Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы









БЕКІТЕМІН

«№ мектеп директоры

_________

«_29 » _ тамыз 2024 жыл







«№ мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2024 - 2025 оқу жылына арналған

оқу - әдістемелік бағытындағы жылдық


Ж О С П А Р Ы




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130

(16.09.2021 № 472 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығы негізінде жасалды.



Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары








М А З М Ұ Н Ы


І бөлім. Кіріспе:


    1. Оқу-әдістемелік қызметтің 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарға қысқаша талдау

    2. Оқу-әдістемелік қызметтің 2024-2025 оқу жылының мақсаты мен басым міндеттері


ІІ бөлім.Жалпыға бірдей міндетті білім беру заңының орындалуы


2.1. Жалпыға бірдей міндетті білім беру заңының орындалу жоспары

2.2. Нормативтік-құқықтық база


ІІІ бөлім. Педагог мамандармен жұмыс жүйесі.

3.1.Педагогтардың кәсіби деңгейін өсіру, педагогикалық біліктілік пен шеберлікті көтеру, жаңартылған білім беру

мазмұны және жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс

3.2. Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру

3.3. Мұғалімдерді біліктілік аттестациясынан, қайта аттестациядан өткізу

3.4. Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу үдерісі жоспары


ІҮ бөлім. Талантты және дарынды, үлгермеуші оқушылармен жұмыс.

4.1. Дарынды балаларды үштілдік оқыту мен тәрбиелеу бойынша қызмет

4.2. Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс


Ү бөлім.Білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау.

5.1. Қорытынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастыру және өткізу.

5.2. Пәндік олимпиадаларға дайындықты ұйымдастыру және өткізу.

5.3. Критериалды бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар


VІ бөлім. Мектепішілік бақылау мен басқару жүйесі.
6.1.Ғылыми - әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жоспары

6.2. Үйден оқытуды ұйымдастыру жоспары

Мектептің өзекті мәселесі: «Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»



Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану - білім сапасын  арттырудың негізгі құралы»



Мақсаты:  Озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;



Міндеттері:

1. Жаңа технологиялардың тиімділігін  сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқыту сапасын арттырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын дамыту;

2. Жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін насихаттау;

3. Мұғалімдерді тиімді әдістемелік біліммен қамтамасыз етуде жеке құндылығын қалыптастыру;

4. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру.



Нәтижесі:

  • Мектептің оқу -әдістемелік жұмысына жаңашыл идея енгізіліп, озат тәжірибе насихатталады. Педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеті дамиды.







«№ МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2024 - 2025 оқу жылы


Негізгі жұмыс бағыттары

Іс-шаралар

Жауаптылар

Орындау мерзімдері

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ЗАҢЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІН САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


1-4 сынып оқушыларын оқытумен қамту және оқушылар контингентін сақтау. Жазғы кезеңдегі қозғалыс туралы есеп.

ОІЖО

Сынып жетекшілер

Тамыз

Сынып кабинеттерінің жағдайын бақылау.

ОІЖО

Тамыз

Оқу жүктемесін бөлу, тарифтеу

Тамыз

Сабақ кестесін талапқа сәйкес жасау.

Тамыз

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бекіту.

ОІЖО

Тамыз

Информатика,дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінде техника және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ОІЖО .

Пән мұғалімдері

Қыркүйек

Сынып оқушыларының тізімін, жетім балалар, көпбалалы, қиын, аз қамтамасыз етілген отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімін жасау.

ОІЖО

ДТІЖО

Әлеуметтік педагог


Тамыз

Оқушылардың қозғалысы туралы есептер.

Сыныптарды жасақтау.

ОІЖО

сынып жетекшілер

Тамыз

Медициналық қорытындылардың түсуіне қарай оқушыларды үйде оқытуды ұйымдастыру. Оқу бағдарламаларының сапалы өтуін қамтамасыз ету.

Үйде оқитын оқушылардың есебін алу, жүктемесін бөлу, сабақ кестесін жасау.

ОІЖО

Тамыз

Дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушыларды анықтау

ОІЖО

Мектеп медбикесі


Қыркүйек

Ұлттық білім беру деректер қорын толықтыру жұмыстарын сапалы жүргізу

ОІЖО

Жыл бойы

Оқу жүктемесін, сынып жетекшілікті, кабинет меңгерушілікті, үйірме жетекшілікті бөлу

ОІЖО

Тамыз

ҚАТАҢ ЕСЕПТЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУ

Алфавиттік кітап, оқушылар қозғалысы кітабы, жеке іс қағазы бойынша балалардың есебін тексеру

ОІЖО

Тоқсанына 1 рет

Электронды сынып журналының дұрыс толтырылуын бақылау, тексеру

Айына 1 рет

Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын жүргізу.

Айына 1 рет

Келген, кеткен оқушыларды тіркеу кітабын жүргізу.

Тоқсанына 1 рет

Педагог кадрларды тіркеу кітабын жүргізу

Жылына 1 рет

Білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабын жүргізу

Жылына 1 рет

Жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

Мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын

беруді есепке алу кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Пәндер бойынша білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу

ОІЖО

Пән мұғалімдері

Қыркүйек,

тоқсан сайын

Оқушылардық тоқсандық, жылдық үлгерім есебін алу.

Тоқсанына 1 рет

Пәндер бойынша 5 жылдық үлгерім сапасының мониторингін жасау.

Жылына 1 рет

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бағытында 4-сыныптарда тестілеу, ББЖМ, байқау тестілеуін өткізу

Ай сайын

Пәндер бойынша әдістемелік кеңес беру,қосымша сабақ кестесін құру

Жыл бойы

Білім сапасы төмен пәндер мен оқушыларды анықтау, білім сапасын көтеру бағытында шаралар ұйымдастыру.

Тоқсанына 1 рет

ПЕДАГОГ КАДРЛАРМЕН ЖҰМЫС

Жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен, нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу, әдістемелік отырыстарда талдау.

ОІЖО

Тамыз

Педагог кадрлардың сандық, сапалық құрамының мониторингісін жасау, рейтингісін шығару.

Қыркүйек

Мұғалімдердің шығармашылықпен айналысуына бақылау жасау. Мектептегі озат педагогикалық тәжірибелерді талдау және мектеп практикасына енгізуге жағдай туғызу, насихаттау.

Жыл бойы

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын әдістемелік отырыстарда талдау.

Жоспарға сәйкес

Сабақтарды бақылау нәтижелерін пәндік әдістемелік бірлестіктердің,әдістемелік кеңес отырыстарында жүйелі түрде талқылау.

Жоспарға сәйкес

Педагогтардың желілік қауымдастығын жетілдіру.

Жыл бойы

Мектеп активтерімен әдістемелік жұмысты үйлестіру, фокус топтар құру.

Жыл бойы

Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын жасау

Қыркүйек

Оқыту және құжаттамамен жұмыс мәселелері бойынша жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлер тағайындау.

Жоспарға сәйкес

Аудандық әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысу. Авторлық бағдарламалар, әдістемелік әдебиеттерді, баспа мақалаларын талдау.

Жыл бойы

Мұғалімдерді жаңа технологиямен таныстыру, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысуын қадағалау.

Жыл бойы

Журнал толтыру, техника қаупсіздігі, жеке іс-қағаздарды толтыру бойынша педагогтарға кеңес беру.

Тамыз

Қаңтар

Тәжірибе материалдарын көрнекті түрде әдістемелік кабинетке ұсыну, БАҚ жариялау, ақпараттық стенд.

Жыл бойы

«Жылдың үздік педагогы» байқауын ұйымдастыру

ОІЖО

Сәуір


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР



Критериалды бағалау жүйесі бойынша мектеп үйлестірушісінің жұмыс жоспарын жасау, бекіту.

ОІЖО

Қыркүйек

Жаңа білім беру мазмұнына байланысты критериалды бағалау жүйесі бойынша нормативттік құжаттармен танысу.

ОІЖО

Қыркүйек

Жиынтық бағалауды өткізу жоспарын және кестесін жасау, бекіту

ОІЖО

Тоқсан сайын

Пән мұғалімдерінен жиынтық бағалау қорытындысының есебін алу.

ОІЖО

Пән мұғалімдері

Тоқсан сайын

Критериалды бағалау жұмыстарының жүргізілу жүйесін қадағалау, бақылау, әдістемелік көмек беру.

ОІЖО

Уақытында

Бөлім, ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындау өткізу, қадағалау

Пән мұғалімдері

Кестеге сәйкес

Критериалды бағалау бойынша коучинг, оқыту семинарларын ұйымдастыру.

Мектеп тренері

Қосымша үйірмелер жетекшісі


Тоқсан сайын

Критериалды бағалау жүйесін енгізуге қатысты үйлестірушінің қорытынды есебі

ОІЖО

Жарты жыл

соңында

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

ЖҰМЫСЫ

Олимпиадалық резерв мектебін қалыптастыру және олармен жүйелі жұмыс жүргізуін қадағалау




ОІЖО

Жыл бойы

Халықаралық, Республикалық пәндер бойынша қашықтық олимпиадаларына дайындық жұмыстарын жүргізу және қатыстыру

Жыл бойы

Мектепішілік олимпиада өткізу, қорытындысын шығару, материалдарын жинақтау,

Аудандық олимпиадаға оқушыларды іріктеу;

Қараша

Олимпиадалар қорытындысын пәндер бойынша қорытындысын шығару, есеп беру

Мамыр

Алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстардың жоспарын, мақсат-міндеттерін айқындау;

Жыл соңында

ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС


Мектеп бойынша әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.

Пән мұғалімдері

Қыркүйек

Үлгерімі төмен оқушылармен пән мұғалімдерінің жұмысын жоспарлау және бекіту.



ОІЖО

Қыркүйек

Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау кестесін құру.

Қыркүйек

Пән мұғалімдерінің саралау тапсырмаларымен жұмысын бақылау, авторлық жинақ шығару.

Жыл бойы

Үлгерімі төмен оқушылардың танымдық ерекшеліктерін бақылау және талдау жасау.

Мектеп психологы

ОІЖО

Дефектолог


Тоқсан сайын

Үлгерімі төмен оқушыларды мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араластыру.

Сынып жетекшілері

Жыл бойы

Үлгерімі төмен оқушылардың білімдік сайыстарын ұйымдастыру.

Пән мұғалімдері

Қараша

Ақпан

Әр тоқсан сайын пәндер бойынша жазба жұмыстарын, оқу техникасын алып, білім көрсеткіштерінің мониторингін жасау.

Сынып жетекшілері

Тоқсан сайын

Сынып бойынша үлгерімі төмен оқушылар санын азайту бағытында түрлі шаралар ұйымдастыру

Сынып жетекшілер

Педагог-психолог

.

Қараша, сәуір

Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен бірлесіп, сапаға жету жолдарын қарастыру.

Сынып жетекшілер

Қыркүйек-мамыр







ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ӨТКІЗУ






Пәндер бойынша қосымша сабақ кестесін құру

Қаңтар

Алтын белгі, үздік аттестатқа үміткерлерді анықтау.

Пән мұғалімдері

Наурыз

Қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында пәндер бойынша сынама тест алу, қорытындысын шығару.

ОІЖО

Қаңтар-мамыр

Қорытынды аттестаттау дайындығы бойынша түлектерге психологиялық қолдау көрсету.

Педагог-психолог

ОІЖО

Ақпан

мамыр

Қорытынды аттестаттау мақсатында мұғалімдер жұмысының нәтижелілігін бақылау (сабақтарға және қосымша сабақтарға қатысуы)

ОІЖО

Ақпан

Сәуір

Білім алушылар үшін консультациялар өткізу кестесін және емтихандарда мұғалімдердің жұмыспен қамтылу кестесін дайындау

ОІЖО

Мамыр

Оқу жылының аяқталуы туралы нормативтік құжаттармен таныстыру бойынша сынып және ата-аналар жиналысын өткізу.

Сынып жетекшілер

Мамыр

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрігерлік сараптама қорытындысы негізінде ЕБҚ оқушылар тізімін жасау.

Дефектолог

Педагог-психолог

ОІЖО

Тамыз

Қыркүйек

ЕБҚ оқушылардың әлеуметтік картасын жасау

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілері

Қыркүйек

Үйден оқытылатын оқушыларға пән мұғалімдерін бекіту, сабақ кестесін жасау, бұйрық шығару.

ОІЖО

Қыркүйек

Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балаларды оқу құралдарымен, АКТ қамтамасыз ету.

Педагог-психолог

ОІЖО

Жоспарлы

Үйден оқытатын пән мұғалімдер жүктемесін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін бағдарлама бойынша жоспарлау.

Пән мұғалімдері

Тамыз

Үйден оқытылатын оқушылармен психокоррекциялық жұмыстар.

Педагог-психолог

ОІЖО

Жоспарлы

Үйден оқитын оқушылармен жоспарлы жұмыс жүргізілуін үнемі бақылап отыру, динамикалық журнал жүргізу.

ОІЖО

Жыл бойы

Сабақтарының сапалы өтілуін қадағалау, бағдарламаның орындалуын тексеру

ОІЖО

Жыл бойы

Ата-аналармен байланыс жасай отырып, ЕБҚ оқушылармен іс –шаралар ұйымдастыру.

Сынып жетекшілер

Пән мұғалімдері

Жоспарлы


МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Пәндер бойынша білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу, білімдегі олқылықтарды анықтау, талдау

ОІЖО


Пән мұғалімдері

Қыркүйек

Сабаққа бекітілген кесте бойынша қатысу, бақылау және әдістемелік талдау жүргізу.


ОІЖО

Сынып жетекшілер


Бекітілген кесте бойынша

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру.

Жарты жылдықта

1 рет

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

Кесте бойынша

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануын талдау.

Жарты жылдықта

1 рет

Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің тексерілуін бақылау.

Айына 1 рет


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12