Материалдар / Дөңгелек үстел: "Дені сау ұрпақ-ел болашағы".

Дөңгелек үстел: "Дені сау ұрпақ-ел болашағы".

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
2603
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«№10 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны













Тақырыбы: Дені сау ұрпақ-ел болашағы”.

























Ұйымдастырушы оқытушы: ................................ Усманова С.

















Шымкент 2019 ж«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы!»Мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтау білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлық пен СПИД-тің алдын алу. Көрнекілігі: бейнероликтер, қабырға газеті,интерактивті тақта, слайдтар.

Көрініс: «Қисық жол«Есірткі-жас өмірді улаушы» (оқушылар ойы)«Өз өмірің – өз қолыңда» (ситуациялық сұрақтарға жауап беру)Қорытындылау

1.Кіріспе бөлім: Мұғалімнің сөзі:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.

Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Осындай зиянды әдеттерден алдын-алу мақсатында мектебімізде «Бағыттағы мақсаттар Нөл. Жаңа АИТВ инфекциясы жағдайы Нөл. ЖИТС-тің салдарынан өлімге ұшырау Нөл» тақырыбындағы 1 желтоқсан – бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 13 қараша – 5 желтоқсан аралығында айлық өтіп жатыр. Өткізіліп жатқан айлыққа байланысты мектеп тәлімгері мектептегі «Тимуршылар» тобы мүшелерімен бірлесіп (жетекшісі әрі сынып жетекшісі А.Хайруллин) ашық тәрбие сағатын өткізбекшіміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы!»Енді назарларыңызды «Қисық жол» атты көріністі көруге аударуларыңызды сұраймын.

2.Көрініс: «Қисық жол»3«Есірткі-жас өмірді улаушы» (оқушылар ойы)

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табандай тарпа бас салады. Мұны медицинада «наркотизм» , ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарко»- жасанды ұйқы, «мания» – есі кету,есіру деген ұғым береді.

Елбасымыздың Жолдауында: «…..есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды.

Мәселен , осы мәселемен араласып жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабалауынша , 2001 жылы Қазақстанда 41031 нашақор болса, қазіргі күні ол 54705 тен асып отыр екен. Ал Атырау облысы бойынша 9200 адам нашақор деп тіркелген, оның 35-40 пайызы мектеп оқушылары.Мақат, Жылой және қала мектептерінің оқушылары ресми тіркелгендер қатарында.

«Жұт-жеті ағайынды» – деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады.Ғасыр дерті саналатын СПИД-тің үні бұрын алыстағы аралдардан шығып, бізге жетпейтіндей көрінетін. Өткен ғасырдың 80-шы жылдары Одаққа енсе, одан бері елімізге де дендеп кеткені айтылып жүр.Республикалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметі бойынша Қазақстанда 10000 дай адам СПИД жұқтырған. Республика бойынша

І орында Қарағанды облысы мен Теміртау қаласы болса, ІІ,ІІІ орындарды Алматы және Павлодар қалалары бөліседі екен. Ал өзіміздің облысымызда бұл дертті жұқтырғандар саны 148-ге жеткен, соның 27-сі биылғы жылдың 10 айында ғана табылған.Ауданымызда СПИД-пен ауыратын 2 адам тіркелген, оның 1-уі ер,1-уі әйел адам деп мәлімдеді аудандық СПИД-ке қарсы күрес жөнінен жауапты дәрігер К.Қаражанова.

«Есірткі-жас өмірді улаушы» ұранымен оқушыларға сөз кезегі беріледі.

4.«Өз өмірің – өз қолыңда» бөлімінде бейнеролик көрсетіледі, артынан оқушылар көрермендерге ситуациялық сұрақтар қояды.

Нашақорда жақын жоқ,Апиында ақыл жоқ.Құмартып наша шеккеніңАр-намысты төккеніңНашар жігіт – нашақор!

– деп бекер айтылмаған. Есіңізде болсын! Сіздің денсаулығыңызға тек героин мен кокаин ғана емес есірткі қосылған темекі де зиян. Олай болса келесі кезекті пародияға кезек берейік.

Пародия – Орындайтын Абатов Асан

5.Қорытындылау бөлімінде колледж медбикесі З.Розиметоваға сөз беріледі.Денсаулық туралы көркемсөздер оқылады.

Ей, адамзат!Өмір керек саған да, маған, оған да,Есіңе сақта, осыны ұста жадыңда.Жас өмірің ерте солсын демесең,Кесірлерден бөлек жүргін алшақта!

«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы!» деп бекер айтылмаған. Олай болса еліміздің болашағы- жас ұрпақ. Сондықтан да жас ұрпақтың дені сау, білмді болса, болашағымыз жарқын болмақ. «Дүние жастан құрылып ғана қоймайды,содан бастап құлайды» деп орыс ойшылы И.Ильин айтқандай дүниені құлататын емес, құрайтын жастарымыз көп болсын дегім келеді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ