2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Дипломдық зерттеу жұмысы

Дипломдық зерттеу жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын ақпараттық технологиялар арқылы дамыту
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

62


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті






Маметжанова Н.Қ.


Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым

дағдысын ақпараттық технологиялар арқылы дамыту



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС




«5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі»





























АЛМАТЫ, 2016


  1. ТАРАУ Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын дамытудың ғылыми теориялық негіздері.

1.1. Айтылым – сөйлеу әрекетінің түрі.........................................................

1.2. Сұхбат - тілдік қатынас негізі...............................................................

1.4. Полилог – ең жиі кездесетін сұхбаттасу түрі........................................

1.3. Монологтық сөйлеудің ерекшеліктері.................................................


  1. ТАРАУ Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны дамытудың әдістемесі.

    1. Ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы жаңа оқыту әдісі.......

    2. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға компьютерге арналған тапсырмалар........................................................................................

    3. Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда мультимедиялық бағдарламалар негізіндегі жаттығулар.. ....................................................................

    4. Оқушылардың айтылым дағдысын электронды оқулықтар қалыптастыру жолдары және мақсаты үшін іріктелген тапсырмалар мен жаттығулар...................................................................................

  2. Қорытынды...............................................................................................

  3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................
























Зерттеу жумысының өзектілігі. Адамзаттың жиырма бірінші ғасырға аяқ басуы қоғамның ақпараттандырылуымен сипатталатын болса керек. Оған техникалық прогресс өз әсерін тигізуде. Әсіресе қазіргі күндері өмірімізге дендеп енген компьютерлік техниканы, және басқа да ақпараттық технологияның әртүрін айтуға болады. Әлемнің басқа барлық елдері сияқты Қазақстан Республикасы да ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын - қоғамды ақпараттандыру кезеңіне көшті. Қоғамның барлық саласы - эконимика, мәдениет, ғылым - ақпараттандыруды дамудың негізгі алғышарты деп біледі. Оқыту үрдісі де бұл мәселеден тыс қалмақ емес. Себебі еліміздің ертеңі, аталған салаларда жұмыс істейтін бүгінгі балалар болса, олардың алған білімінің заман талабына сай болуы қажеттігі өзінен-өзі түсінікті. Осы себептерден болу керек 1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді(1,) Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Еліміздің мектептерін компьютерлермен қамтамасыз ету іске асырылып, енді осыған сай электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар, мультимедиялық бағдарламаларды пайдалану, бір сөзбен айтқанда, ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне енгізу мен оны тиімді қолдану жұмыстары жүзеге аса бастады. Мұндай ақпараттандыру ісі тілші-мамандар үшін де аса қажет. Өйткені қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді. Бұл кезең еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты әлемнің барлық елдерімен тығыз қарым-қатынасқа түсуімен ерекшеленеді. Яғни, мемлекеттер арасындағы сауда, экономикалық қатынастардың жандануына орай халық пен халықтың, ұлт пен ұлттың жақындасуы, олардың өзара пікірлермен бөлісулері, ой алмасулары, бір сөзбен айтқанда, әр түрлі бас қосулар әр жерде жиі-жиі өтіп тұратыны жасырын емес. Мұндай бас қосулардың негізі тіл арқылы, тілдесу, сұхбаттасу арқылы өтетіні тағы белгілі. Сондықтан бұл күндері тілді өзге тіл ретінде оқып үйренудің ерекше маңызға ие болып отырғаны да белгілі жай. Сол өзге тілді үйретудің ең соңғы нәтижесі әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара тең дәрежедегі тілдесімі арқылы сұхбаттасу мәдениетіне қол жеткізуі болса, бұл сөйлеу әрекетінің өнімді түрі болып саналатын айтылымға айрықша назар аударылуы қажеттігіне меңзейді. Сөйлеу әрекетінің өнімді түрі айтылым жөнінде Ә.С.Әлметова былай дейді: «Кез келген сөйлеу әрекеті тілдесу жағдаяттарына байланысты қарым-қатынастық мақсаттарды шешуге бағытталған дағдылар жүйесінің шығармашылық сипатқа ие болуын қажет етеді. Ал тілдесім жүзеге асуы үшін кем дегенде екі адам болуы керек. Бірі- ақпаратты беруші, екіншісі - тыңдаушы. Айтылым сөйлеу әрекетінің өнімді түрі. Ал өнімді тілдесу кезінде сөйлеуші өз сөзін өзі құрайды, басқаша айтқанда, өзі білетін, өзіне таныс сөздерден таңдай отырып, өзі құрастырады» (1,4б). Сұхбаттасу барысында айтушы тыңдаушының назарын өзіне аудара білуі, сұхбаттасын қызықтыра білуі тиіс. Өзінің сөзіне тыңдаушысының ықыласын тоқтатып, оны өзіне қарата білуі, сөзге тартып әңгімелесе білуі қажет.Сұхбаттасын сөз сайысқа, пікірталасқа шақырып, одан өз мақсатына қажет жауап ала білуі тиіс. Мұндай міндеттерді орындау үшін оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру қажет. Айтылым дағдысын қалыптастыру оқытудың бұрынғы-соңғы ең тиімді де ұтымды деген әдіс-тәсілдерін пайдаланып жүргізгенде ғана өз нәтижесін берері анық. Қазіргі қоғам талабы мен халықтың өмір сүру салтының жедел өзгеріске бейімделе дамуына байланысты оқушылардың айтылым дағдысын ақпараттық қатысымдық технологиялар негізінде қалыптастырудың қажеттігі айқын сезіліп отыр. Сондықтан оқыту үрдісіне мультимедиялық бағдарламалар, электрондық оқулықтар, интерактивті тақта сияқты ақпараттық технологияларды енгізуді, оларды тиімді пайдалануды жолға қою дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Сол себептен бұл күндері оқыту әдістемесі саласындағы осыған дейінгі қол жеткен озық тәжірибе нәтижесіндегі оңтайлы әдістермен бірге жаңа ақпараттық-қатысымдық технологияларды қатар пайдалану жаңа инновациялық технология ретінде, өзгерте оқыту құралы ретінде қарастырыла бастады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер де аз емес. Отандық және шетелдік әдістеме ғылымында шетел тілдерін ақпараттық технологиялық оқыту әдістемесіне арналған еңбектер баршылық. Атап айтқанда-сөйлеу жүйесін дамыту мен тілдесім мәдениетін қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетіне арналған еңбектердің қатарына Р.Д.Брехт, Д.Е.Дивидсон, Р.В.Гинсберг, И.Н.Верещагина, И.В.Рахманов, М.Р.Қондыбаева, А.Ж.Жапбаров, Ә.С.Әлметова, Ж.Дәулетбековалардың еңбектерін атауға болады; шетел тілдерін тиімді оқытуда оқу теледидары мен техникалық құралдарды қолданудың әдіс-тәсілін жасауға қатысты [А.А.Желтоватых , В.А.Поляков , А.Е.Карецкий және т.б. еңбектерін атауға болады. ]; электрондық оқулықтар негізінде елтану және ақпараттандырудың әдістемелік жүйесін қалыптастыруда Д.Е.Сағымбаеваның, Ж.Ә.Түселбаеваның, т.б. зерттеушілердің еңбектерін айтуға болады; мультимедиялық бағдарламаларды сабақ оқыту үрдісінде тиімді пайдалану жолдарына арналған Ә.Т.Чакликованың, зерттеу жұмыстары бар. Интернет ресурстарды бастауыш мектепте және жоғары оқу орындарында пайдалану амал тәсілдеріне Г.Ахметова, өз еңбектерін арнады. Алайда аталған зерттеушілер ақпараттық технологияны өз зерттеу тақырыптары аясында қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Ал мәдениетаралық қатысымның негізі болып саналатын айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолдану туралы арнайы зерттеу еңбегі жоқ. Біздің зертттеу тақырыбымыздың өзектілігінің бір дәлелі осында болса керек. Екіншіден, бұл күндері мектептер де, жоғары оқу орындары да компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілгенімен, олармен жұмыс істеу барысында оқытудың тиімді болуына бағытталған әдіс- тәсілдер жағы жетіспейді. Яғни аталған мәселелер арасында қайшылық бар. Осы қайшылықты шешу біздің зерттеу жұмысымыздың көздеген мақсаты болып табылады. Ал бұл өз кезегінде ұсынылып отырған зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жұмысының нысаны - лингвист-мамандардың айтылым дағдысын ақпараттық-қатысымдық технологиялар негізінде жетілдіру.

Зерттеу жұмысының пәні - оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты - лингвист-оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу және оны пайдаланудың әдістемелік жүйесін жасап ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақ тілді дәрісханада ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-

технологияны пайдалану мүмкіндіктерін талдау;

  • оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырудың үлгі моделін жасап ұсыну;

  • ақпараттық технологияны пайдалану арқылы студент-лингвистердің айтылым дағдысын жетілдірудің әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.

  • Зерттеу әдістері:

  • Талдау әдісі. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми теориялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;

  • Салыстырмалы әдіс. Ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі кейбір сұхбат түрлерін салыстыру;

  • Бақылау әдісі. Қазақ тілді оқушылардың айтылым дағдысын дамытуда ақпараттық-технологияның тиімділігін бақылау.

  • Сауалнама жургізу әдісі. Ақпараттық-технологияны айтылым дағдысын қалыптастыру үшін пайдалану әдістемесіне оқушыкөзқарасын байқау.

  • Сынау әдісі. Эксперименталды-тәжірибелік сынақтан өткізу.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер ағылшын тілін қазақ тілді дәрісханаға оқытуда оқушылардың айтылым дағдысын ақпараттық- технологиялар арқылы қалыптастыратын болса, онда оқушылардың мәдениетаралық қатысым жағдайындағы сұхбаттастығы тиімді жүріп, мәдениеттер сұхбаттастығына қол жеткізуге болатынына үміт артуға болады.

Зерттеудің жетекші идеясы : оқушылардың айтылым дағдысын ақпараттық- қатысымдық технологиялар арқылы дамытуды жолға қою, білім берудің жаңа парадигмасына өтуге жағдай жасайды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Ақпараттық-технологияның түрлері көрсетіліп, оны ағылшын тілін қазақ тілді дәрісханада оқытуда оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырудағы теориялық және әдістемелік жуйесі жасалынды;

  • Оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіру мақсатында оқу үрдісінде компьютерді пайдаланудың тиімділігі анықталды;

  • Айтылым дағдысын қалыптастыруда мультимедиялық бағдарламалардың артықшылығы дәлелденді;

  • Оқушылардың мәдениетаралық қатысым жағдайында мәдениеттер сұхбаттастығына қол жеткізуі үшін электрондық оқулықты пайдаланудың ұтымдылығы көрсетілді;

  • Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру мақсаты үшін ақпараттық-технология негізінде жүргізлетін жаттығулар жүйесі жасалынды.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын ақпараттық-технологияны пайдалану арқылы жургізу мұғалімнің теориялық білімінің және әдістемелік шеберлігінің артуына ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Зерттеу жүмысы бойынша берілген жаттығу жұмыстары мен эксперимент жұмыстарының нәтижелерін ағылшын тілін қазақ тілді дәрісханада оқытуда пайдалана алады.



І ТАРАУ Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын дамытудың ғылыми теориялық негіздері.

1.1. Айтылым – сөйлеу әрекетінің түрі.

Айтылым сөйлеу әрекетінің өнімді түрі. Айтылым айтушы мен тыңдаушы арасында болатын әрекет түрі. Айтушының тыңдаушысы бар. Зерттеушілер пікіріне қарағанда, адамның бір бірімен қарым-қатынас жасауының үштен екі бөлігі сізден, сөйлесе қатынас жасаудан тұрады. Адамдар қарым-қатынасты, көбінесе, сөз арқылы жасайды, яғни олар үнемі бір бірімен тілдік қатынасқа түседі. Адамның сөйлеу әрекеті ең кең тараған әрекет түрі екендігіне қарамастан ең күрделісі де. Сөзсіз адам әрекетінің басқа түрлерінің (коммерциялық өндірістік, ғылыми, қаржылық, басқару т.б.) ешқайсысы да жүзеге аса алмас еді. Сөз осы аталған әрекет түрлерінің бәрінің негізін қалайды, алып жүреді, бағыт бағдар сілтейді. Зерттеуші Ә.С.Әлметова: «Адамдар кез келген жағдайда өз ойын біреуге түсіндіру үшін, пікірлермен алмасу үшін тілдік қатынасқа түседі, яғни сұхбаттасады. Немесе адамдар арасында үнемі сұхбаттық тілдесім жүріп жатады. Сұхбаттық тілдесімнің табысты жүруі сұхбаттас-серіктестердің біліміне, тәрбиесіне, сөйлесе білу әдебіне, мінез-құлық мәдениетіне т.б. шарттарға тәуелді. Сондықтан сұхбаттық тілдесім ұғымы - философиялық, психолингвистикалық және әдістемелік жағынан зерделеуді қажет ететін күрделі категория», дейді. [6] Басқаша айтқанда айтылым әрекеті арқылы адамдар арасында сұхбаттасу жүреді екен. Шынында да сөйлеу әрекетінің өнімді түрі болып саналатын айтылым әрекеті - әлеуметтік сипаттағы, жүзеге асуы үшін кем дегенде екі адам қатысуы қажет және әңгімелесу тақырыбына байланысты өзара пікірлермен алмасулардан тұратын категория. Айтылым сипатынан сұхбаттастардың әрқайсысының ойы, еркі, көңіл-күйі, есі мен білімі көрінеді. Себебі айтушы мен тыңдаушы не жайында сөйлеседі, пікірлермен алмасу қажеттілігі неден туды деген мәселе сұхбаттасу барысында ашылады. Айтушы мен тыңдаушы мұны түсінбесе сөйлеу әрекеті жүзеге аспайды. Бұл жерде әрбір сұхбаттас-серіктес өз ойын жеткізу үшін пайдаланатын жекелеген сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер, бір сөзбен айтқанда, әрқайсысының айтылыс түрлері – сөйлеу әрекетінің басты көрсеткіші. Сөйлеу әрекетінің барлық басқа компоненттері осы айтылыс маңайына топтасады. Бұл жерде біз айтылым мен айтылыс терминдерін ажыраты білуіміз керек. Айтылыс деп сөйлеу әрекеті үстінде сұхбаттастардың өз ойлары мен пікірлерін, көзқарастарын, сезімдерін сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер арқылы жинақтап айтып беруін айтамыз. Ал айтылым деп адамдардың өзара ауызша тілдесуін, сөйтіп барып өз ой пікірлерін бір біріне жеткізуі арқылы туындайтын әңгімені, сұхбаттасуды айтамыз. Айтылым өз нәтижесінде жүзеге асуы үшін айтушы тыңдаушыға не айтатынын білуі тиіс. Ондай міндеттер қатарына тыңдаушының назарын өзіне аудара білуді, сұхбаттасын қызықтыра алуын, өз пікірін дұрыс жинақтап бере алуын жатқызамыз. Сонымен бірге айтушы тыңдаушы ықыласын өз сөзіне тоқтата алу тиіс және өз сұхбаттасымен дұрыс байланыс орнату арқылы оны сөзсайықа, пікірталасқа шақыра білуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда айтушы тыңдаушымен дұрыс әңгімелесе білуі керек және әңгімеден қажетті кезінде орнымен шыға да білуі тиіс. Айтушы аталған мәселелермн бірге тыңдаушысынан өз ойындағы жаупты алу үшін оны сөзге тарта білуі тиіс. Сонда ғана ол өз сұхбаттасынан өзіне қажет жауапты ала алады. Мұндай міндеттерді орындау үшін айтушы тыңдаушы назарын өзіне аудара алатындай сөйлеу клишелерін, сөзді демеп отыратын ым, өимыл, ишара элементтерін де білуі қажет. Сұхбаттасынан өзіне қажет жауап алу үшін оған орынды сұрақтар қоя білуі керек.Оның неге қызығатынын білу арқылы тыңдаушысы үшін қызықты тақырыпты сөз етуі қажет. Айтушы сөйлеп отырған сәтте тілдік қатынас үзіліп қалмас үшін тыңдаушысын сөзге тартудың әртүрлі формаларын меңгеруі тиіс. Ол үшін тілдесу барысында қажет болатын дайын клишелер мен ым, қимыл,ишара элементтерін орнымен пайдалана білуі керек.Оның пікірімен келіспейтін кезде де оны айтудың жолдарын білуі тиіс және егер тыңдаушысының сөзіне келіспейтін болса, оны ренжітпейтіндей қарсы пікір айта да білуі керек. Бұл үшін діл сол сәттегі жағдаятқа қажетті сөйлеу этикеттерін таңдай білуі керек. Тілін үйреніп жүрген халықтың әртүрлі жағдайдағы қалыптасқан тілдесу үлгілерін меңгеруі тиіс. Айтылымның табысты жүруі үшін оған қажетті дағдылар мен әдіс түрлерін де меңгеруі қажет. Ондай дағдылар қатарына сөздің мағынасы мен арақатынасын білу, жағдаяттар мен сөйлеу үлгілерін білу, өз сөзіне қажет грамматикалық формаларды игеру, дәл сол сәттегі тілдік қатынас талап ететін мағынаны дұрыс түсініп, орынды, дұрыс сөйлемдер айта білуі керек. Ал айтылымның өз нәтижесіне жетуіне қажет әдістер қатарына сөздер мен фразаларды бірнеше рет қайталап жаттауды,сөз бен формаға талдау жасай алуды, жағдаяттарды ойынға айналдыра алуды, тілдік ұатынасқа қажет қарым қатынастық міндеттерді шеше білуді жатқызуға болады. Шетел тілдерін оқытудың басты міндеті-оқушылардың сол үйреніп жатқан тілді меңгеріп, бір-бірімен сол тілде еркін қарым-қатынас жасай білуінде.Бұл жерде тілдің қатынасқа қажетті қатысымдақ құзыреттідікті қалыптастыру,яғни айтылған ақпаратты түсіну, оған тиісті жауап бере алу қабілеттілігінің болуын айтады. Тілдік қатынақа құзыреттілікті қалыптастыру- оқытудың негізгі және басты мақсаты болып табылады. Шетел тілін меңгерудегі ең басты қиыншылық ол сөзді тыңдап-түсіну кезінде туындайды.

Айтылым сөйлеу әрекетінің айрықша және маңызды түрі. Себебі сөйлеу әрекетінің қалған үш түрі (тыңдалым, оқылым, жазылым) осы айтылым әрекетінің табысты жүруі үшін жасалады. Басқаша айтқанда, оқылым әрекетін, жазылым түрлерін меңгерудегі және тыңдай білудегі басты күтілетін нәтиже оқушының сол үйреніп жатқан тілде сол халықпен тең дәрежеде тілдесімге шығуы. Айтылымның үш түрі бар: сұхбат, монолог және полилог.Сөйлеудің бұл үш түрі бір бірімен тығыз байланысты және шынайы таза түрінде сирек кездеседі.Көбінесе олар бір бірімен аралас келеді.Тіпті монолог түрінде ­сөйлеп тұрғанның өзінде,мысалы,дәріс оқып тұрғанда,сөздің кімге арналғанын яғни адресатты, сөйлеуші есінен шығара алмайды.Демек, монолог та адрессіз айтылмайды. Ал осы монолог барысында адресат қабылдаған хабарға жауап беріп отырса, сөз бірте бірте сұхбатқа айналып кетеді.Керісінше, сұхбат барысында оқушылардың бірінің сұрағына екіншісі жауап бере отырып, өз ойын толық айтса немесе бір әріптестің айтқан пікіріне екіншісі келіспей, оған толық дәлелдер келтірсе, сұхбат монологқа айналып кетеді Егер мұндай пікірталасқа дәрісте отырған оқушылардың көпшілігі қатысып кететін болса, онда ол полилогқа айналып кетеді. Сөйтіп монолог, сұхбат және полилог бір бірімен диалектикалық бірлікте өмір сүреді. Дегенмен, олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері де жоқ емес.


1.2. Сұхбат - тілдік қатынас негізі.

Сұхбатта әңгімеге кемінде екі адам қатысады. Мысалы, В.Л.Скалкин сұхбат мәтініне сипаттама бере келіп: «Сұхбат екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол - өзара байланысы бар мәтін», -дейді ( 2.16-б.). Сұхбаттық тілдесімге кемі екі я одан да көп адам қатысатыны белгілі. Тілдесім барысында олардың арасында түсіністік болуға тиіс. Бұл туралы И.А.Шведов былай дейді: «Реальную возможность и способность коммуниканта адекватно расшифровать полученное сообщение, перевести воспринятую мысль в план собственного сознания без существенных потерь смысла, заложенного в нее коммуникатором» [3, 26-б].

Сұхбат екі немесе одан көп адамдардың тілдесуі кезінде бірінен бірі туып отыратын репликалар тізбегі. Сұхбат кезінде ым, қимыл, ишараның жиі қолданылады. Сондықтан егер екі ұлттың өкілі сұхбаттасып отырған болса, тілді жаңа үйреніп жүрген адамның үнемі ым, қимыл элементтеріне қарап жорамал жасауына тура келеді. Мұны сұхбатқа тән бірінші ерекшелік деуге болады. Бұдан кейінгі ерекшелік сқхбаттың кенеттен пайда болатындығы. Себебі сұхбат кезіндегі әңгіменің мазмұны, оның құрылысы ұхбаттастардың репликасына тікелей байланысты. Дұрыс сұхбаттаса білу үшін әртүрлі дайын сөйлеу клишелерін, сөйлеу формулаларын, сөйлемдердің айқын емес, толық емес құрылымдарын меңгеру керек. Сұхбат кезінде бір сұрақтан екінші сұраққа, бір тақырыптан екіншісіне күтпеген жерден ауыса салу, бұрынғы тақырыпқа қайта оралу деген жиі ұшырасады. Сұхбаттың элементтері әртүрлі репликалар. Олар бір сөз немесе бірнеше сөйлем болуы мүмкін. Ең жиі кездесетіні бір сөйлемді репликалар болып табылады.Репликалардың қосылуын, құрылымдық бірлігін, интонациясын және мағыналық жақтан аяқталып тұруын сұхбаттық бірлік деп атайды. Сұхбаттық бірлік сұхбат бойынша сөйлесуге үйрететін негізгі қайнар көз рөлін атқаруға тиіс. Сұхбаттық бірліктің үш түрін бөліп көрсетуге болады:

Сұрақ жауап мұның мақсаты өзіне қажет жауапты алу.

Өз еркін білдіру мақсаты әрекетті аяқтауға ынталандыру немесе оны мүлде тоқтату.

Хабарлаушылық, мақсаты ақпараттармен алмасу.

Сұхбаттаса тілдесуде күнделікті сөйлеу тілінің маңызы айрықша. Оның ресми жағдайдағы сұхбаттасу және бейресми жағдайдағы сұхбаттасу дейтін түрлері бар. Шетел тілін үйренуші адамға керегі бейресми жағдайдағы сұхбаттасу. Сұхбаттасу кезіндегі сөйлеу тілі жағдаятқа бейімделеді. Ол тілдің ойды беру мүмкіндігінің әртүрлілігін көрсетеді. Ол көбінесе тұрмыстағы қарым қатынаста, өзінің жақын адамдарымен тілдесуі кезінде қолданылады. Ондай жағдайда адамдар әртүрлі белгілі белгісіз ақпараттармен, ойлармен, пікірлермен бөлісуі мүмкін. Мұндай тілдесулер үй ішілік қарым қатынаста немесе бейресми жағдайларда, сондай ақ туысына, досына жазған хаттарында кездесуі мүмкін. Мұндай тілдесудің мақсаты дұрыс қарым қатынас жасау болып табылады. Ал дұрыс қарым қатынас жасау күнделікті өмірде де, қызмет бабында да өте қажетті бірінші кезектегі мәселе екендігі тағы белгілі. Дұрыс тілдесе алмаудан әртүрлі қиындықтар туады.

Ал В.Л.Скалкин оқыта отырып сөйлету мақсатын көздейтін сұхбаттарды олардың әртүрлі қасиеттеріне қарап бөлу керек деп түсіндіреді. Оның пікірінше, сұхбаттың тілдесімді оған қатысушы адамдардың санына, олардың тілдік қатынастарының әлеуметтік сипатына, серіктестердің сөйлеу себептерінің арақатынасына, сұхбаттың мәтіннің көлеміне, жекелеген айтылыстардың құрылысы мен көлеміне, сұхбаттағы айтылыстар мазмұны негізінде жатқан басқа да әртүрлі белгілер мен қасиеттерге байланысты түрлерге бөліп жіктеу керек. Қазіргі заманғы әдістемелік әдебиеттерде оқыта отырып үйрету мақсатын көздейтін сұхбаттарға әртүрлі анықтама береді. Бұл жерде әдіскер-ғалымдар пікірі бір жерден шығады деу қиын. Сұхбатты тілдік қатынас жасаудағы рөлі мен орнын айтқанда біз психологиядағы тілдесімді әрекет деп түсінетін көзқарасқа назар аударамыз. П.Я. Гальперин: «Диалог – это взаимопонимание людей, в ходе которого они обмениваются разнообразной информацией с целью налаживания отношений и объединения усилий для достижения общего результата.... Предметом или объектом деятельности является другой человек.... Специфической чертой общения является активное участие во взаимодействие общающихся лиц»,- деп жазса, ғалым Е.И.Пассов: «Деятельность общения может рассматриваться не только в плане психологии общения, но и как социальное взаимодействие, социальная деятельность»,- дейді. Қазіргі әдістемелік әдебиеттер оқыта отырып сөйлету мақсаты үшін пайдалануға тиімді, тіпті қажет деп санайтын сұхбаттың бірнеше түрін көрсетеді. Оның бірінде: сұхбат-сұрақ, сұхбат-әңгіме, сұхбат-пікірталас және сұхбат-пікірлермен алмасу деп бөліп талдаса, екіншісінде, эфферентті және афферентті сұхбаттар және олардың түрлері жөнінде айтылады. Оларға: сұхбат-сұрақ, сұхбат-тергеу, сұхбат-талқылау, сұхбат-түсіндіру, сұхбат-қарсылық білдіру сияқты сұхбаттарды жатқызады. Күнделікті өмірде сұхбаттар, көбінесе, келісім жағдайында өтеді. Мұндайда серіктестер әңгімесі екеуіне де ортақ тақырып төңірегінде өрбиді, айталық бір нәрсені еске түсіру немесе екеуіне ортақ бір мәселе төңірегінде алған әсерлермен бөлісуге арналуы ықтимал. Келісім жағдайында өтетін сұхбатта бірі екіншісінің сөзін түсіне отырып, бірі екіншісінің ыңғайына жығыла отырып тілдеседі. Мұнда сөзге ілігу, сөзге шүйлігу, тырнақ астынан кір іздегендей әрбір сөзге жармасу сияқты қарсыласының көңіл-күйіне әсер ететін сөздер айтылмайды. Сұхбаттасу кезіндегі сұхбаттас-серіктестердің сөйлеу себептерінің туындауы тұрғысынан қарай келіп, В.Л.Скалкин сұхбаттың төрт түрін көрсетеді: тең дәрежеде өтетін сұхбат, сұхбат-сұрақ, сұхбат-пікірталас және сұхбат-түсініспеушілік. Тең дәрежедегі сұхбатта тілдесу сабырлы, байсалды жағдайда өтеді, белсенділік кімнің қолында дегенді ешкім ойлап жатпайды. әңгімеге екі сұхбаттас тең дәрежеде араласып, екі серіктес те өздерін әңгімеде еркін, тең сезінеді, сондықтан мұндай сұхбаттағы бастаушы рөлі кезек-кезек айтушы мен тыңдаушыға ауысып отырады.

Сұхбат-сұрақта өзінің атынан көрініп тұрғанындай, біреуі үнемі сұрақ қояды да, екіншісі оған жауап береді. Оқыта отырып сөйлету үрдісінде сұхбаттың осы түрі жиі кездеседі. Мұны, әсіресе, емтихан алу кезінде оқытушылар жиі пайдаланады. Сұхбаттың бұл түрін эфферентті сұхбат деп те атайды. Мұнда сұхбаттастың бірінің сұрағына екіншісі үнемі жауап беру ниетінде болады және сұхбат мазмұнын сол реттеп отырады. Мұнда сұхбаттастар теңдігі деген ұғым жоқ. Мысалы:

Сұхбат–сұрақ:

A: Excuse me.

B: Yes?

A: Do you mind if I ask you a few questions?

B: No. Not at all.

A: First of all, can you tell me where you come from?

B: From Ljubljana.

A: Where?

B: Ljubljana. In Slovenia.

A: Oh. I’ve never heard of Slovenia.

B: It’s between Austria and Croatia.

A: Would you mind telling me what you do?

B: I’m a student. I’m studying English.

A: Really? How long have you been learning English?

B: About three years.

A: Hm. Your English is not bad.

Сұхбат пікірталас сұхбаттастардың бір мәселеде ертерлі көзқарас ұстануларынан туындайды. Кейде мұның арты дауласуға, ұрыс-керіске де айналып кетуі ықтимал. Сұхбаттың бұл түрінде сұхбаттастар пікірі біржақты, әркім өз пікірін дұрыс деп дәлелдеуге тырысып, өз сөзінен айнығысы келмейді.

Сұхбат - пікірталас:

A: Excuse me.

B: Yes?

A:Where are you travelling to?

B:Tilehurst.

A:Where?

B:Tilehurst. Near Reading.

A:Oh. I’m going further than you. Do you mind if I close the window?

B:Why?

A:Because it’s cold.

B:I think it’s hot. Don’t you think it’s hot?

A: No. I’m a lady and I’m cold. I want you to close the window and switch off

the light!

B:What?

A: Are you deaf? I want to sleep.

B: Oh, it’s awful. I can’t stay here with you! I want to call here an administrator!

A: Call them .I also can’t stay with you here!

Ал сұхбат-түсініспеушілік әртүрлі себептерге байланысты тууы мүмкін. Бұл серіктесін тыңдағысы келмеуден де, олардың бірін бірі түсіне алмауынан да немесе айтылған сөзді, берілген ақпаратты дұрыс естімей қалудан да болуы мүмкін.Мына үлгіде екі оқушыемтихан туралы сөйлесуде.

Сұхбат–түсініспеушілік:

A:We are going to pass an CAE exam tomorrow.

B:Yes,I know. I prepare my dictionary.

A:What?It is not allowed to use a dictionary.

B: Chepuha! I will use.

A: I’m not sure that you can use it. I heard if you fail one of the papers, you

Fail the whole exam.

B:Absurd! Who says that? You are mistaken.

A:No, you just don’t know. Do you know how and when we get our results?

B:Of course our teachers will announce the next day.

A:I heard we can get our results only after 4 days.

B: We will see. Good luck!

A: Good luck!

Сұхбаттың аталған түрлерінен басқа көптеген әдіскер-ғалымдар зерттеулерінде ұшырасатын – сұхбат-тергеу дейтін түрі бар. Ол, көбінесе, журналистер тарапынан интервью алған кезде, соған ұқсас интервьюлерді сабақ үстінде жүргізгенде қолданылады. Дәрігер мен оның пациентінің әңгімесі, тергеушінің куәгермен әңгімесі немесе жүргізген тергеу жұмыстары осы сұхбат түріне жатады. Мұны сабақ кезінде алынған тақырыпқа сай ретіне қарай үлгі ретінде пайдалануға болады.

Сұхбат–тергеу:

P: Doctor, I have a flu. I feel weak, what should I do?

D: Oh, I see you have a high temperature.

P: Should I take a medicine?

D: Yes. You’ll have to take aspirin 3 times a day and you must stay in bed for

the next few days.

P: Ok, and what should I eat?

D: You can eat whatever you like, but you’ll have to drink plenty of liquids.

P: Thank you doctor. I will follow your advice.

Оқытудың алғашқы сатысында оқушылардың сөзі негізінен алдын-ала дайындалған сөз болады. Алайда дайындалмаған сөздің кейбір элементері (қысқаша бейнелеу,толықтыру, қарапайым баға) оқытудың алғашқы кезеңінен бастап дамытылуға тиіс. Бұл сатыда ақпараттың негізгі көздері-мұғалімнің сөзі, суреттер, фланелеграф, күйтабақтар, оқытудың ортаңғы сатысында түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, дайындықсыз, өз бетімен сөйлеуге үйрететін жаттығулар саны арттырылады.Сөйлеу барысында оқушыларөз ойын дәлелдеуге дағдыланады. Сұхбаттың негізгі ерекшелігі-оның екі жақтылығында. Қазіргі кезде сөйлеу әрекеті теориясында сұхбатты адамдардың бірге қызмет істеу барысында бір-бірімен түсінісуінің негізі деп қарастырады. Сұхбатқа қатысушылардың саны екі және одан да көп болуына байланысты оның мынадай экстралингвистикалық сипаттары кездеседі: ақпараттың ұжымдылығы; ақпараттың әркелкілігі; ақпаратты бағалаудағы пікір қайшылықтары; сөзге әріптестердің дене қимылы мен ишараның белсене араласуы; сөйлеушілердің төңірегіндегі заттардың әсері т.б. Осы аталған ерекшеліктерге байланысты сұхбатта сөйлемдердің эллипсистік түрлерінің жиі қолданылуы түсінікті. Сұхбатқа эмоционалдық,әсерлілік, мәнерлілік тән. Бұлар сөздің субъективтік баға беру, бейнелік сияқты қасиеттерінен көрінеді. Сондай-ақ сөзде емеурін құралдарын, дайын сөз үлгілер мен клишелерді қолданудан да сөздің эмоционалдық-экспрессивтік сипаты көрінеді. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориядық негіздерінде сөйлеушілердің репликаларының функционалдық арақатынасын мынадай негізі үш топқа бөледі:

  1. Ақпаратты хабарлау-оған сөзбен жауап қайыру; ақпарат хабарлау (толықтыру, айтылған хабарға өз қатысын білдіру); қосымша ақпарат сұрау; бір іс-әрекетке түрткі болу.

  2. Ақпарат сұрау-оған сөзбен жауап беру; ақпарат беру; ақпарат беруден бас тарту; қарсы ақпарат сұрау.

  3. Өтініш, ұсыныс, кеңес түрінде бір іс-әрекетке қозғау салу-оған сөзбен жауап беру; ақпаратты хабарлау (өкініш білдіру,ұсынысты қабылдаудан бас тарту, қарсы пікір айту, күмәндану; қосымша ақпарат сұрау; қарсы ұсыныс жасау).

Сұхбат түрінде сөйлеуге үйретуді сұхбаттық бірлестіктердің ең көп тараған түрі-сұрақ-жауаптан бастаған жөн. Сұрақ-жауап бірлестіктеріне үйрету үшін мұғалім әуелі өзі оқушыларға жауап береді. Ал оқушыларды осы іскерлікке үйрету үшін, яғни сұрақтар қоюға дағдыландыру үшін мұғалім дайын жауаптарды айтады, оқушылартиісті сұрақтар қояды. Г.М.Уайзер мен А.Д.Климентенко сұхбат түрінде сөйлеуге үйретуді белгілі дайын үлгілерден бастауды ұсынады. Мүндай сұхбаттар ұзақ емес,шағын болғаны жөн. Сондай шағын сұхбаттарды жаттап алу арқылы оқушыларқажетті сөйлеу үлгілерін тез меңгеріп,басқа жағдайларда қолданады.

Сөйлеу үлгілерін үйреніп алғаннан кейін оқушылар сұхбат схемасына қарап, өз беттерінше сұхбаттар құрастыруға дағдылануы керек. Мұғалім сұхбаттың тақырыбын, белгілі мөлшерде таяныш сөздерді, сондай-ақ сұхбаттың схемасын береді. Бұл схемада сөйлемдердің бөліктері, тіпті толық сөйлемдер қалдырылып кетеді. Оқушылар қалдырылып кеткен сөйлем бөлшектері мен сөйлемдерді өз ойларынан толықтырады, сөйтіп сұхбаттар құрастырады. Әр оқушыөз нұсқасын ұсынуға тиіс. Осының нәтижесінде сұхбаттың бірнеше нұсқасы пайда болады.Мұндай нұсқалар неғұрлым көп болса,соғұрлым жақсы. Бұл аталған жаттығуларды орындау барысында оқушылардың назары тілдік бірліктеге бағытталады. Ондай жаттығуларды орындау кезінде белгілі бір ойды қалай айту жағын ғана ойлады. Бұлардан басқа монологты сөйлеуге үйретуге байланысты аталған еліктеу, трансформация, үлгіге қарап сөйлем құрастыру сияқты дайындық жаттығуларын да пайдалануға болады. Енді тілдік бірліктерді игеруге бағытталған жаттығуларды қарастырайық.

А) Дайын сұхбатқа үйрететін жаттығулар:

  1. Сұрақтарға толық,қысқаша жауаптар беру;

  2. Оқиғаға сай сұрақтар қою;

  3. Оқыған немесе тыңдаған монолог мәтінді сұхбатқа айналдыру;

  4. Берілген тақырыпқа жаңа сұхбат құрастыру.

Ә) Дайындалмаған сұхбатқа үйрететін жаттығулар:

  1. Басқа оқушылардың репликасы мен түсініктемелері бар күрделіндірілген сұхбаттар жүргізу;

  2. Еркін сұхбаттар құрастыру (таянышпен және таянышсыз);

  3. Дискуссия немесе диспуттар өткізу.

1.4. Полилог – ең жиі кездесетін сұхбаттасу түрі.

Сұхбат тек екі адамның ғана арасында жүретініне қарамастан оған үшінші, төртінші адамдардың да қатысу мүмкіндігі бар. Бірақ олар сөзге араласпайды, әңгіме тек екеуінің ғана арасында жүреді, әңгімеге солардың ғана қатысы бар. Мүндайда сұхбаттың тілдік қатынастық рөлі өте әлсіз. Тілдік қатынас жеке тілдесуде ғана жүзеге асады, себебі сұхбаттың бұл түріне оңашалану тән, әңгіме тек ғана сұхбаттасушылардың өздерінің ғана арасында жүруге тиіс. Алайда жеке тілдесудің ресми сипат алатын да жерлері жоқ емес. Ол мұндай сұхбаттардың арнайы өзіне тән әдеп талап етуімен байланысты ресми-іскери стильді қажетсінуінде. Оқыта отырып сөйлету сипатындағы сұхбаттар оқытушының топпен жалпылама әңгімесі түрінде жүреді. Басқаша айтқанда, оқытушының бір студенттен соң екіншісін тілдік қатынасқа бірізділікпен тартып, жұмылдыра алуы арқылы жүзеге асады. Мұндайда оқушылар бірімен бірі тілдесе алмайды. Ауызша тілдесудегі сұхбатты театрландырылған көрініске ұқсатуға болады, себебі оның екінші жағы, тыңдаушысы – дәрісханадағы оқушылар- бар. Сұхбаттың бұл түрін полилог дейді. Полилогты сұхбатқа қарағанда ауқымды кең көлемдегі әңгімелесу түрі деп санауға болады. Егер біз өзара сөйлесіп отырған адамдар тобына назар аударсақ, біреуінің айтып, қалған көпшілігінің тыңдап, қайталап сұрап, нақтылап отырғанын көреміз. Бұл полилогтық сөйлесуге тән ерекшелік. Мұндай сөйлесу дәрісанадағы сабақтарда, лекцияларда жиі кездеседі. Полилогтар суггестопедиялық курстарда көп пайдаланылады.Полилогтың мүмкіндігі екі адам қатысатын сұхбаттан да, жеке бір адам ғана сөйлейтін монологтан да кең. Оның кеңдігі мынадан көрінеді:

Бір сұрақты бірнеше рет қайталап қоюға болады. Бұл оқушыларға қажет құрылымды бірнеше рет естуге, көруге мүмкіндік береді.

Әңгімеге топтың барлық студенттерін түгел тартуға болады.Бәрін қарым қатынасқа тартып, бір әңгіменің айналасына топтастыруға болады. Міне, басқа оқушыларқалыс қалып, тек жалғыз адам сөйлейтін монологтан, екі-ақ адам тілдесетін сұхбаттан полилогтың айырмашылығы осында. Полилог барлық оқушыларды өзара қарым-қатынас жасап тілдесуге тартады.

Полилогта әңгіменің тақырыбын тез өзгертуге болады. Бір пікірден екіншісіне тез ауысуға болады.

Сұрақтардың біраз бөлігін жауапсыз қалдыруға болады. Бқл оқытушыға көп мөлщердегі лексикалық және грамматикалық материалдарды қайта қарауға, оқушыұғымына ыңғайлап ұсынуға мүмкіндік береді.

Сұхбат пен полилогты дәрісханада қатар алып жүруге болады.Ол үшін оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, сабақтың жүйелілігін, бірізділігін сақтауға тиіс. Оқушыларға полилогтарды сабақ тақырыбына сәйкес жеңілден ауырға қарай деген тәртәппен ұсыну керек.Оқытудың әр деңгейіндегі полилогтардың көлемі үнемі назарда болуға тиіс. Полилогтарды ұсына отырып, оларды көпшілік қатысқан әңгімеге тарту, оған тең дәрежедегі сұхбаттасушы рөлінде қатыса алуын қамтамасыз ету керек. Және полилогтарға жиі қатысу олардың тілдесімге шығу үрдісін тездететінін ескертіп отыру да артықтық етпейді. Полилогтарға орынды араласып кете алу үшін сұхбаттардың оқу мақсаты үшін және күнделікті сөйлеу кезінде пайдаланылатын түрлерін айыра біліп және олардан өзіне қажеттісін ала білулері керек. Полилогтарға араласа алу қабылеттерін орынды бағалап, тиісті сын пікірлерді айтып, оқушыларды қателіктерімен уақытында таныстырп отырса, полилогқа араласу өз жемісін беруге тиіс.


1.3. Монологтық сөйлеудің ерекшеліктері.

Монолог түрінде тілдесу барысында оқушылардың басты міндеті - ағылшын тілінде белгілі тақырыпқа хабар айту үшін қажетті материалды саналы түрде түсіну, оларды анықтау. Сосын оқушылар өз ойын дамытып, оны логикалық жүйемен айтып бере білуі керек. Оқушылар неғұрлым тіл материалын көбірек меңгеріп, сөздік қоры молайған сайын сөздің логикалық жағы да байып, күрделене түседі. Cұхбатта бұл мүмкін емес,өйткені cұхбат белгілі жоспар бойынша жүрмейді. Бұл айырмашылық мынада: монолог түрінде сөйлеу дегеніміз- ол жеке адамның белгілі бір адамға немесе бір топ адамға арнап айтқан сөзі.Мұнда тек бір адам ғана сөйлейді де, басқалар тыңдайды.Сондықтан оны монолог деп атайды ( моно- жеке,дара, біреу деген мағынаны білдіреді). Монологты сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру, дамыту мен жетілдіру сұхбаттасу іскерліктерін қалыптастырудан гөрі жеңілірек. Оның мәні мынада.Монолог түрінде сөйлегенде, оқушы белгілі жоспар бойынша сөйлей алады. Ол сөйлемей тұрып-ақ сөз барысында не айтатынын біледі.

Монолог сөз-сөздің біршама толық түрі. Мұнда басы артық хабар сирек кездеседі. Монолог - сөздің активті және еркін түрі. Сөйлеудің бұл түрін қолдану үшін сөйлеуші белгілі бір мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуге тиіс. Оның үстінде монолог-сөздің ұйымдасқан түрі, олай болса, мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Монологтың еркін болуы қатысымдық мақсатқа сәйкес тіл материалдарын,сондай-ақ кейбір тілге қатысы жоқ қатысымдық құралдарды пайдалана білу іскерлігін талап етеді, әсіресе дауыс ырғағын дұрыс қолдану керек. Сонымен сөйлеуші өз сөзінде пайымдаудың, өтініштің әр түрлі сатыларын, шақыру, келісім, бір нәрседен бас тартудың түрлерін, сұрақ, болжау, сенім т.б. дұрыс көрсете білгені жөн.

Монолог түрінде сөйлегенде ақпараттың көлемі мен сипатын, сондай-ақ тіл материалын сөйлеушінің өзі анықтайды. Сөйлеушіге, әсіресе қиын тиетіні-не туралы айтуды және оны қалай айтуды анықтау. Монолог түрінде сөйлеуге үйрететін жаттығулардың екі түрі бар: сөйлеуге дайындайтын жаттығулар және тілдік бірліктерді орынды қолдануға арналған жаттығулар. Жаттығулардың екі түрінде де сөйлейтін мәтінді дайындап, оны топ алдында айту дағдысын қалыптастыруға көмектесетін талаптар қамтылады. Ондай талаптар қатарына тілдік бірліктерді өз сөзінде дұрыс пайдалану жолдары мен амалдарын меңгеруге бағытталған тапсырмалар мен топ алдында дұрыс сөйлеу машығын жетілдіретін тапсырмаларды атауға болады. Сондай ақ мұндай жаттығуларда аталған дағды, машықтарды жүзеге асыру шарттары да беріледі. Бұл жаттығулардың мынадай талаптарға сай болғаны дұрыс:

1. Жеңіл сұрақтарға жауап беру сияқты дағды машықтардан бастап, оқушылардың ойлау мүмкіндігін жетілдіретін амал тәсілдерді қамтиды;

2.Жаттығуды орындау шарттары жеңілдетілген түрде берілуге тиіс. Жаттығу шарттарында монологты айтуға көмегі тиетін тірек сөздердің тізімін жасау, оларды оңтайлы пайдалануға бағыт бағдар беретін жоспар жасау, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндірме сөздіктерден қарау, монологты құрастыруда кездесетін мақал мәтелдердің мағынасын тәпсірлеу сияқты жұмыстар монологты айтқанға дейін алдын ала өз бетінше немесе оқытушы көмегімен орындалуыға тиіс.

3.Жаттығулардың көлемі мен тілдік қиындықтар оқыту деңгейі күрделенген сайын бірте-бірте артып отыруы қажет;

4. Жаттығулардағы қиындықтар бірыңғай болуы тиіс, өйткені оқушылардың назары бір қиындыққа немесе біркелкі қиындықтағы тапсырмаларға шоғырландырылуы қажет;

5.Жаттығуларда таныс және таныс емес материалдар аралас келуі керек;

6. Жаттығулардың кейбір түрлерінде оқушылардың назары негізінен тілдік бірліктерді меңгеруге бағытталуы қажет.

Монологқа сөйлеуді үйрететін мынандай түрлері бар: хабарлау, суреттеу, сипаттау. Оларды мына үлгіден көреміз:

Хабарлау.Теледидардан/радиодан берілген соңғы жаңалықтар.

1) A prisoner has escaped from Park Prison in Chester.

A prisoner who is serving a five-year sentence for armed robbery has escaped from Park Prison in Chester. Peter Watson has been at Park Prison for about 18 years now and this is the third time he has escaped. On both the previous occasions he was recaptured quite quickly, after returning to his mother in South Manchester. Watson escaped by stealing the clothes of a prison cleaner. He managed to leave the prison with the rest of the cleaning staff. It is thought that he stole the cleaner’s clothes while the cleaner was taking an examination. The cleaner has been taken to Chester Police Station for a holiday.

2) Third Tornado hits central U.S States.

For the third time this year, a tornado has caused massive destruction along the length of Tornado Alley. When the tornado reached Missouri, it had already caused millions of dollars’ worth of damage in five states. Several trailer parks in Texas has been destroyed, and the roof of a school in Kentucky had been blown off.

Суреттеу;

Сипаттау;

Сөйлеуге дайындайтын жаттығулар мына сияқты болып келеді:

1.Еліктеу сипатында:

  1. Материалды өзгертпей еліктеу (оқушылардың назары тіл бірліктеріне бағыталады);

ә) Сөйлем құрылымдарының кейбіреулерін өзгерте отырып еліктеу;

2. Сөйлем құрылымдарын логикалық пайымдаулар негізінде өзгерту; Бұған дистрибуциялық, трансформациялық, субституциялық жаттығулар, синонимдер, антонимдер арқылы алмастыру жатады т.б.

3. Сөйлемді өзі құрастыру: а) үлгіге қарап ә) үлгісіз.

4. Тірек сөздерді, сөз тіркестерін біріктіру, топтастыру.

Тілдік бірліктерде кездесетін қиындықтарды меңгеруге арналған жаттығулар табиғи қарым-қатынасқа жақын шарттарда монолог дайындауға көмектеседі.

Бұл жаттығулар мынаған үйретеді:

a) бір-біріне қайшы екі шешімнің дұрысын таңдап алу;

ә) әр түрлі ассоциацияларға сүйене отырып жинақтау;

б) ойды дәйекті түрде дамыту;

в) бір ойды әр түрлі жолмен айтып жеткізу;

г) табылған шешімді жаңа жағдайларға көшіре білу;

ғ) сөзді тілдік қатынас жағдайымен байланыстыру;

д) әріптестің өзіндік ерекшеліктеріне және оның сөйлеу шапшаңдығына бейімделу;

е) паралингвистикалық құбылыстарды (ым, қимыл, ишара т.б) тілдік қатынас

жағдайымен байланыстыра білу;

Тілдік бірліктерді игерудегі қиындықтарды жоюға бағытталған жаттығулардың екі түрі бар: топ алдында айтуға тиіс монологқа үйрететін жаттығулар және айту мақсатына арналмаған монологты дайындауға үйрететін жаттығулар.Топ алдында айтуға дайындаған монологты сөзді дайындауда оқушылареске түсіруге, түрлі ассоцияларға, ережелерге және көптеген таяныштарға сүйенеді. Жаттығулардың бұл түрінде материал да, сөздің мазмұны да алдын-ала беріледі, сондықтан мұнда пайымдау аз. Айтуға арналмаған жаттығулардың негізгі белгілері мыналар: дайындаған сөздің (монологтың) тіл жағынан дұрыстығы және оның материалы мен мазмұнының алдын-ала берілмегендігі; мәтіндегі сөздердің таныс болуы; қалыпты белгілі мәселелердің төңірегіндегі жайттардың әңгіме арқауы болуы. Дайындалған монолог сөзге үйрету үшін мынадай жаттығулар орындалады:

а) жүйелі сөзді кейбір өзгерістер енгізе отырып, қайта айтып беру (монологтың басын немесе аяғын өзгерту, жаңа кейіпкер енгізу, монологтың композициясын өзгерту);

ә) тірек сөздерге, жоспарға сүйеніп әңгіме құру, ана тілінде қысқаша етіп айтылған тақырыпқа әңгіме құру;

б) сурет немесе суреттер сериясын (карикатураларды,дыбыссыз фильмді) бейнелеу;

в) берілген сөздерді, сөз тіркестері мен клишелерді қолданып,оқиғаларды қайта айтып беру;

г) монологта кездесетін ағылшын тіліндегі реалияларды түсіндіру;

ғ) тыңдаған әңгіменің (радиохабардан, баяндаманың, әңгіменің) тақырыбын анықтау, оны қысқаша дәлелдеу;

д) монологты бөліктерге бөліп, оларға тақырып қою;

е) ұсынылған мәтіннің мазмұнын айтып беру (мәтінге жақын, резюме түрінде,реферат түрінде);

ж) тыңдаған хабарды немесе оқыған әңгімені қысқартып, хабарды бірер сөйлеммен қайта айтып беру;

з)тыңдаған әңгімеге жоспар құру;

и) сұхбаттарды монолог түрінде қайта айтып беру.

Дайындалмаған монологты дамыту барысындағы кезеңдер:

  1. Ақпарат көзіне (сурет, фильм т.б.) сүйене отырып, дайындалмаған монологты дамыту;

  2. Оқушылардың сөздік қорына және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, дайындалмаған монологты дамыту.

  1. Тақырып ойлап тауып,оны дәлелдеу;

  2. Өткен тақырыпқа байланысы жоқ суреттер мен карикатураларды бейнелеу;

  3. Өмір тәжірибесіне немесе бұрынғы оқығанға сүйене отырып, ұқсас оқиғалар құру;

  4. Өз пікірін немесе фактілерге өзінің қарым-қатынасын дәлелдеу;

  5. Айтылған ойдың мазмұнын анықтап,оны дәлелдеу;

  6. Кейіпкерді (оқиғаның болған мезгілін, мекенін) сипаттау;

  7. Естіген немесе оқыған мәтінге өз бағасын беру;

  8. Қысқа хабарландырулар мен ашық хат мәтіндерін құрастыру.

Осындай жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушыларды монолог түрінде алдын ала дайындалып сөйлеуге және алдын ала дайындықсыз сөйлеуге үйретеді.Монологқа үйрететін жаттығу ретінде мәтіннің мазмұнын айтып береді.Ортаңғы және жоғарғы сатыларда мәтінді оның мазмұнын айтып беру үшін ғана емес,сол мәтіндегі оқиғаларды талқылау үшін пайдаланған жөн.Сонда мәтіндер оқушылардың өз ойын айтуға дағдылануына көмектеседі.Монолог сөзді жалпы әдістеменің авторлары ұсынған тәсілмен,сөз үлгілері негізінде де дамытуға болады.Бірақ бұл тәсіл тек алғашқы және ортаңғы сатыларда пайдалынады.Жоғарғы сатыда мәтіндерді, кинофильмдер мен бейне жазбаларды талқылау тәсілін қолданған тиімді.












ІІ ТАРАУ Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны дамытудың әдістемесі.


2.1.Ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы жаңа оқыту әдісі.


ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация» - жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте ««новация» – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация» – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады.

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады. Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі жатады. Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин, Л.С.Подымов, В.А.Сластенин, В.Д.Чернилевский және т.б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады.

Педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік сипаты Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев еңбектерінде, ал инновациялық мектептер мәселесі Т.Я.Линчевская, Л.С. Подымова және т.б. еңбектерінде айқындалған.

Инновациялық процесс осы жаңалықтардың ашылу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге паудалануын, оның практика жүзінде таралуын қамтамасыз етеді. Педагогика үшін жаңалықтың сапалық, сипаттамаларының маңызы зор. Бұл жаңалықты енгізу мәселелерімен тығыз байланысты. Кейде жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен, кенеттен пайда болуымен сипатталады.

Инновация сөзін қазақша тәржімаласақ, жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс дегенді білдіреді. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдері, түрлері, мақсаты, мазмұны, сондай-ақ, мұғалім мен білім алушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажет.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты мақсат – білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Оқыту процесін жандандыру білім алушылардың оқуматериалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың инновациялықтехнологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин , М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

«Технология» термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», -делінген.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзіпедагогтар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Сонымен, педагогикалық технологиясы оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.

«Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегіауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялықтехнологияны ендіруді міндеттейді.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда. Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр. Келесі үрдіс - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты. Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-тәжірибелерін таратудан көруге болады.

Тенденциялар мен қайшылықтар инновациялық заңдылықтар туралы мәселені қарастыруды талап етеді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, білім беру жүйесінде инновациялық процестерді сипаттайтын жалпы заңдылықтардың бірі-педагогикалық инновациялық ортаны қайырымсыз дестабилизациялау заңы. Бұл заңдылықтың мәні мынада: қандай болмасын білім беру жүйесіндегі инновациялық процесс жүзеге асу барысында инновациялық әлеуметтік ортаға, педагогикалық дедуктивтік өзгеріс әкеледі. Келесі заңдылықты инновациялық процестің түпкілікті жемісті жүзеге асуы деп атауға болады. Басқаша айтқанда, қандай болмасын инновациялық процесс ерте ме, кеш пе әйтеу ең соңында саналы түрде болсын, болмасын жүзеге асуы қажет. Алғашында енгізуге, игеруге үмітсіз жаңалықтар ең соңында өздеріне жол ашып, жүзеге асып жатыр.

Сонымен, инновация мәселесі педагогикада педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті: - өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;

- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;

- жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізуі;

- педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өз бетінше жасау;

- педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау.

Инновациялық технологияны пайдалану педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру сфераларынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады. Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқында дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.     Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Олар: Лысенкованың алдына ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық білімнің жетекші ролі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін білім алушының сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

 Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы.

Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Жаңа технологияның принциптері -оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты- білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қарақынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясы. Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз – оқытудың сапасында, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемінде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекші ететін ғылыми негізделген әдістерді жасау және еңгізу қажет.

Оқыту жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:

  • оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттер қарастырылу тиіс;

  • оқу материалын уақыт параметіріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде – білім алушылардың зейініне барынша белсенді кезеңіне айықтап беру;

  • аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып. өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жақсарту;

  • бұрынғы берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

  • күшейте оқыту үрдісі жеке психологиялық және ұжымдық – психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.

Топтық оқыту технологиясы.Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.

Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді. Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:

  • көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

  • коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

  • ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);

  • коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • әлеуметтендіруші: адамдардың қоғдасып өмір сүріп нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту

Ойындардың көбісінде өздеріне сай мынадай 4 басты қырлары болады:

  • еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);

  • шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өтебелсенді (шығармашылық «жолы»):

  • эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, конкурентілік, атракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);

  • түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойындағы мазмұнды ашу.

Ойын құрылымына оның процесі ретінде жатқызылады:

а) ойнаушының өзіне алған рөлі;

б) осы рөлдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті;

в) пәндерді ойын түрде пайдалану;

г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;

д) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».

Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялдық- педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:

  • өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының, кәсіби қызметтің, іс-әрекетінің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

  • білім алушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық аухалдарды жасау принципі;

  • ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;

  • оқу тапсырмаларын шешуде, келісімде шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;

  • оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: білім алушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді.

Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, білім алушыларға интелектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе білім алушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

Ойынды олдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – білім алушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.

Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.

Барлық ойындарды танымдық беп атасақ қателеспейміз.

«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тән. Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:

1-ші топ- заттық ойындар- ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жаруарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зеріттеп таниды.

2-ші топ шығармашылық, сюжеттік рольдік ойындар. Мұнда сюжет- интеллектуалдық іс- әрекетің формасы.

Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Білім алушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың білім алушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

3-ші топ - дайын ережелері бра ойындар. Бұл ойындар,әдете, оушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең – бастысы пәнді білуді талап етеді.

4-ші топ – еңбек, техникалық, коструктролық, құрылыс ойындар. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында білім алушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5-ші баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жатығу деңгейін аңғарып, одан әрі детілдіру жолдарын көрсетеді.

Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар білім алушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Білім алушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викрориналар, ребустар, криптограммалар т.б.

Дидактикалық ойындардың нәтижелі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелігіне; екіншіден, ойын бағдарламалырының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқтудың басты мақсатымен үндес білім алушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы (М. Валиеваның құрастыруы бойынша):

1. Дайындық кезеңі - ойынды дайындау; сценариін дайындау; жоспар құру; жалпы сипаттау; мазмұнын меңгеру; материалмен қамтамасыз ету.

2.Ойынға кіріспе - проблемалық мақсат қою; шарттарын білу; топ құру: рольдерді бөлісу; регламент белгілеу; жалпы түсінік беру; тиісті консультация беру.

3.Ойынды жүргізу кезеңі - топтық жұмыс; әдебиеттерман жұмыс; тренинг; ойлану; ойыншылармен жұмыс; топ аралық жұмыс, пікірталас; топтардың жұмысты баяндауы; нәтижені қорғау; пікірталас туғызу.

Талдау және қорытындылау кезеңі - ойынға қорытынды жасау; талдау, рефлексия; баға және өзіндік баға; ұсыныстар беру.

Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар»деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырслуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі- қарқынды күщейте (интенсивті ) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдау. Бұл жүйелер студеннтке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарыды орындағанда ғана мүмкін болады:

  • оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан- жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты оқушылардың білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

  • оқыту үрдісінің оқушыжеке тұлғасына қатысты бейімделу принціптерінің ұсталуы; бұл принцп практикада оқушының пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқалы ісек асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);

  • оқушылардың жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жоьалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Пәннің жалпылама логикалық кострукциясын жобалау алгоритмі төмендегі процедуралардан тұрады: мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету қарастыру; базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау; базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде моделдеу; базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жақтау; ғылыми білімнің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру; жалпы әдіс- құралдарымен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық-технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет»,-деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққa білім беру жолында ақпараттық-технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бүкіл әлемде ақпараттық-технология біздің өмірімізде үлкен орын алып келеді. Компютерлік технологиялар осы заманғы мәдениеттке сай бөлінбес бөлігі болып келе жатыр, сонымен қатар бөлім жүйесінде де,осы компьютерлік технологиялардың арқасында оқушылардың сабаққа қызығушылығы,ойлау қабілеттері артты. Қазіргі таңда ақпараттандыру білім беру жүйесінде үрдіс болып келеді, интенсивті ендіру және жаңа ақпараттық- технология қолдану барлық қарым-қатынастық тәсілдерін қолдану арқылы ойы дамыған шығармашылық тұлғаның қалыптпсуына мүмкіндік жасау, ақпараттық кеңістікте жақсы менгерген, осы алған білімдерін дамытып келешек профессияналды қызметінде дұрыс пайдалана білу. Қазіргі кезеңде ақпараттық-технологияны қолдану өте өзекті мәселе, бұл оқушылардың дүниетануын арттыруга мүмкіндік жасайды,когнитивті үрдісі: ойлау қабілетін, қабылдау және есте сақтауын нығайтады. Ақпаратты-технологияны ағылшын тілі сабақтарында пайдалану, сөйлесу тәсілін қызықты түрін менгеріп алуға: сөйлеуге, оқуға, тыңдап-түсінү, жазу, материалды қызықты түрде диск, слайд, видеороликтер қолдану, сол алған материалды нақты түрде қабылдауға мүмкіншілік береді. Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша жүргізілген зерттеудерге сүйенсек, ақпараттық- қатынастық технологиялар оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады деп танылғанымен, оны жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты әдістемелері, компьютердің студентке тигізетін психологиялық әсері туралы нақты теория әлі жоқ деуге болады. Сондықтан да ақпараттық- қатынастық технологияны жоғарғы оқу орындарында пайдалану бірқатар философиялық, ғылыми технологиялық, әдістемелік және педагогикалық психологиялық мәселелерді шешуді қажет етеді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылармеңгеруге тиісті білім, іскерлік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Жоғарғы оқу орындарында білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологияны пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жетілдіру мен жаңалаудың тиімді мәселелерін іздестіру жүмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпаратық-қатынастық технологияны іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жасау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың әдістемесін жасау;

- оқытушылардың ақпараттық-қатынастық технологияларды меңгеру және оқуүрдісінде пайдалану бойынша кәсіби іскерліктерін жетілдіру;

- оқушылардың білім, іскерлік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық-қатынастықтехнологияны пайдалануға үйрету;

- арнайы ақпараттық технология ғасыры өзінің маңыздылығы жөнінде өте әділ, шындыққа негізделген үрдістердің бірі болып табылады. Демек, бұл әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызған ғасыр болады. Бұған қоса ақпарат технологиясын пайдалану ­­қоғам прогрестік дамытуга әрбір адамның ақпараттық технология құралдарын меңгеріп, оның әлеуметтік, мәдени және өркениеттілік құрылымын мәдениеттігі,жете түсінуіне әсері қандай деген заңды сұрак туады. Бұл жаңа технология негізінде ақпарат құралдарын жете менгерген жас кадрлардың қолынан келетін және оны іске асыра алатын жаңа технологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет басқару үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану:

- оқыту мотивациясын күшейтуге;

- оқу ақпараттарын ұсыну мүмкіндіктерін кеңейтуге (әр түрлі түстерді,графиктерді,дыбыстарды қолдану және т.б.);

- оқыту үрдісін ыңғайландыруға (оқытуда саралаудың қамтамасыз етілуі, әрбір студентке өзінің ізденімпаздығын байқатуы және т.б.);

- оқушыларөз іс-әрекетінің рефлекциясын қалыптастыруға, яғни өз іс-әрекетінің нәтижелерін көрнекі түрде ұсыну. Оқытудағы ақпараттық-қатынастық технология-осы заманғы компьютерлік-техникалық, телекоммуникациялық байланыс құралымын бүгінгі таңдағы оқыту технологиясын интерактивтік, бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандырудың жиынтығы. Видеокомпьютерлік жүйе мен мультимедиа жүйесін құру кезінде ақпаратты тасымалдаудың түрлі құралдары мен компьютер мүмкіндіктерін біріктіру. Бұл жүйелер ақпараттық бағдарлама құралдар кешенін құрайды, яғни әр түрлі ақпараттарды (мәтін, графика, слайдтар, әуен, қозғалатын бейне, шынайы бейне, дыбыс, видео) біріктіруге мүмкіндіктер береді және компьютерді қолданушы мен жүйелік арасында интерактивті сұхбатты жүзеге асырады. Видеокомпьютерлік жүйе мен мультимедиа жүйесін пайдалану оқытудың интенсивті түрі мен әдісін іске асырады, оқудың өз бетінше ұйымдастыруды, оқыту кезінде ақпаратты қабылдау деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді.

«Виртуальдық шынайылық жүйесі» шынайы уақытта «экрандық өмірдің» болуы, ақпараттармен алмасудың жаңа технологиясы. Бұл жүйені пайдалану компьютерді пайдаланушы мен виртуалдық шынайылық объекті арасындағы аудиовизуалдық байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы аталған бағыттарды жүзеге асыру интерактивті сұхбат мүмкіндігін жүзеге асыру арқылы оқыту үрдісін саралау және ақпараттық-оқу әрекеттерін жүзеге асырудың негізінде ақпараттық қоғам мүшесінің ақпаратық мәдениетін қалыптастыру. Білім беруде компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын пайдаландыруға көмектеседі. Ақпараттық-қатынастық технологияны оқытуда тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді, өйткені, сезімдік қабылдаудың барлық түрлерін іске қосуға мультимедиа функциясы толық жағдай жасап отыр. Енді ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың дидактикалық қызметіне тоқталамыз, олар:

  • білім алушылардың бірлесе жүргізген зерттеу жұмыстары, жобалар әдісі,топтармен жұмыс жасау,ұйымдастыру;

  • білім алушыға компьютерлік оқыту орталығы арқылы жедел кеңес беруді ұйымдастыру;

  • білім алушыда коммуникациялық дағды мен қарым-қатынас мәдениетін (өз ойын қысқа түрде жеткізе алу, көзқарасын дұрыс дәлелдей білу) қалыптастыру;

  • ақпаратты таба білу және оны компьютердің көмегімен өңдей алу іскерлігін қалыптастыру.

Ақпараттық -технология құралдарын былайша жіктеуге болады:

1.Шешілетін педагогикалық мәселелерге қарай:

  • Базалық дайындықты қамтамасыз ету құралдары ( электрондық оқулықтар, оқыту жүйелері,білімді тексеру жүйелері );

  • Практикалық дайындық құралдар (есептер жинағы, практикумдар, виртуальды конструкторлар, имитациялық модельдеу бағдарламалыры, жаттықтырушылар );

  • Көмекші құралдар (энциклопедиялар, сөздіктер, хрестоматиялар, дамытушы компьютерлік ойындар, мультимедиялық оқу сабақтары);

  • Кешендік құралдар (қашықтан оқыту курстары ).

2.Білім беру үрдісін үйымдастыру қызметтеріне қарай:

  • Ақпараттық оқытушы (электрондық кітапхана, злектрондық кітаптар, электронды сөздіктер, анықтамалар, оқытушы компьютерлік программалар, ақпараттық жүйелер);

  • Интерактивті (электрондық пошта, электрондық форум, телеконференциялар);

  • Іздеу ( каталогтар, іздеу жүйелері).

3.Ақпараттың түрлеріне қарай:

  • Мәтіндік ақпараттан тұратын электрондық және ақпараттық ресурстар (оқулықтар, оқу құралдары, есептер жинағы, тесттер, сөздіктер, анықтамалықтар, сандық мәліметтер, програмалық және оқу-әдістемелік материалдар);

  • Визуалды ақпараттан тұратын электрондық және ақпараттық ресурстар (фотосуреттер,портреттер,иллюстрациялар,процесстер мен құбылыстардың бейнеүзінділері, тәжірибелерді көрсету, бейнесаяхаттар, схемалар, диаграмалар);

  • Аудиоақпараты бар электрондық және ақпараттық ресурстар (музыкалық шығармалар,тірі және өлі табиғат туралы дыбысжазбалары, синхрондалған аудиообъектілер);

  • Аудио және бейне ақпараты бар электрондвқ және ақпараттық ресурстар (тірі және өлі табиғат жайлы аудио-бейнеобъектілері, пәндік саяхаттар);

  • Аралас ақпараттар бар электрондық және ақпараттық ресурстар (оқулықтар,оқу құралдары, алғашқы мәліметер көздері, хрестоматиялар, сөздіктер, энциклопедиялар).

4.Оқушымен өзара байланыс формасы бойынша:

  • offline”-асинхронды байланыс режимі технологиясы (жедел электрондық хат алмасу, телеконференция, ақпараттандырудың электрондық қорынан қажетті материалдарға тапсырыс беру және жөнелту);

  • online”-синхронды байланыс режимі технологиясы (форум, чат, Интернеттен ақпарат іздеу).

Жаңа технологиялардың дамуы, алдыңғы қатарлы оқыту әдістері мен құралдарын ендәру мәселелері ағылшын тілін оқытуға айтарлықтай әсер етіп отыр.Бүгінгі күнде ақпараттық- қатынастық технологияларды олардың әдіс-тәсілдерін ұштастыру, тиімді түрде қолдана білу өзекті болып отыр. Білім беруді ақпаратандыру саласындағы еңбектерге жасалған талдаулар (К.Г.Кречетников. И.В.Роберт. И.В.Софронова) ақпараттық- қатынастық технологиялар құралдарын қолданып оқытудағы негізгі мынадай дидактикалық принциптерді анықтауға мүмкіндік береді: оқытудың адаптивтілігі принципі, түрлі деңгейлерде және әртүрлі көрнекі құралдармен, оқу материалының күрделілігі,көлемі және мазмұны бойынша деңгейлеу арқылы жүзеге асды: оқытудың интерактивтілігі принципі,пайдаланушының компьютермен белсенді өзара әрекетінде педагогикалық бағытталған сұхбат түрінде көрінеді, компьютердің басқару әрекетіне бекітілген және әртүрлі деңгйлерде жүзеге асатын,оқушының саналы белсенділігіне негізделеді; жекелегке оқыту принципі жеке тапсырмалар мен оларды орындау нәтижелерін тексерумен қамтамасыз ету есебінен оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін жағдай жасау оқу іс-әрекетін арттыруға әсер етеді және оқу материалын меңгеру сапсын көтереді.Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық- қатынастық технологиялардың маңызы зор:

  • Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері және олармен жұмыс істеумен танысу;

  • Электрондық байланысты қолдану;

  • Әлемдік ақпараттық қоғам туралы түсінік алу.

Электрондық оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болы келеді. Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған:«Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді,көзбен;естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен;дәмге тиістіні дәммен;түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен.Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса,бірнеше сезімді салу қажет» бұл дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

2.2 Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған компьютерлік тапсырмалар.

Ағылшын тілін үйретудегі оқу тәрбие барысында компьютердің ең басты ерекшелігі оқып үйренушінің сұхбаттасушысы яғни коммуникативті бағытта сұхбаттасу тәртібінде мәселен, графикалық тәсілде анализатор мен синтезатор тілімен сұхбаттасушының үлгіге ала отырып орнын толтыру. Компьютерді жетілдіру, дамыту түрлі салалардың ғылыми және тәжірибелік қызметінде жаңа технологияны жасауға әкелді. Олардың бірі-білім саласы болып табылады. Түрлі ақпараттық жүйені пайдаланатын білім саласында қазіргі техника мүмкіндіктері тез қабылдауында. Міне, сондықтан жоғарғы оқу орындарында жаңа ақпараттық- технологияны пайдалану көптен бері туындаған қажеттілік. Дәрістердің электрондық мәтіндерін және түрлі деңгейдегі өздік жұмыс пен бақылау жұмыстарының топтамасын пайдалану,ол оқушының өз бетімен білім ала білуіне және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатынына бағытталады. Өзінің құрылымдық және қызметінің ерекшелігіне байланысты компьютердің оқыту мүмкіндігі мол. Ол түрлі мәтіндерді оқытуда қолданылады және ақпараттық-технологияның негізін құрайды. Оқыту құралы ретінде қолданылатын компьютердің техникалық мүмкіндіктері төмендегідей:

  1. оқу үрдісін белсендіру;

  2. жекелеп оқыту;

  3. материалды беруде оның көрнекілігін жаңарту;

  4. теориялық білімнен практикалыққа көшу;

  5. оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Компьютермен жұмыс cұхбаттық сипатта жүргізіледі, соның негізінде оқыту үрдісі белсендіріледі. Дәстүрлі сабақ өту кезінде оқушыларақпаратты есту арқылы қабылдайды және бұл кезде олар сабаққа белсенді араласпайды. Сондықтан оқушылардың 20-30% ғана белсенді жұмыс жасайды. Дәстүрлі түрде сабақ беру кезінде оқытудың теориялық жағы басым болады. Ал ақпараттық-технологияны пайдалануда, яғни компьютерлік технологияны қолдану кезінде сабақ көп жағдайда практикалық түрде өтеді,себебі сабақ компьютермен оқушыарасындағы сұхбат формасында құрылады. Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану, оқушылардың сабақ кезіндегі жұмыс сипатының өзгеруі, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, олардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көз қарасына әсер ете отырып,интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.Ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланып оқытудың әдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Оқытушы қолданатын техникалық құралдарға қарамастан, сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де студентке материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білімдерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді.

Оқытудың ақпараттық-технологияны ескере отырып, оқыту әдістерінің төмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар:

1.Модельдерді жасау және көрсету презентациялау.

Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, ақпараттық- қатынастық технология құралдарын үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағұрлым жақсартады.

2.Оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру.

Сабаққа қатыстырып, қызықтыру ақпараттық- қатынастық технология құралдарын қолдау есебінен ұлғаяды.

3.Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.

Ақпараттық-қатынастық технология құралдарын қолдану сабақтың жоспарын,

қарқыны мен барысын жақсартады.

Оқу орындарында шетел тілді оқытуда қолданбалылығын арттыруда қолданылатын оқыту бағдарламаларын төрт түрге бөлуге болады.Олар:

-жаттықтырушы және бақылаушы;

- үйретуші;

- иммитациялық немесе модельдеуші;

- дамыту ойындары.

Компьютердің артықшылығы мынада:

1.Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.

2.Материал-жұмысы көп таңдай алады.

3.Түрлі түсті белгілі материалдар қызығушылық арттырады

4. Компьютерден графикалық және схемалық материалды алса болады.

5.Шетелдік сөйлеушінің даусына,ырғағына еліктеу болады.

6.Компьютерге жауап беріп, қателіктерді түзеуге болады.

7.Компьютер репетитор түрінде қызмет атқара алады.

8.Компьютер өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады.

9.Компьютер өз білімін бағалауға үйретеді.

10.Оқушының мотивациясын арттырады.

Компьютерді пайдалану:

1.Аудиториялық сабақта,факультативті сабақта.

2.Өздік жұмысты орындауға.

3.Артта қалған жағдайда..

4.Сессия кезінде зачет емтихан тапсырғанда.

Оқыту бағдарламасының бірінші түрі ( жаттықтырушы және бақылаушы) -іскерлік пен дағдыны бекіту кезінде қолданылады. Бұл бағдарлама теориялық материал бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылардың жауабы дұрыс болмаған жағдайда қосымша көмек көрсетеді. Оқыту бағдарламасының екінші түрі (үйретуші)- оқушыларға теориялық материал ұсынылады, ал берілген тапсырмалар мен сұрақтар оқушыпен компьютер арасындағы cұхбатты ұйымдастырады. Оқушылардың берген жауабы дұрыс болмаған жағдайда теориялық материалды қайталап оқу мүмкіндіктері болады. Оқыту бағдарламасының үшінші түрі (имитациялық немесе модельдеуші) компьютердің графикасын мүмкіндіктерге негізделеді.Мұндай бағдарламалар студентке белгілі бір үрдісті дисплей экранынан бақылауға және өлшем мәндерін өзгерту арқылы олар әсер етуге жағдай жасайды. Оқыту бағдарламасының төртінші түрі (дамыту ойындары)-түрлі компьютерлік ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырады және арттырады. Қашықтан оқытуда желілік әдіс маңызды рөл атқарады. Желілік әдіс оқушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас жасауы түрінде іске асады. Оқу үдерісін басқаруда интернет жүйесін қолдану оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етеді. Бұл әдіс Он-лайн және Офф-лайн режимі іске асады.

Он-лайн режимі дегеніміз сабақ барысында ақиқат уақыттағы оқу үрдісінің өзара тіке әсері (бейнеконференция, чат, телефон бойынша байланыс т.б.).

Чат сабағы дегеніміз қашықтан оқу, конференциялар, семинарлар және синхрондық сабақ түрлерінің чат-жүйесінің көмегімен ақиқат уақыттағы өтілуі.

Офф-лайн режимі оқу сабағында ақиқат уақыттағы оқу үдерісінде оқытушы мен оқушының байланысы болмаған жағдайда тапсырмаларды (электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша оқушының оқулықпен жұмысы, аралық немесе қорытынды бақылау тапсыруымен орындауы.


2.3. Мәдениетаралық қатысым жағдайында оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда мультимедиялық бағдарламалар негізіндегі жаттығулар.


Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьтердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады .

Кез-келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технолгияны пайдалану қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор.

Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды қең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, сонымен қатар білім беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;

- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету;

- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Ю.К. Бабанскийдің теориясын қолданушылар оқытудың тиімділігін көтеруге келесі тәсілдермен жетуге болады деп есептейді:

- оқыту мен оқушылардың еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру формасын жетілдіру жолымен;

- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы;

- оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы.

Ал, мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып бірге отырып қорғау) ізденуге итереді, оқытудың жеке оқушыға бағытталған қызықты түрлерін енгізуге қөмектеседі. Біз компьютерді кең көлемде ақпарат құралы ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамда өзін-өзі басқаруына, өзіндік танымына жаңа жол ашатын және қуатын жаңа жағдайға жаңаша көзқараспен пайдалануға мүмкіндік беретін қуатты құрал деп есептейтін философтардың пікіріне біз де қосыламыз.

Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық. Бұл кездегі ұсынылған формалар, құралдар, политра, дизайн, лингвистикалық, көркемдік және т.б. шешімдердің үйлесім табуы шетел тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушының барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.

Мультимедиа оқушылардың оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін өзара үйлестіреді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында мультимедиалық жүйемен интерактивті диалог орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқыту үдерісінде компьютер, мультимедиа, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдану ағылшын тілін оқытудағы сән салтанат көрінісі емес, өткен материалдарды қайталану мен жаңа ақпараттарды қабылдаудың аса қажетті құралы болып табылады. Шетел тілін менгеруде оқушының танымдық, әдеби-көркем және әлеуметтік ақпараттарды игеруінде компьютер, мультимедиа мен интернеттің рөлі артып, оқу материалы және қосымша тақырыптық материалдарды мәнерлеп, көрнекілеп беруде иллюстративті құрал ретіндегі маңызы ұлғайды. Мультимедиа, презентациялар, видеофильмдер сонымен қатар оқушының оқу мазмұнын анықтап, жақсы меңгеру үшін, шетел тіліндегі экстралингвистикалық ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Бұл ақпарат шетел тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер мен лингвистикалық ақпараттарды айқын да дәл қабылдауға ықпал етеді. Грамматикалық категориялар кеңестік дәуірдегі оқыту әрекетінде басты назарда, оқушылар грамматикалық ережелер мен сөз жаттады. Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалатын, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларға сөйлеу дағдысының пайда болғаны тәжірибе барысында байқалды. Оқу-танымдық ақпараттардың формалары (суреттер, слайдтар, сызбалар), көрсету формаларының дизайны (анимация, түрлі эффектілер), сөз және дыбыспен сүйемелдеу формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, ең түйінді мәселеден оқшауланбауы керек. Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік жасайды. Ол қажетті технологиялардың функциялары мен жұмыстарына сәйкес тактиканы түсініп, видеофильмдер немесе презентациялар элементтерін жобалау және безендіру мәселелерінде дұрыс бағыт ұстанып жобаның әдістемелік сипатын жасайды. Бұл оқушының мультимедиялық жоба барысындағы орнын ығыстырмайды, олар жобаның өздеріне тиісті бағыттарын орындауды жоспарлауды үйреніп, даярлық шаралары, тақырыптық және кескіндемелік ақпарат нәтижелері болып табылатын презентациялар, видеофильмдер, тақырыптық нәтиже және дыбыстық сүйемелдеуде белсенді бола алады. Жұмыста ақпараттық ортамен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оған шын беріліп, бастапқы үйрену зерттеу пәні – тіл және оның лингвистикалық түрлерін оқып үйренуге айтарлықтай қызығушылықтарын көрсетеді [8. 79].

Ж.А. Қараевтың пікірінше "компьютерлік оқыту технологиясы өзіндік танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған методологиялық, психо-лингвистикалық, бағдарламалы-техникалық, ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығы" болып табылады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқытушы мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертеді. Бұл өз кезегінде оқу мотивациясын күшейтеді, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегеніміз - танып білуге ұмтылдыратын қозғаушы күштерді дамытудың әдістері, құралдары мен тәсілдері.

Жоғары кәсіби білім беру жүйесі ақпараттарды көрсетуде мультимедиялық құралдарды пайдалану,әр түрде көрсетілген ақпараттық ресурстарға сүйену, кәсіби ақпараттық ресурстарға қатысу және әлемдік ақпараттық кеңістікке кірігу үшін мүмкіндіктер туғызатын болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Осы маңызды міңдеттердің шешімі болашак мұғалімдер меңгеруі тшс білі көлемі мен оларды даярлаудың накты мерзімі арасыңдағы қайшылықты жою барысында табылуы мүмкін.Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетте интерактивті мультимедиалык құралдарды пайдалануға даярлаудың технологиясын теориялық тұрғыда негіздеу және жасау. Оқыту үрдісінде оқу материалының мазмұнын ұсыну мүмкіндіктерін кеңейтетін, педагогикалық үрдісті субъектілерінің таным әрекетін белсендіруге ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялардың дидактикалық құралы ретінде біз қарастырған «оқытудың интерактивті мультимедиалык құралдары» түсінігінің мәнін нақтылауға мүмкіндіе беретін болашақ мұғалімдердің интерактивтің мультимедиялық құралдарды пайдалануға даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері. CD-RОМ-дардағы бағдарламалар немесе баска да «мультимедиялық багдарламалар» дегеніміз шетел тілінде оқытуды бакылайтын белгілі 6ip жүйенің жиынтыгын білдіретін мәтіндермен 6ipre суреттерді, дыбыстар мен бейнелерді, жаттығуларды, ойындарды және т.б. камтитын оқыту курстары. Бipaқ бұл арада, соңғы уакытта окыту өнімдерінің нарында көп мөлшерде мультимедиялык бағдарламалардың пайда болғанын атап өту керек. Олардыц мультимедиялык және интерактивтік негіздері өте тартымды, 6ipaқ олардьщ көпшілігі дербес жұмыс аткаруға, атап айтқанда өздік білім алудың максаттарына арналған.

CD де окыту ақпаратын ұсыну көрнекілік қуатты құралдарына ие. Кітаптан айырмашылығы, мұнда мәтін мен суреттен баска дыбыстык,
анимациялык және бейнелік үзінділер орналаса алады. Дыбыстық карталар сөзді жазып алуға, тындауға, тілдік иесінің айтуымен тексеруге мүмкіндік береді. Мультимедиялык тиімділік арқылы байытылған, сөйлесуді білдіретін мәтінді талдау меңгеру үрдісіне бірталай жеңілдік беретін педагогикалық кешенді құрайды, өйткені монитордың экрандағы бейнелер шетел тіліндегі сөйлемдерді өз тіліндегі сөздермен емес, тікелей әрекетпен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі танда мультимедиялық технология кең қолданылуда. Мультимедия деген термин көп ақпараттық тәсілді білдіреді:мәтін,дыбыс,видео.Осы тәсілдерді пайдаланып жасалған ақпарат-мультимедиялық бағдарлама деп аталады. Мультимедиялық тәсілмен оқыту педагогикалық технологияның заңды даму кезеңі.Өзімнің тәжірибемді бөліскім келеді. Ағылшын тілі сабағында СD-RОМ WAY AHEAD және Busy BOARD қолдануға болады. CD-ROM Way AHEAD-бұл қызықты,тартымды тапсырмалар,тіл байлығын дамытуға бағытталған: тыңдап түсіну,оқу, монологты және сұхбатты түрде,грамматикалық және лексикалық дағдыларды дамыту ондағы ойындар түрлі-түсті,қызықты түрде дыбыс және музыкамен көркемделеді.Сонымен қатар дискте өлеңдер мен еліктендіретін кроссворттар бар. Busy BOARD бағдарламасы үш деңгейден тұрады: оның әрқайсысында он сабақтан бар,оқушылардың ағылшын тілінде лексикалық және грамматикалық дағдысын қалыптастыруда интерактивті және толық материалдар олардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар CD-ROM AHEAD және BUSY BOARD-ты пайдаланған сабақтарды өте жақсы көреді. Барлығы сабақта белсенді қатысып, және әрбір сабақты белсенді күтеді. CD-ROM AHEAD BUSY және BOARD-ты пайдалану арқылы дидактикалық мәселені шешуге болады, мәселен сөз қорын дамыту, сөзді дұрыс дыбыстау,сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ал ең басты оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Ең нашар деген оқушылардың өзі өзінің қабілеттілігін көрсете алады. Жарыса отырып жақсы нәтижеге жетуге тырысады. Бұл ойындар білім сапасын арттыруға көмектеседі. Қазіргі сабақтар прогрессивті, қызықты, танымды және креативті түрде болу керек. Ал ол үшін үлкен ынта, шығармашылық әдіс, ақпаратты-технологияны жақсы білу, өзіңе және ынталы, ақылды оқушыларға сену керек. Қазір барлық жоғарғы оқу орындары компьютермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Мультимедиалық бағдарламалар бір жағынан оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге қызығушылығын арттырады, екінші жағынан мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Осының нәтижесінде мұғалім де оқушыте, ал ең бастысы- білім беру үрдісі ұтады. Қазіргі пайдаланып жүрген CD дискілер компьютер экранына ақпаратты: мәтін, дыбыс, бейне және ойын түрінде шығаруға мүмкіндік береді. Компьютермен білім беру әр оқушыны өз бетімен жұмыс істеуіне үйретеді, және әрбір оқушымен тығыз байланыста болуға, әсіресе үлгерімі төмен студентке көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Тыңдап түсіну барысында әрбір оқушы ағылшын тіліндегі сөзді тыңдауына, әбір сөзді ағылшын тілінде микрофонға айтуына болады. Мультимедиалық тәсілдер арқылы мұғалімдер мүмкіндігіне қарай оқу жоспарын түзете алады. Үй тапсырмасын орындауға, топпен жұмыс істегенде және бірігіп жоба жасаған кезде оқушымультимедиялық элементті қолдана алады.

Соңғы жылдары шет тілдерін үйретуші мұғалімдерге жаңа ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану туралы ұсыныстар туындап жүр. Бұл тек жаңа техникалық құрал ғана емес, сабақ берудің жаңа тәсілдері мен жаңа тиімді әдістерін қолдана білу. Шетел тілдерін оқытып, үйретудегі басты мақсат-коммуникативті мәдениетті дамыту және тілдері еркін меңгеру болып табылады. Ағылшын тілін оқытушы қазіргі заманның талабына сай әдістер, жаңа ақпараттық технология және Интернет қорларының көмегімен әрбір оқушының өз мүмкіндігіне қарай жеке шығармашылық белсенділігін және қызығушылығын арттыра алады. Ең нашар оқиды деген оқушылардың өзі компьютер экранынан қызылды-жасылды суреттерді,схемаларды көрген кезде жаңа қиын материалдарды жеңіл қабылдап,өзгелермен жарыса отырып жақсы нәтижелерге жетуге тырысады. Компьютермен жұмыс істеудің көптеген артықшылықтары бар. Оқушының қандай қателіктер жібергені өзінен басқаның бәріне,яғни мұғалімге де курстастарға да беймәлім күйде қалады. Сондықтан психологиялық жағынан өте жайлы жағдай туындап, әр оқушыөзін еркін сезінуіне болады. Ал айтылымға үйрету сабақтарында оқушы микрофонға шетел тіліндегі сөздерді өзі айтып жаттығады. Ауызша сөйлеу - айтылым дағдысын қалыптастыру сабақтарында оқытушы мультимедиа оның ішінде CD-ROM-да көптеген ақпараттарды пайдаланып және сақтай алады. Дыбыстық карталарды пайдаланып,пайдаланушы өзінің сөздерін жазып, соңынан оның айтылуын үйретушінің тілімен салыстырады, мониторда өз жазбасының диаграммасын көре алады. Мультимедиалық оқытушы бағдарлама студентке өз бетінше жұмыс жасап оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі тексеруге және бағалауына, білім сапасын жоғарылауына мүмкіндік береді. Осы және басқа да мультимедиялық оқыту бағдарламаларымен, электрондық оқулықтармен NCI.kz сайтында танысып,әр пайдаланушы өз сұрақтарын, талап-тілектерін, түсініктемелер жазып, ашық форумға шыға алады. Осы сайтта мультимедиялық оқыту бағдарламасының көмегімен сабақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқауларды орналастырады. Қашықтан білім беруге арналған MOODLE жүйесіне тіркелген әрбір пайдаланушы, осы әдістемелік нұсқаумен танысып, өз талаптарын, сұрақтарын бірге жолдап ашық форумға қатысуына болады. Бұл оқушылар мұғалімнің ұсыныстарымен бөлісуіне талап тілектестірін білдіріп,бағдарламаны жетілдіруге мүмкіндік береді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары - компьютерлік техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструментальды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы.

Ал, мультимедиаға зерттеушілер түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.

Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиа, гипермәтіндер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушыларды оқу үдерісінде белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үдерісін басқаруды да жүзеге асырады.

Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында заманауи технологияларды пайдалану негізінде, оқу мазмұнын одан әрі жетілдіру үшін Әлемдік желіні қолдану мәселесі туындап отыр. Ғаламтор шетел тілін үйренуде бұрын белгісіз болған жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Оларға: сабақ мазмұнына желідегі материалдарды енгізу; жоба жұмысы бойынша оқушылардың жеке ізденістерін жүргізуге көмектесу; әр түрлі деңгейдегі желі материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген икемділіктерін дамыту және жетілдіру; өзара хат алмасу нәтижесінде білім алушылардың жазу дағдысын дамыту; шет тілінің заманауи сөздіктерімен сөз қорын қалыптастыру; желі арқылы басқа елдердің мәдениеті, әлеметтік және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер табу, оларды талдауды үйрену және т.б. жатады.

Оған қоса, ақпараттық жүйе ретінде Ғаламтор өз пайдаланушыларына басқа да ресурстарды ұсынады:

1) электронды пошта (e – mail);

2) телеконференциялар (usenet);

3) видеоконференциялар;

4) өз мәліметтерін енгізу мүмкіндігі, өзінің жеке бетін қалыптастыру (homepage) және оны Web – серверде орналастыру;

5) ақпараттық ресурстарға қолжетімділік;

6) анықтамалық каталогтар (Yahoo!, InfoSeek/UltraSmart, LookSmart, Galaxy);

7) ізденіс жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite);

8) желіде сөйлесу (Chat).

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық пошта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған.

Электрондық пошта - мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Элетрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланыс қамтамассыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі болады. Алайда оқушылар модельдік және телефондық каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электорондық почта консультацияның интенсивті үдерісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір нәнді игеруде кітапхаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тестерді, яғни бір мезгілде білім беру мен баққылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.

Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстарғанда электронды оқулықтың артықшылықтары туралы көп айтылуда.

Электрондық оқулықтардың ерекшелігі мынада:

- тілге үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;

-оқыту үдерісінде көрнекіліктің дидактикалық принциптері жүзеге асырылады;

- оқытуда оқушының жеке ерекшелігі ескеріледі;

- оқушылардың барлығы толық қамтылады;

- оқушылардың өз мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалана алады;

-тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттері оқытуда сатылай ұйымдастырылады;

- өз білімдерін өздері бақылай алады;

- репетитор қызметін атқарады;

- нақты ақпарат таратушы;

- оқушының көңіл-күйіне әсер қалдырушы;

- нақты білім қалыптастырушы .

Мультимедиялық оқу бағдарламасы электронды оқулықтан теориялық мәтіндердің,тапсырмалар мен жаттығулар,түсіндірулердің дыбысталуымен ерекшелінеді.


2.4. Оқушылардың айтылым дағдысын электронды оқулықтар қалыптастыру жолдары және мақсат үшін іріктелген тапсырмалар мен жаттығулар.

Ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың жағдайында оқушылардың білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның бірі электрондық оқулықтарды қолдану болып табылады. Электрондык оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғарғы танымдық белсенділігін арттырады,оқушылардың терең тиянақты білім алушылық сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу үрдісінің ­­– алға қойған мақсатынан бастап,қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ақпараттық білім беру- танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар,білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап береді. Тест - қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне даярланады. Электрондық оқулықтар әртүрлі хабарлар жиынтығын немесе ерекше бір арнайы хабар турлерін қамти отырып,студеттерге білім берудің негізгі пайда болуын орталықтарын, оның таралуын,ғылымның алғашқы даму мәліметтерін толық бере алады. Электрондық оқулықтың ерекшелігін үлгілі сәйкестігі, жоғары мобильдігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Электрондық оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып есептейді. Электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға пайдалануға болады:

  • Электрондық анықтама ретінде;

  • Электрондық есеп ретінде;

  • Көрнекілік материал ретінде;

  • Оқулық құралы ретінде;

  • Лабороториялық жұмыстарды;

  • Жеке жұмыс жасауда;

  • Шығармашылық бақытта;

  • Білімді тексеру барысында.

Оқушылардың білім сапасының артуына және мұғалімдердің профессияналдық денгейінің өсуіне жағымды әсер етеді. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына айналдыру бір қарағанда оңай көрінгенімен, қандай да бір компьютерлік білік-дағдыларды талап етеді. Электрондық оқулықтың бірден-бір жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі және компьютерлік желілерарқылы тарату, яғни кез келген адамның білім қорын өз бетімен толтыру мүмкіндігі болып табылады.

Электронды оқулықтың мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, тіл үйренушінің ақпараттық ізденіс қабілеттерін дамыту.

Электронды оқулықтың тиімділігі: Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді, таным үрдісіне ықпал етеді. Оқу материалына толық қол жеткізеді, ізденуге мүмкіндік болады, уақытын үнемдейді. Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады. Оқытушының әр студентпен дербес жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Электронды оқулықтың негізі: жинақтылық; жүйелілік; эстетикалық көркемдігі; жылдамдығы т.б. Ақпараттық құралдарды меңгеру, қоғам сұраныстарын қанағаттандыру мәселелерін шешу жолдарының бірі ақпараттық және қатынастық технологияға сүйенген қашықтан оқытуды дамыту. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мен элекрондық құралдар игерілуінің жалпы әсері негізінде білім беру қызметінің жаңа түрлерін пайдалануға болады. Қазіргі кезде ақпараттық технологияларға арқа сүйеген оқу орталары,білім беру мекемелері оқыту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр.

Біздің зерттеу жұмысымызда электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесінің ерекшелігін қарастыру барысында оқыту ісін тиімді жүргізудегі ерекшеліктерін зерттеуге айрықша көңіл бөлінеді.Сонымен бірге біз оқушыларға игерілетін материалдардың негізгі бөлігін дер кезінде беруді және оқу үрдісі кезінде оқытушы мен оқушының өзара интерактивтік-пікір алыса алатын қатынаста болуын қамтамасыз ететін ақпараттық-қатысымдық технологияларды пайдалынатын әдістерін қарастырамыз.

Жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды пайдалану ісінің бергелі отырған орасан зор мүмкіндіктерін атап өту керек. Атап айтқанда, олар: сырттай конференция өткізу мүмкіндігін берегіш спутниктік байланыс, кабельді теледидар,компьютерлік желілер мен СD-ROM дискілері, электрондық пошта желілері, т.б. аудио-бейне құралдарын тұрады. Жаңаша жаңғыртып окыгу, жоғары белсенділікті дамыту және әр түрлі деңгейде оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту-оқытудың техникалық және электрондық құралдарды жан-жақты пайдаланғанда ғана толық орындалады.

Электрондық оқулықтар - оқыту үрдісінде автоматтындырылған оқыту формасы болып табылады. Оның жүйеге келтіретін:мазмұнды, операциялық, бағалаушы-нәтижелі компоненттері оқушылардың жоғары танымдық белсенділігі мен өзіндік іс-әректін қамтамасыз етеді. Электрондық оқулықтардың педагогикалық тиімділігі көбінесе әдістерге, олармен дәрісханада жұмыс істеу формасы мен тәсілдеріне байланысты. Олар оқушылардың мотивациясын көтерумен бірге әдістемелік даярлық деңгейін де жақсартады.

Электрондық оқулық құрамында меңгеру үрдісін ұйымдастыру бойынша автоматтандырылған белгілі бір педагогикалық тәсілдер бар:

  1. Бос орынға қажетті сөзді қою (жауап жазбаша).

  2. Барлық тізімнен таңдап алынған сұрақ.

  3. Тақырып бойынша мақалаларды талдау.

  4. Ойын,датаны еске түсіру.

  5. Үш қиындық деңгейіндегі тест.

  6. Жұмыс нәтижелерін көрсету (дұрыс орындалған тапсырмалар, диаграммасы).

Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Бұл әдістемелік құралда біз болашақ ағылшын тілін мұғалімдеріне маңызды екі мақсатқа жету үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы шетел тілін оқытуды көрсетуге тырысамыз:

- шетел тілін өзіне қаншалықты қажет қылса,сол дәрежеде меңгеру;

- ары қарай қалыптасқан икемділікті жоғалтпау үшін және әрдайым оларды жетілдіру үшін «оқуға үйрену».

Біз осы жаңа тарихи жағдайдың куәсі ретінде айтарлықтай өзгерістерге кездесіп отырамыз. Шетел тіліне деген қызығушылық, болашақ кәсіби пәнге түбегейлі қарым-қатынастың өзгерісіне икемді болу, болмаған ұсыныстарды кездеспеген

сұраныстармен жан-жақты және вариативті қамтамасыз ету сияқты мәселелерден тұрады.

Электрондық оқулықтардың ерекшеліктері мынада:

- тілге үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастырады;

- оқыту үрдісінде көрнекіліктің дидактикалық принциптері жүзеге асырылады;

- оқытуда оқушының жеке ерекшелігі ескеріледі;

- оқушылардың өз мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалана алады;

- тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу, әрекеттері оқытуда сатылай ұйымдастырылады;

- өз білімдерін өздері бақылай алады;

- репетитор қызметін атқарады;

- нақты ақпарат таратушы;

- оқушылардың көңіл-күйіне әсер қалдырушы;

- нақты білім қалыптастырушы.

Төменде біз сабақта электрондық оқулықты пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарының бірнеше үлгілерін беріп отырмыз.Күнделікті сабақ арқылы білім алған оқушыкез келген ортада өз пікірін жалтақтамай, тосырқамай жеткізуге машықталады.Сол арқылы білімдерін тұрақтандырады, сөздік қорын байыта түседі.

Сабақ жоспары

Біріккен сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Америка Құрама Штаттары».

Сабақтың мақсаты - жаңа лексиканы сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру,оны одан әрі дамыту, оқу іскерлігін меңгеру.

Көрнекі құрал-жабдықтар: АҚШ-тың физикалық кариасы, АҚШ-тың туы; бұл елдің табиғаты бейнеленген суреттер, АҚШ-та кездесетін жан-жануарлардың аттары жазылған карточкалар, жаратылыстану оқулығының картасы, АҚШ халқының санына байланысты карточкалар,ауылшаруашылығы бойынша сызба, «Табиғат», «Қалалар», «Халқы», тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктердің тізімі.

Сабақты ағылшын тілі және жаратылыстану пәнінің оқытушылары жүргізеді.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, ағыдшын тілінде сабақтың тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріледі.

  2. Мәтіндегі ең қиын сөздер бірнеше рет қайталанылады, жаңа сөздері оқушылартақтадан және компьютер мониторынан көре алады, электрондық оқулық қолданылады.

Тапсырма: Read the following words after the speaker.

The United States of America.

Study the active vocabulary:

Square- квадрат

Suburb- қала маңындағы ауыл

Mouth- саға,құйылыс

Sky scraper- аспан тіреген зәулім үйлер

Story- қабат

Temperate- қоңыр салқын

Reserve- қор

Minerals- минералдар

Coal-көмір

Nuclear flues- ядролы жанар май

Gas- газ

Iron-темір

Copper-мыс

Lead-қорғасын

Zinc-мырыш

Enterprise-өнеркәсіп

Equipment- құрал-жабдық

Branch-сала

Heavy-ауыр

( Слайдтарды қағазға басып шығарып,әр студентке беру керек)

  1. Мәтінмен жұмыс « The United States of America»

1.Тапсырма: Listen to the text.

The United States of America is situated in the Southern part of North America. It’s the fourth largest countries in size and population in the world. It has an area of 9,371.781 square kilometres and its population is over 249 million people.

The USA consists of 50 states. The largest state is Alaska. Hawaii is one of the smallest.

The capital of the USA is Washington DC, but the largest city of the world is New York.

Together with the suburbs New York has a population of 12 million people. New York is situated at the mouth of Hudson River. There are main sky-scrapers from 50 to 70 stories high.

The main rivers are the Mississippi, the Missouri, the Toloudo and the Ohio.

The largest cities of the US are New York, Los Angeles, Chicago, Bouston and Philodelphia.

The climate of the USA is temperate, with low distinct seasons.

The USA has large reserves of natural resources. These minerals include coal, nuclear fuels, gas, iron, copper, lead , zinc, stone and many others.

The economy of the USA is based upon free enterprise. The USA produces non-electric machinery, transportation equipment, metal products, paper and plastic products.

Many different branches of heavy and light industries are highly developed in the United States.


2.Fill in the blanks using the active vocabulary.(Жұмыс топпен атқарылады ).

1.The United States of America is situated in the………………………………….

2.The largest state is ……………..

3.The capital of the USA is ………….

4.New York is situated at……………..

5.The main rivers are……………………..

6.The climate of the USA is……………….

7.These minerals include………,………,……,……,…….. and many others.

8.The economy of the USA is based upon……………….

Look at the text.

3.Answer the following questions: (Жұппен жұмыс атқарылады)

  1. What the area of the USA and what's its population?

  2. How many states are there in the USA? What's the largest one?

  3. Hawaii is one of the latest states of the USA, isn't it?

  4. What's the capital of the USA?

  5. How many people live in New York?

  6. What are the main rivers of the USA

  7. Is the climate of the USA temperate or mild?

  8. What kind of products does the USA produce?

  9. What kind of industries are higher developed in the USA?

  10. What is the official language in the USA?

(Слайдтарды қағазға басып шығарып, оқушыларға тарататын беру керек. Жауап бергенде оқушыларкартаны қолданады).

4. Одан кейін оқушыларға топ бойынша олардың сөз әрекеттерінің даярлықтарына байланысты тапсырмалар бөлініп беріледі.

Тапсырма:

1.Төмендегі жағдаяттар бойынша сұхбат құру:

1-ші топқа «Сіздер АҚШ территориясының үстінен ұшақпен ұшып бара жатырсыздар және иллюминаторға қарайсыздар. Онда не көргеніңіз туралы сұхбат сөз құрастырыңыздар».

АҚШ-тың жануарлар әлемі туралы жаратылыстану пәнінің оқытушысы сұрақтар қояды.

2-ші топқа мынадай жағдаят ұсынылады»: АҚШ-та сапарға баруыңыз керек екендігіне оқытушыны сендіріңіз». Бұл жұмыс оқушылардың оқытушымен пікір таласу ретінде дайындықсыз жасалады, сөйлеудің әртүрлі тақырыптағы элементтерін сипаттайды: «АҚШ-тың табиғаты», АҚШ қалаларының көрнекті жерлері» және т.б.

3-ші топқа жаратылыстану пәні оқытушысы мынадай тапсырма береді:бір оқушыағылшынша АҚШ-тың жануарлар әлемі туралы сұрақ қояды, ал екінші оқушыол сұрақты қазақшаға аударады, т.с.с. Барлық оқушылароларды тыңдайды, өйткені оларға жануарлардың аттары жазылған карточкаларға сүйене отырып, жануарлар әлемі туралы монолог сөз құрастыру тапсырмасы беріледі.

5.Мұғалім 10 минуттық үзілістен кейін барлық үш топқа «АҚШ-тың халқы, бұл елдің қалалары туралы әңгімелеп береді.Ағылшын тілі мұғалімі жаңадан алынған сөздермен фонетикалық жаттығулар жасайды (хормен және жекеше):

to increase- өсу, көбею.

to influence- әсер ету

to depend on- байланысты болу және т.б.

6.Одан әрі жұмыс төмендегіше жүргізіледі:

1. оқушы cөзді қазақша айтады, ал екінші оқушыоны ағылшынша айтады, сонан соң ол өз сөзін қазақша айтады және т.б.

Қазіргі таңда зерттеушілер шетел тілі сабағын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі төңірегінде көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол зерттеулердің негізгі мақсаты заманауи оқыту әдісінің тиімділігі мен дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі.

Жоғарыда аталған мультимедиялық құралдарды (электронды оқулық пен тұсаукесер) қолданудың тиімділігін, тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тырыстық. Тәжірибе барысында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты электрондық оқулықпен, мультимедиялық Power Point-та жасалған тұсаукесерлерді пайдаланып, сұрақ-жауап тәсілін қолдана отырып топтық жұмыс жасайды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үш кезеңде жүзеге асты: айқындау, қалыптастыру, нәтижелерді талдау және жинақтау. Эксперименттік жұмыстың басты мақсаты – шетел тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологиялардың, соның ішінде мультимедиалық құралдардың шетел тілін түсіну және сөйлеу дағдыларын дамытудағы рөлін айқындап, зерттеу жұмысының болжамы мен теориялық тұрғыдан анықталған нәтижелердің дұрыс немесе бұрыс екендігін дәлелдеп көрсету.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастырудың айқындау кезеңі сауалнама, сұрақ-жауап, бақылау және әнгімелесу әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бұл аталған кезеңде біз оқушылардың білім деңгейін анықтаумен қатар шетел тілі мұғалімдерінен сауалнама алдық.

Эксперимент барысы мен нәтижесін бақылау мақсатында біз оқушылардын бастапқы білім деңгейін анықтауды жөн көрдік. Ол үшін оқушылардан өткен тарау бойынша бақылау тестері мен ситуациялық тапсырмалар алынды. Оқушылардың шетел тілін меңгерудегі тілдік дағдыларды қаншалықты жетік меңгергенін бақылау қорытындысы бойынша пайыздық көрсеткіш шығардық. Екі сынып оқушыларының білім деңгейін бақылай отырып, біз 11"а" сынып оқушыларының мәтінді оқу мен грамматикалық дағдыларының орташа деңгейде екенің, ал сөйлеу мен тыңдау дағдылырының орташадан төмен екенін байқадық. Сонымен қатар екінші 11"б" сынып оқушыларының нәтижелеріне қарасақ, олардың керісінше тыңдау және оқу дағдыларының жоғары екенін, ал жазу дағдысының төмендеу екенін анықтадық.


Диаграмма 1 – Тәжірибе өткізілген сыныптарының салыстырмалы көрсеткіші

Біз сабақта электрондық оқулықты қолданылатын ағылшын тілі сабақтарының бірнеше үлгісін беріп отырмыз. Эксперимент 1,5 ай көлемінде жүргізіледі. Осы уақыт аралығында біз ағылшын тілі сабағында үнемі мультимедиалық құралдарды пайдаланып, жеткен нәтижелерді бастапқы көрсеткішпен салыстырамыз. Тілді күнделікті үзбей оқып-үйренген оқушының кез келген ортада өз пікірін толық және анық жеткізуге машықталады. Білім деңгейі үнемі өсіп отырады, сөздік қоры байи түседі.


Сабақ жоспары:

Тақырыбы: "Unnatural Disasters"

Сабақтың мақсаты: жаңа лексиканы сөйлеу әрекетінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, және де дамыту, мәтінді оқу мен шетел тілінде сөйлеу арқылы оқушылардың түсіну дағдысын қалыптастыру.

Көрнекі құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, жаңа тақырыпқа байланысты дайындалған мультимедиалық презентация, видеодан үзінді, сұрақ карточкалары, тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктердің тізімі.

Сабақты өткізу барысында жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін, оқытушы сауатты сабақ жоспарын ұйымдастырып, керекті материалдарды алдын-ала дайындау керек.


The plan of the lesson

Teacher:

Theme: 29. Unnatural disasters (Opportunities Upper-Intermediate)

Type of the lesson: Listening and Speaking

The aim of the lesson:

1. Developing:

    • To develop pupils’ cognitive mechanisms

    • To develop their outlook

2. Practical:

    • To form pupils’ listening skills

    • To develop their communicative skills

3. Educational:

    • To give language and speech material on the theme “Global issues”

    • To give information about the natural disasters all over the world

Objectives:

    • To practice speaking in pairs about the Poverty in our society

    • To do the “Before you start” exercise

    • To listen the text about the statistics of poverty in the world

    • To do the exercises according to the listening task

    • To show the pupils the slaid-show

    • To watch the short fragment of the video

    • To present the new words according to the new theme

    • To convey the meaning of the unknown words

Visual aids: electronic textbook, cards, board, textbook, CD, slide-show, video

Learning outcome

Pupils will be able to:

1) To speak about the global phenomenon and the difference between the developed and developing countries

2) To know more about the general statistics of the world poverty and percentage of GNP

3)To develop speaking abilities of pupils


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, ағылшын тілінде сабақ тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріледі.

II. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер интерактивті тақтада таблица түрінде, қысқаша анықтама беріліп таблица түрінде оқушыларға көрсетіледі.

III. Оқушылар жаңа сөздерді интерактивті тақтадан және мультимедиалық презентациядан көре алады, мәтіндегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталайды.

1. Тапсырма: Read the following words after the speaker.

Мәтінмен жұмыс: "Hell and High water"

2. Тапсырма: Listen to the text.

Одан кейін сөйлеу әрекетін дамытуға байланысты оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі.

3. Тапсырма:

1. Төмендегі проблемалық ситуациялар бойынша диалог құру:

1-ші топқа "Соңғы бір жыл ішінде әлемде орын алған табиғи апаттар жайлы диалог құрастырыңыздар. Диалог құру барысында оқушылар екі түрлі елден келген оқушылардың рөлін ойнайды".

Диалогты айтып болғаннан кейін сыныптағы басқа оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып сабаққа араласып отырады.

2-ші топқа мынадай ситуация ұсынылады: "Табиғи апат болған жағдайда үкімет басшылылары зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсете алады". Бұл жұмыс оқушылардың мұғаліммен пікір таласы ретінде дайындықсыз жасалады, дайындықсыз сөйлеудің әртүрлі тақырыптағы элементтерін сипаттайды: "Кедейлік деңгейі", "Табиғи құбылыстар" және т.б.

Келесі кезекте электронды оқулықтан "Climate conference collapses" мәтіні тыңдауға беріледі.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен тыңдалған мәтінді қазақша айтып берулерін сұрайды. Сонан соң оқушылар сөйлемдерді қазақшадан ағылшын тіліне аударады.

4. Тапсырма: "Our climate" тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру ұсынылады (әңгіменің негізі ретінде ағылшын тілінде тыңдалған мәтін алынады).

5. Тапсырма: Оқушылардың топ бойынша олардың тілдік және сөйлеу даярлықтарына байланысты жеке тапсырмалар бөлініп беріледі.

Белгілі уақыттан кейін бұл тапсырмалар талқыланады, мысалы, казіргі кездегі ауа ластығы мен зиянды газдардың көбеюі, олардың біздің климатымызға тигізетін зияны жайлы және т.б.

6. Тапсырма: Карточкамен жұмыс: тыңдалған мәтін бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқушылар аударуы тиіс.

- raise - көтеру, көбейту

- reduce - азайту

- coal - көмір

- influence - әсер

- pollution - ластануы

Жаңа лексикалық бірліктерді бекіту үшін бос орынға қажетті сөзді қою арқылы көрсетілген жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырманың соңында оқушылар өздері орындаған жаттығудың жауабын мұғаліммен бірге тексереді.

7. Тапсырма: Грамматикалық жаттығу. Мұғалім ағылшын тіліндегі шақтарды оқушылардың есіне түсіріп, қайталауға арналған жаттығуды электрондық оқулық пен интерактивті тақта арқылы жасайды.

8. Тапсырма: Оқушыларға "Unnatural disasters" тақырыбына байланысты видеодан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көріп болған соң, оқушылар өз ойларын ортаға салып, видео жайлы пікірлерін жаңа сөздерді қолдана отырып ағылшын тілінде жеткізеді.

Қорытынды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылап, сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалайды.

Үйге тапсырма. Табиғи апаттар жайлы қосымша оқулықтар немесе Интернет арқылы өзге де мәліметтер жинақтап, бірнеше топқа бөлініп слайдтар дайындау.

Тәжірибе барысында, ағылшын тілі сабағында біз электронды оқулықтар, мультимедиалық құралдар мен интернет ресурстарын пайдаландық. 1,5 ай көлемінде өткізілген тәжірибе нәтижесін біз оқушылардан тест бақылауын алу арқылы анықтадық. Екі сыныптың эксперимент нәтижелерін салыстыра отырып келесідей пайыздық көрсеткіштер шығардық. Бақылау жұмыстарының анализі көрсеткендей, оқушылар тәжірибе соңында лексикалық тапсырмалар мен грамматикалық тапсырмаларды сәтті орындап, сөйлеу және жазу дағдыларының да жоғарылығаның бақыладық. Тәжірибе нәтижесі ретінде біз оқушылардың компьютерлік технологияларды бұрынғыша тек ойын үшін ғана емес, сонымен қатар білім алу үдерісінде, жеке шығармашылық белсенділігін арттыруда да пайдалануға болатынына көздері жетті.

Диаграмма 2 – Тәжірибе нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіші


Сабақта әр түрлі жұмыс тәртібі мен іс-әрекет түрлерін пайдалану, лексикалық бірліктерді бірнеше рет қайталату, оларды қатыстыра отырып сөйлемдер құрастыру, заман талабына сай ақпараттар беру, оқу және жаңа ақпараттық құралдарды тиімді пайдалануы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, сабақтағы өзге де міндеттердің орындалуына көмегін тигізеді.

Мұғалім ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды ұтымды пайдалануы керек, өйткені сабақты ол жекелеп өткізеді, яғни мұнда қайта оралу қарым-қатынасы жүзеге асады. Ал қайта оралу барысы – оқытудың негізгі құрамды бөлігі, сабақты ұйымдастырудағы орынды қолданылған естіп-байқау құралы оқытудағы басқару жүйесінің бірлігін құрайды.

Оқушылардың танымдық қасиеті көрнекілікті сезім арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Сондықтан да естіп-байқау, көру, қатысымдық таным-сөйлеу, қарым-қатынасқа жағдайда оқу құралдары практикалық қарым-қатынасқа енгізуге мүмкіндік туғызады.

Өзіміз бақылаған тәжірибе көрсеткендей, оқушылар жаңа сабақты есту мен көру арқылы өз жадыларында бес есе жақсырақ сақтайды. Сонымен қатар видеоматериалдарды шетел тілін оқыту үдерісінде қолдану оқушының өз бетінше білім алуға және сөйлеу әрекетіне ынталандырады. Сабақ барысында видео көру оқушыға қосымша күш пен сенім бере отырып, тілді әрі қарай дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар біз оқушылардың барлығының сабаққа белсенді араласып, олардың сөздік қоры мен қатар шетел тілін тыңдап түсіну және сөйлеу дағдыларының біршама жақсарғанына көз жеткіздік.

Жүргізілген эксперименттің соңында видео бағдарламалар мен фильмдерді пайдалану маңыздылығын анықтау мақсатында, мұғалімдердің өткізілген сабақтар жөнінде пікірлерін анықтау үшін қайта сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесі көптеген мұғалімдердің жоспарланған материалды дәстүрлі сабақтардан гөрі, ақпараттық технологияларға негізделген оқыту құралдарын пайдалану арқылы қызықты, әрі көрнекілік қағидасы негізінде түсіндіретіндіктерін көрсетті.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, шетел тілін оқыту үдерісінде мультимедиалық құралдарды пайдалану мәселесі мен заманауй әдістері кешенді дамып отыруы қажет, себебі осы зерттеу жұмысында қарастырылған құралдардың барлығы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылық әрекетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасай алады. Сонымен қатар тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарынан алынған нәтижелерді талдай отыра келесідей қорытынды жасауға болады:

- шетел тілін оқытудың заманауй талабына сәйкес, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда мультимедиалық құралдармен қамтамассыз ету қажеттілігі туындайды;

- шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың білім сапасын жетілдіре алады;

- жаңа ақпараттық технологияларды дәстүрлі немесе дәстүрлі емес сабақтарда пайдалану тиімділігі тек алдын-ала жоспарланған және ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асады;

- оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің қалыптастыруындағы жаңа ақпараттық құралдардың алатын орны айқындалды;

- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында зерттеу болжамы мен теориялық негіздері дәлелденді.


Қорытынды


Қазіргі заманғы ғылым мен техникалық даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану - заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау.

Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция болды. Компьютердің оқу процесіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінде мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызатындығын және оны жүзеге асыру жолдарын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді. Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауи дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында қарастырылған теориялық мәліметтер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу барысындағы нәтижелер бойынша мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

- оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері жөніндегі Б.А.Досжанов, Ұ.Т.Нұрманалиева, С.Т.Сиргебаева, Б.Т.Абыканова, Г.Б.Таутаева, Ж.А.Қараев және т.б. педагог ғалымдардың еңбектерін зерттеу жұмысымыздың тірегі ретінде қарастырдық.

- зерттеу жұмысымыздың тақырыбы төңірегінде отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік еңбектері мен тәжірибелік-эксперименттер төңірегінде жасалған талдаулардың нәтижесінде зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты орындалып, шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерінің теориялық тұжырымдамасы айқындалып, олардың тиімділігі анықталды.

- зерттеу жұмысының ғылыми болжамын жүзеге асыру мақсатында алдын-ала зерттеу жұмысының міндеттері мен мақсаттары айқындалып, шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдардың қолданыс аясы мен білім беру мекемелеріндегі алатын орны анықталды.

- жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесінде оқушылар жаңа ақпараттық құралдарды жетік меңгеруге, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.

- шетел тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда компьютерлік технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылып, оқыту үдерісінде мультимедиалық құралдарды дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтарда пайдалану арқылы білімді әрі жан-жақты тұлға қалыптастыруға болатындығы анықталды.

- шетел тілін оқытудың тиімділігін арттыру үшін бүгінгі күннің талабына сәйкес интерактивті оқыту әдісін, электронды оқыту құралдарын, компьютерлік бағдарламаларды, Интернет-сайттар, видео немесе көркем фильмдерді жүйелі түрде пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға болады.

- мультимедиалық құралдардың заманауи технологияларын енгізу – оқу процесінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырып, көрнекілік қағидасының жаңа жолдары қарастырылып, олардың оқытудың барлық кезеңдерінде әр түрлі педагогикалық формада жүзеге асыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудағы маңызы айқындалды.

- сабақ өткізу барысында Интернет ресурстарын пайдалану оқушыларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретіп, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік жасай отыра, оқушының коммуникативті қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасай алатындығы дәлелденді.

- аутентикалық және шынайы видео мәліметтерді шетел тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алуына және танымдық белсенділіктерін ынталандыруға мүмкіндік беретіндігі айқындалды.

Білім беру саласында көтерілетін өзекті мәселелердің бірі - жаңа ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі. Бұл шетел тілін оқытудың жаңа техникалық құралы ғана емес, сонымен қатар тілді үйретудің жаңа форма мен әдісі ретінде қарастырылып отыр. Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оның шетел тілін практикалық қолданыста пайдалану қабілетін дамыту.

Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қажет не қажет еместігін талқылауды қажет етпейді. . Қазіргі заман қоғамы бұл сұраққа жаңа ақпараттық мәдениетті құру арқылы белсенді түрде еніп кетті.

Мемлекетте білім жүйесін жаңарту үдерісі жүріп жатқан қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс.











  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Акишина А.А.,Учимся учить (для преподавателя русского языка как иностранного).-Москва: Русский язык.2004-255 с.

  2. Скалкин В.Л. Обучение диалогической речи // Пособие для учителей.-Киев:Рад.Школа,1989.-156 с.

  3. Шведов И.А. Искусство убеждать.-Киев:Молодь.1986.-220 с.

  4. Гальперин П.Я К психологии формирования речи на иностранном языке//Психолингвистика и обучения иностранцев русскому языку.- Москва: Изд-во Московского ун-та,1972.-232 с.

  5. Пассов Е.И Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.-Москва:Просвещение,2003.-333с

  6. Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында оқушылардың сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері.Педагогика ғылымның докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация,Алматы,2007 г.

  7. Кунанбаева С.С, Нурманалиева М.К. «Injoy English» Электронный учебник английского языка 11 класса для общеорразовательных школ.Алматы,РЦИО,2000 г.

  8. Давыдова Э. Английский язык ЭУ на компакт-диссках: ( на материалы английского языка) М.1997г.

  9. Рогова Г.В,Ерохина Е.Н,Федюшкин Д.П. Методика обучении иностранным языкам в средней школе М.,Просвещение,1991г.,227с.

  10. Старков А.П. Обучение английского языка в средней школе.Метод Пособие и серии учебной методики.Комплексов для 5-10 кл.М.Просвещение,1978 г.,162 с.

  11. Государственная программа Президента Республики Казахстан.Программа информатизации системы среднего образования//Алматы Распоряжение №3645 от 22 сентября 1997 г.

  12. Әбдіғалиев С.Неміс тілін оқытудың негіздері.Оқу құралы.Алматы «Қазақ университеті»,1992 г., 11б.

  13. ГальперинП.Я. Методы обучения в умственном развитие ребенка. М.Издательство МГУ, 1985 г. 15 c.

  14. Дмитриева Е.И. Основная проблема дистанционного обучения иннострым языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет//Иностранные языки в школе.1998г,№6 10 c.

  15. Тажигулова А.И. Педагогические принципы конструирования электронных учебников в условиях информатизации проф-го образования.Автореферат.дис.конд.наук.Алматы,2000г., 23 c.

  16. Ахметова Г.Б. Профессионально-ценностное ориентирование студентов в условиях информатизации образования.Алматы,2000г.,23 с.

  17. Электронные ресурсы: nci.kz,edu.gov.kz,moodle.kz.

  18. Керр С. Новые информационные технологии и реформа школы//ИНФО,1993г.,№5 117-123 с.

  19. «Информатика» электронный учебник для 11-го класса НЦИ,2008 г.

  20. Зимняя И.А Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке.-Москва:Просвещение,1978. 158 с.

  21. Гальскова Н.Д Современная методика обучения иностранным языкам-Москва:Аркти-Глосса,2000 г.165 с.

  22. Леонтев А.А.Психология общения.-Тарту:Смысл,1997г. 365 с.

  23. Бим И.Я Некоторые проблемы обучения диалогической речи//Иностранные языки в школе- 1979.-№6 с 20-27

  24. Харченкова Л.И.Диалог культур в обучении русскому языку как иностранному.-Москва.1994-142 б.

  25. Мадьярова Г.А.Ақпараттық-қатынастық технологияны орта мектепте информатиканы оқытуда қолданудың әдістемелік ерекшеліктері Педагогика ғылымның кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.,Алматы,2009,143 б. 55 стр посмотреть

  26. Есенғабылов І.Ж. Орта мектептің 5-6шы сыныптарында математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі. Педагогика ғылымның кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.,Алматы,2009,148-б.

  27. Нурманалиева У.Т. Электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі.(ағылшын тілі, жоғарғы оқу орны)Педагогика ғылымның кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.,Алматы,2004,150 б.

  28. Бекболғанов А.К.Ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланып, техникалық колледжде математиканы оқытуың қолданбалы бағытын арттырудың әдістемесі.Алматы,2009

  29. Рымбаева К.С.Болашақ мұғалімдердің тарихи-педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қалыптастыру. Педагогика ғылымның кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.,Алматы,2007,143 б. 88 стр посмотреть

  30. Гальскова Н.Д.,Горчев А.Ю.,Никитенко З.Э.,Программа по иностранному языку:Новые подходы к конструированию:\\Иностранные языки в школе,1991 №4

  31. Козлов П.Г.Методологический аспект построения теории обучения иностранным языкам.\\Иностранные языеи в современном мире (материалы Республиканской научно-методической конференции 10-11 декабря 1998г)Алматы.1999 172-178 с

  32. Чакликова А.Т.Информатизация профессиональной подготовки страноведов-международников в системе университетского образования\\Дис.к.п.н.Алматы 2002

  33. Латышев.В.Л Интеллектуальные обучающие системы:теория и технология создания и применение-М:образование и информатика,2003

  34. Колкер Я.М.,Устинова Е.С.Еналиева Т.М.Практическая методика обучения иностранному языку:Учеб.пособие.М.2000 264 с

  35. Prospects. Students book.- Ken Wilson, James Tailer, Deirdre Howard-Williams. ELT


Character and Personality”

Properties of Personality

Task:

Put these questions to your partner. Write down his/her answers in English. Your partner put the same questions to you in your native language. Help your partner to understand your answers and make notes.

Questionnaire

What kind of music do you like?

What is your favorite author?

What is your best trait of character?

What is your favorite sport?

What kind of books do you like best of all?

What is your lifetime dream?

Are you afraid of the dark?

Week-end”

It is week-end. Tell your partner about your plans for the week-end. And what will other people do. Here are some examples. Let us see:






























Резюме

реферата дипломной работы

5B011900 – Иностранный язык: два иностранных языка

Актуальность исследования. Использование информационных технологии в образовательной сфере становится одним из самых значимых стратегических ресурсов государства для успешного его развития и позиционирования в современном мире. Модернизация содержания образования в Казахстане на современном этапе развития общества не в последнюю очередь связана с инновационными процессами в организации обучения иностранным языкам.

В последние годы все чаще поднимается вопрос о применении новых информационных технологий в школе. Это не только новые технические средства, но и новые формы и методы преподавания, новый подход к процессу обучения. Основной целью обучения иностранным языкам является формирование и развитие коммуникативной культуры школьников, обучение практическому овладению иностранным языком.

Задача современного учителя - активизировать познавательную деятельность учащегося в процессе обучения иностранным языкам. Современные педагогические технологии такие, как мультимедийные презентации, проектная методика, использование новых информационных технологий, электронные учебники и Интернет ресурсы помогают реализовать личностно-ориентированный подход в обучении, обеспечивают индивидуализацию и дифференциацию обучения с учетом способностей детей, их уровня обученности.

Объект исследования: обучение иностранному языку при помощи современной информационной технологии.

Предмет исследования: особенности использования мультимедийнных средств в развитии навыков сообразительности.

Цель исследования: теоретическое обоснование, разработка и экспериментальная проверка методики обучения иностранному языку с помощью мультимедийнных средств обучения.

Задачи исследования:

- выявить эффективную методику использования современной информационной технологии на уроках иностранного языка;

- показать эффективность использования мультимедийных программ и презентаций в обучений иностранному языку;

- выявить особенности использования Интернет ресурсов на уроках иностранного языка для формирования навыков говорения и сообразительности у учащихся.

Гипотеза исследования: методика использования мультимедийнных средств будет эффективной, если будут выявлены содержании, формы и методы современного обучения, а также будут рассмотрены дидактические особенности внедрения мультимедийных средств в процесс обучения для повышения качества образования и развития познавательных навыков.

Методы исследования: анализ информационной, научной и методической литературы по теме исследовательской работы, теоретический анализ и моделирование, анкетирование, беседа, наблюдение над речью учащихся, над процессом обучения иностранному языку, наблюдение над использованием мультимедийнных средств на уроками иностранного языка, педагогические и опытные эксперименты.

Научная новизна исследования:

- выявлены основных тенденций использования Интернет ресурсов в процессе обучения иностранному языку;

- рассмотрены современные возможности информационной технологии в обучений иностранному языку;

- разработаны современные методы использования мультимедийнных средств обучений и доказана ее эффективность;

- выявлена роль компьютерной технологии при формировании навыков говорения и сообразительности.

Ведущая идея исследования: Использование мультимедийнных средств обучения и Интернет ресурсов в средней школе обеспечивает переход к новой парадигме образования, основанной на информационно-коммуникационных технологиях и дистанционном интерактивном взаимодействии субъектов образования.

Теоретическая значимость исследования: выявлены эффективные методы использования мультимедийнных средств в обучения иностранному языку основанные на выводе и гипотезе исследования, также наша исследовательская работа может оказать дополнительную информационную поддержку при разработке новых методов работы с Интернет ресурсами в процессе обучения иностранному языку.

Практическая значимость исследования: выводы и рекомендации, полученные в ходе исследования, могут быть использованы при совершенствовании методов обучения иностранному языку в средней школе. Также основываясь на выводы экспериментов и результаты исследования, мы пришли к заключению, что современные виды информационной технологии обучения могут быть одинаково использованы в традиционных и нетрадиционных формах обучения.

Summary


Peculiarities of the use of multimedia means in developing of understanding skills

The actuality of research: Informatization of education becomes one of the most important strategic resources of State for its successful development and positioning in the modern world. Modernization of the content of education in Kazakhstan at the present stage of development of society related to the innovation processes in the organization of foreign language teaching.

In recent years the question about the use of new technologies in schools is raised. And this is not the only new hardware, but also new forms and methods of teaching, a new approach to learning. The main aim of teaching foreign languages is the formation and development of the communicative culture of pupils, and learning the practical mastery of a foreign language.

The task of the modern teacher is to increase pupils’ cognitive activities in learning foreign languages. Modern pedagogical technologies, such as multimedia presentations, project works, and the use of new information technologies, electronic books and Internet resources can help to implement student-centered approach in learning process, also can provide individualized and differentiation learning by taking into account pupils’ abilities and their level of training.

The object of research: learning a foreign language with the help of modern information technologies.

The subject of research: peculiarities of the use of multimedia means in the development of understanding skills.

The purpose of research: the theoretical basis, development and experimental tasting of methods of teaching foreign languages by using multimedia learning means.

Research tasks:

- to identify effective methods of using modern information technologies in foreign language lessons;

- to demonstrate the effectiveness of multimedia programs and presentations in teaching foreign language;

- to identify the peculiarities of Internet resources during foreign language lessons for the formation of speaking and understanding skills.

Hypotheses of research: the methods of the use of multimedia means will be effective if they reveal the content, forms and methods of modern learning process, and will be considered didactic features of using multimedia means in learning process to improve the quality of education and the development of cognitive skills.

Methods of research: analysis of the information, scientific and methodological literature according to the subject of research, theoretical analysis and simulation, questionnaire, interview, observation of pupils’ speech, observation over the process of foreign language teaching, supervision over the use of multimedia means during foreign language lessons, teacher training and advanced experiments.

Scientific novelty of research:

- to identify the main tendencies of using Internet resources in the process of learning foreign language;

- detected the modern possibilities of information technologies in foreign language teaching;

- developed the modern methods of using multimedia means and also proved their effectiveness;

- identified the role of computer technologies in the formation of speaking and understanding skills.

Leading idea of research: the use of multimedia learning means and Internet resources in the high schools can provide a transition to a new paradigm of education, which is based on information and communication technologies and on interactive distance education.

The theoretical importance of research: identified effective ways of using multimedia means in the process of foreign language teaching, which based on the conclusion and hypotheses of the research work, as far as our research can provide additional information while developing the new methods of working with Internet resources in learning foreign language.

The practical importance of research: conclusion and recommendations from the research work can be used to improve methods of teaching foreign language in high schools. Also basing on conclusion of experiments and on results of research work, we came to the conclusion that modern forms of information technologies can be equally used in both traditional and non-traditional forms of learning.














06 Сәуір 2025
206
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі