Дөңгелек үстел Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын ролі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың сынып жетекшілеріне ата-анамен және сынып оқушыларымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу барысында қажеттілігі тиімді деп ойлаймын. Және отбасының бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру барысында ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізуге болатындығы туралы ой салады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

НДөңгелек үстел

Тақырыбы: Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының

атқаратын ролі
Мақсаты: Отбасының бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру,балаға көңіл бөлдіру.Мектеп ,ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақты ата-ана мен мектеп болып бірлесіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы туралы нақыл сөздер, суреттер, шарлар

Жүру барысы:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын ролі »тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер! Бүгін бізге сыныбымыздағы оқушылардың ата-аналары құрметті мейман болып келіп отыр.Түрлі сауалдарға жауап іздеп,бірлесіп шешіп көрсек.
1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен Халықаралық отбасы жылы деп белгіленіп,әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруі көзделген еді.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – тұлғаны ең алғашқы дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Баласының жақсы болғаның армандамайтын ата-ана жоқ шығар.Баласының болашағы үшін ата-ана отқа да,суға да түседі.Бала тәрбиесі-бүгінде қиын да күрделі процесс.Сондықтан бала тәрбиесіне бірлесіп көңіл бөлгеніміз жөн.
Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі,мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата – ананың,отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата – ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке – бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығын қорғауы тиіс.

Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Отбасында басты мәселелерінің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.Бұған баланың күн ырғағы,міндеттері,қойылатын талаптар,үй еңбегіне қатысуы,оқу әрекеті,бос уақытын ұйымдастырулар жатады.

  1. Олай болса сіздердің отбасында бұл қалай жолға қойылған?

  2. Баланың оқуға деген құлшынысы бір жағынан ата-анасының білімді , оқыған азаматтар болуына және балаға деген талапты қоя білуінде деп есептейді екен ғалымдар. Сіздер бұған қалай қарайсыздар?

  3. Қазіргі кезде отбасының «уақталу»үрдісі жүруде.Ол  дегеніміз-жас
    ата-аналардан тұратын әжесіз,атасыз отбасылар.
    Ал, ата-мен әженің тәрбиесі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалы бар деп ойлайсыздар ма ?

  4. «Тәрбиенің негізі -бесіктен»дегенге қалай қарайсыздар?

  5. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын ролі қандай ?
    Сергіту сәті : Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру. 

  1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтар тыңдап, қарап жүрсіз бе? 

«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз; 

«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар. 

  1. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма? 

егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз. 

егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз. 

  1. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? 

егер «әке» десеңіздер қолды, алдымызға созамыз. 

егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз. 

егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз. 

Аялы алақан” өсиет әңгіме (сынып оқушылары әңгімені тыңдап өз ойларын білдіреді.)

  Жағдайы жақсы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.

Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді? Сендердің бастарыңнан осындай оқиға өтті ме ?

 Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Ендеше бүгінгі дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе ата-аналармен балалар арасындағы «Кім көп біледі ?» атты мақал- мәтелдер сайысына кезек берейік

  1. (Ер бала) ата-анаға таяу, ( Қыз бала) үйге жаққан бояу.

  2. (Атасыз) үй – батасыз, (Анасыз) үй – панасыз.

  3. Жақсы (ата) – орман, Жақсы (бала) қорған.

  4. Ананың ізін (қыз) басар, Атаның ізін (ұл) басар.

  5. (Қарағайға) қарап тал өседі, (жанұяға) қарап бала өседі

  6. (Әке) - асқар тау болса, (ана) - бауырындағы бұлақ, ал (бала) - жағасындағы құрақ

Қорытынды. «Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек», - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. 
Бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысқандарыңыз үшін барлық ата-анаға  рахмет айтамын.Әрдайым бала тәрбиесіне көңіл бөліп,сіз бен біз болып қарауға шақырамын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
1956
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі