Материалдар / Диспут жұмыстары

Диспут жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша ұжымына арналған материал болып табылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: "Баланы дамытуға бағытталған қызметтің сапасы неде?"


Мақсаты: Педагогтарды ұжым болып пікір таластыруға, өзара тәжірибе алмасуға,өз ойларын нақтылы жеткізе білуге,ең негізгісі-өз беттерінше ойлай білуге жұмылдыру.



Өткізу формасы: диспут


Өткізу орны: "Ақтілек" бөбекжайы

Уақыты: 20 наурыз, 2018 ж


Кіріспе бөлім:

Бала қабілетін ашу, дамыту – тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет

  Баланың жан-жақты дамыту мақсатында өткізілетін оқу қызметі барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайда баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет.

*Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көніл бөлу;

*Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

*Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор» - деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Яғни,  әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат тәрбиеленушісіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы- жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл  қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Сонымен қатар балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік,дағдыларын, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында МдҰ педагогы балалардың комуникативтік дағдыларының қалыптасуына , танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне , қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етуге міндетті.

Ендеше, бүгінгі диспут барысында біз баланы дамытуға бағытталған қызметтің сапасы бағытында өзара пікір таластыра отырып, өзіміздің ойымызбен бөлісетін боламыз.


Уақыт шеңбері жаттығуы

Мақсаты:

Идеялар және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру. Қарапайым сөзден ауқымды сөйлем құрастыра білу шеберліктерін көрсету.

Ұйымдастыру:

Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуы, әр педагог өз эмоциясын құра отырып берілген сөзге лайықты сөйлем құрастыра білуі қажет. Егер педагогтар ережелерді үнемі бұза берсе, сөйлеуші тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.


Негізгі бөлім:

1. Баланы дамытуға бағытталған қызмет дағдылары:

- Дастархан дайындау мәдениеті

- Үстел үсті мәдениеті

- Баланың өз-өзіне қызмет көрсету мәдениеті


2. Пікірталас алаңы

Ең маңызды үш ереже :

-Талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек.

-Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің

сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

- Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді»

басқаға бере аласыз.


1.Бала қабілетін ашу – тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет.

Сіздің ойыңыз қандай?

2.Қазіргі заман педагогы қандай  сипаттамаға лайық  болуы тиіс?

3.Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің мәні қандай

болуы керек?


4.Баланы дамытуға арналған ақпараттық коммуникативті технологияларды

пайдалану туралы сіздің пікіріңіз қандай?



Қорытынды:


Балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу және әр баланың жеке ерекшелігіне сүйене отырып тәрбиелейтін болсақ, онда біз бүгінгі пікірталас алаңында қозғаған өзекті мәселелеріміз балаларды дамытуға бағытталған қызметтік сапамыз оң бағасын берері анық.






ЖИ арқылы жасау
10 Қырқүйек 2018
903
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі