Материалдар / Дөңгелек үстел "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды"

Дөңгелек үстел "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық мәдениет, құқықтың қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық қатынастар туралы оқушылардың сауаттылығын, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттырып, әкеге деген құрметті нығайту. Жасөспірімдерді құқықтары мен міндет-терімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
2553
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» 

Мақсаты: Құқықтық мәдениет, құқықтың қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық қатынастар туралы оқушылардың сауаттылығын, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттырып, әкеге деген құрметті нығайту. Жасөспірімдерді құқықтары мен міндет-терімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі:Дөңгелек үстел

Көрнекілігі: бейнеролик, слайд, көрме

І.Кіріспе бөлім

ӘН «Менің әкем ең жақсы адам» әні орындалады

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар,

2-жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар мен білім алушылар!

1-жүргізуші

Бүгінгі Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстоаралық комиссиясының 2020 ж. 4-ақпан күнгі хаттамасына сәйкес ер бала тәрбиесіне арналған «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды » атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ер бала тәрбиесінде әкелер мен жаттықтырушылармен бірлесе жұмыс жасау арқылы жасөспірімдер арасында құқықбұзуылықтың алдын алу және болдырмау.

1-жүргізуші

Олай болса , алдымен бәріміз мына бейне роликке назар аударайық.

Бейне роликте көріп отырғанымыздай Әке тәрбиесі-қазіргі уақытта ең маңызды тақырыпқа айналып отыр екен.

Халық қаһарманы Б.Момышұлының «Бабалар аманаты » кітабында былай дейді «Әр бір ата-ана балам кісіге қиянат жасамай, арам жолмен жүрмей, атымызға кір келтірмей жүрсе ата-ананың бала тәрбиесінде еңбегінің өтелгені»-деп,

Дөңгелек үстелге «Әкелер» және «Бапкерлер» келіп отыр, өз ойларын айтып, бала тәрбиесіндегі тәзірибелерімен бөлісуге.

2-жүргізуші

Он бестегі ұлына ел басқартқан -Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Әкесі баласына жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған.

1-жүргізуші

Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген екен...

2-жүргізуші

Осы орайда қазақ халқында жігіттер арасынан шыққан батырлар мен данышпандар, билер мен шешендер, қол бастаған ұлы тұлғалар көп емес пе? Соның айғағы ретіндегі Есет Көкіұлының ерлігін, Дана, дара Абай Құнанбайұлын ұлылығын неге айтпасқа ?!

Олай болса назарларыңызға «Бала Абай әкесімен» атты көріністі ұсынамыз.

1-жүргізуші

«Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі екенің осы көріністен- ақ аңғара келе,

Ұшқыр ой мен ақыл керек адамға,

Тәрбие мен сусындайды балаңда.

Абайыңдай ұлым болсың десеңіз,

Құнанбайдай әке керек заманға- дегім келеді.

2-жүргізуші

Баланы тәрбиелеу мен түсіну – екеуі екі бөлек дүние. Ата-аналардың басым бөлігі осы жерде қателесіп жатады және көмекке зәру бола тұра, ата-анаға жүгіне алмайтын балалар зардап шегеді. Мұндай жағдайда бала өзіне керектіні ала алмайды.

1-жүргізуші

Бала тәрбиесінде дана халқымыз «Әке болу барда, әке бола білу бар» деген екен

Бұл екеуі екі бөлек. Бала бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы әке арқылы қалыптасады.

Ия, олай болса Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған демекші, Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған.

2-жүргізуші

Ендеше бүгінгі біздерге келіп отырған ер балалардың әкелеріне мынадай сұрақтарымызды қоюға рұқсат етіңіздер.

1. Бала тәрбиелеуде қай жастан бастап мән берген дұрыс?

2.«Баланы жастан» деген сөздің астарын қалай түсінесіздер?

1-жүргізуші

Қазір ортамызда «қиын» балалар, жасөспірімдер, ата-анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға душар болғандар көп. Біздің мақсатымыз – балаларды жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан әкелерге мынадай сауалдарды қойып, пікірлерін айтуды өтінеміз.

3. Балаңызбен жиі сырласып, пікірін тыңдайсыз ба?

2-жүргізуші

4.Балаңыздың достарын, ортасы, бос уақыт қалай, кіммен өткізетіндігін білесіз бе?

1-жүргізуші

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Заңдарға терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі.

2-жүргізуші

Соңғы кездері Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында ата-ана бақылауы болмағандықтан, қылмыс, құқықбұзушылық жиі орын алуда. Әр бір ата-ана баласына алаңдаған балаболашағына бей жай қарамау керектігін, балаларға ата-ананың атына кір келтірмеу керек қағидасын ұстануы өте маңызды.

1-жүргізуші

Қысқаша ақпаратқа тоқталып өтейін. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 81- бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері көрсетілген:

Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындалады немесе оған тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалады.

Кәмелекте толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері бізде 6 жаза түрі тағайындалады: негізгі жаза, қосымша жаза ретінде. Қосымша жаза ретінде бізде Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырады, яғни белгілі бір қызметпен айналысу құқығы 1 жылдар 2 жылға дейінгі мерзімде сол қызметпен айналысу құқығынан айырады.

Екінші негізгі жазалар бұл:

  1. Айыппұл

  2. Түзеу жұмыстары

  3. Қоғамдық жұмыстарға тарту

  4. Бас бостандығынан шектеу

  5. Бас бостандығынан айыру

Жасаған заңбұзушылығына қарай балалар арнайы білім беру және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы ия колония сияқты үш түрлі мекемеге жіберілу мүмкін.

Арнайы білім беру ұйымына әкімшілік құқық бұзушылық жасаған бала жіберіледі. Қазақстанда мұндай 7 мектеп бар. Ондағы балалар саны 150 -ден асады.

Арнайы режимдегі мекемеге 14 жасқа толмай қылмыс жасаған бала барады. Елде шығыста орналасқан мұндай жалғыз мектеп бар. Онда 15 бала тұрады.

Ауыр және аса ауыс қылмыс жасаған балалар колонияға жіберіледі. Колониялар саны гуманизация аясында бірнеше жыл бойы қысқарып қазір елде біреу ғана қалды. Соңғы деректер бойынша Алматыда орналасқан бұл мекемеде 50ге тарта бала бар.

2-жүргізуші

Енді сіздердің назарларыңызға өздеріңіздей оқушының осындай балалар колониясында түзету мекемесінде жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылған өрімдей жасөспірімдер туралы бейне роликке назар аударайық.5

(Колония туралы бейнеролик).Егер, бала құқық бұзып, шалыс басса, түрлі жаза тағыйындалады екен.

2-жүргізуші

Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады. Балалардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі.Құқықтық тәрбие – тура жолмен жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Бала өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін.

1-жүргізуші

Мұның өзі оның көбінесе құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда бала тәрбиесіндегі аңдаусыз отбаспауының алдын алу қадағағалап, ақыл-кеңестерді айтып, оны әр бала нәтиже шығарып отырса деймін.ендеше мына сұрақтарға жауап беру сұралады.

8.Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Баланың жеке заттарын ұялы телефоның, қалтасын, сумкасын жиі тексеріп тұрасыз ба?

2-жүргізуші

7.Балаңызбен денсаулыққа зиянды заттар, яғни темекі, насыбай, клей, ішімдік туралы әңгімелесесіздер ме?

1-жүргізуші

Ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында- дейтін болсақ-Ертеден қазақ баласының балалық шағы қаншама қиын кезеңдерге тап келсе де, білімнен, өнерден, жалпы адами қасиеттерден алыстамағанын аңғарамыз. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте үлгілі отбасы иесі болғанын қалап тәрбиелеген. Олай болса бала болашақ әке екендігін ескерсек, келесі сауалымызды қоялық

5. Балаңызбен отбасылық бюджетке араластырып, санасыз ба?

6.Мектеппен, жаттықтырушылармен жиі байланысып тұрасыз ба?

1-жүргізуші

В.А. Сухомлинский  оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіруарқасында  ұстаздар балаларға үлкен бақыт беруі мүмкін», - деген екен.

2-жүргізуші

Осы орайда Ғұлама Әл-Фараби: «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген салмақты сөз қалдырған.

Қазақта тәрбиенің мынадай түрлері бар, олар: отбасы тәрбиесі, ұстаз тәрбиесі және ер адам тәрбиесі. Үйде әке-шеше тәрбие. Мектепте ұстаз тәрбиелейді. Біздің білім ордамыздың ерекшелігі- жас спортшыларды жаттықтырушылар тәрбиелейді дейтін болсақ келесі, « Мен Сіздей болғым келеді» атты бейне роликті назарларыңызға ұсынамыз

1-жүргізуші

Бала – біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру – біздің міндетіміз.Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

2-жүргізуші

Олай болса ер бала тәрбиесіне байланысты келесі сұрақтарымызға өз пікірлерін айтса дейміз

  1. Ер балаларды төзімділікке қалай баулисыздар?

  2. Балаларға қандай жігерлендіру жұмыстарының түрлері жүргізіледі?

2-жүргізуші

отбасы  мектеппен  бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ЕР балалардың әкелерімен жұмыстың маңызы ерекше- дейтін болсақ спортшы балаларды тәрбиелеу жолындағы ой-пікірлеріңіз бен тәжірибелеріңізбен бөлісіп отыруды сұраймыз.

  1. Спортта жетістікке жету жолында қандай атақты спортшыларды үлгі етесіз?

  2. Спортпен айналысып жүріп, денсаулыққа зиянын келтіретін заттарға әуес балалармен қандай жұмыстар жүргізесіздер?

2-жүргізуші

«Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама қарсы ағыстар бар. Біріншісі қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады»- деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. В. Г. Белинский «Тәрбие- ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И. Менделеев «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» дей келе төмендегі сауалдарға да пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер дейміз.

1-жүргізуші

  1. Сіздің бала кездегі айтқан әкеңіздің, бапкеріңіздің қандай ақыл-кеңестері өміріңізге азық болды деп санайсыз?

  2. Балаларға жиі айтатын ақылыңыз?

1-жүргізуші

Әкеге қарап ұл өсер...

Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

2-жүргізуші

Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған – деп қорытындылай келе өз ойларын айтуға келесі сөз кезегі оқушыларға беріледі .

1-2 оқушы түйген ойын айтады.

«Менің құқықтарым...» слайдқа назар аудару.

15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап

1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
1-жүргізуші

Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мақтайды. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.

2-жүргізуші

Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген қазақтың ұлттық таным-түсінігі бар. Бала әкені,жаттықтырушыны сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке, бапкер болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады- дей келе Сіздерге Үлкен Алғыс айта келе назарларыңызға

1 «Бір әке жүз мектептің тәрбиесін бере алмайды». Мәнерлеп оқу. Жеңіс Әбдірахман

1.«Әкеге арнау» мәнерлеп оқу 7а-кл. Ізтұрғанов Санжар

2. «Әке» Ишимов Ақтанның

1-жүргізуші

Әке де, бапкер де баланың физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да мықты болып өсуіне көп мән беруі керек. Сондай-ақ, ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау сияқты адами қасиеттерді әңгіме, ұзынсонар ақыл ғып айтып емес, өзінің іс-әрекетімен көрсетуі тиіс - олай болса қорытынды сөз кезегі Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының қызметкері Айнур Сагитжанқызына және МД Г.Ташенбаевқа беріледі.

2-жүргізуші

2016 жылдан Қазақстанда 1-наурыз Алғыс айту күні болып белгенді. Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады. Слайдқа назар аударайық Алғыс айту мерекесіне қарасаңыда дөңгелек үстелге қатысып, өз пікірлерін айтқан Әкелердің құрметіне. Олжас пен Бекнұр «Әкелер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Жалпы бүгінгі шара Алғыс айту күнімен ұштасып отыр, олай болса барлық ата-аналардың құрметіне Жеңістердің орындауында «Әке-ана» қабыл алыңыздар.

Балалардың ата-ана, ұстаздарына «Шын жүректен, МЫҢ алғыс» атты құттықтауын қарсы алыңыздар»

Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!

2-жүргізуші

Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт - санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.

Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген

Құрметті, ата-аналар, Б.Момышұлы айтқандай «Әр бір ата-ана балам кісіге қиянат жасамай, арам жолмен жүрмей, атымызға кір келтірмей жүрсе ата-ананың бала тәрбиесінде еңбегінің өтелгені» - демекші бәріңізге бала тәрбиесіне үлкен абырой тілейміз. Үнемі алғыс алыңыздар.








Нұрмағамбетова Сандуғаш Мұратқызы

Есет батыр атындағы ОРОММИК,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары















































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ