Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Джон кехо
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Түйсігіңмен ойлай біл» Джон Кехо
Джон Кехо
Түйсігіңмен ойлай біл!
Джон Кехо – нөлден бастап, ерекше тәсілдермен өзін-өзі қолдан жасаған адам. Ол әуелі Британ колониясының алыс провинциясына орман ішіне кетіп, сонда үш жыл өмір сүрген. Онда Джон Кехо қандай жағдай болмасын, аман қалу мүмкін екеніне көз жеткізді. Жеке жүріп Джон Кехо медитациямен айналысты, қоршаған табиғаттың заңдылықтарына үңілді. Ол қаланың асығыс-үсігіс өмірінен және әлеуметтік ережелерден ұзақта, мидың жұмысы мен оның әлеуетін толыққанды пайдалану мүмкіндігін зерттеуді мақсат тұтты. Түрлі ғылыми және рухани дереккөздерден ақпарат жинап және өзінің жеке бақылауы мен тәжірибесін пайдаланып, Кехо өзінің мидың күшін дамыту бағдарламасын ойлап тапты.
1 БӨЛІМ
Шынайы өмірге өзге көзқарас
«Горацио достым, дүниеде біздің даналарымыздың түсіне кірмеген көптеген нәрселер бар.»
Шекспир
Ми күшін пайдалану үшін міндетті түрде физика заңдарын білу немесе шынайы өмірдің негізін түсіну қажет емес, себебі сізге автокөлік жүргізу үшін карбюратор құрылғысын немесе от алдыру жүйесін білу қажет емес қой. Санаулы адам ғана автокөлікті жақсы біледі, бірақ бұл басқа адамдарға оны жүргізуге кедергі келтірмейді.
Ми күші де сол сияқты – кез келген адам осы жүйенің негізін үйрене алады және оны күнделікті өмірде сәтті пайдалана алады.
Біз шынайы өмір негізін және соңғы жиырма жыл ішінде таңқалдыратын жаңалықтарды зерттеуден бастаймыз. Олар мидың өз шынайы өмірін қалай жасайтынын түсінуге көмектеседі. Көзге елестету мен ойша көрудің тек қана арман емес, шығармашылық процесс екенін түсіндіреді. Ал, олар өз кезегінде адамға заттарды біріктіру, сұйықтыққа айналдыру, тұқымның бөртіп, дәннің өсуін жүзеге асыратын энергия ағынын бақылауға және бағыттауға көмектеседі.
Бұл энергия ағынының негізін түсініп, сіз ми негізін түсінуге келесіз және шабыт, құдайға жалбарыну және ішкі дауыс табиғаттан тыс нәрсе емес, олар адам үшін ашық және адам қолдана алатын заңдарға бағынатынын көресіз. Адамға кеңінен танымал Әлемдегі заттар сияқты ми күші де заңдарға бағынады. Бұл заңдарды ғылыми терминологиядан азат етіп, қолжетімді түрде ұсынсақ, әркім түсіне алады.
Осындай қызықты дүниемен сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіз.
Қазіргі таңдағы физика Әлемді шексіз бөлінбес динамикалық белсенді желі ретінде қарастырады. Ол өмір сүріп, тұрақты түрде дамып қана қоймай, бір-біріне әсер етеді. Бірінші деңгейде Әлем біртұтас, бөлінбес, әр затты және әр іс-әрекетті жарып өтетін шексіз энергия теңізі сияқты. Ол біртұтас. Бір сөзбен айтсақ, қазіргі таңдағы ғалымдардың айтуынша, мыңжылдықтар бұрын мистиктер, көріпкелдер мен оккультистердің айтқанындай – біз бөлек элементтер емеспіз, үлкен бір тұтастықтың бөлшегіміз.
«Бір тал шөпті жұлғанда, барлық әлем дірілдейді.
упанишададан алынған ой»
Қазіргі таңдағы физика материалды өмірге деген біздің көзқарасымызды өзгертті. Бүгінгі таңда бөлшектер негізгі «заттан» тұрады деген көзқарасты ешкім ұстанбайды: олар энергия жиынтығы. Олар аяқ астынан орын ауыстырулары мүмкін. Оны «кванттық секіріс» деп атайды. Бір жағдайда тұтас жиынтық ретінде, екінші жағдайда, таза энергия толқындары ретінде алға шығады. Өмір өзгерісте, тұрақты ештеңе жоқ, барлығы үзіліссіз қозғалыстағы модель бөлшегі болып саналады.
Таудың өзі де – бұл қатты энергия «биінің» нәтижесі. Әлем тірі және динамикалық қозғалыста және біз де, әлемнің бөлшегі болғандықтан тіріміз, әрі динамикалық қозғалыстамыз. Әлем – бұл алып голограмма 1947 жылы Денис Гарбор голографиялық әсер теориясының негізін қалады. Кейін, ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығын иеленді. Галограмма дегеніміз – бұл «тұтастықты» құрайтын бөлшектердің әрқайсысында осы «тұтастықтың» өмір сүруі. Мысалы, теңіз жұлдызы өзіндік голографиялық әсерге ие. Егер де оның бір бөлшегін кесіп тастасаң, ол қайтадан өсіп шығады. Сонымен қатар, кесіп тасталған бөлшектен жаңа теңіз жұлдызы өсіп шығуы мүмкін, себебі оның генетикалық коды әр бөлшегінде бар.
Мен бірнеше жыл бұрын көрмеде голографиялық әсерді пайдаланған фотосуреттерді көрдім. Солардың бірінде тік тұрған әйел бейнесі бейнелеген. Суретке оң жағынан қарасаңыз, сіз басқа суретті көресіз: әйел темекі шегіп тұр. Егер де, сол жағынан қарасаңыз, сурет өзгеше бейнеге енеді: әйел еркелеген позада бейнеленеді. Егер де кенеттен бұл сурет жерге құлап, ұсақталып сынса, сіз ойлағандай, әр сынықта әйелдің аяқ киімі немесе көйлегі болмайды, керісінше, әр сынықта әйелдің толыққанды бейнесін көресіз. Кез келген сынықты жанжағынан қарасаңыз суреттің қалай өзгеретінін байқайсыз: бірде әйел темекі шегіп тұрса, екіншісінде, әйел еліктіретін позада тұрады. Әр сынықта толыққанды суретті көре аласыз. Қазіргі таңда шынайы өмір өзінің негізінде голограмма және ми жұмысы да голографиялық әсерге негізделген деген көзқарас бар. Біздің ойлау қалпымыз бен Әлемнің төменгі даму деңгейі арасында көптеген ортақтастық бар және сол «заттың өзінен» тұрады.
Ми – бұл голографикалық Әлемді бейнелейтін голограмма.
Осы таңғажайып идея авторлары Лондон университетінің физигі, Эйнштейннің шәкірті Дэвид Бом және жаһандық кванттық физика ғылымының қайраткері, әрі Стэнфорд университетінің нейрофизиологы Карл Прайбрам саналады. Олар өз жаңалықтарын бір-біріне тәуелсіз, түрлі ғылым саласында жұмыс істеу барысында ашты. Бом кванттық физиканың құбылыстары мен процестерін дәстүрлі теория арқылы түсіндіру барысында бірнеше рет сәтсіздікке ұшырап, Әлем голографиялық табиғат деген шешімге келді.
Прайбрам адам миын зерттеу барысында дәстүрлі теориялар оның көптеген құпияларын шеше алмайтынына көзі жетті. Екі ғалым үшін де голографиялық модель мағынаға толы болып, бұған дейін жауапсыз қалған сұрақтардың жауабына айналды. Олар өз жаңалықтарын ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында жариялады. Ғылыми орта олардың жаңалықтарына үн қатты, бірақ, өкінішке орай, ғылыми ортадан тысқары бұл жаңалық кең танымалдыққа ие бола алмады. Кейбіреулер оларға күмәнмен қарады (қай ғылыми теория болса да бұл жағдайды басынан кешірген), бірақ жаһанның алдыңғы қатарлы ғалымдары олардың жақтастарына айналды.
Кембридждік ғалым, 1973 жылы физикадан Нобель сыйлығының лауреаты атанған Брайан Джозефсон Бом Прайбрам теориясын «шынайы өмірдің негізін түсінудегі озық ой» деп атады. «Материя мен ми арасындағы көпір» кітабының авторы, «біздің ойлау процестеріміз, көпшіліктің болжауына қарағанда, физикалық дүниемен тығыз байланысты» деген теорияны ұстанушы, Канада королдігі университетінің ғалым-физигі, доктор Дэвид Пит те осы теорияға келісім білдіреді. 1979 жылы Принстон университетінің техникалық және қолданбалы ғылым мектебінің деканы Роберт Дж.Джан «материалды шынайылықты анықтаудағы сананың рөлі» атты зерттеу бағдарламасын әзірледі.
Джан және оның көмекшілері бірнеше тәжірибе жасап, өз жаңалықтарын жариялады. Ми тікелей түрде әсер етеді және материалды шынайылыққа әсер етеді деп айтуға барлық негіз бар деген ой түйді. 1994 жылы жаһанның алдыңғы қатарлы ғалымдары мен педагогтары осы теорияны әрі қарай қалай дамытуға болатынын және белгілі бір ғылым саласында тәжірибеде қалай қолдану мүмкін екенін талқылау үшін Принстон университетінде жиналды. Бұл жаңалық ерекше, сондықтан да оның нәтижесін тәжірибеде қолдану үрдісі көптеген күмәнмен және күдікпен байланыстырылып келеді. Бүгігі таңда материалды өмір мен сананың қарым-қатынасы таңғажайып құбылыс болып саналмайды.
«Сана – бұл энергия, энергияның аса нәзік және динамикалық формасы. Бұл біздің қиялдарымыз бен ойлау образдарымыздың, армандарымыз бен қорқыныштарымыздың шынайы оқиғаға не себепті әсер ететінін түсінуге көмек беріп, мидың жасаған образдары қалай шынайылыққа айналатыны түсіндіреді.»
Шынайы өмірдің негізіне қатысты осындай жаңалықтар болашақта біздің жан-жақты дамуымызға серпін беретін күш болуы мүмкін. Адам өзінің ашық және динамикалы Әлемнің бір бөлшегі екенін сезініп, оның миы шынайы өмірді жасауда шешуші рөл атқаратынын түсініп, ол өмірге деген белсенді және шығармашыл әдісті дамыта алады. Енді оған болып жатқан оқиғаға шетте тұрып қарау керек емес, себебі ашылған жаңалықтар бойынша шет жоқ және ешқашан болған емес. Барлығы өзара әсер етуге негізделген. Қайда барсақ та, не жасасақ та біздың ойларымыз бізді қоршаған шынайы өмірді жасайды. «Жаңа теорияны ашу шыңға өрмелеу сияқты, себебі сіздің алдыңызда жаңа, әрі кең көрініс ашылады» деген Эйнштейн.
«Түйсігіңмен ойлай біл» Джон Кехо
Аталмыш кітапты оқу барысында сіз осындай жағдайға тап боласыз. Көп уақыт өтпей, сіз өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді ашқан сәтте, сіздің ойша «өрлеуіңіз» сыйақыға ие болады.
2 БӨЛІМ Сана
«Сіздің әр ойыңыз аспанда жалындаған үлкен әріптермен жазылып, әрі әр адамға көрінеді деп ойлаңыз, ол солай болады.»
Мирдад кітабы
Өз ойыңызды шынайылық ретінде қабылдау, оның «материалды өмірмен» қатар өмір сүруін мойындау арқылы, сіз осы екі құбылыстың бірегей байланысын түсінуге жақындадыңыз. Біз бір уақытта екі әлемде, екі шынайылықта өмір сүреміз: біздің шынайы ойларымыздың, сезімдеріміз бен көзқарастарымыздың ішінде және сыртқы шынайы өмірде, яғни адамдар, оқиғалар, заттар арасында.
Ішкі және Сыртқы дүниені ажырата алмай, Сыртқы дүниенің біздің өмірімізге үстемдік жүргізуіне мүмкіндік беріп, Ішкі дүние бізбен болып жатқан оқиғаларды көрсететін «айна» рөліне ие болады. Біздің ішкі дүниеміз өте сезімтал, сыртқы әсерге үн қату арқылы біз қандай күшке ие екенімізді түсінуге мүмкіндігіміз жоқ.
«Адам өзі өмір сүретін шынайы өмірге назар аударудан бас тартқан сағат пен минутта ғана осы шынайы өмірді өзгерте алады.»
Ішкі сана – бұл әсері біздің өміріміздің әр аспектісінде сезілетін мықты күш. Сонымен қатар, ол сіздің негізіңіздің басты, әрі маңызды бөлшегі болғандықтан, сіздің сәттіліктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз осы ішкі санаға байланысты болып келеді. Барлық зат өз негізінде энергия болып саналады. Ойлау кезінде біз үлкен көлемде шапшаң, жеңіл, әрі қозғалмалы формадағы энергияны пайдаланамыз. Бұл – ойлау формасы.
Ой әр уақытта белгілі бір форманы иеленгісі келеді, сыртта өзінің бейнесін көрсетуге тырысады. Өзінің физикалық баламасы ретінде материалды өмірге айналу мен ұмтылу оның табиғатының негізінде бар.
«Адамның қарапайым ойлары оттың шоқтары сияқты. Шоқтың әлеуеті мен негізін иеленіп, олар тез арада ғайып болады. Бірнеше секунд қана өмір сүріп, олар жоғары көтеріліп, өшіп қалады.»
Бір рет санаға келген ой үлкен күшті иеленбейді, бірақ осы ойды бірнеше рет қайталап, назарыңызды жинақтауға, бағыттауға және оның күшін арттыруға болады.
«Әлсіз және шашыраңқы ойлар – әлсіз және шашыраңқы күштер,Күшті және жинақталған ойлар – күшті және жинақталған күш.»
Мұны түсіну үшін бірнеше күн сәулесі өтетін үлкейтетін шыныны елестетіңіз. Егер де шыныны жан-жаққа бұрып, қозғалта берсеңіз, онда күн сәулесінің шуақтары шашырап, көрінбейді. Ал, егер де, сіз осы шыныны белгілі бір биіктікте бекітсеңіз, онда жаңағы шашыраңқы күн сәулелері жинақталып, отты тұтататын күшке ие болады.
Біздің ойларымыз да осындай жағдайға тап болады. Ми күшін зерттеу деңгейіне сай сіз өз ойларыңыздың әлеуетін жоғарылатып, оларды жан-жақты дамытасыз, әрі жинақтай аласыз. Осы кезеңде сіз мынаны түсінуіңіз керек: ойлар өзіндік күшке ие болады. Сіздің ұстанатын көзқарасыңыз, қорқыныштарыңыз, үміттеріңіз, қамқорлығыңыз, ұстанымдарыңыз, армандарыңыз және әр ойыңыз сіздің өзіңізге, қоршаған ортаңызға және сіздің айналаңызға әсер етеді. Көптеген адамдар таңертең тұрған сәтте өз ойларына мән бермейді, мидың қалай жұмыс жасайтынын, нені қалайтынын, неден қорқатынын, өзіне не айтып жатқанын, нені керексіз деп ойлайтынын елемейді. Біз күнделікті өмірде тамақ жейміз, жұмыс жасаймыз, араласамыз, қобалжимыз, үміттенеміз, жоспар құрамыз, сүйіктілерімізбен бірге боламыз, сауда жасаймыз, ойнаймыз, бірақ, осы сәтте өз ойларымызға өте аз назар аударамыз.
Егер де әр ойымыз үшін, оның мазмұнына сай бір доллар берсек немесе бір доллар алсақ, мүмкін біз өзіміздің ойлау процестерімізге баса назар аударар едік. Күн сайын біздің ойымызда мыңдаған ойлардың пайда болатынын ескерсек, бұл ұсыныс қызықты болып көрінеді. Бухгалтерияны ойлаңызшы, мысалы сіздің ойларыңызды есепке алып және оның қайсысы сізге пайда әкелгенін, ал қайсысы шығын әкелгенін есептеп отырған жағдайда, барлық адамзат шығын әкелетін ойлардан аулақ болып, пайдаға кенелтетін өз ойларын мейілінше аса бір құлшыныспен бақылауда ұстап, бағыттап отырар еді. Айтқандай, біз осы жағдайды басымыздан өткереміз, бірақ доллар орнына энергия алға шығады, яғни кең есепке алу жүйесі жұмыс жасайды. Ол Әлем деп аталады, және оның тарапынан бірде бір ой назардан тыс қалмайды.
«Адамның жан дүниесі жансыз кірпіш пен тас үйіндісі емес. Сіздің әр ойыңыз осы жүйеде көрініс тауып, оған әсер етеді. Сіз қалайсыз ба жоқ па, бірақ ойлау процесі кезінде сіз өзіңіздің шынайы өміріңізді жасайсыз.»
Бір таңқаларлығы, жаңа өмірдің бірінші қадамы жеңіл болып келеді: тек қана өз ойыңыздың бағытын қадағалап, оларды тиісінше бағыттап отыру керек. Әр адам өз өмірін өзі жасайды, сондықтан да өзіңіздің өмір сүру салтыңызға сыни тұрғыдан қараңыз. Сіз қаржылай гүлдену туралы айтасыз, бірақ әр уақытта ақшаның жоқтығына және қымбатшылыққа наразылық білдіресіз. Сіз өзіңізде жоқ нәрсеге баса назар аударып, келген шоттан қорқып, осы жағдайдан қалай шықсам екен деп алаңдатушылық білдіресіз.
Сіз қаржылай жеткіліктілікке ұмтыласыз, бірақ сіздің санаңыз ақшаның жоқтығы мен алаңдаушылыққа бағытталған, сондықтан да сіз ешқашан сол жеткіліктілікке қол жеткізбейсіз. Мүмкін сізді қызықтыратын әрі болашағы бар, өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді дамытуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, қомақты қаржы таба алатын жаңа жұмысқа орналасу керек шығар. Егер де әрдайым өзіңізге осындай жұмыс жоқ және оны табу мүмкін емес деп айта берсеңіз, әрине, бұндай көзқараспен сіз ол жұмысқа ешқашан қол жеткізбейсіз. Әлде, сіз тез тіл табысатын, өзіне сенімді, емін-еркін болғыңыз келетін шығар, бірақ сіз әрдайым өзіңіздің ебедейсіз және ой бөлісе алмайтыныңыз туралы ойласаңыз, қайта-қайта өзіңіздің кемшліктеріңіз бен проблемаларыңызды есіңізге сала берсеңіз, әрине сіз ешнәрсеге қол жеткізбейсіз.
Нәтижесінде, сіз өзіңіз қалаған тұлғаға айналуыңыз екіталай. Сіз өзіңіздің мықты, әрі сенімді болуыңызды армандай аласыз, бірақ, егер де сіздің санаңызда әлсіз адам бейнесі орын алған жағдайда, сіз болашақта өзіне сенімді тұлға болу үмітімен өз жан дүниеңізді алдап қана өмір сүресіз. Бір сөзбен айтқанда, тек армандаумен ғана іс өзінің оңтайлы шешімін таппайды. Бір нәрсе өзгереді деп үміттеніп отыру еш нәтиже бермейді. Егер де қауырт жұмыс жасап, он екі, он бес сағат жұмыстан бас алмасаңыз да, бұл жеткіліксіз болып саналады. Бәрі орнынан қозғалу үшін өзіңіздің ойлау образыңызды өзгерту керек. Бұл аса маңызды шарттардың бірі болып саналады.
«Ауқатты адам ауқатты бола түседі, ал қолында түгі жоқ адам, қолындағы барынан да айырылады Лука»
Евангелиесі 19:26
Мен осы нақыл сөзді алғаш оқығанда, ол маған әділетсіз болып көрінген еді. Бұл әділдікке жата ма, егер де «ауқатты» адамның байлығы арта түссе, ал «қолында түгі жоқ адам» бар нәрсесінен де айырылса, бұл дұрыс па?
Бір қарағанда бұл нақыл сөз абсолютті түрде дұрыс емес: егер де «қолында түгі жоқ адам» көбірек алса, онда әділеттілікке жақын болар еді, бірақ Қасиетті Жазбаларда басқаша жазылған.
Інжіл бойынша Әлем осылай қалыптасқан. Көп толғаныстардан кейін мен бұл нақыл сөз терең мағынаға ие деген шешімге келдім. Шындығында, әр адамға өз ойларын таңдау мүмкіндігін беруден басқа әділетті не бар? Оның ойларынан оны қоршайтын шынайы өмір жасалады. Нәтижесінде, әр адамда өз өмірінің сапасын өзі анықтау еркіндігі бар. Сіз жағдайды өзгерткіңіз келе ме? Бұл үшін өз бойыңызда қажетті сана түрін дамытыңыз. Сәтті адам санасы әрдайым сәттілікке бағытталған санаға ие болып келеді.
Ауқатты адамның санасы байлыққа бағытталған, оның ойлары ауқаттылыққа, сәттілікке және материалды әл-ауқатқа арналған. Бұл оның ойлау образы. Сіз оған айтуыңыз мүмкін: «Жақсы. Сәтті адам болсаң, табыс туралы ойлау оңай; бай адамға әл-ауқат туралы ойлау қиынға соқпайды, алайда, менің жағдайым басқа. Мен сәтсіздікке ұшыраған адаммын, мен кедеймін. Өмірлік жағдайлар мені үнемі артқа тартады».
«Дұрыс емес! Түбегейлі дұрыс емес. Сізге өмірлік жағдайлар мен қалыптасқан оқиғалар кедергі келтірмейді. Сізге кедергі келтіріп, арманыңызға жетуге бөгет болатын жалғыз ғана нәрсе, бұл – сіздің ойларыңыз. Күш-жігер мен тәжірибе арқасында сіз өз ойларыңызды басқарып, қажетті сана түрін жасай аласыз. Сізді қоршаған шынайы өмір, сіз сананың жаңа түрін жасаған сәттен бастап өзгереді. Бұдан ерте өзгеріске ұшырамайды. Жаңа сана алда жүруі керек.»
Сіз өмірден не қалайтыныңызды шештіңіз бе? Денсаулық па? Онда денсаулық санасын дамытыңыз. Билік пе? Билік санасын дамытыңыз. Әлде, материалдық әл-ауқат па? Әл-ауқатқа бағытталған сананы дамытыңыз. Бақыт па? Бақыт санасын дамытыңыз. Рухани дүниесі бай адам болғыңыз келе ме? Рухани сананы дамытуды қолға алыңыз. Барлығы әлеуетті мүмкіндік түрінде өмір сүреді. Сізден тек қана қажетті энергияны күш-қуатпен қамтамасыз ету талап етіледі, нәтижесінде, сіздің мақсатыңыз шынайылыққа айналады.
Егер де сіз санаңызды энергиямен қуаттап отырсаңыз, онда бұрынғы және қазіргі өміріңіздегі жағдайлардан тәуелсіз, бұрын сіздің өміріңізде болған сәтсіздіктерге қарамастан сіздің өміріңіз өзгереді! Бұл қызықты мүмкіндік бәріне беріледі. Әр адам оны пайдалану немесе пайдаланбау мүмкіндігіне ие болып келеді. Бұл үшін көп ақшаның немесе ерекше дарынға ие болудың қажеті жоқ. Сізден шамалы уақытыңызды арнауыңызды және тиісінше сананың түрін дамыту үшін қажетті күш-жігеріңіз талап етіледі.
Бар болғаны осы ғана! Қалғаны автоматты түрде жүзеге асады. Сіздің миыңыз бау-бақша сияқты. Сіз оны күте аласыз немесе қараусыз қалдыруыңыз мүмкін. Сіз – бағбансыз және өз бақшаңызды гүлдендіру немесе қараусыз қалдыру өзіңіздің қолыңызда. Бірақ, есіңізде ұстаңыз: сіз өз еңбегіңіздің немесе әрекетсіздігіңіздің нәтижесін иеленесіз! Ми сізді қоршаған өмірді қалыптастырады…
Сіз осы тұжырымдамамен келісуіңіз немесе келіспеуіңіз мүмкін. Сіз осы ойды түсініп, миыңызды өзіңізге жұмыс жасата аласыз немесе бәрін өз бетімен жіберіп, сіз әрдайым сәтсіздікке ұшырайтындай мидың жұмыс жасауына мүмкіндік бересіз. Бірақ, сіз өмір сүріп жатқан шынайы өмір сіздің миыңызбен жасалады.
3 БӨЛІМ
Көзге елестету, немесе ойша көру
«Менің миымда ойлар жоқ, бірақ ол дүниеге бірнеше түсінікті әкелетін күшке ие.»
Ралф Уолдо Эмерсон
Адам қалай жеңімпаз болады? Табысты адамдардың сәтсіз адамдардан айырмашылығы қандай? «Барлығы менің басымда» дейді Арнольд Шварцнеггер. Ол – мультимиллионер, жылжымайтын мүлік нарығындағы табыскер магнат, киножұлдыз, культуризммен айналысушы, «Әлем Мистері» атағын бес рет иеленуші. Осының бәріне Арнольд Шварцнеггер қол жеткізді.
Бірақ әрдайым осылай болған жоқ. Қолында ештеңе болмаған сәттер де Арнольдтың жадында. Арнольд мына ойға сенімді болды: ми оның барлық жоспарларын жүзеге асыратын кілт. «Кішкентай бала кезімде мен ойша өзімнің қандай адам болғым келетінімді елестететінмін. Мен өз ойларымда ешқашан күмәнданған емеспін. Шын мәнінде, ми бірегей болып келеді.
«Әлем Мистері» атағын маған алғаш рет бергенге дейін, мен осы сайыста бірнеше рет өзімді жеңімпаз ретінде елестететінмін. Бас жүлде менікі болды. Мен ойша осы атақты бірнеше рет иеленгендіктен, осылай болатынына күмәнданған жоқпын. Менің кинодағы жетістігіме қатысты да осындай болды. Мен өзімді көп ақша табатын, талантты актер ретінде көретінмін. Мен сәттілікті, оның дәмін сезетінмін. Мен оның жүзеге астынын білдім».
Крис Полайн фристайл бойынша әлемге кеңінен танымал, 1976 жыл мен 1982 жыл аралығында алты рет Еуропа Кубогын жеңіп алған атақты Батыс Герман тобының мүшесі болды. Оның айтуынша: «Біздің жаттығуларымыздың белгілі бір уақыты ми күшін нығайтуға бағытталған психологпен жұмыс жасауға арналды. Жаттығулардан кейін біз медитация жасайтынбыз.
Психолог бізден әр бөктерден, әр трамплин мен бұрылыстан ойша өтуімізді өтінді. Бұл ойша жаттығу кезінде біз шынайы жаттығу кезіндегідей қауырт жұмыс жасадық. Кез келген қызметтегідей, спортта да толыққанды жетілу өз іс-әрекетіңнің нақты ойша образын жасау қабілетімен тікелей байланысты».
Өмірде ешқашан қайғырмайтын, қалжыңды түсіне білетін Брайан Эдвард өмірді сақтандырумен айналысады. Мен онымен дәріс оқу айналымы кезінде танысқан едім, содан бері біз жақсы достар деңгейіне жеттік. Ол күнде ұйықтар алдында ертеңгі күні жасауға тиіс кездесулерді ойша елестетеді.
Брайан әр клиентпен пікір алмасуды ойша суреттейді. Ол күннің сәтті өткенін елестетіп, оның нәтижесінде көптеген сақтандыру келісімшарттарын жасағанын ойша бейнелейді. Брайан ұйықтар алдында және таңертең оянғанда он минут уақытын осылай ойша елестетуге арнайды. Жалпы, бір күнде жиырма минут уақытын бөледі. Брайан Эдвардс көптеген сақтандыру агенттері жарты жылда жасайтын сақтандыру полистерін бір күн ішінде жасап, тұрақты түрде өз мамандығының ең озық бір пайыз өкілдерінің қатарына кіреді.
«Крис өзінің не айтып отырғанын нақты біледі: ол тек қана алтын медаль иегері емес, сонымен қатар, бизнес және спорт бойынша қарқынды дамып келе жатқан консалтинг компаниясының басшысы. Компанияның мақсаты – осындай әдістемені пайдалана отырып,
қалай жеңіске жету керек екенін адамдарға түсіндіру.»
Аталған үш адам түрлі мақсатқа ие және өмірлік болашақтары да әр алуан, бірақ үшеуі де шынайы өмірді жасауға көмектесетін және оған белсенді түрде әсер ететін көзге еелстету немесе ойша көру әдісін қолданады. Көзге елестету – бұл ойша көру, әлі басыңнан өтпеген жағдайда өзіңді көру. Адам өзі ұмтылғанға және өзіне қажеттіні иеленуші немесе өзіне керекті жасаушы ретінде елестетеді.
Мысалы, сіз өзіңізге сенімділікті дамытқыңыз келеді. Сіз қиялыңызды пайдалану арқылы өзіңізді өзіне сенімді адам ретінде елестетесіз. Ойыңызда, батыл қадамдар жасап, түрлі адамдармен емінеркін араласасыз. Сіз өзіңізге қиындық тудыратын жағдайды елестетіңіз, бірақ бұл жағдайда өзіңізді емін-еркін, жеңіл әрі сәттілікке қол жеткізген адам ретінде суреттеңіз.
Достарыңыз бен әріптестеріңіздің сізді қалай құттықтап, жылы ілтипат білдіріп жатқанын елестетуге де болады. Сіз өзіңізге сенімділік қасиетін дамытқаныңыз үшін және нәтижесінде болған өзгерістер үшін де мақтаныш пен қанағаттандырылғандық сезіміне иесіз. Ненің болу мүмкін және сіз қандай жағдайға тап болатыныңызды елестетіп, осы жағдай шынайы өмірде болып жатқандай суреттей аласыз. Сәтті көзге елестету құпиялары
-
Сіз неге қол жеткізгіңіз келетінін шешіңіз: емтихан тапсыру, жұмыста жоғарылау, біреумен танысу, көп ақша табу, сквошта ұту.
-
Өзіңізді еркін ұстаңыз. Бірнеше минутқа барлық істі жинап қойып, денеңіз бен жан дүниеңіз дем алсын.
-
Бес-он минут аралығында өзіңіз қалайтын өмірді ойша елестетіңіз.
Сіз кем дегенде ненің болу мүмкіндігін ойлағанша, сіз не жасап жатқаныңызды немесе нені иеленіп жатқаныңызды ойша елестетіңіз. Өз ойларыңызда осының бәрі шынайы өмірде болып жатқандай өмір сүріңіз.
Қысқа ғана ішкі видеофильм жасаңыз. Өмірде өзіңіздің жасағыңыз келген істі жасап жатқаныңызды елестетіңіз. Бір жағынан, сіз осы жағдайдың әлі шындыққа жанаспайтынын түсінесіз, әлі шынайы өмірге айналмағанын білесіз.
Бірақ, біз өзіміз жиі ойлайтын, суреттейтін картиналар біздің мақсатымыздың плацдармына айналады, энергиямен толтырылған форма бейнесін иеленеді. Бұл картиналар – сізге жұмыс жасайтын шынайы күш. Көзге елестету кезінде өзіңізге қажетті қасиеттерді өз бойыңызда бар сияқты бейнелеңіз.