Материалдар / Докторантқа шетелдік тағылымдама не береді?
25 ҚАЗАН
Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Дайын материалдарды жүктеп алыңыз

Докторантқа шетелдік тағылымдама не береді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Шетелдік тағылымдаманың ерекшеліктері мен артықшылықтары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Докторантқа шетелдік тағылымдама не береді?


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігінің бұйрығына сәйкес әр бір ЖОО-на түскен докторант шетел тағылымдамасынан өтуге міндетті. Барлығымызға белгілі кез кезген докторанттың диссертациялық зерттеу жұмысының отандық және шетелдік кеңесшісі болады. Мен Нарымбаев Қуандық Датхабайұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің «Мәдениеттану» мамандағы бойынша 2 курс докторантымын. Мен Түркия астанасы Анкара қаласы Бейтепе аумағы Хаджетепе университетінде докторлық зерттеу жұмысым бойынша шетелдік тағылымдамадын өттім. Шетелдік кеңесшім Хаджетеппе университетінің Түрік халық бөлімінің қауымдастырылған профессоры Ширин Йлмаз. Тағылымдама жоспарына сәйкес келесідей зерттеу жұмыстары жүргізілді.

  • Хаджеттепе университетінің профессорларының дәрістеріне қатысу

  • зерттеу жұмысыма байланысты шетелдік мәліметтер талдау, диссертациялық жұмысқа енгізу, семинарлар мен іс-шараларға қатысу

  • зерттеу тақырыбына байланысты іс-шараларға қатысу (дөңгелек үстел, конференция, тренингтер, пікірталастар)

  • Хаджеттепе университеті кітапханасында диссертацияға байланысты материалдар жинақтап зерртеу жұмыс жүргізу

  • Отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілермен біргелікте Scopus базасында индексацияланатын журналдарға ғылыми мақала дайындап жіберу

Негізгі зерттеу бағытым қазақ және түрік халықтарының күнделікті тұрмыстық мәдениетіне салыстырмалы талдау жүргізу. Зерттеу жұмысы далалық зерттеуді қажет ете отырып, сонымен қатар әдіснамалық нұсқаулықтар бойынша бақылау және сұхбаттасу әдістері қолданылды. Тағылымдама барысында түрік халқының күнделікті тұрмыс тіршілігімен танысып, ондағы ерекшеліктер мен артықшылықтарды барынша зерттеуге тырыстым.

Тағылымдама жоспарына сәйкес Хажеттепе университеті кітапханасында диссертацияға байланысты материалдар жинақтап зерртеу жұмыс жүргізілді. Сонымен бірге бос күндері Millet және Dost кітапханаларында зерттеу жұмысыма керекті деген әдебиеттер материалдарын жинақтадым. Анкара қаласындағы кітап базарларынада шолу жасалды. Кітап магазиндерде түп нұсқа табылса, ал базарда соның копия түрлері табылды. Диссертация тақырыбы бойынша әдебиеттермен жұмыс толықтай қарастырылды. Гугл Академия платформасынан 25 тен аса жариялымдар таңдалып алынды. Хаджетеппе университетінің жергілікті jstor.org платформасынан 55 жариялым жүктеп алынды. Хаджетеппе кітапханасынан 6 оқулық, Миллет кітапханасынан 8 оқулық, Дост кітапханасынан 4 оқулық, базардағы кітап дүкен сөрелерінен 2 кірап алынды. Соның ішінде зерттеу тақырыбыма қатысты 10 натқы жариялым түрік тілінен қазақ тіліне аударылды.

Тағылымдама барысында өзекті есте қаларлық екі сұхбатымды айта аламын. Біріншісі Хаджетеппе университетінің Түрік халық бөлімінің басшысы Озгел Шабаноглымен өткізген төрт сағатқа созылған сұхбатым. Екінші Анкара метросында болған түрік азаматымен отыз минуттық сұхбатым өте әсерлі болды.

Қорытындылай келе бір жарым айға созылған шетелдік тағылымдама өте маңызды және өзекті болды. Докторлық диссертцияма керекті материялдарды толықтай таба алдым. Сонымен қатар далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер алдым. Түрік және қазақ халқының күнделікті мәдениетіндегі тұрмыстық мәселелер бойынша далалық зерттеулер жүргізіліп, талдаулар жасалды. Осы атқарылған жұмысым бойынша Скопус журналына деректер жиналды. Отандық және шетелдік кеңесшілерімнің нұсқаулығымен тақырып таңдалып, келесі жұмыстары жасалынып жатыр. Түрік халқының күнделікті мәдениетіне қатысты көптеген басылымдар және оқулықтарды мүмкіндігінше қазақ тіліне аудардым. Сонымен қатар отандық және шетелдік кеңесшімен бірігіп Әл-фараби журналына “Everyday culture and cultural study” тақырыбында мақала жүктелді.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!