Материалдар / Дизельдің айналмалы бұлғақты механизімі Иінді біліктер туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дизельдің айналмалы бұлғақты механизімі Иінді біліктер туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Дизельдің айналмалы бұлғақты механизімі Иінді біліктер туралы түсінік. Дизельдің айнымалы бұлғақты механизмідері Механизмге койылатын талаптар Дизель иінді біліктер жайлы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2023
124
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа сабақ тақырыбы: Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмі. Иінді біліктер жайлы түсінік.



Қаралатын сұрақтар:



  • Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмдері. Механизмге қойылатын талаптар

  • Дизель иінді біліктері жайлы түсінік



ДӘРІС



Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмдері. Оларға қойылатын талаптар. Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмі /піспектің қайталанбалы қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгертеді. Механизмнің негізгі бөлшектеріне иінді білік, піспек және бұлғақ жатады. Айналмалы-бұлғақты механизмнің құрылымдық орындалуы дизельдің құрылысы мен цилиндрлер саны мен оның орналасуына тәуелді. Мысалы: Д100 дизеліндегі иінді білік саны –екеу (2), піспек - жиырма (20), бұлғақ – жиырма (20)

П іспектер. / ІЖҚ-да піспектер механикалық және термиялық жүктемелердің әсеріне ұшырайды. Олар тығыздығы төмен, сонымен қатар берік, тозуға қарсы жоғары сапалы материалдан жасалады. Көптеген тепловоз дизельдерінде құрастырмалы піспектер қолданылады. Д100 типті дизельдің піспегінің бүйір қабырғасы жұқа қалайыдан жасалған қаптамамен қапталған.

Б ұлғақтар. Піспекке әсер ететін әртүрлі өзгермелі күштердің әсерінен пайда болған жүктемені иінді білікке беруге арналған. Бұлғақ құрылысы жоғары қатаңдыққа ие. Бұлғақ стерженьдері көбіне екітаврлы қималы болады және штамптау әдісі арқылы дайындалады. Д100 дизелінің төменгі және жоғарғы бұлғақтарының ұзындығы әртүрлі мәнге ие. Төменгі бұлғақтар ұзартылған. Себебі, піспекті картер арқылы цилиндрден алуды жеңілдету үшін.

Иінді біліктер. Дизель білігі айналмалы момент, инерция және газ газ қысымының өзгермелі күштерінің ықпалына тәуелді. Сонымен қатар, иінді білік дизельдің ең жауапты және қымбат бөліктерінің бірі. Иінді білікті дайындау құны кейде дизель құнының 30%-н құрайды.

Дизельдің жұмыс процесінде иінді білікке газ қысымының күштері, сонымен қатар айналмалы және қайталанбалы қозғалыс жасайтын бөлшектердің инерция күштері әсер етеді. Осы күштер иінді білікке зор әсерін тигізеді. Күштер иінді білікмойындарының желінуі мен тозуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан дизель иінді біліктері өте жоғары төзімділікке, қатаңдыққа және тозуға қарсы қасиеттерге сболуы тиіс. Сонымен қатар иінді біліктің массасы дизель массасының 15%-н аспауы қажет. Барлық дизель иінді біліктері сапалы көміртекті немесе лигерленген болаттан штамптау әдісі арқылы немесе жоғары сапалы шойыннан не болаттан құю әдісі арқылы дайындалады.

Д 100 дизельдерінде құйылмалы шойын иінді біліктері орнатылған. Бұлай жасалуы материалды үнемдеуге және аз шығынмен дайындауға мүмкіндік тудырады. Иінді біліктер10 бұлғақ І-Х және 12 түп 1-12 мойындардан тұрады. Иінді біліктің барлық мойындары өте жоғары дәрежеде өңделген. Білік мойынының овалдылығы және конустылығы жаңа иінді біліктерде 0,02 мм-ден, ал пайдаланудағы біліктерде – 0,09 мм-ден аспауы тиіс. Біліктің түп мойындары түп мойынтіректер арқылы әкелінетін маймен майланады. Д100 дизелінің төменгі және жоғарғы иінді біліктері бір-бірінен соңғы бөліктерінің құрылысымен ерекшеленеді.

Төменгі иінді біліктің алдыңғы бөлігінде шпилька арқылы антивибраторды орнатуға арналған орын бар, ал қарама-қарсы фланецке дизель білігі мен тартым генераторы білігін қосуға арналған пластинқалық муфта отырғызылады. ТБ фланецтерге (15) конустық тісті доңғалақтар бекітілген, олар тік берілістің тісті доңғалақтарымен тістесуге арналған.

Жоғарғы иінді біліктің алдыңғы бөлігінде таратқыш біліктің жетегінің тісті доңғалақтарын отырғызуға арналған орын, ал қарама-қарсы бетінде екінші сатылы ауа үрлеу қондырғысын жалғастыруға арналған шлицалы төлкені бекітуге арналған 2САҮҚ фланеці (13) бар.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!