Бақытжан
АЙДОСОВА,
«Салтанат» сарайы
жанындағы қалалық
үлгілі кітапхана
меңгерушісі,
Ақмола облысы,
Көкшетау қаласы
Домбыра – дастан
Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – шанағында күмбір сазды күйлерін құндақтап, ұлтымыздың өткенін, бүгінін, мінезі мен сезімін, болашағын бір күре тамырдай қос ішегіне шежірелеп арқаулаған киелі аспап. Сондықтан болар, қара домбырасын кие тұтып, әркез ұлықтап отыру қазақтың қадым замандардан жалғасып келе жатқан ежелгі үрдісі.
Қ
азақ пен
домбыра және оның күйлері бөле қарауға болмайтын – бір тұтас әлем.
Әйгілі «Ақсақ құлан» күйінің аңызында айтылғандай, хан баласының
қазасын естірткені үшін, домбыраның үнін өшірмекші болыпкөмейіне
қорғасын құятындай зорлық пен тыйым салу қазақ халқының жаңа
дәуірге аяқ басқан ХХ ғасырда да жалғасты. Бірақ қандай кереғар
көзқарас болмағанмен де, көне дәуірден келе жатқан домбыраның
қадір-қасиетін қоғам басына түскен небір ауыр замандарға қарамастан
ақын-жыршы, термешілеріміз өлеңдеріне қосып, балбармақ күйшілеріміз
халқымызды өзінің күміс күмбір күйінен айырмай, бүгінгі Тәуелсіз
Қазақстанның бақытты ұрпағына жеткізді. Егемендікпен бірге дәстүрлі
өнеріміз, оның ішінде домбырада күй тарту өнері де жаңа тұғыр, соны
серпін алды. Тәуелсіздік таңынан кейінгі ұлттық өнеріміздің қайта
жаңғырып, жаңаруының нәтижесінде қазақтың қасиетті қара домбырасы
мен ұлттық сазды күй мұрасы және алтын ұясы – киіз үйі 2014 жылғы
26 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет
жөніндегі ұйымының шешімімен (ЮНЕСКО) жалпыадамзаттық
бейматериалдық құндылықтар палатасының алтын қорына енді. Осылайша
теңдесі жоқ қазақтың қара домбырасы мен оның күйлері – адамзаттық
рухани асыл мұра ретінде танылып, әлемдік деңгейде аталып өтілді.
Қасиетті аспабы мен оның шанағынан төгілген қоңыраулы күйлерін
қадір тұтқан дала дарындарының еркіндік таңына жеткенше көрген
қорлығын, қысымшылығын, оларға деген кереғар пікірлерін тарихи
дерек көздерінен молынан кездестіреміз. Дегенмен, бабаларымыз
ұлттың болмысын дәріптейтін өнері мен киелі аспаптарын басына
төнген түрлі дағдарыс, қауіптерден құтқарып, Егеменді елдің асыл
мұра керуенінің ұлы көшіне ілестіре
білді.
Ө
ткен жүз жылдықта
ұлы халық композиторы Құрманғазымен
бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап, Сүгір тағы
басқа даңқты күйшілер дүйім жұртты аузына
қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы
болуымен бірге не бір ғажап күй де шығарған, төкпе, шертпе күй
дәстүрлерін тудырған, домбыра аспабы арқылы халықтық кәсіби өнерді
қалыптастырып, өркендеуіне негіз болған өнер иелері. Олардың
дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Әбікен Хасенов, Науша Қашағанов,
Махамбет
Бөкейханов, Төлеген Момбеков, Мағауия Хамзин, Қали Жантілеуов, Сәдуақас
Балмағамбетов, Лұқпан Мұхитов, т.б. сияқты
домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қаршыға Ахмедияров, Бекболат Тілеуханов, Айгүл
Үлкенбаева т.б.олардың ізін
жалғастырып, ұлттың өзімен біте қайнасып, күні бүгінге
дейін жібі үзілмей келе жатқан киелі мұрасы – күй өнерін шебер
меңгерген өнер
майталмандары.
Бабадан қалған бағалы мұрамызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау – әр қазақтың парызы. 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленді.Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға.
Кітапхананың Ұлттық домбыра күніне орай өткізген «Домбыра-дастан» атты кездесуіне қатысып домбыраны ұлықтаған Балалар музыка мектебінің ұстазы Нұрмұханов Қайрат Қаратайұлы мен «Достар» мәдениет сарайының «Балқадиша» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Кәрібай Мағжан Мейрамханұлы да қазіргі күй өнерін насихаттаушыларының бірі десек болады.
Құрманғазының от жалындай қызу мен дүрілдеген екпінге, делебеңді қоздыратын жігерге толы «Балбырауын» күйін және Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең тараған «Ерке сылқым» күйлерін екі дауыста бірге орындаған күйшілер тыңдаушыларын күйдің кербез нақышымен, жігерлі қуатымен бірден баурап алды.
Мағжан Мейрамханұлы музыка әлемінде ерекше орны бар Нұрғиса Тлендиевтің «Аққу» күйін орындаған сәтте тыңдармандар көз алдына кербез құстың көл бетіндегі бейнесін, тербелісін елестетіп, Кетбұғаның тыңдарман жанын рахатқа бөлеп, қарттың көкірегін сағынышқа толтыратын тылсым күйі «Ақсақ құлан» ойналған кезде де ерекше күй кешті.Өйткені, бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен тығыз байланысты.
Қ
айрат
Нұрмұханов қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының
көңілге ой салып, қиялды шарықтататын «Саранжап» күйін орындап,
шығу тарихымен таныстырған сәтте детыңдаушылар үлкен әсерге
бөленді. Қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл
аспабын, дәстүрлі әндерін жан серігіне айналдырған Қайрат
Қаратайұлы шара соңында кітапхана оқырмандарына, Белсенді ұзақ өмір
сүру орталығынан келген тыңдармандарға
Ақтанберді жыраудың термесінтарту
етті.
Домбыраның құлағында ойнаған орындаушыларбәріміздітарихқа сүңгітіп, аңыз-әңгімелерді асықпай тарқатып, көсіліп отырып күйлерді шертті. Домбыра әуенімен рухтанған кітапхана қонақтарының кездесуден алған әсерлері ерекше болғаны соншалықты, күйшілерге, кітапхана ұжымына алғыстарын аямай жаудырды. Өздерінің домбырада ойнайтын ұл-қыздары, немерлері туралы айтып, домбыраның құдіреттілігін тілге тиек етті. Олар да өнерден кенде емес екен. Ардагерлер домбыраның сүйемелдеуімен жүрекке жылы, жанға жақын қазақ әндерін әншімен бірге шырқап, кездесуге айрықша бір леп берді.
Кітапханашылар «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы ,тарихы» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады. Кітап көрмесінде Сахарбаева Кариманың «Домбыра –күй, дәстүр –даму», «Дина. Әсем қоңыр» кітаптары,Жанғали Жүзбай құрастырған «Толғау. Төлеген Момбековтың туындылары.», Мұқан Төлебаевтың «Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалар» кітабы, Зейнұр Қоспақовтың «Ғасырлардан жеткен үн», Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» кітабы, тағы басқа туындылар орын тапты.
Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров
«Тайпалап жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған күй.
Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып
Аққуды аспандағы қондырған күй.»,- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген болса,
Қасым Аманжолов
«Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе!», деп жырлады.
Мұқағали Мақатаевтың:
«Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім, -деген жолдарында ақын өнердің көзі домбыра екенін айтады.
О
йымды«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да
қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру
домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала
уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген
қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын
түсінбеу деген ─ тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ
жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді» деген Бауыржан
Момышұлының аталы сөзімен тәмамдағым
келеді.Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра
төрімізден түспесін!Әр шаңырақтан ән-күй
үзілмесін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Домбыра -дастан

шағым қалдыра аласыз