Материалдар / Домбыра дастан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Домбыра дастан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақ бойындағы жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық қасиеттерге дағдыландырып, эстетикалық сезімін, талғамын, көзқарасын қанағаттандыра отырып, олардың музыка түсінігін кеңейтіп, ой өрісін дамытады. Эстетикалық мәдениеттің ірге тасын өз бетінше қалауға тәрбиелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Домбыра дастан

Алданазарова Даметкен Нургалиевна

1 Балалар музыка мектебі

Домбыра класының оқытушысы



Баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан қазақ халқы, бала тәрбиесіне баса назар аударған. Даналық ойларын балаларға арнады. Ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін баланың бойыңа сіңіруге тырысқан. Бала тәрбиесі жөнінде Абай «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе содан көп жұғады» - деп біреуінен баланың болашағы шешілетінің ескерткен. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге шақырады. Өркениетке қарыштап құлаш жайып отырған, осынау білім заманында ұрпақ бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Жүрегімізде мәңгілік ескерткішке айналған ұстаз тұлғасын биіктетіп, қазақ деген халқтың мәрт ұрпағының сегіз қырлы бір сырлы болып келе жатқаның көрсету біздің мақсатымыз. Жас ұрпақ бойындағы жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық қасиеттерге дағдыландырып, эстетикалық сезімін, талғамын, көзқарасын қанағаттандыра отырып, олардың музыка түсінігін кеңейтіп, ой өрісін дамытады. Эстетикалық мәдениеттің ірге тасын өз бетінше қалауға тәрбиелейді.

«Домбыра – казактың касиетті дүниесі. өзін тарта алмасанда, кадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем козыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халыкының жанын білмейді, ал халықтын жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырак жайып сая да болмайды, жемісте бермейді» -деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі үкілі домбыраның рөлін аса жоғары бағалаған.

Домбыра —  ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде  термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық  орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Домбыра ұлтымыздың кең таралған аспабы. Қазақстанның қай бұрышына барсаңыз да домбырасыз үй, домбыра ансамблі, оркестрсіз ұжым, музыка колледжісіз облыс орталығы жоқ. Сондықтан да жан – жақты білім нәрімен сусындаған, терең танымды маман қай жерде де керек. Домбыраны үйрету, онда орындау кең салалы үрдіс. Онда орындалатын шығармалар өз табиғатына сай болу үшін, болмысын, аспаптың дамуын, шығарманың жазылу уақытын, композитордың өмір сүрген ортасын жете білу керек. Әрі домбыра үйрету бағыттары қазір сан - салалы, жас мерзімдері де әр түрлі, оқу орындарының бағдарламасына байланысты кең көлемдегі репертуар бар. Күйлер мен шығармаларды өз дәрежесінде меңгеріп, домбыра үйрету әдістеріне толық бойлауы үшін, домбыра үйретіп отырған шәкіртін толық танып білуі үшін, алға қарайғы оқу жоспарын құрып, домбыра аспабын толық меңгерткізіп, көзі ашық, қағылез, сезімтал, ұғымды азамат болуы үшін, өз пәнін сүйсіндіре білу үшін өз аспабын жіті теориялық, ғылыми орындаушылық, ұстаздық, тәрбиешілік жағынан толық меңгеруі керек.

Домбыра тарту шеберлігі – дамып жетіле беретін өнер. Әр мектептің күй тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тікелей байланысты. Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын шеберлік тәсілі болады. Домбыраның негізгі ойнау тәсілдерін меңгерген талапкер өз орындаушылық шеберлігін одан әрі жетілдіре түсу үшін күрделірек қағыс түрлерін, әдіс- амалдарды, ерекшеліктерді үйрену қажет. Домбыраны үйрету, онда орындау кең салалы үрдіс. Онда орындалатын шығармалар өз табиғатына сай болу үшін, болмысын, аспаптың дамуын, шығарманың жазылу уақытын, композитордың өмір сүрген ортасын жете білу керек. Әрі домбыра үйрету бағыттары қазір сан - салалы, жас мерзімдері де әр түрлі, оқу орындарының бағдарламасына байланысты кең көлемдегі репертуар бар. Күйлер мен шығармаларды өз дәрежесінде меңгеріп, домбыра үйрету әдістеріне толық бойлауы үшін, домбыра үйретіп отырған шәкіртін толық танып білуі үшін, алға қарайғы оқу жоспарын құрып, домбыра аспабын толық меңгерткізіп, көзі ашық, қағылез, сезімтал, ұғымды азамат болуы үшін, өз пәнін сүйсіндіре білу үшін өз аспабын жіті теориялық, ғылыми орындаушылық, ұстаздық, тәрбиешілік жағынан толық меңгеруі керек. Болашақ жас музыка мектеп оқушыларының тәрбиесі әр уақытта музыкалық педагогиканың негізі, мәні, күнделікті мәселесі болып табылады. Бұрынырақ бала жас кезінен өзі талаптанып аспапта ойнап, қосылып ән салып, алдына ешқандай кәсіби өнер жолын қуу, болмаса қазіргідей құжаты бар музыка маманы болу мақсатын қойған жоқ, өмірлік қажеттілік болмаса. Домбыраға, қобызға, ән –күйге рухани тартылыс қажеттілік, құмарлық болды. Бүгінгі күні де бұйрықты түрде оқымағанымен, өздері керек қыла тұрғанмен білім беру, үйрету жүйесі өзгерді, тұрмыстық ахуал өзгерді. Өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық дәстүрмен оның функциялары да қазіргі уақытта өзгеріске ұшырады. Алайда, домбыра күйлері бұдан жүдеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген толғанысын, арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді.

Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс-тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс-тәсілдерді айтамыз:

біріншіден, күй жанрының негіздерін көрсете алатын шеберлік;

екіншіден, күй жанрының дәстүрлік сипатын көрсете алатын шеберлік;

үшіншіден, күй жанрының мектептерін көрсете алатын шеберлік;

төртіншіден, күй жанрын ұлттық өнер ретінде көрсете алатын шеберлік.

Жоғарыда аталған күй тарту шеберлігінің негіздері күй тақырыбының мазмұнын мүмкіндігінше толық аша алатындай болуы керек. Домбыра тарту шеберлігінің дәстүрлі әдістерін қолдан келгенше сақтап ойнауға күш салу үшін оның негізгі қағидаларын жақсы білу керек.

Болашақ жас музыка мектеп оқушыларының тәрбиесі әр уақытта музыкалық педагогиканың негізі, мәні, күнделікті мәселесі болып табылады. Бұрынырақ бала жас кезінен өзі талаптанып аспапта ойнап, қосылып ән салып, алдына ешқандай кәсіби өнер жолын қуу, болмаса қазіргідей құжаты бар музыка маманы болу мақсатын қойған жоқ, өмірлік қажеттілік болмаса. Домбыраға, қобызға, ән –күйге рухани тартылыс қажеттілік, құмарлық болды. Бүгінгі күні де бұйрықты түрде оқымағанымен, өздері керек қыла тұрғанмен білім беру, үйрету жүйесі өзгерді, тұрмыстық ахуал өзгерді.

  1. Кәсіби білім бағыты

  2. Нота сауаты

  3. Ақпарат құралдары

  4. Мектеп

  5. Колледж

  6. Консерватория

  7. Студия, өз бетімен үйрену

  8. Көркемөнерпаздар үйірмесі

  9. Тіл мәселесімен байланысты.

Қандай түрде болғанда да оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға үйреткен жөн. Өз бетімен жұмысқа оқушыны алғашқы сабақтан бастап үйреткен жөн, себебі негізгі жұмыс үйде жасалынады және көптеген жетістіктердің көзі осы өз бетімен жұмысының нәтижесіне байланысты. Оқушының шыңармашылық табысы оның өсуі және әр сабақтық нәтижелілігі де осында.

Ең алдымен оның сабаққа деген қызығушылығында, жаңа тапсырма алып, оны жақсылап орындауға, алдына мақсат қоя білуінде. Міне, мұның барлығы оқушы өз бетімен дайындыққа белгілі терең танымды игерілген біліммен, ыждағатты дағдымен қамтылғанда ғана іске асады. Оқушының өз бетімен дайындыққа алған тапсырмасы анық, айқын болғаны жөн. Аспапты қолына алып, тапсырма орындау кезінде сәл ғана дүдәмал жері оқушының өзіне деген сенімсіздігін тудырады. Сондықтан ұстаз тапсырма, тақырып берген кезде оқушыға міндетті түрде жаңа материалдарды іске асыру жолдары жөнінде түсіндіріп бергені жөн. (жақсылап түсіндіру). Алғашқы апталарда үйге, өз бетімен жұмысқа көп тапсырма берілмейді. Сабақты үш немес төртке бөлген дұрыс. Сабақ арасы көп уақыт болса, оқушы ұмытып қалады., әр сабақ сайын қайталауға тура келеді. Көп уақыт салмай, жалықтырмай өткізген сабақ, ұстазбен жиі кездесу оны ұқыптылыққа үйретеді. Әрі 6-7 жастағы балалардың есте сақтау қабілеттері әрі балауса, көңіл аударуын керек етеді. Өз бетімен дайындық дағдысын қалыптастыру біздің заман талабында өте керек-ақ.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!