Дискрипторлар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дискрипторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дискриптор жайлы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

І-деңгей Бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдердің оқыту нәтижелерінің

ДЕСКРИПТОРЛАРЫ


  1. Мұғалім білу керек:

  • Оқу мен оқытудағы сындарлы оқыту амалдарының теориялық негіздерін;

  • Метатану теориясы, ІІ-ІІІ деңгейлер Бағдарламалары бойынша барлық теориялық негіздерді;

  • Уәжтеориясын;

  • Жұмыс орнында мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдаудың теориялық негіздерін, коучинг пен тәлімгерліктің теориясы мен технологиясын;

  • Түрлі деңгейдегі және формадағы педагогикалықзерттеулердіңтеориясы мен әдіснамасын.

  • Көшбасшылық теориясы мен әдіснамасын.

  • Дамыту бағдарламаларын жасақтау теориясымен әдіснамасын;

  • Желілілік қауымдастықтарды ұйымдастырудың теориясы мен әдіснамасын.

  1. Тәжірибеде атқару қажет:

  • III-деңгей бағдарламасы қарастырып отырған барлық амалдарды сынып жағдайында пайдалану;

  • Түрлі деңгейдегі іс-әрекеттегі зерттеулерді ұйымдастыру, өткізу және мектептегі өзгерістерді басқарудың стратегиялары мен қажеттіліктерін ескеретін Lesson Study ұйымдастыру;

  • Әріптестерінің Бағдарламаны іске асырудағы және оқытудың жоғары сапасына қол жеткізумен байланысты кәсіби қажеттіліктерінің барлық мәселелері бойынша стратегиялық басымдықтарға негізделген коучингтерді жүйелі ұйымдастырудағы көшбасшылық тәжірибесі;

  • Тәлімгермен бірлесе отырып әріптестерінің жеке қажеттіліктері мен қиындықтарының негізінде жүргізілген тәлімгерлік қызметін стратегиялық жоспарлау және оған мониторинг жасау тәжірибесі, тәлімгерлік нәтижесіндегі кәсіби өзгерістерді зерттеу;

  • Әріптестерінің жеке қажеттіліктері мен қиындықтарының негізінде тәлімгерлік тәжірибесі;

  • Мектептің қажеттіліктеріне және Бағдарламаның мазмұнына сай жаңа озық ғылыми теорияларды, тәсілдерді, технологияларды тарату, олардың негізінде әріптестерін оқыту мен кеңес беру, оның негізінде мектеп шеңберінде іс-әрекеттегі зерттеу ұйымдастырутәжірибесі;

  • Оқытудың проблемаларын шешудегі ортақ міндеттерге негізделген мектептердегі желілілік топтарды құру және оған әріптестерін тарту тәжірибесі.

  • Бағдарламаны енгізу нәтижесінде мектептегі өзгерістерді мониторингілеу, талдау және жинақтау, оны ұжымда ынтымақтасқан ортада талдау және мектептің даму жоспарындағы айқындалған өзгерістерге сай көшбасшылық шешімдерін қабылдау тәжірибесі;

  • Мектепті дамыту бағдарламасын жасақтаудағы көшбасшылық тәжірибесі.

  1. Келесі міндеттерді орындау керек:

  • І, ІІ, ІІІ-деңгей Бағдаламаларын іске асырудағы маңызды теориялық аспекттері бойынша өз білімін үздіксіз жетілдіру;

  • Мектептегі оқытудың проблемалары мен Бағдарламаның міндеттеріне сай оқытудың жаңа технологиялық амалдарын іздестіру, меңгеру және осы бағыттағы тәжірибесін үнемі жетілдіру;

  • Мұғалімдердің желілік қауымдастықтарының жұмысына қолдау жасақтауды ұйымдастыру;

  • Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ендіру мен жасақтауда әріптестеріне қолдау көрсету;

  • Педагогикалық зерттеулер, оқытудың тиімді әдістемелерін жасақтау және оны ендірумен айналысатын мұғалімдердің ынтымақтасқан топтарының жұмысын ұйымдастыру;

  • Lesson Study, желілік қауымдастықтар, т.с.с. формалар арқылы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;

  • Мектептегі қауымдастықтың ішінде қарым-қатынас орнатылуында көшбасшылық рөл атқару;

  • Басқа мектептердің педагогтерін ендіру арқылы желілік қауымдастықты кеңейтуді ұйымдастыру;

  • Бағдарламаның идеяларын насихаттау, өз тәжірибесін әдістемелік басылымдар, БАҚ, сайттар, конференциялар, форумдар, желілік шаралар арқылы тарату және конференциялар, форумдар мен желілік шараларды ұйымдастыруда көшбасшы болу.


ІІ-деңгей Бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдердің оқыту нәтижелерінің

ДЕСКРИПТОРЛАРЫ

  1. Мұғалім білу керек:

  • Оқу мен оқытудағы сындарлы оқыту амалдарының теориялық негіздерін;

  • Метатану теориясы, ІІІ-деңгей Бағдарламасы бойынша барлық теориялық негіздерін;

  • Уәж теориясын;

  • Жұмыс орнында мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдаудың теориялық негіздерін, коучинг пен тәлімгерліктің теориясы мен технологиясын;

  • Педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдіснамасын.

  1. Тәжірибеде атқару қажет:

  • III-бағдарламасы қарастырып отырған барлық амалдарды сынып жағдайында пайдалану;

  • Түрлі деңгейдегі іс-әрекеттегі зерттеулерді ұйымдастыру, өткізу және Lesson Study ұйымдастыру;

  • Әріптестерінің Бағдарламаны іске асырудағы және оқытудың жоғары сапасына қол жеткізумен байланысты кәсіби қажеттіліктерінің барлық мәселелері бойынша коучинг тәжірибесі;

  • Әріптестерінің жеке қажеттіліктері мен қиындықтарының негізінде тәлімгерлік тәжірибесі;

  • Мектептің қажеттіліктеріне және Бағдарламаның мазмұнына сай жаңа озық ғылыми теорияларды, тәсілдерді, технологияларды тарату, олардың негізінде әріптестерін оқыту мен кеңес беру тәжірибесі;

  • Оқытудың проблемаларын шешудегі ортақ міндеттерге негізделген мектептердегі желілік топтарды құру және оған әріптестерін тарту тәжірибесі.

  1. Келесі міндеттерді орындау керек:

  • ІІ-ІІІ-деңгей Бағдаламаларын іске асырудағы маңызды теориялық аспекттері бойынша өз білімін үздіксіз жетілдіру;

  • Мектептегі оқытудың проблемалары мен Бағдарламаның міндеттеріне сай оқытудың жаңа технологиялық амалдарын іздестіру, менгеру және осы бағыттағы тәжірибесін үнемі жетілдіру;

  • Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ендіру мен жасақтауда әріптестеріне қолдау көрсету;

  • Ұжымдағы диалогтік қарым-қатынас орнатылуына ықпалдасу және араласу;

  • Lesson Study ұйымдастыру және өткізу;

  • Мектептегі қауымдастықтың ішінде қарым-қатынас орнатылуына жағдай жасау;

  • Әріптестерімен ынтымақтаса қызмет атқару, кәсіби қауымдастықтарды ұйымдастыруға араласу;

  • Бағдарламаның идеяларын насихаттау, өз тәжірибесін әдістемелік басылымдар, БАҚ, сайттар, конференциялар, форумдар, желілік шаралар арқылы тарату.



ІІІ-деңгей Бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдердің оқыту нәтижелерінің

ДЕСКРИПТОРЛАРЫ

  1. Мұғалім білу керек:

  • Оқу мен оқытудағы сындарлы оқыту амалдарының теориялық негіздерін;

  • Метатану теориясы.

Төмендегі көрсетілген білім берудегі жаңа ғылыми тәсілдер мен идеяларды:

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерінің оқытудың тиімділігіне әсері;

  • Дарындылықтың теориясы мен түрлері, талантты және дарынды балаларды оқыту;

  • Қалай оқу мен қалай оқыту туралы;

  • Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытудың тәсілдері;

  • Ынтамақтасқан ортада оқытуды ұйымдастырудың рөлі мен амалдары;

  • Топтық жұмыс арқылы оқушыларды оқытудың амалдары мен тәсілдері;

  • Оқытудағы диалогтың орны, оқушылармен диалогтік қатынасты орнатудың тәсілдері;

  • Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы критериалдық бағалаудың орны мен амалдары;

  • Оқушыларды оқытудағы инклюзивті оқытудың теориясы мен тәсілдері.

  1. Тәжірибеде атқару қажет :

  • Оқушыларды оқытуда жас ерекшеліктері мен жақын арадағы даму аймағын ескеру;

  • Оқушылардың сынып жағдайындағы қажеттіліктерін анықтауға бағытталған және оның негізінде педагогикалық ұстанымды анықтайтын іс-әрекеттегі зерттеу;

  • Мақсаттар таксономиясын ескеретін оқушымен диалогжасай білу;

  • Қалай оқу және оқыту керектігі және өз бетімен оқу;

  • Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытатын түрлі тәсілдер, стратегиялар мен амалдары;

  • Сынып жағдайында ынтымақтасқан орта қалыптастыру;

  • Түрлі интеллектті және ерекше қабілеттері бар оқушыларды оқытудың тәсілдері мен стратегиялары;

  • Сабақтың оқу үрдісіне оқушылардың барлығын тарту;

  • Оқушылардың қажеттіліктері мен мектеп мүмкіндіктерін ескеретін ақпараттық технологияларды пайдалану;

  • Тізбектелген сабақтар сериясының стратегиялық кешенді амалы ретіндегі орта мерзімдік жоспарлау.

  1. Келесі міндеттерді орындау керек:

  • Бағдарламаны іске асырудағы маңызды теориялық аспектілері бойынша өз білімін үздіксіз жетілдіру;

  • Бағдарламаның міндеттеріне сай оқытудың жаңа технологиялық амалдарын іздестіру, меңгеру және осы бағыттағы тәжірибесін үнемі жетілдіру;

  • Әріптестерімен ынтымақтаса қызмет атқару, кәсіби қауымдастықтарды ұйымдастыруға араласу;

  • Бағдарламаның идеяларын насихаттау, өз тәжірибесіне әдістемелік басылымдар, БАҚ, сайттар, конференциялар, форумдар, желілік шаралар арқылы тарату.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
1419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі