Касенова Айман Тенеловна, Ақтөбе қаласының № 25 ЖОМ-тің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
ЖАҢА БІЛІМ БЕРУГЕ ЖАҢАША КӨҚАРАС
Мұғалімнің кәсіби қызметінің мақсаты - оқушылардың қоғамда табысты болуын, кәсіби нарыққа белсенді бейімделуін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуге кәсіптік білім алуға көшу ықпал етеді. Сондықтан заманауи мұғалім өзінің кәсіби қызметіне дәстүрлі әдістерден гөрі, жаңашылдықты енгізуі қажет, жаңаша жұмыс жасауына бейімделу мақсатымен білімін жетілдіруі қажет.
2015 жылдың ақпан-сәуір
айларында ПШО-да деңгейлік бағдарлама курсында дәріс алып, өз
білімімді жетілдірдім.
Жұмыс барысында дәстүрлі және
заманауи әдістерді үнемі салыстырып
отырамын. Қазіргі
кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық
әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру - менің басты міндетім.
Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны
танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының
интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білуге
жан-жақты жағдай жасап келемін.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін
дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке
тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл
атқарады.
Қазіргі
таңда өз
тәжірибемде Жаңа форматтағы оқытудың 7 модулін негізге
алып, сын тұрғысынан ойлау
технологиясын қолданудамын. Бұл технология көп жағдайда қоршаған
ортаға бейімделуге септігін тигізеді. Себебі СТО әдісі сабақ
барысында ғана емес, болашақ өмірде де қажет болатын белсенділікті,
жауапкершілікті, дербестікті дамытады. Сондықтан қазақ тілін СТО
технологиясы арқылы оқыту бір мақсатқа жүгінуде - оқушыны «ояту»,
оқу деректеріне қызығушылығын арттыру, оқушыдан әр түрлі мәселені
шеше білетін шығармашылық тұлға жасау. Ол үшін сабақта оқу
құралдары, үлестірме материалдар, қосымша деректер қажет етіледі.
Материалды өткен кезде оқушыларға өз бетінше орындауға арналған
проблемалық тапсырмалар беріледі. Алған білімдерін бекітуде
кластер (тақырыптың негізгі бағыттары берілген символикалық
суреттері бар кесте) құру қолданылады. Сабақ сұрау кезеңінде
«жабық», яғни еш белгісіз немесе «ашық», яғни жартылай тақырыпты
ашатын кластерлер пайдаланады. Сонымен оқушылар жаңа материалды
меңгерумен қатар, жадын, ойын дамыту үшін екі есе мүмкіндік алады.
Мұндай сабақтарда оқушылардың оқыту процесіне қызығушылығы артады,
білім алуға, жақсы жауап беруге деген талаптары пайда
болады.
Ұстаз ретінде оқытып
жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана,
оларды даму деңгейіне орай әдіс - тәсілдерді іріктеп, талдап
қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды
жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар,
оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып
табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру,
басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт
үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды
ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік
береді.
Сабақ барысында оқушылардың ізденуін
қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу
әдістерінің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу»
жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында
қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды
оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім
оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін
тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек
келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық
қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Өз
сабақтарымда қолданып жүрген әдіс - тәсілдер: алты қалпақ, түртіп
алу, күнделік жазу, әлем шарлау, диалогтік әңгіме жүргізу,
топтастыру, семантикалық карта, Венн диаграммасын толықтыру,
Джигсо, сұрақ - жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ
қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы
сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге
ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылар бір
- бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және
бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен
түсінбестіктерді анықтады.
«Әлем шарлау» стратегиясы бойынша қойылған
сұрақтарға оқушылар алған білімдерін бір –біріне түсіндіріп, жауап
бергенде бір-бірін тыңдады.«Топтастыру» стратегиясы арқылы сұрақ
қойған кезде оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі
қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтады. «Кубизм»
стратегиясы аясында оқушылар сұраққа жауап бергенде ұғымды жан -
жақты, әр қырынан салыстырды, анықтады, зерттеді. «Рөлдік ойыны»
барысында бір - біріне сұрақ қою арқылы тілдері жаттығып,
образдарда ойнауға үйренді. «Венн диаграммасы» бойынша қойылған
сұрақтарға топтар екі жаңа ұғымды салыстырды, екі ұғымның ортақ
қасиеттерін таба алды. «Семантикалық карта» стратегиясы бойынша
қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән
ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын танып анықтайды,
зерттейді. «Фишбоун» тәсілін қолданғанда оқушылар белгілі бір мәтін
бойынша берілген сұрақты жан - жақты қорытындылап жауап берді.
«Тұжырымдамалық карта» бойынша оқушылар берілген тапсырмаға
нақтылап, қорытынды жасап, зерттеп жауап берді. «Алты қалпақ»
тәсілі бойынша топтар мәтінді әр қырынан салыстырып, зерттеп,
талдап жауап берді. «Ыстық орындық» тәсілі аясында оқушылар бір -
біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни
тұрғыдан ойланып жауап берді. «Блум таксономиясы» бойынша сабақты
қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну,
қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап
берді. Бірақ та, бұл әдіс-тәсілдердің көбін 6,10,11
сыныптарда өткізіп келемін. Ең жақсы нәтижені көрсеткен 11 «а»
сыныбы. Ол сынып оқушылары қазір өздерін - өздері реттей алады
десем, артық айтпаймын. Біздің мектебіміздің жұмыс істеп жатқан
модулі - «Коллаборативті ортада сын тұрғысынан ойлауды
дамыту».
Қазақ тілін оқытуда тиімді нәрсе дамыта оқыту технологиясын пайдалану болып табылады. Өз тәжірибемде мәтінді талдауда оқушылардың ассоциациялық ойларын дамытуға көп көңіл бөлемін. Сабақ барысында төмендегідей технологияларды ойдағыдай пайдаланамын:
- топтық;
- тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға арналған дамыта оқыту технологиясының жүйесі;
- даралап оқыту технологиясы;
- жобалау технологиясы.
Сабақта кең қолданылатын заманауи технологиялардың бірі - модульдік оқыту. Қазақ тілі пәнінің оқулықтары осы технологияға байланысты құрастырылған. Бұл технологияның ерекшелігі - тұлғаның жеке қажеттілігіне, оның дайындық деңгейіне бейімделген.
Қазақ тілі сабақтарында
сөйлеудің 4 әрекеті пайдаланылады: тыңдалым, оқылым, жазылым,
сөйлесім. Тақырыпты ашу барысында белсенді әдіс-тәсілдерді
қолданамын. Әр модуль аяқталғаннан кейін оқушының оқу материалын
қаншалықты меңгергенін анықтайтын бақылау - диагностика
жүргізіледі. Қ
азақ тілін тиімді оқытуда елеулі орын
алатын әдіс-тәсілдердің бірі- компьютер мен интернетті қолдану
болып табылады. Оқытудың 7 модулінің бір тармағы ретінде әр сабағым
АКТ пайдаланумен өтеді. Себебі оқытудың жаңа технологияларын
интернет-технологиядан бөліп қарауға болмайды деп
түсінемін.
Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиялары оқушыны оқу процесінің субъектісіне, өзін-өзі анықтап, тұрақтылыққа ұмтылатын тұлғаға айналдырады. Жұмыс барысында көз жеткізгенім: оқыту сапасын жоғарлатып, оқушылардың сабақ кезіндегі нәтижелілігіне, олардың пәнге деген қызығушылықтарын бір қалыпты болып қалуына ықпал ететін заманауи технологияларды қолдану кең көлемді оқыту әдістер жиынтығын пайдалануды көздейді.
Жаңа технологияларды қолдану:
-
Оқушылардың қызығушылығын көтереді және тереңдетеді;
-
Өзіндік танымдық қызметі аясында құзырлылығын қалыптастыруда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сын ойлауын дамытады;
-
Көп көлемді мәліметтермен жұмыс жасау дағдылары, зерттеу дағдылары (проблеманы көріп, оны шешудің жолдарын көру), коммуникативті дағдыларының (топта жұмыс жасау) пайда болуына көмектеседі.
Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактив әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған. Қазақ тілін үйренуде бұл әдістер арқылы елеулі нәтижелерге жетуге болады.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.
Список используемой литературы:
http://www2.asu.ru/cppkp/index.files/ucheb.files/innov/Part1/chapter1/1_2.htm1.
http://apruo.ru/statyi/obrazovatelnie-statyi/314-interaktivnie-metodi-obucheniya.html
2. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации Республики Казахстан // Учитель Казахстана. – 2005. – сентябрь – 29.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Доклад "СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ПРЕПОДАВАНИЯ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА"

шағым қалдыра аласыз