1946 жылы Арал теңізінен 23 мың тонна, ал 1980 жылдары 60 000 тонна балық ауланды. Аралдың қазақстандық бөлігінде – 5 балық зауыты, 1 балық консервілеу комбинаты және 45 балық қабылдау пункті жұмыс жасады, өзбекстандық бөлікте - 5 балық зауыты, 1 балық консервілеу комбинаты және 20-дан астам балық қабылдау пункті қызмет етті[5].
2001 жылы Оңтүстік Арал теңізі батыс және шығыс екі бөлікке бөлінді, ал Возрождение аралы шығанаққа айналды.
1-кесте. Арал теңізінің жылнамалық параметрлері
Көрсеткіштер |
1960 |
1990 |
2003 |
2004 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Судың деңгейі, м |
53,40 |
38,24 |
31,0 |
|
|
|
|
|
Көлемі, км³ |
1083 |
323 |
112,8 |
|
75 |
|
|
|
Айдынының ауданы, мың.км² |
68,90 |
36,8 |
18,24 |
17,2 |
14,183 |
10,579 |
11,8 |
13,9 |
Минерализация, ‰ |
9,90 |
29 |
78,0 |
|
100 |
|
|
|
Ағын, км³/жылына |
63 |
12,5 |
3,2 |
|
|
|
|
|
Арал теңізінің қойнауында мұнай мен газдың мол қоры бар болуы мүмкін деген жаңалық теңіз тағдырына тағы да алаңдаушылық тудыруда. Алысқа бармай-ақ Каспий теңізінің фаунасы мен флорасын мысал ретінде келтірейік. Болжам бойынша Арал теңізінің қойнауында 100 млрд. м³ газ және 1-1,5 млрд. тонна мұнай қоры бар екен. Осы болжамды шындыққа айналдыру мақсатында жапондық JNOC корпорациясы және ағылшын-голландтық Shell компаниясы Арал теңізі бассейнінен мұнай мен газдың кеніштерін барлауда[6].
1.2. Арал теңізінің тартылу себептері (Суармалы егіншіліктің дамуы)
Өткен ғасырдың ортасында әлемдегі ең ірі тұйық су көздерінің бірі – Арал теңізінің тағдыры көпшілік назарына ілініп, көптеген ғылыми және жобалау мекемелері жүргізген зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтер басылым беттеріне жиі шығып тұрды. Оған себеп, теңізді сақтап тұрған Сырдария және Амудария өзендерінің бассейнінде суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы болды.
Сырдария мен Амудария суын шаруашылыққа пайдалану қажеттігін ХІХ бен ХХ ғасырлардың аралығында белсенді уағыздаған белгілі орыс ғалымы А.И.Воейков (1908 ж.) болған еді. Оның пікірінше, өзендер суын Аралға құйғызып қойып, оны сақтағаннан гөрі сол суды шаруашылыққа пайдалану экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді болар еді.
Балық шаруашылығымен айналысатын жобалау мекемелерінің есептеулеріне қарағанда, Арал теңізінен оның 50-ші жылдардағы деңгейі сақталып тұратын болса, жыл сайын 450-500 мың центнер балық ауланады. Сырдария мен Амударияның атырауларында әр түрлі мелиоративтік шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын ауланатын балықтың мөлшерін 600 мың центнерге жеткізуге болады. Балықтың сол кездегі құнымен есептегенде ол 40 (қырық) миллион сом құрайды. Сонымен бірге Орта Азиядағы барлық бос су қорларын, негізінен Сырдария мен Амударияның, түгел пайдаланғанда, әр түрлі жобалау-зерттеу мекемелерінің есептеулері бойынша, суармалы егістің көлемін 4-тен 10 миллион гектарға жеткізуге болады екен. К.И.Лейкиннің (1966 ж.) мәліметі бойынша, Өзбекстанның колхоздарында 1 (бір) гектар жерден алынатын өнімнің құны 1958-1962 жылдары мынадай болған (сом есебімен): мақта – 723, күріш – 401, көкөніс – 772, жүзім – 1240, жеміс-жидек – 468; совхозда: мақта – 515, күріш – 341, көкөніс – 716, жүзім – 2022, жеміс-жидек – 2750 сом болған көрінеді.
50-ші жылдары Сырдария мен Амударияның бассейндерінде суармалы жердің көлемі 2,9 млн гектар болатын. Сол тұстағы техникалық және қаржы-қаражат қорының деңгейінен алғанда бұл жоғары көрсеткіш еді. Сол көлемдегі суармалы жер Арал бассейніндегі халық шаруашылығы беретін жалпы түсімнің 50%-ін, оның ішінде егіншіліктің жеке салаларын алғанда Кеңес Одағы бойынша өндірілетін мақтаның 95%-ін, едәуір мөлшерде күріш, бақша, ерте көкөніс, жеміс-жидек, жүзім және басқа ауылшаруашылығы өнімдерін берді. Сондай-ақ мал азығын, оның ішінде ең құндысы – жоңышқа пішенін беріп тұрды.
Табиғи-климат жағдайы қолайлы оңтүстік аймақтарда суармалы егіншіліктің тиімділігі түйткіл болып, елдің экономикасын нығайту, оның ішінде әсіресе азық-түлікті молайту мақсатында суармалы егістің көлемін ұлғайту жөнінде арнайы бағдарлама қабылданды. Сол бойынша Орта Азия мен Қазақстанда суармалы егістің көлемін 4,0 млн гектарға жеткізіп, оған екі дарияның жылдық орташа 100-108 км³ (Амудария – 63,1; Сырдария - 37) ағысынан жыл сайын шамамен 45-50 км³ су жұмсау, ал онан қалатын шамамен 50 км³-дей бөлігін теңізге құйып тұру межеленді. Егер жыл сайын осы есептегі судың көлемі теңізге түсіп тұратын болса, онда балықшылық кәсібіне зиян тигізбей-ақ теңіз деңгейін 40 пен 50 метрдің (абсолют белгіден) аралығында ұзақ мерзімде ұстап тұруға болады екен. Бұл жобалық болжам еді. Айта кету керек, 1960 жылға дейін жыл сайын екі дариядан теңізге орта есеппен 50 км³-дей су түсіп тұрған болатын. Орташа көрсеткіш дейтініміз, өзендердің ағысы әр жылдарда тұрақты бола бермейді. Кей жылдары өзен ағысы аздау, енді бір жылдары мол болуы себепті теңізге түсетін судың кірісі 64-тен 33 км³ аралығында болып тұрды. Жауын-шашынмен теңіз айдынына түсетін судың көлемі 9-10 км³ шамасында. Осындай кірістің есебінен теңіз бетінен булануға кететін су массасының орны толығып тұрды.
Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес 60-шы жылдардың басында суармалы егістің көлемін көбейту қолға алынғанда өзендер ағысын егіншілікке жұмсаудың ауқымы күрт көбейіп, сонан теңізге түсетін судың көлемі күрт азайып кетті.
Өзендер ағысының көпшілігі негізінен суға тілек екі дақыл – мақта мен күріш егістерін суаруға жұмсалады. Мақта егісінің көлемін анықтағанда тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың оптималды құрылымы есепке алынады. Бұл жағдайда мақта тінімен қатар химиялық жолмен алынған синтетикалық тінді шикізат ретінде пайдаланудың ара қатынасы тиімді дәрежеде болуы шарт. Бұл екі түрлі тіндерді өндіру мен олардан алынатын бұйымдардың (изделие) пайдалануышылық және эстетикалық қасиеттері бірдей емес. Техника-экономикалық тұрғыдан алғанда табиғи тін, оның ішінде мақта тінін өндіру әлде қайда қымбатқа түседі. Мақта өнімінің бір өлшем бірлігіне жұмсалатын еңбек, пайдалану және күрделі (капитальный) шығын көбірек жұмсалады. Мақта егу, өнімін жинау, оны өңдеп, таза тін алуға жұмсалатын шығын жасанды химиялық тін өндіруге жұмсалатын шығыннан 3-4 есе артық болады. Жасанды вискоздық тін өндіруге жұмсалатын шығынға бастапқы шикізат пен химиялық шалапродуктылар және энергияға жұмсалатын және басқа шығындар қосылатыны белгілі. Соның өзінде мақта тінін өндіру әлде қайда қымбатқа түседі. Осы шығындар түрін салыстыратын болсақ, мақта тінінің өзіндік құны химиялық тін өндіруге жұмсалатын шығыннан артық деген қорытынды жасауға болады. Табиғи және жасанды тіндерден жасалған бұйымдардың тұтыну қасиеттерін өзара салыстырғанда, техникалық мақсатқа жұмсалатын вискоздық тіннен жасалған бұйымдардан мақта тінінен алынған бұйымдар барлық жағынан төмен екені байқалады. Сол себепті өндірісі дамыған елдерде автомобильдің резина дөңгелегін қордалауға, резина-техникалық бұйымдарға, балық аулау құралдарына негізінен жасанды тін қолданатын болды. Әрине, мұнан мақта тіні сұраныссыз қалды деген пікір туындамаса керек. Олай дейтініміз, мақта тінінің қасиеттері жасанды тіннен әлде қайда жоғары. Сол себепті, әлі ұзақ уақыт бойы тұрмыста қолданатын бұйымдар жасауға мақта тініне сұраныс жоғары болмақ. Келешекте мақта тінін пайдалану біртіндеп азаюы мүмкін. Әйтсе де оны жасанды тінмен толық ауыстыруға болмас.
Айта кету керек, экономикасы тәуір дамыған Жапония, Германия, Англия, Италия, Франция сияқты елдердің тоқыма өнеркәсібінде шикізаттың құрамындағы химиялық жасанды тіннің үлесі едәуір болып отыр. Бұл елдерде тоқыма шикізатының құрамында жасанды тіннің үлесі 50%, тіпті онан да көбірек болса, АҚШ-та өткен ғасырдың 70-ші жылдарында-ақ химиялық жасанды тінді пайдалануды 57%-ке жеткізді. Химиялық жасанды тінге сұраныстың өсуі мен мақта тініне онша көп сұраныс болмағандықтан АҚШ мақта тінін өндіруді 1960 жылы жан басына шаққанда 20,5 келіден 1970 жылы 10,6 келіге дейін азайтты.
Бұрынғы Кеңес Одағы бұл салада басқа жолды қалады. Мұнда мақта тінін өндіруді жыл сайын 2,4 млн тоннаға (1975 ж. – 7 млн. тонна шитті мақта) жеткізумен бірге басқа да шынайы (натуральное) тіндерді (зығыр тіні, жүн, шынайы жібек) көбейту және жыл сайын химиялық тіннің өндірісін 1,1 млн тоннаға жеткізу жоспарланды. Бұл жағдайда 1975 жылы тоқыма шикізатының балансында тіннің үлесі 25% болып, келешекте оның өндірісі көбейтілуі тиіс болды. Осындай себептен Арал бассейніндегі мақта егетін республикалар - Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстан мақта егісінің көлемін жоғарыдан түсетін жоспар ментөменде қабылданатын көтерме жоспарға лайықтап, бақылаусыз көбейтумен болды. Сөйтіп, 1970 жылы мақтаның орташа өнімі гектарына 24,8 центнерге жетті. Бірақ бұл жоспардағы есепке кірмейтін артық көлемді егіс егудің есебінен болған нәтиже еді. Мақташылар мұны науқанға айналдырды. Сондай берекесіз қимылдың нәтижесінде тек мақта егетін жердің көлемі 2,4 млн гектарға жетіп, сонан 6,5 млн тонна шитті мақта өндірілді.
Мақта егісінің көлемі ұлғаюымен қатар жалпы мақта кешенінің (комплекс) көлемі де өсті. Өйткені, бұл кешенге мақтамен бірге ауыспалы егістің міндетті құрамы болып табылатын жоңышқа егісі кіреді. Сондықтан мақта ауыспалы егісінде жоңышқаның да егіс көлемі көбейді. Егер 1970 жылғы мақта кешеніндегі жоңышқаның егіс көлемі 20% болса, ол 1985 жылы 35%-ке жетті. Сонан жалпы мақта кешенінің егіс көлемі 3,9 млн гектарды құрады. Осынша көлемді суға тілек егістерді суаруға екі өзеннің жылдық ағысынан шамамен 54 км³ су жұмсалып тұрды, ал оның 46 км³-і (нетто) қайтымсыз шығынға кетті. Мақтаның гектарына жұмсалатын су 6000-8000 м³ болса, ал жоңышқаның гектарына (нетто) – 10000-12000 м³ су кетеді. Әрине, бұл жоғары норма. Әдетте, судың мұнша көп жұмсалуы ирригациялық жүйелердің сапасыздығынан суды пайдалану коэффициенті (ПӘК – 0,5) төмендігінен болып тұр.
Сонымен бірге екі дарияның бассейндерінде суға тілек, сондықтан суды көп пайдаланатын күріш егісінің де көлемі едәуір болды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Сырдария мен Амударияның орта және төменгі ағысында күрші егісінің жалпы көлемі 130 мың гектардай болады деп есептелетін. Ал күріштік кешеннің жалпы көлемі 200,0 мың гектар болып, оның орташа түсімі гектарына 24-25 центнерден айналды. Ғылыми-практикалық ұсыныстарға сәйкес күріш егісінің бір гектарына жұмсалатын су 25,0 мың м³. Егер суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК-КПД) 0,5 болса, онда теориялық жағынан алғанда күріштің толық пісіп-жетілуі үшін жұмсалатын су гектарына 50,0 мың м³ болады екен. Бірақ, көптеген алқаптарда, әсіресе Сырдарияның төменгі ағысындағы кейбір аудандарда күріш атызындағы судың деңгейін ұстап тұру үшін нақтылы жұмсалатын судың көлемі гектарына 80 мың м³-ге дейін жетті. Ақиқатына жүгінсек, судың осынша берекесіз шығыны оның табиғи жолмен жоғалуынан (булану, топыраққа сіңу) емес, жоспардан тыс артық көлемде күріш егісін егуге жұмсалғандығынан болды. Ресми мәлімет бойынша, 1980 жылдарға таман теңіздің деңгейін ұстап тұрған екі дарияның бассейніндегі күріштік кешенге жыл сайын жұмсалған судың көлемі 2,0 км³, оның ішінде қайтымсыз кетіп тұрған көлемі 1,2 км³ деп есептелді, бірақ нақты жұмсалып тұрғаны онан әлде қайда көп еді.
Күріш егісінің көлемін жоспарлағанда Одақ бойынша халық санының болжам бойынша өсімі мен оның жан басына тұтынатын мөлшерінен алынды. КСРО Ғылым академиясының тамақтану институтының (институт питания) зерттеулеріне қарағанда, Одақ бойынша сол кездердегі Шығыс аймақтардағы халықтың ақталған күрішке сұранысы 730,0 мың тонна (1985 ж.) болады екен. Ондай көлемде ақ күріш алу үшін 1,12 млн тонна күріш салысын өндіру керек. Арал теңізінің бассейнінде күріш егісінен гектарына жобалық 45 центнерден күріш салысын алу үшін егіс көлемін 200,0 мың гектарға жеткізу қажет болды. Бұл жағдайда күріш кешенінің жалпы егіс көлемі 1985 жылы 310 мың гектар болу керек еді. Егістің көлемін мұнша көбейту күріш егісінің гектарлық суару нормасын 22,0 мың м³-ге дейін азайтып, суару жүйесінің ПӘК-тін 0,7-ге көбейтудің есебінен болатыны жобаланды. Бұл жоба бойынша Арал бассейнінде күріш кешеніне жұмсалатын судың жылдық көлемі – 7,3 км³, оның ішінде қайтымсыз пайдаланатын су – 4,3 км³.
Сонымен бірге өзендер ағысының едәуір бөлігі мал азықтық және көкөніс, бақша, жеміс-жидек дақылдарын суаруға, сондай-ақ Орта Азияның ыстық аймағындағы елдің дәстүрлі кішігірім су қоймаларына кетіп отырды. Фактіге жүгінсек 1970 жылы мал азықтық, жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 1,2 млн гектар болып, соның 0,9 млн гектары өзен суымен суарылды. Есеп бойынша оған жұмсалған судың көлемі 11,0 км³, оның ішінде қайтымсыз кеткен су 8 км³ болды. Осы жоба бойынша жалпы екі дарияның жылдық ағысынан егіншілікке қайтымсыз жұмсалатын су көлемінің динамикасы мынадай: 1970 ж. - 62 км³, 1985 ж. - 71 км³, сөйтіп теңізге құятын судың көлемі 1985 жылы 37,0 км³-ге дейін азабы тиіс еді.
80-ші жылдарда Арал бассейніндегі суармалы жердің жалпы көлемі жобадағы 4,0 млн гектардың орнына 7,3 млн гектарға жетіп, оны суаруға Сырдария мен Амударияның жалпы жылдық ағысынан 90 км³ су жұмсалып отырды. Суармалы жер көлемінің осынша көбеюіне Орта Азияның көптеген аймақтарында мелиоративтік күйі нашар, яғни, егін егуге жарамсыз жерлерді игеру себеп болды. Олар Өзбекстанда Бетпақдала, Жизақ, Қаршы аймақтарының жерлері мен Түркіменстандағы Қарақұм жармасының бойындағы тақырлар еді. Ол жерлердің ауқымды көлемі сорлар мен сорланған жерлер болатын. Сонда да олар жоспар орындау мақсатында ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Әрине, суармалы егістің көлемі өсуімен бірге оларға қызмет ететін суару-қашыртқы жүйелері салынды, бірақ көп жағдайда олардың сапалық деңгейі төмен күйде қалды. Әсіресе, ескі суару жүйелерінің ПӘК-тін жоба бойынша 75%-тің орнына 55%-тен аспады. Соның салдарынан судың пайдасыз шығыны көбейді. Судың едәуір көлемі кебір және сор жерлерді шаюға жұмсалды. Осы процестің барысында айнала тұйық ой жерлерге шайынды-сығынды сулармен бірге кейде дарияның таза суы да құйылып жатты, мысалы, Арнасай мен Сарықамыс қазан шұнқырларына. Соның нәтижесінде табиғатқа және экономикаға пайдасы жоқ көптеген көлдер пайда болды. Олардың ішінде ұзындығы 100 км, көлденеңі 80 км Сарықамыс ойпатында 50 км су жиналды. Түрікмендер болса Амударияны өздері жеке иеленіп, оның ағысын Қарақұм жармасы арқылы ыспа құмның арасымен айдады. Құм арасымен аққан судың сіңіп кеткен мөлшері өте көп болды. Бар деректерге қарағанда, Қарақұм жармасының табанынан құмға сіңіп кететін су оның тартатын көлемінің 25%-індей болады екен. Демек, бұл жарманың бойындағы жерлерді суару экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық жағынан күллі зиян.
Өзбек Республикасының басшылары «үлкен адым» (большой скачок) деген күмәнді идеяға жабысып, ал қазақстандықтар елдің шығыс аймағында күріш «қамбасын» (житница) жасауды армандап, су пайдаланудағы берекесіздікке көздерін жұма қарады. Әсіресе, Сырдарияның суы аяусыз талапайға түсті. Соның бір айғағы ретінде 60-шы жылдардан бастап, өзбектер Сырдарияның жылдық ағысынан жыл сайын өздеріне лимит бойынша тиесілі суынан 14 км3 артық алып отырды. Сонан Сырдың төменгі ағысында су көлемі өте азайып, азғантай келген су (Сырдарияның жылдық ағысынан 13%) түгелдей күріш атыздарына жіберіліп жатты. Қызылордалықтар күріш өндірісін молайту жолында жоғарыдан түсетін және жергілікті жерде жағымпаз пысықтар ойлап тапқан көтерме жоспарды орындау мақсатында есептен тыс күріш егуге дағдыланып, өзен арнасында қасық су қалдырмай суармалы егіске пайдаланды. Сөйтіп, сол кезеңде Сырдария өзенінің ағысы күріш атыздарына кіріп тоқтады.
Осы орайда Су шаруашылығы министрлігінің жауапсыз қызметін ерекше атап өткен жөн. Бұл ведомостік ұстанған қате, әрі жауапсыз стратегиясының салдарынан Арал бассейнінде жер-судың және материалдық қаржы-қаражаттың шығыны орасан көп болды. Фактіге жүгінетін болсақ, 1971-1985 жылдарда бұл министрлік су шаруашылығы құрылысына 79,1 млрд сом қаржы салып, оның қайтымы бір сомға есептегенде 33 тиыннан айналған еді. Су шаруашылығы министрлігі Үкіметтің алдында егістен жиналған өніммен емес, қазылған жердің текше метрімен есеп беріп жүрді. Бұрынғы КСРО-ның жерінде қазылған жармалар мен арықтардың ұзындығы 700 мың шақырым болды. Әйтсе де осынша қыруар жұмыстар орындалғанымен суару жүйелері өте нашар күйде қалды. Ол ол ма, 30 (отыз) млн гектар жер құнарын жоғалтты, 4 (төрт) млн гектар жерді ресми түрде егіске жарамсыз депайналымнана шығарып тастады, оның 3 (үш) миллион гектары Орта Азия аймақтарында, ал 9 (тоғыз) млн гектар жер қайта жөндеуді қажет ететін күйде болды.
Жауапсыз жасалған гидрожобалардың нәтижесінде 70-ші жылдардан кейін 20 жыл ішінде өзен алқаптарында өте құнарлы жерлердің 10 млн гектары су қоймалары мен жайылма судың астында қалды. Соның зиянынан 350-400 млрд сомның өнімі жоғалды.
1.3. Климат режимінің қалыптасуы
Арал теңізінің климат режимі жөнінде жоғарыда келтірген қысқаша ақпарат өткен ғасырдың 50-шы жылдарындағы мәліметтер негізінде алынды. Ол кезде теңіздің деңгейі биік, суының массасы көп еді. Сол себепті, климат құрайтын элементтерінің көрсеткіштері онаша қатаң болған жоқ. Сонан бері өткен жарты ғасырда бұл өңірде үлкен экологиялық өзгерістер болып, теңіздің үштен екіден (2/3) артығырақ бөлігі құрғап қалуына әкеліп соқтырды. Теңіздің құрғаған орнында ауқымды сусыз құрлық пайда болды. Жаңа құрлықтың климат режимі теңіздің толық кезіндегі жұмсақ климат режимінен әлде қайда өзгеше қалыптасуда. Оның өзгешелігі континенттік белгілерінің күшейе түсуінде болып тұр. Соның айғағы ретінде қыс айларында дауылдатып соғатын қатты желдің жиі қайталануын, жазда атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейіп бара жатқанын айтуға болады. Теңіз толық кезінде бұл өңірде жаз айларында атмосфералық ауаның аномалдық ауытқуы сирек болатын құбылыс еді. Кейінгі жылдары жазда да ауарайының алай-түлей өзгеруі жиілеуіне қарағанда мұндағы климат режимі бұрынғы күйінен өзгеріп бара жатқанын аңғаруға болады. Арал гидрометеостансасының мәліметтері негізінде әр жылғы қаңтар айының орта температурасын салыстырғанда бұл көрсеткіштердің арасында ауытқушылық бар екені байқалады ( - кестелер).
7-кесте. Ауаның айлық орта температурасы ºС. (Арал гидрометеостанциясы, 2002 ж.)
жыл |
Айлар тізбегі |
жыл- дық |
|||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
||
1998 |
-15 |
-10,3 |
-1,8 |
8,8 |
18,2 |
28,3 |
29,6 |
26,9 |
18,4 |
8,7 |
-5 |
-5,7 |
8,4 |
2001 |
-10,9 |
-10,5 |
4,6 |
12,4 |
22,2 |
25,1 |
25,6 |
24,5 |
16,3 |
7,1 |
1,4 |
-7,1 |
9,2 |
2002 |
-3,3 |
-0,7 |
6,1 |
8,3 |
16,3 |
22,5 |
28,2 |
26,2 |
19,8 |
8,8 |
-4 |
-7,7 |
12,6 |
1998 жылдың қаңтар айының орта температурасы - 15ºС болса, 2001 жылдың осы кезеңінде – 10,9ºС, 2002 жылы бұл көрсеткіш – 3,3ºС-қа дейін көтерілгені көзге түседі, ал ақпан айында тіпті – 0,7ºС-қа дейін көтерілуі температура режимінің күшті тербелуін айғақтаса керек. Әйтсе де Арал өңірінде айлық орта температураның мұндай құбылмалы болуына сол үлкен құбылыстың әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмас. Өйткені, аймақтың климаты континенттік болған соң ауарайы тұрақты бола бермейді. Қазіргі кезде сол континенттік белгілерінің өзі қытымырланып бара жатқан сыңайлы. Демек, қазіргі экологиялық дағдарыстың салдарынан қалыптасып отырған табиғаттың азып-тозған күйі климат режимінде кем-кемнен ауытқушылық туғызып отыр.
Арал өңірі ежелден жауын-шашыны тапшы болатын аймақ. Арал мен Қазалы гидрометеостанцияларының көп жылдық орта мәліметі бойынша жауынның жылдық орта мөлшері 90 – 110 мм-дей болады. Әрине, бұл тұрақты көрсеткіш емес. Кей жылдары жауын көп жауады, ал енді бір жылдары тіпті аз болады. 1998 жылы Арал өңірінде жауған жауынның жылдық орта мөлшері небары 90 мм болып, соның 34 мм-і наурыз айында, 13 мм-і тамыз айында жауды. Ал 2002 тек 8 айдың ішінде (қаңтар-тамыз) 134,4 мм жауын жауды. Онан келесі, яғни 2003 жылы бұл өлкеде жауын-шашын тіпті көп болып, оның жылдық орта көрсеткіші 182 мм-ге жетті. Әсіресе, мамыр айы жауынды болды.
8-кесте. Жауын-шашын мөлшері (мм). (Арал гидрометеостанциясы, 2002 ж.)
жыл |
Айлар тізбегі |
жыл- дық |
|||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
||
1998 |
15 |
5,0 |
34,0 |
3,0 |
2,0 |
3,0 |
1,0 |
13,0 |
0 |
0 |
10,0 |
4,0 |
90 |
2001 |
14,9 |
2,7 |
4,6 |
11,7 |
3,8 |
7,6 |
11,3 |
4,7 |
5,6 |
15,2 |
11,0 |
13,7 |
107 |
2002 |
22,6 |
14,7 |
26,9 |
38,0 |
5,7 |
24,9 |
0,1 |
6,5 |
- |
- |
- |
- |
134,4 |
Климат режимін құрайтын элементтерінің бірі – ауаның ылғалдығы. Бұл өте маңызды көрсеткіш, өйткені, өсімдіктің қалыпты өсіп-өніп, көбірек биомасса жинауына тікелей ықпалын тигізеді. Жауынның көпжылдық орта мөлшері сақталғанымен ауаның ылғалдығы оған байланысты бола бермейді. Бұрын Арал теңізінің суы мол кезінде оның бетінен буланатын су бұл өңірде мал-жанға жайлы өсімдік пен жануарлар әлеміне жағымжы микроклимат жасап тұратын-ды. Теңіздің ауқымды бөлігінен су кеткен соң атмосфералық ауаның құрғақтануы күшейгені аңғарылды. Ауаның құрғақтығы неғұрлым жоғары болса, өсімдік жабынының биомасса жинауы соғұрлым төмен болады. Бұл жағдайда жем-шөп қоры шектеліп қалатыны белгілі. Ендеше ауаның құрғақтығы экономикалық зиян болатыны анық. Арал өңірінде атмосфералық ауаның ылғалдығы сәл-пәл көтеріңкілеу болатын кезеңі жылдың бірінші және төртінші тоқсандарына тура келеді. Бұл кезде жауын-шашын көптеу және салқын кезде судың булануы пәстеу болады. Алайда, ол кезеңдерде ауаның ылғалдығы өсімдік үшін пайдасы жоқ. Ауаның құрғақтығы мен жаз айларында ауадағы ылғалдың жетімсіздігінің арқасында тікелей байланыс бар және оның мәні өте жоғары. Атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейген сайын ондағы ылғылдың жетімсіздігі (дефицит) де өсімдіктің вегетациясына ауыр тиеді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында теңіз жағасына жақын орналасқан жаңа атырауда (Қазалы оазисі) жүргізілген зерттеулер ауадағы ылғалдың жетімсіздігі 18,1 ден 27,1 миллибар (мб) аралығында болған (И.Я.Якупова және басқалар, 1973). Ол кезде Сырдария өзені тежеусіз ағып, жаңа атырау жеріне және Арал теңізіне мол су әкеліп тұрды. Жаңа атырау мен Арал теңізінің жағалауындағы көптеген көл жүйелері мен теңіз қолтықтары суға толы болды. Көл жүйелерінің жағасы мен айнала төңірегіндегі ылғалды (гидроморф) топырақтарды қалың шөп жабынынан көтерілетін транспирация, сонымен бірге Арал теңізінің айдынынан буланатын су бұл өңірде атмосфералық ауаның ылғалдығын көтеріңкі деңгейде ұстап тұрады.
Сол себепті, жаз айларында ауа қанша құрғақ дегенімен ылғалдың жетімсіздігі миллибар есебінен онша көп болған жоқ. Сонан бері өткен уақыт ішінде бұл өңірде орын алған ірі экологиялық өзгерістердің салдарынан суы кеткен Арал теңізі, оның қолтықтары мен көл жүйелері ауаға ылғал берудің орнына тұзды шаң таратып отыр. Сонан ауаның құрғақтығы мен ондағы ылғалдың жетімсіздігі күшейе түсуде (9-кесте).
9-кесте. Арал өңірінде атмосфералық ауадағы ылғалдың жетімсіздігі (мб). (Қызылорда облыстық гидрометеоорталығы)
Метео-станция |
Айлар тізбегі |
Жыл-дық |
|||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
||
Арал
|
0,4 |
0,5 |
4,4 |
4,8 |
21,7 |
26,7 |
27,7 |
21,4 |
6,1 |
6,3 |
0,9 |
0,5 |
141 |
0,1 |
0,4 |
3,8 |
15,6 |
46,9 |
27,0 |
27,8 |
15,7 |
14,5 |
4,2 |
0,3 |
1,7 |
152,7 |
|
Қазалы |
0,9 |
0,9 |
3,4 |
9,9 |
13,9 |
22,2 |
25,0 |
20,1 |
12,6 |
8,3 |
2,0 |
0,9 |
120,1 |
0,5 |
9,6 |
1,2 |
7,6 |
13,6 |
23,7 |
22,4 |
20,3 |
14,2 |
6,7 |
2,4 |
0,9 |
123,1 |
|
1998 жылы Арал гидрометеостанциясы жүргізген бақылауда ауадағы ылғалдың жетімсіздігі 152,7 мб болса, сол кезеңде Қазалыда 123,1 мб болған, яғни 70-шы жылдардағы көрсеткіштен 8 - 9 есе жоғары болғаны байқалды. Кей жылдары көктем жауын-шашынды болса, онда ауа-райы салқындау болады да ондай кезде ауадағы ылғалдың жетімсіздк мәні де төмен. Енді бір жылдары, керісінше жауын-шашын аз, әрі ерте шығып құрғақшылық болса ауадағы ылғалдың тапшылығы күшейе түседі, яғни, атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейіп, өсімдіктерге, жалпы тірі табиғатқа жағымсыз жағдай қалыптасады. Сонымен Арал өңірінде климат құрайтын элементтері қолайсыз бағытта жиі өзгеріп тұрады.
Ежелгі Барсакелместің климаты Арал теңізінің сыртындағы шөл даланың климатына ұқсас, соның ықпалымен қалыптасқан. Мұнда ұзақтығы 4 айға созылатын жазы ыстық (шілденің орта температурасы +24,2ºС, шөпті суық ұрмайтын күннің саны – 204-213 тәулік, температураның абсолюттік максимумы +39ºС. Қысы онша ұзақ емес – қарашадан ақпанға дейін ғана, бірақ суық.)
Қаңтар-ақпан айларында айлық орта температураның тербелісі 1,5ºС-тан 12ºС-қа дейін, ал ең төменгі температура -25ºС. Қыс айларында қатты суық жел ұдайы соғып тұрады және азғантай жауған қарды сай-жыраға үйіп тастайды. Көктем өте қысқа, бірақ тез жылиды. Жылына жауатын жауын 107,6 мм, көбінесе көктем мен күзде жауады. Барсакелместің үстінде атмосфералық ауа құрғақ, әрі ыстық болғандықтан бұрын теңіз үстінде пайда болған жауынды бұлттар Барсакелместі айналып кететін-ді. Егер жаңбыр жауса оның тамшылары жерге жетпей буланып кетеді.
Сонымен Арал теңізі Тұран ойпатындағы шөл даланың тірі табиғатқа қытымыр әсерін бәсеңдетіп, буферлық қызмет атқарған болатын. Қазір оның орнындағы жаңа құрлықтың климат режимі шөл даланың климатының ықпалымен қалыптасу үстінде және өзі де өлкедегі экологиялық қолайсыз жағдайды күшейте түсуде.
ІІ СОЛТҮСТІК КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІ (САТ)
2.1 Табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыру (Көкарал бөгеті, бөгеттің екінші кезегін салу жобасы)
Арал теңізі Тұран ойпатында мал-жанға жайлы табиғаттың тұтастығын сақтап келген буферлік құбылыс болды. Қазір теңіздің үштен екіден артығырақ бөлігі жоғалып, аумағы үлкен кеңістікке сусыз шөл даланың пайда болуы тек оңтүстік аймақ емес, бүкіл Қазақстан жерінде табиғаттың бұзылуына себепші болуда. Құрғаған теңіз орнында пайда болған жаңа географиялық нысанның дамуы екі бағытта жүруде: табиғи жолмен және табиғи процестерді антропогендік реттеу арқылы. Антропогендік қызметтің негізгі мақсаты табиғи қорларды тиімді пайдалануға саяды.
Табиғи қорлардың қай-қайсысы да, айталық жер, су, өсімдік, жан-жануарлар тағыда басқалары ұлттық байлық болып табылады. Сол себепті, оларды шаруашылық айналымға қосқанда ғана экономиканың өрбуіне, әлеуметтік жағдайдың орнықты дамуына жаңа серпін беретіні белгілі қағида. Соның айғағы ретінде Арал теңізінде «Көкарал» бөгетін салу арқылы Солтүстік Арал Теңізін (САТ) бөлектеп сақтау және Сырдарияға «Ақлақ» тоспасын салуды айтуға болады. Көкарал бөгеті тек Арал өңірінде ғана емес бүкіл Қазақстан жеріндегі алып құрылыс деуге тұратын сыңайлы. Өйткені, экологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған мұндай күрделі шараны жүзеге асыру үшін теңізді теңізден бөлектеп сақтау тәжірибесі бүкіл ТМД жерінде алғашқы болып орындалуда. Әлемнің түпкір-түпкірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалардың ішінде Көкарал жобасы анау айтқан ірі жобалардың санатында болмауыда мүмкін. Айталық, Голландияда теңіздің қолтығын бөгетпен бөліп алып, оны гүлденген бау-бақшасы мен жайқалған қызыл гүлді мәдени жерге айналдыру тәжірибесімен салыстыруға келіңкіремейді. Бірақ біздің жағдайымызда Солтүстік кіші Арал теңізін бөлектеп сақтаудың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы орасан зор.
Үлкен теңізден Кіші теңізді бөліп алып, оны шағын аймақта экологиялық буфер ретінде сақтап қалу идеясы Арал теңізінің деңгейі құрғап төмен түсе бастағаннан-ақ қылаң берген болатын. Сол идеяны жүзеге асыру жолында талай қағаз жазылып, талай рет мінбеден айтылса да қаржы көзі табылмаған соң екі теңіздің арасындағы қылмойынды (бұғаз) құм топырақпен болса да бөгеу жұмысы қолға алынған-ды. Бірақ, ол бөгет ғылыми жобасыз, қажетті құрылыс материалдары болмай-ақ жарытымсыз қаржымен басталды да құм үстіне құм үю болып шықты. Бұл жерде айта кететін бір жай, ол құм бөгеті салу идеясын жақтаушылар мен оны салушылар қарапайым әдіспен үйілген құм бөгет теңіздің асау толқынын ұстап тұра алмайтынын білмеді деуге болмас. Әрине, білді. Сөйте тұра сондай қадамға бару Арал теңізінің дәл осы тұсынан теңізді бөгеп, Солтүстік кіші теңізді сақтауға болатынын дәлелдейтін тәжірибелік үлгі үшін қажет болды ғой деп ойлаймыз. Рас, ол эксперимент сәтсіз аяқталып, қайғылы жақтары да болды. Әйтсе де, ол Арал теңізі және сол сияқты ірі географиялық нысандарды жаңа экологиялық жағдайға бейімдеуге болатынын бүкіл әлемге паш еткені ақиқат. Яғни, әлем қауымдастығы, егер қаржы көзі табылатын болса, онда экологиялық жобаларды жүзеге асыру арқылы кез келген аймақта экологиялық апаттың бетін қайтаруға болатынын дәлелдейтіндей тәжірибе болып шықты. Бұл Арал теңізіне арналған инвестицияға жол ашты. Сөйтіп, құны 85,28 млн АҚШ долларын құрайтын РРССАМ жобасы жасалып, практикалық орындауға қосылды. Ол қаржының 21,0 миллионын Қазақстан Республикасының Үкіметі, 64,28 миллионын Әлемдік несие беру банкісі экологиялық апат аймағындағы ел мен жердің тұрмыс-тіршілігін қайта жандандыруға бөліп отыр.[4]
2-сурет. Солтүстік Арал теңізінің (САТ) темір-бетоннан салынған 9 (тоғыз) торапты қақпасы (аэро-фотосурет)
Көкарал бөгетінің биіктігі 4,0 метрден сәл ғана асады. Жоба бойынша бөгет бұғаздың ең тар жеріне салынып, әр 45 метр сайын жағалау бір метрге биіктеп салынған. Инженерлік жобасыз салынған бұрынғы құмбөгетпен салыстыру үшін айтатын болсақ, бөгеттің жел мен су тиетін қабырғасын Мұғалжар тауынан әкелген қиыршық таспен жобаға сәйкес қаптап тасталды. Төменгі жағына майда, ал оның сыртынан «А» категориясына жататын ірі бөлшекті құммен бірнеше қабат етіп жабылды. Бөгеттің дәл ортасында Солтүстік Арал теңізінің (САТ) темір-бетоннан салынған 9 (тоғыз) торапты қақпасы бар. Ол секундына 295 м³ суды Батыс Аралға еркін жібереді[4].
3-сурет. САТ темір-бетоннан салынған 9 (тоғыз) торапты қақпасы.
Сонымен бірге, егер қыс айларында кездейсоқ жағдай болып, ыққан мұз қақпаға қысым түсіретін болса, онда оны жаратын бірнеше мұзжарғыш қоса орнатылды. Қызылорда облысының еншісіне дербес тиетін Солтүстік Арал теңізінің келешек тағдыры қандай болатыны әркімге ой салады. Өйткені, салынған бөгеттің қазіргі биіктігі осы деңгейде қалатын болса, онда Солтүстік Кіші теңіздің аумағын су түгелдей жаба алмайды. Мұның себебін сәл шегініс жасап еске сала кететін болсақ, кез-келген теңіз бетінің биіктігін халықаралық қауымдастық ноль деп қабылдаған Балтық теңізінің деңгейімен салыстырады. Міне, сонымен есептегенде 1994 жылы Солтүстік кіші Аралдың биіктігі 36,88 белгісіне дейін түскенде оның солтүстік бөлігі кеуіп қалды. Солтүстік кіші Аралдың өзі, Орталық бөлігі, Шевченко, Сарышығанақ және Бутаков шығанағы болып бөлінетін 4 бөліктен тұрады. Олардың белгілері бірдей емес. Жағасында Арал қаласы тұрған қиыр солтүстігінің деңгейі басқа бөліктеріне қарағанда биіктеу. Сол себепті қазіргі Көкарал бөгетінің деңгейі 40 метрлік белгіде тұратын болса, онда кіші теңіздің белгілері төмен жатқан ең терең бөліктері болып табылатын Орталық пен Шевченко шығанағында 21,0 км³-ге дейін су жиналады да Бутаков қолтығы мен Сарышығанаққа су мүлде бармайды. Халық көп шоғырланған Арал қаласы мен оның төңірегіндегі ел мекендеген бөліктері сол баяғы құрғақ күйінде қалады. Демек, бұл жағдайда Солтүстік кіші Арал өзінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық функциясын толық атқара алмайтыны ақиқат. Сол себепті, САТ құрылысының бірінші кезеңінде кіші Аралдың деңгейін 42-ге жеткізу межесі тұр. Сонда Солтүстік Аралдың төрт бөлігін су толық басып, оның көлемі 27 км³ болады. Бірақ бұл көлемді су аздық етеді. Есептеулерге қарағанда, Солтүстік кіші Арал теңізі толық мәнді жұмыс істеуі үшін ондағы судың көлемі 34,0 км³-ден кем болмауы тиіс. Ол үшін Көкарал бөгетінің екінші кезеңін жалғастырып, оның биіктігін 44,0 метрге жеткізсе ғана барлық мәселе шешіледі, күткен үміт ақталады. Кейінгі жылдары Сырдария өзенінің ағысы тым-тәуір болып тұрғанын ескерсек, бұл мәселе жанға батпай-ақ шешімін табар еді. Оған объективті алғышарттар жоқ емес, мысалы, 1945 жылы Сарышығанақтағы теңіздің тереңдігі 20,0 метрдей болған-ды. Сарышығанақты суға толтырғанда ел шоғырланған Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Жамбыл, Тастүбек, Ақеспе, Ақбасты учаскелеріне теңіз жақындап, балығын береді, малға жайылым мен шабындық молаяды, мал-жанға жайлы микроклимат қалыптасады. Сөйтіп, кіші Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық игілігін молынан көруге мүмкіндік туады.
10-кесте.
Жоба бойынша Солтүстік кіші Аралдың
негізгі көрсеткіштері
Р/с |
Негізгі көрсеткіштері |
Жобаны жүзеге асырғанға дейін |
Жобаны жүзеге асырғаннан кейін |
Ұлғаю (+) н/е азаю (-) |
1. |
Судың деңгейінің белгісі, м БЖ |
38,0 |
42,0 |
+4,0 |
2. |
Су айдынының аумағы, км² |
2414 |
3288 |
+874,0 |
3. |
Судың көлемі, км³ |
15,6 |
27,1 |
+11,5 |
4. |
Теңіз суының минералдығы (тұздылығы), г/л |
23 |
17,0 |
-5,0 |
5. |
Өндірістік балық аулау, мың тонна |
0,4 |
11,7 |
+11,3 |
6. |
Теңізді толтыру уақыты, жыл |
- |
3-4 |
- |
7. |
Арал қаласына дейінгі қашықтық, км |
75 |
12,0 |
-63,0 |
Түсініктеме: соңғы 10 жылда жыл сайын кіші Аралға түсіп тұрған судың көлемі 6-7 км³[4].
2.2 Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Қазақ халқының сан ғасырлық қиын-қыстау даму жолында рухани, тарихи-мәдени және демографиялық түп-тірегі болып келе жатқан Арал өңірін «Сыр елі – Алаштың Анасы» деп айтқан Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзі оның бұл өлкеге, елінің тағдырына ерекше ықыласпен қарайтынын көпшілікке паш етеді. 90-шы жылдары Арал теңізінің тартылуы күн санап асқынған кезінде онан туындаған экологиялық апат барған сайын ушыға түсті. Осы тұста Арал апатына әлемнің назарын аударып, проблеманы шешу жолында Елбасы өзінің күш-жігерін аямай қимылдады.
Проблеманы жылжыту үшін әлемдік қауымдастықты қолдаушы ету мақсатында халықаралық конференция ұйымдастырып, Арал теңізі мен Арал өңірінің экологиялық ахуалын сауықтыру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде бірлескен іс-қимыл жасау туралы келісімге қол жеткізді. Аралды құтқаруға байланысты дүние жүзінде көптеген, әсіресе, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Түркия сияқты ірі елдердің басшыларынан қолдауға ие болды. Осы оңтайлы жағдайлар дем болып, Қазақстан Республикасы үшін алғашқы қиын-қыстау кезеңде 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету шараларын жүзеге асыру жолында ауқымды жұмыстар жүргізуге кең жол ашылды. Сөйтіп, Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар Арал өңіріне ерекше назар аудара бастады. Соның нәтижесінде Қызылорда облысы көптеген халықаралық және шетелдік ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік Банк, ПРООН, ЮСАИД сияқты беделді ұйымдардың өкілдері қызмет көрсететеін орталыққа айналды.
Арал өңіріндегі экологиялық проблемалар мен аймақты дамыту жобаларын Елбасы әрдайым ғылыми зерделеп, жаңа ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, Арал теңізінің ықшамдалған бөлігін сақтап қалуды, сөйтіп, Сыр өңірін экологиялық сауықтыруға бағытталған жобаларды батыл қолдады. Көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін зерттеу жұмыстары Президенттің қолдауымен іске асырылып келеді. 2004-2015 жылдарға арналған ҚР Қауіпсіздік тұжырымдамасында Арал өңірінің экологиялық проблемаларына қатысты көптеген мәселелерді шешу көзделіп отырғаны соны айғақтайды.
Күні кеше ғана Арал өңірінің тұрғындары үшін сағымдай бұлдыраған ой-арман ғана болып келген мәселелер Президенттің қажырлы қолдауының нәтижесінде оң шешімін тауып, ел игілігіне тұтынатын ақиқатқа айналды.
Осы орайда ауызсу туралы айтсақ болады. Ежелден тұщы су тапшылығының тауқыметін көріп келе жатқан Арал өңірінде экологиялық тоқырау белең алғаннан бері оған ауызсудың жетімсіздігі мен сапасыздығы қосылып, ел ішінде ауру-сырқаудың санын 30%-ға көтеріп жіберген еді. Бұл проблема Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтар қатарынан орын алды. Сөйтіп, оны орындауға бағытталған жұмыстар жүйелі атқарылуы үшін жергілікті бюджеттен 198,0 млн теңге, республикалық бюджеттен де қомақты қаржы бөлініп, игерілді және шетел инвесторлары тартылды.
Елбасы 2005 жылғы сәуірде Қызылорда облысына сапары кезінде Арал қаласындағы қайта жарақталған су құбырының пайдалануға беру рәсіміне қатысып, қала тұрғындарымен кездесуде қалаішілік су тарату желісін өз қолымен ашты.
1994 жылы Нүкіс қаласында (Өзбекстан Республикасы) Орта Азия мемлекеттерінің басшылары кездесуінде «Арал теңізі» өңіріндегі экологиялық жағдайды сауықтыру бағдарламасы қабылданған болатын. Сол бағдарламада Сырдария өзенінің төменгі ағысында ауыл шаруашылығы мен балық өндірісін дамыту межеленді. Соның құжаты негізінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу» (САРАТС) жобасы дайындалып, оның құрамында Солтүстік Арал теңізін (САТ) бөгет арқылы бөлектеу, Сырдарияға «Ақлақ» тоспасын және «Әйтек» су алу құрылысын салу, Шардара бөгетін жөндеу, Сырдария өзеніндегі қорғаныс тоспалары мен өзен арнасын түзету, су шаруашылығы мекемелеріне көмек көрсету және балық шаруашылығын өрбіту жұмыстарын орындау қаралды. Осы жобаны қаржыландыруды және жүзеге асыруды Н.Ә.Назарбаев өзінің бақылауынан шығармады. Елбасы Арал өңіріне келген сапарында пайдалануға берілген Көкарал бөгетімен танысқан соң бөгеттің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен тағы 100 (жүз) миллион доллардан артығырақ қаржы бөлінетінін атап өтті. «Ол құрылыс толық біткенде Арал қаласынан 80 шақырым қашықтап кеткен теңіз 10 шақырымға дейін жақындайды. Сонда біз экологиялық апат аймағы деген таңбалы аттан құтыламыз», - деді Президент.
Соңғы жылдары Сырдария өзенінің төменгі ағысында оқыс құбылыстар жиі қайталанып, көптеген әлеуметтік-экономикалық маңызды нысандарға залал келтіргені көпшілікке аян. Соларға тосқауыл қоюдың ең тиімді жолы ретінде Сырдарияда су өткізгішігі 700 м³/сек. болатын Әйтек су тоспасын жаңартып салу, Қараөзек тармағының бас құрылысын қайта жаңарту, Әйтек, Соркөл, Елтай жармаларының бас құрылыстарын жаңалап, жетілдіру және мамандарға тұрғын үйлер салып беру сияқты маңызды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ Қараөзек тармағында жаңа су торабының құрылысын салу туралы шешім қабылданды. Осы құрылыс біткенде Қараөзектен төменгі аймақта жайылым жерлерді суландыруға және 1,5 млрд м³ су қабылдайтын көлдер жүйесін толтыруға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде өлкенің экологиялық ахуалын сауықтыруға қосатын елеулі үлес болатыны күмән туғызбайды. «Міне, 27 мың шаршы шақырым жерді суландыратын кешенді құрылыс іске қосылды. Осыдан екі жыл бұрын іргетасын қалаған Әйтектің алғашқы суын жіберу мүмкіндігіне ие болды. Осы су елдің ырзықтығы, берекесі болғай», - деді Елбасы. Арал өңірінде экологиялық апаттың бетін қайтарып, ел мен табиғаттың арасында қарым-қатынасы жіптіктей гармониялық даму жолына түсіру мақсатында Н.Назарбаев ерекше қайсарлықпен аянбай тер төккенін Сыр елі көзбен көріп, оған тәнті болып отырғаны шындық. Арал өңірінде орындалған және әлі де жүзеге асырылатын жұмыстар осы аймақтың халқы үшін ұланғайыр десек те, олар Елбасы атқаратын орасан көп қызметінің бір бөлігі ғана. Соның өзінде Президент оған айрықша мән беріп, өз бақылауында демеуші болып жүргені, Арал өңірі мен елдің тағдырына шынайы сезіммен қарайтыны әркімге аян[4].
2.3. Теңіз жағалауындағы көлдерге су түсуі
Сонымен бірге теңіз жағалауы көгалданып, шабындық пен мал жайылымына пайдаланатын жер телімдерінің ауқымы кеңейе бастады. Бұл өз кезегінде теңіз жағалауындағы бұрынғы тастанды елді мекендердің көпшілігіне елдің қайта орналасуына қолайлы жағдай туғызды. Мысалы, Қаратүп, Тастүбек, Ақеспе, Ақбасты елді мекендерін бұрынғы көшіп кеткен тұрғындары қайта қоныстанып, балық аулау мен мал өсіру кәсіптерін қайта жандандыра бастады. Әйтсе де Көкарал бөгетінің қазіргі жұмыс істеп тұрған бірінші кезегі өңірдің табиғи-шаруашылық проблемаларын толық шешіп бере алмай отыр. Оның басты себебі бөгеттің биіктігі 42 метр (Балтық жүйесі бойынша абсолюттік белгіден - БЖ) Солтүстік Арал теңізінің 40 метрлік деңгейіне есептелген. Сондықтан 40 метрден артық су үлкен теңізге кетіп жатыр. Бөгет біткеннен бері теңізге түскен судың көлемі оны толтыратын уақыты болды, бірақ ол әзір толатын емес. Осы кезге дейін жиналған су Солтүстік теңіздің төрт бөлігінің екі бөлігін (Орталық пен Шевченко қолтығы) ғана толық жауып, қалған екі бөлігін (Бутаков қолтығы, Сарышығанақ) жартылай ғана жауып тұр. Есептеулерге қарағанда, Солтүстік Арал теңізінің деңгейін бұрынғы толық кезіндегі жиегіне жеткізу үшін 34-35 км³ су керек екен. Теңізге сондай көлемде су жиналғанда оның деңгейі (БЖ) 50 метрге жететін болады. Сонда ғана САТ өзіне байланысты проблемаларды толық шешетін болады. Ол үшін Көкарал бөгетінің екінші кезегін салатын жоба дайындалып, оны жүзеге асыру мәселесі қолға алынуда.
Көкарал бөгетінің құрамдас бөлігі ретінде Сырдария өзеніне салынған «Ақлақ» су электрстансасының құрылысы 2009 жылы біткен соң өзен ағысы қолдан реттеліп, оның бір бөлігі теңіз жағалауындағы құрғап жатқан көлдерге түсе бастады. 2011 жылғы (қыркүйек) мәліметке қарағанда, Қарашалаң, Баян, Кәртіма, Жыланды, Домалақ, Қызылжарма көлдеріне 82.0 млн. м³ су түсті. Жақын уақытта басқа құрғақ көлдерге су түскенде бұрыннан шаруашылық маңызын жоғалтпаған көл жүйелеріне жалпы су айдыны 60 мың гектардай балық беретін көл жүйелері қосылатын болады.
Солтүстік Арал теңізінің гидрохимиялық режимі ихтиофаунаның өсіп-өнуіне жайлы болуымен бірге құрғап жатқан көлдердің сулануы өңірді көгалға айналдырып, тұзды шаңның желмен көтерілуі саябырлады, мал-жанға, жабайы аңдар мен құстарға жағымды микроклимат қалыптасты. Теңіз бен көлдердің жағалауындағы қалың өсімдік қауымдастығы су ценозымен байланысты құстар мен аңдардың мекеніне айналды. Жергілікті тұрғындар көлдерден балық аулау кәсібін қайта жаңғыртып, ылғалды жерлердің шөбін шабындық пен мал жайылымына пайдаланып отыр.
Көкарал бөгетінің бірінші кезегі біткен соң Солтүстік Арал теңізін сақтау мен теңіз жағалауындағы көлдерді суландыру мәселесі шешімін тапты.
Сырдарияның ағысын реттеу арқылы табиғи кешендерді қалпына келтіру және шаруашылық салаларын өрбіту мәселесі шешімін табатын болады[57].
2.4. Арал теңізін мекендейтін балықтар (түрлері, биомассасы, суреттері)
Дөңмаңдай (Нypophthalmіchthynae) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Қиыр Шығыстағы Амур өзені алабында таралған. 1950–60 жылдары тоғанда өсіру үшін Қазақстанда жерсіндірілген. Қазір екі түрі–кәдімгі Дөңмаңдай (Нypophthalmіchtys molіtrіx) және шұбар Дөңмаңдай (Аrіstіchthys nobіlіs) бар. Олар Арал, Каспий теңіздерінде, Балқаш көлінде және Ертіс, Тобыл, Есіл, Шу, Сарысу өзендерінде тіршілік етеді. Олардың сыртқы пішіндері ұқсас, денелері екі бүйірінен қысыңқы, құрсағы қырлы, басы үлкен. Маңдайы дөңес келеді, аты осыдан шыққан. Шұбар Дөңмаңдайдың түсі қоңырлау әрі дақтары болады. Дене тұрқы 1,2 м-дей, салмағы 40 кг-нан асады. Жыныстық жағынан 5–7 жасында жетіледі. Мамыр–маусым айларында 4 млн-ға жуық уылдырығын түбі құмайт не тасты, ағынды су ішіне шашады. Дөңмаңдайдың шабақтары балдырлармен және ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Дөңмаңдайдың кәсіптік маңызы бар.
5-сурет. Дөңмаңдай (Нypophthalmіchthynae)[6].
Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) — тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш-Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг. асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр-шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға т.б.) қоректенеді. Ақ амур — кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі[12].
6-сурет. Ақ амур (лат.Ctenopharyngodon іdella)
7-сурет. Ақ амур (лат.Ctenopharyngodon іdella)
Өзен камбаласы (камбала-глосс). Көптеген дақтары бар денесінің түсі қоңыр-жасыл, тұла бойын сүйекті және тікенді төмпешіктер қаптаған. Арқа және артқы жүзгіш қанаттарында қоңыр дақтары бар және олардың түбі тікенді. Негізгі мекені: Қара, Азов, Ақ, Баренц және Кар теңізі (Енисей шығанағына дейін). Жағаға жақын құмды және батпақты ортада тіршілік етеді.
8-сурет. Өзен камбаласы (камбала-глосс)
Жайын
(Sіlurus
glanіs)
– жайынтәрізділер отрядына жататын
жыртқыш балық. Жайынның майдасы лақа
деп аталады. Қазақстанда Каспий, Арал
теңіздерінде және бұларға құятын
өзендерде кездеседі. Балқаш көлі мен
Талас өзенінде жерсіндірілген. Аталығы
аналығынан біраз үлкен. Ұзындығы 5 м-дей,
салмағы 300 кг-ға жетеді. Жайынның түсі,
әдетте, жасыл тектес ашық қоңыр, арқасы
қара, бауыры ақ, бүйірінде түрлі дақтары
болады. Басы жалпақ, үлкен, кеудесі
қысқа, ұзын құйрығы екі бүйірінен
қысыңқы, арқа қанаты кішкентай, құйрық
қанаты астыңғы-үстіңгі қалақшаға
бөлінбеген, ал құйрық асты (аналь) қанаты
өте ұзын келеді. Жақтарында өте майда,
көп қатарлы тістері бар. Үстіңгі
жақтарында екі ұзын, ал астыңғысында
қысқалау төрт мұртшалары болады. Жайын
40 жылдай тіршілік етеді. 3 – 4 жасында
(ұзындығы 45 – 60 см болғанда) жыныстық
жағынан жетіледі. Уылдырығын (11 – 480
мыңдай) су температурасы 18 – 20°С болғанда
су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар
ұсақ балықтар, бақа, моллюскілермен
қоректенеді. Кейде су құстарына да
шабуыл жасайды. Жайынның еті семіз,
майлы болғандықтан кәсіптік маңызы
бар. Торсылдағын желім жасауға
пайдаланады[15].
-
Сазан
Ғылыми классификация
Патшалық:
Жануарлар
Тип:
Хордалылар
Класс:
Тікенді балықтар
Отряд:
Карптәрізділер
Семья:
Карптар
Туыс:
Карптар
Түр:
Сазан
Латынша атауы
Саза́н (лат. Cyprinus carpio) — тұщы су балығы. Азов, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің, Қапшағай көлінің және Амур өзені алабында мекендейді. Орта Азияның, Батыс және Орталық Сібірдің және Камчатканың көптеген суқоймаларына жерсіндірілген[6].
Сырдария өзенінің, оған қатарласа жатқан каналдардың жайылмасына өрістенеді де уылдырық шашады. Сазанның формалары – тұрақты және жартылайөтпелі. Алғашқысы тек бір суқоймада тіршілік етсе, соңғысы – теңіздің тұщыланған жерінде немесе көлдерде жүреді, уылдырық шашуға өзендерге миграция жасайды. Сирек болса да салмағы 20 кг-нан және ұзындығы 1 метрден асатын түрлері кездесіп жатады. Сазандар 30-35 жылға дейін өмір сүреді, бірақ бойының өсуі 7-8 жасқа келгенде тоқтайды, яғни, салмағының негізгі өсімі өмірінің алғашқы ширегінде жүреді. Сазан көктем және жаздың басында негізінен қамыс, шөп-шалаңның жас өскіндерімен, ерте уылдырықтаған балықтардың, бақалардың уылдырығымен қоректенеді. Жаз маусымында сазандардың азықтану рационы өзгереді – енді су өсімдіктерінің жапырақтарымен қоса су жәндіктері, құрттар, майда ұлулар, түлеген шаяндар, омыртқасыз моллюска-дрейссеналар және ұсақ сүліктермен де қоректене береді. Күзде өсімдіктермен қоректенуді тоғарып, ұсақ су жәндіктерімен омыртқасыздарға көшеді. Қыста теңіз, көл, өзеннің терең, шұңқырлау тұстарында қыстап шығады. Ағысы баяу, су өсімдіктері қалың болып келетін, қопалы өзен-көлдерде жақсы көбейеді. Уылдырықтауға қолайлы температура 18-20 °C. Жыныстық жетілу кезеңі 2-5 жастан бастап. Өнімділігі - 1,5 млн уылдырық. Уылдырық шашу кезеңі сәуір айынан бастап шілдеге дейін. Уылдырығын тұщы және кермектеу суда, жағаға жақын өсімдіктер арасына тастайды. Карп – селекциялау барысында пайда болған сазанның мәдени формасы[17].
-
Плотва
Ғылыми классификация
Патшалық:
Жануарлар
Тип:
Хордалылар
Класс:
Сүйекті балықтар
Отряд:
Карпотәрізділер
Семья:
Карптар
Туыс:
Плотва
Латынша атауы
Rutilus Rafinesque, 1820
Плотва́ (лат. Rutilus) — карптар семьясының балық түрі (Cyprinidae)[6].
9-сурет. Плотва́ (Rutilus).
Ақбалық (латынша Stenodus leucichthus) - денесінің ұзындығы - 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. ТМД-да Каспий теңізі, Еділ және Жайык өзендерінде, көбінесе Каспий теңізінде кездеседі. Қазақстанда ақ балықтың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма – Зайсан (Ертістің орта және жоғарғы ағысы) және Еділ (Каспий теңізінің солтүстігі мен Жайық өзені бойы) популяциялары бар. Еділге гидроқұрылыс жүмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан. Ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары. Туыстың жалғыз түрі — 2 түр тармағы: сылан және ақ балық (S. leucichthys). Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. Ақбалық ауызы үлкен, дақтарсыз. Ұрғашысы еркегінен ірілеу. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Өмірінде 1-2 рет уылдырық шашады. Қазан-қараша айларында, судың температурасы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, өсімталдығы әлсіз жабысқақ, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 м тереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. Уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Ақ балық – жыртқыш балық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан бері Жайық өзенінен ақ балықтың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. Ақ балықтың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары. Қымбат балық. Ақ балық Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген[38].
Жылан балықтар - қылтанақты балықтар тобына жататын, ұзындығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, массасы 15 грамнан 65 кг-ға дейін болатын балықтар. Көп тараған жыланбалықтың ұзындығы - 50-150 см (2 м-ге дейін), массасы – 4-6 кг болады. Етінің майы 22%-ға жетеді. Жас етінен тағамдардың барлық түрлерін дайындауға болады. Жылан балықтар тағы бір түрі дөңгелек ауыздылар класына жататын, миноги деп аталатын омыртқалылар. Олардың 30-дан аса түрі бар. Ұзындығы - 100 см. Каспий жыланбалығы - Каспий теңізі мен Еділ өзенінде кездеседі. Дене тұрқы – 37-41 см, массасы - 120-170 г. Бүл балықтардың еті өте дәмді болады. Жыланбалықтың қаңқа сүйектері мен ішек-қарны болмайды, сондықтан оның ішін жармайды, тек басын кесіп тастайды. Балықтың сыртындағы шырышты қабаты мұқият тазалаланады[39].
Торта (қаракөз) (Rutіlus rutіlus) – тұқытәрізділерге жататын, жартылай өткінші балықтар. Торта Еуропада, Батыс және Солтүстік Азияда таралған. Қазақстанның су айдындарында кең тараған, негізінен тұщы суларда болады, 5 түр тармағы (кәдімгі, Сібір, Арал, Каспий және Шалқар торталары) бар. Соңғы деректер бойынша Каспий тортасы (R. caspіcus) жеке түр ретінде қарастырылады. Тортаның ұзындығы 50 см, салмағы 1500 г. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (2,5 – 147 мыңдай) сәуір – мамыр айларында шашады. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді. Торта кәсіптік маңызы бар балық, әуесқойлық жолмен де ауланады[12].
10-сурет. Торта (қаракөз) (Rutіlus rutіlus)
Шортан (лат. Esox lucіus) — албырттар отрядының өзі аттас тұқымдасына жататын балық. Ірі жыртқыш, шортан тәрізділер отрядының бір тұқымы. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1,1 метрге, салмағы 16 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ, ұзын жақтарының астыңғысы үстіңгісінен ілгері ұмсынған. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.
Шортандар 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Сәуір – мамыр айларында тайыз өзендерге, су температурасы 4-12°С болғанда уылдырығын (балықтың мөлшеріне қарай 17,5 – 270 мыңдай, диаметрі 3 мм-дей) шашады. Ауа райына қарай, жалпы көбею мерзімі 2,5 айға созылуы мүмкін. Шортан – жыртқыш балық, қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Шабақтары майда омыртқасыздармен қоректенеді, ұзындығы 5 см-ге жеткенде жыртқыштыққа көшеді. Бұлар кәсіптік маңызы бар балықтар, дәмді еті үшін көп ауланады.
Тағамға жастай, тұздап та пайдаланылады және консерві дайындалады[6].
11-сурет. Шортан (лат. Esox lucіus)
12-сурет. Шортан (лат. Esox lucіus)
2.5. Арал өңірінің өсімдік түрлері
Еркек шөп, еркек бидайық (Аgropyron crіstatum) – астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облыстарында өседі. Биіктігі 25 – 70 см. Сабағы түкті, кейде жылтыр, жіңішке жапырағы таспа тәрізді. 3-10 түкті гүлі болады. Гүлшоғыры – масақ, жемісі – сопақша дәнек. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Еркек шөп – құнарлы мал азығы, оны басқа өсімдіктермен (әсіресе беде не эспарцетпен) қосып егеді. Масақ салған соң жылына бір рет орылады. 3-4 жылдан кейін өнімділігі жақсара түседі. 100 кг. пішенінде 48,7% азық өлшемі, 3,3 – 4,1 кг. сіңімді протеин бар, гектарынан 12 – 20 ц. пішен, 40 – 50 центнердей көк шөп,
3-4 ц. тұқым алынады. Аудандастырылған сорттары: жіңішке масақты Тауқұм, жергілікті Ақсеңгір, Қарабалық-202, жіңішке масақты Орал, т.б. [20]
13-сурет. Еркек шөп, еркек бидайық (Аgropyron crіstatum)[6].
Жусан (Artemіsіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 метрдей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілде-қыркүйек айларының аралығында гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді[22].
14-сурет. Жусан (Artemіsіa)
Сексеуiл — ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр[6].
-
Сексеуіл
Ғылыми топтастырылуы
Патшалық:
Plantae
Тип:
Magnoliophyta
Класс:
Magnoliopsida
Отряд:
Caryophyllales
Семья:
Amaranthaceae
Туыс:
Chenopodioideae
Түр:
Haloxylon
Ерекшеліктері:
Ақ сексеуiл – бойы 1,5 - 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке кетедi. Сиректе болса арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуынша, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңге кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қараса қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi[22].
Сексеуілдің Қазақстандағы үш сорты да тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқаны тарихи шығармалардан жақсы белгілі. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп-өнулерiне өте қолайлы.
Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы
Бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек артық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылдың өзінде, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама. Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "ҚР алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған.
Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Сексеуiлдi заңсыз кесушiлерге неге жол берiлiп отыр? Өйткенi сексеуiлдер күнi бүгiнге дейiн "Қызыл кiтапқа" кiрмеген. Сондай-ақ, оларды дайындау лицензияланбаған әрi сертификацияланбаған. Мiне, осыдан барып оларды заңды, заңсыз кесу шамадан тыс көлемге артып отыр. Өткен жылы Республика Үкiметi 2002 жылғы қаулыдан кейiн сексеуiл қорғаушыларының iсiн қанағатсыз деп тауып, қылқанды ағаш түрлерiн он жылға дейiн кесуге тыйым салған болатын. Алайда сауда орындары маңындағы, базарлардағы шашлык сатушылардан сексеуiлдер үзiлер емес. Тiптен базарларға кiре берiс көшелерден белiнен буылған сексеуiлдердi көрiп қайран қаласың. Сонда бұлар қайдан келiп жатыр? Республикада 2005 жылға дейiн сексеуiл өсетiн алқаптардың статусы көтерiлмедi. Сол алқаптарды Үкiмет қорғауға алынған қорық не ұлттық парк деп жариялауына болар едi. Өкiнiшке орай қараусыз қалды. Әсiресе Балқаш көлi маңындағы 1,5 млн. гектар жердiң сексеуiлiн қорғауға алу жөнiнде қаншама ұсыныстар жасалынды. Үлкен қала Алматының iргесiнде болғандықтан да қорғаудың шараларын күшейту керек. Ал Бақанас орман және аңдар әлемiн қорғау мекемесiнiң бұл ауқымды шараларды атқаруға шамасы жетпедi. Сол жылдары мұндай жағдай Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Әлемдiк банктiң (Всемирный банк) "Қазақстан Республикасында орманды сақтау және орманды алқаптардың көлемiн ұлғайту" жөнiндегi бағдарламасының таныстыру рәсiмi болды. Бұл жобаның құны 63,8 миллион доллар. Алты жылға есептелiнген. Оның 28,8 миллионы бiздiң республика бюджетiнен алынады. Әлемдiк банктiң қосқан 30 миллион займы кейiн қосымша өсiмiмен қайтарылады. Ал 5 миллионы грант ретiнде қайтарымсыз қаржыландыруға жатқызылған. Бұл жоба үш жыл бойына қаралып, әбден пысықталып осылай тиянақталса керек. Дегенмен бiлiктi мамандардың пікірінше, бұл iстiң әртүрлi салаларына отандық орман мамандары тартылса да, жобаның ең соңғы редакциясына олардың бiрқатар ұсыныс-пiкiрлерi кiрмей қалған. Бiраз тұстары түсiнiксiздiк туғызатын секiлдi. Сексеуiлдi алқап та орманға жатады. Алайда "Казлеспроект" кәсiпорнының директоры Алдаберген Кесiмбаевтың бағдарлама жөнiнде өзiндiк пiкiрi бар. Оны орынсыз деп айту қиын. Ол бағдарлама бойынша Арал теңiзiнiң тартылған табанына көшеттер отырғызуға жұмсалатын қаржының тиiмдiлiгiне күмән келтiредi. Өйткенi жергiлiктi мамандардың сексеуiл көшеттерiн отырғызудағы көпжылдық iс-тәжiрибесi бұл iстiң өте қымбатқа түсетiнiне кәмiл сендiрiп отыр. Олардың зерттеуiнше 1993 жылы 48 мың гектар теңiз табанына отырғызылған сексеуiл көшеттерiнiң 80 пайызы өспей қалған. Қалғандары да жоғалып кету алдында тұр. Ол қайта сол қаражатты қылқанды жапырақты орманды алқаптардың көлемiн ұлғайтуға жұмсауды ұсынады. Ал сексеуiлдi табиғи өсiмiмен көбейтуге болатынын алға тартады. Оған Қызылорда облысының Қазалы ауданынан дәлел келтiрген. Өткен он алты жыл iшiнде қолдан отырғызылған сексеуiлге қарағанда табиғи өскендерiнiң көлемi әлдеқайда ұлғайыпты. Қолдан отырғызылған сексеуiл алқабы соның 3-ақ (үш) пайызын құрайды екен. Оны күтiмге алғанның өзiнде 72 пайыз көшет өспей қалған. Мұндай жағдай Алматы облысының Бақанас орман мекемесi iстерiнен де байқалады. Әлемдiк банк бағдарламасының қалай iске асатынын алдағы уақыт көрсете жатар. Мүмкiн олар шетелдiң бiлiктi мамандарын iске тартып, көшеттердi отырғызып, өсiрудiң тиiмдi тәсiлдерiн табар. Әзiрге қолдағы барды бағалап, сексеуiл алқаптарын браконьерлерден қорғауды күшейтiп, табиғи өсiмiне жағдай жасау қажет-ақ секiлдi. Ең бастысы оны "Қызыл кiтапқа" кiргiзiп, заңды қатайтпай құмды өлкенiң ажары кiре қоймасы анық[6].
Жыңғыл (Tamarіx) – жыңғылдар тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Негізінен Оңтүстік Еуразия мен Солтүстік-Батыс Африкада кездесетін 60 (кейбір деректерде 90) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында таралған 11 түрі, 2 буданы бар. Ең көп тарағаны: қызыл жыңғыл (T. ramosіssіma). Ол өзен бойлары, тоғайлар арасында, құм, саз, сортаң топырақты далада кездеседі. Биіктігі 1 – 3 м, қабығы қою қызыл не сарғыш қызғылт түсті. Жапырағы ұсақ жұмыртқа тәрізді, сабақ бойына кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты қызғылт, ақшыл көк не ақшыл түсті. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Гүлшоғыры – масақ не сыпыртқы. Жемісі- үш қырлы қауашақ. Құрғақшылыққа, сортаң жерге, суыққа төзімді. Қабығы, жапырағы, тамыры және жас өркендерінің құрамында илік заттар (8%-ға дейін) бар. Шірнелі өсімдік. Шөлді аймақтарда ұзын жыңғыл (T. elongata) жиі кездеседі[20].
15-сурет. Жыңғыл (Tamarіx)
Ебелек (Ceratocarpus) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда, Есіл – Тобыл, Ертіс өзендері мен Каспий, Арал теңіздері маңында, Зайсанда, Балқаш – Алакөл ойысында; шөл және шөлейт аймақтардағы құм, құмайт, сор топырақты, қиыршық тасты жерлерде өсетін құм ебелегі (C. Arenarіus) және қалталы ебелек (C. Utrіculosus) деген түрлері бар. Олардың биіктігі 3 – 30 см.
Сабағы көп бұтақты болғандықтан өсімдік шар тәрізді дөңгелек болып көрінеді. Сабағын қалың түк басқан, оның сұрғылт не сарғыш болатыны соған байланысты. Жапырағы үш-үштен шоқтанып, кезектесіп орналасады. Гүлі дара жынысты, екі-бестен жапырақ қолтығына жиналған. Сәуір – маусым айларында гүлдейді. Жемісі түкті, жоғары жағы сүйірлеу, үстіңгі жағында және бүйірінде қылтықты екі өскіні болады. Жемісі пісіп жетілгенде түбінен үзіледі де, желмен таралады. Ебелекті төрт түлік мал сүйсініп жейді[6].
16-сурет. Ебелек (Ceratocarpus)
ІІІ ӨҢІРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ
3.1. Елдің материалдық тұрмыс жағдайы
Елдің әлеуметтік күйі көптеген сыртқы факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын динамикалық көрсеткіш болып табылады. Олар елдің материалдық тұрмысы, ауыз су мен атмосфералық ауаның сапасы, тұрған мекенінің тазалығы мен көгалдығы, жұмыспен қамтылуы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Осы факторлар халықтың әлеуметтік күйін анықтайды және деңгейін қалыптастырады. Бұлардың әр қайсысының әсері бірдей болмайды, бірақ бірімен бірі тығыз байланысты болғандықтан тұтас жүйенің бөліктері іспетес жаппай ықпал етеді. Сол себепті, біреуінің жетіспеуін немесе тапшылығын басқа фактордың әсерін күшейту арқылы әлеуметтік жағдайды көтеруге әсте болмайды.
Экономикасы аграрлық салаға негізделген Қызылорда облысында егін мен малдың өнімі күрт төмендеп кетуі себепті азық-түлік базасының қалыптасуы халықтың мұқтажын толық өтейтін деңгейден едәуір төмен болып тұр. Кез келген аймақта азық-түлік базасы жергілікті жердегі табиғи, экономикалық, демографиялық, ұлттық-мәдени тағы басқа факторларға байланысты қалыптасады. Соған сәйкес азық-түлік рыногының даму бағыты мен көздері, жергілікті халықтың азық тұтынуы қандай деңгейде болып тұрғанын оның түрлік құрамына қарай бағалау объективті мәлімет береді.
Арал өңірінде осы көрсеткіштің динамикасын халықтың жан басына есептеп талдайтын болсақ, 90-шы жылдары азық-түлік тауарларын тұтыну едәуір азайғаны байқалды.
Халықтың көпшілігі ауылдық жерде тұратын Қызылорда облысында ауылдағы тұрғындардың азық-түлік тұтыну деңгейі Қазақстан Республикасы тамақтану институтының ұсынысына сәйкес адамның денсаулығын сақтап, өсіп-өнуі үшін қажетті азықтың нормасынан әлде қайда төмен болып отыр. Адам организміне ең керекті азықтың түрлері ет пен сүтті тұтыну ғылыми негізделген нормадан – 3; көкөніс пен картоп -1,7; жұмыртқа – 7; балық – 5 есе кемдігі жағдайдың қалай болып тұратынын аңғартады. Сонымен бірге облыс тұрғындарының басым көпшілігі материалдық тұрмысы жағынан күйі ортадан төмен, тұтынатын азығының түрлік құрамы қарапайым, яғни жұғымдылығы организмнің физиологиялық талабына сай емес. Калориясы жоғары және соған сәйкес қымбат продукциялардың көпшілігі, мысалы, ет пен оның өнімдері көпшіліктің қолына түсе бермейді. Осыдан келіп материалдық тұрмысы төмен отбасылар көбінесе арзан нан өнімдерін тұтынуға мәжбүр. 1998 жылы Қызылорда облысының халқы нан тағамдарын қажетті нормадан 1,4 есе артық тұтынуы соны айғақтаса керек. Есептеулерге қарағанда, жоғары калориялы қымбат продуктыларды сатып алу мүмкіндіктері шектеулі жұрт нан өнімдерін тұтынуға отбасы бюджетінің 26,6 пайызын жұмсайды екен. Бұл жағдай жергілікті жердегі тұрғындар тамаққа тұтынатын азығының құрамында адам организміне пайдалы заттардың байланысы сақталмайтынын көрсетеді. Рационның негізін ұн мен жармақ продуктылары құрайды, ал организмге аса қажетті ет, сүт, көкөніс пен жеміс-жидек продуктылары анда санда ғана болмаса ұдайы тұтынуда бола бермейді. Сонан құрамы қарапайым азықпен жеңіл желпі тамақтанып жүрген адам организмі қымбат продуктылардың құрамындағы пластикалық материалды нормалық мөлшерден 1/5 бөлігіндей ғана алады. Соның салдарынан Арал өңірінде тұратын әйелдердің үштен екісі (2/3) мен жас балалардың көпшілігі қан аздықтан зардап шегеді.
Осында материалдық тапшылықтан Қызылорда облысында балалардың шетінеуі Республика бойынша көрсеткіштен 18 пайыз жоғары болса, өкпе ауруы (туберкулез) мен тамақ рагы ауруларының саны тиісінше 2 және 7 есе көп. Айта кететін жай, Қазақстан Республикасы тамақтану институты өңірінде қалыптасып отырған ауыр экологиялық жағдайды ескермегені байқалады. Мұндағы тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін рационнық құрамында жануарлар белогы, витаминдер (С, А, Е) және кейбір микро элементтер (темір, селен) жеткілікті болуы тиіс.
Арал өңірінде елдің тамақтану нормасы басқа аймақтардан өзгешелеу және құрамы, яғни калориясы жағынан күштілеу болуы абзал. Сонда бұл өңірдегі халықтың организмі қоршаған ортаның зиянды зардаптарына шыдас бере алатындай күйге жетеді. Ол үшін мемлекет тарапынан көтеріліп отырған өтемеге (компенсация) рационның ғылыми негізделген құрамдық балансын сақтау қажетті қосымша қаржы қосылуы керек[1].
Ауыз-судың сапасы және оның әлеуметтік салдары
Өлкеде халықтың әлеуметтік күйінің төмендеуіне санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы күшті ықпалын тигізіп отыр. Оған ауыр материалдық тұрмыстан туындаған психологиялық енжарлықпен бірге ауыз судың сапасыздығы себеп болуда. Сапасыз ауыз судың проблемасы бүкіл республика бойынша өте күрделі болып тұрғаны рас. Әйтсе де экологиялық апапат аймағының шеңберінде орналасқан Қызылорда облысының халқы үшін бұл асқынған проблема десе болғандай. Өйткені, Арал өңірін мекендеген халықтың тыныс-тіршілігі ежелден Сырдария өзенімен байланысты болып келеді. Егіні мен малын суарады, балығын аулайды, ауыз суға тұтынады. Сондықтан дария суының сапасы қандай болса, елдің санитарлық-гигиеналық хал-ахуалы соған ыңғай өзгеріп тұрады. Қазіргі кезде Сырдария өзенінің суы оның төменгі ағысындағы Қызылорда облысының жеріне жеткенше жоғарғы және орта тұсындағы аймақтардан талай тастандыны бірге ала келеді. Бірнеше Республиканың жерін кесіп өтетін Сырдария өзенінің бойында орналасқан 140 қашыртқы-кәріз жармалардан шыққан лас сулардың көпшілігі өзен арнасына құяды.сонан Сырдарияның суында әртүрлі химиялық ингедиенттер өте көп. Олардың жалпы көлемі 130 млн.м³ қашыртқы-сығынды су ағатын үшеуі ғана Қызылорда облысының жерінде. Бұл Сырдария өзені бассейнінде жиналатын лас судың небары бір пайызы. Өзен суының ащылығы мен тұтқырлығы (жесткость) былай тұрсын, онда неше түрлі ингредиенттер, мысалы, пестицидтер, фенол, ауыр металдар тағы басқалар аз емес. Оған қоса өзен суының құрамында әр түрлі жұқпалы аурулар қоздыратын микроорганизмдер болып тұрады.
Солай бола тұрса да облыс жеріндегі ірі мекендер мен Қызылорда қаласында тұрғындардың 70 пайызы топтастырылған жүйе арқылы Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Қалған 30 пайызы құбыр құдықтан ішеді. өзен суын сүзгіден өткізіп, хлорлайтын қондырғылар Арал мен Қызылорда қалаларында ғана бар. Облыс жеріндегі 400 елді мекендердің тек әрбір бесіншісі ғана құбырқұдықтың суымен жабдықталған, ал сексенен артығырақ елді мекендер суды тасып ішеді. Онша көп қаржы жұмсамай-ақ алуға болатын қабатта жақын жатқан су қорларының сапасы төмен, әрі кермек, яғни ішуге жарамайды[24].
Қазіргі кезде белгілі технологиямен су тазалайтын қуатты кешендер болғанның өзінде Сырдарияның суын зиянды химиялық заттардан тазалау және тұтынушылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мүмкіндігі қуаты барлық тұрғындарды қамтуға жетпейді. Қалаларда су құбырына қосылған үйлердің саны 25-30 пайыз болса, елді мекендердегі үйлерді тек 10-15 пайызында ғана су құбыры бар. Соған орай облыс жеріндегі тұрғындардың су тұтынуы әр жерде әр түрлі. Қызылорда қаласы мен сыртқы елді мекендердегі әр адамның сөтке ішінде тұтынатын судың мөлшері мынадай (литр/сөтке): Қызылорда қаласы – 163,3, Арал – 137,2, Қазалы – 76,8, Жосалы – 93, Жалағаш – 48, Тереңөзек – 70, Шиелі – 45, Жаңақорған – 35[14].
Қалаларда коммуналдық су құбырларындағы судың 15 пайыздан 65 пайызға дейін мөлшерінің сапасы ГОСТ-қа сәйкес келмейді. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 27 пайыздан 89 пайызға дейін көтеріледі. Әрине, ауыз судың сапасыздығына себеп болып тұрған жағдай ретінде жер астындағы су жүйелерін ірі құбылыстарын сын көтермейтін тозған күйін айтуға болады. Сыртында электрохимиялық қорғаушысы жоқ және ұдайы тұзы көп ыза жерде жатқандықтан ол құбырлар есептелген мерзімнен бұрын істен шығады. Кей жерлерде ауыз суды жер астындағы терең қабаттан алады. Бірақ ол сулардың бір литрінде 1,3-тен 2,5 грамға дейін тұз бар. Әсіресе, сульфаттар көп, ал жалпы тұтқырлығы (жесткость) 5-12 мг-эквивалент шамасында. Ондай суларды тұщытпай, тазаламай ішу денсаулыққа зиян. 2005 жылы Сарыбұлақ су құбыры жөнделген соң Арал мен Қазалы ауданындағы ғана сапалы тұщы су проблемасы шешілді.
Облыс тұрғындарының 32 пайызы шахталық, құбырлық және дүмпу құдықтардың (скважина) тартатын құбырсыз-ақ тұтынады. әйтсе де сол терең қабаттан шығатын жерасты суларының 60-70 пайызында бактериялық көрсеткіштері санитарлық нормаға сай келмейді. Сонымен бірге жерасты суларының минералдану деңгейі күрт өсіп, бір литр судағы хлоридтардың мөлшері 3600-3700 мг, сульфаттың – 420-440 мг-ға дейін көбейді.
Сырдария өзенінің орта тұсы мен аяғына келетін ағысының 50-70 пайызын өзен арнасына құйылатын қашыртқы-сығынды сулар құрайды.
Сырдария өзенінің ағысы төмен қарай жылжыған сайын минералданып, құрамында әр түрлі ингредиенттердің концентрациясы көтеріле беретінін көрсетеді. 2003 жылы Көктөбенің тұсында дария суының минералдығы 864,7 г/л болып, ағыс Шардариядан өткенде судың минералдығы екі есеге жуық көтерілуі соны айғақтайды. Сырдарияның атырау басына (Жаңақорған) жеткен өзен ағысы Арал теңізіне дейінгі аралықта жолшыбай күріштік алқаптардан шыққан қашыртқы-сығынды сулармен әбден қанығып, лас күйінде теңізге жетеді. Сырдария өзенінің ағысы Қызылорда облысының жеріне жеткенде оған лас су құюшы негізгі Жаңақорған ауданы.
Коллекторлардан Сырдарияның арнасына түсіп тұрған судың сапалық құрамы өте нашар екені мына келтірілген мәліметтерден-ақ байқалады. Онда еріген тұз көп, мысалы, К-1-дың (қашыртқы жарма) суындағы минерал заттардың мөлшері 2276,0 мг/л, ол ПДК-дан 1276мг/л артық. Коллектордың суы Сырдарияның арнасына түскен соң өзен суының минералдану деңгейі көтеріліп кетеді. Ерте көктемде (наурыз-сәуір айлары) Сырдария өзені суының сапасын талдағанда, оның минералдығы 1236-1384 мг/л болды, яғни ПДК-дан әлде қайда жоғары[1].
Өткен ғасырдың 50-шы жылдарында ерте көктемде Сырдария суының минералдығы, әдетте, ПДК-дан аспайтын-ды. Қазір жаз ортасында өзен суының ағысы азайып, құрамында қашыртқы сулардың үлесі көбейгенде оның минералдығы күрт көтеріледі. Сонымен бірге өзен суының құрамында суға тұтқырлық (жесткость) беріп, сапасын төмендететін Са мен Mg және хлорид иондарының концентрациясы көтеріліп бара жатыр.
Соңғы жылдары Арал өңірінде табиғаттың құрамдас бөліктерінің сапасы төмендеуі салдарынан егін өнімінің химиялық ластануы орын алып отыр. Егіннің, әсіресе көкөніс, бақша, жеміс-жидек, картоп дақылдарының жеміс органдарында азоттың нитрат түрі жиналуы себепті өнімнің сапасын төмендетіп жібереді. өнімдегі бос нитраттар трофиктік тізбек арқылы (қоректену тізбегі) адам организміне өтіп, оған жағымсыз зардабын тигізеді. өсімдікке азот өте қажет және оның нитрат түрін ол оңай сіңіреді. Сыртқы факторлардың әсері өсімдікке жағымсыз болғанда, мысалы әртүрлі ингредиеттермен ластанғанда, өсімдік сіңірген нитрат биохимиялық өзгеріске толық түспейді де оның бір бөлігі жемістің құрамында бос күйінде қалып қояды. өнімнің нитратпен ластануы дегеніміз осы. Оның гигиеналық салдары адам организміне өте жағымсыз болады.
Ғылыми мәліметтерде, өсімдік азоттың нитрат түрін жеткілікті сіңіріп, сонымен бірге ондағы құрғақ зат синтездеу (түзу) түрлі себептермен баяу жүретін болса, онда оның өнімінде бос нитраттар көбірек жиналады. Биохимиялық реакцияның қалыпты жағдайдан мұндай ауытқуына себеп болатын факторлар бар. Олар топырақта азоттың нитрат түрінің қоры мол болуы, өсімдіктің бойында патогендік процестің жүруі (ауруы), вегетация кезінде судың тапшылығы, температураның күшті жоғарылауы, жарықтың жетіспеуі және қоректік заттардың тапшылығы. Барлық өсімдіктерді нитрат жинағыштар және нитрат жинамайтындар деп екі топқа бөледі. Солардың ішінде мәдени дақылдардың көпшілігі, мысалы, жүгері, бидай, арпа, томат т.б. нитрат жинайтындар тобына кіреді.
Нитрат су және азық-түлікпен, жем-шөппен адам мен жануарлардың денесіне өткен соң улылығы жағынан нитраттан әлде қайда (он есе) күшті нитритке айналады. Өнімдегі бос нитрат адам организміне өте қауіпті. Ол қанның құрамындағы гемоглобинмен қайтымсыз реакцияға түседі. Бұл жағдайда қанның қызыл түйіршіктеріуланады және қандағы екі валентті темір (Fe²) үш валентті (Fe³) темірге айналады. Соның нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктерінде метгемоглобин пайда болады. Гемоглобиннің негізгі қызметі организмнің клеткаларына оттегін тасмалдап жеткізіп беру екендігі белгілі, ал метгемоглобиннің оттегін тасымалдайтын қабілеті жоқ. Сонан адам да, мал да уланады. Уланған адам асфикация ауруына (алқыну, булығу) шалдығады. әсіресе, жүрек ауруы бар адамдарға қиын.
Нитраттың адам организмі үшін қауіпсіз болатын шекті концентрациясын (ПДК – предельно допустимая концентрация) дәл анықтау қиын. Улы заттардың ПДК-сын анықтағанда әр халықтың ұлттық салтын ескерудің маңызы үлкен. Мысалы, Азия халқының негізгі азығы күріш. Бірақ бұл азықтың түрі Орталық Еуропа халықтары үшін пәлендей маңызды емес, өйткені, олар көбіне бидай және картоппен қоркетенеді. Тамақтанудың ұлттық ерекшелігіне қарағанда, Арал өңірінің тұрғындары Еуропалықтар мен Азиялықтар аралығында тұрады. Өйткені, мұнда көбінесе азық түрі бидай, тұтыну мөлшері жағынан оған жақын тұрған картоп. әрине, күріштіде тамаққа тым тәуір пайдаланады,бірақ ол негізгі азықтың қатарына жатпайды. Сонымен қатар Арал өңірінің топырақ климат жағдайы көкөніс, бақша дақылдарын өсіруге қолайлы болғандықтан жергілікті халық, әсіресе, көкөніс-бақша піскенде, оларды басқа дақылдардың өнімдерімен қатар тұтынады. Бұл дақылдардың көпшілігінің жемісі, мысалы, қауын-қарбыз, қияр мен томаттың бықтырған (консервирование) түрінен басқасын алдын-ала өңдемей-ақ жейтін болғандықтан, олардың сапалық жағына (ПДК), дәнді дақылдар мен картопқа қарағанда, қатаң талап қойылады[24].
Соңғы кезде азық-түліктің құрамындағы нитрат пен нитритке, олардың гигиеналық жағына, дәрігерлер ерекше назар аударып жүр. Ғылыми деректерде, организмге түскен нитрат әр түрлі қосылыстарға айнала келе тізбектің бір буыны ретінде ниторзоқосылыстарға айналатын көрінеді. Ал олардың көпшілігі канцерогендер қатарына жатады. Зерттеушілердің пайымдауынша әзірге осы нитрозоқосылыстардың канцерогендік қасиетін дәлелдейтін бұлтартпас клиникалық және эпидемиологиялық деректер жоқ сыңайлы. Дегенімен әртүрлі жануарларға жасалған тәжірибелердің нәтижесі олардың организмге әсері канцерогендік болатынын айғақтайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (ООН) азық-түлік жөніндегі комитеті (ФАО) адам организміне күнделікті түсетін нитраттың қауіпсіз деп берілген мөлшері 500 мг N-NO3. Бұл рұқсат етілген шекті мөлшері, яғни, ПДК. АҚШ-та бұл норма сәл көтеріңкілеу – сөткесіне 700 мг. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ - ВОЗ) мәліметі бойынша, қоныржай ендіктерде ауыз судың бір литріндегі нитраттың мөлшері 22 мг/л, тропикте, яғни, өте ыстықжерлерде – 10 мг/л. Кейбір елдерде ауыз судағы нитраттың ПДК-сын өздері белгілеген, мысалы, Германия Федеративтік Республикасында (ФРГ) – 50 мг/л, бұрынғы Кеңес Одағында – 45 мг/л.
Жергілікті жағдайда көкөніс-бақша дақылдарының жемісінде нитраттың жиналу себептерін анықтау мақсатында 1995-96 жылдары қауын, қияр және томат дақылдары мен арнаулы зерттеулер жүргізілді.
Далалық тәжірибедегі дақылдар екі вариантта Сырдария өзенінің және он метірлік тереңдіктен шыққан құбырқұдықтың суымен суарылады. өзен суының минералдығы – 1059-1315 мг/л, ал құбырқұдықтың минералдығы-567-765 мг/л. Өзен суының минералдығы оған белгіленген ПДК-дан жоғары, ал жерасты суында одан төмен.
Өзен суымен суарған қауынның толық піскен жемісінде бос нитраттың мөлшері белгіленген ПДК-90 мт/кг-нан едәуір төмен болды. Қауынның жемісінде нитраттың ПДК-дан кем болуы вегетация кезінде оның егісіне азот тыңайтқышын бермегеннен болса керек. әрине, құрамында бос нитраттың мөлшері ПДК-дан аз болса, ондай жемісті сапасы тәуір деуге болады. Бірақ қауынның піскен жемісін 10 күн бойы сақтағанда оның құрамындағы нитраттың мөлшері бір келіде 2-5 мг шамасында ғана кеміді. Ғылыми деректер боынша, қауынның жемісі неғұрлым толық піссе оның құрамында бос нитраттар жиналмауы тиіс, болса да өте аз. Зерттеулердің нәтижесі ондай мәліметтермен үйлесімді болмады. Яғни, піскен қауында бос нитрат құрып кеткен жоқ, едәуір мөлшерде болды. Оның себебі, өзен суының сапасыздығынан болса керек[24].
Тәжірибеде жерасты суымен суарылған егіннің нәтижесі тәуір болды. Онда қауынның өз пәлегінде піскен жемісіндегі бос нитраттың мөлшері бір келісінде 29,7-41,0 мг болса, он күн сақталынғаннан кейін ондағы нитраттың мөлшері бір келісінде 28,0 бен 36,0 мг-ның арасында болды. Піскен қауынды сақтағанда қабығы қатпарланып жиырылмай, етінің тығыздығы дәмі бастапқы күйінен онша көп ауытқыған жоқ, яғни, сапасы тәуі болды. Соған қарағанда, қауынды минералдығы 500,0-700,0 мг/л (бұл судың минералдығына белгіленген ПДК-1000,0 мг/л-ден төмен) жерасты суымен суарғанда дәмі тәтті, тауарлығы жоғары және сақтау мен тасмалдауға шыдамды өнім өндіруге болады екен.
Тәжірибе үшін егілген қияр мен томат дақылдарын Сырдарияның және жерасты суларымен суарғанда қауынмен жүргізген зерттеулердің нәтижесінде ұқсас мәліметтер алынды.
Тәжірибенің нәтижесі жергілікті жерде экологиялық таза өнім өндіру мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді.
Өңір тұрғындарының әлеуметтік күйіне жайсыз факторлардың әсері
Қоршаған ортаның сапасыздығы, судың ластануы, азық-түліктің тапшылығы, егін өнімінің химиялық ластануы сияқты жайсыз факторлар ел ішінде ауру-сырқаудың көбеюіне себеп болып отыр (13-кесте).
Соның салдарынан ел ішінде вирустық гепатит ауруына шалдығу жиі болып тұрады. Сондай-ақ судағы кейбір химиялық элементтердің тапшылығы да ауру қоздыруға себепші болуда, мысалы, фактордың мөлшері облыс бойынша нормадан төмен. Сонан тістің қабығы (эмаль) бұзылып, үгітіліп шіриді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ішінде тіс шірігендердің саны Қызылорда қаласында – 86 пайыз, Арал қаласы мен Жаңа Қазалыда – 97 пайыз. Судың ластануынан 1979-1993 жылдары (Досманбетов Б.С. және басқалар, 1998) өңештің қатерлі ісігімен науқастану деңгейі бойынша Қызылорда облысындағы барлық ауруханалардың ішінде Арал ауданы бірінші орынды иемденсе, 1991-1993 жылдары Қазалы ауданы екінші орынға шықты. Аралда интенсивтік көрсеткіш 88,1, ал Қазалыда – 53,2. Арал өңірінде әлеуметтік-экологиялық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетін болып тұрғаны, яғни адам денесінің иммундық күшінің азайып бара жатқаны жиі байқалуда. Көп жағдайда дімкәс адамдардың денесі дәріні қабылдамайды. Бұл өте қауіпті құбылыс. Осыдан келіп адам денесінің иммундық жүйесі, әсіресе, балалар мен екіқабат әйелдердің, көбінесе індетті ауруға қарсы тұра алмауы жиі болып тұрады. Өкпе ауруына қарсы вакцина еккенде оның тиімді әсері болмайтыны да сирек емес. Сол сияқты сүзек, қызылша (корь) және жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың организмі иммунитет көрсете алмай жүргені облыс жеріндегі жалпы экологиялық жағдай адамның жайлы өмір сүруіне қолайлы болмай тұрғанын айғақтайды. Өлкеде тұрғындардың организміде иммундық-қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті құбылыс. Оны дәрігерлердің «экологиялық СПИД» деп атауы текке болмаса керек.
Қоршаған ортада тұздың көп болуы тірі организмнің клеткаларына гиперосмостық қысым жасайтын болғандықтан мембрананың құрылым-функционалдық күйін өзгертіп, сол себепті организм әртүрлі ауруларға тез шалдығатынын көрсетеді[1].
12-кесте. Қызылорда облысы бойынша әр кезеңде жұқпалы аурулардың таралу сипаты
р/с |
Аурудың түрі |
Кезең |
||
1970-1975 |
1975-1980 |
1980-1986 |
||
1. |
Іш ауруы (сүзек) |
1086 |
1708 |
2740 |
2. |
Бауыр ауруы (гепатит) |
1059 |
35538 |
22230 |
3. |
Ішектің жұқпалы ауруы |
6116 |
14955 |
28926 |
Облыстың тұрғындарының арасында анемия ауруына шалдығу жиілеп барады. Анемияның қауіптілігі сондай, ол рак ауруын қоздырушы фактор болып табылады. Сонымен бірге сүйектасуымен (рахит) ауыратындардың саны да соңғы кезде аз болмай тұр. Әсіресе, жас балалардың денесі баяу дамып, майда болуы. Соның салдарынан әскер қатарына шақырылған жас жігіттердің арасында әскерге жарамсыз болып, қалып қоятындардың саны аз емес. Қыз балалардың жыныстық жетілуі 2-3 жылға кешеуілдейтіні, жарымжан немесе өлі туылатын сәбилердің болып тұратыны аталмыш қиын жағдайлардың нәтижесі екені айқын[14].
1992 жылғы Арал өңірінің экологиялық картасында Қызылорда облысының тұрғындары арасында аурудың түрі де, саны да көптігі көзге түседі. Аудандар көлемінде жекелеген аурулардың түрлерінен ең көбі тыныс алу органдарының ауруы. Бұл жағынан алғанда, әр жүз мың адамның орта есеппен 6487,9 дан 8075,3 адам ауырған Жалағаш пен Сырдария аудандары алда тұр. Сонан кейін Арал Шиелі және Жаңақорған аудандарында бұл көрсеткіш 4900,6 дан 6487,8-ге дейін, ал Қазалы мен Қармақшыда сәл аздау – 3313,5 пен 4900,5 аралығында.
Сондай-ақ Арал өңірінде тағы бір көп таралған аурудың түрі – сары ауру (вирусты гепатит). Әр жүз мың адамға есептегенде сары аурумен ауырғандар саны 735,9-дан 972,9-ға дейін болатын Сырдария ауданы өзгелерден алда тұр. Басқа аудандарда осы дертпен ауыратындар саны 498,8 ден 735,8 шамасында. Ішектің инфекциялық ауруы Қармақшы және Сырдария аудандарында өзгелерден көп. Бұларда әр жүз мың адамнан 800,1-ден 1000,0-ға дейін тұрғындар осы кеселмен ауырады екен. Арал өңірі осы экологиялық дағдарыс басталғалы бері қатерлі ісіктің негізгі ошағына айналды. Облыс жерінде қатерлі дертпен ауырмайтындардың ең көбі Арал ауданы тұрғындарының арасында. Мұнда әр жүз мың адамның 162,5-нан 189,4-і қатерлі ісікпен ауырады. Облыс халқының арасында қан айналу жүйесінің ауруы да баршылық. әр жүз мыңға есептегенде тек Жалағаш пен Сырдария аудандарында ғана сәл аздау – 561,5 – 854,2[23].
Облыс халқының арасында жүрек қан тамырлары ауруының көбею сызығы 1970 жылдан бастап жоғары көтеріліп келе жатқаны көзге түседі. 1970 жылы облыс жерінде тіркелген барлық 10210 науқастан жүрек қан тамырлары ауруларыныңүлесі 960 болыпты. Онан кейінгі жылдары осы аурудың дамуы өсу жолына түсіп, 1980 жылы оның абсолюттік саны 1150, 1990 жылы – 5510, ал 1992 жылы – 4855 болған.
Жүрек қан тамырларының ауруы тек Арал өңірінің халқы емес, бүкіл Қазақстан халқына тән қасіретке айналып бара жатқан сыңайлы[23].
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі А.Досаевтың («Жас Алаш», № 49, 28 сәуір, 2005 ж.) мәлімдемесінде «Қазақстан қан айналымы жүйесі аурулары жөнінен Еуроодақ, Орталық және Шығыс Еуропа, Орта Азия аймағы елдері бойынша бірінші орында тұр[58]. Әлемдік статистика бойынша өлімге және мүгедектікке алып келетін аурулардың бірі осы екен. Елімізде халықтың ең белсенді мүшелері, яғни 35 және 65 жас аралығындағы адамдар қан тамырлары жүйесі ауруларына көбірек шалдыққан. Былтыр Қазақстанда әр жүз мың адамның 8604-і осы кеселмен ауырған. Бұл дерт азаймай, керісінше көбейіп отыр. 2003 жылы бұл көрсеткіш 7843 адамға жеткен еді. Жылына тек қана осы ауру түрімен мемлекетке 88,9 миллиард теңге шығын келеді». Демек, жүрек қан тамырлары аурулары жасы жасарып, динамикалық сипатта өршіп бара жатқан аса қатерлі дертке айналып отырғаны кімді болса да алаңдатады.
Жоғарыдағы мәліметтерді сипаттайтын болсақ, Арал өңірінде бұл ауру жақын болашақта ең алдыңғы орынға шығатыны шүбә келтірмесе керек.
Аурудың барлық түрін қоса есептегендегі саны 1988-1990 жылдары облыс бойынша әр жүз мың адамға шаққанда 2462,6-дан 4295,0-тің аралығында жатыр. 1990 жылы барлық науқастардың жалпы саны 234827 болса, 1995 жылы бұл сан 257523-ке дейін өсті.
Ауру сырқаудың көбеюі мен экологиялық ахуалдың қиын күйде қалуы халық санының өсімін шектеуші фактор болып тұр (14-кесте)[23].
14-кесте. Қызылорда облысында туылған бала саны мен халықтың табиғи өлімі туралы мәлімет (1000 адам)
Әлеуметтік көрсеткіш |
Жыл |
||||||||
1990 |
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
|||
Туылған бала саны |
32,2 |
31,0 |
32,4 |
31,8 |
30,3 |
26,4 |
24,4 |
||
Халықтың табиғи өсімі |
24,9 |
24,9 |
24,9 |
24,0 |
22,0 |
19,2 |
16,6 |
||
Кестедегі мәліметке қарағанда, облыс жерінде 1990 жылы 1000 адамға есептегенде туған бала саны 32,2 болса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 24,4-тен айналады, яғни кейінгі 7 жылда туған бала саны 7,8-ге азайғаны байқалады. әрине, туған бала саны күрт азайып, материалдық қиындықтың таксіретін тартып отырған халықтың тез өсуінен үміттенудің өзі артық. 90-шы жылы осы өңірдегі халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 24,9 адамнан келсе, 1996 жылы 16,6-дан айналады. Жұмыссыздық пен материалдық тапшылықтан жүйкесі тозған ауылдық жердің тұрғындары біртіндеп қалаға, қаладағылар облыс аймағынан тыс жерлерге қоныс аударды. 1990-1997 жылдары облыс көлемінен сыртқа көшіп кеткен адамдар саны 133214, ал осы кезеңде сырттан көшіп келегендер саны 83412 болды. Яғни, келгендердің санынан сыртқа кеткендердің саны 49802 адамға артық болып, әлеуметтік саланың қандай күйде екенін бағалайтын маңызды көрсеткіш теріс баланс береді. Қай заманда да халықтың миграциясына қозғаушы кү әлеуметтік-экономикалық жағдай болғаны белгілі. Бірақ бұрын ол процеске экологиялық қиындық демеуші болған емес. Енді міне, экологиялық дағдарыстан туындаған әлеуметтік-экономикалық ауыртпалық Арал өңіріндегі тұрғындардың тыныс-тіршілігін қиындатқаны соншалық оларды миграцияға мәжбүр етті. әйтсе де кейінгі жылдары жағда біршама тұрақтанып, кетушілердің саны күрт азайғаны бұл салада оң нышандар көріне бастағанын айғақтайды.
Экологиялық зардаптан туындайтын әлеуметтік қиындықты дәлелдейтін басты көрсеткіш ретінде Кеңес Одағының тұсында тірі туған әр мың баланың 27-і шетінеген болса, ересек адамдардың өмірінің ұзақтығы орташа 64,8 жыл, ал әйелдердің орташа жасы 75,6 жыл болғанды. 1997 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда тірі туған әр мың баланың 40-ы шетінеген, ал ересек ер адамның өміржасы 59,7-ге, әйелдің орташа жасы 70-ке дейін азайғаны белгілі болып отыр. Осы мәліметтерді салыстыра келіп, халықтың әлеуметтік күйі қандай екенін аңғаруға болады.
Қазіргі кезде Арал өңірінде қалыптасып отырған экологиялық жағдайда халықтың әлеуметтік күйін көтеру үшін ең алдымен өңірдің барлық мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету керек. Ол үшін Қазалыға дейін келіп тұрған Арал-Сарыбұлақ су құбырын Қызылордаға дейін жеткізсе құбыр желісінің бойында орналасқан Қармақшы – Жалағаш – Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындары сапалы ауыз суды алатын болады.
3.2. Теңіз жағалауындағы бұрынғы тастанды елді мекендерге елдің қайта қоныстануы
Арал теңізі 1960 жылдардан бастап тартыла бастады. Негізгі кәсіпшілігі - балық аулаумен тіршілік етіп келген жергілікті халық, теңіздің тартылу процесі шарықтау шегіне жетіп, флорасы мен фаунасы жаппай қырылғандықтан, бас сауғалап, басқа жаққа қоныс аударған болатын.
РРССАМ жобасының І кезеңінің жобаға сәйкес аяқталуына байланысты, көптеген бұрынғы тастанды елді мекендерге халық қайта қоныстана бастаған. Солардың ішінде теңіздің тартылуынан көптеген қиындықтар көрген, әрі «Көкарал» бөгеті мен «Ақлақ» су тоспасының іске қосылуынан оң нәтиже көріп отырған – Қаратерең ауылы. Бұл ауылды халық жаппай тастап кете қоймаған, бірақ көптеген жұмыс күші басқа салаға ауысып кетті.
Қаратерең елді мекеніне сипаттама:
17-сурет. Қаратерең елді мекені
Жалпы халық саны – 1658, отбасы саны - 285.
Қаратерең ауылы 4 елді мекеннен құралған:
Көне Қаратерең, ескі құдықтың басында, фильтрленген су ішіп отыр.
Жалпы халық саны – 149, отбасы саны - 28.
Тастақ, балықтың уылдырығын инкубациялайды
Жалпы халық саны – 196, отбасы саны - 34.
Жаңа Қоныс
Жалпы халық саны – 755, отбасы саны - 129.
Көл жаға
Жалпы халық саны – 558, отбасы саны - 95.
Автожолмен:
Арал қаласына - 175 км.
Әйтеке би кентіне - 125 км.
Көкарал бөгетіне дейін – 25 км.
Негізгі кәсіпшілік – балық аулау, сату. Кезінде Қуаңдария балық зауыты болған, соның негізінде «Қуаныш» ЖШС қызмет етеді, директоры Прекеев Батырхан және Кожағұл Алимуса.
320 орындық 2 қабатты мектеп салынып, іске қосылды. 25 төсектік (10 орындық күндізгі емдеу) емханасы бар. Арал-Сарыбұлақ топтық суқұбыры арқылы скважина суы келген[60].
18-сурет. Қаратерең ауылының орталығы. Артқы фонда 320 орындық мектеп.
«Ақлақ» су тоспасы 2010 жылы іске қосылған, нәтижесінде соңғы 10-12 жылда құрғап қалған көлдерге су барып, балық пен құс, қамыс пайда болған. Балық тұқымы көбейген соң, жергілікті тұрғындарға жұмыс табыла бастады.
Елді мекендегі балық сақтайтын мұздатқыштың қуаты аз, сондықтан тұрғындар Арал қаласынан салынған мұздатқышқа қызығушылық танытуда.
Жақын арада Бейнеуден тартылған газ құбыры осы аралықпен өтпек…[60].
3.3. Балық өндірісін жүргізуге қолайлы жағдайдың қалыптасуы.
Арал өңіріндегі көл жүйелері қалпына келген жағдайда көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік туады. Елді мекендерді, егіндік, шабындық және мал жайылымдық жерлерді су басу қауіпі сейілді. Көл жүйелерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асырудың бастамасы ретінде Қараөзекте су реттегіш құрылыс салуды айтуға болады. 2005 жылға құрылыстың бірінші кезеңін аяқтау үшін 500,0 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс біткен соң Қараөзектің арнасы секундына 350,0 м³ су өткізе алатын болады, яғни бұрынғыдан 6 есе көп. Бұл Арал өңірін суландыруды көздейтін үлкен бағдарламаның аясында орындалатын маңызды шаралардың бастамасы болып табылады. Көл жүйелері қалпына келген жағдайда онан күтілетін экологиялық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелер баршылық. Солардың бірі балық өндірісін жандандыру, оны экономиканың тиімді саласына айналдыру болмақ. Соңғы ширек ғасырда экологиялық ахуалдың тоқырауынан туындаған түрлі оъбективті себептерден облыс жерінде балық шаруашылығы құлдырап кеткені мәлім. Әйтсе де балық шаруашылығын қайтадан көтеру мүмкіндігі жоқ емес. өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Сырдарияның төменгі ағысында қалыптасқан табиғи, гидрология-гидрохимиялық режимге байланысты көлдердің жалпы айдыны 115,0 мың гектардай болды. Олардан жыл сайын 8,0 мың тонна балық ауланып, бұл Арал бассейнінің Қазақстандық бөлігінде ауланатын балықтың 20 пайызы еді. Көлдерді балық өндірісіне пайдаланудың жергілікті жерде жинақталған тәжірибесіне орай, олардың аймақтық және гидрографиялық белгілеріне қарай ірі-ірі көл жүйелеріне топтайды[4].
15-кесте. Сырдың атыраулық аймағындағы ірі көл жүйелері (1996 ж.)
Көл жүйесінің аты |
Жүйені құрайтын көлдердің аты |
|
Қамыстыбас, Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райм |
|
Ақшатау, Сорғақ, Қаракөл, Шөмішкөл, Қотанкөл |
|
Жуансадырбай, Лақалы, Ханой, Қаратерең, Тасарық, Қаукей |
|
Мақпал, Жаркөл, Қаракөз |
|
Қараарын, Малтай, Бескепе, Майкөл |
|
Тұщы, Қарашалаң, Қаратерең, Ақбілек, Ақбасты, Жыланды, Баян, Жаңғылышкөл |
Осы көл жүйелерінің гидрология-гидрохимиялық режимі Сырдария өзенінің ағысымен тікелей байланысты. Арал өңірінде жалпы гидрологиялық режимнің қолайсыз бағытта өзгеру процесі басталғанға дейін бұл көл жүйелерінің суы мол, деңгейі биік, балығы көп болды.
Сырдария өзеніне тежеу салынып, ағыс азайған соң көлдер жеткілікті су ала алмай, сонан олардың шаруашылық маңызы жоғала бастады. 70-ші жылдардың ортасында суармалы егістің көлемі ұлғаюына байланысты өзен бассейнінде басталған қуаңшылық көлдердің қалыпты режимін бұзып жіберді. 1974 жылы Сырдарияның аяғына келген судың көлемі 14,0 км³ болса, ол 1976 жылы небары 0,065 км³ ғана болды. Су тапшылығының салдарынан Қамыстыбас, Ақшатау және теңіз жағасы көл жүйелерінің айдыны едәуір тартылып, суы ашқылтым тартса, Ақпай-Ақирек, Ақсай-Қуандария, Қараөзек көл жүйелері кеуіп қалды. Балық беттерінің негізгі ірі көл жүйелерінің айдыны 20,0-25,0 мың гектарға дейін азайды. Суы қайтқан көлдерден ауланған балық мардымды болмады. Бассейнде гидрологиялық режимінің өзгеруіне орай көлдердегі балықтың жалпы саны азаюымен бірге тұраралық саны да үлкен өзгеріске ұшырады. Сазан мен тыран секілді құнды балықтардың саны азайып, оның есесіне тісті, жыланбас және басқа онша құнды емес жыртқыш балықтардың үлес салмағы артты. Арал теңізінің деңгейі төмендеп, онда уылдырық шашуға, өсіп-өнуге жағдай қолайсыз болуы себепті теңіз балықтары, мысалы, тісті мен торта, көлге жиналып уылдырық шашуға бейімделді. Бұл жағдай сазан балығының өрісін тарылтып, оның басын кемітіп жіберді. Әйтсе де балық шаруашылығын қайтаданқалпына келтіруге қолайлы жағдай доқ емес. Осы бағытта жүзеге асырыла бастаған халықаралық РРССАМ жобасының (регулирование русла реки Сырдарьи и Северного Аральского моря) негізгі мақсаты Сырдария-Арал өңірінің Қазақстандық бөлігінде балық өндірісін жолға қойып, оның өнімің еселеп арттыру болып отыр. Әрине, балық өндіруді баяғыдай қарапайым әдіспен емес, осы заманның талабына сай озық технология негізінде ұйымдастыру қажет. Сонда ғана бір кездері күрлеп тұрған, қазіргі артта қалып отырған саладан балық байлығы экономикада табысты көздердің бірі болатыны хақ.
Арал өңірінде Солтүстік кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және оқта-текте су түсіп тұратын ескі арналар мен өзектерді қоспағанда 150-160 көлдер бар. Сол көлднр жүйелерінен едәуір мөлшерде балық өндіруге болады. Сонда балық кластерінің бірінші құрамы сол көл жүйелерін суландыру болып табылады. Сол себепті, осы салаға салынатын алғашқы инвестициясының ауқымды бөлігі балық өсіруге қажетті су көздерін қалпына келтіруге жұмсалады. Солтүстік кіші Аралды сақтау мақсатында салынып жатқан Көкарал бөгеті, теңіз жағалауындағы көл жүйелерін суландыру үшін Сырдарияға салынып жатқан «Ақлақ» тоспасы және Қараөзек құрылысы, сондай ақ көл жүйелерін суландыру жобалар балық кластерінің инвестиция тартатын көш бастаушылар болып отыр. Көкарал бөгетінің құрылысы 2005 жылдың тамызында аяқталып, Кіші теңіздің суы Үлкен теңізге қарай ағысын тоқтатты. Сөйтіп, Солтүстік Арал теңізін (САТ) бөлектеп сақтау арқылы аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және оны экономикаға елеулі үлес қосатын нысан ретінде пайдалануға қол жетеді деген үміт шындыққа айналды. Солтүстік кіші теңіздің қазіргі айдыны 87,0 мың гектар. Жақын болашақта оны 330,0 мың гектарға жеткізуге болады. Сонымен бірге шаруашылық маңызын жоғалтпай балық беріп тұрған көл жүйелеріне балық өсіруге қолайлы айдын 60,0 мың гектардай көл жүйелері қосылатын болады.
Дұрыс ұйымдастырылған балық питомниктері назардан тыс қалса, кластерлік жүйе нәтижелі болмақ емес. Сондықтан балық питомнигі кластердің ең маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Осы заманғы озат технология негізінде ұйымдастырылған балық питомнигі, онда өсірілетін шабақтар болмаса балық өндірісін көтеру туралы армандаудың өзі артық. Облыс жерінде бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан деуге болады. Облыста өнімді жұмыс істеп тұрған екі питомник бар. Олар Арал ауданындағы Қосжар және Тастақ балық питомниктері. Қазіргі кезде Қосжардағы балық питомнигі ЮСАИД-МАШАВ-тың қолдауымен қалпына келтірілді. Қамыстыбас питомнигі республикалық коммуналдық кәсіпорын құрамына кіреді. Кейінгі үш жыл ішінде көлдерді балықтандыру және бір жылдық шабақтар өсіруге республика бюджеттен 117,1 млн, оның ішінде 2004 жылы 43,0 млн теңге бөлінді. Аталмыш шаралардың нәтижесінде питомниктің өндірістік қуаттылығы 3,0 млн шабақтан 13,4 млн шабаққа артты. Қаржыны тиімді пайдалану мен ұқыпты ұйымдастырудың есебінен питомникшілер 2005 жылы бір жылдық шабақтардың санын 15,0 млн-ға жеткізуді көздеп отыр. Бұл олардың потенциалдық мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар Қосжар питомнигінің көлемін 80,0 гектарға, Тастақтағы питомниктің көлемін 100,0 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Озат технология негізінде питомниктің жұмысын ұйымдастыру тек қолда бар жергілікті жердегі байырғы балықтың шабағын көбейтумен ғана шектелмей бұрын Арал теңізінен мол ауланып жүрген, бірақ қазір құрып кеткен, ең құнды балық – бекіренің де шабағын өсіруге мүмкіндік туғызды. 2005 жылғы мәлімет бойынша Тастақ балық питомнигінде Астрахань облысынан әкелінген бекіренің шабақтары өсірілуде. Келешекте Солтүстік Арал теңізінен бекіре балығын өндірістік аулауға болады деген үміт жоқ емес.
Кластермен жұмыс істегенде еңбек нәтижелі болуы үшін балық аулауды өндірістік салаға көшіру қажет болатынын осы саланың әлемдік тәжірибесі көрсетуде. Арал өңірінде жүзеге асырыла бастаған РРССАМ жобасының техника-экономикалық негіздемесінде балық өндірісінен түсетін өнім мөлшері жылына 8-10 мың тоннаға жетеді деп межеленеді. Қызылорда облысында қазір кәсіптік дәрежеде балық аулап жүрген шаруашылықтардың саны – 51. Сондай-ақ балық аулау кәсібімен мемлекеттік емес ұйымдар да айналысады. Атап айтқанда, Арал ауданындағы құрамында 600 балықшы мүшесі бар «Арал – теңіз» бірлестігі 2005 жылдың көктемінен бері «Камбала балық орталығы» ұйымымен бірлесіп, балық өңдеу зауытын іске қосты.
Әйтсе де балықты өңдеуде, оның өнімін тұтынушыларға сапалы етіп сату үшін қажетті құрал-жабдық болуы тиіс. Ең алдымен мұздатқыш-салқындатқыш керек. Бірақ ол әзірге болмай тұрғандықтан қиындық жоқ емес. Дегенмен бұл қиындық жүре-бара жөнделетін сыңайлы. РРССАМ жобасында бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Осыған орай балық өндірушілердің бір кооперативке балық сақтайтын камералар мен рефрижераторларды пайдалана отырып жұмыс істеу қарастырылуда. Мұның тиімділігі сол Арал балығын аймақтан тысқары жерлерге де шығаруға болады. Осы жобаның шеңберінде Арал өңірінде су қорларын қалпына келтіруге және балық шаруашылығын дамытуға деп 2,0 млн. АҚШ доллары бөлініп отыр.
Кластерлік буындардың тізбегінде балық қорын тиімді пайдалану және оны қорғау құрамдық бөлігінің маңызын өзгелерден кем деуге болмас. Осы құрамға байланысты Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы қаулысымен Қызылорда облысында «Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы басқармасы» құрылған болатын. Облыс жеріндегі балығы бар ашық су көздерін қорғауға алып, олардан балықты заңсыз, лицензиясыз аулауға тосқауыл қою осы басқарманың төл ісі болып табылады. Сондай-ақ балық қорын сақтау, оны молайту үшін көл жүйелеріне белгіленген мөлшерде таза судың түсіп тұруын қадағалап отыру, жеке меншік көл жүйелерінің санитарлық күйін бақылау сияқты маңызды шараларды жүзеге асыруда[4].
16-Кесте. Арал-Сырдария бассейні бойынша 2007-2010 ж.ж. және 2011 жылдың 6-айында балық аулау лимитінің игерілуі жайлы мәлімет[59].
Кіші Арал теңізі |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2011ж. 6-айы |
||||
лимит |
орын. |
лимит |
орын. |
лимит |
орын. |
лимит |
орын. |
лимит |
орын. |
|
1910 |
1910 |
1490 |
1490 |
1885 |
1885 |
2810 |
2810 |
3520 |
2415,92 |
|
Балық өндірісін дұрыс жолға қойып, оны өркендету үшін сала арнайы құрал-жабдықпен толық және осы заман деңгейіндегі озық технологияға сай дәрежеде қамтамасыз етілуі тиіс. Сол құрал-жабдықтардың ішіндегі бірінші кезекте тұратыны, әрине, қайық. Қазір қайықты шыны-пластикадан жасайды және оған сұраныс көп, өйткені, қайықсыз балық ауланбайтыны әркімге аян. Кеңес дәуірінің соңына таман Арал ауданының Қаратерең елді мекенінде арнайы цех ұйымдастырылып, сол шыны-пластикалық қайық жасап жүрді. Ол шығарған қайықтарын тек Арал емес, Балқаш, Зайсан, Алакөл өңіріндегі балықшыларға да беріп тұрған болатын. Қазіргі бағдарламаға сәйкес, Арал қаласында «Арал-Пластикқайық» зауыты салынып, ол өнімдерін бере бастады. Техника-экономикалық негіздемесі бойынша зауыт жылына 100 (жүз) қайық шығарып отыруы тиіс. Аралдың қайығына Қазақстанның басқа аймақтарындағы балық өсіру және аулаумен айналысатын балықшылар қауымы зәру. Олар да қайықққа сұраныс беруде.
Балықты өндіру бар және оны өңдеу бар. Бұл соңғысы күрделі процестердің бірінен саналады. Өйткені, өндірген балық осы заманғы осы технология негізінде өңделмейінше, онан экономикалық пайда болмақ емес, яғни, жұмсалған қаржы, еткен еңбек, төгілген тер зая кетері белгілі. Қазір Арал өңірінде балық өндірісі ептеп дұрыс жолға қойыла бастағаннан бері балық өңдейтін кәсіпорындар да төбе көрсете бастады. Олардың алғашқылары ретінде «Ақнұра», «Ақбидай», «Қарасай-Қази», «Камбала балық орталығы» кәсіпорындарын айтуға болады. «Камбал балық орталығы» зауытының базасы негізінде еуропалық стандарттарға сәйкес камбаланы өңдеу және балық филесін вакуумдық қалталау технологиясы игерілді. Сол сияқты ауланған балықтан адамға түрлі тамақ, мал мен құсқа жем дайындау сияқты өнімдерді өндіру, яғни қалдықсыз технология енгізілуде. Алматы қаласындағы ішкі рынокты айтпағанда, Финляндия, Дания, Башқұртстан сияқты елдер Арал камбаласына сұраныс жасайтындарын мәлімдей бастады.
Балық өндірісінде дайын өнімдерді сату жүйелерін қалыптастыру кластерлік бағдарламаның тағы бір маңызды буыны болып табылады. Балық пен балық өнімдерінің сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келіп жатса ғана көбірек сұранысқа ие болады[4].
Әрине, өндіріс болған соң оның қыр-сырын жетік білетін тәжірибесі мол байырғы кәсіпкерлермен қатар жаңа жағдайға бейімдеп дайындалған кадрлар жеткілікті болуы шарт. Демек, біз айтып отырған кластердің ең соңғы буыны кадр мәселесін талапқа сай шешу болады екен. Балық шаруашылығы өзіне тән ерекшелігі мен қиындығы бар сала болғандықтан оны жүргізетін білікті мамандар даярлау маңызды мәселелердің бірі болады. Бұл өндірістің басты ерекшелігі сол, оның беретін өнімі, яғни балық көзге көрінбей тіршілік ететін болғандықтан өнімді дәл межелу едәуір қиындық туғызады. Сондықтан, оның басында оның қыр-сырын толық игерген білікті мамандар болуы тиіс. Демек, қайта қалпына келе бастаған Арал өңірінің балық шаруашылығы үшін орта және жоғарғы білімді ихтиолог мамандар қажет-ақ.
21-сурет. Арал қаласындағы балық зауыты. Зауыт директоры шетелдік қонақтарға зауыттың жұмыс істеу принципін таныстыруда
ҚОРЫТЫНДЫ
Арал теңізі Тұран ойпатының шөлді аймағында климатты жұмсартушы «буферлік зона» қызметін атқарды;
Адамдардың экологиялық сауатының төмендігі және болашаққа перспективасыз жасалған стратегиялық жоспарлардың нәтижесінде суқойманың басты қорек көзі Сырдария мен Әмудария өзендерінен Арал теңізіне құйылатын су көлемі жыл санап кеміп кетті;
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қалпына келтіруге байланысты қадамдар жасала бастады және соның айғағы «Сырдария өзенінің ағысын реттеу және Арал теңізін сақтау» (САРАТС) жобасы;
Көкарал бөгетінің бірінші кезегі біткен соң Солтүстік Арал теңізін сақтау мен теңіз жағалауындағы көлдерді суландыру мәселесі шешімін тапты;
Экологиялық жобаның пайдасы тек су айдынының техникалық көрсеткіштерінің жақсаруы ғана емес өңірдегі биологиялық ресурстардың молаюында (балық қоры, өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі, құстардың саны көбеюі);
Солтүстік Арал теңізінің гидрохимиялық режимі ихтиофаунаның өсіп-өнуіне жайлы болуымен бірге құрғап жатқан көлдердің сулануы өңірді көгалға айналдырып, тұзды шаңның желмен көтерілуі саябырлады, мал-жанға, жабайы аңдар мен құстарға жағымды микроклимат қалыптасты;
Теңіз бен көлдердің жағалауындағы қалың өсімдік қауымдастығы су ценозымен байланысты құстар мен аңдардың мекеніне айналды;
Жергілікті тұрғындар көлдерден балық аулау кәсібін қайта жаңғыртып, ылғалды жерлердің шөбін шабындық пен мал жайылымына пайдаланып отыр;
Сырдарияның ағысын реттеу арқылы табиғи кешендерді қалпына келтіру және шаруашылық салаларын өрбіту мәселесі шешімін табатын болады[64].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Саданов А.Қ., Нұрғызарынов А.М. «Арал өңірінде орнықты дамудың ғылыми негізі». – Астана, 2008. 4-164 б.б.
«Шығыс Арал өңірінің биоқорларын молайтуды ғылыми негіздеу». Магистрант Әшімова Г. магистрлік жұмысы. Ғылыми жетекшісі: а/ш.ғ.д., проф. Нұрғызарынов А.М. Қызылорда, 2005 жыл. 3-4 б.б.
«Солтүстік кіші Аралдың деңгейі тербелуінің өңірде экологиялық жағдайларға әсері». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нұрғызарынов А.М., (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 399-402 беттер. «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы». Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ІІ Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. – Алматы-Ақтөбе, 2011.
А. Нұрғызарынов. «Аралдың экологиялық тынысы». – Алматы: «Ғылым», 2006. 8-217 б.б.
Қызылорда облыстық су ресурстары комитетінің көпжылдық есебі. Арал теңізі: 1959-2005 ж.ж.
Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең елді мекені тұсында Сырдария өзеніне салынған «Ақлақ» су электр стансасы құрылысшыларының жобалық құжаттары.
«Аралдың құрғаған орнындағы жаңа құрлық және оны шаруашылыққа игеру жолдарын зерттеу. 2005-2006 ж.ж. Ғылыми есеп. Қорқыт Ата ат. ҚМУ.
«Арал өңірінің экологиялық күйіне байланысты биологиялық қорлардың қайтадан қалпына келуі». Нұрғызарынов А.М., Құрманбаев Р.Х. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 59-62 б.б.
«Арал теңізі бассейнінде тауарлы бекіре өсіру жолдары». Жұбанов Қ.У., Ермаханов З.К. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 144-147 б.
«Кіші Арал теңізінің балық шаруашылығының болашағы». Ермаханов З.К. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 137-140 б.
«Қамыстыбас көлінің қазіргі кездегі экологиялық жағдайы». Ибадуллаева С.Ж., Абдраманова Г.Б. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 30-32 б.
«Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғи ортаның антропогендік бұзылуы және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптары» Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проблемалық экология зертханасының 1999-2002 жылдардағы ғылыми есебі.
«Оценка современного состояния промысловой ихтиофауны Малого Аральского моря». Ермаханов З.К. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 135-137 б.
«Оценка состояний краснокнижных видов рыб Арало-Сырдарьинского бассейна». Ермаханов З.К., Жубанов К.У. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 142-144 б.
«Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көлдерде тауарлы балық шаруашылықтарын ұйымдастыру – балық шаруашылығындағы болашағы бар бағыт». Ермаханов З.К., Жұбанов Қ. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 140-142 б.
А.Нұрғызарынов, Қ.Шапшаңов. «Арал өңірінде өндірісті экологияландыру» (Қызылорда облысы) 2001 жыл.
А.Нұрғызарынов, Қ.Шапшаңов. «Арал өңірінің экологиясы».Алматы.1999 ж.
«Агроклиматтық қорлар» Қазақстан Республикасы. Қызылорда облысы. Гидрометеобаспасы. Ленинград, 1978 ж.
Айдаров О. және басқалар – «Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде өсімдік жамылғысының қазіргі күйі» Шымкент, 2001 жыл «Арал теңізінің проблемалары». Алматы. «Ғылым» баспасы, 1984 жыл
«Арал теңізін құтқару және Арал маңында экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» («Арал-2006») (14-36) Арал маңының экологиялық картасы, 1992 жыл.
«Арал аймағының медициналық өзекті мәселелері». Қызылорда қ. 1994 ж.
Ермаханов З., Глотова Р.М. – «Антропогендік факторлардың ықпалымен Арал теңізіндегі су фаунасының өзгеру ерекшелігі». Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымдарының жаршысы, №5, 1994 ж.
Жұбатқанова М.А. – «Сырдарияның төменгі ағысында қуаңдану процесінің елді сумен жабдықтау жағдайына және халықтың денсаулығына әсері. Арал өңірі аймағының медициналық проблемалары». Қызылорда, 1955 ж.
Қосанов О., Қосанов С. – «Қызылорда облысы жан-жануарларының экологиялық ахуалы». Қызылорда «Тұмар» 2002 ж.
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өндірістік есебі. 2000-2003 жылдар.
Нургизаринов А.М., Арыстанов И.Ж. «Климатические ресурсы, земельный фонд и его использование в Кзыл-Ординской области». В кн. «Рекомендаций по системе ведения отраслей агропромышленного комплекса»(Кзыл-Ординская область).Изд.«Кайнар».Алма-Ата.1991.13-19 с.
Нұрғызарынов А.М., Волков А.И., Некрасова Т.Ф., Мужайцева М.Ф., Киевская Р.Х., - «Сырдария өзенінің ағысын тежеуге байланысты оның аяғында топырақ жамылғысының өзгеруі және оны келешекте пайдалану». Алматы, 1979 ж.
Нұрғызарынов А. «Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы»: - Қызылорда: «Тұмар», 2003. – 168 бет.
Тыныштықбаев Е.Б., Нұрғызарынов А., Шалахатов Ә., Балтаев Қ. – «Қоршаған ортаны қорғау». «Агроөнеркәсіп кешенінің салаларын өркендету жөніндегі ұсыныстар». Алматы, «Қайнар» 1991 ж.
Шомантаев А.А. «Гидрохимический режим водотоков и сельскохозяйственное использование сточных и коллекторно-дренажных вод в низовьях р. Сырдарьи». - Кызылорда: РИО КГУ им. Коркыт Ата, 2003.
«Сырдария өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында су сапасының өзгеру динамикасы». Шынбергенов Е.А., Әуезова Н.С., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 193-196 беттер. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2011 жылғы 10-11 қараша). – Қызылорда: Тұмар, 2011.
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М. (КГУ им. Коркыт Ата) 196-199 бб.. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2011 ж. 10-11 қараша). – Қызылорда: Тұмар.
Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының 2007-2010 ж.ж. және 2011 жылдың 6-айында балық аулау лимитінің игерілуі жайлы мәліметтер.
Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылдық округі әкімдігінің статистикалық деректері.
Қызылорда облыстық су шаруашылығы мекемесінің көпжылдық деректері.
Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының 2011 ж. деректері.
«Арал теңізі жағалауындағы көлдерге су түсуіне байланысты биологиялық түрлердің қалыптасуы» Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Ешмұрат Қ., Калиева Ф.И. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. (18.05.2012).
«Көкарал бөгеті және «Ақлақ» су электр стансасының экология-экономикалық ролі» Шынбергенов Е.А., Сиханова Н.С., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Калиева Ф.И., Нұрғызарынов А.(Қорқыт Ата ат. ҚМУ) «Арал өңірі аймағы индустриалды-инновациялық даму басымдықтары». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (18.05.2012).
«Солтүстік Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы». «Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы» (Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы) 2012 ж. жинаққа тіркелген. Шынбергенов Е.А., Абжалелов Б.Б.
«Шығыс Арал өңірінде антропогендік фактордың әсерінен биологиялық қорлардың өзгеруі». Б-02-1 тобы Боранбаева Л. магистрлік диссертациясы. Ғылыми жетекшісі: а/ш.ғ.д., проф. Нұрғызарынов А.М. Қызылорда, 2004 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген