Материалдар / «Домбыра» өнер үйірмесінің бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Домбыра» өнер үйірмесінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
2887
24 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы.

«Балалар өнер мектебі»






«Домбыра»

өнер үйірмесінің бағдарламасы






Құрастырушы автор:

Домбыра класының оқытушысы

Ибраимова Ботакоз Дауреновна










2018 ж






Түсінік хат

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру білім беру мазмұнын жаңғыртуды қамтамсыз ететін жаңа парадигманың мынадай міндеттерін: қосымша білім берудің стандарттары, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын қамтиды. Білім беру мазмұнын жаңарту нәтижесі білім алушылардың алған

білімдерін практикалық жағдайларда тиімді қолднауға және әлеуметтік бейімделу үдерісінде табысты пайдалануға мүмкіндік беретін басты құзіреттіліктер жүйесі болып табылады.

Үйірме бағдарламасы қатысушы оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен басты және пәндік құзіреттілікке (оқу пәні

аясында меңгерген өзіндік ерекше білім, дағды, шеберліктері) жетулеріне бағытталған

«Әсем әуен » өнер үйірмесінің мақсаты: ҚР мемлекеттік «Қазатың жүз әні», «Қазақтың жүз күйі» жобасын негізге ала отырып сабақ барысында қолдану. Оның көркемдік құралдары мен аспап арқылы іске асырылуы, Білім алушыларды музыка әлеміне ендіру, музыкалық білім беру,

эстетикалық тәрбие, рухани-адамгершіліктік дамуы үшін жағдай жасау, дарынды балаларды музыкалық өнер саласынддағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарына түсуге дайындау.


Дидактикалық: Танымдық қызметі, ой-өрісінің кеңеюі, музыкалық білімді жүйелі жинақтау, орындаушылық дағды мен шеберлік.

Тәрбиелеушілік: музыкалық өнерді тану жолдары арқылы рухани, адами, көркемөнер, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу, өзіндік жұмыс атқару, ерік-жігерді тәрбиелеу,

адамгершіліктік, эстетикалық, дүниеге көзқарас ұстанымын қалыптастыру. Музыкада ән мен күйдің егіз екенін ұғындыру

Дамытушылық: музыкалық есту, еске сақтау, ырғақ сезімін, әсершіл-қажетсіну ортасын, эмпатияны, музыкалық-шығармашылық, зейін, ойлау, елес, қиял, рефлексия қабілеттерін, салыстыру, жалпы орындау шеберліктерін дамыту. Аспапта ойнау шеберліктері мен ән айту шеберліктерін байланыстыру.




Негізгі міндеттері: педагогикалық әсер етудің жаңа түрлері, әдістері, тәсілдерін табу; жеке дара бағдарланған жүйе әдістемесін жетілдіру. Заманауи технологияларды қолдана отырып бейне (видео) сабақтар жүргізу. Аудиожазбалар, т.б. түрлерін пайдалану. Білім алушыларда музыкалық оқыту мен тәрбиелеу құралдары арқылы түйінді және пәндік құзіреттілікті қалыптастыру.

Білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып жалпы музыкалық дамыту, орындаушылық өнер негіздеріне оқыту, тұлғаның рухани жалпы мәдениетінің бөлігі ретіндегі музыкалық-эстетикалық санасын қалыптастыру.

Музыкалық оқыту және тәрбиелеу барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру әр түрлі әдістерді қолдануды талап етеді. Музыкант-педагогтің жұмысында оқыту,

дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру (уәждемелік) және бақылаушылық-түзетушілік қызметтерін атқаратын, барлық дерлік жалпыпедагогикалық әдістер қолданылуы мүмкін. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктері әрбір баланы, оның табиғи қабілеттеріне тәуелсіз, музыкаға жақындата алатын оқыту

әдістері мен құралдарын іздеп табуды талап етеді. Әрбір оқушыға жеке-дара сараланған тәсілдеме арқылы оқытудың мазмұны мен әдістерін жалпы психологиялық және музыкалық-психологиялық ерекшелігіне

қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Кешендік сабаққа білім алушылардың шығармашылық қызметінің

түрлері біріктіріледі – педагогикалық репертуарды зерделеу, қағаз бетінен оқу, ансамбль, естуі бойынша іріктеу, тасымалдау (транспонирование), аккомпанемент


Нормативті сілтемелер

«Әсем әуен» өнер үйірмесінің бағдарламасы , төмендегідей әдістемелер мен нұсқаулықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды негізге ала отырып құрылды.

  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған «Балаларға қосымша білім беру жүйесінде әдістемелік өнімдері әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» 

  • «Қазақстан Республикасы. Үкіметінің 2013 жылғы «Балаларға қосымша білім беру» мемлекеттік қызмет стандарты 08.10.2013

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ. Балалар музыка мектептері және балалар өнер мектептерінің музыка бөлімдеріне арналған «Арнайы фортепиано» пәні бойынша білім беру бағдарламасы. Астана – 2015

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПӘННІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ДАУЫС ҚОЮ»(вокал) ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы
    №109 қазақ орта мектебінің ән-әуез пәнінің мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызының   
    “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының авторлық бағдарламасы

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығының «Балалардың музыка мектептері мен музыкалық бағыттағы балалар өнер мектептеріне арналған үлгілік оқу бағдарламалары »

  • Қазақстан Республикасы халыққа білім беру министірлігі бекіткен. «Домбыра үйрену мектебі» оқулығы.( Жайымов, Сәрсенбай Бүркітов, Біләл Ысқақов) сынды әдістемелік құралдар мен мемлекеттік бағдарламаларды негізге ала отырып құрылды.



«Әсем әуен » өнер үйірмесі бағдарламасының мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне, әлемдік музыканың классикалық үлгілеріне, әлем халықтарының музыкалық шығармашылығына, заманауи қазақстандық өнерге негізделеді. Осы күнгі мектепте интерактивтік білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес сипаттамасын (типология) ендіруді көздейді, ол оқытудың кәсіби деңгейінің артуына, өнерде жаңа дарындарды ашуға,

ұлттық дәстүрлерін нығайтуға, орындаушылық өнер әдістемелерімен халықаралық алмасуға, ұлттық мектептердің шығармашылық байланыстары мен дәстүрлерін нығайтуға, жас ұрпақтың рухани тәрбиесінің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі фортепиано, домбыра аспаптарын үйретуге, Домбыра аспабын ұлттық рухын насихаттауға, ән айту кезінде дауыс ерекшелігіне көңіл бөлуге және топпен ән айтуға бағыттауға сондай-ақ Қазақстанның жас дарындарын, олардың қалыптасып келе жатқан шығармашылық жолының бастапқы сатысында қолдауға жағдай жасайды.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында мына жағдайлар жасалуы қажет: музыкалық өнер саласында дарынды балаларды анықтау және дамыту; білім алушылардың жеке дара дамуы;

білім алушылардың шығармашылық қызметтерін шығармашылық іс-шаралар өткізу жолдарымен ұйымдастыру (байқау, фестиваль, шеберлік сыныптар, олимпиада, концерт, шығармашылық кездесу және

т.б.); білім алушылардың мәдениет мекемелеріне баруын ұйымдастыру

Үйірме бағдарламасы сабақ беретін оқу пәніне сәйкес арнайы педагогикалық немесе арнайы музыкалық (орта немесе жоғары) білімі бар педагогикалық қызметкерлермен қамтамсыз етіледі. Педагог дәріс беретін пәні бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеуі, музыкалық педагогика саласында отандық және шетелдік білім берудің озық жетістіктеріне негізделген оқу-білім беру үдерісі технологиясын пайдалана білуі қажет. Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің музыка бөлімдері басқа білім беру ұйымдарымен шығармашылық байланыс орнату үшін жағдай жасауы қажет, оның ішінде ұдайы әдістемелік жұмыс жүргізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды қолдану мақсатында кәсіби байланыстар да орнатуы керек. Мектепте музыкалық аспаптарды ұстауға, дер кезінде қызмет

көрсету және жөндеу үшін жағдайлар жасалуы керек.

Заманауи қоғам жағдайы тұлғаның өзін және әлемді рухани тануына, ой-пікір, сезім және іс-әрекет, ақыл-парасат және ар-ұждан, адами сенім мен әрекет бірлігі талпынысына мүмкіндік беретін музыкалық оқыту мен тәрбие жүйесін талап етеді. Сондықтан музыкалық білім берудің бастапқы буынында – оқыту мен тәрбие мазмұнын сапалы қайта құру . Педагогикалық ізденіс траекториясы осындай мүмкіндік бағыттарына ие: музыкалық оқыту және тәрбие мазмұнын бұдан әрі де сапалы қанықтыру;


оқу жоспары

Үйірме апталық жүктемесі 9 сағаттан жылдық 306 сағатты құрайды. .

Оқу жоспары пәндері:

- жекеленген сабақтар: Фортепиано, Домбыра , Хор, Вокал,

Үйірмеге қатысушы баланың саны балалардың саны 10-нан 12-ге дейін болуы тиіс.

Әр пән аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағатты құрайды. Вокал пәні аудандық байқаулардың талабына сай екі топтан тұрады. « Кіші топ» 6-10 жас аралығы, ал «Орта топ» 11 – 16 жас аралығын құрайды «Кіші топ» апталық жүктемесі 1 сағат, «орта топ» апталық жүктемесі 2 сағаттан өтуі тиіс.

Оқу пәнінің мазмұны

Жеке оқыту қағидаты әрбір білім алушының табиғи тума нышандары, дене және музыкалық дамуының деңгейіне сәйкес оқу материалдарын өтудің түрлі нысандары, әдістері, қарқынын қолдануды

ұсынады. Бұл оқу сағаттарын тараулар мен тақырыптар бойынша бөлуде біріздендірудің мүмкін еместігін көрсетеді.

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру

1. Қатысушы оқушыны кешенді тәрбиелеу. «Кез келген аспапта ойнауды оқытатын мұғалім, ең алдымен, музыка мұғалімі, яғни оның түсіндірушісі және ұғындырушысы болуы тиіс. Бұл, әсіресе, білім алушы дамуының төменгі сатыларында аса қажет: мұнда оқытудың кешенді әдісі шарасыз, яғни мұғалім бір уақытта музыканың тарихшысы, қисыншылы, аспапта ойнауды оқытатын мұғалім болуы керек.

2. Білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту. Есту бойынша таңдап салу, қағаз бетінен оқу, тасымалдау (транспонирование), әуендердің аяқтамаларын, әуен үлгілерін шығару, үйлесімділікті таңдап салу, ырғақтық және әуендік суырып салу дағдылары бойынша оқыту . Әуесқойлық музыка ойнау.

4. Музыкалық шығармаларды оқу және әртүрлі стильдер мен жанрлардың шығармаларымен эскиздік танысу барысында жалпы және музыкалық ой-өрісті кеңейту. Музыканы тыңдау бойынша тәжірибені

жинақтау.

5. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, Қазақстан халықтарының музыкалық шығармашылығын, әлемдік музыканың, қазіргі заман қазақстандық және бүкіләлемдік өнердің шығармаларын үйрену барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру.


Тақырыптық оқу жоспары

Домбыра

Домбыра сабағы апталық жүктемесі екі сағаттан жылына 68 сағат беріледі

Оқушыларға жан жақты сапалы білім беру және деңгейі жоғары орындаушы дайындау үшін ұстаздар өз әдістемелерінің үлгісін үнемі жаңартып өзгертіп отырулары қажет. Сабақты оқушының жасына музыкалық қабілетіне ойлау, үйрену ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырған жөн.

Домбыра үйірмесінің мақсаты:

Домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге , оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыруға,музыканы дұрыс тыңдап, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.


  • Аспапты ыңғайлы ұстап,дұрыс отырып үйрету

  • Шығарманы талдай білуге, жете түсінуге дағдыландыру.

  • Халық шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру.

  • Сахнамәдениетінүйрету.


Сабақтың міндеттері:

  • оқушының шығарманы есту, есте сақтау, ойнай білу қабілеті дамыту.

  • Дәстүрлі орындаушылық ерекшеліктерін мұқият үйрету.

  • Шәкірттің ой-өрісі мен қабілетіне қарай, өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

  • Аспапты ыңғайлы ұстап,дұрыс отыра біледі

  • Шығарманы талдай біледі

  • Сахнамәдениетінсақтай біледі.

  • Үйренген шығармаларын тыңдаушыға жеткізе біледі.

  • оқушының шығарманы есту, есте сақтау, ойнай білу қабілеті дамиды.

  • Дәстүрлі орындаушылық шеберлігі артады



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Домбыра туралы түсінік.

1

2

Музыкалық дыбыстар

1

3

Музыкалық дыбыстардың жазылуы. Домбырадағы шартты белгілер

1

4

Музыкалық дыбыстардың биіктігін таңбалау интервалдар

1

5

Музыкалық дыбыстардың күйсандық тілдерінде орналасуы

1

6

Музыкалық дыбыстардың домбыра пернелерінде орналасуы

1

7

Домбыраның бұрауы ( құлақ күйі)

1

8

Оқушыны домбыра тартуға дайындау

1

9

Екі қолдың қойылымы

1

10

Музыкалық сауаттылық такт, өлшем, акцент, метр, ырғақ

1

11-12

Қағыстар

2

13

Перне басып ойнау. Аппликатура

1

14

Екпін динамикалық белгілер. Ноталық жазуды қысқарту белгілері

1

15-16

Жеңіл жаттығулар орындау

2

17

Тыныс белгілері. Паузалар

1

18-19

Жаттығулар орындау

2

20-21

Этюдтар орындау

2

22

Альтерация белгіері.

1

23-24

Қол жаттықтыру жаттығулары

2

25

Дыбыс ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер

1

26-27

Қол жаттықтыру жаттығулары

2

28

Ансамбль, акколада

1

29-30

Қол жаттықтыру жаттығулары

2

31-33

Лига қойылған ноталарды домбырада ойнаудың негізгі әдістері

3

34

Күй тартып үйрену

1

35-40

Кеңес

6

41-49

Жезкиік ( бірінші сынып музыка хрестоматиясынан )

9

50-57

Қоңыр

8

58-59

Ән «Әгугай домбыра »

2

60-61

Ән: «Туган жер»

2

62-63

Ән: Қазақ осы

2

64-65

Орындаушылық шеберлігін жетілдіру

2

66-67

Топпен бірге тарту

2

68

Қортынды сабақ

1




Тақырыптық оқу жоспары

Фортепиано

Үйірме бағдарламасын іске асыруда: аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағатқа құрылған тақырыптық жоспар

Фортепиано сабағы сабақ беретін оқу

пәніне сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіби (орта немесе жоғары)

білімі бар педагогикалық қызметкерлермен қамтамсыз етіледі.

Педагог дәріс беретін пәні бойынша білім беру бағдарламасын

әзірлеуі, музыкалық педагогика саласында отандық және шетелдік білім

берудің озық жетістіктеріне

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!