Дөңгелек күн

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек күн

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Сенсорика

Тақырыбы: « Дөңгелек күн»

Мақсаты:Балаладың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, пішіндерді ажыратып айта білуге, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой-өрісін, қол моторикасын, ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Жылулық шеңберіне тұрайықшы балалар.

-Алақанды ашайық

Күн нұрын салайық

Жүрек жылуын салайық

Жиналған жылу шуақтарын

Қонақтарға шашайық.

-Балалар, қараңдаршы, біздің дөңгелек қандай үлкен. Ол күнге ұқсай ма?

-Кәнекей біздің күнімізге сәулелер жасайық.

Музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді, Балалар бұрылып амандасады.

Ханшайым:

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:

-Сәлеметсіз бе?

Ханшайым: -Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші: -Балалар, «сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:

-Иә.

Тәрбиеші:- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:-Поездбен.

Тәрбиеші: -Жарайды. Ендеше поездбен барайық. Ал кеттік.

«Поезд» . Пыш-пыш-пыш біз кеттік

Ж ү рісті үдеттік

Гу-гу-гу, гу-гу гуілдеп,

Қалып қ ойма біріңде.

-Қ ане, балалар, тоқ тайық. Пыш-ш-ш.

-Балалар, біз міне «сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

-Ой , балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді.

Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап көрейікші.

-Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын

Төрт қабырғасы бар бұрышпын

Қай жағынан қарасаңда

Төрт қабырғам тең бұрышпын

Тәрбиеші: -Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрышпын, үшбұрышпын

Үш қабырғам бар бұрышпын

Төрбұрыштан аз болсам да

Орны бөлек үшбұрышпын

-Ал , үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғадларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай?

Дөңгелек.

-Домалақпын , домалақпын

Дөңгелек боп домаладым

Ай сияқты, күн сияқы

Шар сияқты домалақпын

-Доңгелектің пішіні бар ма?

-Пішінің түсі қандай?

-Балалар, Ханшайымның «Кеңістікті бағдарлау» деген тапсырмасы бар.

Шарты: Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғары жағына төртбұрыш, төменге жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

Ханшайымның 2-тапсырмасы балалар орындаймыз ба.

«Дөңгелек күн» . Балалар сендердің аналарың сияқты, жылуын, мейірімін төгеді . Ендеше, балалар алдарыңыздағы күннің несі жетіспей тұр.

-Шуақтары.

-Күн бізге мейрімін төге алмай тұр екен. Сондықтан біздер күннің шуағын орналастырып берейік. Жарайсыңдар.

Келе жатты үйлеріне үш-аю

Ең үлкені іштерінде әке-аю

Сәл аласа бойыменен ана-аю

Ал ұлдары болса ғой тым кішкентай

Жүрген еді, сылдырмақты тастамай.

Ханшаымның 3-тапсырмасы. « Пішіндерден үй құрастыру»

-Үй қандай пішіндер тұрады?

-Төрбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

Ендеше балалар, мен сендерге мына пішіндерді түстері бойынша мына екіге бөліп жинаңдаршы деп тапсырады жинаймыз ба, балалар.

Ханшайым: -Балалар, барлықтарың менім тапсырмамды жақсы орындап, қатыстыңдар. Көп –көп рахмет.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поездға отырып тобымызға барайық.

Балалар:

-Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік.

Жүрісті біз үдетік

Гу-гу, гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.

Балалар топқа келдік. Біз қайда бардық, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне бардық. Онда не білдік. Пішіндерді , түстерін ажырата білдік көптеген тапсырмалармен орындап көрсетік. Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін белсенді, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңдар!

































«Қарлығаш"балабақшасы













«Дөңгелек күн»

(Ашық сабақ)



















Тә рбиеші: Мульканова.Г



2017ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2018
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі