Сыныптан тыс шараның тақырыбы:
«Домбыра-дала киесі»
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар
бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп
жеткізе алатын қоңыр үнді домбыраның асыл қазына екенін ұрпаққа
насихаттау.
1 – жүргізуші:Қайырлы күн:
құрметті қонақтар!
2 – жүргізуші: Армысыздар
ағайын!
1 – жүргізуші: Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы аясында өткізгелі отырған «Домбыра – дала киесі» атты
әдеби-сазды кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
2 –
жүргізуші:
Қай халықты алсақта, бәрінің
де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп
есептейді, сүйеді. Ал, қазақ халқының тілі – домбыраның үні деп
білемін. Домбыраның үнің жырламаған қазақ, естімеген құлақ жоқ
шығар. Бұл аспаптың сазды әуені, бір пенденің құлағына жетсе
болғаны, жүрегін жылытып, күмбірлеген қоңыр дауысымен адамды жаулап
алады. Сол үнімен қазақ елін, жерін тербеп, бірге біте қайнасады.
Осы жерден домбыраның тілін шығара білген күйшілердің шеберлігіне
шыңдап айту мүмкін емес. Олар домбыраның құлағында ойнаған Біржан
Сал, Ақан Сері, Үкілі Ыбырай сынды күйшілер. Олар тек қана терме
тартып, күй шығарған жоқ, олар өлең мен сөзді дос қылып, құрамына
даланың, халықтың әнің, зарын кіргізе білген дара
күйшілер.
Міне бүгінгі бас қосуымызда
даланың киесіне, халықтың бойтұмарына айналған домбыра әуенін
тыңдап, құндылығымызды дәріптейтін кешімізге қош
келдіңіздер.
Би:
Домбыра
Домбыраның қазақ даласына,
өміріне келуі ерекше бір өмірде болған ақиқат, шыңдықтың, белгілі
бір адам эпизоды арқылы суреттелетін көркем шығарма тәріздес.
Домбыраның аңызы бойынша, оны ақиқатты айтқаны үшін, бір хаһан
шанағына қорғасын құйған. Сол кездегі домбыраның күйін Қадыр Мырза
Әли былайша сипаттайды:
«Жалған сөйлеп көрген емес
соның өзінде,
Аппақ жалын күйдің жанын жалап
жатқан кезіңде», — деген екен. Осы сөзі, әр адамды еріксіз ойға
шақырады. «Домбыраны қадірле, қастерле, бұл ата-бабамыздан қалған
мұрағат», — деп айтқысы келетін сияқты. Бұл жерден домбыраның қазақ
халқына қандай ыстық болғанын көруге
болады.
Домбыраның құрылысы туралы:
видеобаян
Қазіргі кезде домбыраның 20-
дан астам түрлері бар. Олардың ішінде ән-күй домбырасы, торсық,
тұмар, кең шанақты, балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті,
қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары: қоңыр дауысты (альт)
жіңішке дауысты(прима), ащы дауысты (секунда) бас домбыралар екі
нұсқасы бар.
Қарапайым қазақ қызы
саналы
Қара көзден намыс оты
жанады
Өнерлі боп өскеннен соң
ортада
Әнін айтса көмейден бал
тамады
Мектебіміздегі өнерлі 7 а
сынып оқушысы Халитова Эльнараның
орындауындағы
« Сәлем, Қазақстан ! » әнін
қабыл алыңыздар.
Бабаң шерткен мынау асыл
домбыра
Балам саған қалдырған ғой мол
мұра
Бар болмысы құдыретіне бас
иіп,
Бағаларсың, айтатыным ол
мына
Бабалардың тілі, ділі-
домбыра
Бақ пен сордың куәсі сен
домбыра
Таңырқатқан сонау Париж
аспанын
Әміренің әнімісің
домбыра
Домбыраны жырға қосқан
ақындарымыздың жырларынан оқушыларымыздың өлеңдеріне кезек берейік.
10 сынып оқушылары : Аийда, Аяжан, Адина,
Арсен.
Бүгінгі кешіміздің қонағы
Ерболұлы Мерейдің орындауындағы Қазанғаптың күйі « Торы жорға аттың
бөгелек қағуы » күйді қабыл алаңыздар .
Домбырада әр түрлі музыкалық
шығармалар орындалады. Ән,күй, терме, жыр толғау тіпті классикалық
шығармалар да орындауға болады.
Қазіргідей ғылым мен техника
дамыған заманда домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық
музыка өнерінің жаршысы болмақ.
Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит
Сал
Тілге күй бітірген
Қазанғап
Сары даланы сазбен тербеткен
қазақтың кең даласы, жайлауы талай ақындар мен сал –серілерге,
әншілер мен күйшілерге ән болып ағылып, жыр болып
төгілген.
Батыс Қазақстандық күйшілер
мен термешілер туралы.
Мектебіміздегі ұстазымыз
Жангазиев Жасұлан Бақытжанұлының
орындауындағы
« Шерниязың термесі » қабыл
алыңыздар.
1.Домбырам, жүрегіммен үндес
едің,
Сенімен сырласымдай
тілдесемін
Бабамнан қалған мұрам сен
болмасаң
Өнердің не екенін білмес
едім.
Өткен жүзжылдықта ұлы халық
композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек,
Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына
қаратқан еді. Бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен
бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер
иелері.
Батыс өңірінде дүниеге келген
атақты күйшілеріміз бен термешілер туралы сөз кезегін
оқушыларымызға береміз. Толғанай, Асыл.
Мектебіміздегі жас
домбырашылардың «Қосалқа » атты күйіне кезек
берейік.
2. Домбыра, мұнша шешен болдың
неге
Күй талғап көкірегің шежіре
ме?
Сыр қозға ғасырлардан
жөнелесің
Саусағың тиіп кетсе
ішегіңе
ӘН: «Домбыра » орындайтын 10
сынып оқушысы Сағынғалиева Балауса
Бүгінгі кешіміздің қонағы
мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңда Жаһанша Досмұхамедов атындағы
колледждің студенті Бекенов Нуртайдың орындауындағы шығарманы қабыл
алыңыздар.
Тарт күйіңді,
домбыра,
Төгіл-төгіл тәтті
күй
Тау суындай
сылдыра
Тауда тұман
тұрмасын
Ойды, қырды
қыдыра
Күй әлемді
шарласын
Домбыра тілегімді
қуаттасаң,
Үніңе үзіле бір құлақ
тосам
Тарихтың тереңінен сыр
ақтарсаң
Бойдағы қуатыма қуат
қосам
Ән «Домбырасыз ән қайда»
орындайтын 10 сынып оқушысы Иманғали
Домбыра –ән мен күйді тудырушы
музыкалық аспап болса, күй мен ән-жыр ата-бабамыздан қалған қазына.
Қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын өзіндік сипаты бар
музыкалық аспап екенін білеміз. Әр қазақтың төрінде қасиетке ие
киелі домбырамыз ұлтымыздың бойтұмарына айналып, сары даланы ән
жырға бөлесін, деген ниетпен кешімізді
аяқтаймыз.
Достық жалпы орта білім
беретін мектебі
Сыныптан тыс
шара
Тақырыбы: «Домбыра-дала
киесі»
(Болашаққа бағдар- рухани
жаңғыру мақаласы аясында)
Өткізген : ТІМ Сагатова
Ж.М