Сабақтың
тақырыбы: Домбыра
– қазақтың көне
аспабы
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділік:
Қазақ халқының музыкалық мұрасы - домбыраның
шығу тарихы, түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат
беру.
Тәрбиелік:
домбыраның үні құпия, сиқырлы, әсем болса,
оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек
етудің нәтижесі екенін
ұғындыру.
Дамытушылық:
Домбыра аспабы туралы күйлер үйрене отырып,
шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың
түрі: Жаңа
тақырып
Сабақтың
көрнекілігі: Қазақтың ұлттық
аспаптар көрмесі, күйшілердің
портреттері,үнтаспа.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
Амандасу.
Қайырлы күн оқушылар! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
(домбыра)
( Осы кезде шертілген домбыраның үні естіліп тұрады )
Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған
(домбыра)
II.Жаңа білімді меңгерту
Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптар презентациясын тамашалаймыз. Презентацияда қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. (балаларға аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)
Ұйымдастыру-іздестіру.
- Балалар, домбыра дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)
- Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспап.
- Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен
жеткізе білген.
- Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.
-
- «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек.
Қазақтың ұлттық
музыкалық аспаптары дегенде көз алдымызға не
елестейді?
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы не
білеміз?
Білгенімізді қағазға түсірейік. Оқушылар өз
білгендерін қағазға түсіреді. Өз жазғандарын тақтаға шығып
түсіндіреді.
- Домбыра аспабының құрылысын есімізге
түсірейік?
Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ,
қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі
ішек.
Домбыраны қолыңызға алған кезде қандай ойда
боласыз? Қалай жасалады екен, кім жасайды екен, оның түрлері бар ма
деген сұрақтар келетін болар. Міне, бізде осы сұрақтарға жауап
іздеп көрдік. Сонымен алғашқы танысуды шағын ғана шеберханадан
бастасақ.
1. Мынау домбыра жасайтын шеберхананың жалпы
көрінісі
2. Шеберлердің ұлттық аспаптарды жасайтын
құралдары қарапайым тілмен айтқанда қару -
жарағы:)
3. Шеберлер жұмыс
үстінде
Бүгін біз домбыра туралы білімімізді
толықтыратын боламыз.
Ең алдымен
домбыраның шығу тарихы мен таныстырайын. (2 оқушыға домбыра туралы
слайдтан оқытамын.. Домбыраның суреті слайдтта
көрсетіледі.)
Домбыра — ерте
заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан
серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме,
ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық
мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз,
сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш
шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал.
Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз
қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша,
үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның
шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 -
7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра
пішіні түрлі болған.
Мысалы:
Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп
келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне
домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп
жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда
шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда
оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың
әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін
арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз
— әңгімелерге жүгінуге болады.
Аңыз
әңгіме
“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл
жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі
қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан
кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып,
жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа
қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады,
жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та
қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны
естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш
түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан
шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы
бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін
көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді
көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен.
“Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап
жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін
қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым
Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп
екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен”
дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі
Жәнібеков.
Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев
бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит д. д. 4000 жыл бұрын
тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған
деседі..
- Міне балалар, содан бері халқымыз домбыраны «Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.
- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?
(балалардың жауабын тыңдау)
- Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар ән-күй аспаптары туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?
Қазақтың ұлттық
аспаптары туралы не білеміз?
Енді балалар
домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық. Плакатқа
оқушылар жазады.
Домбыра –
еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра –
шежірені білуді талап етеді
Домбыра –
адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты
нығайтады.
Домбыра –
иманды болуға жол ашады.
Домбыра –
әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра –
жарысу мен таласуға, ізденуге
баулиды.
III. Қорытынды
Балалар жарайсыңдар, бүгін «Киелі домбыра» жайында көп білдік.
1) Балалар бүгін біз қазақтың қандай аспаптарымен таныстық?
2) Қандай ертегінің қойылымын қойып көрсеттік?
3) Қандай аспаптар туралы тақпақтар айттыңдар?
Бүгінгі білімдерімізді қорытып, сабаққа белсенді қатыстыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Домбыра – қазақтың көне аспабы

шағым қалдыра аласыз