Материалдар / Дипломдық жұмыс "Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дипломдық жұмыс "Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ............................................................................................ 3 1. Тұлғаны ұжымда әлеуметтендірудің ғылыми- теориялық негіздері.......................................................................................... ...... 6 1.1 Гуманитарлық ғылымдардағы әлеуметтендіру ұғымы және онда тұлғаның даму мәселесі..................................................................... 6 1.2 Ұжым жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде.................. 22 2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және олардың нәтижелері....................................................... ........ 36 2.1 Анықтау экспериментін ұйымдастыру және оның нәтижелері 36 2.2 Ұжымда жеткіншектерді әлеуметтендіру жолдары........................ 47 2.3 Жеткіншектердің әлеуметтенуін қалыптастыру жұмыстары және олардың нәтижелері.................................................................... ......... 50 ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2023
270
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

83


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті








Ербосынқызы Арманай




Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС



5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

мамандығы



















Алматы 2018


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті





«Қорғауға жіберілді»

«__»_______2018 ж.

Арнайы және әлеуметтік педагогика

кафедрасының меңгерушісі _______ Г.С.Оразаева





ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС




Тақырыбы: Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу




5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы

413-топ






Орындаған Ербосынқызы А.


Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы Қараева Т.Н.







Алматы 2018


М


азмұны



КІРІСПЕ ............................................................................................

3


1.

Тұлғаны ұжымда әлеуметтендірудің ғылыми-теориялық негіздері................................................................................................


6




1.1

Гуманитарлық ғылымдардағы әлеуметтендіру ұғымы және онда тұлғаның даму мәселесі.....................................................................


6




1.2

Ұжым жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде..................

22




2.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және олардың нәтижелері...............................................................


36




2.1

Анықтау экспериментін ұйымдастыру және оның нәтижелері

36




2.2

Ұжымда жеткіншектерді әлеуметтендіру жолдары........................

47




2.3

Жеткіншектердің әлеуметтенуін қалыптастыру жұмыстары және олардың нәтижелері.............................................................................



50





Қорытынды ................................................................................

59





Пайдаланылған Әдебиеттер ......................................

61



Қосымша .....................................................................................


64
















РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу


Жұмыстың көлемі: 63 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 60; Қосымшалар саны: 2;

Кестелер саны: 8; Гистограмма:4 .

Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын негізгі сөздер – әлеуметтену,

жеткіншектер, тәрбиелеу, ұжым, топ, тұлға, қарым-қатынас.

Зерттеу мақсаты: бүгінгі жеткіншектердің ұжымда әлеуметтену ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

- зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді оқу және талдау;

  • жеткіншектердің ұжымда әлеуметтену деңгейлерін анықтау;

  • жеткіншектердің ұжымда әлеуметтенуіне тиімді ықпал ететін әңгіме-

сұхбат (полемика), дөңгелек үстелдің, түзету-дамыту құрастырып, тәжірибеден өткізу.

Зерттеу әдістері:

- Т.Лиридің «Тұлғааралық қатынастарды диагностикалау» әдістемесі;

- Дж.Мореноның «Социометрия» әдістемесі;

- М.И.Рожковтың «Жеткіншектердің әлеуметтену деңгейін зерттеу» әдістемесі.

Зерттеуден алынған нәтижелер:

- Педагогика мен психологиядағы тұлғаны әлеуметтендіру мәселелесінің мәні мен маңызы ашып көрсетілді;

- Жеткіншектердің әлеуметтенуінде ұжымның басты белгілері, қызметтері мен рөлі анықталды;

- Жеткіншектердің ұжымда әлеуметтенуіне тиімді ықпал ететін әңгіме-сұхбат (полемика), дөңгелек үстелдің, түзету-дамыту сабақтары құрастырылып, тиімділігі дәлеледенді.

Тәжірибеде қолданылуы: Жеткіншектердің ұжымда әлеуметтенуіне арналған әңгіме-сұхбат (полемика), дөңгелек үстелді, түзету-дамыту сабақтарын мектептегі әлеуметтік педагогтар, «Өзін-өзі тану» мұғалімдері педагогикалық іс-әрекеттерінде қолдануларына болады.

.










Диплом жұмысын жазудың күнтізбелік кестесі



Іс-әрекет түрлері

Мерзімі

Орындалуы туралы белгі

1

Зерттеу жұмысының өзектілігін негіздеу


қыркүйек

15.09.2017

2

Диплом жұмысының тақырыбын бекіту



қазан

28.10.2017

3

Дерек көздерін жинау және әдебиеттерді іріктеу, оқу, зерделеу өңдеу.


қараша

22.11.2017

4

Диплом жұмысының ғылыми аппараттарын анықтау


желтоқсан

06.12.2017

5

Диплом жұмысының теориялық бөлімін жазу


желтоқсан

20.12.2013

6

Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу


қаңтар

10.01.2018

7

Дипломдық жұмыстың эксперименттік бөлімін жазу


қаңтар-ақпан

07.02.2018

8

Диплом жұмысын алдын ала қорғау



ақпан

28.02.18

9

Диплом жұмысын қорғау



Наурыз

27.03.18











Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі: Қоғамдық дамудың өзекті мәселесі оның әрбір жекелеген тұлғамен үйлесімді қарым-қатынасы, яғни оның әлеуметтенуі болып табылады. Қоғам үшін әсіресе өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі екерше өзекті. Нақ балалық шақта, жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдерде тұлғаның негізгі құрылымы, сапалық сипаттамалары қалыптасады. Ал оған қоршаған ортаның педагогикалық ықпалы мәнді дәрежеде ықпал етеді. Психологиялық көзқарас тұрғысынан, тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Адамның әлеуметік өзіндік анықталуы өткен ғасырлар үшін де, бүгінгі ғасыр үшін де бірдей көкейтесті мәселе. Алайда ол қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйелеріне едәуір тәуелді. Бұл өзінің сипаты бойынша үнемі өзгеріп отыратын үдеріс.

Өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі күрделі үздіксіз үдеріс. Бір жағынан жекелеген тұлғалардың қажеттіліктері қоғамдық қажеттіліктерге бейімделеді, бірақ бұл бейімделу конформизмге әкелетін енжар сипатта емес. Индивид қоғамда өзінің рөлін еркін құрып, өзінің маңызды күшін көрсеткенде, ол жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіретін белсенді шығармашылық үдеріс болып табылады. Екінші жағынан, қоғам мораль және мінез-құлық нормаларын, отбасында, мектепте және т.б. адамды қоршаған әлеуметтік ортада олардың арасындағы қарым-қатынастың педагогикалық мақсатты формаларын қалыптастырады.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде әсіресе білім беру жүйесінің орны мен рөлі айрықша бөлек. Өйткені жеткіншектердің тұлға ретінде қалыптасуының, әлеуметтенуінің кезеңдері оқыту мен тәрбиелеудің мектептегі жылдарында қарқынды жүзеге асырылады. Тұлғаның әлеуметтік бітім болмысы, жеке адамның қасиеттерінің негізгі белгілері міне осында қаланбақ. Олай болса, қоғамның ілгерілеуі мен болашағы білім беру мекемелерінің бүгінгі жас ұрпақты қалай оқытып тәрбиелеуіне тікелей байланысты.

Балалар әртүрлі байланыстар мен қатынастарда өмір сүреді, өседі және дамиды. Балалар мен жасөспірімдер топтарында қоғам дамуының нақты тарихи жағдаятындағы осы топ мүшелерінің өзара байланысын бейнелейтін тұлғааралық қатынастар қалыптасады.

Әрбір нақты топтағы тұлғааралық қатынастардың өзінің қайталанбас тарихы бар болса да, әрбір жас кезеңінде олардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтары әрекет етеді. Әлеуметтену үдерісі әсіресе жеткіншектік кезеңде неғұрлым күрделі өтеді. Себебі жеткіншектің ағзасы мен санасында үлкен өзгерістер болып, олар түрлі қарым-қатынастарға (достық, жауласушылық, махаббат және т.б.) түседі. Жеткіншектерге микро және макро орта, сондай-ақ түрлі әлеуметтік институттар күшті ықпал етеді.

Жеке адамды қалыптастыру, өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу, өмірге даярлау, болашаққа бағыт-бағдар беру Л.С.Выготскийдің, Л.И.Божовичтің, Н.С.Лейтестің, М.Х.Титманның, В.Н.Турченктің еңбектерінде қарастырылған. Ұжымда балаларды тәрбиелеу мәселелерін көрсеткен А.С.Залужный, С.Е.Аркин, А.С.Макаренко, В.М.Бехтерев, Л.И.Уманский, А.В.Перовский, шетел ғалымдары Н.Спенсер, К.Левин, Р.Лайкерт, Дж.Морено және т.б.

Бұл аталған еңбектерде жас ұрпақты әлеуметтендірудің қажеттілігі айқындалып, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің теориялық-әдіснамалық негізі, мәні, жолдары, сондай-ақ ұжымның жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде орны қарастырылғанымен, бүгінгі күні өсіп келе жатқан ұрпақтардың бойында көрініс тапқан олқылықтар мен білім беру саласындағы қазіргі жағдайлар, жаңашыл өзгерістерді педагогика-психология аясына шоғырландыра алатын идеялардың жоқтығы бүгінгі күнгі әлеуметтендіруді, соның ішінде ұжымда әлеуметтендіруді дағдарысқа әкеліп отырғандығын да аңғарамыз.

Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен еңбектерге жасалған талдаулар зерттеу мәселесінің жеткілікті деңгейде өзінің шешімін таппай отырғанын айғақтайды. Демек, жеткіншектерді ұжымда әлеуметтендіруге деген қоғамның сұранысы мен қазіргі жеткіншектердің тіршілік ортасының жағдайы арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігі анық байқалады.

Сондықтан тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде ұжымның орнын қарастыру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Тұлғаның ұжымда әлеуметтенуін зерттеу» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: бүгінгі жеткіншектердің ұжымда әлеуметтену ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің нысаны – жеткіншектердің әлеуметтенуі.

Зерттеу пәні – жеткіншектердің ұжымда әлеуметтену ерекшеліктері.

Зерттеудің міндеттері:

- зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді оқу және талдау;

  • жеткіншектердің ұжымда әлеуметтену деңгейлерін анықтау;

  • жеткіншектердің ұжымда әлеуметтенуіне тиімді ықпал ететін әңгіме-

сұхбат (полемика), дөңгелек үстелдің, түзету-дамыту құрастырып, тәжірибеден өткізу.

Зерттеу болжамы: егер жеткіншектердің ынтымақты (ұйымдасқан) ұжымын қалыптастыр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!